Қазақстанда ауыл шаруашылығының қазіргі жағдайы


Мазмұны
Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2. 1 Қазақстанда ауыл шаруашылығының қазіргі жағдайы
- Егіншілік жағдайы
- Тұқым шаруашылығы
- Агроөнеркәсіптік кешенін техникалық жарақтандыру
- Мал шаруашылығын дамыту
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қазақстан өзінің алдына асқаралы, бірақ қол жететін - әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына кіру мақсатын қойып отыр. Жаңа әлемге қадам басу Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиясында, «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдауында қойылған ауқымды міндеттерді кезең-кезеңмен іске асыру арқылы жүзеге асады.
Бүгінгі күні біз орнықты дамуға көшу үшін қажетті экономикалық және әлеуметтік ресурстарды арттыру жолында жұмыс істеудеміз.
Агроөнеркәсіптік кешенде техникалық және технологиялық қайта жарақтауға, селекция, тұқым шаруашылығы мен мал тұқымын асылдандыру ісін қалпына келтіруге, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең қайта өңдеуге бағыт алынған.
Жиырмасыншы ғасырдың 90-жылдары Қазақстан экономикасының аграрлық саласында өндірісті басқару мен ұйымдастырудың бүкіл жүйесін қайта құру, істің жаңа нарықтық бабын табуға бағыттала бастады.
«Ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің шаруашылық-өндірістік қызметі» деп ұсынылып отырған бітіру жұмысының өзектілігі сонда, мұнда нарықтық қатынастар жағдайларында ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің шаруашылық-өндірістік қызметін ұйымдастырудың теориясы мен тәжірибесінің мәселелері жүйелі түрде мазмұндалған.
Бұл жұмыста ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің шаруашылық-өндірістік қызметі жалпы агроөнеркәсіп кешенінің барлық саласы мен бөлімшелеріндегі іс-әрекеті тұрғысынан мазмұндалған.
Ауыл шаруашылығындағы нарықтық механизм көрінісінің келесі ерекшелігі өнімдердің және ақшалай қаражаттың айналымға түсуінің маусымдылығымен байланысты несиелерді пайдалану қажеттілігі осыдан туады. Сондықтан шаруалардың кірісіне несиеге деген банктік пайыздар үлкен әсер етеді, бұл әсіресе аса зор инфляция жағдайларында білінеді.
2. Негізгі бөлім
2. 1 Қазақстанда ауыл шаруашылығының қазіргі жағдайы
Ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасының негізгі салаларының бірі болып табылады. Аграрлық сектордың даму деңгейі қашан да қазақстандық қоғамның экономикалық және қоғамдық-саяси тұрақтылығын анықтайтын факторы болып келді және әлі де бола береді. Республика экономикасы дамуының басым бағыттарының бірі бола отырып, ауыл шаруашылығы аса зор әлеует пен үлкен қорға ие.
Қазақстанның әр түрлі климаттық жағдайлары қоңыржай жылы белдікте барлық дерлік дақылдарды өсіруге және мал шаруашылығын дамытуға мүмкіндік береді.
Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніндегі жағдайға жалпы талдау.
Қазақстанның аграрлық секторы мынадай сипатқа ие:
• ауыл шаруашылығына арналған жердің жалпы аумағы - 222, 6 млн. га, оның ішінде 24 млн. га (10, 8%) - егістік жерді, 5 млн. га (2, 2%) - пішендік жерді, 189 млн. га (85%) - жайылым жерді алып жатыр;
• ауыл тұрғындарының саны - 7, 3 млн. адам немесе ел тұрғындарының жалпы санының 47, 2%-ын құрайды;
• топырақ және өсімдік жамылғысының тік және көлденең зоналары анық белгіленген. Орманды дала мен дала аймағында барлық жердің 10%, шөл және шөлейт аймағында - 60%-ға жуығы, таулы аймақтарда - 5%-ға жуығы жатыр;
• елдің барлық егіншілік аймақтары жылдық жауын-шашынның аздығымен сипатталады - 150-320 мм. ;
• теңізге шығу жолының жоқтығы, бұл сыртқы нарыққа шығуға айтарлықтай қиындықтар тудырады;
• маусымаралық кезеңдерде қант, өсімдік майы, құс еті, көкөніс пен жеміс сияқты өнімдерді қоспағанда, азық-түлік өнімдерінің көпшілігімен қамтамасыз етудің өзіндік жеткіліктілігі;
• солтүстік аймақтардың астық дақылдарын өсіруге және мал шаруашылығына мамандандырылуы; суармалаудың айтарлықтай маңызы бар оңтүстік аймақтарда өсірілетін дақылдардың (астық, майлы, жеміс-жидек дақылдары, көкөніс, мақта) көбінше әртараптандырылған.
• 2007 жылдағы 1 га егістікте ауыл шаруашылығының жалпы өнімін өндіру 47, 5 мың теңгені құрайды, ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін 1 қызметкерге ауыл шаруашылығы өнімін өндіру 453 мың теңгені құрайды;
• бидай мен ұнның ірі экспорттаушысы (10 әлемдік экспорттаушылардың қатарына енеді) болып табылады, елдің ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы экспортында мақтаның (15%), тері мен жүннің (25%) де маңызды үлесі бар;
• мал шаруашылығы саласы Қазақстан үшін дәстүрлі шаруашылық болып табылады, мұнда малдың 90%-ы тұрғындардың үй шаруашылығына тиесілі;
• ауыл шаруашылығы техникасы паркінің орта жасы пайдаланудың нормативтік мерзімі 7-10 жыл жағдайында 13-14 жылды құрайды; ауыл шаруашылығы техникасы паркінің 70%-ы - 1991 жылға дейінгі өндірілгендер;
• ауыл шаруашылығы саласына қаржылық қызмет көрсету ұсыныстарының шектеулігі. Дүниежүзілік банктің бағалауы бойынша несие ресурстарына деген қажеттіліктің қанағаттанбағандығы ең керітартпалық бағалар бойынша жылына шамамен АҚШ-тың 1 млрд. долларына бағаланады.
Ауыл экономикасын көтеру мақсатында соңғы 10 жылда қомақты қаржы ресурстарымен қ осымша күшейтілген АӨК мен ауылды дамыту және қолдау жөніндегі мемлекеттік және салалық бағдарламалар қабылданды.
Егіншілік жағдайы
2007 жылы дәнді дақылдарының рекордтық өнімі жиналды, оның өңделгеннен кейінгі салмақ бойынша жалпы көлемі статистика органдарының алдын ала мәліметтері бойынша 20, 1 млн. тоннаны құрады, өнімділігі - 13, 3 ц/га, бұл 2006 жылы қол жеткен деңгейден сәйкесінше 3, 6 млн. тоннаға (22%) және 1, 6 ц/га артық.
Жалпы бұл көлем мемлекеттің ішкі қажеттілігін толықтай қамтамасыз етуге және астық экспортының көлемін 10, 0 млн. тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік береді (соның ішінде астық түрінде - 7, 5 млн. тонна, астыққа шаққандағы ұн түрінде - 2, 5 млн. тонна) .
2007 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабының 80% астамы дәнді дақылдардың үлесіне келді.
Жалпы республика бойынша 2007 жылы бидайдың егіс алқабы 2005 жылмен салыстырғанда 246, 9 мың гектарға (2, 0%), соның ішінде қатты бидайдың егіс алқабы - 19, 3 мың гектарға (8, 7%), күздік қара бидайдың - 19, 9 мың гектарға (60, 3%), қарақұмықтың - 60, 5 мың гектарға (73, 2%), жемдік дақылдардың (арпа мен сұлының) - 322, 3 мың гектарға (18, 8%), рапстың - 129, 1 мың гектарға (4, 1 есе), май бұршақтың егіс алқабы - 12, 6 мың гектарға (34%) артты.
Алдын ала мәліметтер бойынша майлы дақылдар өндірісі 459, 4 мың тонна болды, 2006 жылы 458, 9 мың тонна болған, көкөніс дақылдары - 2196, 4 мың тонна, бұл 2006 жылғы деңгейден 6, 7% жоғары, картоп - 2414, 8 немесе 2, 3% жоғары, шитті мақта - 438, 7 мың тонна, 3, 3 мың тоннаға немесе 0, 8% жоғары.
Астық өндірісінің өсуі оны сату көлемдерінің ұлғаюына және саланың табыстылығының жоғарылауына себепші болды. 2007 жылы экспортқа 6, 8 млн. тонна астық жөнелтілді. Сонымен қатар 1, 5 млн. тонна шамасында ұн экспортталды, бұл астыққа айналдырғанда 2, 1 млн. тоннаны құрайды. Сонымен астыққа шаққандағы ұнды қоса есептегенде астық экспортының көлемі 8, 9 млн. тонна болды. Бұл ретте астық экспортының көлемі 2006 жылғы көлеммен салыстырғанда 2, 2 млн. тоннаға (48%), ұн - 339, 9 мың тоннаға (30%) артты. Астық пен ұнды экспортқа сатудан түскен түсім сомасы 1542, 7 млн. АҚШ доллары деңгейінде болжанып отыр. Бұл 2006 жылдың деңгейінен 801, 7 млн. АҚШ долларына немесе 2, 1 есе артық.
Астық өндірісінің ұлғаюында жетістіктерге жетуге өсімдік шаруашылығын мамандандыру негізінде оны әртараптандыруды жүзеге асыру бойынша жүргізілген жүйелі жұмыс, өндіріске қазіргі заманғы технологияларды және егіншіліктің озық әдістерін ендіру, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді мемлекеттік қолдау қөлемдерінің өсуі себепші болуда.
Республиканың құрғақшылықты климат жағдайларында өсімдіктің өсуіне жетіспейтін қажетті ылғалды тиімді пайдалануға себепші болатын ылғалресурс сақтайтын технологияларды кеңінен қолдануға, қажетті агротехнологиялық шараларды уақтылы және сапалы жүргізуге тиісті көңіл бөлініп келеді.
2007 жылы қазақстаның астығы 45 мемлекетке экспортқа шығарылды. Негізінен олар 3, 3 млн. тонна астық немесе жалпы көлемнің 48% экспорталған ТМД, 1, 5 млн. тонна (22, 2%) шамасында - Таяу Шығыс, 0, 9 млн. тонна (13, 5%) - Солтүстік Африка, 0, 6 млн. тонна (9, 5%) - Европа Одағы елдері. Осы жылы қазақстандық астық алғаш рет Венгрия, Бангладеш, Танзания нарықтарына жеткізілді, перспективада қытай бағытына астық экспорттауды пысықтау жүріп жатыр.
ТМД елдері ішінде астықтың елеулі көлемдерін Әзербайжан - 886, 6 мың тонна, Ресей - 613, 5 мың тонна, Украина - 394, 6 мың тонна, Қырғызстан - 345, 5 мың тонна, Тәжікстан - 298, 4 мың тонна импорттады.
Алыс шетел мемлекеттері бойынша астықтың үлкен көлемдері Тунисқа - 555, 1 мың тонна, Турцияға - 464, 5 мың тонна, Сауд Аравиясына - 348, 5 мың тонна, Египетке - 329, 6 мың тонна, Иранға - 225, 3 мың тонна, Йеменге - 193, 0 мың тонна, Италияға - 176, 8 мың тонна, Германияға - 149, 7 мың тонна экспортталды.
Астық экспортының барысын тежейтін басты қиындықтың біреуі бұрынғыдағыдай астық тасымалдайтын арнайы вагондардың жетіспеушілігі болып табылады. Кәзіргі уақытта осындай астық тасымалдайтын арнай вагондардың саны 5236. Егер осы вагондар айына бір айналым жасағанда онда айына экспортқа 500, 0 мың тонна астық шығара алады. Бұл ретте жоспарланған 10, 0 миллион тонна астықты тасымалдап үлгеру үшін айына 1 миллион тоннадан кем емес астық тасымалдану керек екенін атап өткен жөн.
Бұдан басқа астық тасымалдайтын жылжымалы құрамдардың айналымын тездетуге Украйна айлақтарындағы (порттарындағы) тасымалдау жұмыстарының көбейуі, Азов теңізіндегі тереңдігі аз Россия айлақтарын мұз басып қалғандығы кедергі келтіруде. Мысалы үшін, кәзіргі уақытта Украина айлақтарында және оларға жақын теміржол бекеттерінде 75 теміржол құрамы (поезд) түсіруді күтіп жиналып қалған, оның 31 - Қазақстаннан. Сол сияқты кедендік және басқада жүкпен бірге болатын керекті құжаттардың дер уақытында ресімделмегендігінен вагондары тиеп жөнелтуіде кешігушілікке жол беру фактілеріде кездеседі. Мұндай жағдайлар әсіресе кеден бекеттері жоқ Ақмола облысының Жарқайың, Есіл және Жақсы аудандарында орын алуда. Аталған ауданның астық экспорттаушылары кеден құжатын алу үшін Атбасар қаласына барады.
Тұқым шаруашылығы
Тұқым шаруашылығын жан-жақты мемлекеттік қолдау (субсидиялар беру) төменде аталған бағыттар бойынша жүргізіледі: бірегей және элиталық тұқым өндіру, сорттық және егістік сапасын айқындау және сортты сынақтан өткізу. Аграрлық саясатты мақсатты жүргізу нәтижесінде республикамызда сортты сынақтан өткізу және тұқым шаруашылығы саласында біршама жақсы істер атқарылды. Жыл сайын шаруашылықтар пайдаланатын ауыл шаруашылық дақылдарының 800-1100 сорттары мен гибридтері сынақтан өткізіледі.
Өндірістік тұқым шаруашылығының үш деңгейі қалыптастырылды: оригинаторлар (32), элиталық тұқым өсіретін шаруашылықтар (80) және тұқым өсіруші шаруашылықтар-репродукторлар (303) . Ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымының сапасы толығымен тексеріледі: 2006 жылы кондициялық тұқым үлесі - 100%, себілетін тұқым үлесі -72%, жоғары репродукциялы тұқымдар үлесі-87% құрады.
Қолайсыз табиғат құбылыстары мен төтенше жағдайларда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге көмек көрсету, республиканы тұқымдық материалмен тұрақты қамтамасыз ету үшін 100 мың тоннадай тұқымның мемлекеттік қоры құрылды. Сорт алмастыру және сорт жаңарту мақсатында өсірілетін элиталық тұқым өндіру және сату көлемі республика бойынша жылына алғанда 54-58 мың тонна деңгейінде тұрақтандырылды, бұл барлық қажеттілікті толық қамтиды. .
Тұқым шаруашылығына мемлекеттік қолдау көрсету үшін өткен жылы республикалық бюджеттен 1 260, 0 млн. теңге (10, 5 млн. долл. ) бөлінді. Осы шаралардың барлығы республикаға 6 мың тонна бірегей тұқым мен 60 мың дана жеміс ағаштарының көшеттерін өсіруге және ауыл шаруашылық тауарын өндірушілерге 40% арзандатылған 53 тонна элиталық тұқым өсіруге, жеміс-жидек ағаштарының көпжылдық екпелерін отырғызуға және тағы басқа қажетті шаралар өткізуге мүмкіндік берді.
Агроөнеркәсіптік кешенін техникалық жарақтандыру
Машина-трактор паркін қазіргі кездегі жағдайы .
Республикада 137, 2 мың шынжыртабанды және доңғалақты тракторлар, 45, 5 мың астық жинайтын комбайндар, 15, 2 мың дестелегіштер, 90, 7 мың тұқым сепкіштер және басқа да ауыл шаруашылығы техникалары бар. Соңғы жеті жылда (2001-2007) 26, 5 мыңнан астам ауыл шаруашылығы техникаларының негізгі түрлері сатып алынған.
Өткен жылы 4, 2 мыңнан астам негізгі ауыл шаруашылығы техникалары 45, 0 млрд. теңгеге сатып алынды:
тракторлар -1117 дана;
астық жинайтын комбайндар - 1605 дана;
тұқым сепкіштер - 819 дана;
егіс кешендері - 394 дана;
дестелегіштер - 308 дана.
2007 жылы «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы 22, 2 млрд. теңгеге ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтары сатып алынды (бюджеттік қаражат - 8, 1млрд. теңге; өз қаражаттары - 3, 3 млрд. теңге; экспорттық қаражат - 10, 8 млрд. теңге) оның ішінде:
тракторлар -586 дана;
астық жинайтын комбайндар - 656 дана;
тұқым сепкіштер - 303 дана;
дестелегіштер - 140 дана.
Лизингтік негізде ауыл шаруашылығы техникаларымен қамтамасыз ету қолда бар ауыл шаруашылығы техникасын жаңартуға жағдай жасады.
Жақын және алыс шет елдерден сатып алынған жоғары өнімді, қуатты техникалар:
- ауыл шаруашылығы өндірісін 2002 жылмен салыстырғанда энергиямен қамтамасыз етілуін 19, 5 % жоғарылатуға;
- қысқа агротехникалық мерзімде жалпы егістік техникаларының 4, 9 % құрайтын егіс кешендерімен 35, 2 % дәнді дақылдар егістігіне тұқым себуге;
- жалпы астық жинайтын комбайндар санының 22, 3 % құрайтын соңғы 7 жылда сатып алынған астық жинайтын комбайндармен дәнді дақылдар егісінің 40 %-ын жинауға мүмкіндік берді.
Ауылшаруашылығы машиналарын жасаудың қазіргі кездегі жағдайы және дамуы.
Республикамыздың өнеркәсіптік потенциалын ауыл шаруашылығы машиналарын жасау саласындағы 120 кәсіпорын білдіреді. Оның ішінде 50 кәсіпорын мынадай ауыл шаруашылығы техникаларын шығарады: дестелегіштер, тұқым сепкіштер, жер өңдеу құралдары (сыдыра жыртқыш, сыдыра қопсытқыш, соқалар, тырмалар), мал азығын дайындау құралдары, өсімдік қорғау машиналары (дәрі сепкіштер, тұқым улағыштар) және қосалқы бөлшектер, сонымен қатар агроөнеркәсіптік кешендері үшін жабдықтар. Қалған 70 кәсіпорындар жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарымен және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тапсырысымен қосалқы бөлшектерді дайындаумен айналысады. Шамамен 20 кәсіпорын соңғы өнім шығарушы болып табылады.
Көп кәсіпорындардың қуаттылығының 10-15% ғана жүктелген. Негізгі өнеркәсіптік-өндірістік қорларының тозуы 43-80%, ал машиналар мен жабдықтардың тозуы 40% дейін құрайды.
Технологиялық процесстер мен жабдықтар тозып, озық технологиялар қатарынан қалып қойды. Кәсіпорындар ескірген конструкциядағы ауыл шаруашылығы машиналарын шығарады, тракторлар мен комбайндарды шығару өндірісі жоқ. Сонымен қатар, осы заманға сай маркетингті, сату, делдалдық және басқада қызмет көрсетулер кәсіпорындарда жоқ.
Ауыл шаруашылығы машиналарын, тораптарын, агрегаттарын және оларға қосалқы бөлшектерді импорттау қазіргі уақытта ішкі өндіріске қарағанда айтарлықтай жоғарғы деңгейде.
Қазақстан Республикасы аймағында импортқа тәуелділікті төмендету мақсатында өндірісте жоқ техникаларды біріккен жинау кәсіпорындарын ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.
Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау саласындағы айналым өте төмен деңгейде тұр және соңғы бес жылда 17, 6 млрд. теңге көлемінде бағаланған. Оның ішінде елімізде 15, 9 млрд. теңге, экспорт - 1, 7 млрд. шамасында.
2007 жылы ауыл шаруашылығы техникаларын және қосалқы бөлшектерді шығару көлемі 6, 7 млрд. теңгені құрады.
- ауыл шаруашылығы машиналарын және қосалқы бөлшектерін ішкі нарықта сату - 6, 0 млрд. теңгені құрады (өткен жылмен салыстырғанда 3, 3 млрд. теңгеге көп) ;
- экспорт - 0, 7 млрд. теңге.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жанар-жағармаймен (ЖЖМ) қамтамасыз ету.
Маусымды жұмыстар кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді ЖЖМ үздіксіз уақытылы қамтамасыз ету мақсатында:
- Ауыл шаруашылығы министрлігімен дизел отынына қажеттілігі анықталған;
- Энергетика және минералды ресурстар министрлігімен республиканың мұнай өндіруші зауыттарын қажетті мөлшерде шикі мұнаймен қамтамасыз ету және дизель отынының жеткілікті көлемін өндіру туралы шаралар жасалды;
- облыстарды ҚР МӨЗ шартты бекіту жүргізілді;
- ай сайынғы дизель отынын тиеу кестесі, МӨЗ жөндеу жұмыстары жүргізу, «Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ жылжымалы құрамын мұнай өнімдерін құюға жіберу келісілді. Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу.
2007 жылғы көктемгі егін егу жұмыстарын жүргізу үшін республикамыздағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің (АШТӨ) ЖЖМ қажеттілігі:
дизель отыны - 328, 0 мың тонна;
бензин - 56, 7 мың тонна;
дизель майы - 19, 4 мың тонна;
Республикамызда ЖЖМ қамтамасыз етілуі 100 % құрады.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер дизель отынын еркін нарықтан да, облыстарды ҚР МӨЗ шартты бекіту Кестесі бойынша мұнай өңдеуші зауыттардан да алды.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен еркін нарықтан 64000 тонна дизель отыны көтерме және жеке бағамен 57000-61000 теңге/тонна (460-510$/тонна) көлемінде сатып алынды.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге мұнай өңдеуші зауыттармен 264, 0 мың тонна дизель отыны тоннасын 398 - 460$ бағасымен жөнелтілді, соның ішінде:
- «Атырау МӨЗ» ЖШС - 77100 тоннаны бағасы 53475 теңге/тонна (430-445$/тонна) ;
- «Павлодар мұнайхимиялық зауыты» АҚ («Меркурий» ЗК» «МанғыстауМұнайГаз» АҚ көлемінен - 100900 тоннаны бағасы 53600 және 54600 теңге/тонна ($ 432-455/тонна) ;
- «Петро Қазақстан Ойл Продакте» ЖШС (Шымкент МӨЗ») 86000 тоннаны бағасы 49000 - 55000 тонна ($ 390-460/тонна) .
Күзгі дала жұмыстарын жүргізу.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz