Жекешелендіру туралы


Мазмұны
Кіріспе
1. Жекешелендіру мақсаты және негізгі бағыттары
1. 1 Жекешелендіру бағдарламасының мақсаты негізгі бағыттары
1. 2 Қазақстандағы мемлекеттік меншікті жекешелендіру процесі мен оны ұйымдастыру жағдайы
2. Қазақстандағы ауыл шаруашылығын жекешелендіру
2. 1 Қазақстан ауыл шаруашылығының жекешелендіру жылдарындағы
жағдайы
2. 2 Қазақстанда ауыл шаруашылығы дамуының қажеттілігі және қазіргі
сипаты
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қазақстан өзінің алдына асқаралы, бірақ қол жететін - әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына кіру мақсатын қойып отыр.
Жаңа әлемге қадам басу Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиясында, «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдауында қойылған ауқымды міндеттерді кезең-кезеңмен іске асыру арқылы жүзеге асады.
Бүгінгі күні біз орнықты дамуға көшу үшін қажетті экономикалық және әлеуметтік ресурстарды арттыру жолында жұмыс істеудеміз.
Агроөнеркәсіптік кешенде техникалық және технологиялық қайта жарақтауға, селекция, тұқым шаруашылығы мен мал тұқымын асылдандыру ісін қалпына келтіруге, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең қайта өңдеуге бағыт алынған.
Жиырмасыншы ғасырдың 90-жылдары Қазақстан экономикасының аграрлық саласында өндірісті басқару мен ұйымдастырудың бүкіл жүйесін қайта құру, істің жаңа нарықтық бабын табуға бағыттала бастады.
«Ауыл шаруашылығын жекешелендіру жағдайы» деп ұсынылып отырған курстық жұмыстың өзектілігі сонда, мұнда нарықтық қатынастар жағдайларында ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің шаруашылық-өндірістік қызметін ұйымдастырудың теориясы мен тәжірибесінің мәселелері жүйелі түрде мазмұндалған.
Бұл жұмыста ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің шаруашылық-өндірістік қызметі жалпы агроөнеркәсіп кешенінің барлық саласы мен бөлімшелеріндегі іс-әрекеті тұрғысынан мазмұндалған.
Жұмыстың негізгі мақсаты:
- Жекешелендіру бағдарламасының мақсаты мен негізгі бағыттары;
- Қазақстандағы мемлекеттік меншікті жекешелендіру процесі мен оны ұйымдастыру жағдайы;
- Қазақстандағы ауыл шаруашылығының жекешелендіру жылдарындағы жағдайына тоқталу.
Сонымен қатар жұмыстың басты міндеттері мыналар:
- Қазақстанда ауыл шаруашылығы дамуының қажеттілігі және қазіргі сипаты;
- Ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің шаруашылық-өндірістік қызметін талдау;
- Егін шаруашылығы өнімін өндіруді ұйымдастыру және егін шаруашылығының қазіргі даму жағдайын қарастыру;
- Мал шаруашылығының даму жағдайын талдау;
- Қазақстанда ауыл шаруашылығы дамуының қажеттілігі мен ролін анықтау болып табылады.
Жалпы жұмыстың зерттелу деңгейіне тоқталсақ, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің шаруашылық-өндірістік қызметі қазіргі таңда өзекті мәселелердің алдыңғы қатарына шықты.
Сондықтанда бұл мәселе жан-жақты отандық және шетелдік ғалымдар тұрғысынан зерттелуде.
Жұмысты орындау барысында келесі экономикалық-статистикалық зерттеу әдістері қолданылады: монографиялық, талдау, статистикалық, сызбалық және т. б.
Қолданылған әдебиеттерге келсек, жұмысты жазу барысында отандық және шетелдік оқулықтар жєне еліміздегі әрекет етуші заңдар мен құқықтық-нормативтік материалдар, сондай-ақ, ағымдық баспасөз беттерінде жарияланған мақалалар мен статистикалық мәліметтер қолданылды.
1. Жекешелендіру мақсаты және негізгі бағыттары
1. 1 Жекешелендіру бағдарламасының мақсаты негізгі бағыттары
Жекешелендірудің негізгі мақсаты орталық жоспардан нарықты экономикаға ауысуына қажетті жағдайы қалыптастыру табылады. Ұлттық мүліктің Республика халқына мемлекеттен қайтару процесінде меншік иелену дербестіктендіру (персонификация) негізінде жүргізілуі тиіс.
Бұл мақсатқа жету келесі негізгі мәселелерді шешуді болжайды:
- көптеген мемлекеттік кәсіпорындардың акционерленуі мен шаруашылық құрылымының шамалы рынокты жолмен тездетіп қалыптасуы, мемлекеттік меншік объектісінің кіші және көпшілік жекешелендіруді жүргізу;
- тиімді шаруашылық субъектісі ретінде жеке иелену қабатының қалыптасуы;
- бәсекелестік орта құру және өндірісті қамтамасыз ету;
- шағын және орта бизнестің дамуы;
- ірі және теңдессіз халық шаруашылық объектілердің жеке жаңғырту проектісін шығару (реализация) ;
- шетел инвесторларын тарту мен жеке бизнестің басым болу ұйымдық шаруашылық құрылымның қалыптасуы;
- бағалы қағаздар нарығының субъектісі ретінде инвестициялық құрылым жұйесінің күшеюі және дамуы.
Бұл бағдарлама мемлекет иелігінен алу және жекешелендіруді әр түрлі салалардың ерекшелігі негізінде қағидалы әдіс амалдарды анықтайды. Мемлекет иелігінен алу және жекелешелендіруге жататын объектілер тізбегі осы бағдарламамен байланысты. Жыл сайын өкіметпен бекітіледі.
Мемлекеттік меншік объектілері 2 классиикациялық топтарға бөлінеді:
- мемлекет иелігінен алу және жекешелендіруге жақызылатын объектілер;
- жекешелендіруге тыйым салынған объектілер. Қазақстан Республикасының меншігінен шығарылып тастаған, жекешелендіруге жатпайтын объектілер: жер, су, әуе кеңістігі, жануар және өсімдер әлемі, табиғи ресурстары, тағы басқа.
Жекешелендірудің негізгі бағыттарында жекегелінген әдістері мен нысаналар кешені арқылы түсіну жәен жекешелендірлген объектілердің әр топтарының айрықшаларндыруымен байланысты іске асырылады.
Критерийлер барысында кәсіпорындарды жекешелендірудің негізгі бағыттарына төмендегілерді жатқызуға болады:
- объектінің халық шаруашылық мағынасы;
- салаға қатыстылығы;
- қызметкерлер саны;
- негізгі қорлардың құны;
Кәсіпорынның және ұйымдардың жұмыс істеушілер санына байланысты шартты төмендегідей бөлінеді:
- жұмыс істеушілердің саны 20 адамнан кем емес кіші кәсіпорындар;
- жұмыс істеушілердің саны 200-ден 5000 адамға дейінгі орта кәсіпорындар;
- жұмыс істеушілер саны 5000 адамнан астам ірі кәсіпорындар.
Жекешеледіру объектісіне жыл сайынғы тізім жасалған кезде жекешелендіру салалардың, аймақтардың және басқа объектілердің ерекшеліктерін ескере отырып кәсіпорынның кіші, орта және ірі топтарына жатқызылатыны анықталуы мүмкін.
Осы топтарға жатқызуға байланысты бағдарлама мемлекеттік иелігінен алу және жекешелендірудің процестерін нақты бағытталуының ашылуын қарастырылады.
Ол бағыттар келесідей:
- жеке жобалар бойынша ірі және бірегей мүлікті кешендерді жекшелендіру;
- орта кәсіпорындардың бірақ жекешендірілуі;
- кіші кәсіпорындардың аукцион және конкурстық сауда, коммуналдық шаруашылық, тұрмыстық қызмет көрсету арқылы қалыптасқан кіші жекешелендіру.
Жекешелендірудің жек жобалары халық шаруашылығының шешуші саласы базалық кәсіпорындарының оңтайлы ұйымдық құрылымын жасауға мүмкіндік береді және олардың басқарылуында жеке және мемлекеттің қатысуын анықтау, отандық сонымен қатар, шетел инвесторларын тарту, жобаны дайындау кезеңдерінен басталады.
Жеке жобаларға ерекше әлеуметтік өнім немесе қызмет түрі бар және мемлекеттің табиғи монополиясында болатын бірегей сатылар жатқызылады:
- істің таңдаулылығы жан-жақты және объектінің бәсекелес бола алатындығы, сонымен бірге оның өмірлік кешен құнының бағалануы;
- ұйымдастыру-құрылымдық мәселеге сай технология, монополиясыздандыру бойынша ұсынылатын өзгерістер жүйесі;
- жекешелендіру нысаналарын және әдістерін таңдау.
Жеке жобалардың өтуі (реализация) келесі әдістермен орындалады:
- қосымша түсінік жағдайындағы белгілі бір инвестицияларды сату;
- аукцион немесе конкурс арқылы өткізу;
- басқаруда келісім-шарт жасау;
- акциялардың ашық сатылуы.
Басқаруға келісім-шарт заңды немесе жеке тұлғаларға қолдануға құқық беретін тәсіл болып табылады.
Берілген әдіс объектіні жекешелендірілген кезде экономикалық орынсыз немесе алдын ала болған жағдайларда қолданылады.
Көпшілік жекешелендіру республиканың көп тұрғындарына өз меншігі құқығының орындалуына мүмкіндік жасайды, бағалы қағаздар мен жұмыс істеуге тәжірибе алуға рұқсат етеді (жекешелендірілген инвестициялық купондардың акцияға ауыстырылуы, тағы басқа операциялар) .
Сондай-ақ көпшілік жекешелендіру өз қатысушыларына таңдау еркіндігін, бәсекелестік, процесті басқарудағы қарапайымдылығы және жылдамдығын қамтамасыз етеді.
Барлық тұрғындардың көптеген қатысуына меншікті тиімді бөлуге мүмкіндік қалыптастырады.
Көпшілік жекешелендіруді басқару мақсатты шаралар көмегімен қалыптасады:
- Республика тұрғындарына жекешелендірілген инвестициялық купондарды бөліп беру;
- Коммерциялық негізінде жұмыс істейтін инвестициялық жекешелендірілген қормен жүйелі мекемелер.
Кіші жекешелендіру тұтыну нарығын тауар және қызметпен қамтамасыз ететін көптеген меншік иелерінің пайда болуына тұғырын қалыптастырады.
Ол жекешелендіруге жатқызылатын өлшемі өте үлкен емес, 200 адам істейтін кәсіпорын мен ұйымдарды қамтиды.
Осы бағыт айналасында жекешелендірілген объектілердің негізгісі көтерме және бөлшек сауда, қоғамдық тамақтану және тұрмыстық қызмет өрісі болып табылады.
Кіші жекешелендіру процесі 3 кезеңнен тұрады:
- бірінші кезеңде, объектілерді таңдау және олардың жекешелендіру мерзімін анықтау;
- екінші кезеңде, объектінің аукциондарда немесе конкурста сатылуын дайындау;
- үшінші кезеңде, объектінің сатылуы.
Бұл процесс ашық сипатта болу керек, ал меншік ең жоғары бағаны ұсынған сатып алушыға ауысуы тиіс.
Кіші жекешелендірудің негізгі ерекшелігі болып ұлттық бағдарлама сатып алушы аукциондарда, коммерциялық конкурста жекешелендірілген тұрғын үй купондарының 50% тұратын мемлекеттік меншіктің сатып алған төменін қарастырады.
Қазақстандағы жекешелендіру мәселелері Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығында (23 желтоқсан 1995 жылға) жекешелендірудің келесі процестері іске асырылады.
Президенттің осы Жарлығына байланысты жекешелендірудің нақты элементтері анықталған. Бірегей жекешелендіру түсінігінің мазмұны, объектілері, субъектілері, түрлері және жекешелендіру қағидалары берілген. Жекешелендіру дегеніміз мемлекеттік меншікті жеке тұлғаларға және шетелдік заңды тұлғаларға арнайы процедура шеңберінде сатуды білдіреді.
Жекешелендірудің субъектілері болып саналатындар:
- сатушы, мемлекеттік орган, жекешелендіруді іске асыратын уәкіл.
Жекешелендіру процесінде мүлікті сатып алушы жеке тұлға, мемлекеттік емес заңды тұлға немесе шетел заңды тұлғасы бола алады.
Жекешелендіруді жүргізетін негізгі қағидалары ретінде жариялылық, бәсекелестік, құқыты ауысуы, ауысуы, сатылуға қойылған объектілер туралы мәліметтердің дұрыстығы және жекешелендіруді жүргізудің заңды лауазымды тұлғалар жауапкершілігі болып табылады.
Жекешелендірудің объектілері болып мемлекеттік мүліктің келесі түрлері болады:
- өндірісті және өндірісті емес бөлімшелер және кәсіпорынның мүліктік кешен ретіндегі құрылымдық бірлігі, олардың жекешелендіруі тұйық технологиясының циклы;
- кәсіпорынның мүлік, кәсіпорынның құрамына жекешеліндіруге жататын, оның ісіне қолданылатын мүліктің барлық түрлері кіреді (ғимараттар, құрал жабдықтар, шикізат, өнім тағы басқа) ;
- шаруашылық серіктестіктерде жарғылық қордың акциялары мен үлестері.
Жекешелендіру - саудадағы сатулар, тікелей адресті сатулар түрінде іске асырылады.
Республикада жекешелендіру процестерінің тездетілуі және оның құрылымының өзгертуі мақсатында арнайы бағдарлама құрылды.
Жекешеліндірудің ұлттық бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде Республикада 1996 жылы жеке кәсіпорындардың салмағы 86% ауыл шаруашылығында 95% құрылыс 60%, саудада 85%-ға жетті.
Жекешелендіру процесі және оны басқару нарықтық экономикада орын алған басқа елдерді қалыптасқан тәсіл.
Қытайда басталған мемлекеттің иелігінен алу процесінің нәтижесі келесі фактілерді куәландырады.
Біріншіден - меншік жүйесіндегі құрылымдық өзгерістер барысында мемлекеттік сектордың тарылуы орын алуда. Меншіктің мемлекеттік емес нысандары қазіргі кезде: өнеркәсіп - 44, сауда - 64, ауыл шаруашылық - 95 пайыз құрайды.
Ұжымдық кәсіпорындар өндіріс көлемін мемлекетке қарағанда тез өсіреді, ал меншіктің қоғамдық емес түріндегі кәсіпорындар (жеке және жеке кооперативті) - бұдан да жоғары нәтижелерге ие.
1978-1989 жылғы арасында мемлекеттік өндіріс көлемі 3, 8 есе ұжымдық кәсіпорындарда 8 есе өсті. 1989 жылды меншіктің қоғамдық емес түріндегі кәсіпорындар үлесіне жалпы өнімдердің 8, 25%-ы тиді, ал 1980 жылы бұл көрсеткіш 0, 5%-ға тең болған. 1989 жылы соңында жеке қызметпен 12, 5 млн әр түрлі өндірістік және сауда ұйымдарына қосылған 19, 4 млн адам айналысқан.
Екіншіден - кәсіпорынның шаруашылық дербестігі көтеріледі шаруашылық құқығында және меншіктің бөлінуінде қалыптасқан әр түрлі ұйымдық түрлер пайда болды.
Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік Кеңесімен қабылданған (5 желтоқсан 1986 жылы) “Кәсіпорындардағы реформаларды тереңдету және олардың тірщшілік әрекетін жандандыру” туралы құжат шаруашылық жауапкершілік жүйені енгізуді және ұсақ мемлекеттік кәсіпорындарды жалға
1. 2 Қазақстандағы мемлекеттік меншікті жекешелендіру процесі мен оны ұйымдастыру жағдайы
Өтпелі экономика жағдайында меншік қатынастары түрлі өзгерістерге ұшырайды. Бұл өзгерістер мемлекет қарамағынан алу және жекешелендіру процесімен байланысты.
Мемлекет қармағынан алу - мемлекеттік меншікті өзгертуге байланысты мемлекеттің экономикадағы шектен тыс ролін жоюға бағытталған шаралар жиынтығы
Мемлекет қарамағынан алу - мемлекеттік меншікті өзгертуге байланысты мемлекеттің экономикадағы шектен тыс ролін жоюға бағытталған шаралар жиынтығы. Мемлекет қармағынан алу монополизмді жеңуге, бәсекелестік пен кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған. Ол мына бағыттар бойынша жүреді:
- Иемдену процесін мемлекет қарамағынан алу;
- Шаруашылық жүргізудің сан түрлі нысандарын жасау;
- Жаңа ұйымдық құрылымдарды қалыптастыру.
Мемлекет қарамағынан алу мен жекешелендру тығыз байланысты.
Жекешелендіру- меншікті мемлекет қарамағынан алудың бағыттарының бірі, оның мәні - меншікті жеке және заңды тұлғалардың жеке меншігіне беруде.
Мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындарды жекешелендіру:
-азаматтар мен акционерлік қоғамдардың мемлекеттен және жергілікті биілік органдарынан;
-кәсіпорындарды және олардың кәсіпорындар ретінде бөліп шығарылатын бөлімшелерін;
-кәсіпорындардың материалдық және материалдық емес активтерін;
-акционерлік қоғамдардың капиталындағы мемлекет пен жергілікті билік органдарының үлестерін (пай, акциялар) ;
-жекешелендірілетін кәсіпорындардың басқа кәсіпорындар капиталындағы үлестерін меншікке алуын білдіреді; .
Қазақстан Республикасындағы 10 жылдағы мемлекет қармағынан алу және жекешелендіру процесін 4 кезеңге бөліп қарауға болады; олардың әрқайсысының өз мақсатары бар. Бұл процстердің басы Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде орнығу кезеңіне тұспа -тұс келеді.
1-кезең 1991-1992 жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезеңдегі жекешелендіру процесінің негізгі бағыты- мемлекеттік орталықтанған - жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту үшін жағдай жасау мақсатында кең ауқымда реформалау болды.
2-кезең 1993-1995 жылдарды қамтиды. Бұл кезең Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 5 наурыздағы Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы 1993-1995 жыдардағы мемлекет қарамағынан алу мен жекешелендірудің Ұлттық Бағдарламасына » сәйкес жүзеге асырылады.
3-кезең Жекешелендірудің үшінші кезеңі 1996-1998 жыдар аралығын қамтыды және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылығы 2 ақпандағы №246 Қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы 1996-1998 жылдарға арналған жекешелендіру мен қайта құрылымдау Бағдарламасына» сәйкес жүзеге асырылды.
4-кезең 1999-2000 жылдар аралығын қамтыды және Қазақстан 1999 жылғы 1 маусымдағы№683 қаулысымен бекітілген «1999-2000 жылдарға арналған жекешелендіру және мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділігін арттыру Бағдарламасына» сәйкес жүзеге асырылды.
Экономикасы нарытық бағытқа бет алған Қазақстан үшін кәсіпкерлікті дамыту мәселесі - кезекті мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені, нарықтық экономиканың өзі- кәсіпкерлік экономика. Кәсіпкерлікті дамыту - нарықтық экономиканы дамытудың кепілі. Сондықтан да, кәсіпкерлік төңірегіндегі көптеген мәселелердің теріліп жатуы да оның экономикадағы рөлінің те маңыздылығын дәлелдейді.
Қазақстан Республикасы Конститутциясында былай деп жазылған: “Әркімнің кәсіпкерлік ызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез -келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркі пайдалануға құқығы бар”. Өндірістің негізгі факторлары табиғи, еңбек, өндірісітік ресурстар болып табылады. Нарықтық экономика кезінде осы факторлардың жұмыс істеп, қозғалысқа түсуіне әсер ететін нақты күш бар. Олар: іскерлік, басқару және оның мүмкіндіктерін белгілі бір мақсатта жетістіктерге қол жеткізуге пайдалана білу икемділігі.
Жалпы өркениетті елдердің қай қайсысын алсақ та здерінің экономикалық және әлеуметтік мәселелерін шешуде кәсіпкерлікке арқа сүйейді. Себебі кәсіпкерлік халықтың әл- ауқатын аттырумен қатар, қосымша жұмыс орындарының ашылуына да себебін тигізеді. Кәсіпкерліктің осындай және басқа да экономикалық және әлеуметтік функциялары оны дамыту мәселесін маңызды мемлекеттік міндеттер қатарына жатқызуға және экономиканы реформалаудың ажырамас бөлігі деп қарастыруға негіз береді. Техникалық процесс, тұтынушы сұранысын толық қанағаттандыру кәсіпкерліктің тиімділігіне байланысты болады.
Кәсіпкерлік мәселелерді бүкіл іскерлік әлемді толқытып отыр. Сондықтан да 1990 жылы мамыр айында Вашингтонда өткен стратегиялық басқарудың халықаралық конференциясының лейтмотиві - «Кәсіпкерлер жаңа шаруашылық ойлауды іздестіруде» деп аталады. Онда кәсіпкерліктің ұшқыр мәселелері, экономикаға ұйымдастыруға, технологияға, өнімге деген жаңа қадам іздестіру туралы толғаныстар қарастырылды.
Конференцияда басты назар мына мәселелерге аударылды: «Белсенді іс-әрекеттер арасында» келесі шарттарды орындайтын корпорациялар жатады:
- Өз қызметінің стратегиялық бағыт -бағдарын жеке түсіне білетін;
- Уақытты, жаңалықтар мен идеялар, тәжірибелердің үзіліссіз ағымынан қалып қоймай, оларды тиімді пайдалана алатын;
- Ұйымдастырудың, жұмыс режимінің тиімді түрлерін, ресурстар мен жұмыскерлер күш жігерінің тиімді үйлесімін, арақатынасын таба білген;
- Біріккен еңбек оның барлық қатысушыларын қанағаттандыратын жағдайда ғана табысқа жетуге болады.
Кәсіпкерлікті дамытудың бұл шарттары нарықтық экономикаға өтудің бастапқы кезеңінде тұрған елдер үшін өте құнды.
Қ азақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының басқарудағы дербестілік саяси алғышарттарының қажеттілігін ескертеді. 80-жылдардың екінші жартысынан бастап бұрынғы кеңес Одағынында, сондай-ақ Қазақстанда қоғамдық-саяси ахуал қарама-қайшылықтармен сипатталып, қоғамдық тұрақсыздықты көрсетті.
Тұрақсыздықтың ең басты себебі жүйенің ішкі тоқырауында болды. Кеңестік жүйенің күйреу алдындағы айқын дәлел ауқымды кезекке тұру, талондық жүйенің үдей түсуі, ақшаның құнсыздануы болып табылады. Тіпті 1993 жылдың аяқ кезіне дейін дербес экономикалық саясат орын алмады. Сонымен қатар көптеген мемлекеттердің тәжірибесі айқын дәлелденгендей, барлық шаруашылық жүргізу жүйелерінің ішінде ең тиімдісі болып нарықтық экономика табылады. Ол еңбекті ынталандыруды жетілдіреді, өнім өндірушілердің экономикалық дербестігін қамтамасыз етеді, өндірушілердің монополиясына жол бермейді және өндірісті тұтынушы сұранысына бағыттайды.
Республикамызда терең де батыл өзгерістерді жүзеге асыруда нақтылы алғышарттар қажет етілді. Осы бағытта 1990 жылы 25 қазанда «Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы» және 1993 жылдың 28 қаңтарында Республиканың Ата Заңының қабылдануы мемлекетіміздің тарихындағы жаңа сәт болып табылады. Қазіргі кезде Қазақстан республикасының 1995 жылдың 30 тамызында қабылданған екінші Конституциясы және 1991 жылдың 16 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасының мемлкеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық заң еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуында айрықша орын алады.
Бұл заңдарда экономикалық тәуелсіздіктің негіздері, нарықтық қатынастарды қалыптастырудағы экономиканы басқарудың маңыздылығы көрсетілген. Бұл жәйт республика дербестігінің экономикалық алғышарты мен өмір тіршілігін басқарудың барлық сферасын айқындайды. Атап айтқанда, олар Қазақстанның тәуелсіздігінің негізі: жерге, оның қойма байлықтарына, ішкі және территориялық су ресурстарына, өсімдік пен жан-жануарлар әлеміне, тарихи, мәдени құндылықтарына, материалдық, қаржылық ресурстарына, өндірістік және өндірістік емес объектілеріне деген төтенше меншігі.
Қазақстан экономикасы мемлекеттік реттеудің субъектісі болып табылады. Бұған басқару функциясы ретіндегі мемлекеттік реттеуде аса маңызды өзіндік қаржы-несие жүйесі, дербес мемлекеттік бюджет қалыптасуы, салық және кеден жүйесін ұйымдастыру жатады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының құрамында экономиканы басқаруды ұйымдастырудың әдістемелік қағидалары бар.
Біріншіден, Қазақстан экономикасы меншіктің әр түрлі нысандарына негізделеді. Мемлекет заң алдында меншіктің барлық субъектілерінің теңдігін қамтамасыз етеді.
Екіншіден, жеке меншікке қол сұғуға болмайды.
Үшіншіден, мемлекет жеке кәсіпкерлік қызметтің еркіндігіне кепілдік береді және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз етеді.
Төртіншіден, монополистік қызмет пен бәсекелестің кез келген шектеуіне жол бермейді. Бесіншіден, әкімшілік аймақтың бірліктері дербес болып табылады.
Бұл қағидалар Қазақстан экономикасын басқарудың қазіргі жүйесінің негізін құрайды және республиканың халық шаруашылығының әлеуметтік бағыттағы нарықтық экономикаға орнықты етуін қамтамасыз етуі тиіс.
Нарықтық экономика ұдайы өз арнасымен, «өз заңдылықтарымен» ілгерілеп отыруы тиіс, өйткені оның өзіне тән кезеңдері мен соған сәйкес келетін нақты міндеттері бар.
Бірінші кезең 1992-1995 жылдарды қамтиды және макроэкономикалық тұрақтандырудың екі негізгі процесімен сипатталуға тиіс: олар меншікті мемлекет иелігінен белсенді түрде алу, оны жекешелендіру және тұтыну рыногын тауарлармен толтыру.
Меншікті реформалау бұл уақыт ішінде белгілі бір формада мемлекеттік меншіктің барлық объектілерінде, стратегиялық маңызы бар және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуден басқа салаларда іс жүзінде жүргізілуге тиіс.
Сонымен қатар, ғылыми зерттеулердің қысқа мерзімін, жоғары қайтарымын, коммерциялық өнімді тез алуды қамтамасыз ететін дүниежүзілік деңгейдегі жаңалықтарды анықтау және алмасымды кәсіпкерлікті дамыту мақсатымен республиканың ғылыми-техникалық потенциалына егжей-тегжей тексеру жүргізу қажет.
Екінші кезең (1996-2005 жылдар) .
Экономиканың шикізаттық бағытын тіртіндеп жою жалғасады, брақ оның басты мазмұны көлік жүйесі мен телекоммунткацияны жедел дамыту, сондай-ақ дамыған тауар және валюта рыногын бұдан басқа: капитал, жұмысшы күші, бағалы қағаздар, интеллектілік меншік рыноктарын да құру.
Екінші кезең ішінде экономиканың қарқынды дамуының қозғаушы күштері мен ынталандырмалары мыналар:
- толыққанды нарықтық механизмдер;
- барлық тауар өндірушілердің шынайы еркіндігі;
- табиғатты ұтымды пайдалану;
- шапшаңдығын үдете түскен жоғары технологияларды игеру процесі мен дүние жүзі экономикасында шептерді жеңіп алу;
- отандық және халықаралық бизнес саласында білікті кадр корпусы пісіп-жетілуге тиіс.
Үшінші кезең 2005 жылдан бастап 5-7 жыл мерзіміне дейін созылып, ашық үлгідегі экономиканың шапшаң қарқын алып дамуымен сипатталады, соның негізінде өтпелі кезеңнің стратегиялық мақсатына жетумен, Қазақстанның әлемдік саудадағы айқындамасының нығаюымен және дүниежүзіндегі жаңа индустриалды елдер қатарына кіруімен сипатталатын болады.
2. Қазақстандағы ауыл шаруашылығын жекешелендіру
2. 1 Қазақстан ауыл шаруашылығының жекешелендіру жылдарындағы жағдайы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz