Қазастандағы коммерциялық банктердің инвестициялық қызметі


КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Қазастандағы коммерциялық банктердің
инвестициялық қызметі»
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . .
1 Коммерциялық банк түсінігі және оның атқаратын қызметтері мен операциялары . . .
1. 1 Коммерциялық банк түсінігі, мәні . . .
1. 2 Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары . . .
2Қазастандағы коммерциялық банктердің инвестициялық қызметі . . .
2. 1 Коммерциялық банктердің инвестиция нарығындағы рөлі . . .
2. 2 Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметі . . .
3 Қазақстандағы коммерциялық банктердің инвестициялық қызметтерін жетілдіру жолдары . . .
3. 1 Қазақстандағы инвестициялық қызметтің жүзеге асырылу ерекшеліктері және инвестцияларды мемлекеттік басқару жүйесі . . .
3. 2 Инвестициялық қызметті жетілдірудегі мемлекеттік іс-шаралардың басым бағыттары . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
3
5
5
7
13
13
19
24
24
29
34
36
КІРІСПЕ
Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік - экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр. Инвестициялар кез-келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады.
Жұмыстың өзектілігі сонда, инвестициялық саясатты дамытудың негiзгi мақсаты отандық, сондай-ақ шетелдiк инвестицияны пайдалану негiзiнде бәсекеге қабiлеттi түпкi өнiм құруды қамтамасыз ететiн ашық үлгiдегi инновациялық жүйе қалыптастыру болып табылады.
Инвестициялық саясат - бұл инвестициялық қызметті жандандыру мақсатында барлық шаруашылық объектілер үшін жағымды жағдай қалыптастыру бойынша мемлекет жүргізетін мақсатты бағытталған шаралар кешені.
Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Сонымен, елімізде жүргізіліп жатқан инвестициялық процесті экономикалық пайда кіргізіп, әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз керек. Осыған орай, инвестициялық іс-әрекетті талдауда оның тиімділігіне экономикалық шаралармен бірдей әсер ететін әлеуметтік шараларды ерекшелеудің маңызы зор.
Қазақстанның алдыңғы қатарлы коммерциялық банктері өзінің табыс базасын кеңейту үшін, табыстылықты және бәсекелік қабілеттілігін жоғарлату үшін өзінің клиенттеріне кең ауқымды операциялар мен қызметтер көрсетуге ұмтылатыны белгілі. Бұл жерде есте ұстайтын жағдай, банк қызметінің дамуы клиенттер және банктің өзі үшін минималды шығындармен банк қызметтерін көрсетуді, клиенттерге қажетті қызметтерге қолайлы бағаларды пайдалануды білдіреді.
Коммерциялық банктер өз клиенттерінің ақшаларын сақтауға қолайлы әртүрлі депозиттерді ұсынады, бұл бір жағынан өтімділікке деген клиенттерінің қажеттілігін қанағаттандырады. Көптеген клиенттер үшін облигациялар немесе акциялар жұмсағанға қарағанда, мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады.
Банк операцияларының тиімді, икемді жүйесі кең ауқымды клиенттерімен ішкі жинақтарды шоғырландыруға жағдай жасау керек. Осыған байланысты өзгермелі экономиканың қалыптасып келе жатқан қажеттілігіне жауап бере алатын икемді банктік қызмет көрсету мәселесі ерекше мәнге ие болып отыр.
Қазіргі дамып жатқан ақпараттық технологиялар заманында өз шаруашылығын жалғастыру үшін, қызмет ауқымын кеңейтіп, жоғары пайдаға қол жеткізу үшін көптеген кәсіпорындар тауардың жаңа түрін шығаруға, жаңа қызметтерді ұсынуға ұмтылуда. Осыған орай банктер де жаңа қызметтерді ендіруге және бұрынғы қызметтерді жетілдіруге үлкен назарын аударып отыр.
Жаңа қызметтерге пластикалық карточкалар, банкаралық электрондық есеп-айырысулар, әлемдік Интернет байланыс жүйесіндегі қаржы нарығының құрылуы жатады.
Біздің еліміздегі қазіргі банктік институттар аталған жаңа қызметтерді атқара бастады. Клиенттің заказы бойынша маркеингтік зерттеуді, валюталық операцияларды, басқа да қызметтерді, соның ішінде, трасталық, ақпараттық-анықтамалық консультациялық, қор және т. б. жүргізеді.
Халыққа қызмет көрсетіп жүрген банктер ролін жандандырудың мәні мынада: шығынды азайта отырып, барынша жоғары нәтижеге қол жеткізуге, банктік қызмет көрсетуінде клиенттер қажеттіліктерін , жеке тұлғаларға банктік қызмет көрсету сапасынжақсартуға, банктік қызметтер спектрін кеңейтуге және олардың өзіндік құнын төмендетуге жағдай жасау.
Жоғарыда аталған көптеген мәселелердің шешу жолдарын табу үшін оған терең үңіліп, барлық тақырыпшаларға жеке - жеке тоқталып, ашатындай етіп, кешенді түрде қарастыру қажет. Банктік қызметтердің дамуы мен перспективалары - біздің еліміздегі арнайы ғылыми түрде аз зерттелген мәселе болса да, банк саласында қызмет атқарып жүрген көптеген экономисттердің көкейінде жүрген маңызды сұрақтардың бірі.
Курстық жұмыстың басты мақсаты: ҚР-ның коммерциялық банктерінің инвестициялық қызметін, инвестициялық операцияларының дамуын талдап мәселесін ашу.
Сонымен қатар жұмыстың басты міндеттері мыналар:
- Коммерциялық банктің мәнін ашу;
- Коммерциялық банктердің фукнцияларын талдау;
- Банктің инвестициялық қызметін қарастыру;
- Банктің фукнцияларынның және операцияларының дамуын талдау;
- Коммерциялық банктердің қызметтерін жетілдіру жолдарын қарасытыру;
- Инвестиция саласындағы негізгі проблемалар және оны шешу жолдары.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Коммерциялық банк түсінігі және оның атқаратын қызметтері мен операциялары
1. 1 Коммерциялық банк түсінігі, мәні
Кредиттік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет көрсететін және коммерциялық негізде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық, кооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық банктер деген жалпы атпен біріктіріледі.
«Коммерциялық банк» термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде, банктердің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған (міне, осында «коммерциялық банк» деген атауға ие болды) . Бірақ, өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге де салаларына қызмет көрсете бастағандықтан да банктің «коммерциялық» деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол банктің «іскер» деген сипатын білдіреді, оның шаруашылық агенттердің барлық жұмыс түріне қызмет көрсетуі олардың қызметтерінің саласына байланыссыз болды. Коммерциялық банктер - нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін кредиттік мекемелердің тобын білдіреді.
Бүгінгі коммерциялық банктер өз кленттеріне 200-ге жуық әралуан өнімдер мен қызмет көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді операциялар коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтай отырып, қолайсыз жағдайда өзін де пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді.
Бір операциялардан болған зиян, екінші бір операциялардан түсетін пайда есебінен жабылады. Нарық экономикасы дамыған барлық елдердің коммерциялық банктері кредит жүйесінің негізгі операциялық буыны болып қалуы кездейсоқтық емес. Олар өзгермелі ақша-кредит нарығының жағдайына көндігетін қабілетінің барлығын көрсете алады.
Депозиттік-қарыздық операцияларды жүзеге асыра отырып коммерциялық банктер қаржы делдалы ролін орындайды. Банктің бұл қызметі екі жаққа да пайда әкеледі. Салымшылар үшін өздерінің депозиттері айналыс құралы қызметі мен өтімді активтер қызметін атқара отырып, кей жағдайда оның үстіне пайыз әкеледі. Қарыз алушылар кейде көптеген ұсақ қарызды пайдаланады. Бұл кезде көптеген ұсақ қарапайым клиенттердің банкке аз ғана соманы қысқа мерзімге салғанның өзінде де мүмкін болады. Мұндай кезде коммерциялық банктер іскерлік операциялар жүргізіп, уақытша бос ақша қаражатын тарту мүмкін емес.
Шынында да, банктер мұндай операциялардан пайда көреді. Олар салымдарға төлейтіндеріне қарағанда, қарыздарға біршама жоғары пайыз мөлшерлемесін белгілеп табыс алады.
Жалпы қоғамға көмек, олар банктен алған қарыздары есебінен өздерінің өнімдерін өндіріп, алға қойған мақсатына жеткенде ғана пайданы сезінеді (мысалға жалпы пайда нормасын 4-тен 5%-ға ұлғайтқанда) . Болашақ қарыз алушыларды дұрыс таңдай отырып, олардың ішінде берілетін қарыз бойынша жоғары пайызды төлеуге кімнің жағдайы келсе, соларға банктер ақшалай қаражаттарын бере алады.
Осы уақытқа дейін Қазақстанда кредиттер үкіметтің қажеттілігіне (Үкіметтің үкімі бойынша) беріліп, кейіннен олар банктерге және олардың акционерлеріне пайда әкелмек түгіл, уақытында қайтарылмай қалды. Ондай қарыздардың ешкімге де пайдасы болған жоқ.
Коммерциялық банктер өз клиенттерінің ақшаларын сақтауға қолайлы әртүрлі депозиттерді ұсынады, бұл бір жағынан ақшаның сақталуын қамтамасыз етсе, екінші жағынан өтімділікке деген клиенттің қажеттілігін қанағаттандырады; көптеген клиенттер үшін облигацияға немесе акцияға жұмсағанға қарағанда, мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады.
Банктік кредит - ең қолайлы және көптеген жағдайда орны ауыстырылмайтын қаржылық қызметтердің формасы ретінде ол нақты қарыз алушының қажеттілігін ескереді және олардың қарыз алу жағдайына көндігуіне мүмкіндік береді.
Қазіргі коммерциялық банктер туралы сөз қозғағанда, кредиттік жүйенің басқа да буындары сияқты олардың үнемі дамып отырғандығын айта кету керек. Яғни операциялар формасы, бәсеке әдістері, бақылау және басқару жүйелері өзгеруде.
Коммерциялық банктердің мынандай базалық негізгі қызметтері бар: депозиттер қабылдау, ақшалай төлемдерді және есеп айырысуды жүзеге асыру, кредит беру.
Коммерциялық банктердің басқа қаржы институттаынан айырмашылығы және ерекше бір қабілеті ол ақшаны жасауы мен жоюында болып табылады. Бұл жерде ақша деп тек қолма-қол ақшалар ғана емес, сондай-ақ талап етуге дейінгі салымдар түсіндіріледі. Банктердің ақша жасау мүмкіндігі экономика үшін өте маңызды. Ол тиімді кредит жүйесін іске асыра отырып, экономиканың өсуіне қажетті жағдай туғызады. Банк кредиттерінің жетіспеушілігі және өте жоғары пайыз мөлшерлемесі тұсында өндірісті кеңейту мүмкін емес, ал экономиканың басқа буынында қажетті қор пайда есебінен жиналуын күтіп, болмаса сырттан келуін күтіп қозғалыссыз жатыр. Халық шаруашылығындағы осы сияқты іс-тәжірибелер тиімсіз, себебі, бір жағынан, мынандай ірі ақша сомасы белгісіз уақытқа қозғалыссыз жататын болса, екінші жағынан, мұндай ақшалардың пжетіспейтіндігі сезіліп тұрады.
Коммерциялық банктер мұндай сұрақтарды шешуде маңызды роль атқарады. өздерінің депозиттік және кредиттік операцияларының көмегімен олар уақытша бос ақша қаражаттарын жинақтайды және кредит түрінде оларды бере отырып, халық шаруашылығының қажеттілігін қанағаттандырады, яғни жаңа төлем құралдарын жасайды.
Банктер өз қызметінде ақшаның бір бөлігін жоятыны да рас. Бұл біріншіден, клиенттің банктегі шоттан нақты ақша алған уақытында және екіншіден, кредитті қарыз алушының шотының есебінен қайтару барысында мүмкін болады.
1985 жылы АҚШ-та 15 мыңнан астам коммерциялық банктер қызмет еткен. Олардың 5 мыңға жуығы ұлттық, яғни федералдық үкіметтен чартер (рұқсат) алған банктер, 10 мыңнан астамы штаттардың банктері (штаттардың үкіметтен чартер алғандар) . Ұлттық банктер мен штаттық банктерінің қызмет етуі банк жүйесінің қосарлы бағыныштылығын жасайды.
ФРЖ-ге қабылдауға өтініш жасайтын және мүше болуға жіберілген коммерциялық банк ФРЖ-нің мүше-банкі болып табылады. Заң бойынша барлық Ұлттық Банктер ФРЖ-ге кіруі тиіс. Штат банктері өздерінің қалаулары бойынша және ФРЖ-нің мүше-банктерге қоятын талаптарына сәйкес келген жағдайда ғана жүйеге кіре алады. Қазір штат банктердің 10%-ға жуығы ФРЖ-ге мүше-банктер болып саналады. ФРЖ-ге мүше-банктер жалпы коммерциялық банктер қатарының 40%-ын құрайды.
Депозиттік мекемелерді реттеу және ақша айналасына бақылау, банктерді ФРЖ-нің банктік резервтерге қойылатын талаптарына бағындырды. Бұл ФРЖ-ге мүше-банктер мен мүше емес банктердің арасындағы басты айырмашылығын қалыпқа келтіреді. АҚШ-тағы ең көп тараған банктер типі - филиалсыз банктер.
Екінші дүниежүзілік соғыстан соң АҚШ-та банктердің бөлімшелерін ашу кеңірек қанат жайып, олар штаттар шегінде, сондай-ақ одан тысқары және шетелдерде ашылған болатын көптеген ірі банктер банктік холдинг-компаниялардың бір бөлігі болып табылады. Банк ісінің бұл ұйымдастыру формасы тек қана банк бөлімшелерінің ашылуына жол беріп қоймай, сондай-ақ жаңа қызмет аумағына енуді жеңілдетті. АҚШ-та холдинг-компаниялар 6 мыңға жуық, олар 8, 6 мың банктерді және 35, 6 мың олардың бөлімшелерін бақылайды.
Банктердің бірігу процесін үкімет тарапынан реттеу сондай-ақ банктік холдинг-компаниялардың қызметін реттеу банк аумағында бәсекелестік жағдайды қолдап отыру мақсатын көздейді. Соңғы кездері бұл аумақтағы бәсекенің артыруына чартер берудің қатаң саясатын жүргізу, банктердің бөлімшелерінің ашылуын кеңінен қолдау, электрондық терминалдардың пайда болуы және АҚШ-та жалықаралық банктік операциялардың таралуы септігін тигізді. Сонымен қатар бәсеке, басқа да қаржы институттардың тез арада өсуіне байланысты күшейді (мысалға жинақ коммерциялық банктерге тән көптеген қызмет көрсететін мекемелер және ақша нарығының өзара қорлары) .
1. 2 Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары
Коммерциялық банктердің екінші дәстүрлі-базалық қызметі-экономиканы және халықты несиелендіру. Бұл қызмет банктік қызмет көрсету аясындағы маңыздыларға және банкінің актив операцияларына жатады. Соның арқасында банктер несиелік институттарға қатысты болады.
Несиелік операциялар - бұл несие беруші мен қарыз алушының арасындағы біріншінің екіншісіне төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарында белгілі ақша қаражаттары сомасын ұсынуы бойынша қатынастар. Банктің несиелік операциялар активті және пассивті болады. Активті несиелік операциялар банктер мен қарыз алушылар қарыз ұсынғанда, ал пассвтер, банк қарыз алушы ролінде, ал клиенттер - несие беруші ролінде болғанда пайда болады. Сәйкесінше несиелік операциялардың екі нысаны болады: қарыздық және депозиттер.
Коммерциялық банктің несиелік операцияларын әртүрлі белгілері бойынша жіктеуге болады: мерзімі бойынша - қысқа мерзімді(1 жыл), орта мерзімді (1-ден 5 жылғам дейін) және ұзақ мерзімді(5 жылдан жоғары) ; қамтамасыз ету түрлері бойынша - қамтамасыз етілмеген және қамтамасыз етілген; банктің роліне байланысты - активтік және пассивтік қарыздық операциялар; несиелендіру мақсатына байланысты - негізгі капиталды арттыруға, айналым капиталын қаржыландыруға, тұтынушылық мақсаттарға арналған қарыздыр.
Банктердің несиелік операциялары, банктердің және клиенттің өзара қатынастары, қарыз берудің барлық шарттары реттерліп жасалған несиелік келісімшарттар негізінде жүзеге асырылады. Несиелік келісімшарттың шарттары коммерциялық банкпен жүргізілетін несиелік саясаттың әрбір нақты сәтіне байланысты. Несиелік саясаттың құрамдас бөлігі болып пайыздық саясат болып табылады.
Лизингтік операциялар. «Лизинг» ағылшын тілінен аударғанда жалға беру деген ұғымды білдіреді. Лизингтік операция деп ұзақ мерзімді пайдаланатын заттарды (ғимарат, машина, ұшақ, автомобиль, компьютерлерді) жалға беру.
Лизинг бірнеше қызмет атқарады. Біріншіден, ол негізгі қорларға ақша жұмсау, яғни қаржыландыру формасы. Лизинг алушының өз қаражаттарын бір уақыттық жұмылдыруынсыз, немесе тартылған қаражатсыз өзіне керекті мүлікті пайдалануға мүмкіндігі болады. Ол мүліктің құнын бір жолғы төлеуден босатылады. Екіншіден, бұл өндірісті жаңа құрал - жабдықпен, алдыңғы техникамен материалдық - техникалық қамтамасыз етудің анағұрлым прогресивті формасы. Лизинг түрлері әр түрлі:
1. Жедел лизинг анағұрлым қысқа мерзімге беріледі. Оның объектісі болып моральдық төзу қарқыны өте жоғары машиналар мен құрал - жабдықтар.
2. Қаржылық лизинг анағұрлым ұзақ мерзімге беріледі. Ол мерзім машиналар мен құрал - жабдықтардың амортизациялық тозу мерзімімен сәйкес келеді. Бұл жерде мәміле аяқталмай, күшін тоқтата алмайды. Онда мүлікті лизинг алушымен сатып алыну мүмкіндігі көрсетілген.
Қалдық құны бойынша лизинг пайдалануда болған құрал жабдықтарды жалға беру. Сондықтан лизинг объектісі бастапқы құнымен емес, қалдық құны бойынша бағаланады.
Факторингтік операциялар - клиентпен төленбеген қарыздық талаптар бойынша төлемді талап ету құқын басқаға беру. Факторингтің мәні - банктер өз клиенттерінен төлем құжаттарды пайыздық ақы үшін сатып алу. Бұндай мәміле келісімшартпен жүзеге асады. Ол келісімшартта сатып алынған қарыздың сомасы және пайыз көрсетіледі. Бұл пайыз көрсетілген қызмет үшін қарыздың қандай мөлшері алынатынын көрсетеді.
Халықаралық факторинг туралы Конвенцияға сәйкес, келесідей төрт белгі қанағаттандырылғанда ғана факторинг операциясы болып саналады.
- қарыздық талаптарды алдын ала төлеу формасында несиелеудің болуында;
- жабдықтаушымен бухгалтерлік есеп жүргізу мен өткізу есебінен;
- жабдықтаушы қарызын инкассалау;
- несиелік тәуекелден жабдықтаушыны сақтандыру;
Факторингтік келісімнің бірнеше типі бар. Толық қызмет ету туралы келісім әдетте факторингтік компания мен жабдықтаушы тұрақты, ұзақ қатынаста болатын болса, қолданылады. Толық қызмет ету мыналарды қамтиды: күмәнді қарыздардың пайда болуынан толық қорғау, несиені басқару, сатуды есептеу, белгілі бір мерзімге төлем формасындағы несиелеу.
Регистік құқы бар толық қызмет етудің алдыңғысынан айырмашылығы - факторингтік компания жабдықтауды көрсететін несиелік тәуекелді сақтандырмайды. Бұның мәні компания егер төлем құжаттары төленбесе, оларды жабдықтаушыға қайтарып бере алады.
Трасталық операциялар. Коммерциялық банктер өздеріне сенімді тұлғаның қызметтерін қабылдап, өздерінің жеке және корпаративті клиенттері үшін әр түрлі қызметтер орындайды. «Траст» - сенім дегенді білдіреді. Капитал иесі өз капиталын басқа тұлғаға оның мүддесін қорғап отырып, иелік етуге сенім білдіріп тапсырады, яғни траст деп банктердің, басқа қаржылық институттардың мүлікті және капиталды басқарумен байланысты көрсетуін айтады. Бұл операциялар келісім негізінде жүзеге асады, ол келісім трасталық деп аталады.
Коммерциялық банктер трасталық операциялармен қасымша табыс алу үшін айналысады. Сол сияқты корпарациялар, фирмалар және олардың ақша қаражаттарын басқару үшін, ірі клиенттермен байланыс орнату үшін айналысады.
Трасталық қызметтер үшін комиссиондық төлемақыны әрбір операцияға дифференциалды түрде қояды: агенттік қызметтер үшін келісімді түрде, басқаларына заңмен немесе сот шешімімен қойылады.
Инвестиция дегеніміз - бұл халық шаруашылығына мемлекет ішінде және шетелде, оны қайта құру және кеңейту, сол сияқты пайда алу мақсатында ұзақ мерзімді қаражат бөлу. Тікелей инвестиция - бұл қаражаттарды тікелей өндіріске, құрал - жабдықтарды сатып алу және әлеуметтік, өндірістік сипаттағы объектілерді салуға жұмсалады. Портфельдік инвестициялар бағалы қағаздарды сатып алу арқылы және ұзақ мерзімді банк несиелерін беру арқылы жүзеге асады. Жеке, мемлекеттікғ шетелдік инвестициялар инвестициялық заңдармен реттеледі, ол заңдарға жеке шаруашылық бөлімшелердің, банктердің инвестициялық іс-әрекеті тәртібі ережелері анықталады және инвестор құқтары қорғалды.
Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметінің мақсаты - қаражаттардың сақталуын қамтамасыз ету, диверсификацияны, табысты және өтімділікті қамтамасыз ету.
Бағалы қағаздар - бұл арнайы түрде рәсімделген қаржылық құжаттар, оларда көрсетілген құқты жүзеге асыру үшін сол бағалы қағаздарды ұсыну қажет. Олар қорлық (акциялар, облигациялар) және коммерциялық болады (вексельдер, чектер) .
Қордық бағалы қағаздар, әдетте эмиссияның массалық сипатымен ерекшеленеді, олар өте көп мөлшерде эмиссияланады және акционерлік, немесе облигациялық қорда белгілі бір үлеске ие екенін растайды.
Олар негізгі және көмекші болып бөлінеді. Негізгі қорлық бағалы қағаздар негізгі мүліктік құқық немесе талапқа негізделген (акция, облигация), ал көмекші бағалы қағаздар қосымша құқтар мен талаптарды білдіреді(купондар, талондар) .
Мәлімдеуші бағалы қағаздар - бұл мәлімдеуші чектер, акциялар, облигациялар, салымдық анықтамалары, қоймалық анықтамалар және т. б. Оларды сату және иесінің құқтарын растауы үшін тек мәлімдеу керек.
Бағалы қағаздармен операциялар жүргізуге коммерциялық банктерде мынадай құрылымдар ұйымдастырылады: ірілерінде - департамент немесе басқарма басқарма, орташалары мен кішілерінде - инвестициялық немесе қор бөлімдері. Олар банктердің инвестициялық саясатын банк есебінен, немесе клиент тапсырмасы бойынша жүргізеді, сол сияқты кәсіпорындардың, ұйымдардың, ведомостволардың бағалы қағаздарын шығарып сата алады, клиенттің бағалы қағаздар портфелін сәйкес ақыға сақтап, басқарады.
Бағалы қағаздар нарығы - бұл қаржылық нарықтың анағұрлым дамыған бөлігі, оған ақша және капитал нарықтары кіреді. Республикамыздың қаржы нарығы, бағалы қағаздар нарығымен қоса, инфляция қарқынының өсуіне байланысты қиындық көріп жатыр. Нарықта айналыста жүрген бағалы қағаздарға деген қызығушылық та төмендеп тұр. Жалпы айтқанда, Республикамызда банктердің инвестициялық қызметі алғашқы даму самтысында.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz