Кәсіпорынның банкроттылығының теориялық негіздері



ЖОСПАР

КІРІСПЕ 3

1. КӘСІПОРЫННЫҢ БАНКРОТТЫЛЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 5
1.1. Банкроттылықтың мәні мен мағынасы 5
1.2. Банкроттықтың пайда болуының негізгі себептері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8

2. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА КӘСІПОРЫННЫҢ БАНКРОТТЫЛЫҒЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ 10
2.1. «Караганданеруд» АҚ.ның ұйымдық экономикалық құрылымына қысқаша сипаттама 10
2.2 «Караганданеруд» Акционерлік қоғамының тұрақты экономикалық жағдайын талдау 12
2.3. Кәсіпорынның банкрот болу ықтималдығын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ..19

ҚОРЫТЫНДЫ 26

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 28
КІРІСПЕ

Нарықтық экономика кәсіпорынның шаруашылық қызметтері мен өнімдердің бәсекеқабілеттілігін, өндіріс тиімділігін арттыру қажеттіліктерін жүйелі түрде талдау жасағанда, өндіріс тиімділігін арттыратын резервтер пайда болады да, өндірістік бағдарламаның негізінде кәсіпорынның қажетті стратегиясын және тактикасын жасауға мүмкіндік береді.
Экономикалық диагностикада өндірістің рентабельділігін көбейтуге, айналым құралдарының айналымдылықты тездетуге, еңбек өнімділігін арттыруға, қаржылық, материалдық және техникалық ресурстарды тиімді пайдалануға көп көңіл бөледі. Экономикалық диагностиканы ғылыми пән ретінде ұйымның немесе кәсіпорынның өндірістік – шаруашылық қызметін бақылау және басшылық ету құралына жатқызады.
Қазіргі жағдайда кәсіпорындарда басқару шешімдерін қабылдау және өткізу дербестігі, шаруашылық қызметінің нәтижелеріне экономикалық және заңды жауапкершілігі, сонымен қатар шаруашылық субъектілерінің қаржылық жағдайының маңызы артуда. Олардың бәрі қаржылық диагностикада табыстар мен капиталдардың бар болуын және орналастыруын, қолдануын, олардың өндірістік пен коммерциялық қызметінде бағалау маңызды роль атқарады. Әрбір экономист шаруашылық қызметінің нәтижелеріне жан – жақты және уақытылы диагностика жасауды, экономикалық талдаудың кешенді және жүйелі әдістемелерін шебер пайдалану үшін экономикалық диагностиканың қазіргі әдістерін білуі қажет.
Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында, соңғы жылдары еліміздің экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бухгалтерлік есептің әдістемесі мен тәжірибесінде түбегейлі өзгерістер болды.
Бухгалтерлік есеп стандарттары мен субъектілердің қаржы – шаруашылық қызметі шоттары Бас жоспарының 1997 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілуі және қаржылық есеп беру нысандарының халықаралық стандарт талаптарына сәйкестендірілуі нарықтық экономика жағдайына сай қаржылық талдаудың жаңа әдістемесін жасауды қажет етеді.
Қоғамда дағдарысқа қарсы басқарудағы қаржылық диагностика біреудің тілегінен емес, өмірлік аса қажеттілік салдарынан туындады: салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу жүргізбей, шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін себептерді білмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, біріншісінің екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес. Ал осы аталған жағдайларды жүзеге асыру кәсіпорынның келешекте банкроттылыққа ұшырамауына жағдай жасайды.
Осы аталған мәселелер курстық жұмыстың тақырыбының маңыздылығын көрсетеді. Қазақстан Республикасы үшін кәсіпорынның қаржы жағдайының тұрақтылғы мен оның банкроттылығын болдырмау өте маңызды болып табылады. Тақырыптың маңыздылығы курстық жұмыстың мақсатын анықтайды.
Курстық жұмыстың мақсаты – мысалында «Караганданеруд» АҚ кәсіпорнының қаржы жағдайын талдау арқылы дағдарысқа қарсы басқару және банкроттылықты болдырмаудың құралы ретінде жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу.
Осы мақсатқа байланысты курстық жұмыста мынадай мәселелер қарастырылады:
- Жалпы банкроттылықтың теориялық негіздерін қарастыру;
- кәсіпорынның қаржы жағдайын талдау және маңызын ашу;
- банкроттылықтың пайда болу себептерін көрсету;
- «Караганданеруд» АҚ кәсіпорнын банкроттылыққа қарсы басқаруын жетілдірудің негізгі ұсыныстарын көрсету.
Курстық жұмыс кіріспеден, үш тараудан және қорытындыдан тұрады.
Курстық жұмысты жазуда әдістемелік негізі ретінде отандық және шетел авторларының оқулықтары, оқу құралдары мен монографиялары қолданылды.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Н. Назарбаев «Қазақстан - 2030» Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. - Білім баспасы 1998 ж.
2. Мейрбеков А.Қ, Әлімбетов Қ.Ә Кәсіпорын экономикасы. – Алматы,
2003 ж.
3. Зауре Болатханова Әлеуметтік-экономикалық статистика. – Алматы, 2003 ж.
4. Толпаков Ж.С Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебі. – Қарағанды,
1999ж.
6. Вахрин П.И Финансовый анализ в коммерческих и некоммерческих
организациях: Учеб. Пособие для студентов вузов. - М: 2001г.
7. Прыкина Л.В Экономический анализ предприятия. - М: 2002г.
8. Сивкова А.И Практикум по анализу финансово-хозяйственной
деятельность. - Феникс: 2001г.
9. Романенко И.В Экономика предприятия. - М: 2002г.
10. Паламарчук А.С Экономика предприятия. - М: 2001г.
11. Бюлетень бухгалтера 2004 мамыр №20, 2004 маусым №25
12. Экономика предприятия Учебник под ред. Сафранов Н.А - М:2000г.
13. Бюлетень бухгалтера 2004 тамыз №35
14. Экономика предприятия Учебник под ред. Пелих А.С - Феникс 2002г.
15. «Караганданеруд» АҚ-ның жарғысы.
16. «Караганданеруд» АҚ-ның өндірістік бағдарламасы.
17. «Караганданеруд» АҚ-ның 2002 – 2004 жылдар аралығындағы
бухгалтерлік балансы.
18. Савицкая Г.В Анализ хозяйственной деятельность предприятия:
Учеб. Пособие для студентов вузов. - М: 2004г.
19. Макий М.С Экономика предприятия: Учебник. - М: 2002г.
20. Экономика предприятия: Учебник под ред. Волкова О.И. - М: 2002

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ 3
1. КӘСІПОРЫННЫҢ БАНКРОТТЫЛЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 5
1.1. Банкроттылықтың мәні мен мағынасы 5
1.2. Банкроттықтың пайда болуының негізгі
себептері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .8
2. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА КӘСІПОРЫННЫҢ БАНКРОТТЫЛЫҒЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ
БАҒАЛАУ 10
2.1. Караганданеруд АҚ-ның ұйымдық экономикалық құрылымына қысқаша
сипаттама 10
2.2 Караганданеруд Акционерлік қоғамының тұрақты экономикалық жағдайын
талдау 12
2.3. Кәсіпорынның банкрот болу ықтималдығын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... .19
ҚОРЫТЫНДЫ 26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 28

КІРІСПЕ

Нарықтық экономика кәсіпорынның шаруашылық қызметтері мен өнімдердің
бәсекеқабілеттілігін, өндіріс тиімділігін арттыру қажеттіліктерін жүйелі
түрде талдау жасағанда, өндіріс тиімділігін арттыратын резервтер пайда
болады да, өндірістік бағдарламаның негізінде кәсіпорынның қажетті
стратегиясын және тактикасын жасауға мүмкіндік береді.
Экономикалық диагностикада өндірістің рентабельділігін көбейтуге,
айналым құралдарының айналымдылықты тездетуге, еңбек өнімділігін арттыруға,
қаржылық, материалдық және техникалық ресурстарды тиімді пайдалануға көп
көңіл бөледі. Экономикалық диагностиканы ғылыми пән ретінде ұйымның немесе
кәсіпорынның өндірістік – шаруашылық қызметін бақылау және басшылық ету
құралына жатқызады.
Қазіргі жағдайда кәсіпорындарда басқару шешімдерін қабылдау және
өткізу дербестігі, шаруашылық қызметінің нәтижелеріне экономикалық және
заңды жауапкершілігі, сонымен қатар шаруашылық субъектілерінің қаржылық
жағдайының маңызы артуда. Олардың бәрі қаржылық диагностикада табыстар мен
капиталдардың бар болуын және орналастыруын, қолдануын, олардың өндірістік
пен коммерциялық қызметінде бағалау маңызды роль атқарады. Әрбір экономист
шаруашылық қызметінің нәтижелеріне жан – жақты және уақытылы диагностика
жасауды, экономикалық талдаудың кешенді және жүйелі әдістемелерін шебер
пайдалану үшін экономикалық диагностиканың қазіргі әдістерін білуі қажет.
Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында, соңғы жылдары еліміздің
экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бухгалтерлік есептің
әдістемесі мен тәжірибесінде түбегейлі өзгерістер болды.
Бухгалтерлік есеп стандарттары мен субъектілердің қаржы – шаруашылық
қызметі шоттары Бас жоспарының 1997 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа
енгізілуі және қаржылық есеп беру нысандарының халықаралық стандарт
талаптарына сәйкестендірілуі нарықтық экономика жағдайына сай қаржылық
талдаудың жаңа әдістемесін жасауды қажет етеді.
Қоғамда дағдарысқа қарсы басқарудағы қаржылық диагностика біреудің
тілегінен емес, өмірлік аса қажеттілік салдарынан туындады: салмақ, ұзындық
өлшемін және есептеу жүргізбей, шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы мен
оған әсер ететін себептерді білмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай,
біріншісінің екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай
жүргізу мүмкін емес. Ал осы аталған жағдайларды жүзеге асыру кәсіпорынның
келешекте банкроттылыққа ұшырамауына жағдай жасайды.
Осы аталған мәселелер курстық жұмыстың тақырыбының маңыздылығын
көрсетеді. Қазақстан Республикасы үшін кәсіпорынның қаржы жағдайының
тұрақтылғы мен оның банкроттылығын болдырмау өте маңызды болып табылады.
Тақырыптың маңыздылығы курстық жұмыстың мақсатын анықтайды.
Курстық жұмыстың мақсаты – мысалында Караганданеруд АҚ кәсіпорнының
қаржы жағдайын талдау арқылы дағдарысқа қарсы басқару және банкроттылықты
болдырмаудың құралы ретінде жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу.
Осы мақсатқа байланысты курстық жұмыста мынадай мәселелер
қарастырылады:
- Жалпы банкроттылықтың теориялық негіздерін қарастыру;
- кәсіпорынның қаржы жағдайын талдау және маңызын ашу;
- банкроттылықтың пайда болу себептерін көрсету;
- Караганданеруд АҚ кәсіпорнын банкроттылыққа қарсы басқаруын
жетілдірудің негізгі ұсыныстарын көрсету.
Курстық жұмыс кіріспеден, үш тараудан және қорытындыдан тұрады.
Курстық жұмысты жазуда әдістемелік негізі ретінде отандық және шетел
авторларының оқулықтары, оқу құралдары мен монографиялары қолданылды.

1. КӘСІПОРЫННЫҢ БАНКРОТТЫЛЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1. Банкроттылықтың мәні мен мағынасы

Нарықтық экономика жағдайында көптеген кәсіпорындардың қызмет етуі
нарық ортасын тауарлар мен қызмет көрсету көлемімен жеткілікті деңгейде
қамтамасыз етумен тығыз байланыста болады. Қазіргі таңда Қазақстан
Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру үрдісіне дайындығы
барысында, көптеген отандық кәсіпорындардың бәсеке қабілетілігінің жоғары
болу мәселесі де маңызды болып отыр. Ал бұл маңызды мәселенің алғышарты
болып, кәсіпорындардың отандық нарықта қаржылық жағдайының жоғары
деңгейімен және тұрақтылық дәрежесімен, дағдарыстық жағдайға жетпеу
мәселесімен, сонымен қатар аса маңызды, банкроттылықтың болмауымен
түсіндіріледі.
Аталған барлық проблемалар және кәсіпкерлікпен байланысты іс әрекеттер
Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасымен қадағаланып
бақыланып отырады. Бұл заң Қазақстан Республикасының Конституциясына
негiзделедi және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық
актiлерiнен тұрады.
   Сонымен банкрот бұл - дәрменсіздігін сот белгілеген борышкер болып
табылады. Ал банкроттық бұл - борышкердің сот шешімімен танылған оны
таратуға негіз болатын дәрменсіздігі.
      Банкроттық саласындағы уәкілетті орган - банкроттық саласында
(банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтаушы
зейнетақы қорларын қоспағанда) мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын
мемлекеттік орган.
Көптеген кәсіпорындардың меншікті қаражаттараның көлемі сыртқы
кредиторлық қаражатарынан жоғары болған жағдайда, кәсіпорын банкрот деп
танылмайды. Ал егер керісінше, меншік қаражаттары аз болған жағдайда ол
төлем қабілетсіз болып саналады. Басқаша айтқанда, төлем қабілетсіздігі -
борышкердің ақшалай міндеттемелерін және өзге де ақшалай сипаттағы
талаптарды орындау мерзімі басталған кезден бастап үш ай ішінде оларды
орындауға қабілетсіздігі.
    Банкроттық туралы iске қатысушы адамдар мыналар бола алады:
      1) борышкер;
      2) кредиторлар;
      3) кредиторлардың еңбекке ақы төлеу жөніндегі өкілі;
      4) прокурор;
      5) борышкер мүлкiнiң иесi немесе ол уәкiлдiк берген орган;
      6) уәкiлеттi орган.
           1. Борышкер өзiн банкрот деп тану туралы өтінішінде:
      1) заңды тұлғаның құрылтай құжаттарымен уәкiлдiк берiлген органның;
      2) борышкер мүлкi иесiнiң немесе ол уәкiлдiк берген органның
шешiмдерi негiзiнде сотқа жүгiнуге құқылы.
      2. Борышкер мүлкiнiң иесi, ол уәкiлдiк берген орган, заңды тұлғаның
құрылтайшылары немесе құзыреттi органы, оны тарату туралы шешiм қабылдаған,
ал мүлiк кредиторлардың талаптарын толық көлемiнде қанағаттандыруға
жеткiлiксiз болған жағдайда, борышкер өзiн банкрот деп тану туралы сотқа
жүгiнуге мiндеттi.
          1. Борышкердiң өтiнiшi сотқа жазбаша түрде берiледi. Оған
борышкердiң - заңды тұлғаның басшысы немесе құрылтай құжаттарына сәйкес
оның орнындағы адам қол қояды.
      2. Борышкердiң өтiнiшiнде мыналар болуға тиiс:
      1) өтiнiш берiлетiн соттың атауы;
      2) азаматтық-құқықтық міндеттемелер бойынша кредиторлардың, олардың
тұрғылықты жері және борышкерге қойған талаптарының сомасы көрсетілген
тізбесі;
      3) моральдық нұқсанның орнын толтыру туралы талаптарды қоспағанда,
өмiр мен денсаулыққа келтiрiлген зиян үшiн борышкердiң өзi жауап беретiн
азаматтардың талап етуi бойынша берешегiнiң сомасы;
      4) борышкердiң қызметкерлерiне төленуге тиiстi еңбекақы мен
өтемақылар бойынша берешек сомасы; Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына
әлеуметтiк аударымдарды төлеу бойынша берешек сомасы; авторлық шарттар
бойынша төлеуге есептелген сыйлықақы сомасы; *
      5) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша
берешек сомасы;
      6) кредиторлардың талабын қанағаттандыру мүмкiн еместiгiне негiздеме;

      7) борышкерге талап-арыздарды соттардың iске қабылдап алғаны туралы,
сондай-ақ даусыз (акцептiсiз) есептен шығаруға қойылған талаптар туралы
мәлiметтер;
      8) борышкерде бар мүлiк, оның iшiнде жалдаудағы және лизингтегi
кепiлге берiлген мүлiк туралы, банктiк шоттарда жатқан ақша туралы
мәлiметтер; шоттардың нөмiрлерi және банктердің тұрғылықты жері,
дебиторлардың тұрғылықты жері және олардың берешегінің сомасы көрсетілген
тізбесі туралы мәлiметтер;
      9) борышкердiң өтiнiштi берген күннен бастап бiр жыл iшiнде орындалуы
керек болатын мiндеттемелерi туралы мәлiметтер;
      10) банкроттық туралы iске қатысу үшiн еңбек ұжымының өкiлi
(қызметкерлердiң өкiлi) туралы мәлiметтер;
      10-1) борышкер қызметінің табиғи монополия саласына қатысы туралы
немесе осы борышкер тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға; ие
болған нарық субъектісі болып табылатыны туралы ақпарат;
      11) қоса тiркелетiн құжаттар тiзбесi.
      Егер банкроттық туралы iстi қарауға қажет болса, борышкердiң
өтiнiшiнде өзге де мәлiметтердiң, сондай-ақ өтiнiш берушiде бар өтiнiштер
көрсетiлуi мүмкiн.
      Борышкер уәкiлеттi органға өтiнiштiң және оған қоса берiлетiн
құжаттардың көшiрмесiн жiберуге мiндеттi.
    
Жалған кәсiпкерлiк, яғни кәсiпкерлiк немесе банк қызметiн жүзеге асыру
ниетiнсiз, кредит алу, салық төлеуден босатылу, өзге де мүлiктiк пайда алу
немесе тыйым салынған қызметтi жасыру мақсаты бар, жеке тұлғаға, ұйымға
немесе мемлекетке iрi зиян келтiрмеген:
- коммерциялық ұйым құру,
- жеке тұлғаларға,
- дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi
мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын
заңды тұлғаларға - оннан отызға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк
субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға отыздан елуге дейiнгі
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Жалған банкроттық, яғни коммерциялық ұйым басшысының немесе меншiк
иесiнiң, сол сияқты жеке кәсiпкердiң кредит берушiге тиесiлi төлемдердi
кейiнге қалдыруды немесе ұзартуды немесе борыштардан шегерiм жасатқызу үшiн
кредит берушiлердi адастыру мақсатында өзiнiң дәрменсiздiгi туралы көрiнеу
жалған хабарлауы, сол сияқты борыштарын төлемеуi, егер бұл әрекетте
қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, лауазымды адамдарға,
дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң отыздан қырыққа дейiнгi
мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын
заңды тұлғаларға - екі жүз елуден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi
кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүз елуден
бес жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

1.2. Банкроттықтың пайда болуының негізгі себептері
     Банкроттық нарық шаруашылығының бір категориясы болып табылады. Ол
соттың шешімі немесе кридиторлардың келісімі бойынша соттан тыс ресми түрде
жарияланады. Қазақстан Республикасының Банкроттық туралы заңына сәйкес
қарызды төлеуге шамасы жоқ ұғымы ақшалай міндеттер бойынша кредиторлар
сұранысын, еңбекақы төлеу талабын қанағаттандыра алмау, сонымен қатар өзіне
тиісті мүлік есебінен бюджет пен бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдерді
қамтамасыз ете алмау жатады. Басқаша айтқанда, шаруашылық субьектісінің
қарызды төлеу алмауы, қарыздардың, міндеттемелердің өсуіне байланысты жедел
міндеттемелерді өтеу қабілетсіздігі немесе борышкердің балансының
қанағаттанғысыз құрылымына байланысты ұғымдар кіреді 10, 8 б.

Баланстың қанағаттанғысыз құрылым борышкердің мүлкі мен
міндеттмелердің өтімділік деңгейінің жетіспеуіне байланысты кредитордың
алдында мүлік есебінен міндеттемелердің жалпы сомасына тең немесе одан асып
кетуі мүмкін 11, 120 б.
Банкроттықтың пайда болуының негізгі себептерін келтірейік :
1) Шаруашылық жүргізу жағдайын жасаудың обьективті себептері:
- экономиканы реформалаудың нормативті және заң шығаратын
базаларының,
қаржылық, ақша, несие, салық жүйелерінің жетілмегендігі;
- инфляцияның аса жоғары деңгейі;
- фирманың құнды қағаздарының нарықтық құнының төмендеуі;
- бәсекелестің жоғары деңгейі және соның нәтижесінде пайда болған
сәйкес
келмейтін өндіріс шығындары төмендемей, өнім бағасының төмендеуі.
2) Шаруашылық жүргізуге тікелей қатысты субьективті себептер:
- банкроттықты уақытында болжап және келешекте одан сақтана алмау;
- жарнама, өтімділік жүйесінің болмауы,сұранысты дұрыс
зерттелмегендіктен сату көлемінің төмендеуі;
- өндіріс көлемінің төмендеуі;
- ұқсас, бірақ сапасы жоғары өнімдердің бағасына кейбір түрлердің
бағаларының жақындауы;
- аяқталмаған жоғары шығындары;
- өнімнің төменгі рентабельділігі;
- өндіріс циклінің өте көлемді болуы;
- үлкен қарыздар мен өзара төлей алмаулар;
- ескі басқарма басшыларының нарықты құруға бейімделе алмауы,
сұранысы жоғары өнімдерді шығаруда іскерлік көрсетпеуі, инвестициялық,
бағалық, қаржылық саясаттың тиімдісін таңдай алмауы.
Банкроттықтың ықтималдығын бағалауды қаржылық талдау арқылы жүргізуге
болады, себебі ол кәсіпорынның экономикалық ауруын және одан арылу
жолдарын таңдауға мүмкіндік береді.
Осындай кезде қаржылық жағдайды болжау,табыстардың есеп беруге қатысты
өзгермелі параметрлері - өндіріс көлемі, шаруашылық субьектілер қызметінің
әр түрлі бағыттары бойынша шығындардың бағдарлама жүйесі қаржылық есеп беру
және электронды кесте негізінде құрылуы мүмкін.
Қазіргі экономика ғылымының өз қарауында қаржылық көрсеткіштерді
болжаудың әр түрлі әдістері мен тәсілдері бар. Кәсіпорынның банкрот болу
мүмкіндігінің тұрғысынан қаржылық жағдайды болжаудың 4 негізгі тәсілін
қарастырамыз:
А) несие беру қабілеттілігі индексінің есебі;
Ә) формаланған және формаланбаған белгілердің жүйесін қолдану;
Б) төлем қабілеттілігі көрсеткіштерін болжау;
В) қаржылық ағымның құйылуын талдау.
А) Қаржылық болжауда бағалардың эксперттік бағалау әдісі мен
экономика-математикалық модельдеу қолданылуы мүмкін. Экономика-
математикалық модельдеу көрсеткіштер динамикасын келешекте қаржылық
процестердің дамуына тигізетін факторлар әсеріне байланысты белгілі
дәрежеде дәл анықтауға мүмкіндік береді.

2. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА КӘСІПОРЫННЫҢ БАНКРОТТЫЛЫҒЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ
БАҒАЛАУ

2.1. Караганданеруд АҚ-ның ұйымдық экономикалық құрылымына қысқаша
сипаттама

Караганданеруд АҚ-ы ҚР-ның 2003 жылы 13 мамырдағы №415 – ІІ
Акционерлік қоғамдар туралы Заңына және ҚР-ның басқа нормативтік
актлеріне сәйкес құрылған және солардың негізінде әрекет етеді. Мемлекеттік
лицензиясы 26.06.2001 жылдан №005390 15.
Қоғам қызметінің мақсаты табыс алу және акционерлер мүдделерін жүзеге
асыру.
Қоғам қызметінің түрлері:
- құрлыс тасын қазып алу, өңдеу және сату;
- балшықты өңдеу және сату;
- құрылыс материалдарын шығару және сату;
- құм-грави қоспасын алу, шығару және сату;
- темір жолдарын салу және жөндеу;
- автомобиль жолдарын жөндеу және салу жұмыстары;
- ҚР-ң заңнамасы тыйым салмаған басқа да қызмет түрлері.
Кәсіпорынның негізгі өндірісі тасшақпа өндіру болып табылады. Тасшақпаны
өндірісін басқару мақсатында Караганданеруд АҚ-да төмендегідей тәртіп
(процедура) әзірленген. Бұл тәртіптегі талаптар Караганданеруд АҚ-да
өндірістік бөлімшелерде қолданылады. Осы тәртіп бойынша барлық жұмыстарды
ауысым басшысы бақылайды .
Бұл тәртіп төмендегідей нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып
әзірленген: ХС (халықаралық стандарт), ИСО (стандартизация бойынша
халықаралық ұйым) 9000:2000 – Сапа менеджмент жүйесі.
Жоспарлау. Тасшақпа өндірісі үшін негізгі жоспарлық құжаттар болып бір
жыл мерзімге әзірленетін Тасшақпаны өткізу бойынша жоспар болып табылады.
Бұл жоспарды жасауға Өндіріс бөлімі жауап береді. Тасшақпаны өткізу
жоспарын әзірлеуде келесілер есепке алынады: Караганданеруд АҚ-ы
өнімдеріне сұраныс, Ұсақтау-сұрыптаушы фабрика (ҰСФ) және басқа да
қолданылатын жабдықтар, фракциялық құрамы, Ұсақтау-сұрыптаушы фабрика
өндірісінің технологиясы, бас тартуы мүмкін жабдықтар мен олардың тозу
деңгейі, ауысымдар саны.
Өткізу көлемі айлық және жарты жылдық бойынша бөлініп жоспарланады.
Тасшақпаны өткізу бойынша жоспарлар әрбір өндірістік бөлімшелерде
(карьерлерде) жеке-жеке әзірленген болуы тиіс. Тасшақпаны өткізу бойынша
жасалған жоспарлар алдын-ала Бас инженермен және экономика бойынша Вице-
президентпен келісіледі. Бұл келісілген жоспарды кәсіпорын Президенті
бекітеді. Бекітілгеннен кейін жоспар еселеніп барлық қажетті бөлімдерге
атап айтқанда өндірістік бөлімшелерге таратылып беріледі.
Тасшақпаға жыл сайын сұраныс артқан сайын оны өндіру көлемі де жыл сайын
артып келеді. Осының негізінде жыл сайын кәсіпорынның да табысы көңіл
толтырар деңгейде артып келеді. Оны төмендегі тасшақпа өндіріс көлемі
көрсетілген кестеден байқауға болады.
Кесте 1.
Караганданеруд АҚ-ның өндіріс көлемі
Өнім атауы 2005ж. 2006ж. 2007ж.
Өндірілген тасшақпа, м3 615,2 844,2 981,2
Өткізілген тасшақпа, м3 572,2 801,6 958,2
Өткізілген тасшақпа, тг 418048371,0 717207813,0 918200000,0

*автормен кәсіпорынның өндірістік бағдарламасы негізінде жасалған 16
2006ж. өткізілген тасшақпа көлемі 2005ж. салыстырғанда 21,6%-ға, 2007ж.
2006ж. салыстырғанда 16,4%-ға дейін артқан.
Караганданеруд АҚ Орталық Қазақстандағы құрылыс материалдар нарығында
басым жағдайды иеленуші тұрақты, орнықты кәсіпорын болып табылады. Қоғамның
ерекше сипаттары кәсіпорынның жоғары маманданған персоналдары, маманданған
маркетингтік саясаты, халықаралық стандарт талаптарына сай жоғары сапалы
өнімдері, жоғары технологиялық жабдықтары, Қазақстан Республикасының
жетекші банктерімен ынтымақтастығы болып табылады.

2.2 Караганданеруд Акционерлік қоғамының тұрақты экономикалық жағдайын
талдау

Караганданеруд АҚ-ның негізгі қорларына дайын өнімді өндіруге немесе
жеткізуге пайдаланылатын, басқа ұйымдарға немесе әкімшілік мақсатта белгілі
бір кезеңге (бір жылдан жоғары) жалға беруге қолданылатын материалдық
активтер жатады.
Караганданеруд АҚ-ның мақсатты бағытталған және орындайтын қызметіне
байланысты негізгі қорлары келесі топтарға бөлінеді: жер; ғимараттар мен
құрылыстар; машиналар мен жабдықтар, табыстау қондырғылары; көлік
құралдары; басқа да негізгі құралдар; аяқталмаған құрылыс. Караганданеруд
АҚ-ның негізгі қорларының қозғалыс және тиімділік көрсеткіштерін анықтауға
қажетті мәліміттер төмендегі кестеде көрсетілген 17, б.1.
Негізгі қорлардың қозғалыс көрсеткіштерін талдауда алдымен
кәсіпорынның негізгі қорларға салған капиталының көлемін, динамикасын,
құрылымын бағалау қажет. Берілген тенденциялардың динамикалық өзгерісі
өндірістік қорлардың озық деңгейін көрсетеді. Мұның негізінде
Караганданеруд АҚ-ның негізгі қорларының құрылымына жан-жақты талдау
жасалып, үлесі анықталады. Сонымен қатар кәсіпорын мүліктерінің жалпы
құнындағы негізгі құралдардың нақты құнының үлес салмағының өзгеруі ерекше
назар аударады. Өйткені бұл көрсеткіш кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметінің
көлемін анықтаудағы басты бағыт болып табылады және олардың көлемі
кәсіпорынның өндірістік қуаты мен еңбектік техникамен қарулану деңгейін
білдіреді.
Осы мақсатта негізгі қорлардың жыл соңындағы жағдайы бойынша құрылымына
талдау жасалады (кесте 2)
Караганданеруд АҚ-ның негізгі қорларының құрылымы

теңге
Көрсеткіш-тер2005ж. 2006ж. 2007ж.
сомасы % сомасы % сомасы %
Жер 1513254 1,0 1788648 0,3 1788648 3
Ғимараттар
мен
құрылыстар 25962834 17,1 34351612 5,9 33220964 5,5
Машиналар мен
жабдықтар
112114336 73,6 527598813 90,6 534631822 88,6
Көліктік
құралдар - - 7798417 1,3 7042980 1,2
Басқа да
негізгі 6343045 4,2 4457333 0,8 7948871 1,3
қорлар
Аяқталма-ған
өндіріс 6187574 4,1 6574822 1,1 18704919 3,1
Барлығы 152121043 100 582569645 100 603338204 100

*автормен кәсіпорынның бухгалтерлік баланс негізінде жасалған 17

2006ж. бойынша Караганданеруд АҚ-ның негізгі қорлары құрылымының 91%-
ын машиналар мен жабдықтар құрап, бұл 2005ж. салыстырғанда 17%-ға өскен
болса, ал ғимараттар мен құрылыстар 6%-ды құрап, 2005ж. салыстырғанда 11%-
ға төмендеген. Қалған негізгі қорлар да 2005ж. салыстырғанда 6%-ға
төмендеген. 2005ж. Караганданеруд АҚ-ның негізгі қорлары өткен 2006ж.
салыстырғанда көп өзгеріссіз, машиналар мен жабдықтар 2%-ға төмендесе,
аяқталмаған өндіріс 2%-ға өскен.Кәсіпорынның негізгі қорларының қозғалыс
және техникалық жағдайын талдау үшін келесідей көрсеткіштер есептеледі:
1) Негізгі өндіріс қорларының жаңару коэффициенті (Кж);
2) Негізгі өндіріс қорларының шығу коэффициенті (Кш). Алайда
Караганданеруд АҚ-да осы кезең аралығында келіп түскен негізгі қорлар
болмағандақтан жаңару коэффициенті анықталмайды (Кж=0);
3) Негізгі өндіріс қорларының тозу коэффициенті (Ктозу);
4) Қорлардың техникалық жарамдылық коэффициенті (Кжар);
5) Негізгі өндіріс қорларының тұрақтылық коэффициенті (Ктұр).
Бұл жоғарыдағы көрсеткіштер негізінде кәсіпорынның негізгі өндірістік
қорларының қозғалыс көрсеткіштерін келесі кестеде есептеп көрсетуге
болады.Кесте 3
Караганданеруд АҚ-ның 2005-2006жж. негізгі қорларының қозғалысы және
техникалық жағдайы туралы мәліметтер

Көрсеткіштер 2005ж. 2006ж. Өзгерісі202004ж. Өзгерісі20
06-005ж. 07-006ж.
(+,-) (+,-)
Жаңару деңгейі,28% 66% +38% 1% -65%
%
Тозу 0,51 4,22 +3,71 0,23 -3,99
коэффициенті
Жарамдылық 0,77 3,41 +2,64 0,80 -2,61
коэффициенті
Тұрақтылық 1 1 0 1 0
коэффициенті

*автормен бухгалтерлік баланс негізінде жасалған 17
Жоғарыдағы кесте бойынша 2006ж. 2005ж. салыстырғанда кәсіпорынның негізгі
қорларының техникалық жағдайы оларды осы жылы неғұрлым интенсивті жаңартуы
есебінен 38%-ға артқанын көрсетті. Ал, 2007ж. 2006ж. салыстырғанда жаңару
деңгейі осы жылы негізгі құралдардың аз қамтылуына байланысты 65%-ға
төмендеген. Тозу коэффициенті 2006ж. 2005ж. көрсеткішпен салыстырғанда 3,71
бірлікке артқан болса, 2007ж. 2006ж. тозу коэффициентімен салыстырғанда
3,99 бірлікке төмендеген. Жарамдылық коэффициенті 2006ж. 2005ж.
салыстырғанда 2,64 бірлікке артқан болса, 2007ж. 2006 ж. салыстырғанда 2,61
бірлікке төмендеген.
Кесте ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Республикадағы азық - түлік қауіпсіздігінің қазіргі жағдайын талдау
Кәсіпорында қаржы ресурстарын пайдаланудың экономикалық тиімділігін анықтау, қаржының құралу көздерін, төлемдік қабілеттілігімен, қаржылық тұрақтылығын талдау
КОРПОРАЦИЯНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ТАЛДАУ ӘДІСТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ
Қаржылық жағдайы
Кәсіпорында қаржы-шаруашылық қызметін зерттеу және оны жақсарту жолдарын ұсыну
Банктің проблемалық несиелерді басқаруы тұрғысында несиелік тәуекелін талдау
Қаржылық қатынас
Кәсіпорынның банкроттығын диагностикалау мәні және мазмұны
Кәсіпорындардың банкротқа ұшырау себептері
Қаржылық жағдайды талдау түсінігі
Пәндер