Қазақ халқының ұлттық қозғалыс ойындары арқылы оқушылардың патриотизмін қалыптастыру
1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1. Қазақ халқының ұлттық қозғалыс ойындары арқылы оқушылардың патриотизмін қалыптастырудың қысқаша негіздемесі ... .
1.2. Қазақ халқының ұлттық қозғалыс ойындары арқылы оқушылар.дың патриотизмін қалыптастырудың мақсаты мен міндеттері ... ... ... ... .
2. Қазақ халқының ұлттық қозғалыс ойындары арқылы оқушылардың патриотизмін қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1. Ұлттық ойындар мен өнердiң тәрбиелік сипаты ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2. Ұлттық ойындарды оқу және тәрбие үрдісінде пайдаланудың
өзектілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3. Қазақ халқының ұлттық ойындарының зерттелуі ... ... ... ... ... ... ...
3. Глоссарий ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4. Әдебиет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Қазақ халқының ұлттық қозғалыс ойындары арқылы оқушылардың патриотизмін қалыптастыру сабақтары әдістемелік, семинар және тәжірибелік сабақ пен оқу практика түрінде жүргізіледі.
«Қазақ халқының ұлттық қозғалыс ойындары арқылы оқушылардың патриотизмін қалыптастыру» курсы спорттық педагогикалық пәндердің арасында болашақ дене мәдениеті мұғалімдері мен спорт түрлерінен жаттықтырушылар даярлауда негізгі пәндердің қатарынан табылады.
Дене жаттығуларының көп түрлілігі және олардың орындалу әдістері пәнінің негізгі мазмұны болғандықтан адам ағзасына қозғалыс мүмкіндіктерін ескере отырып ағза қызметтеріне жағымды әсер ету мүмкіндіктерін қалыптастырады. Саяхат және гимнастика саласында қолданылатын мүмкіндіктері мол болғандықтан «Ұлттық спорт» пәні барлық жас деңгейлеріндегі адамзат баласына қолдануға өте тиімділігімен ерекшеленеді.

Негізгі әдебиет
М.Болғанбаев . Қазақтын ұлттық спорт түрлері, 1986
М.Болғанбаев . Қазақша күресінің техникасы мен тәсілдері.
Е.Мухитдинов. Қазақша күрес, 1984.
Б.Рахманқүлов Қазақша күрес,1957
Б.Жаналин. Қазақша күрес ережесі,1993.
Б.Төтенаев. Қазақтын ұлттық ойындары, 1994
Е.Сағындыков . Қазақтын ұлттық ойындары, 1991
Қосымша әдебиет
А.Буркітбаев. Қазақтын үлттық ат спорт түрлері,1978
Қ.Р.Байдосов. Қазақша күрес, 1987
Ө.Жолымбетов. Қазақша күрес,1973
М.Танекеев . Қазақтын ұлттық ойындары,1994.

Өрлеу БАҰО АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша педагогикалық
қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты
Кафедра Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру
ЖОБА
Қазақ халқының ұлттық қозғалыс ойындары арқылы оқушылардың патриотизмін
қалыптастыру
Тыңдаушы: ____Сансызбай
Айжан_______
(фамилиясы, аты, әкесінің аты)
Сарыөзек ауылы, №21 орта
мектебі,______
дене
тәрбиесі мұғалімі_________
жұмыс
орны, қызметі
Жетекші: Тусупкалиева
Г., аға оқытушы
(оқытушының аты-жөні, қызметі)
Жұмысты өткізу мерзімі:
10.04.2014ж.
Қарағанды 2014
Мазмұны
бет
1. 3
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .. 3
1.1. Қазақ халқының ұлттық қозғалыс ойындары арқылы оқушылардың
патриотизмін қалыптастырудың қысқаша негіздемесі ... . 5
1.2. Қазақ халқының ұлттық қозғалыс ойындары арқылы оқушылар-дың
патриотизмін қалыптастырудың мақсаты мен
міндеттері ... ... ... ... . 8
8
2. Қазақ халқының ұлттық қозғалыс ойындары арқылы оқушылардың
патриотизмін қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2.1. Ұлттық ойындар мен өнердiң тәрбиелік 14
сипаты ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2. Ұлттық ойындарды оқу және тәрбие үрдісінде пайдаланудың 19
өзектілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... . 20
2.3. Қазақ халқының ұлттық ойындарының
зерттелуі ... ... ... ... ... ... . ...
3.
Глоссарий ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
4.
Әдебиет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...
1. Кіріспе

патриотизмін қалыптастырудың қысқаша негіздемесі

қалыптастыру сабақтары әдістемелік, семинар және тәжірибелік сабақ пен оқу
практика түрінде жүргізіледі.
Қазақ халқының ұлттық қозғалыс ойындары арқылы оқушылардың
патриотизмін қалыптастыру курсы спорттық педагогикалық пәндердің арасында
болашақ дене мәдениеті мұғалімдері мен спорт түрлерінен жаттықтырушылар
даярлауда негізгі пәндердің қатарынан табылады.
Дене жаттығуларының көп түрлілігі және олардың орындалу әдістері
пәнінің негізгі мазмұны болғандықтан адам ағзасына қозғалыс мүмкіндіктерін
ескере отырып ағза қызметтеріне жағымды әсер ету мүмкіндіктерін
қалыптастырады. Саяхат және гимнастика саласында қолданылатын мүмкіндіктері
мол болғандықтан Ұлттық спорт пәні барлық жас деңгейлеріндегі адамзат
баласына қолдануға өте тиімділігімен ерекшеленеді.
Аталған пәнде оқушылар пәннің оқыту әдістемесімен негізгі техникасын
игеру, мектепте өз бетінше сабақ өткізу қабілеттілігін арттыру мақсатында
педагогикалық негізде жұргізіледі.
Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Жобалық зерттеу жұмысында
Қазақстан Республикасының Дене шынықтыру және спорт туралы Заңына сәйкес
адамның денесін жетілдіруді саналы түрде қалыптастыру жас кезінен
басталатыны анықталған, яғни бұл дағды отбасында, мектепте және оқу
орындарында қалыптасып, салауатты-тәрбиелік бағыттың әдістемелік
бағдарламаларын жетілдіру, дене тәрбиесі мен қазақтың қозғалмалы ұлттық
спорттық ойындарын дамытудың жолдары негізінде өз бетінше жүргізілетін
сабақтар арқылы дене дайындығы дағдыларын қалыптастырудың жүзеге асатыны
және оның алғышарттары, оларға жасалатын жағдайды жетілдіру жолдары
қарастырылған.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақтың ұлттық дене шынықтыру
мәдениеті жеке тұлғаның жалпы мәдениетінің құрамдас бір бөлігі ретінде
мектептегі кезеңнен қалыптаса бастайды. Сондықтан оны пайдалану тек
қозғалғалмалы біліктілік, дағдыларды дамытып қана қоймайды, сонымен қатар
мектеп оқушыларынан қазақтың ұлттық спорт түрлеріне деген көзқарасын
қалыптастырып, дене жаттығулары мен ойындарын өз беттерінше дамытуға
тәрбиелеп, оқу-ойын материалдарын бір жүйе ретінде олардың руханилығын,
адамгершілігін, дене тәрбиесін тәрбиелеуге баулуды қарастырады.
Педагогикалық эксперимент нәтижелерінің сапалық көрсеткіштерін анықтау
үшін математикалық-статистикалық әдістерді, соның ішінде, Ю.Ф. Курамшин
[2004], Л.П. Матвеев[1991], Н.И. Шарабакин [1997], Қ.І. Адамбеков [1995],
Х.Ф. Анарқұлов [2007], Т.Ә. Ботағариев [2002], С.І. Қасымбекова [2002],
А.М. Мамытов [1997], А.Н. Макогонов [2003] және басқа ғалымдардың жан-жақты
дамуға бағытталған қозғалыс белсенділігі тек дене шынықтыру сабақтарымен
ғана шектелетінін, олар қажетті локомоцияның тек тәуліктік көлемінің
қажетті 10% пайызын ғана игере алатынын атап айтқан. Оқушылардың басым
көпшілігі ортатәуліктік қозғалғыш белсенділігінің 35-40% пайызы гигиеналық
нормаға сай келмегендіктен, оқушылардың денсаулығына кері әсер ететіні
белгілі.
Бұндай жағдай Қазақстан Республикасының оқушыларының көпшілігінде
ұлттық спортпен, ұлттық ойындармен, дене жаттығуларымен жүйелі түрде
айналысуға деген мұқтаждықтың, осы саладағы өз бетінше жүргізілетін
сабақтардың ғылыми негізделген әдістемесінің жоқтығын, сонымен қатар
көптеген жалпыға міндетті білім беру мекемелерінде, мектептерде (әсіресе,
ауыл мектептерінде) оқудың материалдық базасының нашарлығынан, оқушылардың
оқитын орындары да қашықта болғандықтан, мектептен тыс сабақтар мүлдем
жүргізілмейді. Осы жоғарыда айтқан мәселелердің бәрі аталған тақырыптың
әлі де болса жан-жақты толық зерттеуді қажет ететіндігін көрсетеді.
Мектеп оқушыларының дене тәрбиесін жетілдіру мәселелері көптеген
жетекші ғалымдар зерттеулерінің негізгі нысанына айналды. Мектеп
оқушыларының дене тәрбиесін дайындаудың тиімділігі бойынша көптеген
нұсқаулар жасалынды. Алайда, бұл зерттеулердің бәрі негізінен, дене
тәрбиесі сабақтарының тиімділігін арттыруға, сабақтағы дене сапасын
дамытуға ғана арналған, сондай-ақ өз бетінше жүргізілетін жұмыстың ғылыми-
әдістемелік негіздері жеткілікті дәрежеде жасалмаған. I-XI сыныптардағы
дене тәрбиесінің кешенді бағдарламасы дене жаттығуларының ұлттық түрін
пайдаланумен бірге өз бетінше жүргізілетін сабақтардың санының көбейтілуін
талап етеді.
Ғылыми-әдістемелік жұмыстар мен жетекші оқытушылардың тәжірибесінен
байқайтынымыз, дене жаттығуларының ұлттық түрін үй тапсырмасына қосу
оқушылардың тәрбиесі мен оны оқытуға ерекше ықпал етеді. Осындай кешенді
нұсқаулар мен әдістемелер бола тұра, нақты анықталған, ғылыми негізделген
әдістеме күні бүгінге дейін жасалмаған. Оның ішінде дене жаттығуларының
ұлттық түрін оқушылардың өз бетінше жүргізілетін сабақтарының күнделікті
тәртібіне енгізу мәселесі тағы жоқ. Практикалық нұсқаулардың көпшілігі
дене жаттығуларының классикалық түрін қамтыған. Сондықтан оларды
республикамыздағы кейбір ерекше жағдайларға байланысты өз деңгейінде
пайдалану мүмкін болмай тұр.
Зерттеу мәселесі қазақ ұлттық ойындары бойынша жаттығулардың түрін
қамтитын өз бетінше жүргізілетін сабақтардың әдістемесі, мазмұны, ғылыми
тұрғыдан жоспарлануы, дене жүктемесінің бөлінуі, организмнің жағдайын
бақылау күні бүгінге дейін жеткілікті деңгейде жасалмаған. Дене
жаттығуларының аталған ұлттық сипаты өте төмен дәрежеде ынталандырылған.
Осы деректердің барлығы жалпы білім беретін мектептерде оқушылардың өз
бетінше жүргізілетін сабақтарында қазақ ұлттық ойындары бойынша дене
жаттығуларының түрлерін пайдаланудың жолдарын іздестіру және ғылыми
тұрғыдан негіздеу қажеттігін көрсетеді.
Зерттеу нысаны – оқу-тәрбие жұмыстарының заңдылықтарымен қатар, қазақ
ұлттық ойындарының түрлері бойынша дене жаттығуларының түрлерін пайдалану
тиімділігін көрсету арқылы құрылған 11-12 жастағы оқушылар дайындығының
нақты үдерісі.
Зерттеу болжамы. Өз бетінше жүргізілетін сабақтардың дене
жаттығуларында қазақтың ұлттық ойындарын пайдаланудың өзіндік ерекшелігін
анықтап, оларды практикада тиімді пайдалану үшін ойындардың нақты және
тиімді түрлерін айқындап, 11-12 жас аралығындағы оқушыларға өз бетінше
жүргізілетін сабақтарда қазақ ұлттық дене жаттығуларын пайдаланудың тиімді
жолдарын күшейтуге болады.
1.2. Қазақ халқының ұлттық қозғалыс ойындары арқылы оқушылардың
патриотизмін қалыптастырудың мақсаты мен міндеттері
Зерттеу мақсаты. 11-12 жастағы жасөспірімдердің дене тәрбиесінде өз
бетінше жүргізілетін сабақтарға қазақтың ұлттық қимыл-қозғалыс ойындарын
енгізу әдістемесін жасау мен тәжірибелік тұрғыдан негіздеу.
Зерттеу міндеттері.
1. Ауыл мектептері оқушыларының дене тәрбиесі үдерісінде қазақ ұлттық
қимыл-қозғалыс ойындары бойынша өз бетінше сабақтар өткізудің
практикалық тәжірибесін ұйымдастыру мен әдістемесін зерттеу.
2. Ауылдық және қалалық жасөспірімдердің дене дамуы мен қозғалыс
дайындығы ерекшеліктерін анықтау.
3. Түрлі сипаттар мен бағыттардағы қазақтың ұлттық дене жаттығуларын
орындау барысында 11-12 жастағы жасөспірімдерге арналған мүмкін дене
жүктемелерін белгілеу.
4. 11-12 жастағы ауылдық жасөспірімдердің қазақ ұлттық қимыл-қозғалыс
ойындары бойынша дене жаттығуларына арналған өз бетінше жүргізілетін
сабақтарының әдістемесін (моделін) жасау және оның тиімділігін
бағалау.
Бізге белгілі болғандай, көрсетілген міндеттер мектеп оқушыларының
дене тәрбиесінің мазмұнына толық сәйкес келеді, олардың организмі мен
саналарындағы шынайы өзгерістерді түсінудің логикалық байланысына сәйкес
ғылыми-практикалық сараптамалармен және нұсқаулармен қамтамасыз етеді.
Зерттеу әдістері. Зерттеу әдісінің ерекшеліктеріне қарай түрлі әдіс-
тәсілдер пайдаланылды. Мәселен, зерттеудің бастапқы сатысында олар
келесідей сипатта болды: әдебиеттерді талдау және жинақтау, оқушылар
арасында сауалнама жүргізу және сұрақ-жауап алу, алынған тақырыптың ғылыми-
әдістемелік негіздерінің теориялық мәселелерін зерттеу. Бұдан әрі жетекші
әдістердің қатарында зертханалық әдіс, яғни тәжірибе арқылы алынған
деректерді өңдеу. Осы әдістер арқылы дене дайындығының деңгейлерін, өзгеру
қарқынын, ықпал ету ерекшелігін, оқушылардың функционалдық жағдайын
байқадық, әсіресе, бұндағы педагогикалық үдерістер қатаң сынға алынды,
алайда ең басты нысанда қазақ ұлттық дене жаттығуларының 11-12 жастағы
балаларға жүргізілетін өз бетінше сабақтарында ұйымдастырылуына әсер ету
деңгейлерін анықтау.
Зерттеу көздері мен әдіснамалық негіздері. Зерттеудің негізгі дерек
көздері ресми жалпы мемлекеттік құжаттар болып табылады: Жаңа әлемдегі
жаңа Қазақстан Президенттің халыққа Жолдауы (2007), Қазақстан
Республикасының Білім туралы Заңы (2007), Қазақстан Республикасының Дене
шынықтыру және спорт туралы Заңы (2000), Қазақстан Республикасының білім
жүйесінде қазақ ұлттық спорты мен ұлттық ойындарын дамыту тұжырымдамасы
(2003), 050108 Дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша Мемлекеттік
білім стандарты (2007).
Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі, Мектептегі дене тәрбиесі
оқу пәндерінің негізгі ережелері және дене тәрбиесі мен спорт саласындағы
жетекші мамандардың Ю.Ф. Курамшин [2004], Л.П. Матвеев [1991], Қ.І.
Адамбеков [1995], Х.Ф. Анарқұлов [2007], А.М. Мамытов [1997], С.І.
Қасымбекова [2002], М.В. Антропов [1997] және басқа ғалымдардың
еңбектеріндегі негізгі теориялық тұжырымдамалары зерттеудің әдіснамалық
негізі болып табылады.
Бұлардан басқа осы мәселеге қатысы бар философиялық, тарихи,
педагогикалық, биологиялық, медициналық және психологиялық сипаттағы
еңбектер де пайдаланылды.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы:
- өз бетінше жүргізілетін сабақтарда қазақ ұлттық ойындары бойынша дене
жаттығуларын пайдалануды ғылыми түрде негіздеу және сипаттамасын
белгілеу;
- жалпы білім беретін мектеп оқушыларының өз бетінше жүргізілетін
сабақтарында қазақ ұлттық ойындары бойынша дене жаттығуларын пайдаланудың
тиімді жолдарын ғылыми-әдістемелік тұрғыдан негіздеу;
- 11-12 жастағы оқушылардың өз бетінше жүргізілетін сабақтарында қазақ
ұлттық ойындары бойынша дене жаттығуларын пайдаланудың теориялық кешенді
тиімді әдістерін зерделеу;
-Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектеп оқушыларының дене
тәрбиесі жүйесінде қазақ ұлттық ойындары бойынша дене жаттығуларын жан-
жақты пайдаланудың тиімділігін көрсету.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы өз бетінше жүргізілген сабақтарда
дене тәрбиесінің ұлттық әдіс-тәсілдерін пайдалану негізінде өз бетінше
жүргізілетін сабақтарға ынталандыру арқылы олардың сапасын арттыру болып
табылады. Олардың түрлері:
- 11-12 жастағы оқушылардың өз бетінше жүргізілетін сабақтарында
пайдаланылатын қазақтың ұлттық ойындарының дене жаттығуларына өте қолайлы
түрлері;

сабақтарында қазақ ұлттық ойындары бойынша дене жаттығуларының түрлерін
пайдаланудағы педагогикалық қызметтің сипаты;
- 11-12 жастағы оқушыларға өз бетінше жүргізілетін сабақтарда
пайдаланылатын қазақ ұлттық ойындары негізінде дене жаттығуларының түрі
бойынша нұсқаулар;
- қазақ ұлттық ойындары бойынша дене жаттығулар түрлерінің әдістемелік
сипатын қалыптастыруда олардың білімдік, сауықтыру және тәрбиелік жақтарына
ерекше мән беру;
– қазақ ұлттық ойындары бойынша дене жаттығуларының түрлері бар өз бетінше
сабақтарында қимыл-әрекеттің сапасын арттыру, денсаулықты нығайтуға
бағытталған мектеп бағдарламасындағы нормативтік талаптарды күшейту, дене
тәрбиесіндегі тұрақтылықты сақтау әдістемесін қалыптастыру.
Жобалық жұмыста ұсынылған өз бетінше жүргізілетін сабақтарында қазақ
ұлттық ойындары бойынша дене жаттығулары түрлерінің мазмұны мен
ұсыныстарын ауыл мектептерінде де және қалалық мектептерде пайдалануға
болады. Қорғауға ұсынылған қағидалар:
- ауыл мектептері оқушыларының дене тәрбиесін қазақ ұлттық қимыл-
қозғалыс ойындары бойынша өз бетінше жүргізілетін сабақтары жүйесінің дене
жаттығуларын кең түрде пайдаланудың тиімділігімен арттыруға болады;
- дене дайындық көрсеткіштерінің байқалатын заңды өзгерістері мен
қалыпқа келуі, ауыл балаларының қала балаларына қарағанда денесінің даму
ерекшелігі және олардың қимыл-әрекеттері бойынша дайындығы;
- 11-12 жастағы жасөспірімдердің қазақ ұлттық ойындары бойынша дене
жаттығуларын жасайтын өз бетінше сабақтары жүйесінің моделін жасау, қимыл-
әрекеттің сапасын арттыру, денсаулықты нығайтуға бағытталған мектеп
бағдарламасындағы нормативтік талаптарды күшейту;
- 11-12 жастағы жасөспірімдердің өз бетінше сабақты жүргізуге деген
ынтасы, олардың әр түрлі сипаттағы жаттығуларды орындаудағы жүктемелерін
оңтайландыру, дене тәрбиесіндегі тұрақтылықты сақтау мақсатында қазақ
ұлттық ойындары бойынша өз бетінше сабақтар әдістемесін қалыптастыру мен
оны тәжірібелік бағалау.
Басты мақсат мектеп жасындағы балаларға аталған пәнді ұйымдастыру және
өткізу әдістемесіне көңіл аудару. Тәжірибелік сабақта студенттер пәнге
арналған жаттығулардың техникасын игеру мен қатар жаттықтыру әдістемесіне
педагогикалық тұрғыда көңіл бөлінеді. Бұл бағыт студенттердін жалпы
физикалық дайындығынада әсерін тигізеді.
Ұлттық спорт түрлері және қозғалмалы ойындар терминологиясы:
• Терминологияның мақсаты, терминологияға талап.
• Терминологияға қыскаша шолу.
• Терминдердің мағанасы және қолдану ережесі.
• Жаттығуды жазу формасы: жинақталған, негізделген, қысқартылған
графикалық.

патриотизмін қалыптастыру
2.1. Ұлттық ойындар мен өнердiң тәрбиелік сипаты
Ойнамайтын бала жоқ. Ойынға қызықпайтын адам жоқ. Көңiл көтермейтiн
адам, сауық құрмайтын халық жоқ. Үлкен де, кiшi де ойнап көңiл көтередi,
бiр нәрсеге берiле қызығады, әр жетiстiктен қанағат табады. Ал қызығу,
қуану, қанағаттану - өмiрдi тамашалаудың көрiнiсi немесе өмiрде сауық
құрудың нышаны. Ойын-сауыққа үлкен-кiшiнiң бәрi де әуес. Айтпағымыз, өмiр
кейде ойын-сауыққа ұқсас, ойын-сауықсыз адамның өмiрiн көз алдыңа елестете
алмайсың. Ойынның тарихы тереңде, көне дәуiрден басталады. Оның қалыптасу
кезеңдерi мен тарихы өз алдына әңгiме. Ойын халықтың өмiр сүру салтынан,
өмiр сүру үшiн күресiнен туындаған қажеттiлiктiң бiрi. Ойын-сауық еңбектiң
мазмұны мен құралына орай түрленген, жетiлген. Қазақ — ойын-сауықшыл халық.
Бүгiнде қазақтың 100 ден аса ойын түрлерi мәлiм. Қазақ "баланы жастан”
дегенде, ойын-сауық арқылы жасөспiрiммен тәрбиелiк жұмысты ертерек және жас
ерекшелiктерiне қарай жүргiзудi пайымдайды. Ойынсыз ұрпақтың кiм екенiн,
халықтың қандай екенiн бағалау екiталай. Адам мен ойын түйiндес, түбiрлес.
Ойын-сауық қазақтың әдет-ғұрпына үнемi және айқын ықпал еткен.
Айталық, тас дәуiрiнде қалыптасқан - таяқ жүгiрту, асық, ақсүйек, темiр
дәуiрiнде тараған — қарағие, садақ, бергi феодалдық дәуiрдегi, яғни үйсiн,
қаңлы хандығы кезiндегi — ақбайпақ, алтыбақан, арқан тартыс, белбеу тастау,
жасырынбақ, көршi бұғынай, айдапсал т.б. ойындарды бүгiнде бiлетiндер де,
бiлмейтiндер де аз емес. Жануарлардың қозғалысына елiктеп жасалынған
қозғалыстар да бертiн келе ойын бидiң арқауына айналған. "Аң аулау”
билерiнiң түрлерi бiр iзге келтiрiлмеген. Дегенмен олар барлық қауымдастық
мүшелерiн қызықтырғанын ескерсек, оның тартымды түрлерiнiң көп және
жаттығуға икемдi болғанына күмәнданбаймыз.
Қыпшақтардың тайпалық одақтары түрiк қағанатына қосылғанда хан жақсы
ма, ханды қара басты, шалма, қарамырза, сайыс, ат үстiндегi тартыс,
аударыспақ, балтам тап, аударыспақ, "көк бөрi тарту” сияқты ойын түрлерi
таралған. Ұлттық ойынымыздың тарихы туралы Рашид-ад дин, Низами әл-Мулк,
Мосуди, Махмұд Қашқари сынды ғұламалар пiкiрлерiн қалдырған. Батыстың XIII
ғасырдағы саяхатшысы Марко Поло Жетiсу жерiндегi үлкен жиында "Қыз қуу”
ойыны мен "Қыз бөрi” ойынын көргенiн естелiктерiнде тамашалап баяндайды.
Ойында өмiрдiң еркiндiгi, кедергiсi мен мақсаты анықталынады. Ойын-
сауық — жеке адамның даму қажеттiлiгiн арттырады, қарсыласпен татуласу
немесе оны жеңу жолдарын iздестiредi. Шаруашылықтағы қимыл-әрекеттi осы
биiк мақсатқа көтердi. Ойын — адам ойлану және дене қабiлетiнiң бәсекесi,
қарсыласпен ашық жарыс. Оның мақсаты — жеңiске жету, ойындағы адамның
қабiлет күшiнiң үстемдiгiн көрсету, дәлелдеу.
Кейде ойындардың аттары, атаулары өзгерiп жатса да, олардың ойналу
мазмұны сақталып қалған, сөйтiп әдептiң түрлерiн қалыптастыруға септiгiн
тигiзген. Мысалыға, ақсүйек ойынының басқа түрiк тiлдес елдерде орда,
тоқтышақ сияқты атауы да бар немесе лек жалау ойынының шiлiк, қарыс ағаш,
шөлдiк және т.б. түрлерi бар. Бұл ойындарды әуелi балалар ойнаса, кейiннен
оған жiгiттер мен ересектер де қосылған. Таралуы жағынан ойындар
ересектерден балаға мұра ретiнде жиi қалдырылған. Мемлекеттiк құрылым
қалыптасқан сайын ойындар халықтық мерекенiң құрамына енген. Ойындар
халықтық той-думанның оттығына, көпшiлiктiң ортақ сауығына айналды. Кез
келген жыйын-той күрессiз, ат пен жаяу жарыссыз, айтыс, ән мен күйсiз, аң
аулаусыз өтпейтiн болған.
Көшпендiлер табиғи күш атасы атанған. Малмен жүрген көшпелi халықтың
алдымен далада, ашық алаңда, түнде ай жарығында сауық құратын ойындары
қалыптасты. Жарыста адам да, оған қатысқан төрт түлiк түрлерi де сынға
түстi. Солардың iшiнде бiзге мәлiмi ақсүйек, алтыбақан, айгөлек,
арқантартыс, көксиыр, соқыртеке, түйе-түйе, белбеу тастау, қасқұлақ,
моңданақ, ақбайпақ, түйiлген шыт, тиын салу, ақшамшық, ақсерек-көксерек,
көршi, шалма, шымбике, инемдi тап, айдапсал, қарамырза, қарт-қарт, жылман
т.б., сондай-ақ ат жарысы, түйе жарысы кеңiнен таралған. Жарысқа астында
көлiгi бар, бiлегiнiң қарымы мықты адамдардың бәрi де қатыса алған. Өйткенi
көшпендiлердiң кiшiсiнен үлкенiне дейiнгiлер әлгi аталған түрлi ойындардың
тәсiлдерiн шебер меңгере бiлген. Ойынның түрлерi күнделiктi тiршiлiкте,
маусымдық жиындарда тартымды орын алды. Ойын адамның жаны мен тәнiн
сергiттi, өз бетiнше еңбектенуiне баулыды, топ таңдауды үйреттi.
Шаруашылық пен еңбек процесi ойынның түрлерiн көбейттi, ойынға
қойылатын талапты күшейттi. Ойында қолданатын әдiстерге арнайы жаттығу
керек болды. Ойын заттары мен бұйымдарына деген ұқыптылық жалғасын тапты.
Ойынды өткiзу туралы келiсiм жұмыстары жанданды. Ойынды өткiзетiн арнайы
кеңiстiк алаңдар таңдалды. Бiртiндеп атамекенiне және атажұрт салтына деген
құрмет көзқарастар қалыптасты. Әр ойынның белбасарлары анықталды, олар
көптiң құрмет-сыйына бөлендi. Ойын өнердiң түрiне, топты ұйымдастыру
тетiгiне айналды. Содан ойын өнерi ұлттық әдеп-ғұрыптың қалыптасуына,
сақталуына үлкен ұйытқы болды, ықпал еттi.
Дала ойындары ашық та, икемдi. Талаптарына шартты түрде келiсуге
болады. Ойын тәртiбiн ойыншылардың өздерi де, көрермен де бағалауға бiрдей
мүмкiндiк алды. Ойынға төрешiлiк халықтық сипатта жүргiзiлдi. Үлкендер, ел
ақсақалдары баталарын берiп, ойынның басталуына рұқсат бердi немесе
жеңгендерге табыс пен шапағат тiледi. Халықтық ойындар бiртiндеп дәстүр мен
еңбек мерекесiне айналды, әдет-ғұрып негiзiнде тамыр жайды,
жасөспiрiмдердiң қозғалмалы ойындары ретiнде өрiс алды.
Қазақтың әдет-ғұрып ойындары халықтың бастан кешкен қилы-қилы
оқиғаларын бейнелеп, баяндап бередi. Оған Наурыз мерекесiндегi ойын-сауық
түрлерi дәлел болмақ. Наурыз — күн мен түн теңелген, "ұлыстың ұлы күнi”,
шығыстағы көптеген көне халықтардың дәстүрiнде жаңа жыл күнi. Наурыз —
наурыз ойын-сауық, спорт пен өнер тоғысқан халықтық мерекенiң думанды
салты. Наурыз үлкен мен кiшiнiң, еркек пен әйелдiң, ақын мен бишiнiң,
ауылдағы мен қаладағылардың спорт пен өнер саласындағы ашық жарысы. Жарыста
күштiлердiң күштiсi, жүйрiктердiң жүйрiгi "жүгiрiп озады, қуып жетедi”,
бiлектесiп жеңедi, сол өнерiмен ел құрметiне бөленедi.
Ойын — бiржағы, дене қозғалысы, шыныққан дененiң шеберлiгi, бiржағы
көңiл көтеру, дем алу, бiржағы бас қосып бiрлесу, әдет-ғұрыпты жалғастыруға
үндесу. Шаруашылықтан бос кезде той-думан мен ойын-сауықтар жиi атқарылады.
Той-думан, ойын-сауық адамды, ел-жұртты жаттыққа жiбермейдi, тұтастыққа,
бiрлiкке тартады. Ойын-сауықта адам табиғатпен табысты, тынысын кеңейте
алды, ұнатқандарымен жақындасты. Табиғи көркемдiкке қызыру, оны тамашалау
көшпендiлердiң жас кезiнен қанына сiңген қасиет. Ойын - ұрпақтар өмiрiн
үйлестiрудiң дәстүрлi ән-бимен өрнектелген сауық түрi. Оған қатысушылар
тамаша құратын орынды, уақытты, ортаны өз ерiктерiмен iрiктейдi, оны
өткiзудiң рәсiм-салтын икемдейдi. Осыдан орын мен ортаға деген әуесқойлық
күшеедi. Ойыншылар тағдырластарымен, өзiмен жақындастарымен кездесiп, өзара
сырласуға және жарысуға мүмкiндiк алады. Бұдан ашық мiнездiң, жарқын
жүздiлiктiң лебi естiп, ән-күйдiң тоғысы жаңарып жатады. Ойыншылар — көптiң
көңiлiн аулайтын өнерлiлер, өзiнiң мәртебесiн көтермелейтiн өнегелiлер.
Ойын үй мен даланың төрiнде өттi, ойыншылар — елдiң көз алдында,
көңiлiнен құрмет тапты.
Қазақтың ойын-сауығы достық пен қонақжайлықтың белгiсi және көптiң
басын бiрiктiрудiң кепiлдiгi, сүйкiмдi әншi мен әңгiмешiлерге мұқтаждықтың
айғағы. Ойын-сауықта жалғыздық сезiм, арам ниет адамды билей алмады, ойыншы
үнемi iзденiсте болады. Ондағы құдiрет -өнерпаздық, өзара түсiнiстiк және
келiсiмге жол табу. Адамзат қашанда болмасын осы үш құдiретке тәнтi болған,
сол құндылыққа жетудiң мүмкiндiгiн арнайы және үнемi iздестiрумен
әуреленген.
Қазақтар әдемiлiкке әуес халық болғандықтан, оны әшекейлеудi дәстүрге
айналдырған. Сол рәсiм — қыз-келiншектер мен тұяғы жерге тимес тұлпарлардан
басталған. Әйелдер гауһар тастан жасалған әшекей бұйымдарды, жылтырақ,
зергерлiк бұйымдарды жақсы көрген. Өздерi жiбектен, матадан, жүннен
әшекейлеп тiгiлген алуан түстi өрнектi киiмдер киген. Әйелдер үшiн
әсемдiкке, әдемiлiкке, әшекейлiкке әуестiк олардың қанына туа бiткен
қасиет. Әсемдiк пен әдемiлiк еңбекпен келдi, оны жақсы көргендер ойын-
сауыққа үйiр болады. Сондықтан әйелдердiң ұқыптылары, шыдамдылары,
еңбекқорлары ойын үстiнде әсемдiкке деген тәнтiлiгi мен сезiмталдығы мен
ықшамдылығы еркектерден асып түседi. Көшi-қонның барлық шаруасы мен
жұмыстарын ештемеден ерiнбейтiн әйелдер мiнсiз атқарады.
Әйелдер өз байлығын, әшекейiн көрсету үшiн көңiл көтеруге, әдемi мiнезiмен
сүйiктi болуға тырысады, өнеге көрсетедi. Сондай сүйкiмдiлiк пен
сүйiспеншiлiктi ортадан, жақын жандардан да күттi. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz