Қазақстанда табиғатты қорғау ғылым аспектілерінің орнығуы


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

«Экология және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасы

СӨЖ №1

Тақырыбы: Қазақстанда табиғатты қорғау ғылым аспектілерінің орнығуы

Орындаған: БЖ-215 тобының студенті Бликс Айгерім

Тексерген: профессор міндетін атқарушы Сарсембенова О. Ж.

Семей-2015

Жоспар:

  1. Табиғатты қорғау туралы жалпы түсінік
  2. Қазақстанда табиғатты қорғау ғылым аспектілерінің орнығуы

Табиғатты қорғау туралы жалпы түсінік

Табиғатты қорғау - қазіргі кезде өмір сүрушілер ғана емес сондай-ақ, болашақ ұрпақтардың да денсаулығы мен хал-жағдайы дұрыс және өз уақытындағы шешімдерге тәуелді болатын қазіргі кездегі мәселелердің бірі. Табиғатты қорғау - бұл табиғи жер және су ресурстарын ұтымды пайдаланып, сақтауды және ұдайы өсіруді қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік, қоғамдық, әкімшілік-шаруашылық, техникалық-өндірістік, экономикалық және заңды шаралар жүйесі. Қазақстанның табиғи ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану. Қазақстан Республикасының Мәжілісі және Үкіметінде табиғатты қорғауды күшейтуге, республикамыздың табиғи ресурстарын ұдайы өсіруге бағытталған бірқатар заңнамалық актілер қабылданып, пайдаланылуда. Әрбір облыстардың жанында осы актілердің орындалуын бақылайтын арнаулы мекемелер бар. Республикада табиғат қорғау прокуратурасы құрылды. Ол Қазақстан Республикасының табиғат қорғау туралы заңдарының орындалуын қатаң кадағалайды. Қазақстанда мемлекеттік ұйымдар торабы құрылған, олардың қызметі бірегей құрамды флоралар мен фауналары бар үлкен аумақты барынша ұзақ сақтауға арнайы бағытталған. Бұл ұйымдар - қорықтар, ұлттық табиғи саябақтар және ерекше қорғалатын аумақтар. Қазақстан Республикасында 2003 жылы ерекше қорғалатын 25 аумақ бар деп есептеледі, олардың қорықтары 10, табиғи ұлттық саябақтары - 10. Бұл табиғат қорғау мекемелері шамамен 3 млн гектар ауданға орналасқан.

Бастапқыда табиғат қорғау шараларының негізгі мотиві материалды игіліктерге деген қамқорлық болса, ал қазіргі уақытта табиғатты қорғаудың мақсаты одан әрі кеңейді және әрқилы болды. Табиғатты қорғаудың келесі аспектілерін бөлуге болады:

Экономикалық аспектісі - адамдар экономикасындағы табиғи ресурстардың үлкен роль атқаратындығымен анықталады.

Сауықтыру-гигиеналық аспектісі - ірі индустриалды аудан аймақтарындағы табиғаттық жедел өзгеруі, судың, ауаның және топырақтың өнеркәсіптік қалдықтармен және шығарылымдармен ластануы, жер шарының кейбір аудандарында ядерлік және сутектік қарулардың сынақтары нәтижесінде адам денсаулығына, тіпті халықтың біршама бөлігінің тұқым қуалаушылығына қауіп төнеді.

Тәрбиелік аспектісі - табиғатқа деген сүйіспеншілік, оған ұқыпты қатынас дағдылары, тірі тіршілік иелеріне қамқорлық, патриотизм, мінез-құлықтың жағымды жақтарын қалыптастырады.

Эстетикалық аспектісі - адамның эстетикалық қажеттілігін қанағаттандыра алатын табиғи кешендерді күту және сақтау.

Ғылыми-танымдық аспектісі - табиғаттың дамуын танып білу үшін, болашақта оны бөлшекті түрде зерттеу үшін организмдердің барлық түрлерін, табиғатқа тән учаскелерді және оның жеке туындыларын сақтау.

Қазақстанда табиғатты қорғау ғылым аспектілерінің орнығуы

Табиғатты қорғау мәселелерін негізінен экология ғылымы қарастырады. Экология ғалымының негізгі мақсаты - биосфера тұрақтылығын сақтау үшін салауаттылығына, білім дәрежесіне қарамастан барлық адамдардың экологиялық деңгейі, соны ұғынуы мен білім дәнежесінің жоғары болуына ықпал ету.

Экологиялық білім мен тәрбие берудің дүниежүзілік даму кезеңдеріне келсек, ең алдымен БҰҰ деңгейінде ұйымдастырылған (ЮНЕСКО) "Адам мен биосфера ” атты бағдарлама қабылданды. Онда алғаш рет халықаралық деңгейде биосфера ресурстарың қорғау және тиімді пайдалану туралы бағдарлама қабылданып, экологиялық сипат алды.

1971 жылы Швейцарияда Европалық конференция шақырылып, онда айнала қоршаған табиғи орта, табиғат қорғау мәселереі көтерілді.

1972 жылы Стокгольмге "Қоршаған ортаны қорғау” туралы білім беру, 1977 жылы Тбилиси қаласына БҰҰ жанындағы ЮНЕСКО және ЮНЕП ұйымдары "Экологиялық білім беру” туралы 40-тан астам шешімдер қабылданып, оның ғаламдық, стратегиялық жоспаралары қабылданды. Экологиялық білім берудің одан әрі даму кезеңдері атақты Найроби (1982), Беч (1983), Мәскеу (1987), т. б. конференцияларымен жалғасады.

XX ғасырдың орта шенінде педагогтар В. Ф. Натали, Н. М. Берзилин, В. М. Корсунский, т. б. экологиялық білім беруді география, биология пәндерімен байланыстыра отырып дамытуты ұсынды. Ал, 1947 жылдан бастап көпшілікке экологиялық білім беру КСРО бойынша оқу жүйесіне енгізіле бастады. Мәселен, 1947 жылы Беларуссия мемлекеттік университетінде алғаш рет экология кафедрасы ашылды. Одақтың көптеген оқу орындарында (Қазан, Мәскеу, Санкт - Петербург, т. б. ) Биосфера, Экология, Табиғат қорғау, т. б. экологиялық курстар оқу жоспарларына еніп оқытыла бастады. Осы тұрғыда көрнекті педагог - ғалымдар Н. Д. Зверев, С. Д. Дрябь, В. А. Левин, Н. Т. Суравегин, А. Н. Захлебный, т. б. халықтық оқу жүйесінде экологиялық білім берудің сан - қырлы теориялық практикалық негіздерін ұсынды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда табиғатты қорғау ғылым аспектілерінің орнығуы жайлы
Қазақстанда табиғатты қорғау ғылым аспектілерінің орнығуы туралы
Қазақстанда табиғатты қорғау ғылым аспектілерінің орнығуы туралы мәлімет
Жергілікті деңгейдегі тұрақты даму саясаты мен стратегиясы
Қоршаған ортаның проблемалары
Қазақстандағы нарықтық инфрақұрылымның қалыптасу мәселесі
Туризм инфрақұрылымының тұрақты дамуы экологиялық аспектілері
Қазақстанда үздіксіз экологиялық білім беруде этноэкологияның орыны
Мемлекет функциясы және даму эволюциясы
Жалпы экологияға кіріспе
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz