Көркем бейненің танымдық, эстетикалық мәні
1. Әдебиет теориясы (түрлері және зерттеу объектілері)
2. Образ және образдылық
3. Образ түрлері және оларға сипаттама
2. Образ және образдылық
3. Образ түрлері және оларға сипаттама
1.Әдебиет теориясы әдебиеттану ғылымының сөз өнерінің табиғатын, оның әдістері мен методологиясын, әдеби процесс, рухани-эстетикалық құндылықтар заңдылықтарын зерттейтін саласы. Ә. т. осы бағыттағы заңдылықтар мен қағидаларды жүйелеп, поэтикалық, прозалық және драмалық көркем шығармалардың табиғатын тануға қызмет етеді. Ә. т. ұғымдар мен терминдердің, ғылыми қағидалар мен ережелердің құрғақ жиынтығы емес, ол — сол арқылы көркем әдебиетті (өз пәнін) барлық қырынан жан-жақты ашып көрсетудің құралы болып табылады. Әлемдік әдебиеттану ғылымында қалыптасқан дәстүр бойынша, Ә. т. — зерттеу объектісіне байланысты төрт топқа бөлінеді. Бірінші топтың зерттеу объектілеріне әдебиеттің адамзат қоғамы өміріндегі рөлі, жалпы өнер, мәдениет жүйесіндегі орны, әдеби шығармашылықтың тұтас болмысы, суреткер дүниетанымының эстетик. қуаты, оның даралық талғамының шығармашылық ортақ заңдылықтармен үндесуі, әдеби шығармашылыққа бүтіндей баға беру принциптері жатса, екіншісі әдебиеттің тарихи дамуы, жанрларының, тек пен түрінің ортақ заңдылықтарының қалыптасуы және әдеби процес (ағым, бағыт, кезең, дәуір, әдеби байланыс), көркем шығарманы талдау, қабылдау заңдылықтарын қамтиды. Ә. т. көрсетілген осы мәселелерді зерттеу барысында әдебиет тарихымен қиылысады да, ортақ методол. принциптерді қалыптастырады.
1.Қабдолов З. Сөз өнері. - Алматы, 1992.
2. Хасенов М. Ұнамды образ және типтендіру. – Алматы, 1966ж.
3. Нұрғалиев Р. Әдебиет теориясы, Астана, 2003ж
4. Ахметов К. Әдебиметтануға кіріспе. Қарағанды, 2004ж
5.Байтұрсынов А. Әдлебиет танытқыш. – Алматы, 1989ж.
6. Алпысбаев Қ. Көркем шығарманы талдау жолдары. – Алматы, 1995ж. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. – Алматы, 1997ж.
8.Тюна В.И. Аналитика художественного: Введение в литературоведческий анализ. М., 2001.

Семей мемлекеттік университеті СӨЖ
Тақырыбы: Көркем бейненің танымдық, эстетикалық мәні
Орындаған :Есенова Құндыз
Тобы :ПД-305
Тексерген: Секей Жанбота
Жоспар:
1. Әдебиет теориясы (түрлері және зерттеу объектілері)
2. Образ және образдылық
3. Образ түрлері және оларға сипаттама
1.Әдебиет теориясы әдебиеттану ғылымының сөз өнерінің табиғатын, оның әдістері мен методологиясын, әдеби процесс, рухани-эстетикалық құндылықтар заңдылықтарын зерттейтін саласы. Ә. т. осы бағыттағы заңдылықтар мен қағидаларды жүйелеп, поэтикалық, прозалық және драмалық көркем шығармалардың табиғатын тануға қызмет етеді. Ә. т. ұғымдар мен терминдердің, ғылыми қағидалар мен ережелердің құрғақ жиынтығы емес, ол -- сол арқылы көркем әдебиетті (өз пәнін) барлық қырынан жан-жақты ашып көрсетудің құралы болып табылады. Әлемдік әдебиеттану ғылымында қалыптасқан дәстүр бойынша, Ә. т. -- зерттеу объектісіне байланысты төрт топқа бөлінеді. Бірінші топтың зерттеу объектілеріне әдебиеттің адамзат қоғамы өміріндегі рөлі, жалпы өнер, мәдениет жүйесіндегі орны, әдеби шығармашылықтың тұтас болмысы, суреткер дүниетанымының эстетик. қуаты, оның даралық талғамының шығармашылық ортақ заңдылықтармен үндесуі, әдеби шығармашылыққа бүтіндей баға беру принциптері жатса, екіншісі әдебиеттің тарихи дамуы, жанрларының, тек пен түрінің ортақ заңдылықтарының қалыптасуы және әдеби процес (ағым, бағыт, кезең, дәуір, әдеби байланыс), көркем шығарманы талдау, қабылдау заңдылықтарын қамтиды. Ә. т. көрсетілген осы мәселелерді зерттеу барысында әдебиет тарихымен қиылысады да, ортақ методол. принциптерді қалыптастырады. Келесі топ әдеби шығармалардың көркемдік-эстетик. сапасын, яғни стиль мен әдеби тіл, сюжет пен композиция, жанрлар үндестігі, типологиясы, тарихилығы мәселелерімен айналысады. Бұл бағытта Ә. т. поэтикамен үндеседі. Соңғы топта, әдебиет рухани-эстетик. құндылық тұрғысынан қарастырылады және ондағы мәңгілік құндылықтар мен өтпелі дүниелерге шынайы баға берілуі, әдеби процестің өз кезеңіндегі үрдістер сараланады. Ә. т. бұл жолы эстетикамен тұтасып, өнердің ортақ теориясымен және әдеби сынмен қиылысады. Жалпы, Ә. т. өз пәнінің даму сапасына (көркемдік, эстетик., стильдік т.б.) қарай үнемі өзгеріп отырады; көркем әдебиеттің жетістіктері негізінде таптауырын болған ғыл. тұжырымдардан ажырап, онда жаңа бағыттар қалыптасады. Ә. т-ның тарихы ежелгі дәуірдегі (Үндістан, Қытай, Ежелгі Грек, Ежелгі Түркі елдеріндегі т.б.) сөз өнеріне қойылған талаптардан басталады. Әлемдік Ә. т-ның бастауында Аристотель мен Әбу Наср әл-Фараби еңбектері тұр. Аристотельдің "Поэзия өнері туралы" трактатының, басқа да ежелгі дәуір эстетикасы туралы жазған еңбектерінің танымдық қуаты мол болып табылады. Әбу Наср әл-Фарабидің "Өлең өнерінің қағидалары туралы трактатының" да Ә. т. тарихында алар орны ерекше. Ал қазіргі заманғы әлемдік әдебиеттану ғылымына зер салсақ, сөз өнерінің теориялық деңгейін жоғары биікке көтерген американдық ғалымдар Р. Уэллек пен О. Уорреннің "Әдебит теориясы" (1949) зерттеуі болып табылады. Ол түрік (1960 ж.), орыс (1978 ж.) т.б. тілдерге аударылған. Орыс әдебиеттану ғылымында Ә. т. бойынша орыс ғалымдары Б. В. Томашевский, Л. И. Тимофеев т.б-дың еңбектерін айтуға болады. Теор. болжам және филос. таным тұрғысынан М.М. Бахтиннің еңбектері (1895 -- 1975) ерекшеленеді. Онда көркем сөздің көп мағыналығы, үндестігі, көп дауыстылығы т.б. мәселелер терең талданған. Қазақ ғалымдарынан Ә. т. жөнінде ең алғаш құнды пікірлер айтқан Ш. Уәлиханов болды. Ол қазақ халық поэзиясының жанрлық түрлерін (жыр, жоқтау өлеңі, қайым өлең, қара өлең, өлең т.б.) жүйелеп берді. А. Байтұрсыновтың "Әдебиет танытқышы" (1926, 1989, 1991) осы саладағы іргелі ғыл. еңбек. Алайда бұл құнды мұра алпыс жылдан астам ғыл. айналымнан тыс қалып келді. "Әдебиет танытқыш" -- қазақ ұлттық әдебиеттануының негізі, Ә. т. мен әдебиеттану методол., ұғым-терминдер мен эстетик. категориялар, жанрлар жүйесі түзілген аса маңызды еңбек. Онда сөз өнері ғылымына тән барлық факторлар қамтылып, ана тілінің қорынан ұғым-терминдер, жанрлар атаулары жасалып, жүйеленіп берілген. Түрлі идеологиялық тосқауылдарға қарамастан 20 ғ-дың 30-жылдары қазақ ғаламдарының бұл салада жаңа туындылары жарық көрді. Қ. Жұмалиевтің "Әдебиет теориясы" (1938, 1964, 1969) атты еңбегі негізінен орта мектептер мен жоғары оқу орнына арналды. Сондай-ақ, Е. Ысмайыловтың "Әдебиет тееориясының мәселелері" (1940) атты орта мектепке арналған оқулығы жазылды. 1970 ж. З. Қабдоловтың "Әдебиет теориясының негіздері" атты еңбегі жарық көрді. Бұл еңбек толықтырылып "Сөз өнері" деген атпен 2 рет (1976, 1982) қайта басылды. Ол еліміздегі жоғары оқу орындарында 30 жылға жуық Ә. т-ның бірден-бір оқулығы ретінде қызмет етіп келеді. З. Ахметовтың "Қазақ өлеңінің құрылысы" (1970), "Өлең сөздің теориясы" (1973) атты еңбектері -- осы салада соны пайымдауларымен көрінген құнды ғыл. зерттеулер. Ә. т-ның басты ғылыми ұғымдары мен терминдері жүйеленіп берілген "Әдебиеттану. Терминдер сөздігі" (1997, 1998) жарық көрді.
2.Әдебиет туралы жалпы түсініктердің бәрінің құйылар арнасы, ең басты және өзекті мәселесі-образ және образдылық. Кең ауқымда алып қарасақ, көркем образ-өмірлік шындықты игеру мен қайтадан қорытып, жаңадан жасап шығарудың өнерге ғана тән ерекше тәсілін сипаттайтын эстетикалық категория. Сонымен бірге көркем шығармада жасалған алуан құбылыстарды да, көбінесе кейіпкерлер мен әдеби қаһарманды образ деп атаймыз. Негізінде образдың ерекшелігін екі мәселеге, яғни нақты шындық пен ойлау үрдісіне қатысты қарастыру дәстүрі қалыптасқан. Соған сәйкес, образдың обьективті-танымдық сипаттары 2 түрлі жағдайға байланысты анықталады. Образ көркемдік шындыққа тән болғанымен, өмірлік негізінде жасалатындықтан, ақиқат өмірдегі кеңістік, уақыт, қоғам, заттар мен құбылыстардан алшақ кете алмайды. Сондай-ақ, образ ақиқат болмыспен біте қайнасып кетуге де тиіс емес. Оның сыры-образдың өмір сүру ортасына қатысты. Нақтылай түсер болсақ, образ ақиқат өмірден бастау алғанымен, көптеген шарттылықтар арқылы одан ажырап, көркем туындыдағы қиялдан туған әлемге көшеді. Образ-шығармашылық ой жемісі. Сондықтан ойлау үрдісіне тән сипаттарға образ да ин болады. Яғни образ тек қана ақиқатты суреттеп берумен шектелмейді. Өмір шындығын жинақтай отырып, жекелегкн оқиғаларды, құбылыстарды бейнелей отырып, адам баласын толғандырып келе жатқан мәңгілік сауалдардың мәніне де үңіледі. Образ-нақты ұғым. Қандай құбылысқа негізделсе де, образ ол құбылысты дерексіз, тиянақсыз әлденелерге бөлшектемей керісіеше, оның тұтастығын, өзіндік бітімін сақтап қалады. Әдебиетте адам бейнесін жасаудың амалы алуан түрлі. Ол сөздегі суретпен ғана бітпейді, көркем бейне жасауға қажет өмірлік материалды жинақтаудан әдеби тұлғаны даралауға дейін барады. Жинақтау дегеннің өзі-әдеби тип жасау әрекеті. Типтендіру деген суреткердің іс жүзінде өмір шындығын өз дүние танымы тұрғысынан белгілі бір уақытпен кеңістікке, әлеуметтік орта мен дәуірге сай талғап-тануы, таңдап іріктеуі және жинақтауы, сол арқылы өзі жасап отырған көркем бейнені сомдауы, тұлғаландыруы, даралуы болып табылады дейді академик З.Қабдолов. Типтендіру - мөлшерлі сфераға енетін, өлшеулі формаға көнетін әрекет емес, ақиқат өмірдегі кісілерден әдеби шығармадағы жанды бейнелер туғызудың аса қиын, күрделі және әрқашан тың, тынымсыз харакеті. Суреткер өзі жасаған көркем бейненің құны мен қасиетін қатаң қағидаға қарап белгілемейді, оның өмірдегі жанды дерегіне қарап бағалайды. Жазушыға тип жасау әрекетінің үстінде керкгі-типтілік туралы қисын емес, тірі мүсін-трототип. Кейде оқырман күнделікті өмірдегі адам мен әдеби қаһарманды бірдей ұғым ретінде қабылдайтыны бар. Бұл жағдай әсіресе, әдеби бейненің өмірдегі прототипі болғанда ерекше байқалады. Алайда, прототип пен әдеби қаһарман бір ұғым емес. М.Әуезовтің Абай жолы романындағы Құнанбайды тарихтан белгілі Құнанбайдың таза көшірмесі деп түсінуге болмайды. Өйткені, әдеби бейнеде қаламгер концепциясы жинақталады да, соған орай көркем бейне жасалады. Сонымен бірге авторлық позицияға байланысты кейіпкер халықтық қаһарманға айналуы да, қаламгердің көркемдік жүйесіне байланысты да болады. Шындық құбылыстарды типтендіре жинақтау арқылы суреткер болашақ образдың немесе типтің жалпы бітімін, тұлғасын қалыптастыруымен қатар оның ішкі ерекшелігін ашып, мінезін даралайды. Әрбір әдеби тұлғаны өз ортасынан адам ретінде бөлек, оқшау танытып тұратын, оның тек өзіне ғана тән, өзгелерде жоқ және қайталанбайтын психикалық ерекшеліктері болуы шарт. Суреткердің өмір шындығын жинақтау әрекеті әрқашан оның адам мінезін даралау әрекетімен ұласады. Мінез - адамның ішкі болмысы, белгілі қоғамдық жағдай қалыптастырған қоғамдық құлқы, барлық психологиялық ерекшеліктерінің жиынтығы. Осы мінездің өзін жазушы әр түрлі тәсілмен жасайды. Мысалы: бірі-тура мінездеу, тағы бірі-жанама мінездеу. Мінездеу, жанама мінездеу, адамға тән сүйініш, кұйініш, сезімдерді суреттеу, адамның өз сөзін (монолог), немесе өзгемен сөйлесуін (диалог) келтіру-осылардың бәрі жеке-жеке тұрған, бір-біріне жеке, дара мақсатты нәрселер емес, керісінше бірін-бірі толықтырп, бірінен-бірі туып жалғасып жатқан дүниелер. Мұндай бірліксіз бұлар адам мінезін де, тұлғасын да жасай алмаған болар еді. Сонымен бірге адамның ішкі бітімімен қатар сырт келбеті (портреті) де адам образын ашуға қызмет етеді. Портрет адамның бүкіл анатомиясын түгел қамтып, жіпке тізе беру шарт емес. Әр портретте әр адамның ең бір ерекше сипаты нақты, қысқа суреттеледі. Әдеби шығарма не туралы жазылса да бәрібір, сайып келгенде, бәрі де адам, тек адам туралы ғана сыр шертеді. Көркем шығармаларда суреттелетін табиғат көріністерін, яки пейзажды да әншейін бір уақыт пен кеңістіктің дерегі ретінде даралап қарамай, адам образын толықтыра түсетін тәсілдің, бірі деуімізге болады. Образдың жасалу тәсілдеріне лайық образдың түрлері туады.
3.Образдың түрлерін белгілеудің бірнеше (әдістік, тектік, тәсілдік) фактолары бар. Көркемдік әдіс тұрғысынан келгенде, образ екі түрлі :романтикалық образ, реалистік образ. Әдеби тек тарапынан келгенде, образ үш түрлі: эпикалық образ. лирикалық образ, драмалық образ. Ал, жалпы жасалу тәсілдеріне келетін болсақ, образ юморлық, сатиралық, фантастикалық, трагедиялық, комедиялық, қаһармандық, т.б. бейнелер деп бірнеше тұрғыдан жіктеуге болады. Осылардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері бар, оны білу әдебиетшіге ауадай қажет. Әдебиеттегі көркемдік әдіс, негізінен екі түрлі:(романтизм, реализм). Біз қазір образдың көркемдік әдіс тұрғысынан өзіндік ерекшеліктеріне ғана тоқталамыз. Романтикалық образ - әдебиеттегі адам бейнесінің байырғы түрлерінің бірі. Бұл образдың алғашқы үлгілері баяғы көне дүние әдебиетінде, әсіресе мифте, немесе қай халықтың болса да ауыз әдебиетінде жатыр. Бұл образ өмірдегі болған немесе бар деректен гөрі өмірде әзірше жоқ, бірақ болатын дерекке негізделеді. Романтикалық образ - қай жанрдың туындыларында болас да молынан кездесетін, образдың дәстүрлі, қалыптасқан түрі. Реалистік образ - әдебиеттегі адам бейнесінің ең сымбатты, шынайы түрі. Реалис - сөзінің латын тіліндегі мағынасы заттық деген ұғымды білдіреді. Сонымен қатар, шындық, шыншыл, шынайы, ақиқат деген сияқты ұғымдарды да білдіреді. Демек, өнер түрлеріне қатысты қалыптасқан реалистік образ ұғымы өмірлік шындыққа негізделген, эстетикалық-тәрбиелік мәні зор, қоғамдық сипаты айқын, өз бойына жалпылық және жалқылық белгілерді қатар дарытқан, сонымен бірге қоғамдық, көркемдік дамуға байланысты ұдайы өзгеру, жетілу үстінде көрінетін шыншыл бейне деген түсінікті білдіреді. Реалистік образ - нанымды образ:оның мінез-құлқа, іс-әрекеті, оны қоршаған орта, оның басынан өтетін оқиға, бәрі өлшеулі. Өйткені суреткер шыншыл образ жасау үстінде өзін шындық шеңберінен шығармайды. Реалистік образ - типтік образ. Өнердегі шыншыл образ өмірдегі бір адамның ғана көтерілген жоқ, бірнеше адамнан жинақталып шыққан. Әдеби тек тұрғысынан образдар эпикалық, лирикалық, драмалық болып 3 топқа бөлінеді. Аталған образ түрлерінің қай-қайсы да адам болмысын жан-жақты танып, ашып көрсетуді мақсат етеді. Сол себепті, образ бойында бүкіл адам баласына ортақ тылсым құбылыстардан бастап, өмірдің кейбір сәттері мен жеке адамға ғана тән сезімдік шарпысуларға дейін қамтыла береді. Әдеби тектердің әрқайсына тән ерекшеліктерге сәйкес, образ тұлғалауда қаламгерде сол тектерге тән тәсілдерді пайдаланады. Эпикалық образ - жазушының авторлық баяндаулары мен әдеби қаһарманның өзінің сөздері, яғни кейіпкер сөзі арқылы жасалатын орбаз. Портрет пен мінездеу, диалог пен монолог, түрліше сезімдер мен харакеттерді суреттеу секілді көркем бейне жасаудың көп-көп амал-тәсілдер, әсіресе эпикалық образ үшін керек. Оқырман эпикалық образдың тек түсін танып қана қоймайды, оның ішінде біледі. Бұл ретте эпикалық жанр оның мінез-құлқын асықпай ашып танытуға, ойын, сезімін, сөз мәнері мен сөйлеу машығына дейін оқырманға жайып салады. Лирикалық образ - сыршыл өлең-жырлардағы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz