Меркантелизм кезеңдерінің ерекшеліктері


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік Университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Меркантелизм кезеңдерінің ерекшеліктері.
Орындаған: Нұрпаисов Ернұр
Тексерген: Қуантқан Биболат
Топ: АГ-413
Семей 2015
ЖОСПАР:
1. Меркантелизм түснігі
2. Экономикалық ой-пікірлердің қалыптасуы.
3. Меркантелизм кезеңдерінің ерекшеліктері.
4. Меркантелизм кезеңдерінің өкілдері
5. Қорытынды
Меркантилистер (итальянша-саудагерлер) XVI-XVII ғ. ғ. аралығында еуропалық көпшілігі меркантелизм деп аталатын экономикалық теория ықпалында болды. Меркантелистердің ойларынша әрбір ұлт саудагерлер секілді таза табыс алу үшін бір-бірлерімен бәсекелістікке түсулері керек болатын. Олардың пікірлерінше үкімет жалақы және т. б. ресурстарға шығындалуды азайтып, экспортты ( басқа елдерге сатылатын тауарларды ) көтермелерді қажетті заңдармен қолдауы тиіс еді. Солай еткенде “қолайлы сауда теңгеріміне” жетуге болатын. “Қолайлы сауда теңгеріміне” жету үшін көптеген еуропалық елдер отарлау әрекеттеріне ұмтылған. Олардың ойларынша отарлау ( колонизация ) жаулап алушы елді арзан жұмысшы күшімен, шикізатпен қамтамасыз етіп, өндіріс тауарларын сататын рынок жасалынады деп түсінген. “Қолайлы сауда теңгерімі” импорттан экспорттың басым түсу жағдайын жасайды. Бұндай басымшылық сатушының таза пайдасына ұқсап, алтын мен күмістің ұлттық қорының өсіуіне жеткізеді. Сол уақыттың көптеген адамдары ондай қор ұлттың хал-ахуал жағдайын оңайлатудың ең оңайлы шаралары деп санаған. Мәселен, осы мақсаттарды орындау үшін Англия өзінің америкадағы отарларына байланысты навигация туралы Заң қабылданған. Ол заң британия өнеркәсібін қорғап, отарланған жерлерінде қалпақ, жүн бұйымдары, қақталған темір және тағы басқа тауарлардың өндірілуіне тыйым салған. Ол Заңда, сонымен қатар, Англиядан басқа бірде-бір елге сатылмайтын “ерекше тауарлар” тізімі де ( негізінен шикізат ) болған. Ол заңдарға деген наразалықтың зор болғандығы соншалық, оны тәуелсіздік жолындағы Соғыстың басты себетері деп атаған. Мемлекет қолайлы сауда теңгерімі үшін күресіп, федеральды үкімет импортқа барынша тосқауыл қойып, экспортқа жол ашып отыруы керек дейтін адамдар қазір де бар. Сондықтан да оларды неомеркантилистер немесе “ жаңа” меркантилистер деп жиі атайды. Сонымен, меркантелистер экономикада нарық теориясын насихаттаған болса, ал саясат саласында осы нарықтың дамуына негізгі кедергі болатын, абсолютті монархия билігін қолдаған. Меркантелистерге олардың ой-санасы мен экономикалық көзқарастарына байланысты бірнеше қорытынды жасауға болады. біріншіден, Батыс Еуропада XVI-XVIII сауда-қаржы капиталистерінің тиімді экономикалық-саяси одағы қалыптасты.
Меркантелизм кезеңдерінің өкілдері. Бұл кезеңнің өкілдері:» Байлықтың көзі-саудада» деп есептейді(алып-сатарлық) Меркантелизм ілімінің белгілі тұлғасы ретінде Томс Мэнді жатқызуға болады. Оның «Сыртқы саудадағы Англияның байлығы немесе біздің сыртқы сауда балансы байлығымыздың негізі»деп аталатын еңбегі Англияда 1664 жылы жарық көрген. Ал Францияда 1615 жылы меркантелист Антуан Монкретбеннің «Саяси экономия трактаты» деп аталатын еңбегі басылып шықты. Осы кезден бастап 400 жыл бойы экономикалық теория енді «Саяси экономия» деп аталып кеткен.
Экономикалық ой-пікірлердің ғылыми тұжырымдалып қалыптасуы сауда, өнеркәсіп капиталының дами бастауына байланысты болды. Бұл кезең негізінен Еуропада XVI- XVII ғасырларды камтиды. Ал Ресейде тауар-ақша қаты-настары 1861 жылғы реформадан сон дамыды. Қазақстани елінде XIX ғасырдың соңы, XX ғасырдың басында сауда капиталы, тауар-ақша айналымы, халықаралық рынок, еңбек бөлінісіне қамту процесі бірте-бірте жанданған. Еліміздің Солтүстік, Батыс аймақтары Ресеймен тауар айналысына басым қатынаста болса, Оңтүстік Шығыс, Орталық аудандарға Орта Азия, Қытай т. б. елдердің саудагерлері жиі келе бастады. Тарихтагы белгілі «Жібек жолы» осының айғағы.
Мысал келтіре кетер болсақ, Ф. Кенэнін «Экономикалық кестесі» қоғамдық өндірістің ұдайы даму процесін зерттеуге арналған, өз заманындағы даналықпен болжалған ғылыми тұжырымдамалар қатарына жатады. Физиократтардың өндіріске кәңіл аударуы экономикалық ой-пікірдегі күрделі жаңалық, алга басу. Бірақ олардың өндірісті тек қана ауыл шаруашылығымен шектеуі халық шаруашылыгының басқа салаларын өнімсіз деп есептеуі дұрыс болмады . Оны буржауазиялық саяси экономиканың көрнекті өкілдері У. Петти, А. Смит, Д. Рикардо, С. Сисмонди еңбектері айқын көрсетті. Қоғам байлыгы жалпы өндіріс салаларында пайда болатындығы дәлелденді. Ауыл шаруашылыгымен қатар өнеркәсіптің материалдық игіліктерді өндіру, өңдеу процестерін жалғастыратын байлакыс, халыққа қызмет көрсету салаларында да жаңа құн өндіріліп, қоғамдық байлық молаяды деген кағида берік қалыптасты.
Маркстік экономикалық теория XIX ғасырдың екінші жартысында қалыптасып, XX ғасырдың алғашқы ширегінде В. И. Лениннің еңбектерінде дамыды. Маркстік саяси экономия - еңбекшілердің, жұмысшы табынмң мүддесін қорғайтын теория. Сондықтан да оған қарама-карсы буржуазиялық тұрпайы (вульгарлық) саяси экономия пайда болды. Марксшілер капиталистік қоғамды дәріптеуші барлық экономикалық теорияларға сьш козбен қарады. Оның себебі капиталистік экономикалық қатынастарда негізінен екі тап: біріншісі, үстемдік жасайтын буржуазия болса, екіншісі, пролетариат - қаналушы тап емір сүреді. Олардың арасында антогонистік бітіспес қайшылық бар. Маркстік теория бойынша, пролетариат барлық еңбекші қауымды капиталистік қанаудан азат етіп, қоғамдасқан социалистік өндіріс орнатуы қажет. Тарихта 70 жылдан астам кеңес елінде, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Еуропа, Азияның бірсыпыра мемлекеттерінде, Кубада социалистік революция басталып, социализмнің көбінесе кеңестік моделі (үлгісі) жүзеге асырылды. Сонымен бірге XX гасырдың екінші жартысынан бастап капиталистік дүниеде де елеулі өзгерістер болды. Бір топ дамыған елдер (АҚШ, Жапония, ФРГ, Англия, Канада, Италия), соңғы жылдары Оңтүстік Корея, Сингапур, Гон-конг сияқты елдер қазіргі замангы ғылыми-техникалық революцияға бейімделіп, әлемдік озық тәжірибені дұрыс пайдалану нәтижесінде қоғамдық өндірістің тиімділігін айтарлықтай арттырып келеді. Бұл елдерде еңбек жағдайын жақсарту, жұмысшылардың тұрмыс дәрежесін көтеру, олардың кәсіпорындарды басқаруға, демократияны дамытуға қатысуы сияқты жаңалықтар Ресейдегі Қазан теңкерісінің әсерінен деуге болады. Себебі социалистік қоғамның міндеті, оның ұсынған ұрандары капиталистік елдерге әсерін тигізбей қойған жоқ. Капиталистер дүниедегі өзгерістерді ескеріп, жұмысшыларға қолайлы жағдай туғызу жолдарын іздеді. Әриие, еңбекакының өсуі, тұрғын үй, әлеуметтік қорғау мәселелерін шешу алдымен жұмысшы табының еңбек өнімділігіне, өндірісте жаңа техника, технологияны енгізуге байланысты екеиі айқын. Қазіргі ілгері дамыган елдерде еңбек өнімділігі дәрежесі, еңбектің интенсивтілігі ете жоғары екені белгілі. Мәселен, ФРГ-де бұрынғы ГДР-мен салыстырғаңда еңбек өнімділігі дәрежесі 2 есе жоғары болды. Сол сияқты Оңтүстік Корея, Жапония, Сингапурда жұмысшылар 10-12 сағат қажырлы еңбек ететіні құпия емес. Капиталистік дамыған елдердің артта қалган, бұрын отарлық тәуелділікте болған халықтардың еңбегін арзан пайдаланудан түсірген пайдасын айтпасқа болмайды.
Алғаш рет өз алдына қалыптасқан ой-пікірдің белгілі бағыты - меркантелистер мектебі. Ол (мерканте - итальян сөзі сауда, пайда табу) қоғамдық байлықтың негізі ақша, алтын деп біледі. Меркантелистердің талабы тауарды шет елдерге мүмкіндігінше көп сату, олардан мейлінше аз сатып алу, сөйтіп ақша қорын молайту жолдарын іздеуі. Демек, меркантелистер сауда капиталының мүддесін қорғаған. Меркантелистер рынок экономикасы теориясы мен практикасыиың негізін қалаушылар қатарына жатады. Олар ақша неғұрлым кеп болса, қоғамнын байлығы да мол болады деген ұғымды басшылыққа алды. Әрине, сауда капиталы тұрғысынан бұл ұғым дұрыс та шығар. Себебі саудагерлер, көпестер ақшасы көбейген сайын, мал-мүлкі көп байлардын қатарына қосылып, қоғамға қажет тауарларды тасымалдау, сату ісі жанданады. Сауда капиталының қызметі айырбас, айналыс процесін үздіксіз жүргізу арқылы экономиканы ілгері бастыруға көмектеседі.
Қазіргі экономикалық ғылым ерекше дағдарысқа ұшырап отыр. Бұл дағдарыстың себептері көп, оның негізін экономика, саясат, идеология т. б. қоғамдық емір саласында байқаймыз. Қазіргі таңдағы көкейтесті проблемалар еңбекші қауымның еңбек және тұрмыс жағдайыя жақсартуға, адамдардың күнделікті қажеттерін өтеуге керек тауар қорларын молайтуга, әсіресе азық-түлік мәселесін шешуге келіп тіреледі. Экономикалық ғылым адамдар қажетін өтеу жолдарының зацдылықтарын зерттейді. Осы ғылымнын объективті заңдары еңбекшілердің, бүкіл халықтың мүдделеріне қызмет ететіні белгілі. Экономикалық ілім қоғамдық өндірісті, адамдар арасында әлеуметтік-экономикалық қатынастарды зерттейтіндіктен ол қоғамдағы барлық өмірге, күнделікті тұрмысқа, адамдардын еңбек ету жағдайына байланысты сан алуан мәселелерге көңіл аударуға тиіс. Ал қоғамдык қатынастардың негізі - өндірістік қатынастар. Оның құрамына жалпы алганда тікелей өндіріс, айырбас, бөлу, тұтыну қатынастары кіреді, оларды қайталап үздіксіз өндіру немесе ұдайы өндіріс қатынастарын дамытып, жетілдіру аса маңызды. Қазіргі кезеңде ерекше шешімін кутіп отырған мәселе 70 жылдан аса тарихи орын алған кеңестік экономикага саяси экономикалық талдау жасау, сол аркылы бұрынғы және қазіргі рыноктық бағыт ұстап отырған елдердегі әлеуметтік-экономикалық қатынастарды зерттеу.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz