Мағжан Жұмабаев – этнопедагогиканың дамуына үлес қосқан қазақтың аса көрнекті ақыны, педагог


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік Университеті

СӨЖ №2

Тақырыбы:

Мағжан Жұмабаев - этнопедагогиканың дамуына үлес қосқан қазақтың аса көрнекті ақыны, педагог.

Орындаған: Жарылқасын А. Б

Т-441 топ

Тексерген: Оралбекова Б. С

Семей 2015 жыл

Жоспар:

  1. Мағжан Жұмабаевтың поэзия әлеміндегі қайталанбас жарық жұлдыз, қайталанбас құбылыс болуына кімдердің септігі.
  2. Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін » өлеңінің тәрбиелік мәнін талдау.
  3. Мағжан поэзиясы - қазақ ұлтының мұрасы.

1. Мағжан Жұмабаевтың поэзия әлеміндегі қайталанбас жарық жұлдыз, қайталанбас құбылыс болуына кімдердің септігі болды.

Мағжан Жұмабаев қазақтың аса дарынды ақиық ақыны. Оның қуатты бойға жігер, жүрекке от беретін рухты үні, ізденістері мен жаңашылдығы қазақ әдебиетін 20- шы ғасырдың басында-ақ Еуропа, орыс әдебиетінің биік деңгейіне көтерді. Өлеңді музыкаға айналдырған, дыбыстан сурет тұрғызған Мағжанның осындай қасиеттерін, ішкі шығармашылық құдіретін бірден байқаймыз. Тасқыны қатты, тегеуіріні берік ұлттық сезім селі ширатыла ширығып барып, екпінін баспаған күйі түркішілдік арнасына құйылды. Халық өлеңдерінің мазмұнымен бірге оның ырғақ үйлесімін, ішкі рухын, әуезділік әсемдігін жанымен қабылдаған ақын кейде ән күй ғана түсіндіріп алатын сезімдерді сөзбен жеткізеді. Мағжанның ақындық ерекшелігі де, бәлкім осы болар.
Қалай дегенде де, Мағжан өзіне дейінгіге де, кейінгіге де ұқсамайтын, өзіндік қолтаңбасы бар ақын. Ол өмірдегі біртұтас құбылыс, көрініс ретінде, ал адамды сол ұлы табиғаттың, жаратылыстың бір туындысы, бөлшегі ретінде қабылдайды. Құбылыстың мәнін кең көлемде, жалпыға бірдей қалыпта тани білу үшін ол, алдымен, не нәрсенің болса да мән мазмұнын бағдарлап, ішкі астарына үңілді. Мағжанды қай тұстан алсақ та, ол нағыз-сыршыл, толғағыш, суретші, сөз ұстасы!

Міне, Мағжан Жұмабаев поэзия әлеміндегі қайталанбас жарық жұлдыз, қайталанбас құбылыс. Осындай Мағжанның Мағжан болуына ең бірінші атасы - Жұмабай қажы әсер еткен. Жастайынан Мағжанды қасына ертіп жүріп, тәрбиені сіңіре жүрген. Мағжанның әдебиетке деген құмарлығын оята білген.

Әкесі Бекен саудамен айналысқан дәулетті адам болғанымен Мағжанның тәрбиесәне қатты көңіл бөлген. Әкесі Мағжанды Кызылжардағы белгілі татар зиялысы, мұсылман халықтарының азаттығы жолында күрескен М. Бегишевтің ұйымдастыруымен ашылған медресеге оқуға береді. Медреседе Бегишевтен Шығыс халықтарының тарихынан дәріс алды, қазақ, татар әдебиеттерін, Фирдоуси, Сағди, Хафиз, Омар Һайям, Низами, Науаи секілді шығыс ақындарының дастандарын оқып үйренді. Мұсылмандық орташа дәрәжелі білім беретін бұл медресе бес жылдай оқып бітірген соң 1910-1913 ж. Уфа қаласындағы «Ғалия» медресесінде оқиды. Онда татар жазушысы Ғ. Ибрагимовтен дәріс алып, белгілі қайраткер С. Жантөринмен тығыз қарым-қатынас орнатады, болашақ көрнекті жазушы Б. Майлинмен танысады. Осында жүріп «Садақ» журналын шығарысады, оған өзінің өлеңдерін жариялайды. Баспадан 1909 жылы шыққан Абай өлеңдерін оқып, “Атақты ақын, сөзі алтын хакім Абайға” деген өлең жазды.

Ибрагимовтің көмегімен 1912 жылы Қазан қаласындағы Кәрімовтер баспасында “Шолпан” атты тұңғыш өлеңдер жинағы басылып шығады. “Садақ” журналын шығаруға қатысады, оған өзінің өлеңдерін жариялайды. 1913 - 1916 жылдары Омбы мұғалімдер семинариясында оқыды. “Бірлік” ұйымы жұмысына белсене араласып, “Балапан” қолжазба журналын шығаруға қатысады. Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы, М. Дулатұлы секілді алаш қайраткерлерімен байланыс орнатып, Қазақ газетіне өз өлеңдерін жариялайды.

Осы адамдырдың әрқайсысы Мағжан Жұмабаевтың қазақ даласының ақиық ақыны болуына өзіндік бір үлестерін қосты.

2. Мағжан Жұмабаетың «Мен жастарға сенемін » өлеңінің тәрбиелік мәнін талдау.

Ақын өзін немесе өзінің лирикалық кейіпкерін ғана емес, айналасындағы жастарды да «арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты» қалыпта көргісі келеді. Халқының болашағы үшін күресетін негізгі күш-жастар. Олай болса, өмір бойы «алаш» ұранын көтеріп кеткен Мағжан үшін жастардың тәрбиесінің, қайраттылығының орны бөлек. Өз өлеңінде ол жастарға үлкен үмітпен қарайды. Жастардың бойынан қыранның қанатындай күштілікті, таза жүрек пен ер мінезді, туған жерге деген шексіз махаббатты көреді. Соған мақтанады. Шабыттана жырлайды. «Мен жастарға сенемін» деп асқақтай сөйлейді.
Бірақ біз жастар осы ақын ойын ақтап жүрміз ба?- деген сұрақ көкейде тұрады. Өлеңдегі қайраттылық, рух-жігер, табандылық, әділеттілік, бәрі-бәрі тәрбиеден бастау алады. Тәрбиелілікті көрсетеді. Әрине, ондай тәрбиені біз басты ата-анадан, ортамыздан және осы өлеңнен аламыз.
Көздерінде от ойнар,
Сөздерінде жалын бар,
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенмін!-
деп жастарды намыстылыққа, қыздарымызды атақ-абыройларына дақ түсірмеуге шақырады. Жастарды ақиқаттың ауылынан алшақтатпай, ар намысын бірінші орынға қоюға үндейді. Намыс-адам тұлғасының күзетшісі. Мағжан да әділетсіздікке қарсы шығып, ар-намысын алға қойып өмірден озбады ма . . . Сондықтан осындай Мағжан салып кеткен өлең жолына жастарды бағыттау үшін тәрбие керек. Сонда ғана сенім ақталып, білім парасатына сай, жастарымызға елдің ары мен намысын таптатпауға, болашақтың тізгінің жастарга сеніп
Алаш атын аспанға
Шығарар олар бір таңда
Мен жастарға сенемін-
деп Мағжанның өлеңін өмірлік ұран қылып, бойымызға сіңірер едік. .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мағжан Жұмабаев - қазақтың ұлы ақыны
Қазақстанда педагогика және әлеуметтік педагогика тарихына үлес қосқан тұлғалар
Этнопедагогика пәні бойынша дәрістер
Мағжан Жұмабаевтың Педагогика оқулығының қазақ педагогикасындағы орнын анықтау
Мағжан Жұмабаевтың педагогтық қызметі
Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогика материалдарын пайдалану (Ана тілін оқыту үдерісі негізінде)
М.Жұмабаев қазақ педагогикасының негізін қалаушы
Мағжан Жұмабаев қазақ педагогикасының негізін қалаушы
Мағжан Жұмабаевтың педагогикалық қызметі
Мағжан алдымен сыршыл ақын
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz