Гигена туралы жалпы мағлұмат


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының Шәкәрім атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСТЕТІ

Инженерлік-технологиялық факультеті

“Тамақ өндірісі және жеңілөнеркәсіп бұйымдарының тенологиясы” кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Гигена туралы жалпы мағлұмат

Тексерген: Нұрымханова Г. Н

Орындаған: Балғабеков А.

Топ: ТК-321

Семей 2015 жыл

Жоспар

I. Кіріспе

1. 1 Гигиена туралы жалпы түсінік

II. Негізгі бөлім

2. 1 Гигиенаның бөліну түрлері

2. 2Киім гигиенасы

III. Қортынды

IV. Пайдаланған әдебиеттер

  1. Кіріспе

1. 1 Гигиена туралы жалпы түсінік

Гигиена - (грек. hygіeіnos - дені сау) денсаулықты сақтау, аурулардан алдын ала сақтану туралы ғылым; медицинаның бір саласы. Гигиена сөзі грекше hygіeіnos, яғни ол дені сау деген ұғымды білдіреді. Қоршаған ортаның адам организміне (денсаулығына, оның еңбек ету қабілеті мен өмірінің ұзақтығына) тигізетін әсерін зерттейді; елді мекендерді таза ұстау, мұндағы адамдардың тұрмысы мен қызмет жағдайын жақсарту жөнінде түрлі нормативтер мен ғылыми талаптар, санитарлық шаралар жүйесін жасайды. [1] Біздің заманымыздан бұрынғы 1500 ж. Мысырда, Хорезмде тазалық сақтау шаралары қолданылған. Адам денсаулығын жақсартып, нығайтатын - таза ауа мен су екенін сол кездің өзінде ежелгі грек дәрігері Гиппократ атап көрсеткен. Гиппократтың сол көзқарасын ортағасырлық ғұлама ғалым Әбу Әли ибн Сина жалғастырды. Оның әлемге әйгілі «Дәрігерлік ғылымның каноны» деген энциклопедиялық еңбегінде денсаулықты күні бұрын сақтап, дұрыс тамақтана білудің теориялық негіздері баяндалған. Сол кезде Үргеніш, Самарқан, Отырар, Тараз, т. б. қалаларда мал сою, сүт сату, балық сақтау, ауыз суды тазарту істеріне жергілікті билік органдары тарапынан бақылау жасалып отырған. Қазақ халқы ежелден денінің саулығын, тазалығын сақтап, дұрыс тамақтануға қатты көңіл бөлген. Қазақ жерінде тазалық сақтау туралы мағлұматтар да ертеден белгілі. Атап айтқанда 15 ғасырда жазылғанӨтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты энциклопедиялық-анықтамалық қолжазбасында халық медицинасы, адамның он екі мүшесін күту (мысалы, тері, көз, т. б. ), тазалық сақтау туралы мол мәліметтер келтірілген. Осындай мәліметтер, сондай-ақ Халел Досмұхамедұлының «Оқушылардың саулығын сақтау» (1925), «Адамның тән тіршілігі» (1927) атты еңбектерінде айтылған. [2] Гигиена ғылымы эксперименталдық және клиникалық медицина, оның ішінде кәсіби аурулар мен жұқпалы ауруларды зерттейтін ғылыми бағыттарды, биология, химия, физика, климатология, т. б. ғылым салаларының жаңалықтары мен жетістіктерін пайдаланады. Гигиена саласындағы зерттеулерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау агенттігі, Профилактикалық медицина академиясы үйлестіріп отырады.

II. Негізгі бөлім

2. 1 Гигиенаның бөліну түрлері

Тұрмыс гигиенасының негізі - пәтерді күтіп, таза ұстау. Бөлмеге жиһазды толтырып жинай беруге болмайды. Себебі ол шаңның көп жиналуына жол беріп, үйді таза ұстауды қиындатады. Тазалық сақтау үшін күн сайын шаңды сүртіп, еденді дымқыл щеткамен сыпыру, аптасына кемінде 1 рет жуып отыру керек. Терезені кірлетпей уақтылы сүрткен абзал. Жұмсақ жиһаз бен кілемдерді шаңсорғыш пен тазалаған жөн. Бөлменің ауасы таза болуы үшін терезе желдеткішін күніне 3 мәрте: таңертең дене шынықтырған кезде, бөлмені жинастырғанда және ұйықтар алдында (пешпен жылытылатын үйлердерде пеш жағылатын уақытқа туралаған жөн) 30 минуттай ашып, желдетіп алу қажет. Жазда терезелерді ашып қойған дұрыс. Егер отбасыда балалар, жасы ұлғайған немесе аурушаң адамдар болса, оларға жел қарысып қалмас үшін бөлмені сақтықпен желдеткен жөн. Бөлменің ауасын тазарту үшін механикалық желдеткіштер де пайдаланылады. Ас үйде, ваннада, дәретханада желдетуге арналған ауа тартқыштар болады. Пәтерді жинастырған кезде торды жиналған шаңнан тазалаған жөн. Қабырға арқылы да аздап ауа алмасады, сондықтан тұрғын үй қабырғасын майлы бояумен сырлауға болмайды. Мүмкіндігінше, бөлме температурасы жылдың жылы мезгілінде 22˚С-тан 25˚С-қа дейін, қыста 20˚С-тан 22˚С-қа дейін (алайда 18˚С-тан төмен емес) бірқалыпты болғаны абзал. Есіктер мен терезе рамаларындағы саңылауларды тығындап бөлмені жылы ұстауға болады. Температураны жоғарылату үшін электр каминдерді т. б. жылыту аспаптарын пайдалану керек. Пеш жаққан кезде иіс тиіп қалуынан сақталған жөн. Пешке от жағуды кешкі 20 сағаттан кейін тоқтатқан дұрыс. Отын толық жанып болғаннан кейін ғана пештің жаппасын жабады.

Бөлмені салқындату үшін терезеге орнатылған кондиционерлерді пайдалануға болады. Кондиционер тұрақты температураны сақтай отырып, ауаны бір мезгілде шаң мен ылғалдан тазартады. Үйді күтіп ұстамаған жағдайларда (іргесі сыз тартқанда, төлені су басқанда, үйдің төбесінде, жабындысында ақау болғандағыдан басқа) : пешті жүйелі түрде жақпағанда, бөлме үнемі желдетілмегенде, үй ішіне кір жуып, кептіргенде бөлмеде сыз пайда болып, ауа ылғал тартады. Сыз адамды науқасқашалдықтырады, үй қабырғасы мен жиһаздарының бүлінуіне әкеп соқтырады. Сондықтан кірді ваннада жуып, балконда немесе аулада (оған арнайы бөлінген жерлерде) кептірген жөн. Адам көбірек бас қосатын бөлмелердің таза болуына ерекше мән берген дұрыс. Әсіресе, ас үйді таза ұстау қажет. Бөлмелерде шыбын, тарақан, кеміргіштер пайда болмау үшін тамақты ашық, ыдыс-аяқты жуылмаған күйінде қалдырмай, тағам қалдықтарын жабылатын шелекке салып, уақытында шығарып отырған жөн. Ваннаны пайдаланған сайын жуып, су ағатын тесікті, унитаздарды күн сайын арнайы щеткамен тазалау керек. Ванналарды, унитаздарды, қоқысқа арналған шелекті жуу және дезинфекциялау үшін сауда орындарында «Санита», «Сосенка», «Дезипон» т. б. арнайы препараттар сатылады.

Организмге түрлі қуаты бар қоректік заттар, тұздар, су кіреді де, заттардың ыдырауынан пайда болған денеге қажетсіз улы заттар денеден шығарылады. Олар өкпе, ішек, бүйрек, қан тамырлары, тері арқылы шығарылып, дене тазартылып, организмнің ішкі ортасының қалыпты тұрақтығы сақталады. Сыртқа шығару мүшелерiнiң iшiнде бүйрек ерекше орын алады. Адамның бүйрегi жұп мүше. Бүйректің қызметі қан плазмасын зиянды, қажетсіз заттардан тазартудан басталады және электролиттік қышқыл-сілтілік тепе-теңдікті үйлестіріп, реттеп отырады. Сондай-ақ, артерия қысымын және қанның мөлшерін реттеуге қатысып, эритроциттердің түзілуіне әсер етеді.

Адам тepici 3 қабаттан тұрады: эпидермис, дерма және шел қабаты. Ең қалың сыртқы қабатының қалыңдығы 1-2, 5 мм. Дерма қабатының клеткалары тығыз дәнекер ұлпадан тұрады. Онда қан тамырларының капиллярлары және нерв ұштары бар. Шел қабатында тері бездері, май бездері болады.

2. 2Киім гигиенасы

Гигиеналық тұрғыдан қарағаңда киiм адамды сыртқы әсерлерден қорғап, денеге қажетті жағымды жағдайларды қамтамасыз етiп қана қоймай, жеңiл, еңбекте, шаруада, қозғалыста қолайлы болу керек. Киiм тiгiлетiн маталардың жылу мен ауаны өткiзгiш, ылғал сіңiру мен өткiзу, серпiмдiлiк қасиеттерi маңызды. Аяқ киім табанды тоңазудан, судан, түрлі механикалық жағымсыз әсерден, кipдeн сақтайды. Оның пiшiнi, мөлшерi аяқтың табанына сәйкес болғаны жөн. Гигиеналық тұрғыдан қарағанда аяқ киiм жеңiл, ықшам болып, ауаны жақсы өткiзiп, аяқты дұрыс желдетуге және қажеттi жылулықты сақтауына қолайлы, қозғалысқа кедергi жасамайтындай болуы тиic. Аяқ киiмнiң, әcipece жылуды сақтау және су өткiзбеу қасиеттерi ауа райына сай болғаны жөн.

III. Қортынды

Жеке бас гигиенасы гигиеналық ғылымның ерекше бөлігі болып табылады, себебі, ол, қоғамдық гигиенадағы сияқты орындауға міндетті түрде мәжбүр ететін мемлекеттік механизмдерсіз, адамның өз еркімен өзінің жеке өмірі мен әрекеттері үрдісіндегигиеналық нормалар мен ережелерді сақтау арқылы өзінің денсаулығын сақтауы мен нығайтуы жөніндегі, мәселелерді зерттейді.

«Өмірді ұзарту өнері - оны қысқарту емес» деген ертеде. Қазіргі кездегі адамның аурулары, ең алдымен, оның қалыптасқан өмір сүру сипаты мен мінез-құлқына байланысты. Өркениет адамға қолайлы жағдайлар тудырып қана қоймай, сонымен бірге, қоршаған ортаға түсетін техногенді жүктемелерінің ұлғайуына, адамға түсетін ақпараттық жүктемелерінің жоғарлауына, шектен артық психоэмоционалдық зорлануына, қозғалыс белсенділігінің азайуына, артық немесе жеткіліксіз тамақтануына, маскүнемдіктің, темекі шегудің, нашақорлықтың, соз аурулары, ЖИТС өсуіне және т. б жағымсыз құбылыстардың туындауына себеп болды. Бұл факторлардың көпшілігі, таралуы бойынша, халықтың еңбекке қабілеттілігінің нашарлауы мен өлім-жітімі жағынан алдыңғы орындардың бірін алатын, жүрек-қан тамырлары аурулар дамуының қауіп-қатер факторлары болып табылады.

Олардың басқа да кең таралған аурулардың: бауыр, ас қорыту мүшелері, ұйқы асты безі ауруларының, семіздік, сусамыр ауруы, қатерлі ісіктер, невроздар, т. б. дамуында рөлі аз емес. Ішімдікке салыну мен есірткі заттарды пайдалану, бұдан басқа, жеке тұлғаның деградациясына, суицидқа, өмір сүру ұзақтығының едәуір қысқаруына, денсаулығында ақаулары бар ұрпақтың дүниеге келуіне, АИВ (ВИЧ), соз аурулары, С гепатитін, т. б. ауруларды жұқтыру деңгейінің өсуіне әкеп соғады.

Мұндай жағдайда, жеке бас гигиенасының негізі болып табылатын салауатты өмір салты жеке бас адамның денсаулығын қалыптастыру үшін өмір сүрудің негізгі стилі болып табылады. Академик Н. М. Амосов : «Дені сау болу үшін, адам едәуір және үнемі өз күшін салу тиіс. Оларды ешнәрсемен алмастыруға болмайды» деген. Салауатты өмір салты бір-бірімен өзара байланысты бірнеше элементтерден құралады: тамақтану мәдениетінен, қозғалыс мәдениетінен және эмоция мәдениетінен. . Жеке бас гигиенасы салауатты өмір салтының барлық аспектілерін қамтитын кең ауқымды сұрақтарды қарастырады. Оның сферасына дене және ауыз қуысы гигиенасы, дене шынықтыру және шынығу, киім және аяқ киім гигиенасы, жыныстық гигиенасы, жеке тамақтанудың гигиенасы, зиянды әдеттердің алдын алу, психогигиена, еңбек және демалу гигиенасы, тұрғын үй гигиенасы кіреді. Жеке бас гигиенасы ұсынатын ережелер мен нормативтері, оларды адам ұғынып қолданған кезде, гипокинезиямен, артық тамақтанумен, семіздікпен, жүйке-психикалық және ақыл-ой жүктемелерінің шамадан тыс болуымен тиімді күресуге; сондай-ақ, аутоагрессивті әсерлердің және көптеген аурулардың дамуының алдын алуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, жеке бас гигиенасының ережелерін орындау жеке алғандағы адамның өзі үшін ғана емес, оның айналасындағы адамдар мен бүкіл қоғам үшін де маңызды болып табылады. Мысалы, жеке бас гигиена ережелерін орындамау, жұқпалы және паразиттік аурулардың, соның ішінде, соз ауруы мен ЖИТС-тің таралуына себеп болатын негізгі факторлардың бірі болып табылады. Темекі шегу темекі шеккен адамның ғана емес, көбінесе оның жанында болған, бірақ темекі шекпейтін адамдардың өкпесінде қатерлі ісіктердің даму қаупін тудырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шошқа гигиенасы және шаруашылығы маңызы
Ірі қара малының гигиенасы жайлы мәлімет
Ауыл шаруашылығы құстарының гигенасы
Құстарды ұстау жүйелері мен тәсілдері
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ ЖАҒДАЙЫНДА ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ПӘНІНДЕ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Мухаммадия медресесінің ішкі жүйесі
Еңбек қорғау туралы
Ірі қара малының гигиенасы
Еңбекті қорғаудың түсінігі
Е витаминінің қошқарлардың өніміне тигізетін әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz