Ұйымдасқан қылмыстық топтардың психологиялық ерекшеліктері


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім Министірлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Ұйымдасқан қылмыстық топтардың психологиялық ерекшеліктері

Тексерген: Абдуллина Г. К.

Орындаған: Сериккажиева М. Е

Топ:ПХ-215

Семей 2015

Ұйымдасқан қылмыс - өзін-өзі жоғарғы деңгейде реттей білетін және иерархиялық құрылымынан құралған, үш буыннан тұратын, қылмыскерлердің арасында басқару, азғыру, бағыну сияқты әрекеттердің жоғары деңгейлілігімен сипатталатын негізгі қылмыстық топтар.

Қылмыстық ұйымдар әдетте, пирамидалық құрылыммен бейнеленеді, оның жоғарғы жағында ең негізгі лидер, ал жан-жағында шағын топ тұлғалары орналасқан.

Ұйымдасқан қылмыстық топ қылмыстық қызығушылықтары мен ұстанымдарының ортақтылығымен, тұрақты топішілік байланыстылығымен

және рольдік дифференциациялығымен ерекшеленеді. Бұл арнайы әлеуметтік- психологиялық механизм қылмыстық іс-әрекеттерді жоғарылатады. Сонымен қатар, қылмыстық топтардың қоғамдық қауіптілігі өседі. Ұйымдасқан қылмыстық топтардың мүшелеріне тұлғаның топпен жоғары өзіндік идентификациялануы тән. Тұлға әдеттегідей топ әрекеттерінің мотивтерін бөліп ала отырып, топтың қылмыстық бағытын тұтастай қабылдайды.

Қылмыстық топтар тұрақтылығымен және қылмыстық бағыттылығымен айрықшаланады. Ұйымдасқан қылмыстық топтарды оның мүшелері атқаратын әрекеттерді топтық бақылау өте жоғары деңгейде жетілген. Қылмыстық топ қаншалықты ауызбіршілікте және ұйымдасқан болса, соншалықты қоғамға қауіптірек болады.

Ұйымдасқан қылмыстық топ мінез-құлықтың ортақ стилін орнатады, белгілі бір ситуацияларда нақты қылмыстық әрекеттер жасайды, мінез- құлықтың антисоциальдік стандартттарын жүктейді. Тұлға топ үмітін ақтауға тырысады, өз мінез-құлқын топ талаптарына тәуелдендіреді, басқартады.

Ұйымдасқан қылмыстық топтарда тұлғааралық байланыстар өте тұрақты, өзара симпатия орнаған, құндылық бағыттары ортақ, қылмыстық ситуацияларды бағалауда позицияның бірлігі орын алады. Мұндай топта

жауапкершілік сезімі тез төмендейді, олардың ойынша оларға барлық заттарда рұқсат етіледі, жазаланбайды, топтық қорғалу сезімі жоғарылайды. Олар қылмысты жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ұсақ сылтауларды да басшылыққа алады.

Ұйымдасқан қылмыстық топ топтық бұзақылық, ұрлық, тонау, хулигандық

әрекеттерді іске асыру мақсатында туындайды.

Топтық қылмыс жеке қылмыспен салыстырғанда қоғамдық қауіптілігі аса жоғары. Ұйымдасқан қылмыстық топтардың пайда болуының негізгі көздері - алаяқтар мен махинаторлар. Олар қоғамдық меншікті заңсыз түрде тонаумен, әртүрлі өндірістік ұйымдарға толықтай билік етеді және заңсыз түрде көптеген өнімдерді шығарады. Әлеуметтік қоғамда мультимиллионерлер пайда болып, халық шаруашылығының ішкі және сыртқы сауда мәселелерін, тұрғын үй және коммуналды-тұрмыстық қызметтерді тұтастай басқарып келеді.

Ұйымдасқан қылмыс әлеуметтік топтардың тиімді қызмет етуінің барлық әлеуметтік-психологиялық механизімдерін қолданады. Бұл механизмде қылмыстың әртүрлілігі орын алды - мемлекеттік биліктің алаяқтыққа, нарко және порно бизнестерді басқаруға, ұрлық және күш жұмсайтын қылмыстарға дейін баруы.

Ұйымдасқан қылмыс - кәсіби-криминалдық ынтымақтастықтың ең жоғарғы формасы , өзіндік қылмыстық синдикат, социумның өміріндегі барлық механизмдерін қылмыстық мақсатта қолдану болып табылады. Қылмыстың «элитарлық» түрі идеологиялық, ұйымдастырушылық, басқару және бақылау функцияларын атқарады. Ұйымдасқан қылмыс өз алдына қылмыстық-синтездік функцияны жүзеге асырады.

Қылмыстық топтардың психологиясы қылмыстық психологияның жеке арнайы бөлімі ретінде қылмыстық топтардың пайда болу, даму заңдылықтарын, олардың өздеріне тән құрылымын, әртүрлі рольдердің таралуын, басқару механизмдерін зерттейді.

Егер қылмыскер шағын ғана қылмысты жасағаны үшін жазаланбаса, онда ол

шағын қылмыстардан күрделі үлкен қылмыстарға өтіп қана қоймайды, сонымен бірге ол басқа да тұлғалардың қылмысқа баруына ықпал етеді. Ал бұл қылмыстық топтардың туындауының бірден-бір себебі болып табылады.

Қылмыстық топтардың туындауы - бұл тек қана сандық жағынан емес,

сонымен қатар сапалық жағынан да қоғамға қауіп туғызады. Ӛйткені жалғыз қылмыскер бірнеше қылмыстық әрекеттер жоспарын жеке өзі жүзеге асыра алмайды. Қылмыстық топтарды талдау барысында оның келесідей бөліктері анықталған:

 Топты жалпылай не оның жеке қатысушыларын ұйымдастырушылар

 Жауапты аумақты атқарушылар

 Екінші дәрежелі жауапты аумақты атқарушылар

 Оппозиционерлер, топтың «әлсіз буыны» (ол еркін адам болуы мүмкін) - өзі қатысып отырған қылмысты іске асыруға іштей қарсылық білдірген субъект. Олар топ арасында конфликтілі ситуацияларды өте жиі тудыруы мүмкін. Қылмыстық іс-әрекеттерді жалғастыруға қылмыстық топтың қандай да бір мүшесінің қарсылық білдіруі қосымша қиындықтар туғызады.

Қылмыстық топтардың қалыптасуының негізгі факторлары:

1. Бірігусіз қылмысты жүзеге асыру мүмкіндігінің болмауы.

2. Қылмыстық қызығушылықтардың ортақ болуы.

3. Жеке симпатиялар

4. Мінез-құлықтың ортақ нормалары, ортақ сенім, құқықты саналы түрде сезінуінің аналогиялық (ұқсас) дефектілері, т. б.

Қылмыстық топтарға келесі белгілер тән:

Ұйымшылдық - қатаң иерархиялық құрылыммен, қатаң тәртіппен, төменгі буынның жоғарғы буынға бағынушылығымен сипатталады.

Тұрақтылық - қылмыстық байланыстардың ұзаққа дейін тұрақты болуы, қажет болған жағдайда жаңғыртылып отыруы және қылмыстық өзара әрекеттердің өлшемдерін қолдануымен сипатталады.

Ауызбіршілік, ынтымақтастық - байланыстардың ортақ болуы. Ауызбіршілік детерминанттары:

а) Мүшелерінің бірігуіндегі мотивациялық негіздері, яғни мотивтерінің ортақ болуы. Бұл олардың жеке дүниеқорлық қызығушылықтары мен қажеттіліктерінің жиынтығынан тұрады.

б) Қылмыстық топ мүшелерінің қозғаушы мотивтері. Бұл олардың мақсаттарында, бағдарламаларында, жарғылырында көрсетіледі.

Қорғанушылық - қорғану, қамтамасыз ету, психикалық әсер ету және физикалық күш көрсету блоктарының болуымен сипатталады.

Қылмыстық топтардың ұйымдастырылу деңгейіне байланысты ұйымдасқан қылмыстық топтар, қылмыстық ұйымдар және қылмыстық қоғамдастық болып жіктеледі.

Ұйымдасқан қылмыстық топтың мінез-құлқына топ лидері аса маңызды әсер етеді. Ол топ әрекеттерін жобалайды, жоспарлайды және ұйымдастырады, оларды орындау тәсілдерін белгілейді, жүзеге асыру жолдарын басқарады, сонымен қатар, қажет болған жағдайда қорқытады, физикалық және психикалық күш қолданады.

Қылмыстық топтардың дамуында лидер ұйымдастырушылық және басқарушылық ролді атқара отырып, қылмыстық топ ортасында маңызды орынға ие болады. Лидердің пайда болуымен топ ұйымшыл, әрі ауызбіршілікте болады, оның әрекеттері активтенеді, мақсат бағыттылы сипат алады және қоғамға аса қауіпті жағдай туғызады.

Сонымен қатар, қылмыстық топтағы жаңа қылмыстар нақты әрі анығырақ анықталады. Қылмыстық топтардың функционалдық құрылымы қылмыстық топтардың жеке құрылымдарымен, қылмыс түрімен, объектісімен, т. б. факторларымен анықталады. Ұйымдасқан қылмыс мемлекеттік басқармаларды үлкен шығындарға ұшыратады, көпшілікке айтарлықтай жоғарғы деңгейде әсер етеді, құқықтық мемлекеттің қызметкерлеріне кедергілер тудырады, мәдени экономикалық қатынастардың жүзеге асырылуына қайшылықтар әкеледі.

Қылмыстық топтар төменгі, орташа және жоғарғы деңгейде ұйымдасқан

қылмыстық топ болып жіктеледі.

Төменгі деңгейде ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында аз дегенде

10-ға жуық адам болады. Коммуникацияның топішілік құрылымына қарай олар фронтальді коммуникация типіне жатады (бастық-қатысушылар) . Олардың қылмыстық іс-әрекеттері - эпизодтық рэкет, алаяқтық.

Орташа деңгейде ұйымдасқан қылмыстық топтар иерархиялық топішілік

ұйым ретінде қызмет етеді (басшылардың және қызметкерлердің арасындағы

қарым-қатынас құрылымы жағынан біршама күрделі болады) . Мұндай топтар 10-нан аса адамдардан тұрады. Орташа деңгейде ұйымдасқан қылмыстық топтар - разведчиктерден, боевиктерден, телохранительдерден, финансистерден, аналитиктерден тұрады. Олардың негізгі қылмыстық іс- әрекеттері - тұрақты рэкет, қорқыту, шантаж, контрабанда, наркобизнес. Бұл

қылмыстық топтар басқару органдарымен тұрақты байланыста болады.

Жоғарғы деңгейде ұйымдасқан қылмыстық топ өзінің жүйелі құрылымдылығымен ерекшеленеді - оларға аса күрделі иерархиялық басқару

жүйесі тән, оларға тұрақты жеке кірістер әкеледі (банктік счеттер, жылжымайтын мүлік, тұрғын үй), фондтар, дүкендер мен мейрамханалар,

казино, т. с. с. ие.

Бұл топтар кейде бірнеше мың адамдардан тұруы мүмкін. Олардың ұжымдық басқару орталықтары болады, үлкен әлеуметтік топтары бар тұрақты ұйымы, топішілік басқару нормалары, арнайы жүйелері мен ережелері, арнайы ақпараттары, ауданаралық, облысаралық байланыстары болады. Сонымен қатар, олар билік, құқық қорғау және сот органдарымен өзара әрекеттесуді қамтамасыз етеді.

Жоғарғы деңгейде ұйымдасқан қылмыстық топтың негізгі мақсаты мен мотивтері - заңсыз түрде үлкен табыстарға ие болу (ойын автоматтары, жезөкшелікті басқару, қылмыстық қызметтерді атқару бизнестері, т. б. ) .

Сонымен бірге олар күш жұмсап қылмыс жасау арқылы да өз капиталын жинақтауға жаттығады. Бұл топтар заңды экономикалық органдарды аса үлкен шығындарға ұшыратады.

Жоғарғы деңгейде ұйымдасқан қылмыстық топ-қоғамның өркендеуіне кедергі келтіретін ең негізгі қауіптің бірі. Олар өсіп келе жатқан жас ұрпақтың әлеуметтенуіне әсер етеді, қоғамдық нормаларды бұзады, экономика мен кредиттік-банктік жүйелерге аса қауіпті жағдайлар тудырады.

Ұйымдасқан қылмыстың жедел өсіп тұруы қылмыскерлердің жаңа типінің

қалыптасуына әкеліп соғады. Орташа және жоғары ұйымдасқан қылмыстық

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Топтық қылмыстың мәні мен түсінігі
Ұйымдасқан қылмыстық топтардың психологиялық ерекшеліктері жайында
ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУДЫҢ НЕГІЗГІ БЕЛГІЛЕРІ
Қылмыстық топтың психологиясы
Қорқытып алу қылмыстарын тергеу
Ұйымдасқан қылмыстың криминологиялық сипаттамасы
Ұйымдасқан қылмыстық топтардың психологиялық ерекшеліктері туралы
Ұйымдасқан қылмыстылық және оның өзекті мәселелері
Қылмыстық бірлестіктің тіршілік етуін материалдық - техникалық және ұйымдастыру жағынан қамтамасыз ету
«ЭКОНОМИКА САЛАСЫНДАҒЫ ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ЖӘНЕ ҚОҒАМДАСТЫҚПЕН ЖАСАЛҒАН ҚЫЛМЫСТАРДЫ ТЕРГЕУ МЕН АШУ»
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz