Экономикалық жүйе: мәні, элементтері, даму сипаты. Экономикалық жүйенің дамуы үшін қажетті алғы шарттар мен жағдайлар


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Экономикалық жүйе: мәні, элементтері, даму сипаты.
Экономикалық жүйенің дамуы үшін қажетті алғы шарттар мен жағдайлар
Орындаған: Рамазанов Каусар
Тексерген: Қуантқан Биболат
Семей 2015 жыл
Жоспар:
1. Экономикалық жүйе, басты мақсаты, атқаратын қызметі.
2. Экономикалық жүйенің сипатты белгілері.
3. Экономикалық жүйенің элементтері.
4. Экономикалық жүйенің дамуына әсер етуші жағдайлар немесе факторлар.
5. Қазақстандағы экономикалық жүйенің даму алғышарттары
Экономикалық жүйе (грекше, systema-тұтас, бөлімдерден құралған) - өзара байланысқан шаруашылық қатынастар мен белгілі бір тәртіпке келтірілген экономика элементтерінің жиынтығынан тұрады және экономиканы ұйымдастырудың нысаны болып табылады.
Басты міндеті -шектеулі өндірістік ресурстарды тиімді пайдалану жолдары мен әдістерін табу. Экономикалық жүйенің өмір сүруінің басты себебі- ресурстардың салыстырмалы түрде шектеулі болуы.
Экономикалық жүйенің мақсаты - халықтың әл-ауқатын арттыру және материалдық қана емес, рухани, әлеуметтік, ұлтттық т. б. байлықтармен қамтамасыз етудің тиімді жолдарын енгізу. Сондықтан экономиканың тиімділігін арттыру үшін экономикалық жүйе бір типтен екінші типке өзгереді. Экономиканың жүйелі сипатын ғылыми-теориялық тұрғыда қарастырған ағылшындық классикалық политэкономияның негізін салушы - А. Смит. Халықтар байлығының табиғаты мен себептері туралы (1776ж. жарық көрген) басты ғылыми еңбегінде ең алғаш рет осы тақырыпқа ашық талдау жасады. Одан кейінгі экономикалық жүйе туралы ғылыми көзқарастар Д. Рикардо (1817ж. ), Ф. Лист (1841ж. ), Дж. С. Милль (1848ж. ), К. Маркс (1867ж. ), К. Менгер (1871ж. ), А. Маршалл (1890ж. ), Дж. М. Кейнс (1936ж. ), П. Самуэлсон (1951ж. ) еңбектерінде орын алды.
Экономикалық жүйенің даму тенденциялары туралы көзқарастар: 1) Жүйе оның барлық элементтерінің біртұтастылығы мен біркелкілігі арқылы дамиды. Әртүрлі экономикалық жүйелер өзара экономикалық тепе-теңдік күйде өмір сүреді, бірақ ұзақ мерзімде бір жүйе екіншісін ығыстыру арқылы өзгеріске ұшырайды. Бұл қоғамдағы реформалық өзгерістерді сипаттайтын теориялық көзқарас. 2) Әртүрлі экономикалық жүйелердің бір кезеңде өмір сүруі бір-бірін толықтырады және экономикалық өсу мен экономикалық жүйенің сапасын арттырады. Қазіргі конвергенция теориясы бойынша әртүрлі экономикалық жүйелер өздерінің дамуы мен жетілуі нәтижесінде бірігіп, жаңа экономикалық жүйені туындатады.
Мұндай қарама-қайшы көзқарастар экономикалық жүйенің қайшылықта дамитынын, үнемі өзгерісте болатынын сипаттайды. Көптеген дамыған елдерде меншікті ұлттандыру-мемлекет иелігінен алумен, жаппай жоспарлау-одан бас тартумен, орталықтандыру- орталықсыздандырумен ауыстырылды.
Экономикалық жүйенің келесідей қасиеттері бар: біртұтастылық, тәртіптілік, тұрақтылық, орнықтылық, өзгергіштік, қозғалғыштық, қарама-қайшылық .
Қоғамның даму процесінде қарама-қайшы мүдделердің орын алуы маңызды рөл атқарады. Экономикадағы басты қайшылықтар: өндіру мен тұтыну; материалдық және рухани қажеттіліктердің өсуі мен оларды қанағаттандыру мүмкіншіліктері; жинақтау мен тұтыну; т. б. Қоғамның экономикалық дамуын тежеуші басты қайшылық-рынок пен мемлекеттік өндіріс сипаты және өндіріс нәтижелерін иемдену.
Кез-келген экономикалық жүйенің жалпы сипаты
Табиғи:
табиғи ресурстар,
адамдардың мүмкіншіліктері
Қоғамдық:
өндіріс құралдары, еңбек бөлінісі.
Жалпы:
ғылым, білім, мәдениет, т. б.
Ресурстар:
табиғи, еңбек, қаржылық, ақпараттық.
Қоғамдық еңбек бөлінісі :
өнімді шығарумен байланысты өндірістің мамандануы.
Еңбек процесі мен элементтері:
еңбек, еңбек заты, еңбек құралы.
Өндірістік мүмкіншіліктер:
шектеулі ресурстарды таңдау.
Нәтижелер:
өнім, қызмет.
Тиімділік:
нәтиже мен шығындардың ара қатынасы.
Экономикалық жүйе көп факторлы. Олардың ішінде оның дамуына әсер ететін:
- елдегі шаруашылық шешімдерін қабылдау жөніндегі: шаралар жүйесі;
- меншік құрылымы;
- ақпаратпен және үйлестірумен қамтамасыз ететін механизмдер;
- мақсат қою мен адамдарды еңбекке тарту механизмдері.
Бұл факторлар келесі 3 құрылымға топтастырылады:
Шаруашылық құрылымы - бұл шектеулі ресурстарды қолдануға байланысты материалды-техникалық база элементтерінің өзара әрекеті.
Әкімшілік (ұйымдық) құрылым - лауазымды тұлғалардың шектеулі шаруашылық ресурстарды іске жаратуға байланысты заңды түрде құжатталған құқықтары мен міндеттерінің жиыны.
Ақпараттық құрылым алғашқы екі құрылымның қызметі жайлы алынған мәліметтерді топтастырады және таратады.
Экономикалық жүйенің сипатты белгілері:
1) Экономикалық жүйені құраушы бөлшектердің біртұтастылығы.
2) Экономикалық жүйедегі шаруашылық жүргізуші субъектілердің материалды-заттай бір-біріне тәуелділігі.
3) Экономикалық жүйенің құрылымы күрделі. Экономикалық жүйенің әрбір элементі өзінше ішкі жүйені қалыптастырады. Мысалы, қазіргі өндіріс екі ішкі жүйеден: материалдық және материалдық емес өндіріс сфераларынан құралған.
Экономикалық жүйе келесідей белгілеріне байланысты жіктеледі:
1) Меншік нысаны мен экономикалық әрекетті басқару, бағдарлау тәсіліне байланысты:
- дәстүрлі экономикалық жүйе.
-орталықтан басқарылатын жоспарлы экономикалық жүйе (командалық- әкімшіліктік немесе тоталитарлық) .
- рыноктық экономикалық жүйе.
- аралас экономикалық жүйе.
2) Өркениет типтерінің даму нәтижелері ретінде экономикалық жүйе :
-дәстүрлі- қоғамдағы экономикалық қатынастар әдет-ғұрыптарға негізделеді. Өндіріс әдісі, көзқарастар, мәдениет, қоғамдық нормалар және т. б. ұрпақтан ұрпаққа мұраға қалып отырады.
-либералды - қоғамның дамуының тиімділігіне жетуге ұмтылыс басым және жеке тұлғаның бастамашылығына ешқандай кедергілер жоқ (қазіргі индустриалды қоғам) .
- аралас - бірінші және екінші типтің элементтерінен құралады.
3) Сыртқы экономикалық байланыстардың сипатына байланысты:
- жабық экономикалық жүйе -шаруашылық іс -әрекетін белгілі бір шеңбер көлемінде, тұйықталған күйде жүзеге асырады (натуралды шаруашылық) .
-ашық экономикалық жүйе - басқа елдердің өндірістік бірліктерімен экономикалық байланыстарын үнемі ұлғайтып отырады (рыноктық шаруашылық) .
Экономикалық жүйенің негізін құрайтын меншік нысаны мен экономикалық әрекетті басқару, бағдарлау тәсіліне байланысты оның келесідей типтері болады:
1. Орталықтан басқарылатын жоспарлы экономикалық жүйе (командалық- әкімшіліктік немесе тоталитарлық) .
2. Рыноктық экономикалық жүйе.
3. Аралас экономикалық жүйе.
Экономикалық жүйенің элементтері
Әр экономикалық жүйеде өзіне тән өндірістік қатынастар мен өндірістік күштері болады. Өндірістік қатынастар ұдайы өндірістің (ҰӨ) әр сатысына тән қалыптасады.
ҰӨ = Ө + Б +ҚБ + Т (Ұдайы өндіріс = Өндіріс + Бөлу + Қайта бөлу + Тұтыну)
ӨК = ЖК + ӨҚ (Өндіріс күштері = Жұмыс күші + Өндіріс құралдары)
Экономикалық жүйенің дамуына әсер етуші жағдайлар немесе факторлар
Экономикалық жүйеге кешенді көзқарасқа сәйкес оның жұмыс істеуі мен дамуына ықпал ететін бірнеше факторларды бөліп көрсетуге болады. Оларға мыналар жатады:
-шарушылық шешімдерін қабылдау жөнінде елде қалыптасқан шаралар жүйесі;
- меншік құрылымы;
- ақпараттар мен өзара үйлесімділікті қамтамасыз ету механизмі;
- мақсаттарды белгілеу мен еңбек етуге жұмылдыру механизмі.
-мемлекеттік басқару жүйесіндегі бюрократтану және сыбайлас жемқорлықтың деңгейі;
-адами капитал (халықтың білім, денсаулық деңгейі, т. б. ) ;
-елдің адами капиталының оқшауландырылған бөлігі ретіндегі кәсіпкерлік әлеует;
-өндірістің басқа факторларының жай-күйі олардың іске қосылу дәрежесі;
-әлемдік экономика, оның жай-күйі, даму келешегі, елдің Экономикалық жүйене ықпал ететін негізгі сипаттамалары;
-табиғи ортаның жай-күйі (табиғи әлеует) ;
-технологиялық аяның жай-күйі;
-ішкі саяси және сыртқы саяси құрылыс;
-қоғамның ақлақтық-адамгершілік ұстындары.
Қазақстандағы экономикалық жүйенің даму алғышарттары
Қазақстан Республикасында жүзеге асырылып жатқан экономикалық жүйенің даму алғышарттарын келесі түрлерге бөліп қарастыруға болады:
1. 1992 - 1994 жылдары - Ырықтандыру (либерализация) жүргізілді, нарықтық катынастың заңдық негізі жасалды.
2. 1995 - 1999 жылдары - Өндірістік секторды жетілдіру (өнеркәcіптерді тәртіпке салу, банкроттық, жекешелендіру, демонополизация) экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету; бюджеттік жүйедегі заң, ұлттық банк, салық пен міндетті төлем, құнды қағаздар нарығы және т. б. туралы заңдар қабылданды; зейнетақы жүйесіндегі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен білім беру саласындағы реформалар ел дамуының алғышарты есепті «Қазақстан-2030» стратегиялық даму бағдарламасы қабылданды. 1998-1999 жылдары әлемдік қаржылық дағдарыс Қазақстандық экономикаға да кері әсерін тигізді. Бірақ Үкімет пен Ұлттық Банктің ұстанған қатаң ақшалай-несиелі және салықтық бюджет саясаты отандық өндірушілерді көтеруде, Қазақстанның қаржылық жағдайын және сыртқы экономикалық қызметін жақсартуға қажетті жағдай жасап берді. 1999 жылы жалпы ішкі өнім 1998 жылға Қарағанда 2, 7%-ға өсті. Құнсыздануы, теңгенің айырбас құны мемлекеттік бюджеттегі келеңсіз сипатқа ие болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz