Өнімнің өзіндік құнын төмендету, пайда, рентабельділікті арттыру әдістері


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі

Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Тақырыбы:

« Өнімнің өзіндік құнын төмендету, пайда, рентабельділікті арттыру әдістері».

Орындаған: Ашкенова З. Н.

Тексерген: Нуралина К. Т.

Семей қ. 2015 ж

Мазмұны

Кіріспе

1 Негізгі бөлім

1. 1 Өнімнің өзіндік құны және оны төмендету

1. 2 Өндірістің рентабельділігі және оны арттыруды жоспарлау

1. 3 Кәсіпорынның пайдасын арттыру

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Өнімді өңдіру процесінде шикізат, материалдар, отын, энергия, еңбек ақы және т. с. с шығындар жұмсалады. Олардың жалпы сомасы өнідіріс шығындарын құрайды (өнімнің өзіндік құнын) . Өзіндік құн - өнім өңдіруге және өткізуге кеткен барлық шығындар.

Жалпыға белгілі, кәсіпорынның қызметінің нәтижесі әртүрлі көрсеткіштермен бағалануы мүмкін, атап айтсақ, өндірілген өнім көлемі, сату көлемі, пайда. Қаржылық немесе өндірістік нәтижені сипаттай отырып, аталған көрсеткіштер кәсіпорын қызметінің тиімділігін бағалауға қабілетті емес. Бұл, аталған көрсеткіштердің кәсіпорын қызметінің абсолюттік сипаттамасы болып табылатындығымен байланысты және олардың нәтижелілікті бағалау бойынша дұрыс интерпретациясы кәсіпорынға салынған қаражаттарды сипаттайтын басқа да көрсеткіштермен өзара байланысты жүзеге асырылуы мүмкін.

Кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіш болып рентабельдік немесе табыстылық көрсеткіштері табылады.

Экономикалық әдебиеттерде рентабельдік түсінігіне бірнеше әртүрлі түсініктер беріледі. Солардың бірі келесідей, рентабельдік- (неміс тілінен «rentabel» - табыстылық, пайдалылық) материалдық, еңбек және ақшалай ресурстарды кешенді пайдалануды көрсететін кәсіпорындағы өндірістің экономикалық тиімділік көрсеткіші.

Басқа авторлардың пікірі бойынша рентабельдік - бұл өндіріс шығындарының сомасына, өз қызметін ұйымдастыру үшін фирма мүлкінің сомасына немесе коммерциялық операцияларды ұйымдастыруға салынған ақшалай салымдарға пайданың қатынасын көрсететін көрсеткіш [1] .

1. 1 Өнімнің өзіндік құны және оны төмендету

Өнімнің өзіндік құны - кәсіпорындардың өнім өндіру мен өткізуге жұмсаған ағымдағы ақшалай шығыны , яғни өнімді өндіру мен өткізу (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) үдерісінде пайдаланылатын табиғи ресурстардың, шикізатты, материалдардың, отынның, энергияның, негізгі капиталдың, еңбек ресурстарының, басқа да шығындардың құндық бағасы. Шығындардың өндіріс үдерісімен байланысы тұрғысынан өнімнің цехтық, өндірістік және толық құны түрлеріне бөлінеді. Цехтықөзіндік құнда цехтарда өнім өндірумен байланысты шығындардың өзіндік құны қамтылады. Өндірістік өзіндік құнға цехтық өзіндік құн жалпы өнеркәсіпті басқарумен, ұйымдастырумен және оған қызмет көрсетумен байланысты шығындар жатады. Толық өзіндік құн өндірістік өзіндік құнды және өнімді өткізумен байланысты өндірістен тыс шығындар және өнімді өндіруге қатысы жоқ басқа да шығындарды қамтиды. Ресурстарды үнемдеуге көптеген техникалық-экономикалық факторлар әсер етеді, олар ішкі өндірістік және өндірістен тысқары факторларға бөлінеді. Өндірістен тыс факторлар - кәсіпорын ықпал ете алмайтын факторлар . Оларға салықтар мен төлемдердің ставкалары, шикізаттың, материалдардың, машиналар мен жабдықтардың нарықтық бағасы, көлік тарифтері мен электр энергиясының тарифтері және басқалар жатады. Ішкі өндірістік факторлар - кәсіпорын тарапынан басқарылатын факторлар . Оларға өнімділігі жоғары техника мен прогрестік технологияны енгізу, өндірістің механикаландырылуы мен автоматтандырылуы деңгейін арттыру, негізгі капиталды тиімді пайдалану, айналым қаражатының айналымдылығын жеделдету, жұмыскерлердің еңбек өнімділігін арттыру, еңбек пен өндірістің ұйымдастырылуын жетілдіру, т. б. жатады.

Кәсіпорынның шығындары өндіріс үдерісімен байланысының сипатына қарай негізгі және үстеме шығындарға, олардың жекелеген бұйымдардың өзіндік құнына жатқызылуы тәсіліне қарай тікелей және жанама шығындарға, өндірістің көлеміне қарай шартты-тұрақты және ауыспалы шығындарға бөлінеді. Сондай-ақ шығындарды экономикалық мазмұнына және калькуляцияның баптарына қарай да топтастыру қабылданған. Шығындардың экономикалық нышандары бастапқы, біртекті топтар болып келеді. Калькуляцияның баптары бойынша топтастыруда шығындардың орны мен мақсаты ескеріледі [2] .

Өнімнің өзіндік құнын төмендету - кәсіпорынның өндірістік қызметіндегі ең басты міндеттердің бірі .

Оның негізгі көздеріне:

  1. бір өнімге жұмсалатын шикізат, материалдар, отын және энергия шығынын төмендету;
  2. бір өнімге шаққандағы амортизациялық аударым шамасын азайту;
  3. әкімшілік бас-қарушылық шығындарын төмендету;
  4. бейөндірістік шығындар мен шығасыны барынша азайту жатады.

Бухгалтерлік және экономикалық шығын түрлеріне де бөлінеді. Бухгалтерлік шығындарда тек көзге көрінетін шығындар, яғни тұтынылатын ресурстар үшін төленетін төлемдер қамтылады. Экономикалық шығындар көзге көрінетін (бухгалтерлік) шығындар мен көзге көрінбейтін (сатып алуға жатпайтын) ресурстардың құнынан құралады.

Өзіндік құнды төмендету әртүрлі факторларға тәуелді болады. Ең негізгілерге келесіні жатқызуға болады: өнім өңдіруді өсіру (тұрақты шығындар бойынша түсетін үнем арқылы) ; B 1 - өсіруге дейінгі өнім көлемі; B 2 - өнім шығарудың жаңа мөлшері; материал сыйымдылығын азайту (шикізат пен материалдар бойынша үнем болады) ; өнім өңдіру өсімін еңбек ақы өсімінен жоғары етіп жасау (еңбек ақы бойынша үнем болады) ; жаңа техниканы енгізу арқылы, өндірісті механикаландыру және автоматтандыру; өнімнің қор сыйымдылығын азайту арқылы (амортизация бойынша үнем болады) ; қалдықтарды және жоғалтуларды азайту шараларын енгізу.

Іс жүзінде өзіндік құнның келесі көрсеткіштері қолданылады:

  1. Өндіріс шығындарының сметасы.
  2. Өнім бірлігінің және тауарлық өнімнің өзіндік құны.
  3. Өзіндік құнды төмендету көрсеткіштері.
  4. Тауарлық өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы шығындар.

Кәсіпорында өзіндік құнды жоспарлау процесінде келесі шаралар жүргізіледі:

  1. Өндірістік бағдарламаны орындауға қажет барлық шығындар көрсетілетін өндіріс шығындарының сметасы құрастырылады. Көбінесе, сметаны жалпы кәсіпорын бойынша емес, жеке цехтер, бөлімшелер бойынша құрастырылады, одан кейін нәтижелер қосылады.
  2. Жеке өнім түрлерінің өзіндік құнын калькуляциялайды (жеке тапсырыстар, секциялар, партиялар және т. с. с. бойынша) . Біріңғай өнім шығаратын көмекші цехтарда (эл. энергия, көлік қызметтері және т. с. с. ), калькуляция объектісі ретінде шығарылатын өнімнің бірлігі алынады (кВт. /сағ, т. Және т. с. с) .

Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау келесі әдістермен жүзеге асырылады:

  • нормативтік- материалдық және еңбек нормативтерін қолдануға негізделген.
  • кезеңді- жаппай өндірістерде қолданылады, мұнда өнім бірнеше өңдеу кезеңдерінен өтуге тиіс. Соңғы өнім оны бірнеше кезеңдерде өңдеудің нәтижесі ретінде болады.
  • Тапсырыс бойынша- қайталанбайтын өнім бірліктерін шығаратын кәсіпорындарда қолданылады.
  • Операция бойынша- егер тауарлардың жалпы және жеке сипаттамалары бар болса, қолданылады [3] .

1. 2 Өндірістің рентабельділігі және оны арттыруды жоспарлау

Пайда, кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық іс-әрекетінің нәтижелігінің ең маңызды көрсеткіші бола тұра, оның тиімділігі туралы толық көріністі бермейді, себебі жұмсалып жатқан ресурстардың шамасын ескермейді. Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық іс-әрекетінің тиімділігін рентабельділіктің көрсеткіштері жүйесімен бағалайды.

Өндірістің рентабельділігі - өнеркәсіп кәсіпорындарының, соның ішінде мұнай және газ өнеркәсібі кәсіпорындарының жұмыс тиімділігінің ең маңызды қорытушы көрсеткіші. Кәсіпорынның іс-әрекетін рентабельділік көрсеткіші бойынша бағалау өнімді өткізу көлемінің артуымен қатар оның ұжымын материалдық сыйақылаудың негізіне жатқызылады. Өндірістің рентабельділік көрсеткішін белгілеудің негізінде кәсіпорынның пайдасы жатыр.

Пайда - материалдық өндіріс саласында кәсіпорын қызметкерлерінің қосымша еңбегімен құрылатын таза табыстың бір бөлігі. Жоспарлық пайданың көлемі өнімді кәсіпорынның көтерме бағалары бойынша өткізуден түскен түсім мен өнімнің жоспарлы өзіндік құнының арасындағы айырма ретінде белгіленеді. Егер пайда кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық іс-әрекетінен абсолюттік әсерді көрсетсе, рентабельділік кәсіпорынға бекітілген өндірістік қорларды қолданудың тиімділік дәрежесін сипаттайды. Іс-әрекеттің тиімділігіне баға берудің критериі ретінде қарастырылатын жалпылама көрсеткіштің болуы кәсіпорынның қаржылық және экономикалық күйінің толық бейнесін құруға мүмкіндік береді.

Рентабельділік көрсеткіштерінің жүйесіне келесілер кіреді:

• кәсіпорын активтерінің рентабельділігі;

• меншікті капиталдың рентабельділігі;

• сатулардың рентабельділігі (өткізу) ;

• өндірістің рентабельділігі;

• өнімнің рентабельділігі.

Жалпы алғанда рентабельділік пайданың 100-ге (%) көбейтілген іс-әрекеттің белгілі бір нәтижесін көрсететін өлшегішке (көрсеткішке) қатынасымен белгіленеді:

R = П / У · 100, (1)

мұндағы, У - көрсеткіштің деңгейі.

Нақты мақсаттарға байланысты рентабельділік баланстық, таза және үлестірілмеген пайда бойынша белгіленеді. Активтердің рентабельділігі баланстық және таза пайда бойынша белгіленеді:

R а = П б / А · 100

Немесе (2)

R а = П ч / А · 100,

мұндағы, П б мен П ч - соған сәйкес баланстық және таза пайда, теңге.

А - кәсіпорын активтерінің шамасы (жылдың басына немесе соңына қатысты, немесе ортажылдық), теңге.

Активтердің рентабельділігі активтерге салынған капитал теңгесіне қатысты алынған баланстық пайданың пайызын немесе активтер теңгесіне есептегенде кәсіпорында қалатын таза пайданың пайызын сипаттайды.

Меншікті капиталдың рентабельділігі кәсіпорынның соған меншіктенушілердің салған әр теңгесінен қанша пайдаға ие болатынын көрсетеді:

R ск = П нр / К с · 100

Немесе (3)

R ск = П ч / К с · 100,

мұндағы, П нр - кәсіпорынның үлестірілмеген пайдасы;

К с - кәсіпорынның меншікті капиталы.

Сатулардың (өткізудің) рентабельділігі кәсіпорынның өнімді сатудан түскен әр теңгеден алатын пайданың пайызын сипаттайды:

R р = П б / В р · 100, (4)

мұндағы, В р - өнімді сатудан түскен түсім (ҚҚС мен кедендік бажсыз) .

Өндірістің рентабельділігі - бұл баланстық пайданың негізгі қорлардың (НҚ) және айналымдағы қаражаттардың (АҚ) орташа жылдық құнының қосындысына қатынасы:

R пр = П б / (ОФ + ОС) · 100 (5)

Өнімнің рентабельділігі баланстық пайданың өнімді өндіруге жұмсалатын шығындарға қатынасы ретінде белгіленеді:

R прод = П б / З · 100 (6)

Рентабельді өндірістің шекараларын белгілеу үшін оңтайлық табалдырығының анықтамасын қолданумен, өткізуден түскен түсімді қосынды, сондай-ақ айнымалы және тұрақты шығындармен салыстыруды қолданады.

Рентабельділік табалдырығы - бұл өздері орын алған жағдайда кәсіпорын не пайдаға, не шығынға ие болмайтын, б. а. өнімді сатудан түскен түсім тек шығындардың орнын ғана толтыратындай болатын өнім өндірісі (бұрғылау, өндіру, көліктің, өңдеудің көлемі) мен сатудан түскен пайда. Өнім өндірісін бұдан әрі көбейту кәсіпорынды оңтайлы етіп, азайту - шығынды етеді. Рентабельділік табалдырығы:

ПР = З пост : (В р - З пер ) / В р (7)

мұндағы, З пост , З пер - өнім өндіруге жұмсалатын шығындардың тұрақты және айнымалы бөліктері (мұнай өндірісінде шамамен соған сәйкес 65% және 35%) .

Тіркелген ренталық төлемдер есептік рентабельділігі сала табыстылығының орташа деңгейінен асатын жекелеген кәсіпорындардың есептік рентабельділігін реттеу мен теңестіруге арналған. Мысалы, мұнай немесе газ қоры үлкен, олардың орналасуы мен пайдалану жағдайлары жақсы болып келетін, өнімділігі жоғары ұңғымалары бар кеніштерді игеріп жатқан кәсіпорындар осындай болып келеді. Оларда басқа кәсіпорындармен салыстырғанда үлкен қосымша пайда құрылады. Тіркелген ренталық төлемдер жүйесі кезінде кәсіпорынның табысы мемлекеттің пайдасына алынады, бұл саланың барлық кәсіпорындарын бірдей экономикалық жағдайларға қояды. Мұнай өнеркәсібінде бұл төлемдер мұнайдың әрбір 1 тоннасынан тұрақты сомалармен ескерілген. Мысалы, жылына мұнайдың 1002 мың тоннасын өткізу және 1 тоннадан алынатын ренталық төлем 2 теңгеден болған жағдайда тіркелген төлемдердің жалпы сомасы 2004 мың теңгені құрайтын болады. Банкілік несиеге қатысты пайыздардың төлемдері кәсіпорынның несиелерге деген қажеттеріне және мемлекеттің соларды пайдалануға қатысты белгілеген мөлшерлемелеріне негізделумен жоспарланады [4] .

Жоспарлау кезінде жалпы және есептік рентабельділік есептеледі.

Өндірістің жалпы рентабельділігінің деңгейі (Р об ) келесі формула бойынша белгіленеді (%) :

Р об = П б / А · 100, (8)

мұндағы, П б - баланстық пайданың сомасы, теңге; А - өндірістік қорлардың орташа жылдық бағасы (теңге), ол негізгі өндірістік қорлардың және нормаланатын айналымдық қаражаттардың (банкпен несиелендірілмеген) орташа жылдық бағасына тең.

Негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық бағасын бастапқы баға бойынша жоспарланып отырған жылдың басына қатысты сомаға немесе жоспарланып отырған кезеңде қолданысқа енгізіліп жатқан және сатып алынып жатқан негізгі өндірістік қорларды қайта бағалаудан кейінгі құнына, орташа жылдық құнына негізделумен сол уақыт ішінде қолданыстан шығып жатқан негізгі құралдардың ораташ жылдық бағасын шегерумен белгілейді. Нормаланатын айналымдық құралдардың орташа жылдық бағасын жоспарланып отырған жылдың басы мен соңына қатысты айналымдық қаражаттар сомасының жартысын және жылдың қалған айларының алғашқы күніне арнап ескерілген нормаланатын айналымдық қаражаттар сомасының жартысын он екіге бөлумен белгілейді.

Есептік рентабельділік Р р сонымен қатар есептік пайданың П р өндірістік қорлардың орташа жылдық бағасына қатынасы ретінде пайыздармен белгіленеді : Р р = П р / А · 100.

Жалпы рентабельділікке келесі өзгерістер әсер етеді: өнім бірлігіне қатысты пайданың, сатылу көлемі мен құрылымының, негізгі қорлардың және нормаланатын айналымдық құралдардың орташа бағасының, басқа құндылықтарды сатудан болған қаржылық нәтижелердің өзгеруі, сондай-ақ сатудан тыс түскен табыс пен шығындар. Осы факторлар бірлескен түрде әсер етеді және олардың әрқайсысының әсерін тізбектік өрнектер құрумен белгілеуге болады.

Пайданың, сондай-ақ рентабельділіктің артуында шешуші мағынаға өнімнің өзіндік құнының төмендеуі мен оны өндіру көлемінің артуы, сондай-ақ өнім құрылымының (ассортиментінің) өзгеруі мен сапасының жақсаруы ие болады. Өнімның сапасын жақсарту - кәсіпорын оңтайлығының артуының маңызды шарты, себебі сапасы жоғары өнімді сату кезінде олар қосылған бағамен сатылады. Рентабельділік пайданың күрделі салымдарға қатынасы ретінде немесе пайданың акционерлік капиталға қатынасы ретінде есептеледі; кәсіпкерлік жобаны жүзеге асырудың әр жылына арнап рентабельділік орташа жылдық мағына ретінде есептеледі. Бұл ретте салық салу да ескеріледі.

Кәсіпорын ішінде оның бөлімшелері (цехтар мен телімдер) бойынша өзіндік құнды, пайда мен оңтайлықты жоспарлау ісі әртүрлі әдістермен және әртүрлі көрсеткіштердің көмегімен жүзеге асырылады. Кәсіпорын цехтары бойынша пайда мен оңтайлықты жоспарлау ісі зауыт ішіндегі жоспарлық-есептеу бағаларын белгілеуді қажет етеді. Әрбір цехқа арнап жоспарланған көрсеткіштердің құрамы сол өндірістің ерекшеліктерін ескеруі тиіс және мұқият негіздемелеуге жатады [5] .

1. 3 Кәсіпорынның пайдасын арттыру

Кәсіпорын басшысына істі тиімді жүргізуді ойлауы қажет, яғни пайданы өсіру. Пайданы арттырудың 2 негізгі жолы бар:

- біріншіден, - бұл өндіріс пен сату көлемін ұлғайту;

- екіншіден, - бұл өндіріс пен айналыс шығындарын төмендету.

Қазіргі уақытта, барлық кәсіпорындар аз рентабельді және зиянмен болған жағдайда бірінші жол орындалмайтын болып табылады. Бірақ кәсіпорында қызметке экономикалық талдау жүргізілсе, онда ішінара болса да осы мәселелерді шешуге және қиын жағдайдан шығуға көмектеседі.

Кәсіпорынның экономикалық ситуациясы түбегейлі өзгермеген жағдайда болашақтағы әрекеттерді жоспарлау барынша жеңіл болады. Бірақта өкінішке орай бүгінгі күні барлық кәсіпорындар үнемі өзгеріп отыратын динамикалық жағдайда.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндіріс рентабельділігі туралы ақпарат
Өнімнің өзіндік құнын төмендету, пайда, рентабельділікті арттыру әдістері жайлы ақпарат
Кәсіпорын ұжымының әлеуметтік даму жоспары
Кәсіпорынның қаржылық ресурстарын ұйымдастыру және оларды пайдалану тиімділігі
Өнімнің өзіндік құнын төмендету, рентабельділікті арттыру әдістері жайлы мәлімет
Кәсіпорын қызметінің негізгі факторлары
Кәсіпорын қызметінің маңызы және мақсаты
Өнімнің өзіндік құнын төмендету
Өнеркәсіптік компанияның қаржы ресурстарын басқару
Өзіндік құн, пайда және рентабельділік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz