Саяси философия



1. Философия,саясат және казіргі заман
2. Т. Мор мен Т. Кампанелланың утопистік. социалистік ілімдері
3. Саяси және құқықтық сана мәселері
4. Қазакстан тәуелсіздігінің нышандары
5. Саяси философияның қалыптасу ерекшеліктері
6. ХХ ғасырдағы Қазакстандағы қоғамдық. саяси, философиялык ойлар
Философия - адам пайымының бүкіл әлем мен болмысқа, қоршаған дүниеге, табиғатқа, өзі өмір сүретін ортаға және өзінің ақыл-ойы мен сана-сезімінен тысқары тылсым дүниеге қатынасы; адамзат танымының дүние мен жаратылысқа деген көзқарасты айқындайтын мифология, философия және ғылымнан ерекше өзіндік бір тұрпаты; адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени институт, ерекше қоғамдық сана және әлеуметтік құбылыс.
Философияның басты белгісі – адамның ақыл-ойы, сезім мүшелері қабылдай алмайтын болмыс түріне сену және оны мойындау. Ислам философиясының түсіндіруінше, дін дегеніміз - әлемді байланыстыратын күш Алланың барлығына сенім. Бүкіл әлемді және адамды жаратушы ие – Жалғыз Алла адам баласының жүрегін өзіне ұштастыра жаратады, яғни Жаратушының барына сеніп, оның ажырамас бөлшек екенін адам өз жүрегі арқылы сезетін болады.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СРО

Тақырыбы : 1. Философия,саясат және казіргі заман
2. Т. Мор мен Т. Кампанелланың утопистік- социалистік ілімдері
3. Саяси және құқықтық сана мәселері
4. Қазакстан тәуелсіздігінің нышандары
5. Саяси философияның қалыптасу ерекшеліктері
6. ХХ ғасырдағы Қазакстандағы қоғамдық- саяси, философиялык ойлар

Орындаған: Шынберген М.
ПТ-311
Тексерген: Кенжебулатова А.М.

Семей 2015 жыл
Жоспары:
1. Философия,саясат және казіргі заман
2. Т. Мор мен Т. Кампанелланың утопистік- социалистік ілімдері
3. Саяси және құқықтық сана мәселері
4. Қазакстан тәуелсіздігінің нышандары
5. Саяси философияның қалыптасу ерекшеліктері
6. ХХ ғасырдағы Қазакстандағы қоғамдық- саяси, философиялык ойлар

1. Философия,саясат және казіргі заман
Философия - адам пайымының бүкіл әлем мен болмысқа, қоршаған дүниеге, табиғатқа, өзі өмір сүретін ортаға және өзінің ақыл-ойы мен сана-сезімінен тысқары тылсым дүниеге қатынасы; адамзат танымының дүние мен жаратылысқа деген көзқарасты айқындайтын мифология, философия және ғылымнан ерекше өзіндік бір тұрпаты; адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени институт, ерекше қоғамдық сана және әлеуметтік құбылыс.
Философияның басты белгісі - адамның ақыл-ойы, сезім мүшелері қабылдай алмайтын болмыс түріне сену және оны мойындау. Ислам философиясының түсіндіруінше, дін дегеніміз - әлемді байланыстыратын күш Алланың барлығына сенім. Бүкіл әлемді және адамды жаратушы ие - Жалғыз Алла адам баласының жүрегін өзіне ұштастыра жаратады, яғни Жаратушының барына сеніп, оның ажырамас бөлшек екенін адам өз жүрегі арқылы сезетін болады. Философияның басты мақсаты - адамның рухани жетілуі және оның Жаратушы Құдаймен байланысын орнату болса, ислам тұжырымдамасы бойынша, рухани жетілу сатысының бірінші деңгейінде тұрған адамның алғашқы махаббаты, таза құлшылығы, қорқынышы Аллаға арналады. Діни тұрғыдан, дін - бүкіл болмыстың түпкі себебі барын, дүние-болмыстың жаратылу мақсатын, оның сыр-сипатын түсіндіріп, танып білуге және адамның рухани жетілуіне мүмкіндік жасайтын іс-әрекеттер мен бүкіл дүниетанымды, болмысты толық қамтитын өте кең, ауқымды ұғым. Діннің шығуы қазіргі ғылымның зерттеулері бойынша 40 - 50 мың жыл бұрынғы палеолит (тас дәуірі), яғни алғашқы қауымдық қоғамның салыстырмалы түрде жоғары деңгейдегі даму кезеңіне жатқызылып отыр[1].
Философия -- дүниеге көзқарастың шындық дүниені бұрмалап бейнелендіруші формасы. Философия мен діннің жақындығы сол, ол екеуі де дүниеге көзқарастың қоғамдық тарихи формалары ретінде дүниені түсіндірудің және адамдардың санасы мен мінез құлқына ықпал жасаудың ұқсас міндеттерін шешеді. Алайда олардың бір - бірінен айырмашылықтары да орасан зор. Мыңдаған жылдар бойы терең діни сенімдегі адамдардың ішінде философиялық пайымдауы бар адамдардың саны болмашы ғана болды.
Философиялық пайымдауға ақыл - ой бостандығы тән. Діни көзқарас үстем болған ол жылдарда өздігінше еркін пайымдау жасауға тек тиісті білімі бар, ақыл - ойы жетік, рухани жағынан табанды адамдар ғана адамдар қабілетті болды. Ал адамдардың басым көпшілігінің дүниеге көзқарасы дін мен мешіт, шіркеу тағайындаған түсініктерден, адмгершілік мінез - құлық талаптарынан тыс шыға алмады. Тек білім мен мәдениет өскен , ғылыми прогресс іске асқан соңғы екі - үш ғасырда ғана философиялық көзқарас, зерттеулур кеңінен тарай бастады.
Саясат және Философия -- философия қоғамдық сананың бір түрі ретінде қоғамның саяси өмірінде маңызды рөл атқарады. Діни ұйымдар дінге сенушілерді белсенді іс-әрекеттерге тарту арқылы саясатта шынайы күшке айнала алады. Дін саяси өмірге тәжірибелік қызметі арқылы да, әр түрлі діни және әлеуметтік ілімдер арқылы да ықпал ете алады.
Философия және саясат- қазіргі таңда, әлемде, оның ішінде түбегейлі бет-бұрыс жасап, демократиялық өзгерістерді іске асырып жатқан әлемде, саясаттан тыс тұрған адам жоқ. Яғни, саясат ол - әлеуметтік күрделі құбылыс болып саналады. Өйткені, бүгінгі күні ешбір адам өзін саясаттан тыспын деп айта алмайды. Саясат - қоғамның саяси саласы. Саясат қоғамның басқа да салаларын қамтиды және сол салалармен байланыста болады. Мәселен, "саясат және дін", онда діннің саясатпен байланысын көреміз. Тіпті, ең алғашқы кездегі саясаттың өзі де діни тұрғыда болған. Қоғамның саяси өмірінде дін айтарлықтай орын алады. Адамзат тарихында мемлекет пен діннің ара қатынасы үш түрлі шешіліп келеді:
1. Мемлекеттік билікті діннің орталығына айналдыру;
2.Мемлекеттік діни мекемелерге бағындыру;
3.Мемлекет пен діннің одағы. Қазір ол екі түрлі шешіледі:
1) мемлекет пен діннің имандылық негізінде;
2) мемлекет пен діннің бөлінуі, бір-бірінің ісіне араласпауы.
Философия әділетті, қайырымды болуға, кісі ақысын жемеуге, өтірік айтпауға, туыстарын, үлкендерді сыйлауға, ұрлық-қарлық жасамауға және т.с.с. үйретеді. Қазақстан Республикасының Конституциясының 22-бабына сәйкес әркімнің ар-ождан бостандығына сай әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар. Ол әркімнің дінге көзқарасын дербес белгілеуге, діннің кез келгенін уағыздауға, ұстануға немесе ұстанбауға құқығы бар екендігін білдіреді.
Философияның саясиландырылуы - саяси құралдарды діни мақсатта қолдану. Саясиландыру дамудың белгілі бір кезеңінде барлық діндерге тән. Саяси діндер бүкіл қоғамда өз тәртібін орнатуга тырысады. Онда басқа діндегілердің, дінге сенбеушілердің де құқықтары еленбейді. Онымен қоймай, саяси діннің әлемдік және тайпалық діндерден айырмашылығы ажыратылмайды: индуистік радикалдар Үнді шекараларында саяси-аумақтық тәртіп орнықтыруға талпынады, ал, ислам фундаментализм! - исламға негізделген шексіз дүниетаным, әлемдік тәртіп тұжырымы. Дінді саясиландыру себептері әсіресе, мұсылман әлеміне қатысты тұсы өте жақсы зерттелген. Ғалымдардың көпшілігі саяси исламның "күрт" өсуін халық жағдайының жақсаруымен, экономиканың өркендеуіне емес, терең дағдарысқа әкелген сәтсіз модернизацияның салдарымен байланыстырады[4].
* - қазіргі заманның өткір мәселелеріне діни жауап беруге талпыныс. Саяси діннің пайда болуы - модернизациядан бас тарту емес, сәтті, сол қоғамның талаптарына сай модернизация жасау. Егер модернизация батыстық, либералдық негізде жүзеге асырылмаса, онда оны дін негізінде жасауға талпыныстардың болатыны сөзсіз. Бұл, әрине, саяси діндердің жақтаушыларына "дәстүрлі" құндылықтарға оралуға шақыруға кедергі келтіре алмайды. Осындай үндеулерге қарамай-ақ, саяси дін - қазіргі өркениет айбатына өз жауабы ретінде дамушы жаңа құбылыс.
Саясат мәселесін философиялық тұрғыдан анықтау - барлық әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы пәндерді оқыту үшін теориялық-методологиялық негіз болып табылады. Саясат философиясының пәніне- әлеуметтік философиялық теориялардың аса жалпы көзқарастық, құндылықтық және методологиялық негіздемелерге қатысты саяси әлемнің универсалийлерін зерттеу жатады.
Жалпы, қазіргі заманғы саясат философиясындағы зерттеулердің төрт түрлі негізгі бағыттарын ажыратуға болады, олар:
Саяси онтология (саяси болмыс туралы ілім) - саясаттың жалпы обьективтік негіздерін, саясаттың қайта жаңарту мүмкіндіктерін анықтайды, саяси әлемнің бейнесін қалыптастырады, саяси болмыс мәселесін, саяси кеңістік пен уақыттың антиномияларын қарастырады;
Саяси антропология (саяси адам туралы ілім) - саяси адамның творчестволық мүмкіндіктерін, саяси әлеуметтену мәселелерін, құндылықтық мотивациясын, саяси және әлеуметтік мәдени бірегейлік мәселелерін зерттейді;
Саяси праксиология (саяси әрекет теориясы) - саяси әрекеттердің құрылысы мен функцияларын, саяси өзгерістердің шекаралары мен мүмкіндіктерін, дәстүрлі және модернизацияланған қоғамдағы саяси әрекеттердің мотивациясы мен динамикасын айқындайды;
Саяси эпистемология (саясат әлемін тану) - саяси шындықты танудың ерекшеліктерін, саясаттағы ұғымдар мен түсініктердің, рационалдық пен иррационалдықтың ерекшеліктерін анықтайды және саяси процесстерді зерттеудің жаңа постклассикалық әдістерінің қалыптасуын зерттейді. И.Канттың іліміне сүйенсек, саясат философиясы - жаңа заманғы барлық саяси құбылыстардың қайталанбас біртұтас синтезі және саясаттың реттеушілік идеясы оның нәтижесі деп айтуға болады.

2. Т. Мор мен Т. Кампанелланың утопистік- социалистік ілімдері
Қайта Өрлеу дәуірі - ортағасырлық кезеңнен Жаңа заманға қарай өтетін өтпелі уақыт, бірнеше мыңжылдықтарды қамтыды (XIV-XVI ғ.ғ.).
Қайта Өрлеу дәуірінде алғашқы капиталистік қатынастар пайда болып, ұлттық мемлекеттер қалыптасты, абсолютті монархияға қарсы әлеуметтік конфликтілердің өршіген кезеңі болатын. Германиядағы шаруалар көтерілісі, Франциядағы діни соғыстар, Нидерландиядағы буржуазиялық ревалюциялар.
Бұл кезде қоғам өмірі мен мәдениет саласында бірқатар жетістіктерге қол жеткізді. Қайта өрлеу дәуірі ХІҮ ғ. Италияда пайда болып, гүлденуі ХҮ ғ. болды, ХҮІ ғ. Қайта өрлеу бүткіл батысеуропалық құбылысқа айналды. Қайта өрлеу дәуірі мәдениетінің жарқын көрінісі Флоренцияда ХҮ ғ.аяғы мен ХҮІ ғ. басында көрінді. Италияда қала мемлекеттерінде белсенділік орын алып, феодалдық ескіліктен арылу басталды. Қалаларда сауда, банк істері дамыды, мануфактура пайда болды. Қайта өрлеу дәуірінің мәдениеті мен философиясы - жаратылыстану және географиялық жаңалықтармен байланысты болды.
"Утопия" деген терминді мінсіз қоғамды білдіру үшін тұңғыш рет Томас Мор қолданды. Содан кейінгі жерде бұл термин ойдан шығарылған, өмір сүрмейтін қоғамдық тәртіптерді сипаттағанда қолданыла бастады. Жеке меншікке негізделіп өмір сүріп отырған құрылысты сынап, болашақ мінсіз құрылыстың көрінісін бейнелейтін, қоғамдық меншіктің қажет екенін теориялық түрғыдан негіздеуге тырысатын утопист-социалистер көптеген көреген идеялар мен болжамдар айтты. Сондықтан да ағылшын саяси экономиясы және классикалық неміс философиясымен бірге утопиялық социализм ғылыми социализмнің идеялық көздерінің бірі болып табылады. Жеке меншікті айыптау мен мүлік ортақтығын дәріптеуді Ежелгі Грекия мен Римнің кейбір жазушыларынан, орта ғасырдағы "еретиктерден", феодализм дәуіріндегі кейбір шаруалар көтерілістерінің бағдарламалары мен шаруалар идеологтарынан кездестіруге болады, мұның өзі антагонистік қоғамдағы теңсіздік пен адамды адамның қанауына табиғи көзқарас еді.
Капитализмнің пайда болуы мен дамуына және пролетариаттың азды-көпті дамыған ізашарларының қалыптасуына қарай Утопиялық социализм барған сайын тарихи реализм сипатын алып, теория ретінде күрделене түседі, әртүрлі мектептер мен бағыттар құрып, тармақтана береді. Утопиялық социализмнің жүйелі дамуы капитализмнің туу кезеңінде, Қайта өрлеу және Реформация дәуірінде басталды (Я.Гуе, Мюнцер, Т.Мор, Т.Кампанелла). Ол Еуропадағы буржуазиялық революциялар кезеңінде қайта дамып, пролетариаттың ізашарларының идеологиясына айналды. Капитализм қауырт дамыған кезеңде буржуазиялық төңкерістер идеологтарының жалған үміттері сейіліп, ал капиталисттік қоғамның қайшылықтары барған сайын айқындала түскен кезде утопиялық социализм өз дамуының шырқау шегіне жетті (Сен-Симон, Фурье, Оуэн, тағы басқалар)- Карл Маркстің айтуынша, тек өндіріс әдісінде төңкеріс жасамай қоймайтын өндіргіш күштердің дамуы, капиталисттік қоғамның дамуы барысында ұйымдасқан өнеркәсіп пролетариатының пайда болуы социализмді утопиядан ғылымға айналдырудың тарихи мүмкіндігін жасайды
XVI ғ. утопиялық ілімі ағылшын гуманнисті Т.Мордың шығармаларымен байланысты.
Т.Мор (1478-1535). Утопиялық социализмнің негізін салушылардың бірі. Қайта өрлеу дәуірінің гуманист - рационалисті. Басты шығармасы - Золотая книга, столь же полезная, как забавная, о наилучшем устройстве государства и о новом острове Утопии (1516). Ол тұңғыш рет өндірісті қоғамдастыру идеясын дәйекті түрде дәлелдеп, оныеңбекті ұйымдастырудың коммнистік идеялармен байланыстырды. Бостандыққа негізделген қиядағы Утопия мемлекетінің шаруашылық ұясы - отбасы, қолөнер өндірісіне негізделген. Утопиялықтар демократиялық басқару, еңбек теңдігі жағдайында өмір сүреді. Ададар күніне алты сағат жұмыс істеп, қалған уақытында ғылыммен, өнермен шұғылданады. Адамның жан - жақты дамуына, теориялық оқуды ңбекпен ұштастыруына үлкен мән беріледі. Мор жаңа қоғамға өтуді бейбіт жолмен іске асыруды армандады. Мор көптеген моральдық-философиялық трактаттар қалдырған. Өзінің "Утопия" (1516) деген негізгі шығармасында жеке меншікке негізделген қоғамды, өз тұсындағы әлеуметтік-саяси қатынастарды сынға алып, қоғамдық меншікке негізделген қоғамдық құрылысты суреттеді. Қоғамдағы кемшіліктердің негізі жеке меншікте, ал оның өмір сүру негізі - адамдардың теріс әрекеті, менмендік, мансапқорлық дейді.

Ол алғаш рет өндірісті қоғамдастыру идеясын дәйекті түрде баяндап, оны еңбекті ұйымдастыру және бөлісу идеяларымен байланыстырды. Бостандыққа негізделген қиялдағы "Утопия" мемлекетінің негізгі шаруашылық ұясы - отбасы қолөнер өндірісіне негізделген. Ондағы адамдар демократиялық басқару, еңбектің теңдігі жағдайында өмір сүреді. Адамдар күніне 6 сағат жұмыс істеп, қалған уақытында ғылым, өнермен шұғылданады.
Адамның жан-жақты дамуына, оқуды еңбекпен ұштастыруға үлкен мән берілген. Мор жаңа қоғамға өтуді бейбіт жолмен іске асыруды армандады. Оның "Утопиядағы" қиялдары утопия социализмнің бастамасы болды. Мордың "Утопиясы" кейінгі реформаторларға, Фурье, Сен-Симон секілді басқа да утопия социализмнің өкілдеріне зор әсер етті.
Идеалды қоғам туралы жоба жасаған басқа да ойшылдар болды.
Т.Кампанелла (1568-1639). Утопиялық қоғам авторы. Оның ең жақсы қоғамдық құрылым туралы идеялары "Күн қаласы" атты еңбегінде жақсы жазылған. Кампанелла да Платон сияқгы некелік жанүялық қатынастарды ортақтандыру принципін таратуға тырысты. Ол Күн қаласында өндіріс үясы жанүя емес, бригада немесе үстаханалар болады деп есептеді. Кампанелла еңбекті барынша дәріптеп қүлдықгы сынады, сондықган да Күн қаласында қылмыскерлер қоғамдық жұмысқа тартылмайды. Кампанелланың ойынша, ортақ меншікке негізделген қоғамда мемлекет сақталады. Алайда ол суреттеген мемлекет саяси ойлар мен мемлекеттік мекемелер тарихында белгілі болып келген мемлекеттен мүлдем өзгеше еді. Күн қаласында билік пен басқару үш принципке негізделеді:
* жаңа мемлекеттің басты міндеті өндіру мен бөлуді ұйымдастыру, азаматтарды тәрбие арқылы басқару;
* мемлекеттің бүл міндеті билік пен басқаруды жүзеге асыруда ғалымдардың елеулі рөлі болатынын көрсетеді;
* жаңа қоғамдық құрылым мемлекетті басқаруға халықтың қатысуын талап етеді.
Күн қаласында құқық, әділ сот және жаза бодцы. Зандар көп емес, қысқа әрі нұсқалы жазылды. Заңдардың мәтіндері сот жүргізілетін ғибадатханалардың колонналарына ойылып жазылған. Сот процесі ашық, ауызша және тез өтеді. Феодадцық процестерге төн азаптау мен сот тартыстарына жол берілмеген. Жазалау әділеттілік принципімен және қылмысына сәйкес жүргізіледі. Кампанелла саясаткерлер мен тирандар ойлап тапқан "мемлекеттік қажеттілік" ұғымын моральға жат нәрсе деп есептеді, оның ойынша, билікке қол жеткізу және оны сақтап қалу үшін кез келген заңды бұзуға болады деген қағида тек соларға ғана тиімді деп есептеген. Әлеуметтік утопистер сол дәуірдің әлеуметтік қатынастарына және кейнгі заман философиясыеа айтарлықтай әсер етті.
3. Саяси және құқықтық сана мәселері
Сана мәселесі философиядағы басты және күрделі, түсіндіруге қиын мәселелердің бірі, себебі сананы керу, өлшеу, сезім мүшелері арқылы қабылдау мүмкін емес, бірақ сана адамның жануарлар дүниесінен ерекшелігін көрсететін факторлардың бірі, сана арқылы адам мен оны қоршаған ортаның арасындағы байланыс жүзеге асырылатыны күмәнсіз. Сондықтан да философия тарихында сана, жан, бейсаналық ұғымдарының төңірегінде үнемі пікірталастар жүріп отырды және олар қазір де жалғасуда.
Саяси сананың құрылымы екі деңгейден тұрады: қарапайым-практи- калық; идеологиялық-теориялық. Қарапайым саяси сана стихиялық түрде өмір сүруді, еңбек етудің эмпирикалық жағдайларының бейнесі ретінде практикалық қызметтен тікелей туындайды. Ол ұжымдық-әлеуметтік шығармашылық жемісі. Оның құрылымында рациональдік пен эмоциснальдік, пайымдаулар мен эмоциялар, дәстүрлер мен қазіргі заманғы құбылыстар, әдеттер, көзқарастар, дүниетанымдық элементтер араласып жатады. Қарапайым саяси сана теориялық қағидалар мен философиялық ұғым-категорияларға емес, ойлаудың алғашқы формаларына, күнделікті тәжірибеге негізделген, ол қарапайым адамның қоғамдық құбылыстарға деген реакциясын бейнелейді, өмір драматизміне толы. Сондықтан да мемлекеттің, әр түрлі партиялардың саяси қызметі қарапайым сананы терең зерттеп алмай, жеңіске жетпейді.
Саяси идеология - белгілі бір таптың, мемлекеттің көзқарастарын, саяси мақсаттары мен стратегиялық міндеттерін біртұтас теориялық пайымдау жүйесі.
Саяси идеологияны адамдардың арнайы топтары идеологтар және идеялар өндірісімен, әлеуметтік технологиялар мен санаға ықпал етудің идеологиялық әдіс-тәсілдерін жасақтаумен арнайы айналысатын идео-логиялық институттар қалыптастырады. Қазіргі заманда саяси күрестің неше түрлі тәсілдері пайда болды.
Саяси идеология әлеуметтік саладағы өзгерістер жасаумен қатар жүрген-де ғана табысты болмақ. Көптеген партиялар осы факторға баса назар ауда-рады, бұл 2004 жылдың күзінде өткен Парламенттік сайлауға, 2005 жылдың 4-желтоқсанында өткен Президентті сайлау дайындық барысында анық байқалды.
Саяси сана моральдық факторлармен де тығыз байланысты, яғни саяси сана және мораль салыстырмалы түрде тәуелсіз болғанымен, бір-біріне әсер ету дәрежесі зор. Саяси қайраткердің моральдық тазалығы, ісі мен сөзінің бірлігі, шынайылығы, адамгершіліктік келбеті оның саяси қызметіне, халықтың арасындағы беделіне едәуір ықпалын тигізеді.
Құқықтық сана - адамдардың мемлекет тағайындаған заң ережелері мен заң мекемелерінің жиынтығы болып табылатын нақты құқыққа деген қатынастарын білдіретін көзқарастарының, идеяларының, теориялары мен түсініктерінің жиынтығы.
Құқықтық сананың да екі деңгейі бар:
1) практикалық құқықтық сана - адамдардың құқықты практикалық қолдануы, қоғамда қабылданған нормативтік актілерге қатысты қылықтары, сыртқы іс-әрекеттері. Ол мынадай компоненттерден тұрады: құқықтық сезімдер, құқықтық дағдылар және әдеттер, құқықтық білімдер.
Құқықтық сезімдер субъективті, оларды заң ережелеріне адамның реакциясы деуге болады. Мысалы, әділеттілік сезімі, еркіндік сезімі, немесе ашуыза
Құқықтық дағдылар - адамның заң талап ететін сыртқы әрекеттер
жасай білуі, бұл әрекеттердің оның бойында тұрақты қалыптасуы (Мысалы, шығынды етеу, келісім-шарт жасау, тиесілі нәрсені ала білу және т.б.). Мұндай дағдылар индивидтің өмірін, қызметін жеңілдетеді.
Құқықтық әдеттер - құқықтық нормаларды сақтауға деген индивидтің ішкі қажеттілігі.
Құқықтық білімдер - құқық саласы бойынша субъектіні түсініктерінің, пікірлерінің, бағдары мен ұстанымдарының жиынтығы.
Осы аталған компоненттер адамның құқықтық мәдениетін қалыптастырады.
2) Теориялық құқықтық сана - құқықты, оның шекаралары мен нор-мативтерінің шекараларын түсінуге, құқыққа қатынас тәсілдері мен құрал-дарын анықтауға және құқықтық білімді жетілдірдіруге арналған ой қызметі процесі мен оның жемісі.
Мұндай ой қызметінің міндеті - құқықтық сананы өзгерту, оның құқықтық нормативтерге мүмкіндігінше көбірек сәйкес болуына жету. Бұл қызметті арнайы құқықтық білімі бар адамдар атқарады, олар заң ғылымын кәсіби дамытып, заңдар дайындайды, ғылым-практикалық ұсыныстар жасайды.
Құқықтық сана әр түрлі функциялар атқарады:
1) танымдық - құқықты практикалық түрде қолдану және құқықтық қатынастарға тікелей қатысу арқылы адамдар құқықты танып-біледі.
2) бағалау функциясы - өзі өмір сүріп отырған қоғамдағы құқық өзінің көзқарастарына сәйкес келе ме, әлде жоқ па - субъект осыған байланысты құқықты жағымды немесе жағымсыз бағалайды. Әрине мұндай бағалау жасай білу үшін құқықтық білім қажет.
3) реттеу функциясы -құқықтық информацияның субъект қызметінің бағдарламасына айналуы және бұл білімнің нақты істерде көрініс табуы.
Мораль немесе адамгершіліктік сана - адамдар өздерінің мінез-құлықтарында басшылыққа алатын, олардың бір-біріне, қоғамдастықтың әр түрлі формаларына қатынасын білдіретін принциптердің, ерелердің, нормалардың жиынтығы.
Мораль қоғамдық сананың ең коне формаларының бірі. Өзін сақт қалу үшін қоғам адамдардың бәрі үстануға тиіс ережелер қалыптасты рып, олар арқылы жалпы адамдардың, жыныстардың және ұрпақтардь арасындағы қатынастарды реттеп отырды.
Моральдың пайда болуы туралы бірнеше концепциялар бар.
1) Діни түсінік бойынша, адамгершіліктік заң адамға сырттан, құдай дан беріледі.
2) Эмпирикалық концепция мораль адамның, оның тәжірибесінің, та- рихының дамуының, әдеп-ғұрыптары мен дәстүрлерінің қалыптасуының жемісі деп түсіндіреді.
3) Автономдық концепция бойынша мораль адамға әуелден, генети калық деңгейде берілген, сондықтан ол салыстырмалы түрде өзгеріске көп ұшырамайды және адамдардың индивидуальдік сапаларына байланысты әрбір адамда әр түрлі.
Моральдің ұлттық, таптық және жалпы адамзаттық сипаты бар. Кезінде таптық моральға шектен тыс назар аудару, оны әсірелеу қоғамға белгілі бір деңгейде зиян әкелгені белгілі. Қазіргі уақытта ұлттық моральдық құндылықтарды жаңғырту - ұлтты сақтап қалу, мысалы, қазақ ұлтын сақтап қалу факторы ретінде қарастырылып отыр. Бұл дұрыс қадам деп мақұлдай отырып, моральдың жалпы адамзаттық сипатын да естен шығармауымыз керек. Қоғамдық сананың басқа формаларымен салыстырғанда мораль ең басты десек, артық емес, себебі адамның адами сипаты оның бойындағы адамшылығы арқылы, қоғамның даму деңгейі оның адамгершіліктік келбеті арқылы анықталатыны сөзсіз.
4. Қазакстан тәуелсіздігінің нышандары
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері мен ұлттық валютасы ел Тәуелсіздігінің нышандары болып табылады.
Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңге. Қазақстан теңгесі 1993 жылдың 15 қарашадағы Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен айналымға шықты.

Ескі ақшаны қазақстандық теңгеге айырбастау 1993 жылы 15 қарашада сағат 8.00-де басталып, 20 қарашада сағат 20.00-де аяқталды. Ұлттық Банк бастапқыда 1 теңгені сол кездегі мың рубльге бағалаған болатын. Дегенмен, еліміздің саяси, әлеуметтік мәселелері және мемлекетаралық қатынастар ескеріліп 1 теңге 500 сомға бекітілді. Теңге бірінші айналымға кірген күні 1 доллар 4,75 теңге болып бекітілді. 1994 жылы қағаз тиындардың орнына жезден жасалынған 2,5,10, 20 және 50 номиналды монеталар шықты. Ұлттық валюта банкнот және монета түрінде айналысқа енгізілді. Қазір банкнот - Ұлттық Банктің Алматы қаласындағы Банкнот фабрикасында, ал монета - Өскемендегі Монета сарайында шығарылады.Ел Президентінің Жарлығымен 1997 жылдан бері 15 қараша төл валютамыздың туған күні әрі қаржыгерлер күні болып белгіленді. 2006 жылы 15 қарашада жаңа үлгідегі банкноттар айналысқа енгізілді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы -- ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.

Тудың көгілдір біртүстілігі, аспанның бұлтсыз таза күмбезін еске түсіріп, Қазақстан халқының бірігудің жоғары және игілікті идеясына бейімділігін бейнелейді. Мемлекеттік жалаудың көгілдір аясы, Қазақстан халқының жаңа мемлекет құруға ұмтылу ниетінің тазалығы мен көтеріңкілігін көрсетуге шақырады. Өз сәулесіне шомылған алтын Күн, тыныштық пен байлықты білдіреді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туындағы дала бүркіті қазақстандықтардың жомарттығы мен қырағылығын, пейілінің биіктігін танытады. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының авторы - Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы -- дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған.

Тұлпар -- дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар -- қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi. Жоғарғы бөлігінде - бес бұрышты көлемді жұлдызбар. Бес бұрышты жұлдыз елтаңбаның тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар дегенді нұсқайды. Ал төменгі бөлігінде Қазақстан деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ Қазақстан деген жазу - алтын түстес. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторлары - белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.
Бұрын Менің Қазақстаным әні ретінде танымал болған Қазақстанның Әнұраны Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. "Менің Қазақстаным" әнұран ретінде алғашқы рет Н.Назарбаевтың инаугурация кезінде орындалды.

Әнұранның әуені 1950 жылдардан бері Қазақстанның бейресми әнұраны атанған Шәмші Қалдаяқовтың "Менің Қазақстаным" әні болғанымен мәтіні аз кем өзгертілген. Әні - композитор Шәмші Қалдаяқовтікі, сөзі - Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаевтікі.

5. Саяси философияның қалыптасу ерекшеліктері
Саяси философия - саяси теорияның әдіснамалық, жалпы дүниетанымдық және құндылық негіздерін, яғни, саясат әлемін зерттейді. Саяси философия саясаттың рухани өлшемі мәселелерімен айналысады. Саяси философия пәнін үш түрлі топқа бөлуімізге болады: саяси құндылықтар, шынайы саясатты мораль, ірі қоғамдық топтар мүддесі түрғысынан бағалау; саясаттың терең негіздері, саяси-философиялық білімдер тиімді ізденістерге негізделеді; саясатты танудың құралдары мен тәсілдерін талдау саяси түсініктер мәнін анықтайды. Қай заманның ойшылы болмасын ойландыратын бір ғана мәселе - халықты бақытты ету жолдарын іздеу. Оны әр ойшыл өзінше пайымдап, өзінше шешті. Жалпы саяси ойдың даму кезеңдері мен ойшылдарын былай топтауға болады:
Ерте дүние Конфуций, Будда, Заратустра, Иеремия, Пифагор, Демокрит, Платон, Аристотель.
Ортағасырлық А. Августин, Ф. Аквинский, М. Лютер.
Қайта өрлеу Н. Макиавелли, Томас Мор, Т. Кампанелла, Т. Гоббс, Д. Уинстенли, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Философияның қарастыратын мәселелері
Қазақ философиясы қалыптасуының тарихи ерекшеліктері жайлы
Марксистік философия тарихы
Философияның даму тарихы
Философия пәні: ұғымы мен мазмұны
Қазақ философиясының пайда болу туралы ойшылдардың көзқарастары
Философия пәні бойынша оқу әдістемелік кешені
ФИЛОСОФИЯ ПӘНІ БОЙЫНША СЕМИНАР САБАҚТАРЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Марксистік философия
Философия (лекциялар)
Пәндер