«Өндірісті ұйымдастру және басқару» пәнінен оқу құралы



Мазмұны:

Кіріспе

1. Өндірісті ұйымдастыру негіздері
2. Тұлға билік және менеджер беделі
3. Ұйымның сыртқы ортасы
4. Өндірістік цикл және оның құрылымы
5. Негізгі қор және кәсіпорынның онымен қамтамасыз етілуі
6. Кәсіпорныдағы техникалық күту және негізгі қорларды жөндеу жүйесі
7. Еңбек өнімділігі және оны өлшеу әдістері
8. Кәсіпорындағы еңбек ақы
9.Өнімнің өзіндік кұны
10. Кәсіпорындағы стратегиялық жоспарлау
11. Өнім өндіру және сату жоспары
12. Өнімнің сапасы және оның бәсекеге қабілеттілігі
Кіріспе

Қазақстан экономикасының қазіргі жағдайы бір жағынан экономикалық реформалардың нақты оң нәтижелеріне қол жеткізумен сипатталса, екінші жағынан, өндіріс орындарының іс - әрекетіне негізделеді. Сондықтан өндіріс қызметін дұрыс ұйымдастыру және тиімді басқарудың маңызы үлкен.
Нарықтық қатынастардың дамуы мен тереңдеуі қазіргі талапқа сай өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың теориялық білім алу мен тәжірибелік дағдыларын игеру қажеттілігін туғызады.Халық шаруашылығының барлық салаларындағы кәсіпорындарда нарық талабына сай қызмет атқаратын менеджерлер болуы керек,сондай-ақ негізгі өндірісті және өндірістік инфрақұрылымды ұйымдастыру, жоспарлау қағидалары бойынша менеджменттің функциясы мен қағидаларының негізінде терең теориялық білімі болуы қажет. Кәсіпорындағы менеджмен деңгейі нарық жағдайында оның бәсекегеқаблеттілігін анықтайды.
Бұл пәнді оқыған соң студенттер кәсіпорынды ұйымдастыру, жоспарлау қағидаларын және әдістерін білуі, негізгі өндірістік жүйелерде ұйымдастыру шешімдерін қабылдаудың дағдыларын игеруі, ұтымды өндірістік менеджменттің кәсіпорынның тиімді қызметіне әсерін түсінулері керек.
Оқу құралы пәннің негізгі тақырыптары бойынша лекциялардан және есептерден тұрады.
Қолданылған әдебиеттер:


1. А.Қ. Мейірбеков Кәсіпорын экономикасы/ оқу құралы? Алматы: Экономика, 2003
2. М.Б. Бисенгазиев, А.Ш. Хамитов Кәсіпкерлік негіздері/ оқулық, Орал 2001
3. Ж.М. Кенжалина, Оплата труда на промышленных предприятиях: учеб. Пособие/ Алматы, 2002
4. Мескон М. и др. Основы менеджмента, М: Дело, 2000
5. Правин В.В. Менеджмент персонала на предприятии, М: дело, 2000
6. Шанова, Т. Т. Сборник задач по экономике, организации и планированию производства в пищевой промышленности : учеб. пособие для техникумов / Т.Т.Шанова, М.В.Юкельсон. - М. : Агропромиздат, 1987.
7. Гончарук, В. А. Развитие предприятия: монография / В. А.Гончарук. - М. : Дело, 2000
8. Фатхутдинов, Р. А. Организация производства : учебник для вузов / Р. А.Фатхутдинов. - М. : Инфра-М, 2001. - 672 с. - (Высшее образование).
9. В.Н.Смагин Экономика предприятия: учебное посбие, 2006 ж.
10. Тимашев, Б. А. Сборник задач по экономике, организации и планированию производства на предприятиях химической промышленности: учеб. пособие / Б. А. Тимашев, Е. Т. Леонов. - Изд. 2-е, перераб. и доп. - М. : Химия, 1975.
11.Организация и планирование производства. Управление нефтеперерабатывающими и нефтехимическими предприятиями : учеб. для вузов / Л. Г. Злотникова [и др.]. - 2-е изд., перераб. и доп. - М. : Химия, 1988. 12. Тавер, Е. И. Целостная система менеджмента организации: как ее создать? / Е. И. Тавер // Методы менеджмента качества. - М., 2005. - № 10. -
13. Тимченко, В. Проблемные вопросы теории и практики организации и менеджмента производства / В. Тимченко // Евразийское сообщество. - 2001. - №3. -
14. Бискультанов, К. Модернизация и проблемы совершенствования организационно-управленческой структуры производства / К. Бискультанов // Транзитная экономика. - Алматы, 2004. - № 5.
15. Алексейчева, Е. Ю. Интеграция предприятий как фактор обеспечения конкурентоспособности / Е. Ю. Алексейчева // Пищевая промышленность. - М., 2005. - № 7.

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   
Өндірісті ұйымдастру және басқару
пәнінен
ОҚУ ҚҰРАЛЫ

Мазмұны:

Кіріспе
1. Өндірісті ұйымдастыру негіздері
2. Тұлға билік және менеджер беделі
3. Ұйымның сыртқы ортасы
4. Өндірістік цикл және оның құрылымы
5. Негізгі қор және кәсіпорынның онымен қамтамасыз етілуі
6. Кәсіпорныдағы техникалық күту және негізгі қорларды жөндеу жүйесі
7. Еңбек өнімділігі және оны өлшеу әдістері
8. Кәсіпорындағы еңбек ақы
9.Өнімнің өзіндік кұны
10. Кәсіпорындағы стратегиялық жоспарлау
11. Өнім өндіру және сату жоспары
12. Өнімнің сапасы және оның бәсекеге қабілеттілігі

Кіріспе

Қазақстан экономикасының қазіргі жағдайы бір жағынан экономикалық
реформалардың нақты оң нәтижелеріне қол жеткізумен сипатталса, екінші
жағынан, өндіріс орындарының іс - әрекетіне негізделеді. Сондықтан өндіріс
қызметін дұрыс ұйымдастыру және тиімді басқарудың маңызы үлкен.
Нарықтық қатынастардың дамуы мен тереңдеуі қазіргі талапқа сай
өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың теориялық білім алу мен тәжірибелік
дағдыларын игеру қажеттілігін туғызады.Халық шаруашылығының барлық
салаларындағы кәсіпорындарда нарық талабына сай қызмет атқаратын
менеджерлер болуы керек,сондай-ақ негізгі өндірісті және өндірістік
инфрақұрылымды ұйымдастыру, жоспарлау қағидалары бойынша менеджменттің
функциясы мен қағидаларының негізінде терең теориялық білімі болуы қажет.
Кәсіпорындағы менеджмен деңгейі нарық жағдайында оның бәсекегеқаблеттілігін
анықтайды.
Бұл пәнді оқыған соң студенттер кәсіпорынды ұйымдастыру, жоспарлау
қағидаларын және әдістерін білуі, негізгі өндірістік жүйелерде
ұйымдастыру шешімдерін қабылдаудың дағдыларын игеруі, ұтымды өндірістік
менеджменттің кәсіпорынның тиімді қызметіне әсерін түсінулері керек.
Оқу құралы пәннің негізгі тақырыптары бойынша лекциялардан және
есептерден тұрады.

Тақырып 1. Өндірісті ұйымдастыру негіздері.

1. Пәннің мәні мен міндеттері.
2. Өндірісті процесті ұйымдастыру нысандары.

1. Пәннің мәні мен міндеттері.

1. Өндіріс – кәсіпорынның орталық звеносы, онда белгілі бір
тұтынушылық қасиеті бар ақырғы өнім өндіріледі.
Өндірістік кәсіпорын – бұл қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру
мақсатында өнім өндіру, қызмет көрсету және пайда табу үшін заңды түрде
құрылған дербес шаруашылық субъектісі, басқа кәсіпорындар мен заңдылық
ретіндегі қатынастағы қызметті орындайтын объект.
Өндіріс ғылыми шешімдерді, жаңалықтарды, өнер табыстарын,
материалдық және рухани игілікке айналдыру үшін ұдайы өндіріспен
шұғылданады. Өндірістің басты міндеті – адамдардың қажетін толық
қанағаттандыру мақсатында өнімдер, тауарлар өндіру, қызмет көрсету және
жалпы қоғам үшін жоғары сапалы өндіріс құрамдарын, тұтыну өнімдерін және
басқада экономикалық игіліктерді жасау.
Өндіріс өнім өндіру проблемасын шешумен қатар рухани игіліктер мен
әлеуметтік ортаның даму проблемасын шешеді.
Әлеуметтік ортаға тұрғындардың материалдық, рухани игіліктерін
қажеттілігімен байланысты адамдардың, жанұялардың, ұжымдардың және жалпы
қоғамның сұранысын қанағаттандыруға бағытталған барлық экономикалық істер
жатады. Бұлар: мәдениет, оқу, медицина, өнер, ғылыми мекемелер және т.б.
Олар үшін өндіріс сфералы материалдық – техникалық базсын құрайды.
Адамзат тарихының даму кезеңдеріне байланысты қажеттілік арта
береді, сондықтан өндірісті талапқа сай жетілдіріп отыруы керек.
1. Кадрларды іріктеу – жұмыс күшінің сапасы, дәрежесі, қабілеті, негізгі
жұмысшылар, қосалқы жұмысшылар, мамандар, жетекшілер, қызметкерлер.
2. Кәсіпорынның негізгі және айналмалы өндірістік корлары.
3. Ғылыми информациялық потенциал. Информациялық ресурсқа ғылыми-
техникалық, экономикалық информациялар, биржалық информациялар, ғылыми-
техникалық журналдар, ҚР кодексі, басқа да нормативті құжаттар жатады.

Өндірісті ұйымдастыру кәсіпорын жұмысшылары мен өндірістік процестің
үйлесімділігімен қарастырады.
Өндірістік процесс – бұл берілген көлемде, қажетті сапа мен
ассортиментте, бекітілген мерзімде шикізат мен материалды дайын өнімге
айналдыруға бағытталған өзара байланысты негізгі, көмекші, табиғи
процестердің жиынтығы.

2. Өндірісті процесті ұйымдастыру нысандары.

2. Өндірісті ұйымдастыру – бұл өндірістік процесті жүргізу мақсатында
еңбек құралы, еңбек затын адам еңбегімен біріктіріп және тиімді пайдалану
әдістерінің жиынтығы. Дұрыс ұйымдастырылған өндіріс мынадай негізгі
принциптер ден құралады: мамандандыру, пропорционалдық паралельдік,
үздіксіздік және бірқалыптылық.
Кез келген кәсіпорындағы өндірістік процестер уақыты және кеңістігі
жағынан келісімдеуді Процестерді бірлестіру және үйлестіру бір қатар
қағидаларға негізделеді. Олар:
1. Мамандану – еңбектің цехтар мен жұмыс орындарының арасында бөлінуі.
2. Пропорционалдық – бір процестің әр түрлі жұмыс орнына теңдей
өткізгіштік қабілеттілікті білдіреді және сәйкесінше артық капитал шығыны
мен техникалық жабдықтаудың болмауын білдіреді.
3. Үздіксіздік – жұмыс жабдықтары мен еңбек заттарының қозғалысындағы
үзілістердің максималды қысқаруын білдіреді.
4. Параллелділік - әр түрлі операциялардың бір уақытта орындау
деңгейін анықтайды. Ол еңбек заттарын өңдеуді бірлестіруден тәуелді болады
және тізбекті, тізбекті – параллелді және параллелді операциялардың
бірлесуінен көрінеді.
5. Дәлдік – еңбек заттарының операциялар арасында қайтымды қозғалыссыз,
өтетін қысқа жолды білдіреді.
6. Қарқындылық - өнімнің шығарылымы мен операцияның біртекті орындалуын
сипаттайды.
7. Техникалық жабдықтау – зиянды және ауыр еңбекті, қол еңбегін жоюмен
бірге өндірістік процестерді тізбекті автоматтандыру және
механикаландыруруды білдіреді.
8. Икемділік. Өнім номенклатурасының өзгеруі шартында жабдықты жедел
қайта жөндеу. Икемді өндірістік жүйені енгізуді қамтамасыз етеді.
Бұл қиғидалар кәсіпорындарда әр түрлі деңгейлерде жүзеге асады және
өнім номенклатурасының кеңдігінен, реттлігінен және өндірілетін өнім
көлемінің тұрақтылығынан, қолданылатын жабдықтың түрінен, кадрлар
біліктілігінен және өндірістік цикл ұзақтығынан тәуелді болады. Тәжірибеде
аталған факторлар комбинациясы өнеркәсіптік өндірісті ұйымдастырудың үш
басты типін бөлуге мүмкіндік береді:
- бірлікті өндіріс – ассортименті үлкен, біртекті бұйымның аз көлемі,
жұмыс орнының мамандануының болмауы;
- сериялық өндіріс өнімнің шектелген ассортиментік дайындаумен
анықталады;
- жалпы өндіріс үлкен көлемде, мамандандырылған жұмыс орнында өнімнің
аз номенклатурасын дайындаумен ерекшеленеді. Бұл жерде автоматтандыру мен
механикаландыру қол еңбегін азайтады және өнімнің өзіндік құнын
төмендетеді.

Тақырып 2. Тұлға билік және менеджер беделі

1. Билік және ықпал ету
2. Билік пен ықпалдылық формалары

1. Ұйымдағы басшылық
Басшылық, басқарудың маңызды компоненті болғанына қарамастан,
менеджер үнемі тиімді басқарушы бола алмайды. Лидердің тиімділігі олардың
басқаларға ықпал, әсер деңгейімен өлшенеді.
Ұйымның басшысы – лидер, сонымен бірге, ол өз бағыныштыларын тиімді
басқаратын адам. Оның мақсаты – ұйымға берілген жұмысты, тапсырманы
орындауға басқаларды бағыттау, оларға ықпал, әсер етуі.
Лидерлік – бұл ұйымның мақсаттарына жету жолына бағыттау арқылы
жекелеген адамдар мен топтарға ықпал және әсер ету қабілеті.
Ықпал – жеке бір адамның, келесі бір адамның мінезіне, басқалармен
қарым қатынасына, сезіміне, өзгеріс енгізетін қандайда бір мінез құлық
әрекеті. Мұндай ықпал ету құралдары ретінде : өтініш, құлаққа сыбырлау
немесе ең соңғы саты – қорқыту жатады. Бір адам басқаларға тек қана
идеяларының көмегімен ықпал етуі мүмкін. Басшы өзінің лидерлігі мен ықпал
әсерін тиімді ету үшін билікті пайдаланады және оны дамытады.
Билік – басқалардың мінез құлқына әсер ету мүмкіндігі. Басқаруда
билік болмаса, ұйымның жұмысы алға баспайды, тәртіп нашарлайды.
Басқа адамның тәуелділігі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым адамның
билігі де үлкен болады. Мұны мына формуламен көрсетуге болады: билік
берілген А адамның Б адамға ықпалының деңгейі Б адамның адамға
тәуелділігінің деңгейіне тең болады. Міне осы билік балансы деп аталады.
Басшылардың өз бағыныштыларына билік жүргізетін себебі бағыныштылар
жалақы, жұмыс ғимараттары, қызметте өсу, өкілеттіліктерді кеңейту,
әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру және тағы басқа мәселелерге
келгенде басшыға тәуелді болып қалады. Бірақ кейбір жағдайларда
бағыныштылар басшыларға билік жүргізуі мүмкін. Мысалы, шешім қабылдауға
қажетті мәліметтер мен ақпараттар басқа адамдармен бейресми қарым-
қатынастар сияқты мәселелерде басты бағыныштының көмегімен ықпалына
жүгінеді.
Бағыныштылардың басшыға билік жүргізуінің анық мысалы ретінде артист
немесе атақты спортсменнің жақсы шарт келісімге отыруын (контракт) айтуға
болады. Олардың басшылары өз жалақысынан артық жалақыны артистке бергісі
келмейді, бірақ оның келісімін алу үшін еріксіз көнуге мәжбүр болады.
Бағыныштылар билігінің жүзеге асуына әсер ететін факторларды қорыта
келіп Дэйвид Механик былай дейді : Бір адам басқа бір адамға қаншалықты
тәуелді болса, соншалықты сол адамның билігіне бағынуға мәжбүр болады.
Ұйымның ішінде бір адам басқаларға билік жүргізуі үшін ақпараттардың
сақталуына бақылау жасайды, немесе құрал-жабдықтарды пайдалануға тек өзінің
рұқсатымен талап етеді. Оларды біз төмендегідей анықтаймыз.
Ақпарат пен мәліметтерге ұйымы, адам, мөлшер, процедура, әдіс және
тағы басқа туралы білімдер кіреді.
Адамдар – ұйымға кірген соң ұйымға және ұйым адамдарға тәуелді
болады.
Жұмыс жабдықтары – ұйымның физикалық құралдары немесе ресурстардың
кез-келген аспектісі (құрылғылар, машиналар, ақша және т.б.).
Басшы әрқашанда билік балансының сақталуына әсер етуі тиіс. Себебі
ұйымның мақсатына жетуі бағыныштыларға тікелей байланысты.
2. Билік пен ықпалдылық формалары

Биліктің бес негізгі формасы бар :
1. Мәжбүр етуге негізделген билік: орындаушы ықпал ету әрекеттерін
жасағанда, аса үлкен қажеттіліктерді қанағаттандырмай тастау мүмкін деп
ойлайды.
2. Марапаттауға негізделген билік орындаушы ықпал етушіден аз
еңбегінің жемісі үшін жақсы сыйлық аламын деп сенеді, одан жақсылық күтеді.
3. Сараптау билігі: орындаушы ықпал етушінің бір қажеттілікті
қанағаттандыруына мүмкіндік беретін билігі бар деп сенеді.
4. Эталондық билік (үлгі билігі) : орындаушы үшін ықпалдың сипаты мен
қажеттері өте жағымды, сондықтан ол ықпал етуге ұқсағысы келеді.
5. Заңды билік : орындаушы ықпал етушінің бұйрық беруге құқығы бар,
ал оны орындау өзінің парызы екендігіне сенеді. Орындаушы бағынған кезде
ғана қажеттіліктер қанағаттандырылатынын түсінеді де, дәстүр бойынша ықпал
етушіге бағынады.
Сондықтан заңды билікті көбінесе дәстүрлі билік деп атайды.
Бағынышты басшының бұйрығымен ұйымдық иерархияның төменгі сатысында
тұрғандықтан орындайды. Себебі басшыға басқа адамдарды басқаруға болатын
өкілеттік берілген. Билік ықпал ету арқылы жүргізіледі.

Іскер ойын ‹‹Жетекшіге қойылатын талаптар

Ойынның мазмұны‹‹ Жетекшіге қойылатын талаптар
Ойынның мақсаты- кәсіпорын жетекшісіне қажетті сапаларды анықтау. Мұнда
қазіргі жетекшілерге қажетті сапалардың бірнешеуі көрсетілген.
Қатысушылар үшін мәліметтер.

Ойынды бастамас бұрын,қазіргі жетекшіге қатысты сапаларды топтау
қажет. Бұл сапалар 7 топқа келтірілед:
1.Әлемдік көзқарасы:
-тапсырылған іске жеке жауапкершілікті сезінуі;
-адалдық, ықыласы;
-өз мүддесін қоғамдық етуге қаблеттілігі;
-принципалдығы;
-сынды тыңдау шеберлігі;
-қоғамдық белсенділігі;
-әлеуметтік мәселеге көңіл аударуы.
2.Еңбекке қатынасы және тәртібі:
-еңбекқорлығы;
-тәртібі;
-еңбекке творчестволық қатынасы және инциативасы;
3.Білім деңгейі:
-білімі;
-жан-жақтылығы;
-эрудициясы;
-өзін қалыптастыруға ұмтылуы.
4.Ұйымдастырушылық қаблеті:
-бағынушылар мен жұмыс істеуге қаблеттілігі;
-іс жөнініде өз ойын қысқа және айқын айту шеберлігі;
-іскер хат, үкім жазуға шеберлігі;
-тұрақты ұжым құруға шеберлік.
5.Тиімді басқару жүйесін қамтамасыз ету:
-өз уақытында, сапалы шешім қабылдауға қаблеттілік;
-шешімді қамтамасыз ету үшін бақылауды қамтамасыз етуге қаьлеттілік;
-күрделі жағдайда бағыт алуға қаблеттілік;
-келіспеушілік жағдайды шешуге шеберлік.
6.Мінез-құлық сипаты:
-тепетеңдік;
-тұрақтылық;
-коммуникабелділік;
-тәртіптілік;
-қарапайымдылық.
7. Басқада сапалар:
-денсаулығы;
-жасы;
-жұмыс стажы;
-жанұялық жағдайы;
-сыртқы сипаты.
Оқытушы ойында басқарады.Ойын оқытушы ойын мазмұнын айтудан
басталады.Ойын кезеңмен орындалады:
1Бастапқы берілгендер.
2.Жетекші сапасына баға беру.
3.Мүмкін матрицаны құру.
4.Сапа салмағын анықтау.
5.Сапа коффициенті графигін құру.
6.Қажетті сапаны анықтау.
7.Жетекшіні бағалау жеке және ұжымдық.
8.Өзін-өзі бағалау.
9.Ойын нәтижесін бағалау.Классификациялық топ негізінде 10сапа таңдап
алынады.

Жетекші сапасын бағалау және сипаттау.
Кесте 1.
№ Сапа Бағалау,балмен Салмағы,балмен Өлшенген баға
мазмұны
жеке ұжымдық жеке ұжымдық жеке ұжымдық
1 2 3 4 5 6 7 8

Тыңдаушылар жетекші сапасына 5 балдан 50 балға дейін баға береді.
Мүмкіндік матрицасы балмен құралады. Әрбір сапаның мәні 0,1,2
бағаланады.Қарастырылып отырған сапаның маңыздылығы төмен болса 0 қойылады,
жоғары сапа -1,сапаның мәні тең болса -2
Бақылау сұрақтары:
1.Ұйым қызметінде лидерліктің алатын орны қандай?
2.Лидерлік және менеджмент айырмашылығын түсіндіріңіз.
3.Биліктің қандай формалары белгілі?
4.Заңды биліктің басқа билік формаларынан ерекшелігі неде?

Тақырып 3. Ұйымның сыртқы ортасы

1. Сыртқы орта түсінігі мен мәні
2. Сыртқы ортаның сипаттамасы
3. Тікелей әсер ету ортасы
4. Жанама әсер ету факторлары
5. Халықаралық орта

1. Сыртқы орта түсінігі мен мәні
Кез-келген ұйым ашық жүйе болғандықтан өзін ресурстар, энергия,
кадрлармен қамтамасыз ету мен тұтынушыларға қатысты сыртқы ортадан тәуелді
болады. Сол себепті басшылар сыртқы орта жағдайын есепке алып отыруы қажет.
Ұйымның өміршеңдігі басшыларға байланысты болғандықтан менеджер ұйымға әсер
ете алатын барлық факторларды дұрыс анықтай алуы шарт. Сонымен бірге, ол
сыртқы орта өзгерісітерінебейімделу тәсілдерін де ұсына алуы қажет.
Сыртқы ортаға анықтама беру бұл айтарлықтай күрделі мәселе, өйткені
әлемдегі барлық факторларды бақылауға алу мүмкін емес. Сондықтан да сыртқы
орта факторларын ұйымның табыстылығына тікелей әсер ететін аспектілерімен
ғана шектеген жоқ.
Джералд Беллдің анықтамасы бойынша Ұйымның сыртқы ортасына
тұтынушылар, бәсекелестер, үкімет мекемелері, жеткізіп берушілер, қаржы
ұйымдары мен еңбек ресурстары секілді элементтер жатады.
Қоршаған ортаны анықтау жеңіл болу үшін және оның ұйымға тигізетін
әсерін есепке алу үшін сыртқы факторлар екі негізгі топқа бөлінеді: тікелей
және жанама әсер ету ортасы.
Тікелей әсер ету факторларына ұйым операцияларына тікелей түрде
ықпалын тигізеді және өз кезегінде ұйым операцияларының ықпалына түсетін
факторлар жатады. Бұл – жеткізіп берушілер, еңбек ресурстары, заңдар мен
мемлекеттік реттеу мекемелері, тұтынушылар мен бәсекелестер.
Ал жанама әсер ету ортасының факторлары операцияларға тікелей әсер
ете алмағанымен, сонда да біршама өзгерістер туғызуы мүмкін. Бұл
экономиканың ақуалы, ҒТП, әлеуметтік мәдени және саяси өзгерістер, топтық
мүдделер мен басқа елдердегі оқиғалар секілді факторлар.

2. Сыртқы ортаның сипаттамасы.
1) Сыртқы орта факторларының өзара байланыстылығы – бұл бір фактор
өзгерісінің басқа факторларға ықпал ету күшінің деңгейі, яғни сыртқы
ортаның бір факторының өзгерісі басқаларының да өзгерісін туғызады.
2) Сыртқы орта күрделілігі – бұл ұйымның есепке алатын факторлар саны,
сонымен бірге әрбір фактордың варианттылық (көптүрлілік) деңгейі.
Факторлардың көптүрлілік көрсеткіші бойынша әр алуан және көп
технологияларды қолданатын, дамитын ұйымдардың жағдайы күрделірек болады.
3) Сыртқы ортаның өзгермелілігі – бұл ұйым ортасындағы өзгерістердің
жылдамдығы. Ортаның өзгерістерге бейімделгіш болуы жағдайына ұйымдар тиімді
шешімдер қабылдау үшін түрлі ақпараттарға жауап бере алуы қажет. Бұл шешім
қабылдау процесін қиындатады.
4) сыртқы ортаның анықталмағандығы – нақты фактор бойынша және оның
дәйектілігі туралы ұйымдағы бар ақпарат мөлшеріне тәуелді болады. Егер
ақпарат аз және күмәнді болса, онда ортаның анықталмағандықтан дәрежесі
адекватты және сенімді ақпарат бар жағдайға қарағанда жоғары болады.
Бизнестің ғаламдық процеске айналып отыруы жылдан жылға ақпараттарды көптеп
қажет етеді, алайда оның дәл болуына деген сенімділік күннен күнге қарай
төмендеуде. Сыртқы орта неғұлым анықталмаған болса, соғұрлым тиімді
шешімдері қабылдау қиынға соғады.

3. Тікелей әсер ету ортасы.
1. Жеткізіп берушілер. Жүйелік көзқарас тұрғысынан ұйым - бұл кірістің
шығысқа айналдыру механизмі болып келеді. Кірістің негізгі түрлері - бұл
материалдар, құрал-жабдықтар, энергия, капитал мен жұмыс күші. Ұйым мен
жоғарыда аталған ресурстардың қолданылуын қамтамасыз ететін жеткізіп
берушілер арасындағы тәуелділік - ұйым қызметінің табыстылығы мен
операцияларына сыртқы ортаның тікелей әсер етудің айқын мысалының бірі
болып келеді. Кей жағдайда белгілі бір аймақ ұйымдары іс-жүзінде бір
жеткізіп беруші мен ғана қарым-қатынас орнатады. Сондықтан олардың барлығы
жеткізіп берушінің тәуелділігіне тепе-тең дәрежеде түседі. Мысалы,
энергиямен қамсыздандыру. Барлық ұйымдар энергияны мемлекет бекітіп қойған
циклдар бойынша сатып лады, және де олардың баламалы жеткізіп берушіні табу
мүмкіндігі болмайды.
Материалдар. Кейбір ұйымдар материалдарыдң үзіліссіз ағымына тәуелді
болады, әсіресе өндірістік және саудалық. Жеткізулерді мұндай мөлшерде
қамтамасыз ету мүмкінділігінің болмауы үлкен қиыншылықтарды туғызады.
Жапонияда запастарды шектеу әдісі өте танымал. Фирмалар өндірістік
процестің әрбір кезеңіне қажетті материалдар дәл мерзімді қағидасы
бойынша жеткізілуі қажет деп санайды. Жеткізу қызметінің ұндай жүйесі
өндірішу мен тұтынушының өзара тығыз қарым-қатынасын қажет етеді. Басқа
елдерде запастардың үлкен көлемін қамтамасыз ету үшін баламалы жеткізіп
берушілерді іздену қажеттілігі туындауы мүмкін.
Алайда, запастарға және оларды сақтауға жұмсалатын қаржылар басқа
қажеттіліктерге шығындалмай, байланып қалады.
2) Капитал. өсу мен гүлдену үшін фирмаға тек материалдарды
жеткізушілер ғана емес, капитал жеткізіп берушілер қажет. Потенциалды
инвесторлар қатарына: банктер, займдар беретін мемлекеттік мекемелер
(инвестициялық қорлар), акционер мен фирма облигацияларын сатып алушы жеке
тұлғалар жатады. әдетте, компанияның жағдайы неғұрлым жақсы боса, соғұрлым
оның инвесторлармен келісіп, қажетті қаржылар алу мүмкіндіктері де жоғары
болады.
3) Еңбек ресурстары. Арнайы мамандықтағы және білікті жұмыс күшімен
қамтамасыз ету ұйымның тиімді қызмет атқаруының қажетті шарты болып келеді.
Қазіргі кездегі бірқатар салалардың дамуы қажетті мамандардың
жетіспеушілігімен тежеліп отыр. Кей жағдайда бәсеке кейбір компанияларды
басқа елдерде арзан жұмыс күшін іздестеруге мәжбүр етеді.
Заң және мемлекеттік органдар. Жекеменшік экономикада негізінен
сатып алушы мен сатушылар арасындағы өзара байланыстар көптүрлі құқықтық
шектеулер ықпалына түседі.
Әрбір ұйым белгілі-бір құқықтық статусқа ие болады (жеке меншік
иелік, корпарация, коммерциялық емес ұйым; Қазақстан Республикасында
мемлекеттік өндірістік корпаратив). Бұл статус кәсіпорын өз қызметін қалай
жүргізуі қажет, қандай салық төлеуі керек екенін анықтайды. Соңғы кезде
бизнеске тікелей әсер етуші заңдардың саны мен күрделілігі күрт өсіп отыр.
Бұл заңдарға деген кәсіпорынның көзқарасы қандай болса да, оларды орындау
немесе заңды бұзғаны үшін айып-пұл түріндегі санкцияларды төлеуге тура
келеді.
Заңдылық көбінесе күрделілігімен, өзгермелі болуымен, кей жағдайда
анықталмағандығымен сипатталынады.
4) Мемлекеттік органдар. Ұйымдар бекітілген заңдарды ғана емес,
мемлекеттік ғана реттеу органдарының талаптарын да орындауы шарт. Бұл
органдар өз компетенциясындағы сфераларда заңдардың күштеп орындалуы
қамтамасыз етеді, сонымен бірге өзіндік жеке талаптар қояды.
Белгілі-бір мекемелердің талаптары басқалардың талаптарымен
қайшылыққа түсетіні көптеп кездеседі, бұл құқықтық ортаның
анықталмағандығына алып келеді.
5) Тұтынушылар. Ұйымның өміршендігі тұтынушыларды тауып, оның
қажеттілігін (сұранымын) қанағаттандыру қабілеттілігіне тәуелді болады.
Тұтынушылар оларға қандай тауармен қызметтер және қандай бағамен
қажет екендігін шешуде ұйым үшін барлық қызмет нәтижелерін анықтайды.
6) Бәсекелестер. Көп жағдайда бәсекелестер ұйым не және қандай
бағамен сата алатынын анықтайды. Ұйымдар тұтынушылар үшін ғана емес, еңбе
ресурстары, материалдар, капитал мен белгілі-бір техникалық жаңалықтарды
пайдалану құқығы үшін де бәсеке түсуі мүмкін. Бәсекеге жұмыс жағдайы, еңбек
ақы, басшылардың бағыныштылармен қатынас сипаты секілді ішкі факторлар
тәуелді болады.

4. Жанама әсер ету ортасы.
Жанама әсер ету ортасы, әдетте, тікелей әсер ету ортасына қарағанда
күрделірек болады. Басшылық бұл ортаны талдауда толық мүмкін болатын барлық
салдарды болжамдауға тырысады.
Жанама әсер етудің негізгі факторларына технология, экономикалық
жағдай, әлеуметтік-мәдени және саяси факторлар, жергілікті халықпен өзара
байланыстар жатады.
1) технология, бір жағынан, ішкі айнымалы, екінші жағынан, сыртқы
факторға жатады. Технологиялық жаңалықтар өндіріс пен сатылымдар
тиімділігіне, өнім ескіруінің жылдамдығына, ақпаратты жинау сақтау мен
тарату мүмкіндіктеріне, сонымен бірге сатып алушылар күтетін өнім мен
қызметтер ассортиментіне ықпал етеді.
Соңғы кезде технологиялардың өзгеру жылдамдығы айтарлықтай артып
кетті. Бұны ғылымдар санының артуымен, білім беру деңгейінің
жоғарыламауымен байланыстырады. Салыстырмалы түрде жақын арада пайда болған
және тез қарқынмен дамып отырған компьютерлік, лазерлік, микротасқынды,
робототехника, спутник байланысы, атомдық энергия, синтетикалық
материалдарды алу, гендік инженерия секілді технологиялар ұйым мен
қоғамдарға үлкен әсер тигізуде. Кейбір социологтардың пікірінше, болашақ
ұрпақ микроскопиялық түрдегі ақпаратты сақтау технологияны ең құнды жаңалық
деп санайтын болады.
Жоғары деңгейлі технологиялармен тікелей қызмет ететін ұйымдар
жаңалықтарды өздігінен жасап оларды шапшаң игеру қабілетіне ие болу керек.
2) Экономикалық жағдай. Экономиканың ақуалы барлық енгізілетін
ресурстар құны мен тұтынушылардың сатып алу қабілеттіліктеріне әсер етеді.
Инфляцияны күткен кезде фирмаларға запастарын арттырған жөн. Экономикалық
дағдарысты болжамдағанда фирмалар дайын өнім запастарын азайтып,
жұмыскерлер санын қысқартуға тырысу керек.
Экономикалық жағдай ұйымға өз қажеттілігіне қажет капитал алу
мүмкіндіктеріне үлкен ықпал тигізуі мүмкін. Бұл өкіметтің экономиканы
салықтар, ақша массасын, пайыз ставкасын реттеу жолымен жүзеге асыруымен
байланысты.
Экономика жағдайының нақты өзгерісі белгілі-бір ұйымдарға оңды,
басқаларына теріс ықпал тигізуі мүмкін.
3) Әлеуметтік-мәдени факторлар. Әлеуметтік-мәдени факторлар
құрамынга өмірлік құндылықтар, дәстүрлер, ережелер жатады. Мысалы, АҚШ-та
контракт алу үшін пара беру, бәсекелестерге кір келтіретін лақаптың таралуы
заңға қарсы іс-әрекеттер деп саналады, былай саналмағанның өзінде де бұл іс-
әрекеттер этикалық емес, аморальді деп танылады. Кейбір елдерде бұндай іс-
тәжирібе қарапайым жағдай деп есептеледі, өйткені ол жерлерде әлеуметтік-
мәдени орта өзгеше болып келеді.
Әйелдерді дискриминациялау – бұл да әлеуметтік-мәдени ортаның ұйым
қызметіне ықпал етуінің мысалы бола алады.
Әлеуметтік-мәдени факторлар сонымен бірге фирманың тарататын өнім
мен қызметтерге де әсер етеді (киім-кемешегі танымал модельдердің аты, азық-
түлік өнімдерінің сапасы, және тағы басқа)
4) Саяси факторлар. Саяси жағдайдыңкейбір аспектілері басшылар үшін
ерекше мәнге ие болады. Олардың қатарына бизнеске деген әкімшіліктің, заң
органдарының, соттардың көзқарасы. Мұндай көзқарастарға салық салу, салық
жеңілдіктерін белгілеу, тұтынушыларды қорғау туралы заңдылық, қауіпсіздік
және қоршаған орта стандарттары бағалар мен еңбек ақыны бақылау секілді
өкіметтің іс-әрекеттеріне ықпал етеді.
Саяси жағдайдың келесі аспектісі – бұл ерекше мүдделердің топтары
мен лоббистер. Мемелекеттік реттеу мекемелерінің барлығы қоғамдық
бірлестіктер жағынан қысымға түседі.
Басқа елдерде операциялар жүргізуші компаниялар үшін саяси
тұрақтылық факторы зор мәнге ие болады.
5) Жергілікті халықпен қарым-қатынастар.
Барлық ұйымдар үшін дерлік ұйым қызмет ететін жергілікті
қауымдастықтың көзқарасы ретінде бірінші дәрежелі мәнге ие болады. әрбір
қоғамда дерлік бизнеске қатысты нақты заңдар мен ережелер болады. Кейбір
қалалар өнеркәсіп кәсіпорындарын орналастыруды ынталандыру. Басқалары,
керісінше, сот арқылы бұған кедергі келтіреді. Кейбір қауымдастықтарда
саяси климат (ақуал) жергілікті бюджеттің салық салудан түсетін қаржылар
ағымының негізін құрайтын бизнеске қолайлы болады. Басқа жерлерде меншік
иелері муниципалды органдар шығындарының ірі бөлігін өз мойнына алуды жөн
көреді. Бұны жаңа кәсіпорындарды тарту немесе қоршаған ортаның ластануын
жоюды кәсіпорындарға көмек көрсету мақсатында жүзеге асырады.
Сондықтан, көптеген ұйымдар өздері қызмет атқаратын
қауымдастықтармен жақсы қарым-қатынастарды сақтау үшін үлкен күш-жігер
жұмсайды.

5. Халықаралық орта.
Халықаралық деңгейде қызмет атқарушы ұйымдардың ортасы жоғарылаған
өзгерістерге бейім келеді, өйткені ол әрбір елді сипаттайтын факторлардың
ерекше жиынтығына байланысты. Түрлі елдердегі экономика, мәдениет,
материалды және еңбек ресурстарының саны мен сапасы, саяси тұрақтылық,
технологиялық даму деңгейі түрлі болып келеді, мұның барлығы басшылық
есебіне алыну керек.
Халықаралық бизнес түрлері:
1) Экспорт
2) Лицензиялау – шетел компаниялары мен мемлекетке өз өнімін лицензиясын
сату
3) Бірлескен күрделі қаржы салу - өз фирманың өнімін шетелде шығару және
өндірісті толық бақылауға алу
4) Көп-ұлтты корпорациялар
Бақылау сұрақтар:
1.Ұйымның сыртқы орта факторларын атаңыз.
2.Ұйымның ішкі факторларын талдаудың қажеттілігі неде?
3.Халықаралық орта факторларын түсіндіріңіз.
4.Әлеуметтік мәдени факторларды қалай түсіндіресіз?

Ситуациялық жағдай:

1.Халыққа авиобилет сататын агентствоның менеджерінің мүмкін әрекетін
бағалаңыз. Жазғы демалыс кезеңінде , сұраныс өсіп, шыдамсыз клиенттер ұзақ
кезекке тұрғысы келмейді және басқа агентствоға кетуі мүмкін. Қосымша
қызмет көрсету каналын ашу тиімділігін анықтаңыз.Кесте1.

Варианттар
1 2 3 4 5 6 7
1.Клиенттердің 110 120 140 120 100 130 170
күнделікті
саны,орт.адам
2.Сұраныстың 20 15 25 20 30 20 25
өсуі,пайызбен
3.Кезектен 10 15 15 12 12 10 15
потенциалды
кетуі,пайызбен
4.Бір клинетке 7,5 7,7 7,8 7,2 7,3 8,5 6,5
қызмет
көрсетуден
түсетін табыс,
тенге
Жұмыс орнын 3800 4900 5800 7750 4940 5640 8830
ашуға жұмсалатын
шығындар,тенге

Тақырып 4. Өндірістік цикл және оның құрылымы.

1. Өндірістік циклдың ұзақтығы және оның кәсіпорын жұмысының экономикалық
көрсеткіштеріне әсері.
2. Өндірістік циклдың ұзақтығын есептеу әдістері.

1. Өндірістік циклдың ұзақтығы және оның кәсіпорын жұмысының экономикалық
көрсеткіштеріне әсері.
Өндірістік цикл дегеніміз - өнімдер өндірістік процестің барлық
сатыларынан өтетін, яғни бірінші операциядан бастап, дайын өнім шығаруға
дейінгі уақыттың күнтізбелік кезеңі.
Өндірістік цикл жұмыс уақытынан және үзіліс уақытынан тұрады. Жұмыс
уақытына төмендегілер кіреді:
1. Техникалық операциялар уақыты
2. Бұйымдардың бір операциясының келесі операцияларға жылжу уақыты.
3. Табиғи процестерге кеткен уақыт.
4. Бақылау және көлік операцияларына кеткен уақыт.

2. Үзіліс уақыты келесілерден тұрады :
1. Жұмыс орнының босауына күткен уақыт;
2. Комплектілік бұйымдарды күткен уақыт;
3.Жұмыс күндері емес, смена арасындағы үзілістер,мысалы: түскі үзіліс.
Неғұрлым өндіріс циклі қысқа болса, соғұрлым айналым қаржылары тез
айналады. Айналым қаржылары тез айналған соң кәсіпорын пайдасы өседі,
қаражат жағдайы жақсарады. Сонымен өндіріс циклының ұзақтығы мен соңғы
экономикалық көрсеткіштермен байланысы бар, яғни өндіріс циклының ұзақтығын
қысқартса кәсіпорынның соңғы көрсеткіштері жақсарады.

Өндіріс циклінің құрылымы :

Топер - технологиялық операцияның уақыты
Ж – жөндеу уақыты
К – тасымалдау уақыты

1. Тізбекті
2. Паралельді
3. Тізбекті – паралельді

. 2. Өндірістік циклдың ұзақтығын есептеу әдістері.
Тапысырманы, жеке операцияларға кететін уақыт мөлшерін өзгертпей ақ тек
еңбек затының жылжу жолын және түрін өзгерту арқылы өндірістік
процестерінің ұзақтығын басқарып отыруға болады. Оның нәтижесі әр
операцияның ұзақтығына, өнім бірлігінің санына және сол операцияларды бір
уақытта жұмыс істеп тұрған жабдықтар санына байланысты. Бір уақытта бір
операцияның келесі операцияларға орын ауыстыруын бұйымдар саны берілетін
жиын деп аталады. Бұйымдар жиыны тізбекті жылжыған кезінде әр бір келесі
операция жиынның барлық бұйымдары алдыңғы операцияларын өтіп болғаннан
кейін басталады. Бұл жағдайда бір операцияны келесі операцияларға жиынның
барлық бұйымдары бірге тасымалданады. Әрбір жұмыс орнында бұйым өзінің
кезекті өңделуін және жиындағы басқа бұйымдардың өңдеуін күтеді. Еңбек
затының тізбекті жылжу кезіндегі өндірістік циклдің ұзақтығы келесі
формуламен анықтайды:

Мұнда : n – бұйымдардың саны (дана) ;
t – бір бұйымды өңдеуге кеткен уақыт;
m – операциялар саны;
Бұл операциялардан II – ші операцияларға бұйымдардың жылжу жолы
төмендегідей болып бөлінеді :

t1 N1 N2 N3
3м 3м 3м

t2 N1 N2 N3
2м 2м 2м
N1 N2
N3
t3
3м 3м 3м

9 6 9
24 мин

Жиын бұйымдарының өндіріс процестерінде паралельді жылжыған кезінде
әрбір келесі операция алдындағы операция аяқталысымен келесі операция
басталады. Өндіріс циклінің ұзақтығы келесі формуламен анықталады :

N1 N2 N3
3 3 3

N1 N2 N3
2 2 2

N1 N2 N3
3 3 3

3 2 9
24 мин
Егер барлық операциялардың ұзақтығы бірдей болса, параллельді жылжу
тиімді. Кейде техникалық және экономикалық себептерге байланысты болады.
Барлық операциялардың ұзақтығы бірдей болмаған жағдайда жылжудың тізбекті-
параллельді әдісі пайдаланылады. Тізбекті- параллельді әдісте өндіріс
процесін тоқтатпай өткізуге болады.

Мұнда : tm – соңғы операциялардың ұзақтығы
C – жылжыту, яғни бір операциялардың басталуынан келесі
операциялардың басталуына дейінгі уақыт мөлшері.

Бақылау сұрақтары:
1.Өндірістің экономикалық игіліктерді жасаудағы басты мақсат не?
2.Өндірісті жетілдірудің қандай жолдарын білесіз.
3.Өндірісті ұйымдастыру дегеніміз не?
4.Өндірістік цикл дегеніміз не?
5.Өндірістік цикл ұзақтығын есептеудің қандай әдістерін білесіз?

ЕСЕПТЕР
Есеп 1.Төрт бұйымнан тұратын партия , алты операциямен
өңделеді.Операцияларының ұзақтығы, сәйкесінше 3,7,4,2,8және 1.
Бұйымды дайындаудың өндірістік цикл ұзақтығын тізбекті, параллелді және
аралас тәсіл бойынша анықтаңыз.

Есеп 2.Бұйымды дайындаудың технологиялық процесі келесідей
операциялардан тұрады: патрондау-5, өңдеу-7, парафиндеу-6, буып-түю-13.
Бұйым-100дана.
Анықтау керек: бұйымның түрлі қозғалыс тәсіліндегі цикл ұзақтығын
анықтаңыз. Егер параллелді қозғалыста 3-ші және 4-ші операциялар ұзақтығы
1мин. қысқарса және параллелді-тізбекті қозғалыста 1-ші 2-ші операцияларды
біріктірсе өңдеу уақыты қалай өзгеретіндігін анықтаңыз.

Есеп 3.Бір партияда төрт бұйым өңделеді.Бір бұымды өңдеуге жұмсалатын
уақыт мин.
1-ші операция 5
2-ші операция 3
3-ші операция 7
4-ші операция 2
анықтау керек: цикл ұзақтығын тізбекті, параллелді және тізбекті-параллелді
тәсілдер бойынша қозғаласын.Тізбекті-параллелді қозғалыста егер ең ұзақ
операция 3мин. қысқарса, қандай өзгеріс болады.

Есеп 4.Пластмастан дайындалатын бұйымдардың технологиялық процесі
төмендегі жеті операциядан тұрады:
- шикізатты дайындау 3 мин;
- таблеткілеу 2 мин;
- таблеткаларді преске тасымалдау 1мин;
- сығымдау 2 мин;
- бұйымдарды өңдеуге тапсыру 4 мин;
- өңдеу, бақылау және орау 2 мин.
Өңдеуге жататын 5 дана өнім, циклдың ұзақтығын үш тәсіл бойынша
анықтаңыздар.

Тақырып 5. Негізгі қор және кәсіпорынның онымен қамтамасыз етілуі

1. Негізгі капиталдың мәні, оның құрамы

2. Амортизациялық аударым жарнасы

3. Негізгі қорларды пайдаланудың тиімділігі

1. Негізгі капиталдың мәні, оның құрамы

Негізгі капитал бұл материалдың құндылықтың ұзақ кезеңдегі жұмыс істеп
тұруы ретіндегі негізгі қорлардың ақшалай бағалануы. Осыған байланысты
қорлар өзінің құндылығын өндіретін өнімге жартылай апарады. Қолданылып
жүрген топтастыруға сай нсгізгі қорлардың құрамына өндірістік және
өндірістік емес объектілер кіреді. Біріншіге жататындар -өндірістің,
құрылыстың, ауыл шаруашылығының, автомобиль көлігінің, байланыстың,
сауданың және басқа да материалдың өндіріс түрлерінің негізгі қорлары.
Өндірістік емес негізгі қорлар — тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық,
денсаулық, білім, мәдениет, спорт салаларына арналған.
Натуралды-заттық құрама принципінде негізгі қорлар мыналардаи тұрады
ғимараттар, қүрылыстар, табыстау қондырғылары, жұмыс және күш машиналары
мен жабдықтар, өндірістік-шаруашылық қүрал-саймандар, жұмыс және өнімді
мал, көпжылдық егістер, шаруашылықтың ішкі жолдары, сол сияқты
кәсіпорындардың, мекемелердің меншігіндегі жер төлімдері.
Өндіріс процесіне қатысу дәрежесінде негізгі қорлар активтік және
пассивтік болып бөлінеді. Актив бөлігі (машиналар, жабдықтар) тікелей
өндіріске, өнімнің мөлшері мен сапасына (қызмет) ықпал етеді. Пассивтік
элементтер (ғимарат, құрылыс) өндірістік процестер үшін қажетті жағдай
жасайды.
Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары өндірістік ауыспалы айналымын
жасайды. Ол мынадай сатылардан тұрады: негізгі қорлардың тозуы,
амортизация, негізгі қорларды толық қалпына келтіру үшін қаражаттың
қорлануы, оларды күрделі қаржы жұмсау арқылы ауыстыру.
Негізгі қорлардың кез келген объектілері табиғи және сапалық тозуға
ұшырайды, яғни адам күшімен, техникалық және экономикалық факторлардың
ықпалы арқылы олар өзіндік ерекшелігін, үлгісін бірте-бірте жояды,
жарамсыздыққа әкеледі, сөйтіп алдағы кезде өз бернелерін орындауға
мүмкіндіктері болмайды. Табиғи тозу жөндеу, қайта құру және негізгі
қорларды жаңғырту арқылы ішінара қалпына келеді. Сапалық тозуы ескірген
негізгі қорлар өзінің конструкциялық, өнімділік, үнемділік, шығарылған
өнімнің сапасы жөнінен жаңа үлгіден қалып қоятынын білдіреді. Сондықтан,
негізгі қорларды әсіресе, олардың активтік бөлігінен дүркін-дүркін
ауыстырып отырудың қажеттілігі туады. Осыған байланысты қазіргі эко-
номикада айырбастаудың анықтаушылық қажеттіліктің басты факторы — сапалық
тозу болып табылады. Кәсіпорынның негізгі міндеті болып саналатыны - ол
негізгі өндірістік қордың шамадан тыс ескіріп қалмауына жол бермеу
(әсіресе, активтік бөлігі), себебі, олардың жеке және сапалық тозуының
деңгейі және кәсіпорынның жұмысының нәтижесі осыған байланысты болады.

2. Амортизациялық аударым жарнасы

Негізгі қорлардьщ табиғи және сапалық тозу олардьщ құнының экономикалық
орнын толтыру амортизациялық аударым түрінде они өндіруге кеткен шығындарга
қосылады. Сонымен, амортизация - бұл шығарылатын өнімге негізгі өндірістік
қор құнының бірте-бірте ауысуы. Ол ақшалай қаражаттың қорлану мақсатында
негізгі қорлардың толың және ішінара қалпына келтіру үшін іске асырылады.
Нарықтық қатынастар жағдайында амортизациялық аударымның мөлшері
кәсіпорынның экономикасына елеулі қосылысын білдіреді. Бірінші жағынан,
амортизациялық аударымның тым жоғарғы деңгейі өндіріс шығындарының мөлшерін
көбейтеді, осыған орай өнімнің бәсекеге жарамдылығы төмендейді, алатын
пайдасының мөлшері де азаяды. Сол себепті кәсіпорынның экономикалың
дамуының ауқымды деңгейі қысқарады.
Екінші жағынан, амортизациялық аударымның кемітілген үлесі негізгі қорды
сатып алуға құралган қаржының айналып мерзімін ұзартады, ал бұл олардың
ескіріп қалуына әкеп соғады Міне, осының салдарынан, бәсекеге жарамдылығы
төмендеп, өздерінің рыноктағы жайғасымы ысырап болады.
Амортизациялық аударымды өтелім мөлшеріне және өзінің балансында тұрған
негізгі құрал-жабдықтардың баланстың құнына сәйкөс кәсіпорын ай сайын жасап
отырады. Өтелім мөлшері мемлекет белгілеген негізгі қор-лардың құнын
өтеудің жылдық проценті болып табылады және өтелім мөлшерінің жылдық
сомасын анықтайды. Басқаша айтқанда, өтелім мөлшері - бұл жылдық
амортизациялық аударымның негізгі өндірістік қорлардың құнына процент
есебіндегі қатынасы.
Амортизациялық аударымның мөлшері олардың қызмет мерзімін есепке алғанда
басгапқы (баланстық) негізгі қорлардың құны амортизацияның мөлшерімен
анықталады.

мұнда Мл негізгі қорлардың жыл ішіндегі амортизация мөлшері, (%),
Қбқ - иегізгі қорлардың бастапқы (баланстық) құны,
Осыған байлаиысты амортизацияның мөлшері мына төмендегі:

Қж - жойылу ңүны,
Мқ - негізгі қорлардың қызмет мерзімі.

Амортизация мөлшері негізгі қорлардың қүнын өтеудегі жылдық проценті
болып есептелінеді. Ол экономикалық тұрғыдан негізделіп, негізгі қорлардың
өз уақытында орнын толтырып тұруы қажет. Оларды есептегенде мақсатқа сәйкес
негізгі қордардың қызмет мерзімдерін мыиа төмендегі факторларга сай дұрыс
анықтау өте қажет
1. негізгі қорлардың төзімділігі;
2. сапалық тозу (бірінші және екінші түрлері);
1. техникамен қайта жарақтандырудағы келешекке ар-
налған жоспар;
3. жабдықтау балансы;
• жаңғырту және күрделі жөндеу мүмкіндігі.
Кәсіпорын негізгі қорлар жөнінде пайдаланатын есептеу техникаларын,
жаңа үдемелі материалдар, аспаптар мен жабдықтарды шығаруды ұлгайту үшін
тездетілген төлемді қолдануы мүмкін, ал ескірген техникаларды жалпылама
өзгертетін жағдайда өнімдерді экспорттауды кеңейту.

3. Негізгі қорларды пайдаланудың тиімділігі

Кәсіпорындарда негізгі қорларды тиімді пайдалануды сипаттайтын басты
көрсеткіш - қор қайтарымы болып табылады. Қор қайтарымының керсеткіші мына
формуламен есептелінеді:

мұнда, V - жыл ішіндө өндірілген өнімнің құны, заттай немесе құн
есебінен, Қ - негізгі өндірістік қордың орташа жылдық
құны.

Бұл формула негізгі өндірістік қорды пайдалану деңгейін егжей-тегжей
талдау үшін пайдаланылады. Ол өндірім мен еңбөк қордың жарақтанғандығының
арасындағы өзара байланысты көрсетеді. Егер де еңбек қор жарақтанғанға
қарағанда өндірімнің қарңыны өте жоғары өсетін болса, бұл өте оңды нұсқа
болып есептеледі. Өйткені, осы жағдайда ғана өндірістің тиімділігі ең
жоғары дәрежеге жетеді. Қор қайтарымының қарсы көрсеткіші - өнімнің қор
сыйымдылығы (Ққ). Бұл өнімнің өлшеміне шаққандағы негізгі қордың құнын
сипаттайды (теңге).

Қор қайтарымы көрсеткішінің артуы және өнімнің қор сиымдылығының
төмендеуі негізгі қорларда пайдалануды жақсартатынын немесе керісінше
көрсетеді. Негізгі қорларды пайдаланудың тиімділігін арттыру үшін олардың
жүктеме деңгейлерін, әсіресе олардың активтік бөлігін арттыру, қорларды
жанарту үдемелі жабдықдарды, қазіргі технологияны, билікті қызметкерлерді
пайдалану қажет.
Негізгі өндірістік қордың нәтижелілігін арттырудың аса маңызды
факторларының бірі - жабдықтардың пайдалануын жақсарту. Ол үшін оларды
жұмыссыз тұрып қалуын азайту, ауыстыру коэффициенті;н көбейту жолымен қол
жетеді.

Бақылау сұрақтары:
1.Негізгі қордың құрамы мен құрылымы.
2.Негізгі қорлардың пайдаланылу тиімділігін көрсететін көрсеткіштер.
3.Негізгі қорлардың амортизациясы.
4.Негізгі қорлардың бағалану әдістері.

ЕСЕПТЕР

1. Құрал-жабдықтардың көтерме бағасы 2 млн.теңге Егер тасымалдау көтерме
бағаның 7%-ын, монтаждау 8%-ын құрайтын болса, құрал-жабдықтардың
бастапқы және қалдық құны қанша болмақ? Жалпы амортизациялық бөлінулер
12%, күрделі жөндеудің амортизация мөлшері 6%. Құрал-жабдықтарды
пайдалану мерзімі 7 жыл.
2. Құрал-жабдықтардың бастапқы кұны 191,4 мың теңге№ Қызмет ету мерзімі 10
жыл. Күрделі жөндеу 2 жылда 1 рет жүргізіледі, бір күрделі жөндеуге
кететін шығын 16 мың теңге. Құрал-жабдықтардың жұмыс істеу мерзіміндегі
модернизациялауға кететін шығын 40 мың теңге, жойылу құны 32 мың теңге.
Жалпы амортизация мөлшерін, сонымен қатар күрделі жөндеудің және толық
қалпына келтірудің амортизация мөлшерін есептеңіздер.
3. Шығарылатын өнімнің жоспарланған мерзімдегі көлемі 260 млн. Теңге
құрады. Негізгі өндірістік қордың құны жоспарлы мерзімнің басында 393,5
млн. теңге болатын. 1 сәуірден негізгі өндірістік қордың 40 млн. теңге
сомасын енгізу жоспарланса, ал 1 қазаннан 5 млн. теңге, 1 наурыздан 10
млн. теңге, 1 қыркүйектен 3 млн. теңгенің НӨҚ-ын шығару жоспарлануда.
Факт бойынша 0,60 теңге болған қор қайтарымының жоспар мерзімдегісімен
салыстырып, өзгерісін есептеңіздер.
4. Цехтағы НӨҚ-ның бастапқы құны 4 млн. теңге. Болжам бойынша 10
амортизация кезіндегі шығын негізгі өндірістік қордан алынған 820 мың
теңгеге тең. Негізгі қордың жойылу құны 160 мың теңге. Егер жылдық өнім
5000 тоннаға тең болса, жылдық амортизацияның мөлшері және оның өнім
бірлігіндегі мөлшері қанша болмақ.
5. Негізгі өндірістік қорды пайдалануды жақсартудың арқасында сала бойынша
өнімнің өсімін анықтаңыздар. Оның орташа жылдық құны жоспарлы мерзімде
есеп беру мерзімдегі деңгейде қалып, ол 120 мың теңге болады, ал негізгі
өндірістік қордың бір теңгесін шаққандағы қор қайтарымы 80 тиыннан 90
тиынға өседі.
6. Тауар өнімін өндіру 1 млрд. теңге, қор қайтарым коэффициенті 0,62, НӨҚ-
дың құнының өзгерісін анықтаңыздар.

Тақырып 6. Кәсіпорындағы техникалық күту және негізгі қорларды жөндеу
жүйесі

1. Жөндеу жұмыстарының нормативтері
2. Жөндеу жұмыстарының санын анықтау

1. Жөндеу жұмыстарының нормативтері
1. Жөндеу жұмыстары келесі нормативтер бойынша өткізіледі:
1. жөндеу циклі
2. жөндеу аралық
3. жоспар бойынша күрделі жөндеуге тоқтау
4. жоспар бойынша ағымды жөндеуге тоқтау
5. жөндеудің күрделілігі
Нақты көрсеткіштерді осы нормативтік көрсеткіштерге салыстырып
отырады. Егер де нақты көрсеткіште осы нормативтік көрсеткіштерден жоғары
болса, сол көрсеткіштер нормативтен тыс көрсеткіштермен анықталады.
Мысалы: норматив бойынша құрал-жабдықтар күрделі жөндеуге 30 күн тоқтау
қажет. Фактілі тоқтау 35 күн. Яғни 5 күн артық тоқталған. Артық тоқтаулар
техника-экономикалық көрсеткіштерді төмендетеді. Сол артық тоқтаудың
себебінен бизнес жоспар орындалмайды. Жоспарланған өнім көлемі келмейді. Ол
өнімнің өзіндік құнын жоғарылатады (өзгереді, ұлғайтады, пайданы кемітеді)
Кәсіпорында жөндеу жұмыстарын бас механик бөлімі атқарады. Бас
механик бөлімінде барлық нормативтер және барлық негізгі қорлардың тізімі
бар. Норматив бойынша барлық негізгі қорлар мезгілінде жоспар бойынша
жөндеп тұрады. Сондықтан әр негізгі қордың тиімді жұмыс істейтін уақытты
есептеледі.

Жөндеу циклның құрылымы

К - А - А - А - К

Жөндеу аралығы

Жөндеу циклы

Жөндеуді жүргізуі кеткен барлық шығындар негізгі өнімнің өзіндік
құнына кіреді. Сондықтан жөндеу жұмыстары неғұрлым сапалы тез өткізілсе,
соғұрлым өнімнің өзіндік құны төмен.

2. Жөндеу жұмыстарының санын анықтау
Нормативтер арқылы жөндеу санын есептейді. Жалпы жөндеудің саны келесі
формуламен есептелінеді:
Жж = Ту –жөндеу циклы
Тт – ағымды жөндеудің арасындағы
мезгіл
Жж ==10 нормативтік мәлімет
Жөндеу саны (10)
8760 – 1 жылдық уақыт
Аж =-1=10-1=9
К -9А – К

Жоспарлау бөлімі жөндеуге кететін шығынды есептеп отырады. Мысалы :
1 ағымды жөндеуге норматив бойынша 24 сағат, 1 күрделі жөндеуге 720 сағат.
Тсағ -24сағ х9=216
Ткүр -720сағ х1=720
тк - Ттиімді -? Тжалпы =216+720=936

Ттиім. = Тном – Тжалпы = 8760-936=7824 сағ

Ттиім. =7824 сағ
Бақылау сұрақтары:
1.Жөндеу шаруашылығының кәсіпорын қызметінде алатын орны қандай?
2.Күрделі жөндеу мен ағымды жөндеудің ерекшелігі неде?
3.Тиімді уақыт қоры қалай анықталады?
4.Кәсіпорында жөндеу жұмыстарын кім басқарады?

ЕСЕПТЕР
Есеп 1.Цехта 4 аппараторнатылған. Өндіріс үзіліссіз, жөндеудің жоспарлы-
ескерту кестесі бойынша аппараттың тоқтап тұру уақыты күнтізбектік уақыт
қорынан 5 пайыз шамасында қарастырылған.Есепті жылы нақты тоқтап тұру 5,5
пайызды құрады.Бір аппараттың жобалық өнімділігі-3т.сағ., ал нақты 2,5
т.сағ. құрады.
Есепті кезеңдегі цехтың жобалық өндірістік қуатымен құрал
жабдықтардың пайдалану деңгейін анықтаңыз.

Есеп 2.Цех үзіліссіз тәртәппен жұмыс істейді. Негізгі құрал жабдықтарды
жөндеу үшін жөндеу аралық қашықтық шамасы бос тұрып қалу кезіндегі уақыты
төменде берілген:

Жөндеу түрі Реактор Броматор Бөлуші
Жөндеу аралық 1440 720 720
қашықтық,
сағ.жеңіл-желпі
күрделі 25920 17280 17280
Жөндеу кезінде бос 24 20 26
тұрып қалу
уақыты,сағ.жеңіл-желпі
күрделі 104 120 192

Бір жылда жөндеудегі құрал-жабдықтардың барлық түрінің жоспарлы бос тұрып
қалу уақытын және жұмыс уақытының нәтижелік қоры, құрал-жабдықты пайдалану
кезіндегі экстенсивтік коеффициентті табу керек.

Тақырып 7. Еңбек өнімділігі және оны өлшеу әдістері

1. Еңбек өнімділігі көрсеткішінің рөлі және оны есептеу әдістері
2. Жұмыскерлердің өнеркәсіптік, өндірістік, персоналдық санын жоспарлау

1. Еңбек ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биология сабақтарындағы оқыту технологиясы
Өзбек әдебиеті
Биология пәнінен зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесі
Дипломатиялық аппаратты жетілдіру
Қазақстан Республикасында акционерлік қоғамның қаржыларын ұйымдастыруының теориялық аспектілері
Химиядан жүгізілетін сыныптан тыс жұмыстардың түрлері
Ғылыми техникалық прогрестің тиімділігі
Нарықтық дамудың күрделілігі мен алуан түрлілігі
Ақмола облысы астрахан ауданы «Приишимское» жшс-нің жыртылған жерін реттестіру жобасы
ӨНДІРІСКЕ ЖҰМСАЛҒАН ШЫҒЫНДАРДЫҢ ЕСЕБІ
Пәндер