Жүрек қантамыр жүйесін тексеру әдістері


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті
Факультет: аграрлық
Кафедра :ветеринариялық санитария
БӨЖ
Тақырыбы: Жүрек қантамыр жүйесін тексеру әдістері
Орындаған :Бейсенова Айна
Тексерген: Муратбаев Д. М
Тобы :ВС-303
2015 жыл
Жоспары:
I. Кіріспе бөлім: Жүрек-қан тамыр жүйесін тексеру әдістеріне сипаттама
II. Негізгі бөлім:
1. Жүрек дүрсілін қарау және пальпациялау
2. Жүрек тұсын перкуссиялау
3. Жүректі тыңдау (аускультация)
III. Қорытынды бөлім: Тыныс алудың маңызы
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қан айналу жүйесі - қанның қан тамырларымен тоқтаусыз ағу қызметін атқаратын жүйе. Қан айналу жүйесіне кіреді:
- жүрек
- қан тамырлары.
Сүткоректілердің жүрегі өзара тек кан тамырлары аркылы ғана байланысатын оң және сол бөліктерден тұрады. Оң жүрекше бүкіл денеден вена қанын кабылдап, оны оң қарыншаға айдайды. Өкпеде қан көмір қышкыл газын өкпе көпіршіктеріне (альвеолаларға) бөліп, оттегімен канығады да, артерия қанына айналып, өкпе венасы арқылы сол жүрекшеге келіп құяды. Қан айналу жүйесінің оң қарыншадан өкпе артериясымен басталып, сол жүрекшеде өкпе венасымен аяқталған бөлігін « қан айналудың кіші шеңбері » деп, ал, қан айналу жүйесінің сол қарыншадан қолқамен басталып, оң жүрекшеде екі қуыс венамен аяқталған бөлігін « үлкен қан айналу шеңбері » деп атайды.
Жүрек''Жүрек'' - көкірек қуысында орналасқан қан айналу жүйесінің орталык мүшесі. Жүрек еті, қаңқа еттері сияқты, көлденең жолақ ет талшықтарынан құралады. Бірақ қаңка еттерімен салыстырғанда, оның морфологиялык және физиологиялық ерекшеліктері бар. Калың ет пердесі оны оң және сол бөлімге бөледі. Көлденең пердемен жүрек жүрекше мен карыншаға болінеді. Сонымен, омыртқалы жануарларда жүрек төрт камерадан: екі жүрекшеден және екі қарыншадан тұрады. Жүрекшелер мен қарыншалар арнаулы тесік аркылы қосылады да, бұл жерде жармалы какпақшалар тек карынша бағытында ашылып, қанды жүрекшеден қарыншаға өткізеді. Қарыншалар жарылған кезде бұл қақпақшалар жабылады да, канның кері - жүрекшелерге өтуіне мүмкіндік бермейді. Жүректен кіші және үлкен шенберлердің басталар жерінде (өкпе артериясы мен қолқаның басталар жерінде) тек тамырлар бағытында ғана ашылатын жарты айшық какпақшалар болады. Жүрек босаңсыған кезде бүл какпақшалар жазылып, тесіюі жабады да, канның кері карыншага отуіне бөгет жасайды. Сонымен, кдқпакшалардың арқасында кан жүректен тек бір ғана бағытқа - вена тамырларынан жүрекшелерге, жүрекшелерден қарыншаларға, ал қарыншалардан артерияларга өтеді.
Жүректің құрылысы Жүрек қабырғасы үш қабаттан түрады: ішкі қабаты эндокард , ортаңғысы - миокард , ал сыртқысы - эпикард деп аталады.
- Эндокард жүректің ішкі бетін жауып жаткан жұка қабыкша.
- Миокард - жүректің ет қабаты. Оның қалыңдығы жүректің әр бөлігінде әр түрлі және жүрек камераларының аткаратын кызметтеріне байланысты. Қарыншалар кабырғасы жүрекшелер кабырғасымен салыстырғанда қалындау, ал сол карыншаның миокарды оң карыншаның миокардынан қалындау. Онын себебі қанды үлкен шенберге қуалау үшін сол қарыншаға үлкен күшпен жиырылуға тура келеді.
- Эпикард - жүректің сыртын жауып жатқан, жұқа қабықша. Ол жүрек табанында жүректің сыртын қаптап жататын берік дәнекер тканьнен түзілген жүрек кабына - педикардқа айналады. Перикард пен эпикард аралығындағы куыста сұйықтық болады. Ол жүрек жүмысы кезінде қабықшалардың өзара үйкелісін азайтады. Перикард жүрек еттерінің шамадан тыс босаңсуына мүмкіндік бермейді.
Жүректің қызмет
Жүректің негізгі қызметі организмдегі қанды кан тамырларына қуалау. Ол бұл жұмысты еттерінің жиырылуы мен босаңсуы арқылы аткарады. Жүрек еттерінің жиырылуын систола , босаңсуын - диастола деп атайды. Жүрек еттерінің бір рет жиырылып босаңсуын және тыныштық кезеңімен өтуін жүрек айналымы немесе Жүрек циклі дейді. Жүрек циклі жүрекшелердің жиырылуынан басталады.
Жүректің жұмысы
Адамның жүрегі 1 минутта 70-75 рет соғып, жүрек циклі 0, 9-0, 8 сек. созылады, онын 0, 1 секундында жүрекше жиырылады, 0, 3-0, 4 сек. карынша жиырылады, 0, 4-0, 5 сек. қарынша мен жүрекшенің босаңсуы мен үзіліс (пауза) болады. Жүрек циклына арналған уақыттың жартысы жиырылуға, ал калған жартысы босаңсу мен үзіліске кетеді. Сондықтан жүрек әрбір циклде жүмыс істеп те, дем алып та үлгереді. Сол себептен жүрек өмір бойы талмай-шаршамай қызмет етеді.
Жүректің жұмысының диагностикасы
Жүрек жұмысы әр түрлі механикалық және дыбыстық құбылыстармен бейнеленеді. Жүрек еттері жиырылған кезде жүрек өз есінде бұрылып, көкірек кабырғасына соғылады. Осы кұбылысты жүрек кағуы деп атайды. Адам мен итте кеудені жұрек ұш жағымен қақса, малда - бүйір бетімен кағады. Жүрек кағуын арнаулы құрал - кардиограф аркылы тексереді. Кан жүректен қуылып, тамырлармен жылжыған кезде денеде әлсіз тербеліс туады. Оны арнаулы баллистокардиография әдісімен зерттейді. Бұл әдіс жүрек еттерінің жиырылу күші мен оның әр түрлі бөліктерінің жиырылуындағы үйлесімдікті зерттеуге мүмкіндік береді. Жүрек жұмысы кезінде дүбір (әр түрлі дыбыстар) пайда болады. Оларды аускультация (тыңдау) әдісімен стетоскоп, не фонендоскоп арқылы, немесе арнаулы аспаппен жазыл (фонокардиография) зерттейді. Жүрек дүбірін I жене II негізгі, III, IV, V, қосымша дыбыска бөледі. 1 - дыбыс төмен, бәсен, созылыңкы, көмескі келеді. Ол систрола кезінде пайда болады да, систолалык дыбыс деп аталады және ЭКГ - ның 5 тісшесімен сәйкес келеді. Бұл дыбыс жармалы какпақшалардың жабылуының және карынша еттерінің жиырылуынын салдарынан лайда болады. Екінші дыбыс күшті, ашык, жоғары, келте, соңында күрт үзіледі. Оны диастолалық дыбыс деп атайды, ЭКГ-ның Т - тісшесіне сай келеді. Диастолалык дыбыс жүрекше еттері босаңсып, айшық какпакшалар жабылған кезде пайда болады. III дыбыс - әлсіз, сирек толкын ретінде карыншанының жыддам толу сатысында пайда болады. IV дыбыс сирек естіледі. Ол жүрекшелердің жиырылуы кезінде пайда болады, дыбыс сирек толқын ретінде II дыбыс естілген соң 0, 3 секундтан кейін байқалады. Онын табиғаты әлі күнге дейін аиықталған жок. Бұл соңғы үш дыбыс ете әлсіз болғандықтан тек фонокардиография әдісімен ғана зерттеледі. Жүрек какпакшаларының жұмысы бүзылса, бұл дыбыстар өзгсріп, қосымша дыбыстар - әр түрлі шулар естіледі.
Журек қан тамырлар жүйесiн зерmmеу:
Перкуссия
тықылдату
1. Терінің көгеруі.
2. Ентігу
3. Ісіктер
4. Мойын тамырларының ісінуі
5. Тамыр соғуының күшеюі
(“каротид биі”)
1. Жүректің
соғысын
анықтау
(әлсіздігін,
күшеюін)
2. Тамыр соғуын
анықтау
(жиілігі,
ырғақтылығы,
толуы,
толықсуы)
1. Жүрек,
бауыр
шекарасын
анықтау
2. Іш
қуысына
сары
судың
жиналуын
анықтау
1. Жүрек
дыбыстарын,
ырғақтылығын,
қосымша
дыбыстарды
анықтау
2. Жүрек
шуларын есту
Жүрек-қан тамырлар жүйесiн зерттеу мынадай жоспар бойынша өткiзiледi: жүрек тұсын қарау жөне пальпациялау, жүрек тұсын перкуссиялау, жүректi аускультациялау, қан тамырларын зерттеу. Жүректi зерттеу алдында малдың жалпы жағдайынажәне мiнез-құлқының өзгеруiне назар аудару қажет. Себебi, қан айналымының жеткiлiксiздiгiн клиникалықбелгiлерге ентiгу, кiлегейлi қабыңтардың көгеруi (циа-ноз), жүректiң тез соғуы (тахикардия), жұмысқа қабiлеттiлiгiнiң жойылуы, тершеңдiк, жүрек тұсы сезiмталдылығының жоғарылауы, алдыңғы аяңтарын жиi ауыстырып басу, iсiнуiлер жатады. Мұндай өзгерiстер пайда болса, жүрек-қан тамырлар жүйесiн зерттеудi мұқият түрде жан-жақты өткiзу керек. Жүрек тұсын қарау, пальпациялау. Жүректi тексеру кезiнде малдың сол аяғын барынша iлгерi жылжытады. Қарау мен пальпациялау арқылы кеуденiң төменгi үштен бiр бөлiгiнде 4 жәнө 6-қaбыpғaлap аралығында кеуденiң дүрсiлiн немесе жүректiң соғуын байқайды. Пальпация арқылы жүрек тұсында көкiрек жаңтауының дүрсiлi сезiледi. Жүректiң дүрсiлi дегенiмiз - жүрек етiнiң жиырылумен сәйкестенiп келетiн көкiрек жақтауының сыртқы керiлуi. Жүрек дүрсiлiнiң ең жақсы байқалатын жерi: iрi қара мен үсақ малда - сол жақ шынтақтан 23 см жоғары 4-қaбыpғa аралығында 57 см 2 аумағында, жылқыда - сол жақ иық буыны мен жауырынның жалғасқан тұсының сызығынан жүргiзiлген түзудiң бойынан 78 см төмен 5-қaбыpғa аралығында 45 см 2 аумағында, шошқаларда - сол жақ 4-қaбыpғa аралығында 24 см 2 аумағында.
Жүректiң дүрсiлiн тексеру кезiнде анықтайтынымыз:
жүрек дүрсiлi орнының ығысуы - перикард итте, плевритте, пневмотораксте, гидротораксте байқалады;
жүрек дүрсiлiнiң әлсiреуi - өкпе ауруларында, эмфиземада, пневмонияда және плевритте, перикардитте кездеседi;
жүрек дүрсiлiнiң күшеюi - безгекте, жұқпалы ауруларда, перикардитте және уланғанда кездеседi.
жүрек тұсының ауырсынуы - перикардитте, плевритте, және миозитте байңалады.
Жүрек тұсын перкуссиялау:
Жүрек түсын перкуссиялау арқылы шекарасын және сезiмталдылығын анықтайды. Перкуссияны малдың алдыңғы сол аяғын барынша алға қарай жылжытып, iрi малда - инструмент арқылы (плессиметр, перкуторлы балғашықпен), ұсақ малда - саусаң арқылы (дигитальдi перкуссия) жүргiзедi. Перкуссия арқылы жүректiң жоғарғы және артқы шекараларын табады. Перкуссияның үстiнен төмен қарай қабырға аралығымен (анконеус сызығы бойынша), сонан соң иық буынан жоғары - артқ қарай (45 сербекке қарай) жасайды. Iрi қара малда жоғарғы жүрек шекарасы иық буын деңгейiнде, ал артқы жүрек шекарасы 5-қaбыpғaғa дейiн орналасады. Жылқыда жоғарғы шекарасы иық буын сызығынан 2-3 см темен, артқы шекарасы 6-қaбыpғaғa дейiн. Жүрек пен өкпе ауруларында бұ дыбыстардың естiлу шекаралары өзгередi (плевритте, перикардитте, жүректiң көлемi үлғайғанда, көкiрек ауамен немесе сұйпен толып керiлгенде) . Жүректi аускультациялау. Жүректiң аускультациясын мал тiк тұрған кезде алдыңғы сол аяғын алға қарай жылжытып немесе сәл бүгiп жүргiзедi. Жүректi тыңдау екi жолмен жүргiзiледi: құлақпен тыңдау (тiкелей), түтiкшелер арқылы тыңдау (стетоскоп, фонендоскоп, стетофонендоскоп арңылы) . Тыңдау кезiнде фонендоскопты жүрек дүрсiлiнiң үстiне басып, саздарды айырады. Жүректi тыңдаған кезде дыбыстардың ырғағы мен күшiне, тембрiне және жүрек шуылының бар-жоғына көңiл бөледi. Жүректiң қызметiн тексеру және жүрек ақауларын тану кезiнде саздарды қақпақтардың және олар жауып түратын тесiктердiң көкiрек қуысына проекция жерiнде тыңдаудың үлкен маңызы бар. Жүрек саздарының патологиялық өзгерiстерi: екеуi бiрге немесе бiр саздың күшейтiлуi (акцент), әлсiреуi, үзартылуы, жарылуы, қосарлануы (екiге бөлiнуi) және эмбриокардия түрлерiнде кездеседi. Жүректiң аускультациясын жасаған кезде жүрек шуылдарының бар-жоғына назар аударады. Жүрек шуылдары - жүрек қызметiне байланысты, бiрақ олар әдеттегi саздардан өзгеше дыбысты құбылыстар. Шығатын орнына және жаратылысына байланысты жүрек шуылдары эндокардиалды (жүректiң iшкi) жөне экстракардиалды (жүректiң сыртқы) деп бөлiнедi. Эндокардиалды шуылдар органикалың және функционалдық болып екiге бөлiнедi. Органикалың iшкi шуылдар жүрек қақпақшаларының құрылымы бұзылған кезде пайда болады. Олар жүрек ырғағының кезеңiне сәйкес фонетикалық быжылдау, сылдыр, ысқырық тәрiздi дыбыстар. Функционалды iшкi шуылдар көбiнесе түрақсыз, қатты емес систола кезiнде байқалып, жүректiң бiршама жетiмсiздiгiнен үлғайғанда, анемияда және паппилярлы бүлшық етiнiң гипотониясында кездеседi. Экстракардиалды шуылдар перикардиалды, плевроперикардиалды және кардиопульмоналды шуылдар болып бөлiнедi. Жүрек сыртқы шуылдары (шалпыл, үйкелу дыбыс тәрiздi) жүрек кезеңдерiне сөйкес емес, жүрек қабының немесе плевраның қабынуларында пайда болады (жiтi перикардитте, плевритте) . Бүл шуылдар жүрек түсының әрбiр жерiнде естiлiп, көбiнесе үздiксiз, тырмалау, ысылдау, сатыр-сүтыр тәрiздi болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz