Ірі қараны бордақылау


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК

УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

ТАҚЫРЫБЫ: Ірі қараны бордақылау

Орындаған: Оразгалиев А. Б

Тексерген: Қорабаев Ж. З

Семей 2015

Жоспар

  1. Ірі қараны бордақылау

2. Жас мал өсіру және бордақылау

3. Малды бір орында ұстап бордақылау

4. Ірі қара етін өндірістік жолмен өндіру

1. Ірі қараны бордақылау

Бізде өндірілетін еттің жалпы мөлшерінің ішінде ірі қара етінің өзіндік үлесі өте үлкен. Ал оны одан әрі арттыра түсу сүтті және сүтті-етті бағыттағы ірі қара өсіретін мамандандырылған шаруашылықтарды нығайтумен қатар табыннан шығарылған малды бордақылау және мамандандырылған етті бағыт тұқымының жас малын өсірумен, сондай-ақ бордақылаумен тікелей байланысты.

Ірі қара етін өндіру және оның сапасын көтеру, көбінесе оны интенсивтендіру, жас малды жеделдете өсіру, бордақылау, жайыпсемірту жұмыстарымен байланысты.

Бордақыланылатын малдың рационы толық құнды болу керек. Сондықтан рационды әр мал тобының жасына арнап, жоспарланған қосымша салмақ алатындай етіп жасайды.

Рацион протеин, минералды заттар мөлшері бойынша толық құнды болуы керек.

Малды дұрыс топтап, толық құнды рационмен азық-тандыру, күн тәртібін қатаң сақтау бордақылауды ойдағыдай өткізуге, қосымша салмаққа шығатын шығынды азайтуға, сапалы ет өндіруге мүмкіндік туғызады.

2. Жас мал өсіру және бордақылау

Малдың бұлшық еті қарқындап өседі. Сондық-тан өсіп келе жатқан жас мал өсуін тоқтатқан кәрі малға қарағанда әрбір кг қосымша салмаққа азықты аз жұмсайды.

Мысалы жас малды қарқындата бордақыласа 15 - 18 айына дейін 1 кг қосымша салмағына 7 - 7, 5 азық өлшемін, ал орташа қарқынмен бордақыланған мал 22 - 24 айлығына дейін әрбір кг қосымша салмағына 10-12 азық өлшемін жұмсайды.

Бордақылау уақыты оның қарқынына және қоңдылығына байланысты. Мәселен қажет жағдайдың бәрі болса, жас малды 18 айлығына дейін жоммен 80 -90 кун ішінде жоғары қоңдылықта бордақылауға болады, бардамен 90-100 күн, сүрлеммен, тамыртүйнектермен 100-110 күн, ал кәрі малды жоммен 60-70 күн, сүрлеммен және тамыртүйнектермен 80-90 күн бордақылай-ды. Малды тәулігіне 3-4 мәрте азықтандырып, азыққа басқа да препараттар (карбомид, БВК, минералды заттар) қосады.

3. Малды бір орында ұстап бордақылау

Жас малды да, кәрі малды да бір жерде ұстап бордақылағанда негізгі рационға аздап ірі азық қосады, Малды негізінен жоммен, барда, сірне, картоп езіндісі« мен, сүрлеммен, тамыртүйнектермен, балаусамен бордақылауға болады.

Әрбір малдың тірілей салмағын таразыға тартып анықтайды, одан әрі ай сайын бақылап таразыға тартады, бордақылау аяқталған кезде соңғы рет таразыға тартып, салмағын анықтайды.

Бордақылау үш кезеңнен тұрады. Олар: бастапқы (30 күн), ортаңғы (10 күн) және қорытынды (20 күн) деп аталады.

Әр кезеңге әр түрлі рацион жасалынады. Алғашқы екі кезең бойы қолда бар арзан азықты пайдаланады да, үшінші кезеңде жем мөлшерін көбейтеді. Малды толық құнды рационға біртіндеп 7-8 күн ішінде ауыстырады. Азықтың мөлшеріне, құрғақ затына қарай күніне екі уақыт азықтандырады, сол орнында суарады. Алғашқы кезеңде мал өз денесіне протеин, май, су жинайды, соңынан бұлшық ет арасына, ет пен тері арасына май жинайды да, содан соң тәуліктік қосымша салмақ мөлшері азаяды. Қорытынды кезеңде жем мелшері көбейетіндіктен қосымша салмақ та арта түседі.

Жоммен бордақылау. Бордақылаудың бұл түрі қант қызылшасын көп өндіретін аудандарда (Жамбыл, Талдықорған облыстары) кең тараған. Қант қызылшасында углевод, кальций көп те, белок, фосфор өте аз. Жаңа алынған жомның құрамында су көп болатындықтан тез ашып, тез бұзылады. Сондықтан оны кептіріп сүрлемге салған жөн. Жоммен бордақыланатын малға қосымша протеинді азық, ұнтақталған сүйек, преципитат, тұз беру керек.

Малды жомға бірінші 7-10 күн ішінде үйретеді. Кәрі мал тәулігіне 65-70 кг, ал жас мал 40-50 кг жомжейді. Қорытынды кезінде жомды азайтып, жемді көбейтеді.

29. Жоммен бордақыланатын малдың тәуліктік рационы (А. П. Солдатов мәліметі)

Әр малға, кг
: Рацион нұрамы
Әр малға, кг:
18 айға дейіи-
:
Әр малға, кг: кәрі мал
гі жас мал
: Қышқыл жом
Әр малға, кг: 70
40
: Ірі азық (пішен)
Әр малға, кг: 5
1
: Меласса
Әр малға, кг: 1
1
: Жем
Әр малға, кг: 1, 5
1, 5
: Тұз
Әр малға, кг: 70
60
: Диаммоний фосфат
Әр малға, кг: 70
40

Кәрі малды бордақылағанда әрбір кг тірілей салмағына 8-10 кг, ал жас малға 7-8 кг азық өлшемін жұмсайды. Ас қорыту процесі дұрыс жүруі үшін малға 100 кг салмағына кем дегенде 1 -1, 5 кг ірі азық (пішен) берілуі керек. Сабан, жомға сірне қосылса мал жақсы жейді.

Бардамен бордақылау. Бордақылаудың бұл түрін спирт заводы төңірегіндегі шаруашылықтар қолданады, Жаңа алынған бардада 94 процентке дейін су болады. Құрғақ заттар құрамына аздаған белок кіреді. Барданы жаңа күйінде де, сүрлеп те пайдалануға болады. Бар-а сүрлеміне тураған сабан немесе жүгері сабағын араластырады. Тұзбен малды керегінше қамтамасыз етеді. Жаңа барданы малға оның әрбір 100 кг салмағына 15- 20 кг есебінен береді. Ірі малға тәулігіне 7-8 кг сабан немесе пішен, жас малға 9-6 кг пішен, 1, 5-2, 5 кг жем беріледі.

Сүрлеммен бордақылау. Рациондағы сүрлем мөлшері оның сапасына қарай, малдың 100 кг салмағына 6-8 кг, ірі азық 0, 8-1 кг, ал жем 2-3 кг есебінен беріледі.

Бордақылаудың бұл түрінде рационға малдың әрбір 100 кг салмағына 1 -1, 2 кг есебінен картоп беріледі.

Жаз айларында малды балаусамен де бордақылауға болады. Балаусаны тәулігіне 40-80 кг, жемді 2-2, 5 кг дейін береді.

Мақта-мата өндірісі қалдығымен бордақылау әдісі мақтаны көп отырғызатын аймақта қолданылады. Бір малға тәулігіне 4-5 кг мақта қабығы, 2-2, 5 кг шрот, немесе күнжара, 2, 5-3 кг ірі азық, 0, 6-1 кг жүгері немесе қара бидай беріледі. Бордақылаудың бұл тәсілінде рационға жүгері сүрлемін, тамыртүйнектер араластырған жөн.

Малды жайылымда бордақылау. Малдан жаз айларында арзан да бағалы ет өндіру үшін жайылымды кеңінен пайдаланатындығы белгілі. Мал жайылым өсімдігін өз бетімен қажетінше пайдаланады да, оиы алдын ала даярлауды, сақтауды қажет етпейді. Сондықтан малдың жемшебіне, күтіміне көп шығын шықпайды, Жайылым есімдігі жұғымды, жақсы қорытылады және оның пайдалы диеталық қасиеті бар. Сақа сиырлар жайылымда 100-120 тәулік, ал жас мал 130-150 тәулік бордақыланады. Осы кезеңде сақа мал айына 30-40 кг салмақ қосады. Ал жас мал салмағы екі есе көтеріледі.

Шөбі шүйгін, суы мол жайылымда мал қосымша азықсызақ тәулігіне 1 килограмға дейін салмақ қоса алады. Сонымен қатар жайылымды пайдаланған малдың еті арзанға түсіп қана қоймай, минералды заттармен толыға түседі де дәмді, сіңімді, хош иісті келеді.

Бордақыланатын малды тұқымына, жасына, жынысына, салмағына, жайылымның ерекшелігіне қарай сақа мал болса 120-150-ден, ал жас малды 200-ге дейін топтап, табын құрады. Таулы, орманды жайылымдағы табында 70-100, шалғай жайылымдағы табындарда 250-ге дейін мал болғаны дұрыс. Жайылымды бөлгенде әр малға 2-5 гектар мелшерінде бөлу керек.

Ерте піштірілген малдың өсуі төмендеп, салмақ қосу қарқыны азаятындықтан, еркек малды 5-6 айлығында піштереді.

Жайылымда тұз болғаны дұрыс. Малды етке өткізер алдында аз уақыт қолда ұстап, қолда бар азықпен қарқынды бордақылайды.

Жайылымға шығарда малды мал дәрігері түгел тексереді, таразыға тартылып, табын ведомосы жасалады. Ол ведомоске малдың номері, жынысы, жасы, қоңы, тірілей салмағы, ай сайын алынатын жоспарлы қосымша салмағы көрсетіледі. Шаруашылық мамандары табын құрып, мал жаятын өріс кезегін жасайды. Суат, мал тыныстайтын орындар, еңбекақы (иегізгі және қосымша) мөлшерін белгілейді.

4. Ірі қара етін өндірістік жолмен өндіру

Сүтті бағыттағы ірі қара өсіретін аудандарда жас мал бордақылауға ет өндіруді өндірістік жолға қойған мамандандырылған кешендер үлкен үлес қосып жүр. Ондай кешендер үлкен қалалар мен елді қоныстарға жақын орналасады да, бұзауды 7-10 күндігінен немесе 1-2 айлығынан қабылдап алып, одан әрі кешендерде есіріп, бордақылайды.

Бұл кешендерде жас мал өсіру және бордақылау технологиясын қатаң сақтаса, сүтті бағыттағы тұкым малы 12 айлығының өзінде 300-320 кг тартады. Ал кәсітік будандастырудан алынған бірінші будан малының салмағы 10-12% жоғары болады. Сиыр етін өндірудің ең маңызды шарттарыньщ бірі етті бағыттағы тү-қым малын пайдаланып, етті бағыттағы ірі қара саласын шығару. Мысалы, Қазақстанда 1980 жылы малдың салмағыи 381 кг жеткізіп өткізсе, 1985 жылы 400 кг, ал 1994 жылы 410 кг жеткізілді.

Малдың етке өткізу салмағын кетеру бордақылау уақытын қысқартады. Соның өзінде малдың салмағы 16-18 айлығында 400-450 килограмға жетеді.

Сиыр етін өндірістік жолмен ендіру бірқатар шараларды сақтауды қажет етеді: біріншіден, мамандандырылған шаруашылықтардың типі мен олардың ерекшеліктеріне қарай қолайлы технологиялық процестерді анықтау, екіншіден, мамандандырылған шаруашылықтардың қажетіне қарай жеткілікті жемшөп қорын жасау, үшіншіден, сақа және жас мал бордақылау технологиясын анықтау.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Етті бағыттағы ірі қара сиырларын азықтандыру
Ірі қаралар мен қойларды бордақылау
Ірі қара шаруашылығы, ірі қара еті мен сүтін өндіру технологиясы
Арнайы мал бордақылау шаруашылықтары
Ірі қараны үлкен өндірістік кешендерінде және бордақылау алаңдарында бордақылау
Мал шаруашылығын өркендету
Ірі қара малдың қазақтың ақбас тұқымын толық құнды азықтандыру
Бұзауды күту
Ірі қара малды бордақылау және жайып семірту
ГЕРЕФОРД БҰҚАЛАРЫ, АҚБАС СИЫРЛАР
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz