Тұрғын үйлер және оларға қойылатын жалпы талаптар


Пән: Құрылыс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«Геодезия және құрылыс » кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы:Тұрғын үйлер және оларға қойылатын жалпы талаптар

Орындаған: Нұрбекқызы П.

Тобы: СТ-309с

Тексерген: Оқасов А. Р

Семей 2015 жыл

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім:

1. Тұрғын үйлер және оларға қойылатын жалпы талаптар.

2. Тұрғын үйлердің аумағына және жеріне қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

3. Жылу және желдету жүйелеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

Қортынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе

Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыру процесінде мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын қатынастарды реттейді және адамның толық өмір сүруін және тіршілік ортасын қалыптастыруға, елді мекендер мен қонысаралық аумақтарды тұрақты дамытуға бағытталды.
Құрылыс объектісін құру құрылыс объектісі салынатын барлық цикл бойы (кейіннен кәдеге жарату кезеңін қоспағанда) қауіпсіздікке қойылатын мынадай маңызды талаптарды қамтамасыз ететіндей болып ұйымдастырылуы (құрылыс өнімін пайдалана отырып жобалануы және салынуы) тиіс.

Тұрғын үйлер және оларға қойылатын жалпы талаптар

1. "Тұрғын үйлерді жобалауға, салуға, пайдалану мен күтіп-ұстауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережесі және нормалар (бұдан әрі - санитарлық ереже) тұрғын үйлерді жобалауға, салуға, күтіп-ұстауға, пайдалануға, олардың аумағына және жеріне, жылу және желдету жүйелеріне, табиғи жарыққа, сумен жабдықтауға және канализацияға, сондай-ақ тұрғын емес жайларға, мобильдік үйлерді және мейманханаларды қоспағанда, талаптар орнатады.

2. Осы санитарлық ереже Қазақстан Республикасының аумағында жүрген барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.

3. Осы санитарлық ережелерде қолданылған терминдер және анықтамалар:
1) тұрғын үй - негізі тұрғын үй-жайлардан және үйдің жалпы пайдалану бөлігінен, сонымен қатар тұрғын емес қабаттардан (жайлардан) тұратын құрылыс;
2) тұрғын емес қабаттар (жайлар) - негізгі тұрғын үйдің төменгі қабаттарына іргелес ішіне, жапсарлас (ішіне жалғастырыла) салынған, цокольдық және/немесе төле, сондай-ақ жер үсті қабаттарында орналасқан, қосалқы, көмекші, техникалық мақсаттарға арналған, сондай-ақ, қоғамдық және/немесе кіші, орта кәсіпкерлік не өзге мақсаттағы, тұрғын үймен қызметтес байланыста болмайтын, сонымен қатар негізгі тұрғын үйге жапсарлас және жалғастырыла салынған бөліктері бар жеке жайлар (жайлар тобы) ;
3) пандус - ғимараттың цоколінің астында орналасқан, сатының орнына көше беттегі есікке кіруге арналған ылди бөлік;
4) жер үсті қабат - жерден жайдың жобаланған еденінен төмен емес қабаты;
5) төле қабат - бөлме еденін белгілегенде биіктігі бөлме биіктігінің жартысынан жоғары, жобаланған жер белгісінен төмен қабат;
6) цокольді қабат - бөлме еденін белгілегенде жоспарланған жер белгісінің биіктігі бөлме биіктігінің жартысынан биік емес қабат.

2. Тұрғын үйлердің аумағына және жеріне қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

4. Тұрғын үй аймағы, оған жақын орналасқан аймақтар көгалдандырылған, жарықтандырылған, кіре-беріс және жаяу жүретін жолдар қатты жабынмен жабылуы тиіс.

5. Қоқыс салатын контейнер темірден жасалған болу тиіс, олар асфальт төселген алаңда орналасуы тиіс, алаңның көлемі контейнер көлемінен үш есе артық болуы тиіс.

6. Контейнерлер тұрғын үйлерден 25 метрден (бұдан әрі - м) жақын емес, бірақ 100 м алыс емес қашықтықта орналасуы тиіс.
Қоқыс жинағыш алаңы үш жағынан 1, 5 м биіктікке қоршалуы тиіс.

7. Қалдықты және қоқысты контейнердің көлемі 2/3-і толғанда күніне бір рет тазаланып тұру керек, жаз айларында күніне бір реттен, ал қыста 3 күнде бір реттен сиретпей тазаланып отырылуы тиіс.

8. Жануарларды өсіруге арналған жайлардан (ғимараттардан) тұрғын үйлерге дейінгі қашықтық Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3792 тіркелген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі м. а. 2005 жылғы 8 шілдедегі N 334 бұйрығымен бекітілген "Өндiрiстiк нысандарды жобалауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық ережесі мен нормалары талаптарын ескере отырып қабылдануы тиіс.

9. Жақын жерде орналасқан құрылыс пен нысандардан санитарлық қорғау зонасы қарастырылуы тиіс.

10. Суаратын су құбыры ескерілуі тиіс.

11. Қоқыс жинағыш контейнерлерге қатты асфальтталған подъезд болу керек.

Тұрғын ғимараттарын жобалау мен құрылысына қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

12. Тұрғын үйлерді жобалау мен салу осы санитарлық ереже
талаптарына сай жүргізілуі тиіс.

13. Құрылыс және өңдеу материалдары Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген болуы тиіс.

14. Құрылыс және жөндеу жұмыстарына қолданылатын материалдардың электростатикалық өрісінің кернеу деңгейі ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 30-60 пайыз (бұдан әрі - %) жағдайда 1 метрге 15 киловатт (бұдан әрі - кВ/м) аспауы тиіс.

15. Тұрғын үйлерде ені 1, 2 м бұрышы 1:20 пандустар қарастырылуы тиіс.

16. Тұрғын үйлерде тұрмыстық-шаруашылық, өртке қарсы және ыстық су, канализация мен суағыстары болуы тиіс.

17. Инсоляцияны қамтамасыз ету мақсатында биік тұрғын үйлердің ара қашықтығы 20 м кем болмауы тиіс.

18. IV климаттық ауданда ғимараттар жақсы желдетумен қамтылуы тиіс.

19. Бес қабаттан жоғары тұрғын үйлерде лифттер қарастырылуы тиіс .

20. Тұрғын үйлерде қоқыс құбырлары болуы тиіс, оларды жоғары қабаттың еденінен жердің жобалау белгісінен 11, 2 м.

21. Саты марштары мен алаңдары ұстағыштары және қоршалған болуы тиіс, ал қарттар мен мүгедектерге арналған үйлерде - қосымша қабырғалық ұстағыштар қарастырылады.

22. Басқыш алаңдары мен лифт холлдары кез келген мақсаттағы басқа жайлардан бөлек, қабатаралық коридорлардан жапқыштары бар есіктермен бөлектенуі тиіс, бөлмелердің қабырғалары шуды өткізбейтін болса лифт шахтыларын тұрғын бөлмелерге жақын орналастыруға болады.

23. Кірешекке кіретін жердің және басқыш алаңның едендері сырғанақ емес, парапетсіз су өтпейтін, қышқылға төзімді Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген материалдармен қапталуы тиіс.

24. Қоғамдық мақсаттағы жайлардың немесе тұрғын бөліктің тұрғын жерден өтетін инженерлік коммуникациялар (темір трубалардан жасалған су мен жылыту құбырларынан басқа), бір пәтердің көлемінде орналасқан жайларды қоспағанда, дербес өртке қарсы қоршаулары бар шахталарда жүргізілуі тиіс.

25. Пәтердің немесе жатақхана бөлмесінің есігінен ең жақын қоқыс жинағышқа дейінгі ара қашықтық 25 м кем болмауы тиіс.

26. Қоқыс құбырының бағаны ауа өткізбейтін, құрылыс түзілістерінен дыбыс жібермейтін болуы және тұрғын жайларға іргелес болмауы тиіс.

27. Қоқысжинағыш камера тікелей қоқыс құбыры бағанының астында орналасуы тиіс, оған ыстық және суық су жүргізілуі тиіс. Қоқысжинағыш камераның жарықта биіктігі 1, 95 м кем болмауы тиіс. Қоқысжинағыш камераның ішкі жағы жууға және дезинфекциялауға, контейнерді жууға, камера мен қоқыс түсіргішті жууға ыңғайлы болуы тиіс. Қоқысжинағыш камераның едендері канализациялық трапқа бұрышталып төселуі тиіс.

28. Қоқысжинағыш камера сыртқа ашылатын есігі бар дербес үйге кіретін есіктен тұтас қабырғамен оқшауланған кіре беріс болуы тиіс.

29. Қоқысжинағыш камерасынан толған контейнерлерді арнайы автокөліктің бункеріне ролик ретінде салудың тасымалдануын механизациялауды қарастырылуы тиіс; роликтары бар алаңдар, қармағыш кронштейндері бар элетроталдар.

30. Қоқысжинағыш камераның едендері ішкі алаңның тегіс бетінде болуы тиіс. Еден деңгейінде тұрғын үйдің су құбырына қосылған ағынсулардың қабылдағышы орналасуы тиіс.

31. Басқыш алаңдарында орналасқан қоқыс құбырларының клапандарының қақпақтары резеңке прокладкасы бар тығынмен жабылуы тиіс.

32. Қоқыс құбыры оны тазалауға, дезинфекция, дезинсекция және дератизацияны жүргізуге мүмкіндігін қамтамасыз ететін құрылғылармен жабдықталуы тиіс

Жылу және желдету жүйелеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

33. Жылу және желдету жүйелері тұрғын үй жайлары ауасының және ауа алмасу жиілігінің осы санитарлық ережелер қосымшасына сәйкес есеп көрсеткіштерін қамтамасыз етуі тиіс.

34. Жылу радиаторлары тазалағанға ыңғайлы болуы тиіс. Су жылыту жүйесі жағдайында екі түтік жүйесіндегі радиаторларының үстіңгі бетінің температурасы 85 градус Цельсиядан (бұдан әрі - 0 С), бір түтіктік жүйедегілер үшін - жоғарғы қабаттар үшін - 100-105 0 С аспауы тиіс.

35. Нормаланған ауа соруы бар үй-жайлар үшін жоғалған ауаның орны сол пәтердің басқа бөлмелерінен (ас бөлмесі мен санитарлық тораптарды қоспағанда) және сырттан келетін ауаның есебінен толтырылу жүйесі қарастырылуы тиіс.

36. Үй-жайлар терезе көзі, терезе және өзге құрылғылар арқылы желдету каналдары арқылы желдетілумен қамтамасыз етілуі тиіс.

37. Тура, бұрыштық және тік желдетуге жол беріледі. Секциялық үйлерде біржақты орналасқан бір және екі бөлмелі пәтерлер үшін басқыш алаңы немесе өзге желдетілетін пәтерден тыс жайлар арқылы желдетуге жол беріледі. Сонымен қатар мұндай пәтерлер бір қабатта екеуден артық болмауы тиіс. Коридорлық типтегі үйлерде бір және екі бөлмелі пәтерлері үшін ұзындығы 24 м артық емес табиғи жарықтандырылған және тура немесе бұрыштық желдетуі бар ортақ коридорлардан желдетілуіне жол беріледі.

38. Басқыш алаңның желдетілуі әр қабатта ашылатын 1, 2 м 2 әйнектелген өтпелер арқылы қамтамасыз етілуі тиіс.

39. Желдету жүйесі бір пәтерден екінші пәтерге ауаның ауысуына жол берілмейтіндей қарастырылуы тиіс.

40. Тұрғын үйлер мен жатақханалардың бөлмелерінің сору желдетілуі ас бөлмесі мен ванна, кептіру шкафтарының сору арналары арқылы өтуі қарастырылуы тиіс, олар бөлек орналасқан және олардың қосылуына жол берілмеуі тиіс.

41. Бір пәтер шегіндегі ас бөлмесі, санитарлық тораптардың, ванна және киім ілетін бөлмелердің жергілікті желдету арналарын, қызмет көрсететін үй-жайлардан 2 м кем емес жоғары бір деңгейдегі құранды арнаға қосылумен құранды желдету арнасына біріктіруге жол беріледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Екі қабатты үш секциялы тұрғын үй
«Екі секциялы, екі қабатты, он екі пәтерлі кірпіштен салынған тұрғын үй»
Қонақ үй
Сәулеттік шешімдер туралы
Қонақ үйдің шығу тарихы
Емдеу-профилактикалық мекемелерш жоспарлау мен жабдықтаудың гигиеналық негіздері
Қонақ үй шаруашылығы қызметінің өрлеу әдістері
Қонақ үйде орналастыру
Аудандағы газ қысымы
Әскери қызметшілердің жалпы құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz