Өндірістік экологияның болашағы


Өндірістік экологияның болашағы.

Табиғат анамен жылдар бойы қалыптасқан тепе-теңдіктің бұзылуы ХХ1 ғасырда бұрын-соңды болмаған деңгейіне жетті. Ғаламат жаңалықтармен бірге өндірістің жедел дамуы, зауыттардың еселеніп салынуы, жер құнарының тас-талқанын шығарған 1953-1962 жылдардағы тың игеру, қазақ жеріндегі сынақ алаңдары күнделікті тіршілікке араласып, жетістігімен қатар апатын да ала келді.

Қазақстанның қазіргі экологиялық жағдайы ғаламдық шеңберде проблема тудыратын мәселеге айналып отыр.

АҚШ, Англия, Франция, Германия, Жапония сияқты бірқатар өркениетті елдерде ірі өндіріс орындарын салмастан бұрын оның қоршаған ортаға әкелетін экологиялық шығынын есептей отырып, сол жердегі халықтың денсаулығына тигізетін әсерін ғылыми түрде тұжырамдап барып қана жүзеге асырады.

Жалпы ірі өндіріс орындарын дамыту3 факторларға байланысты:

1. Шикізат көзі.

2. Адам күші.

3. Су ресурстары.

Осы 3 фактордың арақатынасын сақтамай ірі өнеркәсіп орындарын дамыту мүмкін емес. Біздің ірі өндіріс орындарының барлығында жоғарыда аталған экологиялық шарттар ескерілмеген. Ірі өндіріс орындарынан шығатын улы газдар, ауыр металдар, өндіріс орындарының айналасындағы халықтың денсаулығына, топырақтың, ауаның құрамының өзгеруіне үлкен әсер етеді.

Батыс Қазақстан өнеркәсіптік экологиялық аймағына-Каспий маңы, мұнай өндіру мен өңдеу, металлургия, құрылыс материалдары және тағы басқа да салаларға маманданған. Бұл аймақтағы негізгі мәселелер-табиғи ортаның мұнаймен ластануы, радиактивті қалдықтармен ластануы адамның денсаулығына және экожүйелерге әсер етіп, шөлдену процестерінің жүруіне, биокөптүрліліктің жойылуына әкелуде. Сондай-ақ мұнда тыныс алу жолдарының қабыну аурулары мұнай өндіретін аудандарда, орташа саны басқа облыстармен салыстырғанда жоғары.

Батыс аймақта Маңғыстау облысы экологиясы ауыр аймақтардың алдыңғы қатарына жатады. Қауіпті нүктнлердің топырақ қабаттарын тексергенде бұл өңірді Семей, Аралдан кейінгі үшінші орында.

Маңғыстау облысында жергілікті тұрғындарға қасірет төндіріп тұрған Қошқар ата улы көлінің су астында 104 млн т улы қоспа жатыр. Қзір уран өндірмейді, ал су буланып, жаға ашық қалған. Әбден кепкен топырақ шаң болып өңірге тарайды. Одан адамдар арасында түрлі аурулар пайда болуда. Әсіресе инсульт ауруы.

Ақтөбеде көп жылдардан бері Ақтөбе ферробалқыту зауыты мен Ақтөбе хромды қосындылар зауыттары жұмыс істеп келеді. Қазіргі уақытта кәсіпорын аймағының табиғаты алты валентті хром қосындыларымен, сондай-ақ солтүстік-батыстан соғатын желдердің әсерінен кәсіпорындардан шығатын зиянды заттармен, оның құрамында шаңды хром қосындылары және т. б зиянды заттармен өте белсенді түрде ластануда. Бұлардың мұражайларынан улы заттар қоршаған ортаны бүлдіріп қана қоймай адамдар денсаулығына елеулі залалын тигізуде. Жергілікті сарапшылардың берген мәліметтеріне қарағанда тыныс-қолқа жолдарының ауруы қалада қалыпты деңгейден 3, 5 есеге дейін жеткен. Сол сияқты жүрек-қан тамыры жүйесі мен көз аурулары 1, 8 және 2 есеге шейін артқан.

Атырау өңірінің ауасының экологиялық жағдайы мұнай-газ өндіруші, энергия-коммуналдық, көлік кешені және тағы басқа мекемелердің ауаға шығаратын лас заттардың көлемі мен олардың жеке түрлеріне тікелей байланысты. Өткен он жыл ішінде Атырау облысы бойынша орта есеппен әр жыл сайын ауаға 164, 65 мың т түтін шыққан. Негізгі облыс бойынша шығатын лас түтіндердің 72, 5% тұрақты мұржасы бар өндіріс мекемелерінің үлесіне тиеді. Оған қоса облыста ауаны автокөліктердің түтінімен ластау да орын алады. Мысалы, 1990-1995 жылдары облыс аумағына ауаға шығатын түтіндерінің 24-48%-ы автокөліктердің үлесінде. Сонымен қатар Атырау облысында ластанған аймақтарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Мұнда мұнаймен ластанған топырақ жамылғысын тазалау жұмыстары, Орта Азияда табмғат ресурстарын басқару жұмыстарын жетілдіру жобасы негізінде “Салтанат Балғынбаев” кен орнында жүзеге асырылуда. Мұнда топырақты биологиялық жолмен тазалау құрылғысы салынды, бұл пайдаланып отырған жаңа технология ластаушы заттарды 80%-ға дейін тазалауға мүмкіндігі бар.

Шығыс Қазақстан өнеркәсіптік аймақ-Қазақстан Республикасы өнеркәсібі жоғары дамыған, түсті және қара металлургия, энергетикалық кешені, полиметалл кендері шоғырланған. Бұл аймақтағы экологиялық мәселелер-қоршаған ортада өндірістік қалдықтардың жиналуы, атмосфералық ауаның ластануы, ормандардың деградцияға ұшырауы. Тек, Өскемен қаласы бойынша әуе кеңістігіне тарйтын залалды заттардың 60%-і осы түрлі-түсті металлургия кәсіпорындарының үлесіне, ал соның ішінде Өскемен қорғасын-мырыш комбинатының еншісіне зиянды заттардың 30%-і тиеді.

Шығыс Қазақстан облысында орман отау, бас-көзге қарамай кесу фактілері орын алып отыр. Соның кесірінен жасыл желекпен көмкерілген жер көлемі облыс бойынша 150 мың га кеміп кетті.

Солтүстік Қазақстан өндірістік аймағы-мұнай өңдеу, азық-түлік және жеңіл өнеркәсіп. Мұндағы экологиялық мәселелер халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен денсаулығына әсері орасан зор, жыл сайын улы қалдықтардан келетін шығын 300 млн доллар, ауаның ластануы 266 млн долларды құрайды.

Көкшетау қаласынан солтүстікке қарай 8, 5 км қашықтықта “Васильковский ГОК”кен орны орналасқан. Васильковский ААҚ құрамында негізгі атмосфера ластаушы көздер үш алаңда орналасқан. Бірінші, қазылған тау рудниктері және үймектеу учаскелері, екінші, автономиялық уақытша қазандықтар, үшіншісі, алтын айыру фабрикасы. Мұндағы дәстүрлі зиянды заттар шығару көздері асфальт қоспалары қондырғылары, дизелді қондырғылар, қазандықтар. АЗС-дан, цехтардан зиянды газдар шығарылады. Ал, дәстүрлі емес зиянды заттар шығару көздеріне инертті материалдардың ашық қоймалары, мұнай өнімдерін сақтау орындары, көліктерге арту, түсіру жұмыстары, тасымалдау жұмыстарын жатқызуға болады. Бұл ластаушы көздерден атмосфераға 29 түрлі зиянды заттар шығарылады. Олардың ішінде органикалық емес шаң көлемі 0, 3 және 0, 5мг/м шекті мөлшерден астам. Органикалық емес шаң атмосфераға жылына 4002, 715 т мөлшерінде шығарады. Жылдың жазғы және қысқы уақыттарында барлық үш алаңнан шығарылған зиянды заттарға талдау жасағанда, тек органикалық емес шаңнан басқазиянды заттардың мөлшері санитарлық қорғау аймағында атмосфера ауасының нормативтік сапасы бойынша ұсынылған талапқа сай келмейді.

Павлодар облысында шырша ағаштарын шығындау қалыпты нормадан екі есе шоғырланған.

Орталық Қазақстан өнеркәсіптік экологиялық аймаққа-тау-кен өндіру, көмір өнеркәсібі, түсті металлургия және жылу энергиясын өндіретін орталық.

Орталық Қазақстандағы “Байқоңыр”ғарыш айлағы бұрынғы КСРО-ның өндірістік әскери-ғарыштық кешендерінің бірі. 1994 жылы Қазақстан Республикасының өкіметі мен Ресей Федерациясының арасындағы келісім нәтижесінде Ресей федерациясына “Байқоңыр” ғарыш айлағы 20 жылға жалға берілді.

Байқоңырды ұзақ жылдарға пайдалануға беру, жағымсыз экологиялық жағдайларға әкелді. Нәтижесінде жергілікті табиғи эко-жүйелеріміз (топырақ, су, ауа) зымырандар пайдаланатын гептил жанармайлармен, улы заттармен ластануы байқалуда.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндірістік экология туралы жалпы түсінік
Экологияның негізгі бөлімдері
Экология туралы жалпы түсінік
Экология ғылымы - дүниеге көзқарас
Экологиялық тәлім-тәрбиенің қазіргі мәселелері
Қоршаған ортаның тазалығын бақылау жүйесіне жалпы сипаттама
Химиялық экология
Қоршаған орта және адам денсаулығы
Қазақстан Респбуликасындағы экологиялық қауіпсіздікті жетілдіру жолдары
Экологиялық мәселелердің физиканың сыныптан тыс сабақтарында қаралуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz