ҚР инфляцияға қарсы саясаты туралы ақпарат


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім беру министрлігі

Шәкәрім атындағы мемлекеттік университет

СӨЖ №5

Тақырыбы: ҚР инфляцияға қарсы саясаты

Орындаған: Сейлханқызы С.

Группа: ОП - 413

Тексерген: Готман Л. А

Семей қаласы

2015 жыл

Мазмұны:

Кіріспе

  1. Инфляцияның мәні даму механизмі және түрлері
  2. Инфляцияның әлеуметтік экономикалық зардаптары мен себептері
  3. Қазақстан Республикасында инфляция қарқынын жою жолдары

Пайдаланған әдебиттер

Кіріспе

Экономиканың өз заңдылығы бар. Ол да адам тәрізді: қалыпты жағдайда дұрыс тыныс алады, аршындап алға басады, тірлік ретті болады. Адамның қызуы көтерілгені сияқты экономиканың да қызуы көтерілетін болады. Адам ағзасы әлсірей бастаған уақытта әуелі түшкірік пайда болады. Бір-екі түшкірік денсаулығы мықты организмге әсер ете қоймауы мүмкін. Түшкірік басылмаса, дене қызуы көтерілсе сырқаттың күш алып кететіні белгілі. Мәселе-кез келген дерттің алдын алуда. Кейінгі кезде инфляция туралы жиі сөз бола бастады. Осы жерде «инфляция деген не? Ол қандай құбылыс, қашан пайда болған?. . » деген сұрақ туады.

Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді. Оны тіпті ақшаның шығуымен бірге пайда болды әрі ақшаның қызметімен тығыз байланысты деп саналады.

Ұзақ уақыт бойы инфляцияны монетарлық құбылыс деп санай отырып, ол ақшаның құнсыздануы мен тауар бағаларының өсуі тұрғысында түсіндіріліп келеді. Әлі де бірқатар шетелдік авторларинфляцияны экономикада бағаның жалпы деңгейінің артуы ретінде анықтайды. Алайда инфляцияның тауар бағасының өсуіне көрінгенімен оны тек таза ақша феноменіне жатқыза салуға болмайды. Бұл нарықтық шаруашылықтың түрлі сфераларындағы ұдайы өндірістің сәйкессіздігінен туатын күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Инфляция әлемнің көптеген елдердегі экономиканың қазіргі дамуының ең өткір проблемаларының бірі болып есептеледі.

Бүгінгі инфляция бағаның өсуі нәтижесіндегі ақшаның сатып алу жарамдылығының құлдырауымен ғана емес, сонымен бірге елдің экономикалық дамуының жалпы қолайсыз ахуалымен де байланысты. Инфляцияның әуел бастағы себебі-ұлттық шаруашылықтың түрлі сфераларындағы жинақтау мен тұтыну, сұраным мен ұсыным, мемлекеттің кірістері мен шығыстары, айналыстағы ақша массасы мен шаруашылықтың ақшаға қажеттілігі арасындағы алшақтықтар.

Инфляциядан өндірісте біраз зардап шегеді. Инфляцияның деңгейінің көтерілуіне байланысты еңбекке деген ынта да бузылады. Инфляция тауар тапшылығының басты себебі бола тұрып тауар мен азық-түлікті белгіленген норма бойынша бөлуге мәжбүр етеді.

Инфляция халықаралық экономикалық қатынастарды, жұмыс күшін ұдайы өндіру жағдайын ұйымдастыруды бұзып, экономикалық қылмыс, көлеңкелі экономика жане т. б. белсенділігін арттырады.

Қазақстан экономикасы ретті жүргізілген реформалардың арқасында мың құбылған үрдістерден кідіріссіз өтіп келеді. Ұлыбританияның премьер-министрі Э. Чарльз Линтон Блэрдің: «Қазақстан тәуелсіздік алған күннен бері айтарлықтай экономикалық прогреске қол жеткізілді. Қазіргі нарықта бағдарланған мөлдір және ашық инвестициялық ахуалды дамыту маңызды болып отыр. Бұл Қазақстан қол жеткізген табыстарды шоғырландыруға көмектеседі, ол Орталық Азияның басқа елдері үшін тамаша үлгі болады», деген сөзі бар.

Жыл өткен сайын ел алдында жаңа меже, жаңа бағдарлар қойылып отыр. Президенттің бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына ену туралы бастамасы ақыл-ой, қуатын жедел жинақтап, белді буу қажет. Осы ретте инфляцияны ауыздықтау әрекетін жасауға тура келеді. Елбасының Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы жолдауында қаржы жүйесінің және Ұлттық банктің алдында:

- инфляция қарқынын бәсеңдету және инфляцияның өсуінің теріс салдарын азайту үшін нақты айырбас бағамына тиісті икемділігін қолдануға және сонымен бірге экономикалық өсуі ынталандыру.

2007 жылғы және ағымдағы жылдың бірінші тоқсанындағы экономика дамуының қорытындылары бойынша елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы-нын негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінің болжамы нақтыланды.

Тұтастай алғанда, 2006 жылға арналған ЖІӨ-нің жалпы көлемі 6 725 млрд. теңге мөлшерінде немесе 8, 3%-ға нақты өсуі болжанып отыр. Орташа жылдық инфляция 5, 7 %-дан 7, 6%-ға дейінгі межеде көзделген. Мұнайға (Вгепі маркалы) әлемдік бағаның түзетілген болжамы бір баррель үшін 55 АҚШ доллары

2006 жылғы республикалық бюджетті нақтылау осы жылғы екінші жарты жылдықтан бастап Ұлттық қор қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзімге арналған тұжырымдамасының қолданысқа енгізілуіне бағытталған, бұған сөйкес елдің барлық мұнай кірістері қорға аударылады.

Бюджеттің кіріс бөлігі мұнай емес сектордың есебінен ғана қалыптасатын болады. Егер мұнай емес сектордан түсетін кірістер қалыптасқан республикалық бюджет шығыстарының денгейін жаппайтын болған жағдайда, онда осы айырмашылықты жабуға кепілдік берілген трансферт түрінде Ұлттық кордан қаражат жіберіледі. Бұл ретте, кепілдік берілген трансферт бюджеттік даму бағдарламалары ғана қаржыландырылады.

Мұнай және мұнай емес кірістерді есепке алудың жаңа тетігін қолданысқа енгізу кезінде және барлық мұнай кірістерін Қорға есепке алудың салдарынан 2006 жылға арналған республикалық бюджетке түсетін түсімдердің болжамы 39, 6 млрд. тенгеге азаяды.

Бекітілген бюджетте жоспарланған даму бағдарламаларының шығыстарын қаржыландыру үшін және бюджетті нақтылау кезінде қабылданған қосымша шығындар үшін 2006 жылдың екінші жартысында ұлттық қордан республикалық бюджетке 124, 6 млрд. теңге келілдік берілген трансферт жіберілетін болады.

Макрокөрсеткіштерді нақтылауды және Ұлттық қор қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың жаңа тетігін іске асыруды ескере отырып, 2006 жылға арналған республикалық бюджетке түсетін түсімдердің жалпы көлемі 1 576, 9 млрд. теңге (ЖІӨ-ге 18, 1%) мөлшерінде немесе бекітілген бюджетпен салыстырғанда 85 млрд. теңгеге өсумен қалыптасты, шығыстардың көлемі 1 703, 1 млрд. теңгені (ЖІӨ-ге 19, 5 %) немесе 97, 5 млрд. теңгеге өсумен тапшылық 126, 3 млрд. теңгені құрайды.

ЖІӨ-нің нақтыланған көлеміне пайыздық қатынаста тапшылық өзгеріссіз 1, 4%-да қалды, ал абсолютті мәнде 2005 жылғы республикалық бюджетті атқару қорытындылары бойынша пайдаданылмаған бюджет қаражатының еркін қалдықтарын тарту мақсатында 12, 5 млрд. теңгеге ұлғайды.

Бюджеттің шығыс бөлігінің өзгерістері тұтастай Мемлекет басшысының Жолдауында айқындаған басымдықтардан туындайтын іс-шараларды іске асыруға бағытталған.

2005-2010 жылдарға арналған ҚР білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберін делингафондық және мультимедиалық кабинеттерді жасауға - 1, 1 млрд. тенге, физика, химия және биология кабинеттерін оқу жабдықтарымен қамтамасыз етуге 2, 5 млрд. теңге қалыптасқан үнемдеудің есебінен қосымша қаражат бөлу көзделген.

2005-2007 жылдарға арналған К, Р «электрондық үкімет» құрудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Бірізділік нөмірлердің ұлттық тізбесін жасауға 3 млрд. теңге көзделіп отыр.

Әлеуетті құрылымдардың зейнеткерлеріне сараланған зейнетақы төлемдерін арттыруға 2, 6 млрд. теңге, азаматтардың жекелеген санаттарына арнаулы мемлекеттік жәрдемақының мөлшерін ұлғайтуға 777, 9 млрд. теңге бөлінеді.

Қорғаныс министрлігіне қосымша 20 млрд. теңге шығыстар қарастырынды. Осылайша, Қорғаныс министрлігінің 2006 жылға арналған бюджеті 101 млрд. теңгені немесе нақтыланған ЖІӨ-нің (8 725 млрд. теңге) 1. 2%-ын құрайтын болады.

Қазақстанның көлік стратегиясын іске асыру мақсатында автомобиль жолдарын салуға қосымша 5 млрд. теңге бөлінеді.

2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға 5 млрд. теңге көзделіп отыр.

Астана қаласын дамытуға 38 млрд. теңге сомасында, онын ішінде қала бюджетіне нысаналы трансферттер түрінде 17, 4 млрд. теңге сомасында қосымша қаражат бөлінеді. Алматы қаласын дамытуға 5, 5 млрд. теңге (тұрғын үй құрылысын қоса есептегенде - 8, 5 млрд. теңге) бөлінетін болды.

2005 жылдан бастап Ұлттық банктің негізгі мақсаты ретінде бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету ақша - кредит саясатындағы мүлдем жаңа айқындама болып табылады.

Негізгі мақсатты орындау үшін Ұлттық банкке мынадай міндеттер жүктелген:

  • мемлекеттің ақша - кредит саясатын әзірлеу және жүргізу;
  • төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
  • валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру;
  • қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал ету.

Ұлттық банктің негізгі мақсаты мен міндеттерін осылайша түйіндеу инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштер үшін Ұлттық банк жариялаған Еуроодақ стандартына және инфляциялық таргеттеу принциптеріне көшуді едәуір нақты көрсетеді.

Инфляциялық таргеттеу принциптерін пайдаланатын көптеген елдер инфляция жөнінде қойылған мақсаттарға қол жеткізу жауапкершілігін күшейту жағдайларында инфляция бойынша бағдарлар ретіндегі тұтыну бағаларының индексіне сүйенбейтін болады. Оның орнына инфляциялық үрдістердің негізгі бағыттарын көрсететін баға индекстерін қарастырады және монетарлық емес тұрғыдағы («базалық инфляция» индекстері) түрлі дәрежедегі жылдан бастап «базалық инфляция» индексіне қарай бағдарлар белгілейтін болады.

1 кесте Инфляция деңгейі

Азық - түлік

2005 ж.

% бойынша

бағалары

Азық-түлік емес тауарлар

2005 ж. маусы -

мынан 2005 жылдың мамырына дейін

Азық - түлік: жарма
2005 ж.% бойыншабағалары: 17, 1
Азық-түлік емес тауарлар:

ерлер аяқ киімі

2005 ж. маусы -мынан 2005 жылдың мамырына дейін: 14
Азық - түлік: сүт өнімдері
2005 ж.% бойыншабағалары: 2, 8
Азық-түлік емес тауарлар:

балалар киімі

2005 ж. маусы -мынан 2005 жылдың мамырына дейін: 1, 1
Азық - түлік: балық және теңіз өнімдері
2005 ж.% бойыншабағалары: 1, 3
Азық-түлік емес тауарлар:

балалар аяқ киімі

2005 ж. маусы -мынан 2005 жылдың мамырына дейін: 1
Азық - түлік: жеміс және көкөніс
2005 ж.% бойыншабағалары: 1, 3
Азық-түлік емес тауарлар:

әйелдер аяқ киімі

2005 ж. маусы -мынан 2005 жылдың мамырына дейін: 0, 6
Азық - түлік: сәбіз
2005 ж.% бойыншабағалары: 9, 0
Азық-түлік емес тауарлар:
2005 ж. маусы -мынан 2005 жылдың мамырына дейін:
Азық - түлік: картоп
2005 ж.% бойыншабағалары: 5, 5
Азық-түлік емес тауарлар:
2005 ж. маусы -мынан 2005 жылдың мамырына дейін:
Азық - түлік: басты пияз
2005 ж.% бойыншабағалары: 14, 5
Азық-түлік емес тауарлар:
2005 ж. маусы -мынан 2005 жылдың мамырына дейін:
Азық - түлік: жас қызанақ
2005 ж.% бойыншабағалары: 3, 5
Азық-түлік емес тауарлар:
2005 ж. маусы -мынан 2005 жылдың мамырына дейін:
Азық - түлік:

жас қияр

2005 ж.% бойыншабағалары: 9, 2
Азық-түлік емес тауарлар:
2005 ж. маусы -мынан 2005 жылдың мамырына дейін:

Атырау облысы

2005 жылғы маусымда тұтыну тауарлары мен ақылы қызмет көрсетудің бағалары мен тарифтері 2004 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 1, 7%-ға, мамырға 0, 1%-ға өсті, соның ішінде азық-түлік тауарлары 2004 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 1, 6 %-ға өсіп, осы жылғы мамырға 0, 1 %-ға азайды; азық-түлік емес тауарлары -1, 9%-ға, 0, 3%-ға өсті; ақылы қызмет тиісінше 1, 8 %-ға, 0, 1 %-ға асты. 2005 жылғы маусымда негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі мөлшерімен есептелген орташа жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс шамасы 2002 жылғы желтоқсаннан 5, 1%-ға артты, ал 2003 жылғы мамырмен салыстырғанда 1, 6%-ға кеміп, 6463 теңге болды. Өнөркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындардың бағалары 2005 жылғы маусымда 2004 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 4, 2 %-ға азайды.

2 кесте. Тұтыну тауарлары мен ақылы қызмет көрсетудің бағалары мен тарифтері

Аттары
2004 ж
2005 ж
Аттары: тұтыну тауарлары мен ақылы қызмет көрсетудің бағалары мен тарифтері
2004 ж: 0, 1 %
2005 ж: 1, 7 %
Аттары: азық-түлік тауарлары
2004 ж: 0, 1 %
2005 ж: 1, 6 %
Аттары: азық-түлік емес тауарлары
2004 ж: 0, 3 %
2005 ж: 1, 9 %
Аттары: ақылы қызмет тиісінше
2004 ж: 0, 1 %
2005 ж: 1, 8 %

Қостанай облысы

Инфляцияның жалпы деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі 2005 жылғы маусымда 2004 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 101, 1% құрды. Бағалар серпінін сыртқы және ішкі базарларда қалыптасқан конъюнктура анықтады.

Жыл басынан бергі кезеңде азық-түлік тауарларына бағалар 0, 9%-ға өсті, бұл ақылы қызметтерге қарағанда 0, 8 пайыздық пунктке және азық-түліктік емес тауарларға қарағанда 0, 1 пайыздық пунктке аз.

Азық-түліктік емес тауарларға бағалар жыл басынан бергі кезеңде 1, 0%-ға артты, бұл өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 0, 3 пайыздық пунктке аз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша айналысын басқару, реттеу әдістері
Инфляцияның мәнін ашу, оның түрлері және ақша айналысын тұрақтандыру әдістерін анықтау
Инфляция әлеуметтік – экономикалық құбылыс ретінде. ҚР инфляцияға қарсы саясаты
Инфляция - қолтаңба көп ақшамен кедейлену
Инфляция және онымен күрес
ИНФЛЯЦИЯ ЖӘНЕ АҚША
Инфляция жайлы
Ұсыныс немесе шығындар инфляциясы
ҚР инфляциялық жағдайы, себептері мен оған қарсы күрестің жолдары
Инфляция және ҚР-дағы инфляцияға қарсы саясат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz