Вирустардың генетикалық аппаратының ерекшеліктері. ДНҚ


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті

Студенттің өзіндік жұмысы

Факультет : Жалпы медицина

Дисциплина : Молекулалық биология және генетика

Кафедра : Жаратылыстану ғылыми пәндер кафедрасы

Курс: 1

Тақырыбы : Вирустардың генетикалық аппаратының ерекшеліктері. ДНҚ.

Орындаған: Карбузов А К

Тобы: 116 А

Баға:

Тексерген:

Қолы :

Күні:

Жоспар

I Кіріспе

  1. Жалпы вирустың анықтамасы және тарихы

II Негізгі бөлім

  1. Вирус гендері
  2. Вирустардың генетикалық ерекшеліктері
  3. ДНҚ және РНҚ вирустары

III Қорытынды

IV Пайдаланылған әдебиеттер

Вирус биологияда - нуклеин қышқылдары мен белоктық қабықтан тұратын, клеткалық құрылымы болмайтын, өсуі мен бинарлық көбею қасиеті жоқ өте ұсақ тірі бөлшектер. Вирусты 1892 жылы орыс ғалымы Д. И. Ивановский ашты. Вирус терминін 1899 жылы ғылымға алғаш рет голландиялық ғалым М. Бейеринк енгізді. 1935 жылы америкалық вирусолог У. Стенли вирусты кристалл күйінде бөліп алды. Осы кристалдарды сау темекі өсімдігіне енгізгенденде, ол теңбіл ауруымен ауыратынын дәлелдеді. 1898 жылы неміс ғалымы Ф. Леффлер сиыр аусылының қоздырғышы аусыл вирусын, ал 1911 жылы америкалық ғалым Ф. Раус тауық саркомасының вирустардың 500 - дей, ал өсімдіктердің 300 - дей түрі белгілі. Кейбір қатерлі ісік ауруын тудыратын вирустардың адам мен жануарлар да вирустық мкрофлорасы қалыптасады. Вирустардың пішіні әр түрлі. Вирустың клеткадан тыс және клетка ішінде тіршілік ететін топтары бар. Барлық вирустар шартты түрде жай және күрделі болып бөлінеді. Жай вирустар нуклеин қышқылдары мен белокты қабықтарынан тұрады. Оларға таяқша, жіп және сфералық формалары жатады. Күрделі вирустар нуклеин қышқылы мен капсидтен басқа, липопротеидты мембрана, көмірсу және ферменттерден тұрады. Вириондардың мөлшері 15-350 нм. Негізінен вирустарды тек элоктрондық микроскоп арқылы көруге болады. Вирустар тек бір типті нуклеин қышқөылдарынан тұрады. ДНҚ - да вирустардың молекулаларның саны 106-200 • 106, ал РНҚ - дағы вирустардікі - 106 - 156 болады. Вирустардың көптеген жылдпр бойы тіршілік ортасында әрекетсіз жата беру қабілеті бар. олар дамуына қолайлы жағдай туғанда бірнеше минуттың ішінде көбейіп, өзіне тән қасиеттерін көрсете алады. Адам мен жануарларда жиі кездесетін вируста көпшілі 60ºС қыздырғанда тіршілігін немесе ауыр қоздырғыштық қабілетін жояды. Ал темекі теңбілінің вирустары 10 минут бойы 90 ºС тең. Сары ауру вирустары 30 минут бойы 80 ºС дейін қыздырғанда ғана тіршілігін жояды. Вирус ультракүлгін сәулелері мен химиялық заттарға төзімді келеді. Тотықтырғыш заттар вирустың белсенділігін жояды, ал барлық тотықсыздандырғыш заттар олардың тіршілігіне қолайлы келеді.

Вирус көбеюі 5 сатыға бөлінеді:

1. клеткаға ену

2. клеткада вирус нуклеин қышқылынан қамтамасыз ететін ферменттердің түзілуі

3. вирус құрылым бөлшектерінің жиналуы

4. одан вирионның түзілуі

5. ересек вирустың клеткадан шығуы.

Вирустарды молекулалық биолгия зерттейді. Вирустар

нуклеин қышқылының гендік қызметін ашу үшін пайдаланылады.

Адам генетикасының ерекшеліктері. Генетика ғылымы қарастыратын тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің барлық заңдылықтары адамға да тән болып есептеледі. Себебі ол да тіршіліктің бір түріне (Homo Sapіens) жатады. Тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігі жағынан адамның басқа жануарлардан айтарлықтай өзгешелігі жоқ. Бәрінде де тұқым қуалайтын қасиет ұрпақтан-ұрпаққа хромосома құрамында болатын гендер арқылы беріліп отырады. Адамның жануарлардан айырмашылығы оның саналылығы мен екінші сигналдық жүйесінің (системасының) болатындығында, соған байланысты оның сыртқы ортаға бейімделу мүмкіндігі де мол болып келеді.

Жалпы адамзат қоғамда өмір сүретіндіктен оның эволюциялық дамуында әлеуметтік факторлардың да рөлі бар. Бірақ, біз тек биологиялық жағын қарастырамыз.

Адамның генетикалық объект ретіндегі ерекшелігі - оның генетикасын зерттеуді қиындататын көптеген қайшылықтар бар. Олар: жыныстық жағынан кеш-пісіп жетілетіндігі; әр отбасынан тарайтын ұрпақ санының аздығы; барлық ұрпақтың тіршілік ортасын теңестірудің мүмкін еместігі, хромосома санының көп болатындығы, адамға тәжірибе жасауға болмайтындығы және басты бір қайшылық - адамның кейбір тұқым қуалайтын қасиеттерінің мысалы, қабілеті мен мінез-құлқының дамып қалыптасуына кедергі келтіретін ұлтшылдық, нәсілшілдік сияқты әлеуметтік теңсіздіктің болатындығы.

Осы аталған қиыншылықтарға қарамастан, кейінгі кездерде адам генетикасы жедел қарқынмен дамуда. Ең соңғы жаңалықтардың бірі - ХХІ ғасырдың басында адамның генетикалық кодының шешілуі.

Адамның тұқым қуалаушылығын зерттеу әдістері. Адамның генетикасын зерттеудегі кездесетін қиыншылықтар туралы жоғарыда айтылды. Соған қарамастан, оның тұқым қуалаушылығын зерттеуге мүмкіндік беретін әдістер бар. Олар: генеологиялық, цитогенетикалық, егіздік, онтогенетикалық, популяциялық және биохимиялық әдістер.

Генеологиялық әдіс. Бұл әдістің негізінде адамда болатын түрлі белгілер мен қасиеттердің немесе аурулардың тұқым қуалауын оның шыққан тегіне қарай зерттеу жатады. Ол үшін зерттелетін мәселе бойынша әкесі және шешесі жағынан бірнеше буын бойы мәліметтер жинақталып, соның негізінде шежірелік сызбанұсқа жасалады. Кейбір белгілер мен қасиеттер кез келген ұрпаққа беріле алады, яғни доминанттылық жолмен тұқым қуалап, Мендель заңдарына бағынады. Мұндай жолмен тұқым қуалайтын белгілерге полидактилия (саусақтардың артық болуы), беттің секпілі, катаракта, шаштың қаралығы және т. б. жатады. Генеологиялық әдіспен адамның кейбір қабілеттерінің мысалы, музыкаға, шешен сөйлеуге, математикаға бейімділігі және т. б. тұқым қуалайтындығы анықталған. Ондай қасиеттер ұрпақтан-ұрпаққа беріледі. Айталық музыкаға қабілеттілік әйгілі Бахтардың әулетінде болған. Мұндай мысалдарды өзіміздің қазақ дарындыларынан да келтіруге болады. Ұлы Абайдың әкесі Құнанбай әулетінен тараған ұрпақтардың ішінде ақындар, сазгерлер, шешен сөйлейтіндер көп болған. Олар: баласы, қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы - Абай (Ибраһим) ; немерелері - Шәкерім, Әбдірахман, Мағауия, Ақылбай және т. б.

Генеологиялық әдіспен көптеген аурулардың тұқым қуалайтындығы анықталған. Соның бірі - гемофилия. Осы ауру бойынша ағылшын королевасы Виктория әулетінің шежірелік сызбанұсқасы жасалған.

Сонда Виктория мен оның зайыбы мұндай аурумен ауырмаған. Олардың арғы тегінде де ешкім гемофилиядан зардап шекпеген. Бірақ Викторияның ата-анасының біреуінің жыныс клеткасында мутация пайда болған болу керек. Соған байланысты королева Виктория гемофилияның генін тасымалдаушы болып, өзінің көптеген ұрпақтарына таратқан. Сөйтіп, Викториядан мутантты гені бар Х хромосоманы алған барлық ер жынысты ұрпақ гемофилиямен ауырған.

Цитогенетикалық әдіс. Бұл әдіспен сау немесе ауру адамның кариотипіне (хромосома жиынтығына) цитогенетикалық талдау жасалады. Цитогенетикалық әдісті пайдаланып тұңғыш рет 1956 жылы Дж. Тийо мен А. Леван қалыпты жағдайда адамның дене клеткаларында 22 жұп аутосомалар және бір жұп - жыныстық хромосомалар болатындығын анықтады. Бұрынғы жыныс генетикасы тақырыбында айтылғандай ер адамда жыныстық хромосома гетероморфты (ХУ), ал әйел адамда гомоморфты (ХХ) болып келетіндігі дәлелденді. Бұл әдісті қолдану адамның дене және жыныс клеткаларында пайда болатын хромосомалық өзгерістерді байқауға мүмкіндік туғызады. Мұндай өзгерістер түрлі аурулардың тууына себепкер болады. Сондықтан цитогенетикалық әдісті медицинада диагностикалық мақсатта қолданады.

Егіздік әдіс. Егіз болып туу адам баласында жиі кездесетін құбылыс. Олардың екі түрі болады: бір жұмыртқалық және әр жұмыртқалық. Бір жұмыртқалық егіздер дегеніміз - бір жұмыртқа клеткасының бір спермато-зоидпен ұрықтануынан екі зиготаның дамуы. Мұндай егіздер бір-біріне айнымастай ұқсас болады, себебі, олардың генотипі бір.

Ал әр жұмыртқа клеткаларының әр түрлі сперматозоидтармен бір мезгілде ұрықтануынан дамыған егіздер бір-біріне онша ұқсамауы мүмкін. Себебі әр түрлі жұмыртқа клеткалары мен сперматозоидтардағы гендердің үйлесімі түрліше болып келеді. Осының ішінде бір жұмыртқалық егіздер аса маңызды жалпы биологиялық проблеманы, атап айтқанда, белгі-қасиеттердің дамып қалыптасуы үшін тұқым қуалаушылық пен сыртқы ортаның әсерін зерттеуде ыңғайлы материал болып табылады. Мысалы, адамның бойындағы туа біткен қабілетті дамытып, қалыптастыру үшін оқу мен тәрбиенің қандай маңызы бар екендігі анықталады.

Сонымен қатар, егіздік әдіс адамның кейбір тұқым қуалайтын ауруларға (шизофрения, эпилепсия, гемофилия және т. б. ) бейімділігін алдын ала анықтауға көмектеседі.

Онтогенетикалық әдіс. Бұл әдіспен адамның онтогенезі (жеке дамуы) барысында тұқым қуалайтын өзгерістердің бар-жоғы анықталады. Кейбір тұқым қуалайтын ауруларды соған жауапты рецессивті гендерден тұратын гомозиготалы организмнен ғана емес, аз да болса гетерозиготалылардан да байқауға болады. Мысалы, шизофрения ауруын рецессивті ген анықтайды, және ол ауру адам ата-анасының екеуінен де сондай генді алса, яғни рецессивті гомозигота (аа) болса ғана білінеді. Ал, гетерозиготалы (Аа) болса, ол адам ауру болмауға тиіс. Бірақ, кейде онтогенез барысында ондай адам бір қайғылы жағдайға ұшырап, стресс болса ол аурудың шығуы мүмкін.

Сонымен, онтогенетикалық әдістің маңызы - онтогенез барысында белгілі бір ауруды тасымалдайтын рецессивті гендерді анықтау арқылы болашақ ұрпақты ауыр зардаптардан алдын ала сақтандыру.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Вирустардың генетикалық аппаратының ерекшеліктері
Вирустың ДНҚ құрылымы
Вирустардың генетикалық аппаратының ерекшеліктері. ДНҚ – бар және РНҚ бар – вирустар
ДНҚ-сы бар және РНҚ-сы бар вирустар
Вирустардың гендік аппараты
Жасуша рецепторлары
Вирустардың генетикалық аппаратының ерекшеліктері. ДНҚ-сы бар және РНҚ-сы бар вирустар
ДНК және РНК бар вирустардың генетикалық аппаратының ерекшеліктері
Вирустардың нуклеин қышқылы
Молекулалық биология
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz