Литосфера жəне оны тиiмдi пайдалану мен қорғау



1. Топырақ ресурстарының маңызы.
2. Жер ресурстары.
3. Жел жəне су эрозиялары.
4. Топырақты эрозиядан қорғау.
5. Жердi рекультивациялау.
6. Топырақ ресурстарының маңызы
Литосфера — (грекше — lithos — тас + sphair — шар) —
жердiң қабығы, құрамы силикатты, қалыңдығы 30-80 км бола-
тын жер шарының сыртқы қатты тас қабықшасы. Литосферада
тiрi организмдер 3 км дейiнгi тереңдiкте тiршiлiк етедi.
Топырақ. Жер бетiнде Күннiң энергиясы заттардың екi
айналымын: су айналымы мен атмосфера циркуляциясында
байқалатын үлкен, немесе геологиялық жəне заттардың топы-
рақ, өсiмдiктер, микроорганизмдер мен жануарлар арасындағы
айналымы- кiшi немесе биологиялық айналымды туғызады. Екi
айналым да бiр-бiрiмен тығыз байланысты.
Топырақтың табиғи ландшафттар мен экожүйелердегi ма-
ңызы зор, оны жекеленген экожүйе деп қарастыруға болады.

ЛИТОСФЕРА ЖƏНЕ ОНЫ ТИIМДI ПАЙДАЛАНУ
МЕН ҚОРҒАУ
2.1. Топырақ ресурстарының маңызы.
2.2. Жер ресурстары.
2.3. Жел жəне су эрозиялары.
2.4. Топырақты эрозиядан қорғау.
2.5. Жердi рекультивациялау.
2.1. Топырақ ресурстарының маңызы
Литосфера — (грекше — lithos — тас + sphair — шар) —
жердiң қабығы, құрамы силикатты, қалыңдығы 30-80 км бола-
тын жер шарының сыртқы қатты тас қабықшасы. Литосферада
тiрi организмдер 3 км дейiнгi тереңдiкте тiршiлiк етедi.
Топырақ. Жер бетiнде Күннiң энергиясы заттардың екi
айналымын: су айналымы мен атмосфера циркуляциясында
байқалатын үлкен, немесе геологиялық жəне заттардың топы-
рақ, өсiмдiктер, микроорганизмдер мен жануарлар арасындағы
айналымы- кiшi немесе биологиялық айналымды туғызады. Екi
айналым да бiр-бiрiмен тығыз байланысты.
Топырақтың табиғи ландшафттар мен экожүйелердегi ма-
ңызы зор, оны жекеленген экожүйе деп қарастыруға болады.
36
Топырақтану ғылымының негiзiн салушылардың бiрi
В.В.Докучаев ХХ ғасырдың басында топырақты өзiне тəн өза-
ра байланыстары, тiршiлiк ету заңдылықтары мен өзiн-өзi рет-
теуге қабiлеттi табиғи-тарихи дене деп қарастырады, топырақ-
тың планетаның тарихымен, тау жыныстарымен, климатымен,
өсiмдiктерiмен, рельефiмен жəне ландшафтымен тығыз байла-
нысты болатынын атап көрсеткен.
Тау жыныстарының топыраққа айналу процесiнiң аса бiр
маңызды жəне жалпы құбылысы құрлықтың бүкiл бетiн жауып
жатқан гумустық қабаттың түзiлуi болды. Бұл қабат топы-
рақтың ең бiр белсендi бөлiгi болып саналады. Топыраққа ең
алғаш рет М.В.Ломоносов ғылыми анықтама бердi, ол: топы-
рақ түзiлу процесi құнарлылық түзiле жүретiн өсiмдiктер мен
тау жыныстарының арасындағы ұзақ өзара қарым-қатынас деп
көрсеттi.
Топырақ ресурстары Жер бетiндегi тiршiлiкке қажеттi ен
маңызды алғы шарттардың бiрi болып табылады. Алайда оның
шын мəнiндегi маңызы мен ролiн өз дəрежесiнде бағалай алмай
келемiз. Топырақ биосфераның компоненттерiнiң бiрi ретiнде
адам, жануарлар мен өсiмдiктер үшiн биохимиялық орта болып
саналады, ол энергетикалық сиымдылығы жоғары, топырақ
биотасы мен адамдар арсындағы тiкелей жəне жанама əсер-
лердi тепе-теңдiкте сақтап тұра алатын өздiгiнен тазару про-
цестерiнiң механизмдерiнiң аса маңызды резервi болып табы-
лады. Адамдарға азық-түлiк пен жануарларға қоректi өндiру
үшiн қажеттi жағдайлар тек топырақ арқылы ғана жасалынады.
Топырақтың табиғи дене ретiндегi негiзгi функциясы атмосфе-
ралық жауын-шашынды жинақтау мен су балансын реттеу,
өсiмдiктерге қажеттi қоректiк элементтердi жинақтау, жер асты
суларын түзумен тазалығын қамтамасыз ету, ластаушы зат-
тарды тасымалдау.
Топырақ — сыртқы орта жағдайлары: жылу,су, ауа, өсiм-
дiктер мен жануарлар, микроорганизмдердiң бiрiккен əсерiнен
қалыптасқан жердiң беткi құнарлы қабаты. Топырақ түзгiш
факторларға сол сияқты рельеф пен адамның iс-əрекетi де
жатады. Тiрi организмдер топырақтың негiзгi қасиетi — құнар-
лылығының қалыптасуына жағдай жасайды.
37
Топырақтың құнарлылығы дегенiмiз — оның өсiмдiктердi
оларға қажеттi қоректiк элементтермен, сумен жəне ауамен
қамтамасыз ету қабiлетi. Ол топырақ түзiлу процесi барысында
жəне адамның топыраққа əсер етуi нəтижесiнде қалыптасады.
Ол бүкiл адам баласының тiршiлiгiнiң көзi болып табылатын
аса маңызды байлық, ауылшаруашылық дақылдарының өнiмi-
нiң, ауылшаруашылық дақылдары өндiрiсiнiң негiзi.
Топырақ — барлық элементтердiң аккумуляторы: ол оларды
өзiнде жинақтап, сумен шайылып кетуден сақтайды. Өзiнiң
қалыптасқан зат алмасу процесi бар, тұрақты динамикалық
жүйе болғандықтан топырақ табиғи факторлар (су тасқыны,
эрозия, құрғақшылық, т.б.) əсерiне қарсы тұра алады. Бiрақ
топырақ көптеген антропогендiк факторлардың (жер жырту,
мал жаю, техниканы қолдану, т.с.с.) ұзақ уақытқа созылатын
əсерiне сезiмтал келедi. Топырақтың 0267]TJқұнарлылығы адам iс-
əрекетiне де байланысты.
Топырақ — барлық материалдық игiлiктердiң көзi. Ол азық-
түлiк, малға жем, киiм үшiн талшық, құрылыс материалдарын
бередi. Топырақтың ең маңызды байлық екендiгiн айта келiп,
К.Маркс, еңбек — байлықтың əкесi болса, топырақ — анасы
деген.
Топырақ ешнəрсеге айырбасталмайтын табиғи ресурс. Қа-
зiргi таңда, ғылым əлi күнге дейiн табиғи топырақтың орнын
баса алатын жасанды материал таба алған жоқ. Өсiмдiктердi
топырақсыз өсiрудiң кез келген əдiсi (гидропонды, пластопон-
ды, аэропонды) топырақтың ролiн дəл өз мəнiнде орындай
алмайды. Сондықтан адамзат қоғамы алдында тұрған жəне əлi
де маңызды болып қала беретiн аса маңызды проблема топы-
рақтың топырақ түзiлу процесiндег өзiдiгiнен қалпына келу
қабiлетiн сақтап қалуға барынша жағдай жасау.
Топырақ — биосфераның басқа элементтерiмен үздiксiз ал-
масып отыратын, олармен тығыз байланысты жəне биосфера-
ның кейбiр элементтерiне (атмосфералық ауа, жер бетiлiк жəне
жер астылық сулар) өзi де əсер ете алатын өте күрделi ашық
система. Топырақ үнемi климат пен ауа райы компоненттерi,
флора мен фауна, əсiресе соңғы кезде түрлi антропогендiк
зиянды əсерлерге ұшырап отыр. Топырақта эрозиялық процес-
38
тер көбейiп, өздiгiнен тазару қабiлетi нашарлап, құнарлылығы
кемуде.
Топырақтың деградациялануының (латын тiлiнен аударған-
да — "төмендеу", "артқа кету" ) негiзгi факторлары : эрозия,
минералдық тыңайтқыштар мен пестицидтердi шамадан тыс
көп қолдану, т.с.с.
Топырақтың қорғау мен бақылау объектiсi ретiнде қоршаған
ортаның басқа объектiлерiмен салыстырғанда бiрқатар өз
ерекшелiктерi бар. Ең алдымен топырақ атмосфералық ауа мен
жер бетiлiк суларға қарағанда əлдеқайда қозғалыссыз орта,
соған байланысты басқа орталарға тəн аса қуатты табиғи
өздiгiнен тазару қасиетi жоқ. Топыраққа түскен антропогендiк
ластаушылар онда жинақталып, көбейе бередi.
2.2. Жел жəне су эрозиясы
Топырақ өте күрделi организм сияқты үнемi өсу, даму жəне
өзгеру үстiнде болады. Онда үздiксiз түзiлу жəне бұзылу про-
цестерi жүрiп жатады. Су, жел, антропогендiк факторлардың
топырақ пен оның қабаттарын бұзу, беткi құнарлы қабатының
сумен шайылу, желмен ұшу құбылыстары эрозия деп аталады.
"Эрозия" терминi латынның erodere — бұзу деген сөзiнен
алынған. Эрозия дегенiмiз топырақ жабынының су, не желмен
шайылуы, бұзылуы. Бұл кезде топырақтың ең құнарлы қабаты
бұзылады: топырақ түзiлу процесiнiң жүру жылдамдығы ша-
мамен 0,5-2,0 см100жыл болғанда қалыңдығы шамамен 18 см
болатын осы қабаттың табиғи жолмен түзiлуiне 1400-7000 жыл
қажет болған болар едi, бұл қабаттың жойылуы кейде 20-30
жыл, тiптi кейде бiр ғана қатты жауған жаңбыр, не шаңды дау-
ыл нəтижесiнде болуы мүмкiн.
Эрозиялық процестердiң байқалу сипатына қарай қалыпты,
не геологиялық жəне жылдам, не антропогендiк эрозия болып
бөлiнедi.
Қалыпты эрозия — орманды жерлер мен шөптесiн өсiмдiк-
тердiң топырағында жүредi. Ол өте жай байқалып, нəтижесiнде
бұзылған топырақ қабаты топырақ түзiлу процестерiнiң нəти-
жесiнде бiр жылда қайта қалпына келе алады.
39
Жылдам эрозия — табиғи өсiмдiктер дүниесi жойылып бiт-
кен, топырақтың табиғи ерекшелiктерi ескерусiз пайдаланыл-
ған территорияларда байқалып, бұл эрозия өте тез жүредi.
Кең таралған эрозиялардың түрлерi: жазықтық, сызықтық,
дефляция, ирригациялық, өндiрiстiк (техногендiк), абразия,
жайылымдық.
Жазықтық эрозия — тау беткейлерiндегi жоғары гори-
зонттағы топырақтардың жаңбыр, ерiген қар суларымен шайы-
луы.
Сызықтық эрозия — тау беткейлерi топырақтарының
жаңбыр, ерiген қар суларының əсерiнен терең жыралар мен
жылғалар түзiп шайылуы.
Жел эрозиясы, не дефляция — топырақтың жоғарғы құрғақ,
құнарлы қабатының бөлшектерiнiң желмен ұшуы.
Ирригациялық эрозия — суармалы егiн шаруашылығымен
айналысатын аудандарда байқалып, топыраққа _a_d_e_ _Mкөп мөлшердегi
су массасының берiлуiне байланысты болады. Бұл су топы-
раққа сiңiп үлгiрмейдi де, топырақ бетiмен ағады. Су жiберi-
летiн егiстiк жер аз ғана болса да тегiс болмаса топырақтың
қарашiрiгi сумен бiрге төменге қарай жуылып, ағып кетедi.
Ирригациялық эрозия кезiнде бiр уақытта эрозия да, топырақ-
тың сортаңдануы да жүредi.
Өндiрiстiк эрозия — пайдалы қазбаларды өндiру кезiнде,
əсiресе, ашық əдiспен өндiруде, тұрғын үй, өндiрiс орындары-
ның құрылысын, жолдар, газ жəне мұнай трубопроводтарын
салу кезiнде байқалады.
Абразия кезiнде (өзендер, басқа да су көздерiнiң жағалаула-
рының құлауы) жыртылатын жəне мал жайылатын жерлердiң
ауданы кемидi.
Шамадан тыс көп мал жаю кезiнде жайылымдық эрозия
байқалады.
Механикалық эрозия ауылшаруашылық техникалардың
ауыр түрлерiн топырақтың өздiгiнен қалпына келу қабiлетiн
ескермей пайдаланған жағдайларда қалыптасады. Бұл кезде
топырақтың структурасы бұзылады, физикалық қасиеттерi на-
шарлап, топырақ түзiлу процесiнiң негiзгi агентi — биология-
лық белсендiлiгi əлсiрейдi. Мысалы, АҚШ — да топырақтың
40
тығыздалуы мен бұзылуы жыл сайын 1 млрд доллар шығын
əкеледi.
Егiс далалары, əсiресе, жылына екi рет өнiм жинайтын
аудандарда ауыр техникалардың əсерiнен топырақ тығызда-
лып, ауылшаруашылық дақылдарының өнiмi төмендейдi. Бұл
зардаптарды болдырмаудың тиiмдi жолы — топырақты мини-
малды өңдеу, топырақ өңдеушi жəне басқа да машиналардың
өнiмдiлiгiн олардың алатын ауқымын ұлғайту арқылы арттыру.
Эрозия — құнарлылықтың жауы. Мамандардың есептеу-
лерi бойынша, əрбiр минут сайын жер шарында 44 га жер
ауылшаруашылық айналымынан шығып отырады. Эрозияның
əсерiнен адамзат қоғамы күн сайын 3 мыңнан аса га жерден
айрылып отырады. Ал барлығы қазiргi кезде 50 млн га құнарлы
жер тозып бiттi. Эрозияның түрлерiнiң əсерiнен барлық ауыл-
шаруашылық дақылдарының өнiмi шамамен 20-40% төмен__________-
дейдi. Эрозияның зардаптары бұнымен бiтпейдi. Топырақ
беттерiндегi жыралар, арықтардың түзiлуi топырақты өңдеу
жұмыстарын қиындатып, топырақ өңдеушi жəне өнiм жинау-
шы техниканың еңбек өнiмдiлiгiн төмендетедi. Топырақтың
эрозиясы, олай болса, биогеоценоздардағы жануарлар мен
өсiмдiктердiң тiршiлiк ету ортасының бұзылуы, табиғи комп-
лекстердегi қалыптасқан биологиялық тепе-теңдiктiң бұзылу-
ына əкеп соғады.
Эрозияға ең көп ұшыраған АҚШ жерлерi. Соңғы 150 жылда
барлығы 160 млн га жердiң 120 млн га эрозияға ұшыраған, 20
млн га жер ауылшаруашылығында пайдалануға жарамсыз.
Эрозияның əсерiнен жыл сайын жердiң қоректiк заттарға бай 4
млрд тонна құнарлы қабаты жойылып отырады.
Жерорта теңiзiнiң жағалауларына орналасқан елдердiң то-
пырақтары қатты бұзылған. Пиреней түбегiнiң шөлдi Сиссар-
лары мен Солтүстiк Африканың шөл далалары, Австралия,
Канада, Индия, Пакистан мен Қытайдың бiрқатар жерлерi эро-
зияға ұшыраған.
Эрозия адамдардың тиiмсiз тiршiлiк əрекеттерi, жер ресурс-
тарын дұрыс пайдаланбауы, кейбiр шаруашылықтарда нашар
агротехниканы қолдану нəтижесiнде жүредi.
41
2.3. Топырақты эрозиядан қорғау
Топырақтың эрозиясымен күресу — егiн шаруашылығында-
ғы ең негiзгi мəселелердiң бiрi.
Эрозияға қарсы күрес шараларының ең негiзгiлерiнiң бiрi —
шаруашылық-ұйымдастыру жұмыстары. Бұл — территорияны
дұрыс ұйымдастыру. Шаруашылықтарда жерлердi су жəне жел
эрозиясына ұшырау деңгейлерiне байланысты топырақ-эрозия-
лық жоспарлар жасалынып, топырақтарға сəйкес эрозияға қар-
сы iс-шараларын жүргiзедi.
Агротехникалық шаралардан беткейлерде жердi көлденең-
деп жырту, ал өте биiк беткейлерде су ұстағыш микрорельеф-
тер жасау керек. Жауын-шашын суларын жинау үшiн жырту
қабатын тереңдету арқылы да қол жеткiзуге болады.
Агротехникалық шараларға сол сияқты топырақты аударып
емес, тек қана қопсыту, эрозияға ұшыраған жерлерде желге
төзiмдi қабаттарды МI¬ХЉ_____жасау да жатады. Дефляцияға ұшыраған
топырақтарда көп жылдық шөптердi өсiру арқылы ауыспалы
егiстi қолдану өте тиiмдi болып саналады.
Эрозияға қарсы күрес шараларының iшiнде орман-ме-
лиорация жұмыстарын жүргiзу де үлкен роль атқарады. Топы-
рақты құрғақшылық пен ыстық желдерден эрозиядан сақтауда
ормандар егудiң өте қолайлы екендiгiн көрнектi ғалымдар
А.Т.Болотов, В.В.Докучаев, Н.М.Сибирцев, т.с.с. үнемi атап
көрсеткен.
Эрозиямен күресу жолдары:
1. Айтарлықтай үлкен территорияларда өсiмдiктер жабы-
нын жоюға əкелетiн табиғи экожүйелерге тигiзетiн əсердi шек-
теу. Бұл əсiресе орманды пайдалануға қатысты.
2. Жайылымдарда эрозиялық процестер көбiнесе шектен
тыс мал жаюмен байланысты. Үлкен территорияларда шөпте-
сiн өсiмдiктер жабынының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғаламдық (глобалдық) биогеохимиялық циклдар
Литосфера
Экологияны оқытудың теориялық негіздері
Ішкі геосфералар
Литосфераның экологиялық функциясы және оның систематикасы
Биология пәнін оқытуда жергілікті жер материалдарын пайдалану
Экологиялық қуыстар туралы түсінік, потенциалдық және жүзеге асырылған экологиялық қуыстар
Қоршаған ортаның ластануы дәрістер
Қазақстандағы табиғи ресурстарды пайдаланудың осы заманғы жағдайы
Ағза мен орта.Ағзаға әсер етуші 2 фактолар мен олардың әрекеті
Пәндер