Адам түйсіктерінің түрлері мен рөлі



Кіріспе. Адам түйсіктерінің түрлері мен рөлі
1. Түйсіктердін негізгі заңдылықтары
2. Түйсіктердің турлері
3. Түйсіктердің дамуы мен қалыптасуы
Қорытынды
Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерінің, сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болған мидағы бейнелерді туйсік деп атайды.Түйсік арқылы заттардың түсін, иісін, дәмін, қатты-жүмсақ-тығын, кедір-бүдырлығын т.б. осы секілді қасиеттері ажыратылады. Сондай-ақ түйсік денеде болып жататын түрлі өзгерістер жөнінде де, яғни дененің қозғалысы мен оның кеңістікке орналасуын, жеке бөліктерінің жүмысы жайлы хабарлайды. Сыртқы дүниені танып-білу түйсіктен басталады. Ол білім атаулының алғашқы көзі. Мәселен, жолдасыңнан көзін жүмуын өтініп, оның алақанына белгісіз бір затгы тигізсең, сосын одан оның не екенін сұрасаң, ол: «қатты, жылтыр, мүздай, жүмсақ, жылы, кедір-бұдыр бір нәрсе» деп жауап береді. Заттардың нақты атауы емес, тек түрлі қасиеттерін білдіретін осы сөз тіркестері түйсік болып табылады.Адам түйсіктерінің ерекше жетіліп, дамуына еңбек процесі, тарихи-әлеуметтік жағдайлар, екінші сигнал жүйесінің (тілдің), сананың пайда болуы күшті себеп болды. Адам түйсіктерінің жануарлар түйсіктерінен сапалық айырмашылығы болатындығы, олардың тіршілік жағдайына байланысты түрліше көрінетіндігі ғылымда әлдеқашан дәлелденген жәйт.Мәселен, құстардың дене құрылысын да, психикасын да айқындайтын негізгі факторлардың әуелде үшып жүріп тіршілік етуге бейімделгендігі. Бұл үшін құстардың көзі қырағы, құлағы естігіш болуы аса қажет.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Институты

СӨЖ
Тақырыбы: Адам түйсіктерінің түрлері мен рөлі

Орындаған:Түзел Ш
Тобы:113-25
Қабылдаған: Райымбек Л

2015.ж

Жоспары
Кіріспе. Адам түйсіктерінің түрлері мен рөлі
1. Түйсіктердін негізгі заңдылықтары
2. Түйсіктердің турлері
3. Түйсіктердің дамуы мен қалыптасуы
Қорытынды
Кіріспе. Адам түйсіктерінің түрлері мен рөлі
Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерінің, сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болған мидағы бейнелерді туйсік деп атайды.Түйсік арқылы заттардың түсін, иісін, дәмін, қатты-жүмсақ-тығын, кедір-бүдырлығын т.б. осы секілді қасиеттері ажыратылады. Сондай-ақ түйсік денеде болып жататын түрлі өзгерістер жөнінде де, яғни дененің қозғалысы мен оның кеңістікке орналасуын, жеке бөліктерінің жүмысы жайлы хабарлайды. Сыртқы дүниені танып-білу түйсіктен басталады. Ол білім атаулының алғашқы көзі. Мәселен, жолдасыңнан көзін жүмуын өтініп, оның алақанына белгісіз бір затгы тигізсең, сосын одан оның не екенін сұрасаң, ол: қатты, жылтыр, мүздай, жүмсақ, жылы, кедір-бұдыр бір нәрсе деп жауап береді. Заттардың нақты атауы емес, тек түрлі қасиеттерін білдіретін осы сөз тіркестері түйсік болып табылады.Адам түйсіктерінің ерекше жетіліп, дамуына еңбек процесі, тарихи-әлеуметтік жағдайлар, екінші сигнал жүйесінің (тілдің), сананың пайда болуы күшті себеп болды. Адам түйсіктерінің жануарлар түйсіктерінен сапалық айырмашылығы болатындығы, олардың тіршілік жағдайына байланысты түрліше көрінетіндігі ғылымда әлдеқашан дәлелденген жәйт.Мәселен, құстардың дене құрылысын да, психикасын да айқындайтын негізгі факторлардың әуелде үшып жүріп тіршілік етуге бейімделгендігі. Бұл үшін құстардың көзі қырағы, құлағы естігіш болуы аса қажет. Жыртқыш құстардың көзі аса қырағы, өйткені олар өз жемтігін алыстан көруі қажет, ал иттерде иіс түйсігі ерекше дамыған. Әйтсе де, құстар да, иттер де заттардың мән-мағынасын, бір-бірімен байланысын ажырата алмайды. Адам түйсіктерінің ерекшелігі олардың ойлау, сөйлеу әрекетімен тығыз байланыстылығында.
Түйсіктердін негізгі заңдылықтары
А. Сезгіштік және табалдырықПсихологияда адамның түйсіне алу қабілетін сезгіштік деп атайды.Сезгіштікті: 1) абсолюттік, 2) айырма сезгіштік деп екіге бөледі.Абсолюттік сезгіштік дегеніміз -- сезім мүшелерінің өте әлсіз тітіркендіргіштерді түйсіне алуы. Сезгіштік түйсіктің табалдырығымен тығыз байланысты. Мәселен, абсолюттік сезгіштік түйсіктік табалдырығына тәуелді. Абсолюттік табалдырық -- түйсік табалдырығының шегі. Абсолюттік табалдырық тітіркендіргіштін болмашы ғана түйсік тудыратындай ең аз шамасы. Түйсік табалдырығының шамасы азайған сайын адамның абсолют сезгіштігі арта түседі. Мәселен, біреу алақанындағы бір ми квадрат аумакқа түсетін салмақты 3 гр-нан бастап сезетін болса, екінші біреу осындай жерге түскен салмақты алты грамнан бастап сезеді. Бұдан соңғы адамның түйсік табалдырығы екі есе артық та, абсолюттік сезгіштігі екі есе кем екендігі көрінеді. Егер тітіркенудің шамасы табалдырықтан төмен жатса, оңда түйсік пайда болмайды. Мәселен, адам денесіне қонған тозаңды сезе алмайды, көз улътра күлгін сөулелерді көрмейді, құлақ әлсіз дыбыстарды естімейді. Өйткені осы тітіркендіргіштердің бірде-біреуінде түйсік туғызарлықтай күш жоқ.
Айырма сезгіштік деп сезім мүшелерінің тітіркендіргіштердің арасындағы болмашы айырмашылықты түйсіне алуын айтады. Айырма сезгіштікті сипаттау үшін не айыру табылдырығының мөлшерімен пайдаланады. Мәселен, егер алақанға жүз грамм салмақ салып, оған тағы бір грамм қосса, салмақтың артқаны білінбейді. Оны айыра білу үшін 3-4 граммқосу керек, Айыру табалдырығы түйсіктің түрлерінде әртүрлі болып келеді. Мәселен, жарықты айыратын табалдырықтың күші 1100-ге тең. Бүл айтылғандарды мынадай фактілермен дәлелдейді. 100 шамдық жарық Күшіне тағы бір шамдық жарық қосылса, сонда жарықтың аздап та болса артатындығы байқалады. Ал жүз кісі қатынасқан хорға тағы да он адам қосылса, хордың даусы аздап болса да көтеріледі.Сезім мүшелерінің сезгіштігі әсер етуші тітіркендіргіштерге біртіндеп бейімделуге байланысты да өзгеріи отырады. Бүл кұбылысты адаптация дейді.Адаптация күбылысы адам сезгішіігінің артуын немесе төмендеуін көрсетіп отырадьь Түйсіктердің қай-қайсысы да адап-тацияланады. Мәселен, көру түйсігіндегі адаптацияны алайық. Жарық жерден қараңғы үйге кіру бізде қараңғылық адаптация-сын туғызады. Жарық жерден қараңғы бөлмеге кіргенде көздің қарашығы 17 есе үлғаяды. Бүл қарашыктан өтетін жарықтың мөлшері 17 есе көбейеді деген сөз. Көздің қараңғыда көргіштігіне торлы қабықтың шетіне орналасқан таяқшалардың әсері етс күшті. Олардың нашар жарықты да жақсы сезе алатын қасиеті бар. Мәселен, 30-40 минуттан кейін қараңғыдағы көру сезгіштігі 200 мың есе артады. Ал қараңғыдан жарыққа қарай сезгіштіктің өзгеруі жарық адаптациясын көрсетеді. Алғашқыда күн көзге шағылы-сып, көз еріксіз жүмылады.Адаптация қүбылысына перифериялық нерв жүйесімен қатар ми қабығы да қатысады.Адаптация тері (тактиль) түйсіктерінде де күшті байқалады. Осының салдарынан кейбір адамдар тітіркендіргіштерді түйсінбей де қалады. Температуралык. түйсіктердің де адаптациясы мол.Мәселен, судың бірқалыпты салқындығына дене тез уақыт ішінде төселеді де, адамның терісі суыққа тітіркенбейтін болады.Иіс түйсіктерінде адаптация түрлі дәрежеде көрінеді. Мәселен, камфараның иісі 1-2 минуттан кейін сезілмейтіы болса, горчица мен нашатыр сгшртінің иісіне адаптациялану тезірек болады.Ауырсыну түйсіктеріндегі адаптация өте әлсіз, ауырсыну организмнің қалыпты жүмысының бүзылғандығын, осы сигнал-дың биологиялық рөлін көрсетеді. Адаптация қүбылысы үнемі өзгеріп отыратыы сыртқы дүние тітіркендіргіштеріне анализатор-лардың калай да бейімделе алатындығын байқатады.

Егер адаптация анализаторлардың сезгіштігінің түрлі жағдайла-рға байланысты артуының төмендеуінің көрсеткіші болса, сенси-билизаңия сезгіштіктің тек артуын ғана керсетстін қүбылыс болып табылады.Сезім мүшелерінің біреуінің әсерінен басқаларының сезгіштігі артып отырады. Мұны былайша түсіну керек. Әлеіз тітіркендіргіштер өзімен бірге әсер етіп түрған басқа тітіркендіргіштердің сезгіштігін арттырады. Мәселен, көзге жеткілікті мөлшерде түскен жарық оның көру қабілетін арттыру-мен қатар есту түйсігінің сезімталдығының артуына да себепші болады. Қызыл түс адамның ақ, қара түстерді дүрыс ажыратуына жәрдемдеседі. Түнгі үшуға дайындық кезінде үшқыштардың көздеріне 20-30 минут бойына қызыл көзілдірік киетіндері осыдан.С. В. Кравков, К. X. Кекчеев зерттеулерінде адамның дамыл-дамыл таза ауада дем алуы, жеңіл дене қимылын жасауы, беті-қолын салқын сумен сүртінуі көру сезгіштігін арттыратындығы дәлелденген.Сыртқы дүниенің затгары бір ғана анализатормен түйсінілмейді. Бір сезім мүшесіне тускен әсер, қалған сезім мупіелеріне де әсер етедЬТүйсіктердің бір-бірімен байланысқа түсуі сыртқы дүниенің күбылыстарын толығырақ түйсінуге жағдай жасайды. Болар-болмас дәм түйсігі (кышкыл нәрсе) көру сезгіштігін артгырады, түз ерітіндісін ішкеннен кейін таза судың өзі тэтті болып көрінеді? Осындай өзара байланыс көру, сипай сезу, қозгалыс түйсіктерінде де көп байқалады. Түйсіктердің өзара байланысының өте айқын көзге түсетіні контраст (қарама-қарсылық) қүбылысы. Мәселен, айналасын ақ түске бояған сүр тік бүрыш айналасын қара түске бояған сүр тік бүрыштан күңгірттеу көрінеді. Ал осы сүр тік бүрыштың айнадасын қоңыр түске бояса, жасыл тартып, сары түске бояса, көгілдір болып көрінеді. Тым-тырыс кезде дыбыс жақсы естіледі, ыссы нәрседен кейін салқынды түйсіну өзінен-өзі белгілі. Жүйке процестерінің өзара индукция зандылығьшен (бір мезгілдік индукция) түсіндіріледі.Тітіркендіргіштер сезім мүшелерінің біреуінде ғана түйсік туғызудың орнына сол сәтте басқа түйсіктердің, пайда болуына да жағдай жасайды. Мәселен, кейбір адамдар біреудің сөзін естігенде, бүған қоса түрлі дәмдер мен түстерді де сезінуі мүмкін. Мүндай адамдардың бірі қызғылт түстен жылылыкты, екіншілері -- көгілдір-жасыл түстен суықты сезінеді. Түйсіктердің осылайша қосарланып жүруін синестезия дейді. Есту, көру, сипай сезу, иіс, дәм түйсіктерінде кездесіп отыратын осы қүбылыс өмірде онша жиі кездесе бермейді. Синестезия -- түйсіктердің өзара байланы-сының мөлшерден тыс дамыған бір көрінісі.Тітіркендіргіш әсерінің тоқталғанына қарамай, аз ғана уақыт болса да, түйсіктің өз күшінде қалатын кездерін бірізді образдар деп атайды. Бұлар көру, есту, иіс, дәм тактиль түйсіктерінде жиі кездеседі. Мәселен, адам 2-3 секунд бойы көз алмай шамға қарап отырып, содан кейін көзін жүмса (көзді жүмғанда қабақтан жарық түсірмеу үшін шамды алақанмен қалқалау керек), жарықтың ізігі айқын көре алады.
Түйсіктердің турлері
Түйсіктердің түрлерін үлкен үш топқа бөлуге болады.1. Сыртқы дүниедегі заттар мен қүбылыстардың жеке қасиеттерінің бейнесі болыи табылатын түйсіктер.Бүлардың рецепторлары дененің бетінде немесе оған жақын орналасқан. Осындай сыртқы анализаторлардың рецепторларын экстероцептор дсп атайды. Бүган көру, есту, иіс, дом, тері туйсіктері жатады.
2. Ішкі мүшелеріміздің күйін бейнелейтін(хабарлайтын) түйсіктерге түрлі органикалық түйсіктержатады. Олардың рецепторларын интероцептор деп атайды.
3. Дене мүшелерінің қозғалысы мен бірқалыпты орналасуын қозгалыс немесе кинестезиялық туйсіктер хабарлап отырады. Мүның рецепторы проприоцептор деп аталынады. Енді осы топ-тағы түйсіктерге жеке тоқталып өтейік.
А. Көру туйсіктері
Көру түйсіктері біздің көзімізге электромагнит толқындарының әсер етуінің нәтижесінде пайда болады. Егер бір уақыттың ішінде көзімізге үзындығы 380-нен 780 миллимикронға дейін (миллимикрон мм-дің 11000 000 бөлімі) электромагнит толқындары әсер етсе, біз жарықты сеземіз. Белгілі үзындығы бар әр түрлі толқындар әсер етсе ғана көз заттардың түсін (бояуыы) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түйсік бейнелеудің алғашқы процесі және қоршаған болмысты тану
Психология эмоцияны басқарып үйренейік..
Түйсік туралы ақпарат
Түйсік жайлы
Түйсiктің рефлекторлық табиғаты
Түйсік
Мектеп жасындағы балалардың негізгі әрекеті - оқу
Түйсік жөніндегі көзқарастар
Мектеп жасына дейінгі балалардың түйсігін дамытуға арналған жаттығулар туралы түсінік
Түйсік туралы жалпы түсінік
Пәндер