Психиканың пайда болуы және дамуы туралы жалпы түсінік



Психика
Материализм
Опарин болжамы
Психика (гр. psychikos — ішкі сезім, көңіл-күй) жинақтайтын рухани бірлестігі. Психика биологиялық эволюцияның жемісі және жалғасы. Психика сыртқы құбылыстар мен заттардың көрінісін белсенді және озық түрде бейнелейді. Негізінде психика заттық ортаның дұрыс бейнесін және тіршілік иесінің өз ортасына бейімделетін бағдарын құрайды. Психиканың рефлекторлық сипаты оның объективті жағдайға тәуелділігін, қабылдау жүйесі құрамының қимыл атқару заңдылығын білдіреді. Психиканың рефлекторлық табиғатын алғаш И.М.Сеченов дәлелдеді. Адамның психикасы оның қимыл-әрекетін реттейтін және қоғамдық қатынасқа бейімдейтін жаңа құрылымның — сананың негізін құрайды. Осыдан адам психикасының дамуының жеке тұлғалық және әлеуметтік зандылығы қалыптасады.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Институты

СӨЖ
Тақырыбы: Психиканың пайда болуы және дамуы туралы жалпы түсінік

Орындаған:Әден Л
Тобы:113-25
Қабылдаған: Райымбек Л

2015.ж

Психиканың пайда болуы және дамуы туралы жалпы түсінік

Психика (гр. psychikos -- ішкі сезім, көңіл-күй) жинақтайтын рухани бірлестігі. Психика биологиялық эволюцияның жемісі және жалғасы. Психика сыртқы құбылыстар мен заттардың көрінісін белсенді және озық түрде бейнелейді. Негізінде психика заттық ортаның дұрыс бейнесін және тіршілік иесінің өз ортасына бейімделетін бағдарын құрайды. Психиканың рефлекторлық сипаты оның объективті жағдайға тәуелділігін, қабылдау жүйесі құрамының қимыл атқару заңдылығын білдіреді. Психиканың рефлекторлық табиғатын алғаш И.М.Сеченов дәлелдеді. Адамның психикасы оның қимыл-әрекетін реттейтін және қоғамдық қатынасқа бейімдейтін жаңа құрылымның -- сананың негізін құрайды. Осыдан адам психикасының дамуының жеке тұлғалық және әлеуметтік зандылығы қалыптасады.
Психика --
* 1) объективті шындықты түйсік, қабылдау, елестету, сезім, ерік, ойлау арқылы белсенді бейнелейтін мидың жүйелі қасиеті;
* 2) адамның жан-дүниесінің сапалық күйі мен сипатын жинақтайтын рухани бірлестігі.
Психиканың екінші сатысында адамның мінез-құлқы мен іс-әрекетін өзінше ұйымдастыратын және оқиғаның өткенін, бүгінін және болашақ күйін реттей алатын қабілет қалыптасады. Адам өткен оқиғаны есінде сақтайды, бүгінгі күйін қобалжу актісімен, ал болашақтағы мүмкін жайын үміті, мақсаты, арманы, түс көру арқылы жеткізе алады. Психика -- биологиялық эволюцияның жемісі және жалғасы. Психика сыртқы құбылыстар мен заттардың көрінісін белсенді және озық түрде бейнелейді. Организм осы фактор арқылы әр нәрсенің ерекшелігіне сай қимыл-әрекет жасауға және ортаға бейімделуге мол мүмкіндік алады. Негізінде психика заттық ортаның дұрыс бейнесін және тіршілік иесінің өз ортасына бейімделетін бағдарын құрайды. Адам психикасы іс-әрекеті нәтижесін әрдайым ортаның жағдайымен салыстыра отырып, индивид ахуалын қайтарымды байланыста ұстауға мүмкіндік алады, оның түсінік сезімін ықшамдайды. Психика жүйке жүйесін тітіркендіретін әсерді заттың бейнесіне түрлендіреді, мінез-құлыққа ынта-ықылас дарытады. Психиканың рефлекторлық сипаты оның объективті жағдайға тәуелділігін, қабылдау жүйесі құрамының қимыл атқару заңдылығын білдіреді. Психиканың рефлекторлық табиғатын алғаш И.М Сеченов дәлелдеді. Адамның психикасы оның қимыл-әрекетін реттейтін және қоғамдық қатынасқа бейімдейтін және құрылымдық-сананың негізін құрайды. Осыдан адам психикасының дамуының жеке тұлғалық және әлеуметтік заңдылықтары қалыптасады
Материализм психиканың пайда болуын материяның эвалюциясымен Барлық әлемдегі органикалық және органикалық емес матерялар сырттан жасалатын әсерді бейнелеуге қабілетті
Мысалы:Тамшы тасты төседі. Кез-келген зат, кез-келген матеря сыртқы орта әсерлерінен өзгеріске ұшырайды.
Бейнелеу формалары әр-түрлі болады. Ол матеря формасына тәуелді. Өлі табиғатты бейнелеу - механикалық, физикалық, химиялық өзара заттардың әрекеттестігін көрсетеді.
Тірі материяға бейнелеудің биологиялық формалары тән. Тірі матеряның белгілі бір даму сатысында бейнелеуңдің ерекше формаларын реттеуде психика пайда болады.
Психиканың пайда болу туралы әр-түрлі теория бар:
1) панпсихизм (баршада психика бар);
2) биопсихизм (тірі жанда, табиғатта, өсімдікте психика бар);
3) антропсихизм (адамда психика бар, өсімдіктер, жануар - тірі автоматтар);
4) нейропсихизм (жүйке жүйесі барларға ғана психика тән).
Психиканың эвалюциясы-психиканың пайда болуымен, дамуымен, тіршіліктің пайда болуымен, дамуымен айналысады.
Өлі табиғаттан тірі табиғатқа өту мүмкін деген болжам - Опарин гипотезасына дәл келеді.
Опарин болжамы бойынша осыдан 2млрд. жыл бұрын атмосферада бос оттегін бөліп шығарып, органикалық заттарда фотосинтетикалық реакциялардың жүруіне себепші болған заттар болған. Көміртегі, азот, фосфор, күкірт атомдарымен түрлі айналым аса күрделі көмірсутек түзеген. Бұдан алып молекулалар пайда болады.
Бұл молекулалар құрамдас бөліктерге тез бөлінген. Олардың тіршілігі үшін ортамен заталмасу керек болған.

Алып молекулалар ортадан қоректік сіңіріп, ассилияциялайды. Қорытылғандарды сыртқа шығарады, диссимиляция жүреді. Бұдан молекула ортамен зат алмасуы автоматизм түрінде реттелген өзін- өзі өндіретін жүйеге айналған. Бұл коацерваттар деп аталған.
Коотцерваттар- өзара бәсекелес. Үнемі қозғалыста. Кез-келген молекулалар бірігіп, әрекет қасиетке не молекулалар пайда болады.
Коатцерваттар- қоректі таңдамалы сіңіреді. Тірі қалпын сақтауға керек заттарға ғана тітіркенеді. Тітіркенгіш болмаса енжар болады.
Кез-келген тірі организім сыртқы тітіркендіргішке таңдамалы белсенді қатынас танытады, яғни тірі материяға өзі-өзі реттеу тән. Эмоционалды қатысын бейнелеудің әрекет формалары болады. Ол тітіркенуден басталып, сананың ең жоғарғы формасы ойлау мен еске дейін. Барлық эмоционалды сатыдағы жануар, өсімдіктерге - тітіркенгіштік тән.
Тітіркенгіштік- биологиялық мәнді әсерлерге жауап бере алуы. Бұдан тітіркену биологиялық бейнелеудің ең қарапайым түрі.
Қарапайым тітіркену бір жасушалыларға тән. Орта ықпалмен қозғалады.Бұл қозғалыс- ізденіс ретінде көрінеді.
Сырт орта заттың белгілер (иіс,түс, форма) органикалық қажеттіліктерді қанағаттандырмағанымен сигналдық мәнге ие. Бұған кейде қарапайымдар да абиотикалық факторларға да жауап береді.
Жануарлар- абиотикалық, биотикалық факторларға қатысты ортаны бейнелей алады. Сезгіштік биологиялық нейтралды, бірақ биотикалық әсерлерді бейнелей алуға қабілетті. Сезгіштік қарапайымдардан жануардың ең жоғарғы формасына дейін тән.
Сезгіштіктің атқаратын қызметтері:
1) Тіршілік иесі ортаға бағдар жасай алады;
2) Әрекет- қылықтардың небір өзгермелі формаларын меңгеруге қабілетті болады;
3) Ортаның өзгермелі жағдайына бейімделе алады;

Северцов бойынша ортаға бейімделу жолдары:
1) оргондар қызметі мен құрылымыныңөзгеруі арқылы
2) әрекет- қылықтарының өзгеруі арқылы
Бейімделу- уақытша байланыс жасау арқылы мүмкін болады.
1-саты: Уақытша байланыс - қарапайымға тән.
Масалы: жылу, жарық сезінеді.
Уақытша байланыс тез сөнеді. Бейнелеудің өшкен формалары тез қолнына түспейді.
Бейнелеудің күрделі формалары көп жасушалыларға тән. Олардың дене құрылысы күрделі. Жасуша санымен ғана емес функцияға байланыс (1жасуша-қоректенеді,2жасуша- көбею, 3жасуша- қорғану т.б).
Аса сезімтал жасушалар бір-бірімен түйісіп, органиканың бүкіл бойына тараған, оны жүйке торы деп аталады.
2-саты: Ішек қуыстылар - жоғары сезгіштікке ие (қармағыштар).
Әрекеттері: 1)Эвалюция барысында жетіліп, тұқым қуатын тітіркену реакциялары арқылы мүмкін;
2) Тіршілік процестері болатын уақытша байланыстар, яғни шартты рефлекс арқылы болады.
3-саты: Эвалюциясы келесі сатысында - құрлықта өмір сүретін көпжасушалылар. Олардың тіршілік ортасынан әрекет болғанда сезім органдары жетіле бастайды, ол - бунақденелілер. Оларда көру, дәм, иіс сезу, тері сезу нышандары бар.
Әр бунақта жүйке жасушалар шоғырланған, оны ганглилер деп атаймыз. Әр ганглийдің бейнелеуінде - басшылық мәні бар. Ганглийлі жүйке жүйесі барларда - белсенді ізденіс болады. Оларға шартсыз рефлекс тән.
4-саты: Ганглийлі жүйке жүйесі өзінше күрделі дамыған жәндіктер мен буынаяқтыға, яғни олардың бейнелеуі күрделі.
Рецепторлары белгілі тітіркендіргіштерге жауап беруге бейімделеді.
Ұялы фасет - жарық аңғаруда көрінеді. Жәндіктерде - фоторецепторлар жетілген. Жақындаға жарықты көре алатын фасетті көз ұяларынан тұрады. Мұртшалары арқылы тактильді сезе алады.
Әрекеттері: инстинкт арқылы сипатталады.
Инстинкт- тумадан беріліп отыратын әрекет-қылық.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зоопсихология пәні
Психологияны зерттеудің негізгі әдістері
Психиканың пайда болуы және дамуы
Мектептегі оқушының психикалық дамуына оқу әрекетінін тигізетін әсері
Жасөспірімдердің психикасы мен санасының дамуын анықтау
Қазіргі заман психологиясы және міндеттері
Жануарлармен адамның психикалық әрекетін салыстыру
Балалар психикасының даму сатылары
Психология жане онын міндеттері
Салыстырмалы психология пәні, міндеттері, әдістері
Пәндер