Бастауыш сынып оқушыларымен дене тәрбиесі сабағын жүргізудің әдістемелік ерекшеліктері



1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1. Бастауыш сыныптарда дене тәрбиесі жұмыстарын ұйымдастыру ...
1.2 Бастауыш сынытардағы дене тәрбиесі ұжымы жұмысының мазмұны және оны ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3 Дене тәрбиесі сабағының жоспарлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2. Бастауыш сынып оқушыларымен дене тәрбиесі сабағын жүргізудің әдістемелік ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1. Бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесі ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2. Бастауыш сынып оқушылары дене дамуының морфофункционал.
дық және психологиялық ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.3. Бастауыш сынып оқушыларымен дене тәрбиесі сабағын
жүргізудің әдістемелік ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

3. Глоссарий ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

4. Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

5. Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
5.1. Дене тәрбиесі және спорт жұмыстарының жалпы жылдық
жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Жас ұрпақтың жалпы дене қуатын дамыту үшін, үлкен өмірге, еңбек етуге, Отан қорғауға дайындау үшін, олардың мектепте оқыған кезеңдерінде мынандай негізгі міндеттерді орындауымыз керек:
- денсаулықтарын нығайту, мүсін түзулігін қалыптастыру, ағзаларын дамыту және шынықтыру;
- негізгі қозғалыс ептілігі мен дағдысын қалыптастыру, оларды әр түрлі өмір жағдайында қолдана білу шеберлігіне үйрету;
- жігер-күш, дене қасиеттерін дамыту, жеке және қоғамдық гигиена дағдыларына үйрету.
Барлық міндеттерді орындаудың негізгі амалы - дене тәрбиесі жаттығулары мен теориялық білім. Ол амалдар дене тәрбиесі сабағында, оқу күні ішіндегі дене тәрбиесі-сауықтыру шараларында (сабаққа дейінгі гимнастика,ұзақ үзілістердегі қозғалмалы ойындар мен дене жаттығулары, сергектік сәттер) және сабақтан тыс уақыттардағы сыныптан тыс жұмыстар кезінде орындалады.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Өрлеу БАҰО АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша педагогикалық
қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты

Кафедра Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру

ЖОБА

Бастауыш сынып оқушыларымен дене тәрбиесі сабағын жүргізудің әдістемелік
ерекшеліктері

Тыңдаушы: ____Сансызбай
Айжан_______

(фамилиясы, аты, әкесінің аты)

Сарыөзек ауылы, №21 орта
мектебі,______
дене
тәрбиесі мұғалімі_________
жұмыс
орны, қызметі

Жетекші: Тусупкалиева
Г., аға оқытушы

(оқытушының аты-жөні, қызметі)

Жұмысты өткізу мерзімі:
10.04.2014ж.

Қарағанды 2014
Мазмұны

бет
1. 3
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..
1.1. Бастауыш сыныптарда дене тәрбиесі жұмыстарын ұйымдастыру ... 4
1.2 Бастауыш сынытардағы дене тәрбиесі ұжымы жұмысының мазмұны 7
және оны
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... 8
1.3 Дене тәрбиесі сабағының 8
жоспарлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
9
2. Бастауыш сынып оқушыларымен дене тәрбиесі сабағын жүргізудің
әдістемелік 11
ерекшеліктері ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.1. Бастауыш сынып оқушыларының дене 14
тәрбиесі ... ... ... ... ... ... .. ... ...
2.2. Бастауыш сынып оқушылары дене дамуының морфофункционал- 15
дық және психологиялық
ерекшеліктері ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... . 16
 2.3. Бастауыш сынып оқушыларымен дене тәрбиесі сабағын
жүргізудің әдістемелік 16
ерекшеліктері ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .

3.
Глоссарий ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..

4. Әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... .

5.
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..
5.1. Дене тәрбиесі және спорт жұмыстарының жалпы жылдық
жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... .



1. Кіріспе

1.1. Бастауыш сыныптарда дене тәрбиесі жұмыстарын ұйымдастыру

Жас ұрпақтың жалпы дене қуатын дамыту үшін, үлкен өмірге, еңбек
етуге, Отан қорғауға дайындау үшін, олардың мектепте оқыған кезеңдерінде
мынандай негізгі міндеттерді орындауымыз керек:
- денсаулықтарын нығайту, мүсін түзулігін қалыптастыру, ағзаларын
дамыту және шынықтыру;
- негізгі қозғалыс ептілігі мен дағдысын қалыптастыру, оларды әр
түрлі өмір жағдайында қолдана білу шеберлігіне үйрету;
- жігер-күш, дене қасиеттерін дамыту, жеке және қоғамдық гигиена
дағдыларына үйрету.
Барлық міндеттерді орындаудың негізгі амалы - дене тәрбиесі
жаттығулары мен теориялық білім. Ол амалдар дене тәрбиесі сабағында, оқу
күні ішіндегі дене тәрбиесі-сауықтыру шараларында (сабаққа дейінгі
гимнастика,ұзақ үзілістердегі қозғалмалы ойындар мен дене жаттығулары,
сергектік сәттер) және сабақтан тыс уақыттардағы сыныптан тыс жұмыстар
кезінде орындалады.
Дене тәрбиесі үрдісі күрделі, әр жақты және мектептің басқа оқу-
тәрбие жұмыстарымен өте тығыз байланысты болғандықтан, ол терең ой-
толғаныстарын, көлемді білімділікті керек етеді. Дене тәрбиесі міндеттерін
дұрыс түсінген мұғалім жеке оқушылардың таңдап алған спорт түрлерінен
жоғарғы жетістіктерге жетуін ғана емес, барлық оқушылардың денсаулықтарын
нығайту, қозғалыс ептілігі мен дағдыларын қалыптастыру арқылы оларды үлкен
өмірге дайындайды. Мұғалім оқушыларды дене жаттығуларымен тұрақты, жүйелі
шұғылдануға үйретеді.
Осы барлық міндеттерді дұрыс бағалау, ұйымдастыру, орындау үшін
мақсатты түрде жақсы, шебер жоспарлай білу қажет. Дұрыс ойластырылған
барлық жұмыстар келісілген жоспар, жүйелі, тиянақты жұмыс тудырады.
Жалпы білім беретін мектептердегі жоспарлау құжаттары: жалпы дене
тәрбиесі және спорт жұмыстары жоспары және дене тәрбиесі сабақтарының
жоспары деп екіге бөлінеді.
Оны дене тәрбиесі мұғалімі оқу жылының басталуына дейін құрастырады
(Қосымша 1).
Жалпы жылдық жоспар мынандай бөлімдерге бөлінеді:
1. Ұйымдастыру жұмыстары.
2. Оқу жұмыстары.
3. Күн тәртібіндегі дене тәрбиесі - сауықтыру шаралары.
4. Сабақтан тыс уақыттардағы спорттық - көпшілік жұмыстары.
5. Үгіт-насихат жұмыстары.
6. Дәрігерлік бақылау және тазалықты тексерулер.
7. Шаруашылық жұмыстары.
Осы дене тәрбиесі және спорттық жұмыстардың жылдық жоспарын жалпы
білім беру мектептеріндегі дене тәрбиесі ұжымының төрағасы мектеп
директоры бекітіп, оның жұмыстарын ұжым кеңесі, барлық ұжым мүшелері
біріге, жұмыла орындаулары керек.

1.2 Бастауыш сынытардағы дене тәрбиесі ұжымы жұмысының мазмұны және
оны ұйымдастыру

Бұрынғы кеңес заманында да, қазіргі егеменді ел, нарық экономикасы
заманында да жалпы білім беру мектептерінде дене тәрбиесі ұжымдары жұмыс
істеді, әлі де істеп жатыр. Дене тәрбиесі ұжымының мүшелері – мектеп
мұғалімдері мен оқушылар. Дене тәрбиесі жұмыстарын ұжым мүшелері сайлаған
кеңес басқарады. Ұжым кеңесінің төрағасы – мектеп директоры. Ұжымның
барлық жұмыстарын белгілейтін, ұйытқы болатын, жүргізетін – дене тәрбиесі
мұғалімдері.
Осы жерде заңды бір сұрақ тууы мүмкін. Неге дене мәдениетіне, дене
тәрбиесі мен спортқа осынша мән беріледі? Неге мектепте математика, тарих
ұжымдары жоқ? Бұл мәселенің маңыздылығы, денсаулыққа байланыстылығынан.
Басты байлық – денсаулық, Тәні саудың-жаны сау дейді дана халқымыз.
Дене тәрбиесі мен спорттың негізгі міндеті адамдардың денсаулығын нығайту
болып табылады. Мектептің дене тәрбиесі ұжымының негізгі міндеті дене
тәрбиесі мен спорттық жаттықтыру сабақтарына, жарыс, жорық, саяхаттарға,
дене тәрбиесі-сауықтыру шараларына мұғалімдер мен оқушыларды көбірек
қатыстыру. Оларды тұрақты дене жаттығуларымен айналысуға тарту.Тұрақты
жаттығулар арқылы олардың денсаулық деңгейлерін жоғарылату Шығыс ғалымы
Ибн Сина: Тұрақты, жүйелі дене жаттығуларымен шұғылданған адам ауруды
құртуға бағытталған ешқандай емдеуді қажет етпейді, -деген.
Дене тәрбиесі ұжымының денсаулықтан кейінгі екінші қажеттілігі
жарыстарға қатысу мүмкіншіліктеріне байланысты. Өйткені мектеп
жұмыстарының ең маңызды бір көрсеткіші – спорттық жарыстарда мектеп құрама
командасының спорт түрлерінен мектептер арасындағы аудан, қала
жарыстарында жүлделі орындар алуы. Жүлделі орындар алу үшін, мектеп ұжымы
директордан бастап оқушыға дейін жұмыла тер төге жұмыс істеуі керек. Осы
көрсетілген екі негізгі міндеттердің өзі дене тәрбиесі ұжымының
маңыздылығын, жұмыс ауқымының кең екенін көрсетеді.
Дене тәрбиесі ұжымы ең алдымен өзінің жылдық, тоқсандық жұмыс
жоспарларын дұрыс ойластырып, құрастыруы қажет. Әрбір ай сайын өткізілетін
ұжым кеңесінің отырыстарында осы жоспарлар, олардың орындалуы, адамдардың
жауапкершіліктері қатаң бақылануы, жұмыстары дұрыс бағалануы керек.
Мектептің дене тәрбиесі ұжымының барлық құжаттарын дайындайтын дене
тәрбиесі мұғалімі сауатты, білікті маман болуы қажет. Дене тәрбиесі
мұғалімі дене тәрбиесі ұжымының барлық жұмыстарын жақсы білуі, құжаттарын
сауатты дұрыс жүргізуі қажет. Сонда ғана мектептің дене тәрбиесі ұжымы
жұмыс істейді, барлық мектеп мұғалімдері, оқушылар бұл жұмыстарға жұмыла
атсалысады.
Дене тәрбиесі ұжымының жалпы жиналысында мұғалімдер мен оқушылардың
арасынан дене тәрбиесі мен спортқа қатысы бар, белсенді адамдар кеңес
мүшелері болып сайланады. Кеңес құрамы – 7-10 адам. Кеңес мүшелері
арасынан төраға, төрағаның орынбасары, хатшы сайланады. Дене тәрбиесі
кеңесі жанынан бұқаралық дене тәрбиесі, спорт шаралары, дене тәрбиесі
белсенділерін дайындау, насихаттау және шаруашылық жұмыстарының
комиссиялары құралады. Комиссия жұмысын басқару кеңес мүшелеріне
жүктеледі.
Бұқаралық дене тәрбиесі комиссиясы. Бұқаралық дене тәрбиесі
комиссиясы күн тәртібі ішіндегі сауықтыру шараларын (сабаққа дейінгі
гимнастика, сергектік сәттері, ұзақ үзілістегі қозғалмалы ойындар мен
дене жаттығулары), ұзартылған күн топтарындағы дене тәрбиесі сабақтарын,
Президенттік сынама сынақтарын, Президенттік көпсайыс жарыстарын өткізу,
дайындау жұмыстарына жауапты.
Спорт шаралары комиссиясы. Спорт шаралары комиссиясы мектепішілік
жарыстарды ұйымдастыру, дене тәрбиесі мұғалімдеріне спорт секцияларындағы
жаттығуларды жүргізуге көмектесу, аудандық, қалалық жарыстарға қатысатын
сынып және мектеп құрама командаларын іріктеу, жоғары көрсеткіштер
көрсеткен спортшылар кітабын, спорттық классификация нормаларын орындаған
оқушыларды есепке алу құжаттарын толтыру жұмыстарына жауап береді.
Дене тәрбиесі белсенділерін дайындау комиссиясы. Дене тәрбиесі
белсенділерін дайындау комиссиясы мектепте және тұрғылықты жерлерде
оқушылармен сауықтыру-дене тәрбиесі, спорттық шаралар жұмыстарын
ұйымдастыруға, қоғамдық спорт нұсқаушыларын, спорт төрешілерін, спорт
ұйымдастырушыларын дайындау және бағыттау жұмыстарын жүргізеді.
Дене тәрбиесін, спортты, туризмді насихаттау комиссиясы. Дене
тәрбиесін, спортты, туризмді насихаттау комиссиясының жұмыстары: спорт
мерекелерін, қабырға газеттерін, қабырға стендтерін, мектеп радиосын,
мектептегі әр түрлі көпшілік шаралар кезінде спортшылар көрсетілімдерін
ұйымдастыру (спортшылар көрсетілімдері-әр түрлі спорт түрлерінен жоғары
дәрежелі спортшылар ел алдына шығып жарыс жаттығуларын көрсетеді. Ол өте
әсерлі, ширақ, әдемі қимыл-қозғалыс түрінде жүргізілуі керек). Комиссия
әр түрлі көрнекі материалдар жинау арқылы мектептің дене тәрбиесі
бұрышын жасайды, спорт, сауықтыру дене тәрбиесі және салауатты өмір
салты туралы лекциялар, әңгімелер өткізеді.
Шаруашылық жұмыстар комиссиясы. Шаруашылық жұмыстар комиссиясы спорт
алаңдарын, стадиондарын салу, безендіру, стандарттық емес әр түрлі
снарядтар жасау, спорттық құрал-жабдықтарды дұрыс сақтау, жөндеу
жұмыстарымен айналысады.
Мектеп дене тәрбиесі ұжымының кеңесі қажеттіліктері бойынша өз
шешімдерімен басқа да комиссиялар құруына болады.
Дене тәрбиесі ұжымы кеңесінің құқығы:
- мектеп оқушыларының балалар және жасөспірімдер спорт мектептеріне
қабылдануына ұсыныс қағаз береді;
- дене тәрбиесі және спорт мекемелеріне, мектеп дирекциясына
мектептің спорт белсенділерін, спортшыларын марапаттау туралы ұсыныстар
түсіреді;
- мектептің көпшілік жиындарында, спорт мерекелерінде спортшыларды,
спорт төрешілерін, спорт нұсқаушыларын, спорт жұмыстарына еңбегі сіңген
адамдарды марапаттау, бағалы сыйлықтар, мақтау қағаздарын береді;
- дене тәрбиесі ұжымының Құрмет кітабына дене тәрбиесі спорт
жұмыстарының озаттарын жазады.
Дене тәрбиесі ұжымы мүшелерінің құқығы:
- спорт түрлері секцияларында, жалпы дене дайындығы топтарында
жаттығу, жарыстарға қатысу;
- дене тәрбиесі ұжымы кеңесіне сайлану, комиссия жұмыстарына қатысу;
- мектептің туристік, спорттық құрылыстарын,құрыл-жабдықтарын
пайдалану.
Дене тәрбиесі ұжымы мүшелерінің міндеттері:
- дене тәрбиесімен, спортпен тұрақты шұғылдануды және мектептегі
білім алуды қатар ұштастыру;
- өзін тәрбие мен спорттық этика талаптарына сай ұстау;
- дене тәрбиесі ұжымының жұмыстарына белсенді қатысу, кеңестің
шешімдерін орындау, ұжымның намысын қорғау, мәртебесін көтеру;
- өз жасына сай Президенттік сынама нормаларын тапсыруға дайындық,
орындау;
- өзі айналысқан спорт түрінің жоспары бойынша жаттығу, разряд
нормаларын орындау;
- мектептің барлық спорттық-сауықтыру шараларына белсенді қатысу;
- мектептің спорт құрылыстарын, спорттық құрал-жабдықтарын, құрама
командасының спорт киімдерін ұқыпты пайдалану, спорт құрылыстарына, құрал-
жабдықтарды жөндеу жұмыстарына белсенді қатысу;
- дене тәрбиесін, спортты туризмді насихаттау;
- өз ағзасының дамуын бақылау және жеке бас гигиенасы ережелерін
сақтау, мектеп медбикесінің нұсқауларын орындау.
Дене тәрбиесі ұжымының кеңесі тәртіп бұзған, үйде, достарының
арасында, қоғамдық жерлерде, спорт жарыстарында өзін дұрыс ұстамаған,
сабақ үлгерімі нашар дене тәрбиесі ұжымының мүшелеріне әр түрлі тәрбие
шараларын қолданады. Ол шаралар: спорт секцияларындағы жаттығуларға
уақытша қатыстырмау, спорт жарыстарына қатысу құқығынан айыру, мектептің,
сыныптың құрама командасы мүшелерінен шығару.
Әр мектеп дене тәрбиесі ұжымының өз кеңесі бекіткен спорттық
формасын тіктіруіне, эмблемасын жасатуына болады.

1.3 Дене тәрбиесі сабағының жоспарлары

Мектептегі дене тәрбиесі сабағының жоспарлары төрт түрге бөлінеді:
1. Дене тәрбиесі сабақтарының жылдық жоспар-кестесі.
2. Тоқсандық жоспар-кестесі.
3. Әр сабақтың жоспары.
4. Жоспар-конспект.
Дене тәрбиесі сабақтарының жылдық жоспар кестесі Білім және ғылым
министрлігі бекіткен бағдарламаға, ауданның ауа райы және климаттық
жағдайына, мектептің спорттық материалдық базасы мен құрал-жабдықтарына
байланысты құрастырылады. Жоспар-кестеде жылдық 102 сағаттың тоқсандық
сабақ сандарына, спорт түрлерінің сағаттарына бөлінуі көрсетіледі. Келесі
бетте үлгі ретінде жылдық жоспар-кесте қалай құрастырылатыны көрсетілген
(21- кесте).
Келесі беттерде дене тәрбиесі сабақтарының 1,5,11, сыныптарына
арналған тоқсандық жоспар-кестелері берілген (21, 22, 23, 24-
кестелер).Тоқсандық жоспар кестелерін үлгі ретінде бір-бірден бастауыш,
орта, жоғары сыныптарға арнап құрастырдық. Әр түрлі спорт түрлері
кіргізілген жоспарлар болсын деп, сыныптардағы әр тоқсандарды алдық. Бұл
тоқсандық жоспар-кестелер мектеп базаларына, мектеп бағдарламасы мен
құрал-жабдықтар мүмкіншілігіне сай құрастырылған.
Егер бұл тоқсандық жоспарлар кейбір аудандардың климаттық жағдайына,
мектептің материалдық мүкіншілігіне, қолда бар құрал-жабдықтарға сай
келмей жатса сағат сандарына, спорт түрлеріне өзгерістер енгізуге болады.
Әр сабақтың жоспар материалдары сыныптардың тоқсандық жоспарларынан
алынады. Біз әр сабақ жоспарының екі түрлі нұсқасын беріп отырмыз. Дене
тәрбиесі мұғалімдері өздеріне қолайлы түрлерін таңдап алып өз жұмыстарында
қолдануларына болады.
Дене тәрбиесі сабақтарының ... оқу жылына ... тоқсанға арналған әр
сабақ жоспары.
Әр сабақ жоспарын екі нұсқада құрастыруға болады. Бірінші нұсқасы
кесте түрінде құрастырылады (7-кесте):

2. Бастауыш сынып оқушыларымен дене тәрбиесі сабағын жүргізудің
әдістемелік ерекшеліктері

2.1. Бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесі

Бастауыш сынып оқушыларының қатарына I-IV сыныпта оқитын 7-11
жастағы оқушылар жатады.
Бастауыш сынып жасындағы оқушылардың дене тәрбиесі міндеттері
төмендегідей:
- денсаулықты нығайту, шынықтыру, жан-жақты дене дамуына көмектесу,
жалпақ табандылықтың алдын алу, бала ағзасының жағымсыз сыртқы орта әсеріне
қарсылық күшін қалыптастыру;
Таза ауада дене тәрбиесі жаттығуларымен айналысу, ойнау, секіру,
лақтыру, шаңғы тебу, жүгіру баланың бұлшық еттерін дамытады, жүрек-қан
тамыры жүйесін, тыныс алу жүйесін, сүйек-тірек аппаратын т.б. ағза
жүйелерін нығайтады, шынықтырады. Баланың мүсін, тұлға түзулігі
қалыптасады. Сондықтан мектептің міндеті – балаларды дене тәрбиесімен
жүйелі, белсенді шұғылдандыру;
- дене тәрбиесі жаттығулары, гигиеналық дағдылар, күн тәртібі туралы
арнайы білім беру. Ол білімдер: дене тәрбиесі жаттығуларының ағзаға пайдалы
әсері, гигиеналық ережелер. Тамақтану, демалу, жұмыс тәртіптері;
- оқушылардың өмірге керек қозғалыс ептілігі мен дағдысын
қалыптастыру, оларды жаңа қозғалыстарға, қимыл-әрекеттерге үйрету.
Бағдарламада берілген барлық негізгі спорт түрлерінің жаттығуларын дұрыс
орындай білу;
- дене қаситтерін дамыту. Гигиеналық дағдылар, күн тәртібі туралы
арнайы білім беру. Ол білімдер: дене тәрбиесі жаттығуларының ағзаға пайдалы
әсері, гигиеналық ережелер. Тамақтану, демалу, жұмыс тәртіптері;
- бастауыш сыныптарда қимыл үйлесімділігі, ептілік, икемділік
қасиеттерін дамыту;
- жігерлікке, батылдыққа, қажырлылыққа, тәртіптілікке, еңбек
сүйгіштікке, көпшілдікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу. Дене тәрбиесі
жаттығулары, әр түрлі қозғалмалы ойындар осы қасиеттерді дамытады;
- қозғалыс кездерінде және қозғалмайтын статикалық жаттығулар кезінде
мүсін түзулігін, тұлғаны қалыптастыру. Ол үшін отырғанда, тұрғанда,
жүргенде, жаттығулар жасағанда тұлғаны түзететін арнайы жаттығулар беріп
отыруымыз керек;
- оқушыларды бастауыш сыныптардан бастап Президенттік сынама сынақтары
жаттығуларын меңгеруге, орындауға дайындай бастағанымыз жөн;
- оқушылардың дене тәрбиесі мен спортқа деген ынтасын, қызығушылығын
оятып, оларды спортпен тұрақты, жүйелі шұғылдануға дағдыландыру керек.
Мектептің міндеті – оқушыларды дене тәрбиесі жаттығуларымен мектепте
ғана емес, үйде де тұрақты айналысуға әдеттендіру. Ол әдет оқушылардың күн
тәртібінде әбден қалыптасуы қажет. Осы кезден бастап дене тәрбиесі
жаттығуларын орындау олардын өмір бойғы әдеттеріне айналуы керек. Ол үшін
дене тәрбиесі сабақтары қызықты, әсерлі көңілді өтуі тиіс;
- оқушыларды ұйымдастыру, басқара білу дағдыларына дағдыландыру.
Оқушылардың ішінен дене тәрбиесі белсенділерін дайындау.

2.2. Бастауыш сынып оқушылары дене дамуының морфофункционалдық және
психологиялық ерекшеліктері

Бастауыш сынып жасы кездерінде балалардың бойлары, дене мүшелері,
әсіресе, аяқтары тез өседі. Бала жылына екі килограмм салмақ қосады.
Осы жаста сүйек тез қатая бастайды. Бірақ сүйек тканьдарында әлі де
органикалық заттар көп те, минералды тұздар аз. Сондықтан да сүйек икемді,
созылмалы, әлі толық қатаймай, шеміршекті түрде болады. Осы ерекшеліктерін
ескеріп, бастауыш сынып оқушыларына қозғалмайтын статикалық жаттығулар
жүктемесін аз береміз. Үлкен биіктіктен секіру, қатты жерге секіру
жаттығуларын бермеуге тырысуымыз керек.
Омыртқаның байланыстары мен бұлшық еттері әлсіз, омыртқа арасындағы
шеміршек қалың болып келеді. 7 жаста барлық омыртқа айқын білініп тұрады.
Қыздарда 7-11, ер балаларда 7-13 жас арасында омыртқаның денесі мен
эпифиздерінің арасында жұқа болса да шеміршекті қабат сақталады.
Омыртқаралық шеміршектер қалың болғандықтан омыртқалар әлі де өседі, олар
14-15 жаста бекіп, қатаяды. Омыртқа өте икемді, бірақ оқыс жағдайларда
қисайып кетуі мүмкін. Сондықтан да осы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныптағы дене тәрбиесін үйретудің әдістемесі
Сыныптан тыс сабақ түрлерін ұйымдастыру түрлері
Дене қасиеттерін қалыптастырып, дамытуда ең маңызды құрал ретінде спорттық және ұлттық қимыл-қозғалыс ойындарын пайдалану
Мектепке дейінгі мекеме,бастауыш, орта, жоғарғы сыныптарда және әр түрлі типтегі мектептерде дене тәрбиесі сабағын жүргізу әдістемесі
Қазіргі мектептегі дене тәрбиесі
Дене шынықтырудың міндеттері
Дене тәрбиесі жүйесінің басты талаптары
Палуандардың дене тәрбиесідегі әдістері
Дене тәрбиесі сабағынан ашық сабақ өткізу
Бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесі
Пәндер