Кәсіпорынды дамытуды стратегиялық жоспарлау


Дипломдық жұмыс
тақырыбы: Кәсіпорынды дамытуды стратегиялық жоспарлау
5В050600-«Экономика» мамандығы бойынша
Мазмұны
бет
Кіріспе . . . 3
1 Кәсіпорынды дамытуды стратегиялық жоспарлаудың теориялық және әдістемелік негіздері . . . 6
1. 1 Жоспарлау түсінігі және оның теориялық-әдістемелік негізі . . . 6
1. 2 Стратегиялық жоспарлау түсінігі, қағидалары мен механизмдері . . . 13
1. 3 Кәсіпорынның дамуын стратегиялық жоспарлаудың теориялық және
әдістемелік негіздері . . . 24
2 Кәсіпорын дамуын стратегиялық жоспарлауды
«БТА Банк» АҚ мысалында талдау . . . 35
2. 1«БТА Банк» АҚ- ның ұйымдық-құрылымдық сипаттамасы және қаржы-
шаруашылық жағдайының талдауы . . . 35
2. 2 «БТА Банк» АҚ-ның дамуын стратегиялық жоспарлау: бенчмаркетинг
және SWOT-талдау . . . 58
2. 3 «БТА Банкі» АҚ 2014-2023 жылдарға арналған Даму стратегиясы . . . 64
3 Кәсіпорынды стратегиялық жоспарлау механизмдерін жетілдіру жолдары мен дамыту тенденциялары . . . 76
3. 1 Кәсіпорынды дамытуды стратегиялық жоспарлау механизмдерін
жетілдіру жолдары . . . 76
3. 2 Жаһандану жағдайындағы Қазақстан кәсіпорындарының дамуын
стратегиялық жоспарлаудың мәселелері мен дамыту тенденциялары . . . 82
Қорытынды . . . 93
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 96
Қосымшалар . . . 98
Кіріспе
Дамыған нарықтық экономикасы бар мемлекеттерде стратегиялық жоспарлау кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің негізгі инструменті болып табылады. Қоғамның жан-жақты дамуы - адам құрған мәдениеттің негізгі жетістігі болып табылады. Оған деген қажеттілік жалпы өндірістік процестің объективті заңдылық талабымен бегіленеді. Оның көмегімен қоғамның барлық шаруашылық жүйесінің келісілген мақсатты бағытталған іс-әрекетін қамтамасыз етеді.
Стратегиялық жоспарлау - кәсіпорынның мақсат таңдау прцессі мен оған жету жолдарын қарастыратын басқару функцияларының бірі болып табылады. Стратегиялық жоспарлау барлық басқарушылық шешімдердің, ұцымдастыру қызметінің, стратегиялық жоспарлар құруға сүйенген мотивация мен контрольді қамтамасыз етеді. Стратегиялық жоспарлаудың динамикалық процессі қол шатырының астында барлық басқарушылық функциялар біріктірілген, стратегиялық жоспарлау артықтықшылыұтарын қолданбасақ, ұйымдар мен жеке адамдар мақсаттарда бағалау мен кәсіпорынның корпоративтік бағытын бағалау мүмкіншілігінсіз қалады. Стратегиялық жоспарлау процессі ұйым мүшелерінің басқаруына негізін қаматамасыз етеді. Жоғарыда жазылған еліміздің жағдайын қорытындылай келе, стратегиялық жоспарлау Қазақстандық ұйымдардың бір-бірімен және шетел корпорацияларымен қатаң бәсекелестікке кіруіне байланысты актуалдылығының артун атап өткен жөн.
Зерттеліп отырған тақырыптың өзектілігі - нарықтық дамудың күрделілігі мен алуан түрлілігі, шаруашылық үрдістердің қарқындылығы және серпінділігі кәсіпорындардан жүктелген қызметтері деңгейінде мүмкіндіктерді барынша пайдаланылуын талап етеді.
Сондықтан, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Жолдауындағы «Бүгінгі әлемдік конъюнктура нашарлаған жағдайда біз рөлі өсе түсіп отырған мемлекеттік холдингтердің, даму институттарының, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың даму стратегияларын белсенді етуге тиіспіз»-деп атауының мәні үлкен.
Қазіргі экономикалық даму жағдайында шаруашылық жүргізу нысандарының даму стратегияларының жүргізілуі мен нәтижелерін мемлекеттің экономикалық саясатындағы негізгі мәселелердің бірі ретінде қарау керек. Нарықтық құрылымдардың дамуы кезінде экономикалық қатынастарда туындайтын мәселелер экономикалық ғылым мен шаруашылық тәжірибедегі ең өзектісі болып саналады.
Қазақстандағы нарықтық қатынастардың барлық кезеңінде нарықтық құрылымдардың негізгі буыны - кәсіпорындарға жеткіліксіз көңіл бөлінгендігі анық. Қаржылық тұрақтылық пен ырықтандырудың жоғары дәрежесі жағдайларында экономикалық өсуге кәсіпорындар деңгейінде нарықтық өзгерістердің баяу үрдісі кедергі болады. Кәсіпорындардың нарықтық құрылымдардың негізі ретінде, тиімді қызмет етуіне даму стратегиясының болмауы мен қысқа мерзімді нәтижелерге бағытталуы, нарық конъюктурасын жеткілікті деңгейде білмегендігі, менеджменттің төмен деңгейі және басшылар мен мамандардың жеткіліксіз дайындығы кедергі жасайды.
Сол себепті отандық кәсіпорындарды қайта құру мәселесі кәсіпорындардың құрылымдарын қайта қараудың теориялық негіздерін, технологиясы мен қаржылық тетіктерін белгілеуге себепші болады.
Соңғы уақытта экономикалық әдебиеттерде аталған мәселелерді талдайтын және кәсіпорынды экономикалық дамудың негізгі буыны ретінде көрсететін еңбектер пайда бола бастады. Қазіргі даму кезеңінде кәсіпорындардың тұрақты даму мақсаттарын қамтамасыз ету үшін даму стратегиясын қолдану өте маңызды.
Басқаша сөзбен айтқанда, шаруашылықты жүргізуші субъектілердің қызметінің жетістіктері басқару деңгейіне, қабылданған шешімдердің объективтілігі нақтылығы, шұғылдығы мен ғылыми негізделуіне тікелей тәуелді. Үйлесімді шешімдердің қабылдануы, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын тиімді пайдаланып, еліміздің экономикалық өсуіне бағытталатыны белгілі.
Осындай жағдайлар дипломдық зерттеу тақырыбының өзектілігін анықтап берді.
Жұмыстың ғылыми жаңашылдығы сол, тақырып тура елдегі әлеуметтік-экономикалық даму үдерісіне байланысты өзекті болып отырған бәсекеге қабілетті кәсіпорын стратегиясын қалыптастыру оны жүзеге асыруға бағытталып отыр.
Мәселенің зерттелу деңгейіне келер болсақ, кәсіпорынды дамытуды стратегиялық жоспарлау мәселелерін зерттеумен Сундетов Ж., Айтбаев М., Байзаков С., Дуламбаева Р., Уткина Э. А., Григорьев Д. сияқты отандық және шетелдік ғалымдар айналысқан.
Кәсіпорынды дамытуды стратегиялық жоспарлаудың тәжірибелік аспектілеріне Томпсон А. А., Бригхэм Ю. Ф., Соколинская Н. Э. т. б. шетелдік ғалымдар жұмыстарын арнаған.
Жалпы Қазақстандық кәсіпорындардың дамуын стратегиялық жоспарлаудың ел экономикасының дамуындағы маңызы мен өзектілігі, жеткілікті зерттелмеуі тақырыпты таңдауға, зерттеу мақсаты мен міндеттерін анықтауға негіз болды.
Зерттеу объектісі - кәсіпорынды дамытуды стратегиялық жоспарлау.
Дипломдық жұмыстың мақсаты кәсіпорынды дамытуды стратегиялық жоспарлаудың теориялық және әдістемелік жақтарын зерттей отырып, оны жүзеге асырудың ұтымды жолдарын анықтауда әдістемелік нұсқаулар дайындау және Қазақстан Республикасының «БТАБанк» АҚ-ның стратегиялық даму жағдайын талдау және кәсіпорынның стратегиясын қалыптастыру.
Алға қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:
- жоспарлау түсінігі және оның теориялық-әдістемелік негізін қарастыру;
- стратегиялық жоспарлау түсінігі, қағидалары мен механизмдеріне тоқталу;
- кәсіпорынның дамуын стратегиялық жоспарлаудың теориялық және әдістемелік негіздерін қарастыру;
- «БТА Банк» АҚ- ның ұйымдық-құрылымдық сипаттамасы және қаржы- шаруашылық жағдайының талдау;
- «БТА Банк» АҚ-ның дамуын стратегиялық жоспарлау: бенчмаркетинг және SWOT-талдау;
- «БТА Банкі» АҚ 2014-2023 жылдарға арналған Даму стратегиясына тоқталу;
- Кәсіпорынды дамытуды стратегиялық жоспарлау механизмдерін жетілдіру жолдарын қарастыру;
- жаһандану жағдайындағы Қазақстан кәсіпорындарының дамуын стратегиялық жоспарлаудың мәселелері мен дамыту тенденцияларын қарастыру.
Зерттеу заты болып кәсіпорынды дамытуды стратегиялық жоспарлаудың жүйеленген теориялық, тәжірибелік және әдістемелік негізі табылады.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі ретінде жергілікті бюджет кірісін қалыптастыру мен жүзеге асырудың теориялық сұрақтары мен тәжірибелік мәселелеріне арналған отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, мерзімді басылымдар бетінде жарияланған мақалалар, халықаралық және республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция мен семинарлардың материалдары алынды. Жергілікті бюджет кірісін қалыптастыру мен жүзеге асырудың қолданбалы аспектілерін зерттеу Қазақстан Республикасының қаржы қызметін реттейтін заңнамалық және нормативтік актілеріне негізделген.
Зерттеудің деректік базасын статистикалық мәліметтер мен Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдаулары, ның жыл сайынғы бюджеті, Қазақстан Республикасының2012 - 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңы, 2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджеттің негізгі параметрлері бойынша ақпараттар құрайды.
Жұмысты жазу барысында мынадай жалпы және арнайы әдістер қолданылды: жүйелік, құрылымдық және функциональдық талдаудың диалектикалық логикасы, топтастыру, салыстыру, талдау, зерттеу мәліметтерінің нәтижелерін сурет және экономика-статистикалық көрініс тұрғысында сипаттау т. б.
Дипломдық жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы сол, оның негізгі теориялық жағдайлары мен қорытындылардың кәсіпорын дамуын стратегиялық жоспарлауды жетілдіру мақсатында қолдануға болатын нақты ұсыныстар деңгейіне жеткендігінде.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
1 Кәсіпорынды дамытуды стратегиялық жоспарлаудың теориялық және әдістемелік негіздері
1. 1 Жоспарлау түсінігі және оның теориялық-әдістемелік негізі
Экономиканың обьетивті түрде өсуі өндірушілер мен еңбек күшінің бөлінісін толық, әрі жоспарлы түрде зерттеуден басталады. «Анти-Дюринг» еңбегінде Ф. Энгельс дамыған қоғам туралы: «Өндірістегі анархия енді қоғамдық қажеттіліктерді қамтамасыз ететін және қоғамның әр мүшесінің қажеттіліктерін қамтитын жүйемен алмасады» деп жазды. Өз заманында К. Маркс та қоғамдық жүйені өзгертуді, соның ішінде еңбек бөлінісін дұрыс ұйымдастыруға шақырды.
Жалпы экономикада халықаралық, халық шаруашылығы, салааралық, әр саланың саланың өз ішінде, өндірісаралық және аймақтық жүйелер арасында белгілі бір тепе-теңдік пен тығыз байланыс бар. Бұл көрсетілгендердің барлығы бір-біріне тәуелді болып келеді және бұлардың барлығы халық шаруашылығының жоспарлы түрде дамуына және жоспардың жасалуына алып келетін алғышарттардың бірі болып табылады. Олар экономиканың өсу қарқынын, тұрақтылығын, қоғамдық еңбек бөлінісі мен өнімділікті анықтайтын, экономиканың өсу қарқынын көрсететін, белгілі бір уақытта жоспарланған жоспардың орындалуын көрсетеді. Сонымен жоспарлау мен болжау адамдардың саналы түрде, белгілі бір экономикалық заңдарға бағына отырып, бір-бірімен тығыз байланысты өндіруші жүйелерді ұйымдастыруы мен қолдану қызметін атқарады. Сондықтан жоспарлау халық шаруашылығында үлкен маңызға ие. Мақсаты, экономиканың өсу кезеңіндегі жағымсыз және белгісіз әсер етуші факторлардың алдын алу болып табылады.
Жаңа шаруашылық қатынастар кезеңінде, яғни әміршіл-әкімшіл жүйеден нарыққа ауысуынан жоспарлау жаңадан өзіне тән бағыт-бағдар мен міндеттерді алады. Сапалы жоспарлаудың бір қыры ол әкімшілік тарапынан ғана емес, сондай-ақ басшылықтың келісімімен қатар, аймақтық, жергілікті ұйымдармен қоса кәсіпорындар тарапынан да қызу талқыға салынады. Яғни, жоспарлау процесіне барлық мүшелер қатысады деген сөз. Нарық өнімділікті жомпарлауда бірден-бір сарапшы және тексеруші рөлін атқарады және барлық субьектілермен тығыз қарым-қатынас жасауға бағыттайды. Мысалға, аймақтық және жергілікті ұйымдардың кәсіпорындармен қарым-қатынасы.
Нарықтық экономика жүйесінде бәсекелестік пен жеке меншік толықтай дамыған кезеңде мемлекет экономиканы өсіру үшін жоспарлауды да қолданады. Нарық жүйесінде мемлекеттен бастап барлық субьектілер өніиділік пен өнімді жоспарлаусыз жұмыс істей алмайды.
Нарықтық бостандықта ешқанда да декларация немесе кодекстер емес, тек жоспарлау ғана көптеген елдерде тиімді жұмыс істеп келеді. Жоспарлау мен болжаудың қажеттігі келесідей себептерден туындайды:
Біріншіден, экономиканың өсу қарқынымен қатар ҒТР, жаңа технологиялар дамып келе жатыр. Өнім арттырудың инновациялық, ұтымды тәсілдері, еңбек күшінің техникамен алмастырылуы қарқынды өсіп келе жатқандықтан, нәтежиесін жоспарлау мен болжау қажет,
Екіншіден, жоспарлау мен болжау экономиканы реттеу үшін мемлекет тарапынан жиі қолданылады. Экономикалық циклді реттеп отыру үшін қажетті. Халықтың әлсіз топтарының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін де мемлекетке тиімді.
Үшіншіден, нарықта кез-келген фирма өзінің саласына қарамастан, белгілі бір нәтежиеге жету үшін, жұмысқа кіріспес бұрын алға қойған мақсаттары мен жоспарын, кәсіпкерлік стратегияын жасауға міндетті. Дұрыс бағыт-бағдар таңдау арқылы ғана экономиканың қажетті түрде дамуына болады.
Жоспарлау - атқарылатын іске бағытталған, ақпаратты саналы түрде талдау процесі. Кез-келген шаруашылық қызметтің мақсатқа жетуі, ғылыми немесе логикалық тұрғыдан нәтежиесін болжаудың әсерінен болады. Болжау болашақта туындауы мүмкін қиындықтар мен жағдайларды алдын-ала қарастыруға мүмкіндік береді. Сонымен, болжаудың екі түрі болады: теориялық-танымдылық және басқарушылық болжау.
Жоспарлау мен болжау - бұл, Экономиканың обьективті тәуелділігі мен себеп-салдар нәтежиесінде, әлеуметтік және ғылыми-техникалық прогрессте, қоғамдық өнімділіктің дамуы мен нәтежиесін алдын-ала ғылыми тұрғыдан көре білу.
Зерттелетін процеске қарамастан болжаудың үш сатысы болады:
Сурет 1. Жоспарлаудың ғылыми негізделген сатысы
Алға қойған мақсаттың орындалуында жоспарлау мен болжау келесідей жолдармен жүзеге асырылады:
- Экономиканың даму бағытын анықтау;
- Мақсатқа жету үшін ұтымды жолдар мен шешімдер табу;
- Нәтежиеге қажетті ресурстарды анықтау.
Жоспардың өзіне тән қасиеттері:
Біріншіден, жоспарда нақты мәліметтер, өндіріс құрамы мен қызметі, мақсатты тапсырмалары және оларды шешу тәсілдері толығымен жазылады;
Екіншіден, экономиканың даму инфрақұрылымын қарастыра отырып, жоспарларда еңбек күші, материялдық және қаржылық ресурстары толығымен көрсетіледі.
Үшіншіден, жоспар - бұл нарық субьектілерінің арасындағы келісім жасайтын тиімді құрал және ол қоғамға мемлекеттің экономикалық саясаты туралы ақпарат беру қызметін атқарады.
Төртіншіден, экономиканың дамуы үшін жоспарларда экономикалық болжау жасалынады.
Осының нәтежиесінде, мемлекет жоспар көрсеткіштері арқылы экономикалық өзгерістерді және жеке кәсіпкерлік фирмалардың даму қарқыны туралы мәліметтер алып отырады.
Болжау мен жоспарлаудың әдістеріне негізінен экономикалық заңдардың толық есебі, ғылыми тұжырымдар, әртүрлі жағдайлар, жоспарлау мен болжаудың мақсатқа сай жасалуы, жүйелер, құрылымдар, логика және ұйымдастыру жатады.
Болжаудың негізгі принципі - жоспарлық есептің ғылыми негізделуі және нақты шама болуы. Бұл барлық экономикалық заңдылықтарды, ғылымның жаңа жетістіктерін қолдануды, техника мен технологиялық жетістіктерді меңгеруді өнімділікті ұйымдастыра білу мен басқарудан құралады.
Экономикалық тепе теңдікті сактау және талдау жасай білу керек. Яғни, нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың көрсеткіштерін толық зерттеу. Соған сай жоспар мен болжамды икемдеу керек.
Жоспарлаудың тағы да бір маңызды принципі бұл - мемлекеттің, қоғамның, шаруашылық субьектілерінің, салааралық, аймақтық ұйымдардың көзқарастары мен мүдделерін де қарастыру.
Жоспар жасауда ең бірінші айналысатын саладағы тиімді және ұтымды шешімдерді қарастыру керек. Бұл болашақта әр кәсіпорынның, әр саланың, шаруашылықтың дұрыс дамуына мүмкіндік жасайды.
Жоспар жасалу барысында, тексеріле отырып, түзетулер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
Бүгінгі таңда ғалымдардың есептеуі бойынша жоспарлау мен болжау жасаудың 150-ден астам әдісі бар. Бірақ тәжерибе жүзінде негізінен соның ішінде 15-20әдісі қолданылып келеді.
Сурет 2. Жоспарлау мен болжау жасаудың әдістері
Сонымен қатар, болжалдау мен жоспарлауда келесідей әдістер де қолданылады:
- Экономикалық-статистикалық әдістер
- экономикалық салыстыру әдісі
- орташа шамалар әдісі
- динамикалық қатарлар
- тотау әдісі
- Математикалық-статистикалық әдістер
- корреляциялық әдіс
- регрессиялық әдіс
- Баланстық әдіс
- Нормативтік әдіс
- Монографиялық әдіс
- Эксперттік бағалау әдісі
- Эксперементалдық әдісі
- Экономикалық математикалық модельдеу
- Абстрактылы-логикалық әдіс
- Әлеуметтік
Болжау мен жоспар жасағанда бірнеше әдісті бірден қолдана аламыз. Бұл әдістер бірін-бірі толықтырылып, байланыстырылып тұруы керек.
Кең қолданылатын маңызды әдістердің бірі болып баланстық әдісті қарастырамыз. Бұл әдісте материялдық және ақшалай ресурстардың қорлары мен қажеттіліктері және жоспар элементтерімен байланыстары қарастырылады. Баланстық әдісті дұрыс қолдана білу республикалық, кәсіпорындық әртүрлі салалармен қарым қатынасты, ресурстардың тиімді жұмсалуын, дамуды дұрыс жоспарлауға мүмкіндік береді. Бұл әдісте көбінесе материалдық ресурстар балансы, жұмыс күші, жер көлемі, т. б, баланстық өлшемдер есепке толығымен алынады.
Жеке баланстық есептерді және халық шаруашылық балансын есемтеуде экономикалық математикалық модельдеу әдісі мен есептеуіш техника кеңінен қолданылуда.
Жоспарлауда қолданылатын нормалар мен нормативтерді келесідей топтарға бөлеміз:
- Қоғамдық еңбек өнімділігінің нормасы
- Отын-энегргия және еңбек ресурстарының нормасы
- Өнімділік қарқынының нормасы
- Инвестиция және капитал салымдарының нормасы
- Қаржылық нормалар
Сурет 3. Болжау және жоспарлау жүйесі
Кәсіпорын өзінің даму жоспарын жасамас бұрын өндірілетін өнім немесе көрсетілетін қызмет түрлеріне сұранысты, кәсіпорынның экономикалық-әлеуметтік қамтамасыз етілуін, жұмыспен қамтылуын, еңбек өнімділігі мен күшін толық есепке алуы керек.
Теорияда және практикада жоспардың құрамына, құрылымына, құрылу уақытына және де т. с. с. көрсеткіштеріне байланысты өте көп түрлерге бөлінеді:
- Мазмұнындағы экономикалық-саяси кәсіпкелікке байланысты:
- Стратегиялық жоспарлау;
- Тактикалық жоспарлау;
- Оперативтік жоспарлау;
- Қолданылу аясына байланысты:
- Барлық қарастырылатын аумақты қамтитын жоспарлау (комплекстік немесе халықшаруашылық) ;
- Бөліктік жоспарлау (Белгілі-бір аймақ, аудандық-ауылдық)
- Кәсіпорын щеңберінде (фирмалар)
- Орындалу уақытына байланысты:
- Қысқамерзімді (оперативті) жоспарлау (жартыжылдық, квартал, мезгіл, ай, апта) ;
- Орташамерзімді (тактикалық) жоспарлау (1-5 жыл) ;
- Ұзақмерзімді (стратегиялық) жоспарлау (5 жылдан жоғары қарай) ;
- Жоспарлау мазмұнына байланысты:
- глобальды
- Контурлы
- Шектеулі
- Детальді
- Жоспардың қызметтік аясына байланысты:
- Өндірісте
- Қызметкерлерде
- Қаржы
- Инновациондық
- Дайындық кезеңінде
- Мәліметтердің өзгеру есебі бойынша:
- Қатаң (өзгермейтін)
- Икемді (өзгермелі)
- Уақыт кезеңіне байланысты:
- Өтпелі (уақыт өткесін жаңа жоспар жасалынады)
- Созылмалы (уақыт өтсе - созылады)
- Кезеңсіз жоспарлау
- Уақыт ағымына байланысты:
- реактивті (өткен уақытқа бағытталған)
- инактивное (осы шаққа арналған)
- преактивное (болашаққа бағытталған)
- интерактивное (жоспардың тек жақсы жақтарына бағытталған)
- Жоспарлаудың тәсілі бойынша:
- «төменнен жоғары» прогрессивті
- «жоғарыдан төмен»
- Айналмалы тәсіл
Мемлекеттік жоспарлау саласында көбінесе индекативтік жоспарлау түрі қолданылады. Индекативтік жоспарлау мемлекеттің экономикалық-әлеуметтіксаясатын, экономиканың өсуін, қоғамға қажетті нәтежиелерге жету үшін мемлекеттің мүдделерін қарасытырады.
Мақсаты:
- Әлемдік және ішкі нарықтағы құрылым туралы ақпараттар жүйесін қалыптастыру, бұған бюджеттік және инвестициялық ақпараттар да кіреді.
- Нарық субьектілерінің мемлекетің өзінің мемлекеттік бағдарламаларына қатысуы
- Өнімөндірушілерінің жаңа технологиялар мен инновациондық жобаларға жете назар аудауы, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін қолдану.
Әлемде дамыған мемлекеттерде стратегиялық жоспарлау өз нәтежиесін көрсетіп жатыр. Стратегиялық жоспарлау нарық жүйесіндегі шаруашылықты тұрақтандыратын мемлекеттің басты құралы болып табылады. Оның көмегімен экономикалық тепе-теңдікті тұрақтандырып тұруға болады. Стратегиялық жоспарлаудың басты элементтері:
- қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуді жоспарлау;
- қоғам мен табиғат ара-қатынасын жоспарлау;
- жаңа технологиялар мен ҒТР жетістіктерін пайдалануды жоспарлау;
- ұлттық экономикалық жүйені тұрақтандыру.
1. 2 Стратегиялық жоспарлау түсінігі, қағидалары мен механизмдері
Шамамен бұдан үш он жылдық бұрын ұзақ мерзімді жоспарлаудың орнына, корпорациялардың жоспарланатын қызметінде старегиялық жоспарлау негізгі орынды алды.
Ол фирмаға болашаққа көзқарас көкжиегін кеңейтуге, ағымдағы қызметін біршама кең ауқымды міндеттермен байланыстыруға мүмкіндік берді. Әсіресе тиімді нәтижелерге экономикалық өрлеу сатысыңда қол жеткізілді, бұл кезең өсу үрдісі болашаққа болжамдалған еді.
Бірақ, 60-жылдардың басында іскерлік қоршаған орта жеткіліксіз түрде тұрақты болды. Өсуші бәсекелестік, тұтынушылар үшін күрес кәсіпорынның ұзақ мерзімді жоспарлау саласындағы жағдайды қайта қарауды талап етті. Нәтижесінде жоспарлау мақсатты бола түсті, ресурстар мақсатқа жету қүралы ретінде қарастырылды, ал жоспар іскерлік қоршаған ортаның мүмкін болатын баламалы іс-қимылдар жиынтығын білдірді. Бұл бағыт «стратегиялық жоспарлау» (strategic planig) атауына ие болды және оны өнеркәсіптік дамыған елдердің барлық табысты фирмалары қолдана бастады. Стратегиялық жоспарлауда үзақ мерзімімен салыстырғанда фирма кеңістігі біршама келемді бола түседі. Ол өзіне экономикалық ұйымның ішкі ортасының элементтерін, сондай-ақ сыртқы аспектілерін де қамтиды: әлеуметтік және саяси факторлар, тұтынушылардың талғамы мен қажеттіліктері, бәсекелестердің іс-қимылдары және басқалар. Оның басты айырмашылығы - өзгермелілігі (вариативность) болашақ фирма дамуының барлық баламалы болжамдарын әзірлеу.
«Стратегиялық жоспар» термині 1960-1970 жылдар аралығында өндіріс деңгейіндегі ағымдық жоспарлауды жоғарғы деңгейдегі жоспарлаудан айыру үшін енгізілді. Бұл өзгермелі орта жағдайындағы ұйым дамуының жаңа моделіне өту қажеттілігімен түсіндірілді. Жаңа қадамның өзектілігі келесі факторларды анықтайды:
- ХХ ғасырдың екінші жартысында ішкі және сыртқы өзгерістерден туындаған мәселелер саны көбейе бастады. Олардың басым көпшілігін дәстүрлі әдістермен шешу мүмкін емес еді;
- ұлттық экономика әрекеттерінің географиялық шектері кеңейе түсіп, бизнес халықаралық сипатқа ие бола бастады.
- сыртқы ортаның тұрақсыздығының күшеюі нәтижесінде стратегиялық өзгерістердің қажеттілігі туындады;
- стратегиялық шешімдердегі, кәсіпорын қызметін болжаудағы қателіктер көптеген қиындықтарға әкеліп соқтырды.
Стратегиялық жоспарлаудың даму үдерісінде стратегиялық талдаудың көптеген әдістері, міндеттерді шешудің формалды тәсілдері пайда болды. Формалды стратегиялық жоспарлау танымалдығының шыңы 70-жылдардың аяғы мен 80-жылдардың басында орын алды, бұл уақытта ол фирманың кез келген мәселесін шешу құралы, панацея ретінде қарастырылды.
80-жылдары стратегиялық жоспарлаудың формалды әдістері жаңа шарттардағы өзінің шектеуін көрсетті. Оның негізгі себептері мыналар болды:
- іскер ортаның тұрлаусыздығының күшеюі. Бұл шаруашылық өмірдегі өзгерістердің өсу санында да, осы өзгерістердің алдын ала болжаудың кемуінен де көрінді. Көп жағдайларда стратегиялық сұлбалар бизнестің жаңа
жай-күйіне сәйкес келуден қалды;
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz