Жергілікті бюджеттің кірісін қалыптастыру



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
1.1 Бюджет жүйесінің жалпы түсінігі, экономикалық мәні және құрамы мен құрылымы, жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
1.2 Жергілікті бюджеттің экономикалық мәні және оны қалыптастыру,
бекіту тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
1.3 Жергілікті бюджет кірісітерінің қалыптасуының теориялық, әдіснамалық
негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..38

2 ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТІҢ КІРІСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫ ШИЕЛІ АУДАНЫ МЫСАЛЫНДА ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..47
2.1 Шиелі ауданының жалпы сипаттамасы және өндірістік.шаруашылық
қызметінің талдауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 47
2.2 Шиелі ауданының 2012.2014 жылдардағы бюджетінің кірісін талдау ... ... ..56
2.3 Шиелі ауданының бюджетінің кірісін қалыптастыру көздерінің
динамикасы мен мониторингі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 62

3 ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТІҢ КІРІСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ КӨЗДЕРІН ЖЕТІЛДІРУ МЕХАНИЗМІ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ...68
3.1 Қазақстанда бюджетаралық қатынастарды жетілдіру және жергілікті
бюджет проблемаларын шешу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...68
3.2 Нәтижеге бағытталған жергілікті бюджет процесін жүзеге асыру
перспективалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..73
3.3 Қазақстанда жергілікті бюджеттік саясатты жетілдірудің негізгі жолдары..81

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...86

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .89

ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...91
Әрбір елде мелекеттік қаржылардың ең бірінші маңызды компонеті мемлекеттің міндеттері мен қызметтерін қаржымен қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақшалай қор - бюджет болып саналады, яғни бюджет жүйесі – елдің экономикалық қатынатарына және мелекеттік құрлысына негізделеді.
Қазіргі жағдайда бюджет экономиканы мемлекеттік реттеудің, шаруашылық конъюнктураға ықпал етудің, дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асырудың аса күшті құралы. Қазіргі мемлекеттік бюджет оның сан түрлі қызметін көрсететін күрделі де көп қырлы құжат.
Бюджет - елдің әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін және мемлекеттік құрылысын қамтамасыз ететін күрделі механизм.
Қазақстан республикасында бюджет екі деңгейлі болады: мемлекеттік және жергілікті.
1 П. Искакова Мемлекеттік бюджет оқу құралы Алматы Экономика 1998ж. 12-32 бб.
2 Қазақстан Республикасының бюджет кодексі. //Егемен Қазақстан, 5 желтоқсан 2008жыл.
3 «2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңы, 2008 жыл 4 желтоқсан.
4 Қазақстан Республикасының «Бюджет жүйесі туралы» Заңы. 3б
5 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті туралы қағида. 16б.
6 Мельников В.Д. ; Ильясов К.К. Финансы. - Алматы: изд. 2-ое перераб. и доп. - Каржы - каражат, 1997. 68-72б.
7 Өмірбаев. Қазақстан Республикасының Бюджет жүйесі: жоғары оқу орындарына арналған оқулық. – Астана: «Сарыарқа» ЖҚ, 2007.-488с.
8 Мельников В.Д. Государственное финансовое регулирование экономики Кахазстана. - Алматы: Каржы- каражат, 1995.
9 Ілиясов Қ.Қ; Құлпыбаев С. Қаржы. Оқулық. Алматы - 2003ж. 63-67б.
10 Кажикаримов Б.К., Омирбаев С.М. Теория финансов. Учебное пособие. - Караганда, КарГУ, 1991. - 80с.
11 Бабич A.M., Павлова Л.Н. Государственные и муниципальные финансы: Учебник для вузов. — М.: Финансы, ЮНИТИ, 1999. –167-171с.
12 Ван Хорн Дж. К. Основы управления финансами: перевод с англ. / под ред. Соколова Я.В. - М.: Финансы и статистика, 2001. - 129с.
13 Интыкбаева С.Ж. Фискальная политика и ее роль в обеспечении устойчивого развития экономики Казахстана. - Алматы: Каржы-Каражат, 2002, 32б.
14 Омирбаев С.М. Финансы. Учебное пособие для вузов. -Астана:2003. 63-67 б.
15 Сумароков В.Н. Государственные финансы в системе макроэкономического регулирования. — М.: Финансы и статистика, 1996. 104-108 б.
16 Каможнова Е. Финансовая система: какой же она должна быть? // Казахстан: Экономика и жизнь - 2003 -№3-4.
17 Мемлекеттік бюджеттің 2010 жылғы бірінші жартыжылдықта атқарылу қорытындылары және ағымдағы жылдың III тоқсанына арналған міндеттер туралы Қаржы министрі Б.Жәмішевтің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 27 шілдедегі отырысында жасаған баяндамасы. 9б.
18 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2304 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарын іске асыру туралы есеп. Астана, 2011ж. 26 б.
19 Қазақстан Республикасының 2011 жылдың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы.
20 2011 жылғы 1-тоқсандағы мемлекеттік бюджеттің атқарылу қорытындылары туралы. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі. Астана, 2011 жыл. 7б.
21 Булгакбаев Б. Налоги, которые мы выбираем и от которых бежим: [Налоговая система в Казахстане] // Юридическая газета - 2003 г. - 17 июля. 4-7б.
22 2010 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі қысқаша талдамалық ақпарат. //Қаржы министрлігінің хабаршысы. №1, Астана 2011ж. 12-28 б.
23 Қазақстан Республикасы Парламентінің 2011 жылғы 20 маусымдағы Қаулысы. 2010 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп комитеті есебінің негізгі тұжырымдары. 6-9 б.
24 «2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы № 496-IV Заңы 34б.
25 2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджеттің негізгі параметрлері бойынша ақпарат.
26 Есенбаев М. Залог благополучия страны: (Налоги: территория и практика) // Финансы Казахстана - 2002 - № 4.
27 Кулекеев Ж. Вопросы межбюджетных отношений // Қаржы-қаражат 2005 № 5 с. 23-25
28 Мусинов С. М. Налоги с населения Республики Казахстана. Алматы: «Каржы Каражат», 2005 г. 82 б.
29 Карагусова Г.Финансы: сущность и практика использования. Алматы,2004 г. 82-87б.
30 Д. Тілеужанoва. Бюджетаралық қатынастардың тұжырымдамалық негіздерін реттеуші салықтар көмегімен oңтайландыру. // Қаржы – қаражат – 2011 - №4

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 96 бет
Таңдаулыға:   
Дипломдық жұмыс

тақырыбы: Жергілікті бюджеттің кірісін қалыптастыру

5В050900-Қаржы мамандығы бойынша

Орындаған:

Ғылыми жетекшісі
э.ғ.к., доцент:

Астана 2015
Мазмұны
бет

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі қалыптасуының теориялық және әдістемелік негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
1.1 Бюджет жүйесінің жалпы түсінігі, экономикалық мәні және құрамы мен құрылымы, жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.2 Жергілікті бюджеттің экономикалық мәні және оны қалыптастыру,
бекіту тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
1.3 Жергілікті бюджет кірісітерінің қалыптасуының теориялық, әдіснамалық
негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...38

2 Жергілікті бюджеттің кірісін қалыптастыруды Шиелі ауданы мысалында талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..47
2.1 Шиелі ауданының жалпы сипаттамасы және өндірістік - шаруашылық
қызметінің талдауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .47
2.2 Шиелі ауданының 2012-2014 жылдардағы бюджетінің кірісін талдау ... ... ..56
2.3 Шиелі ауданының бюджетінің кірісін қалыптастыру көздерінің
динамикасы мен мониторингі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .62
3 Жергілікті бюджеттің кірісін қалыптастыру көздерін жетілдіру механизмі мен перспективалары ... ... ... ... ... ... ... ... ...68
3.1 Қазақстанда бюджетаралық қатынастарды жетілдіру және жергілікті
бюджет проблемаларын шешу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...68
3.2 Нәтижеге бағытталған жергілікті бюджет процесін жүзеге асыру
перспективалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 73
3.3 Қазақстанда жергілікті бюджеттік саясатты жетілдірудің негізгі жолдары..81
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...86
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 89
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 91
Қысқартылған сөздер
АЭА - Арнаулы (еркін) экономикалық аймақ
ҚМ - Қаржы министрлігі
ЭБЖМ - экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі
БЖБ - бюджетті жоспарлау бағдарламалау
КТС - корпоративті табыс салығы
ҚҚС - қосымша құн салығы
ҮЕҰ - үкіметтік емес ұйым
ХҚКО - халыққа қызмет көрсету орталығы
АХАТ - азаматтық xaл актілерін тіркеу
ЖЖМ -
БҰЖ -
Кіріспе

Әрбір елде мелекеттік қаржылардың ең бірінші маңызды компонеті мемлекеттің міндеттері мен қызметтерін қаржымен қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақшалай қор - бюджет болып саналады, яғни бюджет жүйесі - елдің экономикалық қатынатарына және мелекеттік құрлысына негізделеді.
Қазіргі жағдайда бюджет экономиканы мемлекеттік реттеудің, шаруашылық конъюнктураға ықпал етудің, дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асырудың аса күшті құралы. Қазіргі мемлекеттік бюджет оның сан түрлі қызметін көрсететін күрделі де көп қырлы құжат.
Бюджет - елдің әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін және мемлекеттік құрылысын қамтамасыз ететін күрделі механизм.
Қазақстан республикасында бюджет екі деңгейлі болады: мемлекеттік және жергілікті.
Мемлекеттік бюджет - мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары. Мемлекеттік бюджет жалпы қоғамдық қажеттерді өтеу мақсатымен мемлекеттік аппарат пен қорғаныс күштерін қаржыландыруға және әлеуметтік-экономикалық қызметтерді атқаруға арналған қаражат. Ол мемлекеттің шығыны мен табыстарының балансы.
Республикамызда нәтижеге бағдарланған бюджеттеу әдісін енгізу, бюджеттік жоспарларымен стратегиялық, орта мерзімді даму жоспарларын үйлестіруге, бюджеттің әлеуметтік және инвестициялық құрамдауыштарын күшейтуге аса назар аударылған жоқ. Тиімді бюджеттік саясаттың дамуына кедергі келтіретін факторлар қатары аз емес. Солардың ішінде ең маңыздылары мыналар: мемлекеттік бюджеттің шығыстарының ұлғаюы, бюджет қаражатының жетіспеушілігі, кредиторлық берешеектің өсуі, қаржы көздерімен қамтылмаған мемлекеттік міндеттемелер т.б. Осындай жағдайлар дипломдық зерттеу тақырыбының өзектілігін анықтап берді.
Жұмыстың ғылыми жаңашылдығы сол, тақырып тура әлемдік қаржылық дағдарысына байланысты өзекті болып отырған оңтайлы бюджет жүйесін қалыптастыру оны ұйымдастыру мен болашақта дамытуға бағытталып отыр. Қазақстандағы жаңадан енгізілген үш жылдық бюджет қарсаңында жергілікті бюджет кірісін қалыптастыруды реттеу мәселелері қарастырылады.
Мәселенің зерттелу деңгейіне келер болсақ, жергілікті бюджет кірісін қалыптастыру мәселелерін зерттеумен Интыкбаева С.Ж., Кажикаримов Б.К., Омирбаев С.М., Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С., Мельников В.Д., Бабич A.M., Павлова Л.Н., Вавилов Ю.Я., Сумароков В.Н. сияқты отандық және шетелдік ғалымдар айналысқан.
Жергілікті бюджет кірісін қалыптастырудың тәжірибелік аспектілеріне Ван Хорн Дж.К., Долан Э.Дж., Кэмпбелл Колин Д., Кэмпбэл Розмари Дж. т.б. шетелдік ғалымдар жұмыстарын арнаған.
Жалпы Қазақстанда жергілікті бюджет кірісін қалыптастырудың, ел экономикасының дамуындағы маңызы мен өзектілігі, жеткілікті зерттелмеуі тақырыпты таңдауға, зерттеу мақсаты мен міндеттерін анықтауға негіз болды.
Зерттеу объектісі - жергілікті бюджет кірісін қалыптастыру және болашақта дамыту жағдайы.
Дипломдық жұмыстың мақсаты жергілікті бюджеттің кірісін қалыптастыру мәселесін зерттеу болып табылады.
Алға қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:
- бюджет жүйесінің жалпы түсінігін, экономикалық мәнін және ұлттық экономиканы басқарудағы рөлін қарастыру;
-бюджет жүйесінің қызметі мен оның орындалу мерзімдерін анықтау, мемлекеттік бюджетке қатысушылар арасында функциональды жауапкершілік пен өкілеттіліктердің нақтылануы;
- бюджет жүйесін басқару мен жүргізудің факторларын анықтау арқылы, оны шешу жолдарын ұсыну.
oo мемлекеттік бюджетті жоспарлаудың теориялық негізін қарастыру;
oo бюджетаралық қатынасты қалыптастырудың құқықтық негізі;
oo мемлекеттік бюджеттік жоспарлау механизмінің негізгі элементтерін анықтау;
oo бюджетаралық қатынастардың экономикалық мәнін ашу;
oo бюджетаралық қатынастарды жетілдірудің құқықтық негізін және ұйымдастырылуын талдау;
oo мемлекеттік бюджеттің кірісі мен шығысын жоспарлау жағдайын талдау;
oo жергілікті бюджеттің экономикалық мәні және оны қалыптастыру, бекіту тәртібі;
- жергілікті бюджет кірісітерінің қалыптасуының теориялық, әдіснамалық негізі;
oo 2012-2014 жылдарға арналған шиелі ауданы бюджетінің кірістерін талдау;
oo Шиелі ауданының бюджетінің кірісін қалыптастыру көздерінің динамикасы мен мониторингін қарастыру;
oo Қазақстандағы мемлекеттік бюджет жүйесін жетілдіру құралдарын қарастыру.
Зерттеу заты болып жергілікті бюджет кірісін қалыптастырудың тиімді фискальдық саясатын құрудың теориялық, тәжірибелік және әдістемелік негізі табылады.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі ретінде жергілікті бюджет кірісін қалыптастыру мен жүзеге асырудың теориялық сұрақтары мен тәжірибелік мәселелеріне арналған отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, мерзімді басылымдар бетінде жарияланған мақалалар, халықаралық және республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция мен семинарлардың материалдары алынды. Жергілікті бюджет кірісін қалыптастыру мен жүзеге асырудың қолданбалы аспектілерін зерттеу Қазақстан Республикасының қаржы қызметін реттейтін заңнамалық және нормативтік актілеріне негізделген.
Зерттеудің деректік базасын статистикалық мәліметтер мен Қазақстан Республикасының жыл сайынғы бюджеті, Қазақстан Республикасының2012 - 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңы, 2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджеттің негізгі параметрлері бойынша ақпараттар құрайды.
Жұмысты жазу барысында мынадай жалпы және арнайы әдістер қолданылды: жүйелік, құрылымдық және функциональдық талдаудың диалектикалық логикасы, топтастыру, салыстыру, талдау, зерттеу мәліметтерінің нәтижелерін сурет және экономика-статистикалық көрініс тұрғысында сипаттау т.б.
Дипломдық жұмыстың практикалық маңыздылығы сол, оның негізгі теориялық жағдайлары мен қорытындылардың жергілікті бюджет кірісін қалыптастыруды жетілдіру мақсатында қолдануға болатын нақты ұсыныстар деңгейіне жеткендігінде.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

1 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі қалыптасуының теориялық және әдістемелік негіздері

1.1 Бюджет жүйесінің жалпы түсінігі, экономикалық мәні және құрамы мен құрылымы, жалпы сипаттамасы

Бюджет - мемлекеттің заңмен немесе жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен бекітілетін, мемлекет өз міндеттерін қамтамасыз етуіне арналған және салықтар, алымдар, басқа да міндетті төлемдер, капиталмен жүргізілетін операциялардан алынатын кірістер, салыққа жатпайтын және заң актілерінде көзделген өзге де түсімдер есебінен құрылатын орталықтандырылған ақша қоры.
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде өіне тән объективті сипаты бар. Оның дербес бөлу сала ретінде бар болуы дамуы орталықтандырылған сәйкес ресурстарға мұқтаж болатын қоғамдық өндіріспен алдынала объективті анықталған [1,б.12].
Ақша құралдарының орталықтануы барлық халық шаруашылығы масштабындағы қорлардың іркіліссіз айналымын ұйымдастыру және экономиканың барлық салаларының дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етуі үшін қажет.
Айрықша бюджеттік саланың құндылық бөлінуінің бар болуы тағы табиғат пен мемлекет функцияларымен шарттасылған. Соңғысы тез қарқынмен дамып жатқан салаларды қаржыландыру үшін, қоғамдық масштабта әлеуметтік-мәдени шараларды өткізу үшін, қорғаныс саласындағы мәселелерді шешу үшін, мемлекеттік басқарудағы жалпы шығындарды өтеу үшін орталықтандырылған қаражаттарды қажет етеді. Сол сияқты мемлекеттік бюджеттің бар болуы - адамдардың субъективті қалау емес, ол кеңейтілген қайта өндірудің қажеттіліктерімен, табиғат және мемлекет функцияларымен анықталған объективті қажеттілік.
Мемлекеттік бюджетте мемлекетпен жүзеге асырылатын қаржылық орталықтандыру қағидасы нақты қолданған. Орталықтандырылған қаржылық ресурстар мемлекеттің өндірілетің жоспарланған қарқынын және үйлесімділігін, салалық және территориялық құрылымын дамытуға, бірінші кезекте экономика салаларының прогрессивті дамуына қажетті мөлшердегі қаржыларды қалыптастыру, ірі әлеуметтік жаңғыртуларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Қаржылардың орталықтанылуы арқасында мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатының табысты жүзеге асуына жағдайлар дайындап, қаржылар экономикалық және әлеуметтік дамудың шешімді телімдерінде шоғырланады.
Қаржылық қайта бөлудің ерекше бөлімі ретінде мемлекеттік бюджет өзіндік қоғамдық арнаулы қызметін атқарады - жалпы мемлекеттік қаржыларды қанағаттандырады [1,б.26].
Бюджет қатынастары арқасында ғылыми-техникалық прогрессті жеделдету және қоғамдық өндірістің салалық және территориялық құрылымдардағы жоспарланған жылжытуларға жетумен байланысты өндірісті дамыту шығындары өтелінеді; жалпы мемлекеттік масштабтағы резервтік қорлар құрылды; өндіріске қатысты емес, жалпы басқару шығындары өтелінді; ұжымдық қажеттіліктерді қанағаттандыру және еңбекке жарамсыздарды асырауға арналған қорларды құруға кеткен шығындар, мемлекет шекарасын қорғауға кеткен шығындар, Қорғаныс күштерін асырауға, интеграцияның және басқа да дамуларға кеткен шығындар іске асырылады.
Біз көріп отырғанымыздай, мемлекеттік бюджет қаржылық қатынастардың аңықталған жиынтығы ретінде жалпы қаржы категорияларына тән сипаттарға ие болады: бюджеттік қатынастардың бөлу сипаты; әрқашанда ақша түрінде іске асырылады; қалыптастыру және арнаулы ақшалай қорлармен еріп жүреді. Сонымен қатар, мемлекеттік бюджет құндық бөлудің өзіндік саласы ретінде келесімен сипатталады:
Мемлекет қолындағы кері өнім құны бөлшегінің және жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты бөлу қатынастарының экономикалық түрі болып табылады;
Құндылық тұтынуға кіретін өндірістік емес саланың қаржыларын және құру мен құнның өндірістік тұтынуымен байланысты қоғамдық қызмет салаларымен, экономика секторларымен, ел территорияларымен, халық шаруашылығы салалары арасындағы құндылықтарды қайта бөлуге бағытталған;
Қоғамдық өнімнің тауарлы түріндегі қозғалысымен тікелей байланысты емес және одан белгілі айырудағы бөлудің құндылық сатысын білдіреді. Сол уақытта материалды өндірісте және өндірістік емес саладағы қаржылық қатынастар тауар-ақша қатынастарымен тығыз байланыста болады;
Қоғамдық өнім құнының бюджеттік бөлу түрлері және пропорциялары қоғам дамуының әрбір кезеңінің алдында мақсаттармен жалпы кеңейтілген қайта өндірудің қажеттіліктермен анықталады;
Бюджеттік бөлу саласы қаржы-несие жүйесінің басқа салаларымен салыстырғанда алдыңғы қатарда жүріп, орталық орынды алады.
Қаржылық баланс жүйесінде мемлекеттік бюджет басты орынды алуда.Ол жыл сайын заң түрінде нақтыланып отырады және мемлекеттің ақша қаражатының орталықтандырылған қорын дұрыс қолдану және құру бойынша экономикалық қатынастардың жүйесі болып табылады. Мемлекеттік бюджет орталықтандырылған және облыс, аудан, қала бюджеттерінен тұратын жергілікті бюджет болып бөлінеді. Нысаны бойынша мемлекеттік бюджет баланс сияқты болып келеді. Оның кірісті бөлігіне салық, салықтық емес түсімдер жатады, ал шығысты бөлігіне-әлеуметтік қызметтерге кеткен шығындар, шаруашылық қажеттіліктері (кәсіпорындарға дотациялар, субсидиялар,мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру үшін кеткен шығындар), мемлекеттік өкімет пен басқару органдарын қамтамасыз етуге кеткен шығындар,мемлекеттік қарыз бойынша төлемдер және т.б.
Мемлекетте салық салу шарттарын қою мүмкіндігі бар болғандықтан, ол жалпы сұраныс пен ұсыныстың көлеміне белсенді әсер ете алады.
Бюджет - мемлекеттің қажетті атрибуты және оның егемендігінің негізі. Бюджеттің көмегімен тиісті мемлекеттік және муниципалдық кұрылымдардың ақша қорлары құрылады, бұл қорлар олардың жалпы маңызды міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді, мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын жүзеге асырудың қаржылық негізін жасайды. Бюджеттерде мемлекеттің қаржы ресурстарының аса ірі бөлігі шоғырландырылады, бұл мемлекеттің қаржы саясатын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қажет.
Экономика дамуының қазіргі кезеңінде орталықтандырылған каржы ресурстары мемлекетке коғамдық өндірістің қажетті қарқындары мен үйлесімдерін қамтамасыз етуге оның салалық және аумақтық құрылымдарын жетілдіруге жетуге, экономика салаларын дамытудың бірінші кезектегі бағдарламалары үшін қажетті мөлшерлерде қаражаттарды қалыптастыруға әрі әлеуметтік өзгертулер жүргізуге жағдай жасайды. Қаржыны орталықтандырудың арқасында ақша қаражаттары мемлекеттің экономикалық және элеуметтік саясатын табысты іске асыру үшін жағдайлар жасай отырып, экономикалық және әлеуметтік дамудың шешуші учаскелеріне шоғырландырылады. Сөйтіп, құндық бөліністің айрықша бөлігі ретінде мемлекеттік бюджет айрықшалықты арналымды орындайды-жалпықоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға қызмет етеді. Объективтік бөлгіштік қатынастардың өмір сүруінің экономикалық нысаны бола отырып, айрықшалықты коғамдық арналымды орындай отырып, мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретіндеболады.
Қаржылық қатынастардың белгілі бір жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджетке ең алдымен оны жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер тән: бюджеттік қатынастардың бөлгіштік сипаты бар, ацша нысанында жүзеге асырылады,мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен қосарлана жүреді. Сонымен бірге, бюджеттік қатынастарға белгілі бір өзіндік ерекшелік тән, алайда ол қаржымен ортақ өзгеше белгілердің шеңберінен шықпайды.Құндық бөліністің айрықшалықты сферасы ретінде мемлекеттік бюджет мына өзгеше белгілермен сипатталады: 1) мемлекеттен жалпы қоғамдық өнімнің бір бөлігін оқшауландырумен және оны қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты бөлгіштік қатынастардың айрықша экономикалық нысаны болып табылады; 2) құнды жасау және оны тұтыну үдерісін шарттастыратын материалдық өндіріс қаржысынан және құнды тұтынуға қызмет ететін өндірістік емес сфера қаржысынан мемлекеттік бюджеттің айырмашылығы ол ұлттық шаруашылықтың салалары, аумақтар, экономиканың секторлары, қоғамдық қызметтің сфералары арасында құнды қайта бөлуге арналған; 3) қоғамдық өнімнің оның тауар нысанындағы қозғалысымен тікелей байланысты емес құндық бөліністің стадиясын білдіреді және одан белгілі үзілісте жүзеге асырылады, ал қаржы қатынастары материалдық өндірісте де, материалдық емес сферада да тауар-ақша қатынастарымен тығыз тоқайласып жатады.
Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты, өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін нақты материалдыңзаттай түрінде болады: бюджеттік қатынастар мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорында -- бюджеттік қорда затталынады. Мұның нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық (бөлгіштік) үдерістер мемлекеттің жұмылдыратын және пайдаланатын ақшаның ағынында өзінің көрінісін табады. Бюджеттік қор - бұл құндық бөліністің белгілі стадияларын өткен және ұлғаймалы ұдайы өндіріс, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, қорғаныс және басқару жөніндегі қажеттіліктерді қанағагтандыру үшін мемлекетке түскен қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың бір бөлігі қозғалысының объективті түрде шарттасылған, экономикалық, нысан. Бюджеттік қорды қалыптастыру мен пайдалану қүнды бөлумен және қайта бөлумен байланысы оның (құнның) қозғалысы үдерісін білдіреді[2,б.9].
Мемлекеттік бюджет экономакалық категория ретінде мемлекеттің орталықтандырылган ақша қорын жасау және оны ұлгаймалы ұдайы өндіріс пен қогамдық қажеттіліктерді қанагаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қогамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу үдерісінде мемлекет пен қогамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын ақшалай қатынастарды білдіреді. Қаржылық қатынастардың бұл жиынтығы мемлекеттік бюджет ұғымы экономикалық мазмұнын құрайды.
Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде жалпы қаржы сияқты бөлу және бақылау функцияларын орындайды. Бұл функциялардың іс қимылы, мазмұны, мәні мен маңызы бюджеттік қатынастардың қаралған айрықшалығымен айқындалды. Бөлгіштік функцияның іс-әрекетінің өзіндік ерекшелігі сол, қоғамдық өнімнің кұны қоғамдық өндірістің сфералары, ұлттық шаруашылықтың секторлары, аумақтар, салалар, жеке шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында бөлінеді. Сонымен бірге мемлекет қаржысының негізгі буыны ретінде мемлекеттік бюджет бөлгіштік функция шеңберінде қосалқы функцияларды, атап айтқанда: орналастыру (ресурстарды), қайта бөлгіштік, тұрақтандыру сияқты сипатты функцияларды орындайды. Бақылау функциясы бюджеттік қорларды бөлудің сандық үйлесімдерінде, олардың қоғамдық өндіріс дамуының қажеттіліктеріне сай келетіндігінде, бөлудің ұнамсыз барысынан ауытқуын анықтау және оларды жою мүмкіндігінде көрінеді.
Мемлекеттік бюджеттің сан қырлы маңызын ескере отырып, оны тек экономикалық категория және мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры ретінде ғана емес, сонымен бірге негізгі қаржы жоспары, әлеуметтік-экономикалық үдерістерді реттеу механизмінің жиынтық үғымы ретінде қарау керек. Мәселен, мемлекеттік бюджетте қоғамдағы барлық экономикалық үдерістер бейнеленетіндіктен, сондай-ақ барлық негізгі қаржы институттары - салықтар, мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік кредит, мемлекеттің қарыздары және т.б. өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет мемлекеттің негізгі қаржы жоспары ретінде сипатталады. Ол нақты кезеңге, әдетте, бір жылға жасалынады, бюджеттің кірістерін, шығыстарын, орталықтандырылған қаржы ресурстарының шешуші бөлігінің қозғалысын анықтайды. Елдің негізгі қаржы жоспарының көрсеткіштері Республика Парламентінің жыл сайын қабылдайтын Республикалық бюджет туралы заңына сәйкес сөзсіз орындауға жатады.
Мемлекеттік бюджет - ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің бірі. Ол экономикаға мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау мен пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып табылатын бюджеттік механизм арқылы ықпал етеді. Шығындар мен салықтар Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық-мемлекеттік құрылымымен анықталады. Мемлекеттің федеративтік және унитарлық құрылымы болуы мүмкін[3,б.9].
Федеративтік мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан тұрады:
мемлекеттік бюджет немесе федералдық бюджет немесе орталық мемлекеттің бюджеті;
федерация мүшелерінің бюджеттері (АҚШ-та-штаттардың, ГФР-да - жерлердің, яғни ландтагтың, Канадада-провинциялардың, Ресейде-федерация субъектілерінің бюджеттері);
жергілікті бюджеттер.
Унитарлық (біркелкі) мемлекеттерде екі буынды бюджет жүйесі қолданылады: орталық (республикалық) бюджет және толып жатқан жергілікті бюджеттер.
Екі жағдайда да бюджеттердің оқшаулануы мен дербестігінің түрлі дәрежесі болуы мүмкін, бірақ, әдеттегідей, әлеуметтік-экономикалық үдерістерді басқаруды орталықтандыру деңгейіне байланысты төменгі бюджеттерге катынасы жөнінен белгілі бір реттеуші рөл орталық бюджетте сақталады.
Мемлекеттiк бюджет қаржылық ағымдapды бaқылайтын басты экономикалық құрал.
Қазiргi замaнғы мемлекеттердегi бюджет механизмiнiң кеңейтiлген ұдайы өндiрiс үрдiсiне әcepi бюджет құралдарының шаруашылық айналымына түcyiнiң төрт басты жолы арқылы іске асады:
* кәсіпорындарды тура субсидиялау;
* экономикаға мемлекеттік инвестициялау;
* тауарлар мен қызметтердің мемлекеттік сатып алынуы;
* салықтық жеңілдіктер енгізу арқылы балықтық шығындарға ұшырау.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің құралы ретінде мемлекеттік бюджет келесі белгілермен сипатталады:
* бөлу қатынастарының ерекше экономикалық нысаны;
* экономикалық салалары, елдің территориялары арасындағы құн бөлуге арналуы;
* қоғамның тарихи дамуының әр сатысында оның алдында тұрған мақсаттары мен міндеттеріне байланысты жалпы ішкі өнімді бөлудің көлемдері мен нысандары;
* қаржы жүйесіндегі басқа элементтерге (кәсіпорындар қаржысы, салықтар т.б.) қарағанда бюджет орталық орынды алады.
Осылайша, мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде өндіріс үрдісінің қатысушылары және мемлекет арасындағы өндірістік қатысушыларды ақша нысанында көрсетеді. Өндіріс, бөлу және қайта бөлу үрдісінде қызмет етеді.
Барлық осы үрдістер белгілі бір кезекпен біртіндеп жүзеге асырылады. Сонымен, бюджеттік байланыстардың жоспарлылығы, мемлекеттің ақша қаражаттарының жоспары ақша нысанында қозғалысы бюджеттік байланыстардың арнайы қаржылық құжатта бекітілетіндігін көрсетеді. Яғни, басты қаржылық құжат - мемлекеттік бюджет. Қаржылық жоспардың арнайы баптары ақша қаражаттарының қалыптасуы көздері мен бағытты қолданылуын көрсетеді.
Негізгі қаржылық жоспар іс-әрекетінің нәтижесі болып табылады және сонымен қатар, халық мүддесін қорғаушы мемлекеттің шешімі болып табылады. Негізгі қаржылық жоспардың көрсеткіштері жыл сайын қабылданатын бюджеттік заңдарға сәйкес міндетті түрде орындалуы тиіс. Қазіргі кезде Қазақстанда мемлекеттік емес, Республикалық бюджет қарастырылып бекітілуде [4,б.3].
Бүгінгі таңда мемлекеттік бюджеттің негізінде Республика экономикасының қаржылық жағдайын бағалау қиын, өйткені онда мемлекеттің барлық қаржы ресурстары көрсетілменген. Сондықтан, Республикалық бюджетті қарастырып, бекіту кезінде Республикалық әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін шешумен байланысты көптеген сұрақтар туындайды. Осыған байланысты негізгі қаржылық жоспардың көрсеткіштері экономика дамуының объективті заңдылықтарын білуге негізделуі тиіс. Бюджеттік қатынастардың жиынтығы ретінде қаржылық құжат мемлекеттік бюджет деген атаққа ие болуы тиіс.
Бюджеттік жүйе бюджеттік қатынастар, бюджеттің түрлері, қалыптарстыруы, пайдалану әдістері мен тәсілдерін қамтиды. Бюджеттік қатынастардың жиынтығы бюджет жүйесінің негізін құрайды. Бюджеттік қатынастар жүйесінде мемлекеттің шаруашылық субъектілермен қатынасы маңызды орын алады. Өйткені олар салық - бюджеттік қатынастардың негізін құрап, мемлекеттік бюджеттің қалыптасуына негіз болады. Нарық жағдайында әр жыл сайын экономиканың нақты секторын бюджет есебінен қаржыландыру көлемі азаюда. Көптеген жағдайларды бұл қаражаттар қайтарымдылық негізінде берілуде. Бірақ бүкіл мемлекет аумағындағы шығындары мен кірістері арасындағы тепе-теңдік бар және бұл мемлекетпен қамтамасыз етілуі керек. Осы арақатынасты орындамау теріс тенденцияға әкеп соғады, қаржы ресурстарының көлеңкелі экономикаға қайта бөлініп кетуі, шетелдік шоттарға ағып кетуі және құндық, ақшалақ диспорцияға әкеп соғады [5,б.109].
Мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің бірі. Ол экономикаға мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау мен пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып табылатын бюджеттік механизм арқылы ықпал етеді. Жалпы экономикаға ықпал етудің құралы ретінде бюджеттің рөлі осыдан көрінеді. Экономиканы реттеу орталықтандырылған ақша қорынның сандық көлемін анықтау, оны жасау мен бөлудің нысандары мен әдістерін реттеу, бюджеттің атқару процесінде қаржы ресурстарын қайта бөлу жолымен жүзеге асырады.
Ақырында, мемлекеттік бюджет орындалуы міндетті мемлекет заңдарының бірі болып табылады Яғни, мемлекеттік бюджет мемлекет заңдарының бірі болып табылады.
1-суретте бюджеттің сан қырлы маңызын ескере отырып, оны осы жоғарыда айтылғандардың жиынтығы ретінде қараған жөнкөрсетілген.
Негізгі қаржы жоспары
Мемлекет заңы
Әлеуметтік-экономикалық дамуды басқарумеханизмі
МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ
Мемлекеттік орталықтандырылғанақша
Ресурстар
Экономикалық категория
Қатынастар
Базис бөлігі (базис-тік жағы)
Қондырма бөлігі (субъективтік жағы)



Cурет 1. Мемлекеттік бюджеттің сапалы сипаттамасы

Мемлекеттік бюджет - ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімді қайта бөлудің негізгі құралы. Мемлекеттік бюджеттің (шығыс бөлігінің) көмегімен ұлттық табыстың 30%, жалпы ішкі өнімнің 20%, жалпы қоғамдық өнімнің 10% бөлінеді және қайта бөлінеді. Бюджет Қазақстанның бүкіл аумағында өндірістік күштерді неғұрлым ұтымды орналастырудың, экономика мен мәдениетті көтерудің талаптарын ескере отырып сала аралық және аумақтық қайта бөлу үшін пайдаланылады.
Нарық механизмге көшу жағдайында мемлекеттік бюджеттік қаржылары ең алдымен экономиканың құрылымын қайта құруды, кешенді мақсатты бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға, ғылыми-техникалық әлеуетті арыттыруға, әлеуметтік дамуды тездетуге және халықтың ең аз қамтылған жігін әлеуметтік қорғауға бағытталуға тиіс. Шығыстар мен салықтар арқылы бюджет экономика мен инвестицияларды реттеудің және ынталандырудың, өндіріс тиімділігін арыттырудың маңызды құралы болып табылады. Бюджет қаражаттарының әлеуметтік бағыттылығының зор маңызы бар.
Бюджет жүйесі ең алдымен, мемлекеттің құрылымымен анықталады. Унитарлық мемлекеттердің бюджет жүйесі екі буынды қамтиды: республикалық және көптеген жергілікті бюджеттер. Ал федеративті мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан - федеральды бюджет немесе орталық үкіметтің бюджетінен, федерация мүшелерінің бюджетінен (АҚШ-тағы штаттардың, Германиядағы жерлердің, Канададағы провинциялардың, Ресейдегі Федерация субъектілерінің), жергілікті бюджеттерден құралады.
Бюджеттік жүйе экономикалық қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген бюджеттің жиынтық түрлері болып табылады.
Бюджет құрылуы - бұл бюджет жүйесін құру принципі, ұйымдастырушылық бөлімдерінің өзара байланыс формасы.
1991 жылы Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі түрлі өзгерістерге ұшырады. Бұған дейін Қазақстанның бюджет жүйесі, басқа одақтас мемлекеттердің бюджет жүйесі сияқты, КСРО-ның мемлекеттік жүйесіне кірді, онда ел аумағының барлық бюджеттері, сының ішінде ауылдық және поселкалық бюджеттер де қамтылып көрсетілді. Ол одақтық бюджеттен, 15 одақтас республиканың бюджеттерінен және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру бюджетінен тұрды. Одақтық бюджетке 1970-1990жж мемлекеттік бюджет ресурстарының жалпы ауқымының 50-52% тиді, оның 35% республикалардың республикалық бюджеттірінің және 15% жергілікті бюджеттердің қарамағында болды.
Бюджет кодексіне сәйкес, мемлекеттік бюджет араларыындағы өзара өтелетін операцияларды есепке алмағанда, республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін, талдамалық ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет.
Мемлекеттік (республикалық және муниципалдық) бюджеттер кез-келген басқа мемлекеттердегідей Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің орталақ буыны болып табылады. Бюджет - мемлекеттің қажетті атрибуты және оның егемендігінің негізі. Бюджеттің көмегімен тиісті мемлекеттік және муниципалдық құрылымдардық ақша қорлары құрылады, бұл қорлар олардың жалпы маңызды міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді, мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын жүзеге асырудың қаржылық негізін жасайды. Бюджеттерде мемлекеттің қаржы ресурстарының аса ірі бөлігі шоғырланады. Бюджетте қаржы ресурстарын шоғырландыру мемлекеттің қаржы саясатын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қажет [6,б.68].
Бюджет ұлттық, экономиканы басқарудың басты механизмдерінің бірі. Ол экономикаға мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау мен пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып табылатын бюджеттік механизм арқылы ықпал етеді. Мемлекеттік бюджетті негізгі қаржы жоспары, әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеу механизмінің жиынтық ұғымы ретінде қарауға болады. Елдің негізгі қаржы жоспарының көрсеткіштері республика Парламентінің жыл сайын қабылдайтын Республикалық бюджет туралы заңына сәйкес сөзсіз орындауға жатады.
Шығындар мен салықтар арқылы бюджет экономика мен инвестицияларды реттеудің және ынталандырудың, өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды құралы болып табылады. Қаржылық жоспарлау процесінде бюджет ұлттық шаруашылықтың салаларына және өндірістік емес сфераның мекемелеріне айтарлықтай ықпал етеді. Мемлекеттің ақша қорын жасау және пайдаланудың негізгі қаржы жоспары бола отырып, бюджет барлық шаруашылық жүргізуші субъектілермен және ұжымдармен етене байланысқан.
Мемлекеттің қаржысы республикалық және жергілікті (муниципалдық) денгейде іс-әрекет етеді және мемлекеттік бюджетті, бюджеттен тыс қорларды, мемлекеттік кредитті, мемлекеттік және жергілікті кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржыларына қіріктіреді.
2-суретте мемлекеттің қаржысы экономикалық және әлеуметтік сфераға мемлекеттік басшылықтың денгейіне қарай жалпымемлекеттікжәне жергіліктіқаржылар болып бөлінетіндігі көрсетілген.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысы
Республикалық қаржы
Жергідікті (муниципалдық) қаржы
Бюджет
Бюджеттен тыс қорлар
Мемлекеттік кредит
Кәсіпорындар-дың қаржысы

Сурет 2. Қазақстанның мемлекеттік қаржысының құрамы

Мемлекет қаржысының құрамында республикалық және жергілікті деңгейлерде қалыптасатын бюджеттік қатынастар мен өзара байланыстар маңызды рөл атқарады. Бюджеттік қатынастар көмегімен мемлекеттік құрылымдардың қарамағына қаржылық әдіспен қайта бөлінетін ұлттық табыстың едәуір бөлігі жұмылдырылады. Түрлі денгейдің бюджеттері республикалық, жергілікті бюджеттер тиісінше өкімет пен басқарудың республикалық және жергілікті органдары үшін тірліктің қаржы базасы болып табылады[6,б.71].
Мемлекеттік органдардың өздерінің функцияларын орындауы үшін басқарудың барлық деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Осы мақсатпен әр елде аймақтардың шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, әрбір әкімшілік-аумақтық бірліктерді абаттандыруды, заң шығарушы билікті, басқару аппаратын ұстауды және басқа шараларды қаржыландыру үшін олардың ақша ресурстарын жүмылдыруды қамтамасыз ететін бюджеттер тармақтарының желісі құрылады.
Мемлекеттік (республикалық) және жергілікті (муниципалдық) бюджеттер кез-келген басқа мемлекеттердегідей Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің орталық буыны болып табылады. Бюджет -- мемлекеттің қажетті атрибуты және оның егемендігінің негізі. Бюджеттің көмегімен тиісті мемлекеттік және муниципалдық құрылымдарының ақша қорлары құрылады, бұл қорлар олардың жалпы маңызды міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді. Бюджетте қаржы ресурстарын шоғырландыру мемлекеттің қаржы саясатын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қажет[7,б.98].
Қазақстан республикасының бюджет жүйесі
Мемлекеттік (төтенше мемлекеттік) бюджет
Ұлттық қор
Республикалық бюджет
Жергілікті бюджет
Облыстық бюджет
Астана бюджеті
Республикалық ма-ңызы бар қала бюджеті
Ауданның (облыстық маңызы бар қалалық бюджеті)
Ауылдық округтер бюджеті
Республикалық маңызы бар қала ауданының бюджеті
Астана ауданы-ның бюджеті

Сурет 3. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі

3-суретте көрсетілгендей бюджет жүйесі Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің құрылымы мемлекеттік бюджет жүйесіне кіретін барлық бюджеттердің бірлігі, дербестігі, толықтығы, нақтылығы және жариялылығы қағидаттарына негізделген.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің құрамы - әртүрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің құрылымы, бюджеттердің жекеленген түрлерінің саны жағынан түрліше болып келеді, өйткені оларды аумақтық құрылысы мен оның аумақтық бөлінісіне байланысты болады.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің басты бөлігі республикалық бюджетте шоғырланған[8,б.71].
Республикалық бюджет -- бұл салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және орталық мемлекеттік органдардың, оларға ведомстволық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және мемлекеттік саясаттың жалпы республикалық бағыттарын жүзеге асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Қазақстан Республикасы аумағында жалпы функцияларды орындау үшін республикалық (орталық) бюджет қалыптастырылады. Оның ресурстары мемлекеттік мақсатты кешенді бағдарламаларды қаржыландыруға, республикалық функцияларды орындауға, сондай-ақ қарулы күштер мен басқару органдарын ұстауға байланысты мемлекет шығыстарын қамтамасыз етуге арналған.
Жергілікті бюджет (әкімшілік-аймақтық бірліктердің бюджеттері) -- облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті, аудандардың (облыстың маңызы бар қаланың) бюджеті.
Бюджеттік қатынастар жүйесінде жергілікті бюджеттерге маңызды орын беріледі. Жергілікті бюджеттер көбінесе экономикалық процестерді реттеу үшін пайдаланылады, өндіргіш күштерді орналастыруға ықпал етеді, жергілікті кәсіпорындар шығаратын өнімнің бәсікелестік қабілетін арттыруға, аумақтық инфрақұрылымды қаржыландыруға жәрдемдеседі. Жергілікті бюджеттер әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруда зор роль атқарады.
Ол жергілікті бюджеттерді, арнаулы бюджеттен тыс қорларды және басқарудың жергілікті органдарының қарамағындағы шаруашылық жургізуші субъектілердің қаржысын кіріктіреді.
Жергілікті қаржының рөлі, оның құрылымы мен бағыты бүтіндей билік пен басқарудың жергілікті органдарына жүктелінген функциялардың сипатымен, сондай-ақ мемлекеттің әкімшілік-аумақтық құрылысымен және оның саяси-экономикалық бағыттылығымен анықталады[8,б.83].
Жалпы жергілікті қаржының жай-күйі әрқашанда, біріншіден, елдің жалпы экономикалық жағдайына, екіншіден, тиісті аумақтардың экономикалық әлеуетіне, үшіншіден, билік пен басқарудың жергілікті органдарының құқығы мен міндеттерін белгілі бір дәрежеде реттеп отыратын мемлекеттік заңдардың деңгейіне, төртіншіден, биліктің жергілікті органдары құзырының дәрежесіне байланысты болады.
Қазақстан Республикасының экономикасы дамуының қазіргі кезеңінде реформа ауыртпалығының салмағы шаруашылық жүргізудің аймақтық деңгейіне ауысып отыр, осыған орай басқарудың жергілікті органдарына үлкен өкілеттік беріліп, олардың жауапкершілігі арта түсуде. Білім беру мен денсаулық сақтаусаласындағы бағдарламаларға, қамсыздандыру жөніндегі іс-шараларды және атаулы әлеуметтік көмекке жұмсалынатын шығындардың ең көбі оларды қаржыландырудың жаңа тәртібіне сәйкес жергілікті бюджеттерге жүктеліп отыр. Сонымен бірге бюджеттерде соңғы кездерде бюджеттік бөлініс және әлеуметтік жеңілдіктердің орнына қаржылай жәрдемақы сияқты жаңа ұғымдар өзінің кuрінісін тапқан.
А) Жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстары. Жергілікті қаржыда билік пен басқарудың жергілікті органдарының сан қырлы қызметінің қаржы базасы болып табылатын жергілікті бюджеттерге маңызды рөл беріледі.
Жергілікті бюджет - бұл ұлттық табысты аумақтық тұрғыда қайта бөлуге мүмкіндік жасайтын және билік пен басқарудың жергілікті органдарының қаржы базасын жасауды қамтамасыз ететін экономикалық қатынастардың жиынтығы.Жергілікті бюджеттерді қалыптастыру мен пайдалану өндіріс пен айырбасқа қатысушылар арасындағы, атап айтқанда: көсіпорындар мен мемлекет арасындағы, меншіктің барлық нысандарындағы макроэкономиканың өндірістік және өндірістік емес салаларының кәсіпорындары, ұйымдары мен мекемелері арасындағы, бюджет жүйесінің буындары арасындағы, мемлекет пен халық арасындағы қоғамдық өнім құнының қозғалысын білдіреді.
Жергілікті бюджеттердің экономикалық мәні олардың мынадай арналымында көрінеді:билік пен басқарудың жергілікті органдарының ақша қорларын қалыптастыру;бұл қорларды жергілікті деңгейдегі инфрақұрылым салалары мен халықтың арасында қайта бөлу.
Жергілікті бюджеттер билік пен басқарудың жергілікті органдарының сан қырлы қызметінің негізгі қаржы базасы бола отырып, олардың экономикалық дербестігін нығайтады, шаруашылық қызметін жандандырады, ведомствоға қарасты аумақтарда оларға инфрақұрылымды дамытуға, аумақтың экономикалық әлеуетін кеңейтуге, қаржы ресурстарының резервтерін ашып пайдалануға мүмкіндік жасайды.Сөйтіп, жергілікті бюджеттер жергілікті деңгейдегі экономикалық және әлеуметтік міндеттерді жүзеге асыруда елеулі рөл атқарады. Бұл тұтынудың қоғамдық қорларын бөлген кезде көрінеді. Жергілікті бюджет арқылы мемлекеттік бюджет қаражаттарының басым бөлігі әлеуметтік инфрақұрылымға жұмсалады.
Жалпы жеке аумақтар мен аймақтар бюджеттеріне қаражаттардың түсу көлемі мен құрылымына елдегі экономикалық си - туация: қаржы-бюджет саясаты, өндіріс дамуының аймақтық деңгейі, оның құрылымы, инфляция қарқыны, бағаның өсуі және т.с.с. сан алуан факторлар әсер етеді.
"Қазақстан Республикасының бюджет кодексіне", "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жалпы жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдер республикалық бюджеттің түсімдеріне ұқсас және мыналарды кіріктіреді:
1) салықтардың, алымдардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімдері (кестені қараңыз);
2) салықтық емес түсімдер (комуналдық меншіктен түсетін түсімдер; облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) өткізуінен түсетін түсімдер; жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алулар өткізуден түсетін ақша түсімдері; осы мемлекеттік мекеме - лер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар; жергілікті бюджеттерге түсетін салықтық емес басқа да түсімдер);
жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдер (жергілікті бюд-
жеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітіліп
берілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін түсімдер);
жергілікті бюджеттерге түсетін ресми трансферттердің түсімдері.
Жергілікті бюджеттерден берілген кредиттерді өтеуден, коммуналдық меншіктегі мемлекеттің қаржы активтерін сатудан, жергілікті атқарушы органның қарыздарынан түсетін түсімдер жергілікті бюджеттерге есептеледі.
Дамудың кәзіргі кезеңінде Қазақстан Республикасының жергілікті бюджеттері кірістерінің негізін аумақтағы шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың салықтық түсімдері (96,7%) құрап отыр. Түсімдердің екінші көзі республикалық бюджеттен берілетін трансферттер болып табылады..
Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдарды ұстауға арналған шығындар Үкімет бекітетін штат санының жалпы лимиті және заттай нормалар негізінде жоспарланады.
Жергілікті бюджеттердің шығыстарында әлеуметтік инфрақұрылымдарды - білімберуді, денсаулық сақтауды, халықты әлеуметтік қорғауды қаржыландыру (51,1%), экономикалық салалардан - көлікке және байланысқа жұмсалған шығыстар басым болып отыр. Қорғанысқа жұмсалатын шығыстардың функциялық тобы азаматтық қорғаныс (төтенше уақиғалар кезінде) пен әскери комисариаттардың шығындарын қаржыландыруды білдіреді.Ресми трансферттерде -- жоғарғы бюджетке (бұл жерде республикалық бюджетке) беру үшін жергілікті бюджеттерден қаражаттарды алуға жұмсалынған шығыстардың үлес салмағы айтарлықтай жоғары.
Арнайы экономикалық аймақтардың қаржысы. Арнаулы (еркін) экономикалық аймақ (АЭА) дегеніміз аймақ аумағының әлеуметтік-экономикалык дамуын тездету үшін шетелдік капиталды, үдемелі (прогрессивті) шетелдік техноло - гия мен басқару тәжірибесін тарту мақсатында құрылған белгілі бір әкімшілік шекаралары және айрықша құқықтық режимі бар арнайы түрде бөлінген аумақ.
АЭА-ны құру аймақ экономикасын сауықтыруға, маңызды микроэкономикалық міндеттерді шешуге - өндірісті тұрақтандыруға және оны ұлғайтуға, шаруашылықты жаңғыртуға, ішкі рынокты жоғары сапалы тауарлармен толықтыруға бағытталған. Қосымша шетелдік капитал мен озық технологияны тарта отырып, халықтың жұмыспен қамтылуын кеңейтуге, жергілікті жұмыс күшінің біліктілігін арттыруға, маркетинг және менеджмент саласындағы тәжірибені сатып алуға мүмкіндік туады.
АЭА аумағында отандық және шетелдік заңи тұлғалар мен азаматтардың шаруашылық, қаржы және өзге қызметінің кез келген түріне рұқсат етіледі. Отандық заңи тұлғалар аймақта дербес және ведомстволық бағыныштығына қарамастан тәуелсіз ұйымдар болып табылады. Аймақтан тыс орналасқан заңи тұлғалар аймақ аумағында өздерінің филиалдары мен жаңа кәсіпорындарын құра алады.Арнаулы экономикалық аймақ орталық атқарушы биліктің жергілікті өкілетті және атқарушы органдарының ұсыныстарына негізделген шешімдері бойынша құрылады. Басқару үшін билік пен басқарудың республикалық және жергілікті органдарының, АЭА аймағында тіркелген отандық және шетелдік кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдерінен Әкімшілік кеңес құрылады, кеңесті төраға басқарады, оны Президент тағайындайды және қызметінен босатады. Аймақтың отандық және шетелдік заңи тұлғаларының аймақтың аумағынан тыс әріптестерімен кредит-есеп айырысу операциялары корреспонденттік шоттар жүйесі арқылы ұлттық валютада жүзеге асырылады.
АЭА Әкімшілік кеңесі қаржы қорын, ал аймақ шекараларының әкімшілік-аумақтық бөліністер шекарасымен тоқайласқан жағдайда бюджетті қалыптастырады, ол сонымен бірге әкімшілік-аумақтық бөліністің бюджеті болып табылады. Қор (бюджет) аймақ аумағында тіркелген заңи және жеке тұлғалардан алынатын салықтар, алымдар және басқа міндетті телемдер есебінен құрылады. Арнаулы қорларға түсетін түсімдер АЭА қаржы қорын (бюджетін) қалыптастырудың көзі бола алмайды.
Қаржы қорының (бюджеттің) жоғарғы бюджетпен өзара қарым-қатынасы АЭА-ның қаржы қорына (бюджетіне) түсетін кірістердің жалпы сомасынан аударылатын аударымдардың ұзақ мерзімді тұрлаулы нормативі арқылы анықталады.
Егер АЭА-ның құқықтық режимі өзгерсе немесе ол мезгілінен бұрын таратылса, онда аймақ аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асырып жатқан шаруашылық жүргізуші субьектілерге мұндай қызметті инвестициялар салынған мезетке сай келетін жағдайда жалғастыра беру құқығы кепілдендіріледі. Мұндай құқық АЭА құрылған мерзімінің аяғына дейін іс-әрекет етеді, бірақ ол 10 жылдан аспауы тиіс, мерзім айтылған құқықтық режимді жою немесе өзгерту күнінен есептеледі.
Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар. Жалпы мемлекеттік (аумақтық) көлемде республикалық және жергілікті бюджеттер қаржы ресурстарын ұйымдастырудың ең белгілі нысаны болып табылады. Бірақ нарықтық қатынастарға көшу барысында экономикалық және әлеуметтік салаларды қаржыландыруда бір ғана бюд - жет қаражаттары жеткіліксіз бола бастады. Сондықтан қосымша қаржы көздерін іздестіру қажет болды. Бюджет қорымен қатар 1991 жылдан бастап мақсатты бюджеттен тыс қорлар құрылып, жұмыс істей бастады[9,б.33].
Бюджеттен тыс қорлар -- мемлекеттің қаржы жүйесінін маңызды буыны; мемлекеттің қатаң белгілі бір мақсаттарға пайдаланатын және заң жүзінде қалыптасуының бекітілген көздері бар ақша ресурстарының жиынтығы. Экономикалық категория ретінде бюджеттен тыс қорлар бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін мемлекет тарапынан қаржы ресурстарын қайта бuлу және пайдалану жөніндегі қатынастар болып табыла - ды:
Бюджеттен тыс қорлар өзінің функциялық мақсатты арналымы бойынша да, басқарудың деңгейі жағынан да өте әр түрлі. Мақсатты арналымы бойынша бюджеттен тыс қорлар экономикалық және әлеуметтік, ал басқару деңгейіне қарай мемлекеттік және аймақтық болып бөлінеді.
Экономикалыққорлар -- экономикалық дамудың проблемаларын шешуге арналған қорлар. Әлеуметтік қорлар қоғамның әлеуметтік проблемаларын шешуге арналған қорлар болып табылады. Мемлекеттік қорлар -- бұл мемлекеттік деңгейде, ал аймақтық қорлар аймақтық деңгейде қалыптасатын қорлар.
Бюджеттен тыс қорлардың көздері тұрақты және уақытша болуы мүмкін.
Бюджеттен тыс қорлардың ақша қаражаттарын жұмсаудың негізгі бағыттары мыналар: жарғылық қызмет;артық ақшалардың белгілі бір үлесін қаржы активтеріне инвестициялау;коммерциялық қызмет.
Бюджеттен тыс қорлар мемлекеттің қаржы буындарының бірі болып табылады. Өзінің мәні жағынан бюджеттен тыс қорлар -- бұл, жоғарыда атап кеткеніміздей, бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді және оперативті дербестік негізде кешенді жұмсалатындарды қаржыландыру үшін мемлекет тарапынан қаржы ресурстарын қайта бөлу және пайдалану нысаны.
Арналымы -- мына арнаулы мақсатты аударымдар есебінен мақсатты шараларды қаржыландыру:
а)арнаулы мақсатты салықтар;
ә) қарыз және ақшалай-заттай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бюджеттік құқықтың қаржылық құқықта алатын орны
Салықтардың экономикалық мәнін ашып, олардың жергілікті бюджет кірісін қалыптастырудағы рөлін айқындап, олардың бюджет кірісін қалыптастырудағы маңыздылығын арттыру бағыттары
Заңды тұлғалардан ұсталатын салық
Бюджеттік құқық: ұғымы, пәні, әдістері, жүйесі және қайнар көздері
Қазақстан Республикасының бюджет-салық саясатын қалыптастырудың ерекшеліктері
Мүлік табысына салық салу
Казакстан Республикасында мынадай кедендік баждар мен міндетті төлемдер
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын мемлекеттік басқару
ҚР-ның Ұлттық қоры және оның даму тенденциясы
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сақтау
Пәндер