Биологиялық негіздегі сирек кездесетін аңдардың түрін қалпына келтіру



1. Биологиялық негіздегі сирек кездесетін аңдардың түрін қалпына келтіру
2. Республикадағы аңшы шаруашылығын дамыту және Қазақстандағы қымбат аң терісі ресурстары
3. Ортадағы өзгерістерге және антропогендік факторларға аңдардың бейімделуі
Қызыл кітап- сирек кездесетін түрлердің санының қазіргі жай- күйін көрсететін құжат. Қазақстанның Қызыл кітабында сирек және жойылып бара жатқан түрлердің тізіміне енгізілген жабайы омыртқалылардың 87 түрінің және өсімдіктердік 303 түрінің қазіргі таралуы, санының жай- күйі, биологиясы туралы мәліметтер келтірілген. Қызыл кітапқа ресми енгізілген өсімдіктердің 16 түрі Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының аумағында тіркелген. Алайда Алтай ботаника бағының ғылыми қызметкері б.ғ.к. Ю.А. Котуховтың жұмысының нәтижесінде сирек, осалдау және жойылып бара жатқан түр мәртебесіндегі тағы да 50 түр анықталды. Адамдар мыңдаған жылдар бойы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін пайдаланып келді және де өзінің жан- жақты тіршілігінде жануарлар мен өсімдіктердің пайдалы қорын қолданып ғана қойған жоқ, сонымен бірге табиғатты өзгерту арқылы көптеген түрлердің өмір сүру жағдайларына әсер етті.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Ғылым және білім министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

БӨЖ
Тақырыбы: Биологиялық негіздегі сирек кездесетін аңдардың түрін қалпына келтіру. Республикадағы аңшы шаруашылығын дамыту және Қазақстандағы қымбат аң терісі ресурстары. Ортадағы өзгерістерге және антропогендік факторларға аңдардың бейімделуі

Орындаған: Ермекова Б
Тексерген: Тугамбаева С М

Семей 2015 ж
Жоспар:
1. Биологиялық негіздегі сирек кездесетін аңдардың түрін қалпына келтіру
2. Республикадағы аңшы шаруашылығын дамыту және Қазақстандағы қымбат аң терісі ресурстары
3. Ортадағы өзгерістерге және антропогендік факторларға аңдардың бейімделуі

Биологиялық негіздегі сирек кездесетін аңдардың түрін қалпына келтіру
Қызыл кітап- сирек кездесетін түрлердің санының қазіргі жай- күйін көрсететін құжат. Қазақстанның Қызыл кітабында сирек және жойылып бара жатқан түрлердің тізіміне енгізілген жабайы омыртқалылардың 87 түрінің және өсімдіктердік 303 түрінің қазіргі таралуы, санының жай- күйі, биологиясы туралы мәліметтер келтірілген. Қызыл кітапқа ресми енгізілген өсімдіктердің 16 түрі Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының аумағында тіркелген. Алайда Алтай ботаника бағының ғылыми қызметкері б.ғ.к. Ю.А. Котуховтың жұмысының нәтижесінде сирек, осалдау және жойылып бара жатқан түр мәртебесіндегі тағы да 50 түр анықталды. Адамдар мыңдаған жылдар бойы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін пайдаланып келді және де өзінің жан- жақты тіршілігінде жануарлар мен өсімдіктердің пайдалы қорын қолданып ғана қойған жоқ, сонымен бірге табиғатты өзгерту арқылы көптеген түрлердің өмір сүру жағдайларына әсер етті. Табиғатқа антропогенді ықпал етудің әсерінен жер бетінде өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің жойылу процесі басталды.
Ғылыми- техникалық прогресс адамдардың қолына табиғат әлеміне әсер ететін күшті құралдар берді. Бұл құралдар қаншалықты пайдалы болса, соншалықты зиянды. Адамдар көбінесе кейде түсінбей, кейде салақтықтан табиғатты қалпына келтіру үшін ұзақ уақыт қажет болатынын ойламастан, оған қалай болса солай қарайды. Сыңсыған орманның орнындағы жанған түбірлер, су шайып өткен тау беткейлеріндегі жыртылған жерлер, ағаш ағызу кезінде ластанған өзендер. Осының бәрі сирек кездесетін көптеген бағалы аңдар мен өсімдіктердің құруына әкеп соғады.
Табиғатта пайда болған әрбір түр өзінші бірегей және ешқашан қайталанбайды, сондықтан да оның жойылуы- орны қайта толмайтын нәрсе. Және де бұл жоғалту қауымдастықтың бүтінділігі мен табиғаттағы жалпы тепе- теңдіктің бұзылуына әкеп соғады. Сондықтан да қазіргі кезде табиғатты қорғау мәселесі дүниежүзілік мәселеге айналып отыр. Бұл мәселе бүкіл әлемде маңызды мемлекеттік мәселе ретінде қаралады.

Республикадағы аңшы шаруашылығын дамыту және Қазақстандағы қымбат аң терісі ресурстары
Аңшылық - түз жануарларын аулау кәсібі. Қазіргі Қазақстан жерінде адамдар аңшылықпен ежелгі палеолит дәуірінен айналысқан. Мысалы, Үшбұлақ қойнауында (Қаратау қаласының солтүстік-батыс жағында 36 км жерде) мустье дәуірінде өмір сүрген аңшылардың шағын топтарының қысқа мерзімді тұрақтарының ізі сақталған. Ондай тұрақтар суатқа келетін аңдарды (бизон, бұғы, киік, жылқы) аңдуға қолайлы бұлақ түбіне салынған. Соңғы палеолит дәуірінде ірі жануарларды аулау, адам қорегінің басты негізі болды. Мысалы, адамдар Жайық өзенінің бойынан мамонттар мен жүндес мүйізтұмсықтарды аулап, олардың сүйектерінен әр түрлі кескіштер, қырғыштар, найзалар мен сүңгілердің ұштары, шанышқылар, лақтырылатын найзалар, сүйек инелер, біздер жасаған. Сонымен қатар адамдар аң терісінен киім тігуді де үйренген. Аң аулау дәстүрлері мен тәжірибелері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, аң аулау шаруашылығы дамыған. Соған байланысты қазақтар арасында аңшылықты жақсы меңгерген мамандар - аңшы (аңды аулаушы), аңкөс (аң аулаудың сырларын жетік меңгерген аңшы), құсбегі (қырандарды түрге, топқа жақсы ажырататын), бүркітші (бүркітті баптай алатын) және қағушы (бүркітшілерге қолғанат ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аңдар биологиясы жайлы мәлімет
Қарақұйрықтылар отрядының морфофизиялық мінездемесі
Аңдар биологиясы
Биологиялық негіздегі сирек кездесетін аңдардың түрін қалпына келтіру жайлы
Биогеоценоз және экожүйе туралы түсінік
Маралдың биологиясы мен экологиясын зерттеу тәсілдері
Өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің экологиялық жағдайы
Барсакелмес қорығы
Өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау
Қорықтардың қоршаған ортаны қорғаудағы рөлі
Пәндер