Стенобионттық және эврибионттық организмдер


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: 1. Стенобионттық және эврибионттық организмдер
2. Негізгі абиотикалық факторлардың - жарықтың, температураның, ылғалдылықтың, тұздылықтың және т. с. с.
3. Абиотикалық фактордың сигналдық мәні
Тексерген: Мурзалимова А. К
Орындаған:Сұлтанова Т. Қ
Топ:Вс-403
Семей, 2015ж
Жоспары:
1. Стенобионттық және эврибионттық организмдер
2. Негізгі абиотикалық факторлардың - жарықтың, температураның, ылғалдылықтың, тұздылықтың және т. с. с.
3. Абиотикалық фактордың сигналдық мәні
Экологиялық факторлардың әсер етуінің кейбір заңдылықтары Организмге қатысты факторлардың әсерінен бірнеше жалпы заңдылықтарды бөліп көрсетуге болады. Ондай заңдылықтарға оптимум ережесі, шектеулі факторлар ережесі, факторлардың өзара әсері ережесі және т. б. жатады. Стенобионттық және эврибионттық организмдер.
Стенобионттық тек белгілі бір орта жағдайларында ғана тіршілік ете алатын организмдер. Олар стенотермді тек температураның аз ғана ауытқуына шыдамды (теңіз маржандары), стеногалинді су тұздылығының өзгеруіне төзе алмайтындар (ұлу) стенобатты қысымның ауытқуына шыдай алмайтындар стенофагтар азықтың белгілі бір түрлерімен ғана қоректенеді, стенотоптар тек белгілі бір тіршілік ортасында ғана өмір сүре алады және т. б. Эврибионттар (грек. eurys - кең, ауқымды және bіontos - тіршілік ететіндер) - сыртқы орта факторларының ауқымды түрдегі өзгерістеріне бейімделе тіршілік ететін өсімдіктер немесе жануарлар. Қоңыржай белдеулердегі құрлықта мекендейтін жануарлардың көпшілік түрлері температураның, ылғалдылықтың, Күнрадиациясының, т. б. қоршаған орта факторларының едәуір ауқымды өзгерістерін елемей тіршілік ете береді. Эврибионттардың сыртқы орта факторларының ауқымды түрдегі ауытқуларға бейімделуі олардың жоғары деңгейлік төзімділігімен немесе оларда болатын орфофизиологиялық механизмдер арқылы анықталады. Мұндай бейімделушілік белгілер мен қасиеттер арқылы Эврибионттар өздерінің ішкі орта белсенді түрде сақтай алады. Эврифагтар - әртүрлі азықтармен қоректене беретін организмдер, эвритоптар - әр түрлі тіршілік орталарында кең таралған организмдер. . Либихтің минимум және Шельфордтың максимум заңдары. 1913 жылы В. Немiс ғалымы Юстус Либих 1840 жылы «Минимум заңын» ашты. Ол өсiмдiктерге тәжiрибе жасап, өсiмдiктiң өсуi топырақтағы жетiспейтiн ең аз микроэлементтiң мөлшерiне байланысты болатынын дәлелдеген. Нәтижесiнде өсiмдiктiң өсiп-дамуын олар ең аз мөлшерде қажет ететiн микроэлементтер анықтайтыны белгiлi болған. Бұл Либихтың «минимум заңы» деп аталады. Максимум заңы. 1913 жылы В. Шельфорд лимиттiк әсерлердiң минимум заңына сай «максимум»заңын, яғни төзiмдiлiк шек заңын ашты. Оны Шельфордтың толеранттылық заңы деп атайды (латын тілінен аударғанда tolerantia - шыдау, төзу) . Кез келген жағдайдың толеранттық шекке жақындауы немесе одан жоғарылауы лимиттiк жағдай немесе лимиттiк (шектеуші) факторлар деп аталады. Төзiмдiлiк шегiнен шығып кетсе, организм тiршiлiгiн жояды. Оптимум және пессимум аймақтары мөлшерінің диапазоны организмнің сол экологиялық фактор әсеріне деген төзімділігін (толеранттылығын) анықтаушы критерий болып саналады да, экологиялық валенттілік не толеранттылық деп аталады.
Орта факторлары туындау көзінің табиғаты мен іс-қимыл жасау сипаты бойынша абиотикалық және биотикалық факторларға бөлінеді.
Кесте - 1. Экологиялық факторларды топтастыру
Абиотикалық факторлар ( гр 'a' - теріс және bіotіkos - тірішілік, өмір) - бейорганикалық ортаның тірі организмдерге жасайтын тікелей немесе жанама әсерлерінің жиынтығы; сыртқы ортаның бейорганикалық, физикалық және химиялық жағдайлары.
Ол физикалық абиотикалық фактор (температура, жарық, жел, ылғалдылық атмосфераның қысымы, ағыстар, радиациялық деңгей, радиоактивті сәуле шығару т. б. ) ;
Химиялық абиотикалық фактор (атмосфера, су, қалдықтар, топырақ, шөгінді құрамы және олардағы қоспалар т. б. ) ;
Климаттық абиотикалық фактор (күн радиациясы, атмосфералық жауын-шашын, гидросфералық қысым т. б. ) болып бөлінеді .
Өсімдік пен жануарлардың ыстыққа, суыққа, ауа қысымына, су тереңдігіне, хим. құрамына қарай бейімделуі, кейбір жануарлардың қысқы, жазғы ұйқыға кетуі т. б. Абиотикалық факторға байланысты. Жер бетінің, ауаның, судың химиялық және физикалық құрамының өзгеруі тірі организмдерге де әсер етеді. Мысалы, 20 ғасырда Арал теңізінің тартылып, ауада тұз концентрациясының көбеюіне байланысты, миллиондаған тонна тұзды шаң тірі организмдерге үлкен әсерін тигізді.
Абиоталық фактор биоталық және антропогендік факторлармен қосылғанда экологиялық факторлар құрайды.
Жарық, температура, ылғалдылық, топырақтың тұздылығы, судың ащылығы, қысым, атмосфералық газдар сияқты өлі табиғаттың құрамды бөліктері.
Жарық. Күн сәулесінің спектрінде биологиялық әсері бойынша ультракүлгін, инфрақызыл, көзге көрінетін сәулелер болып бөлінеді. Ультракүлгін сәулелер аз мөлшерде ағзаларға қажет, өйткені онық бактерияларды жоятын, өсу үрдісін және жасушалардың дамуын әрекеттендіретін, Dвитаминін түзілуіне әсері бар. Көп мөлшерде мутацияға себеп болуы да мүмкін. Ультракүлгін сәулелердің басым бөлігі озон қабатында шағылысып, жерге жетпейді.
Көзге көрінетін сәулелер -фотосинтезге энергия беретін, жердегі тіршіліктің негізгі көзі. Инфрақызыл сәулелер -жылу энергиясының көзі.
Өсімдіктерге күн сәулесі фотосинтез үшін энергия көзі болғаны үшін маңызды. Ортаның жарықтығына бейімделуіне байланысты өсімдіктер гелиофиттер (жарықсүйгіш), сциофиттер (көлеңке сүйгіш) және фокультативті гелиофиттер (көлеңкеге шыдамды) болып бөлінеді. Жануралар күндіз немесе түнде белсенді тіршілік ететін болып бөлінеді.
Олар үшін жарық -тіршілік белсенділігінің уақытын анықтайтын фактор. Жарықты талап етуіне байланысты өсімдіетерді қысқа күнді (төменгі белдеуде тіршілік ететін) және ұзақ күнді (қоңыржай, биік белдеулерде тіршілік ететіндер) деп екіге бөлінеді.
Фотопериодизм -өсімдіктермен жануарлардың жарықтың түсу ұзақтығына байланысты әрекеттері. Ағзалардағы маусымдық өзгерістер көбінесе жарықтың түсу ұзақтығына байланысты реттеледі. Жарықтың температура өзгеруімен бірге жүреді. Бірақ жарық температура сияқты кездейсоқ өзгере бермейді. Фотопериодизм құстардың қоныс аударуы, жапырақтардың түсуі сияқты маусымдық өзгерістердің негізі. Қоңыржай белдеулерде тіршілік ететін жануарларға күзгі күннің қысқаруы көбею жағдайына әсер етіп, тоқтатады. Ал көктемгі күннің ұзаруы жануарлардың көбеюіне жағдай жасайды. Күндізгі жарықтың ұзақ уақыт түсуі үй құстарының көбірек жұмыртқа салуына да әсер етеді.
Температура.
Ортаның температурасы ағзаның температурасына әсер етеді, яғни ағзадағы зат алмасуды құрайтын барлық химиялық реакциялардың жылдамдығына әсер етеді. Негізінен ағзалар 0-(+50) 0С аралығында тіршілік
ете алады. Бұл цитоплазманың қасиеттеріне байланысты. Ең жоғарғы температура шегі120-1400С (споралар, бактериялар тірі қалуы мүмкін) ең
төменгі температура шегі болып -190-(273) 0С (споралар, тұқымдар, сперматозойдтар шыдай алады) болып табылады. Температураға байланысты ағзаларды криофилдер (температурасы төмен жерлерді мекендейтін) және термофилдер (температурасы жоғары орталарды мекендейтін) деп бөлінеді. Ағзалар екі жылу энергиясының көзін қолдана алады: сыртқы күннің жылу энергиясын немесе жердің ішкі жылуын және ішкі -ағзада зат алмасу
барысында бөлінетін жылу. Ағзаның жылу балансын реттеуде басымқолданатын энергия көзіне байланысты оларды пойкилотермді және гомойтермді деп бөледі.
Пойкилотермді ағзалар -дене температурасы тұрақсыз, қоршаған ортаның температурасына қарай өзгеріп отыратын ағзалар. Олар микроағзалар, өсімдіктер, саңырауқұлақтар, омыртқасыздар және кейбір омыртқалылар (балықтар, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар) жатады. әдетте олардың дене температурасы сыртқы ортаның температурасынан 1-20С -қажоғары немесе бірдей болады.
Гомойтермді ағзалар -дене температурасын сыртқы ортаның температурасынан тәуелсіз тұрақты дәрежеде ұстап тұра алатын ағзалар. Гомойтермді топқа құстар мен сүтқоректілер және адам жатады. Өсімдіктертөмен температураға шыдамдылығына байланысты жылылық сүйетіндер және суыққа төзімділер деп бөлінеді. Жылу сүйгіштерге жүзім, шабдалы, өрік, алмұрт жатса, суыққа төзімділерге мүк, қыналар, қарағай,
шырша, самырсын т. б. жатады. Әрбір жеке организмнің өзіне тән температураға деген талабы және шегі болады. Кейбір организмдер температураға төзі
мділік көрсетеді. Мәселен, балықтар 520С-та, ал бактериялар 800С-та қалыпты тіршілік етеді. Кейбір көк жасыл балдырлар 440С-та өмір сүре береді. Температураның қалыпты мөлшерден кемуі кез келген ағзаның денесіндегі зат алмасуды тежеп, клеткадағы биохимиялық реакцияларды бұзып, одан әрі біртіндеп жасушалар кристалданып, жалпы тіршілігі тоқтайды. Күнге қарай өсімдіктер жасушасындағы цитоплазма суын азайтып,
қоюланып, оның органоидтары төмен температураға бейімделіп, төзімді күйге көшеді. Қыс кезінде өсімдіктер спора, тұқым, түйнек, пиязшық, тамыр, жемтамыр, түзу арқылы тыныштық күйге көшіп, төмен температураларға шыдайды. Ал ірі ағаштар жапырағын тастап, бойындағы шырынды заттар қоюланып, қысқа төзімді күйге ауысады. Пойкилотермді жануарлар қолайсыз температура жағдайында қысқы ұйқыға(анабиоз) кетеді. Анабиоз кезінде организм денесіндегі зат және энергия алмасу уақытша тежеліп, баяу күйге көшіп, ең төменгі деңгейде болады. Ал ұйқыға кету кейбір организмдерде (аю) қоректің жетіспеуінен болады. Гомойтермді жануарлар төмен температурадан әр түрлі жолдармен қорғаныпотырады. Жануарлар қысы қатты аймақтардан жылы жаққа қарай қоныс ауыстырады (жыл құстары, кейбір сүт қоректілер т. б. ) . Тері жабындыларындағы жүн және май қабаты қалыңдап, қысқа дайындала
бастайды (аңдар, құстар, итбалықтар және т. б. ) . Уақытша ұйқыға немесе тыныштық күйге көшеді (суыр, борсық, аю, тышқандар т. б) . мұндай гомойтермділердің дене жылуы ұйқыға кеткен кезде ортаның температурасына тәуелді болғаны үшін олардың гомойтермділер деп атайды.
Су. Су ағзадағы зат алмасуда және жалпы ағзаның қызметтерін дұрыс атқаруын қамтамасыз етеді. Жасушалардағы судың құрамы шамамен 70%. Ылғал көбінесе климаттық, құрылықтың температуралық белдеулеріне, табиғат белдемелеріне байланысты болады. Кей бір жағдайда ылғал шектеулі фактор рөлін атқарады. Ылғалдың жетіспеуі өсімдіктерді өнімді төмендетіп жібереді. Әсіресе шөл, шөлейтті белдеулерде ылғал жетпейді. Ал орман мен батпақты жерлерде керісінше әсер байқалады. Ылғалдың әсерінебайланысты өсімдіктердің экологиялық топтары төмендегідей жіктеледі.
Гидрофиттер -суды мол қажет ететін, ылғалды ортада өсетін өсімдіктер. Мысалы: қамыс, қоға, күріш, тұғиық т. б.
Ксерофиттер -шөл, шөлейт, дала сияқты ылғал тапшы аймақтардың
өсімдіктері. Олар қатты ыстыққа және сусыздыққа төзімді болады. Мысалы:
сексеуіл, жүзген, жусан, қылша, теріскен, селеу, күйреуік т. б.
Мезофиттер -ылғалдылығы орташа, жеткілікті аймақтарда өседі. Жапырақтары ашық әрі ірі болып келеді. Мысалы: қайың, алмұрт, шалғындардағы өсімдіктер.
Суккулентті -ксерофиттерден де ылғалы тапшы аймақтың өсімдіктері.
Олардың жапырақтары немесе сабақтары ішінде су жинап, етжеңді болып
келеді. Мысалы: кактус, алоэ т. б.
Гидрофиттер -судың ішінде өсетін өсімдіктер. Мысалы: элодея, балдырлар т. б.
Су көптеген ағзалардың тіршілік ететін ортасы болып табылады. Су ағзалары мекен ететін су қабатына және тіршілік ету түріне байланысты келесі экологиялық топтарға бөлінген:
Планктон -негізінен су ағынымен пассивті түрде орын ауыстыратын ағзалар. Планктонда фитопланктон (бір жасушалы балдырлар) мен зоопланктон (бір жасушалы қарапайымдылар) ажыратылады.
Нектон -судың орта қабатында белсенді түрде қозғалып тіршілік ететін ағзалар. Оларға балықтар, басаяқты былқылдақ денелілер, тасбақалар,
киттәрізділер жатады.
Бентос -судың түбін және топырақта тіршілік ететін су ағзалары. Оларды
фитобентос (бекініп өсетін балдырлар және жоғары сатыдағы өсімдіктер)
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz