Халықтық педагогика
Халықтық педагогиканың тәрбиелік мәні
Жаңылтпаш. тіл ширату тәсілі
Жұмбақтың дүниетанымдық, тәрбиелік мәні
Пайдаланған әдебиеттер
Жаңылтпаш. тіл ширату тәсілі
Жұмбақтың дүниетанымдық, тәрбиелік мәні
Пайдаланған әдебиеттер
Халық педагогикасы – халықтардың ғасырлар бойы тәрбиелеу тәсілдеріне негізделген бай тәрбиесінің жиынтығы. Этнопедагогика – халық педагогикасының ұрпақ тәрбиелеудегі тағылымдарын ғылыми жүйеге келтіріп зерттейтін ғылыми педагогиканың бір саласы. Этнопедагогиканың мақсаты – халықтық салт-дәстүрді, өнерді дәріптейтін, ана тілі мен дінін қадірлейтін, Отанын, елін, жерін сүйетін, жан-жақты жетілген, саналы жасты тәрбиелеу. Сондай-ақ, халықтық тәрбие түрлерін жас бүлдіршіндердің бойына сіңіртіп ілім, білік дағдыларын дамыту, сөйтіп дене еңбегіне де, ой еңбегіне де қабілетті, жан-жақты жетілген азамат етіп шығару. Ол басқа тәрбиелермен қатар жүргізіліп, балалардың қайрат- жігерін, ақыл-ойын халықтың өнер туындылары негізінде оқытып, тәрбиелеу арқылы іске асырылады. Этнопедагогика бала денсаулығы мен денесінің жетілуі жөніндегі қамқорлық ақыл-ой мен еңбекке дайындық, саналы адамгершілік-эстетикалық тұрғыда бағыттау, мінез-құлықты реттеу, өзін-өзі тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеу, яғни тұлға қалыптастырудың бүкіл жетекші бағыттарын қамтиды. Халықтық педагогикада бала дүниетанымын қалыптастырудың және оның ақыл-ойын дамытудың бастау кезі ретінде ең алдымен оның қоғамға, қоршаған дүниеге “Арманы жоқ жас- қанатсыз қарлығаш» - дейді халық. Халық ұрпақты ақыл-ойды өздігінен жетілдіруге үндейтін терең және танымдық процестер жиынтығы екендігін дұрыс болжайды.
1.Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. Алматы, «Сана», 1995
2. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақтың халық педагогикасының тарихынан. Алматы, «Кітап», 1992
3.Қалиев С. Халық педагогикасының тағылымдары. //Бастауыш мектеп-1991-№5 – 26 б.
4. Қалиев С., Базилов Ж. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Алматы, РБК, 1993

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Халықтық педагогиканың тәрбиелік мәні. Мақсаты: Халықтық педагогиканың мазмұнын ашу. Тапсырма 1. Халықтық педагогиканы (жаңылтпаш, мақал-мәтелдер, жұмбақ, ырымдыр, нақылдар)
Орындаған: Калтаева Т.Н, Т-411
Тексерген: Оралбекова Б.С.
Семей, 2015 жыл
Халық педагогикасы - халықтардың ғасырлар бойы тәрбиелеу тәсілдеріне негізделген бай тәрбиесінің жиынтығы. Этнопедагогика - халық педагогикасының ұрпақ тәрбиелеудегі тағылымдарын ғылыми жүйеге келтіріп зерттейтін ғылыми педагогиканың бір саласы. Этнопедагогиканың мақсаты - халықтық салт-дәстүрді, өнерді дәріптейтін, ана тілі мен дінін қадірлейтін, Отанын, елін, жерін сүйетін, жан-жақты жетілген, саналы жасты тәрбиелеу. Сондай-ақ, халықтық тәрбие түрлерін жас бүлдіршіндердің бойына сіңіртіп ілім, білік дағдыларын дамыту, сөйтіп дене еңбегіне де, ой еңбегіне де қабілетті, жан-жақты жетілген азамат етіп шығару. Ол басқа тәрбиелермен қатар жүргізіліп, балалардың қайрат- жігерін, ақыл-ойын халықтың өнер туындылары негізінде оқытып, тәрбиелеу арқылы іске асырылады. Этнопедагогика бала денсаулығы мен денесінің жетілуі жөніндегі қамқорлық ақыл-ой мен еңбекке дайындық, саналы адамгершілік-эстетикалық тұрғыда бағыттау, мінез-құлықты реттеу, өзін-өзі тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеу, яғни тұлға қалыптастырудың бүкіл жетекші бағыттарын қамтиды. Халықтық педагогикада бала дүниетанымын қалыптастырудың және оның ақыл-ойын дамытудың бастау кезі ретінде ең алдымен оның қоғамға, қоршаған дүниеге "Арманы жоқ жас- қанатсыз қарлығаш - дейді халық. Халық ұрпақты ақыл-ойды өздігінен жетілдіруге үндейтін терең және танымдық процестер жиынтығы екендігін дұрыс болжайды.
Халық тәрбиешілері үйрену, оқуды адам бүкіл жаңаны ерекше қабылдағыш балалық шақтан бастаса, мақсатқа лайықты болатындығына, алынған білімі өмір бойына игілікті қызмет ететіндігіне тәжірибеде көз жеткізді. Баланың ақылын тәрбиелеу оның танымдық қабілеттерін жан-жақты дамыту, әртүрлі түсінулердің кеңдігі мен сезімталдығын, байқағыштықты, естің түрлерін жаттықтыруды, ойдың елестетуін ынталандыруды талап етеді. Мысалы: жұмбақтар халық педагогикасында осы талапты жүзеге асырудың аса құнды дидактикалық материалы болып табылады. Олар баланың ойлауын дамытуға ықпал жасайды.
Халық педагогикасының мақсаты: бірнеше ғасырларға созылған халық тәжірибесіне сүйене отырып, болашақ ұрпақты еңбекке, өмірге ең жоғарғы адамгершілік, имандылық қасиеттерге тәрбиелеу. Халық педагогикасының негізінде халық ауыз әдебиетінің шығармалары, этнографиялық материалдар, халықтық тәрбие дәстүрлері, халық ойындары, үйелмен тәжірибелері т.б. жатады. Демек, халық педагогикасы-ғасырлар бойы өмір тәжірибесіне негізделген ұрпақ тәжірибесіндегі дәстүрлердің жиынтығы. Халық педагогикасының құрамды бөліктері қазақтың ырымдары, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар т.б. ерте заманнан бастап, жас өспірімдердің ой-өрісін, зеректігін анықтау үшін тәрбие құралы ретінде қолданып келді.
Жаңылтпаш- тіл ширату тәсілі
Халық баланың тілін ширату үшін, оған сөз үйретіп,дүниетанымын дамыту мақсатында жаңылтпаштар ойлап шығарған.
Балбөбектің тілі шығып, балдырған жасында сөздік қоры молая бастаған кезде,кейбір дыбыстарды айта алмай немесе қинала айтады. Тілін мүкістендірмей,мүдірмей сөйлеу үшін, қиналып айтатын дыбыстары бар сөздерді бала неғұрлым жиі-жиі дыбыстап айтып, жаңылмай жаттықса,сойлегенде де мүдірмей,өз ойын толық жеткізетін болады.Жаңылтпаштарды жаттап,жиі-жиі дыбыстап айтып,жаңылмай жаттықса,сөйлегенде де мүдірмей,өз ойын толық жеткізетін болады.Жаңылтпаштарды жаттап,жаттыға айту арқылы баланың ана тілін ардақтау,сөз қадірін білу сезімі қалыптасып,ой-қиялы дамиды,тәлім алады.
Жаңылтпаштарды халық бала психологиясы мен тілінде болатын мүкістерге сәйкес шығарған. Тілі шыға бастаған жас бөбекпен, тілі шыққан балдырғандардың тілінде көбінесе "р" дыбысы мен "и" дыбысын , "ш" дыбысын "с" дыбысымен шатастыру байқалады.Әсіресе , тілдің алдыңғы (тілалды) дірілмен айтылатын р дыбысын айту алғаш көптеген бөбектерге қиын сияқты болып көрінеді.Сондықтан жаңылтпаштар да, көбінесе сол "р" дыбысы мен "и" дыбысын қатар айтуға құрылған:
-Дегенде, әй,Тайқарбай, әй, Тайқарбай,
Қойыңды май жусанға жай,Тайқарбай.
-Тайқарбай , Майқарбайлар толып жатыр,
Әй, Тайқарбай, дегенің қай Тайқарбай ?
Бала тіліндегі "ш" дыбысы мен "с" дыбысын шатастырып айтуды түзету үшін халық:
"Шымдай шытырмыш,
Ол шытырмышты
Мен шым-шытырмыштамай
Кім шытырмыштайды",-
деген сияқты жаңылтпаштарды шығарған.Сол сияқты "қ-к", "ж-ш",
"т-д", "н-ң", т.б. дыбыстарды шатыстырмай айтуға жаттақтыратын жаңылтпаштар бар.
Отбасында балаға жаңылтпаш айтқызып жаттықтырудың бірнеше жолы бар: ең әуелі бала жаттықтырушының айтқан жаңылтпашын жаңылмай, тез-тез айтуға үйрену керек.Екіншідден,бірнеше баланың жаңылтпаш айтудағы жаңылмай айту қабілетімен қатар, қанша жаңылтпаш білетінін байқау үшін жаңылтпаш айтысуын ұйымдастырабілу керек. Жаңылтпаштарды жаңылмай айтудан, жаңылтпаштарды білуден озып шыққан айтудан, жаңылтпаштарды білуден озып шыққан баланы ынталандырып, мадақтап, сыйлық беріп мерейін арттыру қажет.
Балалар бақшасында тіл ширату, көркем сөз оқу,тақпақ айтуға балдырғандарды жаттықтыру үшін арнайы уақыт бөлініп,эстетикалық тәрбие жұмыстары жүргізіледі,мүмкіндігінше жаңылтпаштарды әнге қосып айтуға да болады. Балалар бақшасында ұйымдастырылған жаңылтпаш айтысудың мәні зор. Ол үшін , тәрбиеші күні бұрын жоспар жасап, керекті жаңылтпаштарды топтай білу керек. Әрине, тілі өте мүкіс, көбінесе логопедиялық дәріс алып жүрген баланы ондайда ұятқа қалдырып, сағын сындырудан сақ болған дұрыс. Өйткені жаңылтпаш айтудың психологиялық әсері де ерекше. Әсіресе , жаңылтпаштық жаттығулар арқылы "p" дыбысына тілі келіп , сөзді мүдірмей айтуға үйренген баланың қуанышы қойнына сыймай, өмірдің өткелінен өткендей әсер алады.
Балалар бақшасында фольклорлық кеш өткізіп,онда жаңылтпаш айтысуға да тиісті орын беріп, айтқыш балалардың абыройын арттырып отыру керек.
Жаңылтпаштар тек жас балалардың тілін ширату үшін ғана қолданылмайды,соеымен қатар жаңылтпаш айтысып, тіл ұстартуды үлкендер де салтқа айналдырған болатын.
Жұмбақтың дүниетанымдық, тәрбиелік мәні
Нақты бір зат туралы тұспалдап, ұқсатып, бейнелеп айту арқылы баланы ойлату, танымдық ,білімдік ұғымдар мен түсініктерді ой-қиял елегінен өткізіп, тұжырым жасап,шешімге келуде тапқырлық пен дүниетанымдық дәрежесін байқау үшін, халық ертеден-ақ жұмбақтардың алуан түрлерін шығарған. Ертедегі жұмбақтар:
Апаң, апаң-
Ескі шапа,
Иір қобыз,
Жарық жұлдыз (Түйе)
cияқты, көбінесе мал шаруашылығына байланысты және:
Сүмбіл теректі,
Жасыл желекті,
Ерден қалмайды,
Жауға керекті (Найза)
cияқты қару-жарақ, құрал-саймандар туралы болған.
Жұмбақтарды Аристотель "Жан -- жақты жымдасқан метафора" дейді.Яғни затты бейнелеп , баламалап сипаттау арқылы ұқсас заттардың Қасиеттері мен түріне , аумағына ,көлеміне зер салып, жұмбақты шешуші жұмбақты шешеді, әрі заттарды салыстыра көз алдына елестетіп, дүниетанымдық қабілнтін дамытады.
Жұмбақтар, көбінесе үйлесімді ұйқасы әсем де ырғақты өлеңмен құрылады.Қара сөзбен жасалған жұмбақтар да бар. "Отқа жанбас,суға батпас" (мұз) айтыс түрінде құрылған, яғни жұмбақ айтыстарын екі ақын шығарып бірі өлеңмен жұмбақ айтса,екіншісі сол жұмбақтың шешуін өлеңмен айтады.Авторы белгісіз ел аузында жатталып қалған жұмбақ айтыстар да кездеседі:
АЙТУШЫ:
Бір жәндік көрдлім аласа,
Түрі басқа тамаша.
Ешбір жанға қосылмай,
Жүреді өз жиырылып,
Тіктеп біреу қараса.
Ине мен біздей кірер еді
Жалымен тіктеп қадаса.
ШЕШУШІ:
Бұл айтқаның кірпі ғой,
Түктері біздей түрпі ғой.
Түгінің түрі-алаша,
Инедей кірер қадаса.
Өзі ұялшақ дегенің:
Кісі көрсе жиырылып,домаланып иіріліп.
Жатып алып, жүрмейді,
Арыстан, аю,жолбарыс,
Алуан оны білмейді.
Отбасында балаларға жаңа жұмбақтар үйретіп, жұмбақ айтысуды ұйымдастырып,олардың тапқырлығын сынау, жұмбақ айтысуда жеңіп шыққан балаларды мадақтап отыру-бұрыннан қалыптасқан дәстүр болатын.Отбасында өтетін "туған күн", "ұлыстың ұлы күні", "мереке күні", "думанды кеш" сияқты рәсімдік той-томалақ,тамашаларда ұйымдастырылатын түрлі ойындардың бір түрі - жұмбақ айтысу.Ондайда жұмбақ айтысудан үздік шыққандардан сыйлық беріледі.
Жұмбақтардың дүниетанымдық, ой дамытарлық мәнімен қатар, тәрбиелік мәні де ерекше. Өйткені жұмбақ айтысу , жұмбақтарды жаттау кезінде тәрбиеленуші өзінің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz