Түйелердің сүт өнімділігі және сүтті өндіру технологиясы



I. Кіріспе.
II. Негізгі бөлім
2.1. Сүт және шұбат өндіру техологиясы
2.2. Інген сауу
2.3. Машинамен сауу технологиясы
2.4. Сауу станогының, сауу алаңының және інгенді машинамен сауатын орынның құрылымы
2.5. Сауын інгендерін және оның боталарын азықтандыру және бағып. күту
III. Қорытынды бөлім
IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі
Түйе сүтінде май, белок және минералды заттар өте көп. Сондықтан одан әртүрлі сүт тағамдарын жасауға болады. Алайда басқа мал түліктеріне қарағанда түйе сүтінің өнеркәсіптік негізінде кең түрде өндірілмеуіне байланысты, ол тек қана шұбат түрінде пайдаланылады. Түйе сүтінен май, ірімшік, құрт және йогурт та дайындауға болады.
Бұл түлік сүтінің және одан жасалған шұбаттың қоректілігі, диеталық және емдік қасиеттері Орта Азия республикалары мен Қазақстан халқына ежелден мәлім.
Дәрігерлердің жүргізген тәжірибелерінде Қазақстан мен Түркемстанның елді мекендерінде шұбат ішетін адамдардың туберкулезбен мүлде ауырмайтындығы анықталған. Клиникалық байқаулардың нәтижесінде гастритке, шынышқаққа және басқа да асқазан ауруларына шалдыққан науқастарға шұбат бергенде, олардың ішек-қарын жолдарының бұзылған қызметінің қалпына келетіні дәлелденген.
1. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: 2011.
2. Т. Мұсақұлов,Орысша-қазақша түсіндірмелі биологиялық сөздік І-том қазақ мемлекет баспасы, Алматы — 1959
3. Қазақ Энциклопедиясы, 8 том

Пән: Ет, сүт, шарап өнімдері
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

БАӨЖ

Тақырыбы: Түйелердің сүт өнімділігі және сүтті өндіру технологиясы

Орындаған: Жақашева Д. Н.
Тексерген: Қорабаев Ж.З.
Топ: ТЖ - 305

Семей қаласы 2015 жыл
Жоспар:
I. Кіріспе.
II. Негізгі бөлім
2.1. Сүт және шұбат өндіру техологиясы
2.2. Інген сауу
2.3. Машинамен сауу технологиясы
2.4. Сауу станогының, сауу алаңының және інгенді машинамен сауатын орынның құрылымы
2.5. Сауын інгендерін және оның боталарын азықтандыру және бағып- күту
III. Қорытынды бөлім
IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Түйелердің сүт өнімділігі және сүтті өндіру технологиясы
Түйе сүтінде май, белок және минералды заттар өте көп. Сондықтан одан әртүрлі сүт тағамдарын жасауға болады. Алайда басқа мал түліктеріне қарағанда түйе сүтінің өнеркәсіптік негізінде кең түрде өндірілмеуіне байланысты, ол тек қана шұбат түрінде пайдаланылады. Түйе сүтінен май, ірімшік, құрт және йогурт та дайындауға болады.
Бұл түлік сүтінің және одан жасалған шұбаттың қоректілігі, диеталық және емдік қасиеттері Орта Азия республикалары мен Қазақстан халқына ежелден мәлім.
Дәрігерлердің жүргізген тәжірибелерінде Қазақстан мен Түркемстанның елді мекендерінде шұбат ішетін адамдардың туберкулезбен мүлде ауырмайтындығы анықталған. Клиникалық байқаулардың нәтижесінде гастритке, шынышқаққа және басқа да асқазан ауруларына шалдыққан науқастарға шұбат бергенде, олардың ішек-қарын жолдарының бұзылған қызметінің қалпына келетіні дәлелденген.
Науқас адамдарды шұбатпен емдеу қымызбен емдеуден гөрі кп тарамаған. Бірақ ғылым жетістіктері мен өндіріс мамандарының тәжірибесі негізінде түйе сүтін көп өндіру шұбатты тек сусын ретінде ғана емес, емдік дәрі ретінде де қолдануға жол ашары сөзсіз.
Қазіргі кезде сусын түйе шаруашылығын ұйымдастырудың екі түрі бар. Оның бірі- жыл бойы шұбат өндіретін фермалар, екіншісі - түйе өсіретін шаруашылықтардың маусымдық фермалары.
Маусымдық шұбат өндіретін фермалар түйені табиғи жайылымдарда бағатын шаруашылықтар үшін ғана қолайлы. Мұндай фермаларда шұбат 7-8 ай бойы өндіріледі. Осы уақытқа арналып, бағалы інгендерден іріктелген сауын топтары құрылады. Сауын маусымында інгендер жпайылымда бағылады,бұл өнімнің өзіндік құнын кемітеді. Інегндер түскі сауыннан кейін боталарымен бірге жайылымда болады,кешке келген соң боталары бөлініп қорада бөлек ұсталады. Інгендер ертеңгісін сауыннан кейін өріске айдалып,түскі сауынға дейін ботасыз жайылып келеді. Осы уақыт аралығында қорада тұрған сауын інгендері боталарына жемшөп беріледі,не болмаса бөлек бағылады,содан соң түскі сауыннан кейін боталары енелеріне жамыратылып,өріске жайылымға кетеді. Кешке дейін боталар енелерімен бірге болып,еміп жүреді және суатқа апарылып суарылады.
Арнаулы бөлмелері жоқ маусымдық шұбат фермаларында шұбат киіз үйлерде дайындалады.
Жыл бойы шұбат өндіретін түйе фермаларын табиғи жайылыммен қоса қора жайы жіне екпе шабындық жері бар шаруа қожалықтар нда ұйымдастыруы мүмкін.
Мұндай шұбат фермаларын мүмкіндігінше ірі қалалар мен өндіріс орталықтарына жақын жеоге орналастырған жөн.
Осындай шұбат фермаларындасауын інгендері, буралар және боталар тұратын арнайы қоралар шұбат ашылатын, әрі сақталатын үйлер болады. Сондай - ақ інген саууға арналған сауын залымен немесе арнаулысауын алаңдары да осы жерге ораласады.
Қазақ Жер жағдайын жобалау ғылыми- зертеу институтының мамандарымен бірлесіп шұбат фермаларының үлгі жобаларын жасаған едік. Оған негізінен 100-400 сауын інген мен боталаға арналып салынатын қораның құрылысы көрсетілген. Сонымен бірге онда біз ұсынған Цепочка типті сауын алаңдары бар. Қораның жанында боталар мен інгендерге арналып шарбақпен қоршалаған, жақсартылған жайылым алаңы тағы бар. Оларды жүйемен пайдалану, ұрықты мөлшерлі пайдалану, азықтық шөптерді үстемелеп егу мен суару сауын енгендері мен боталарды жыл бойы аяқпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Біз 50-100 інгенді жайылымда сауу үшін жылжымалы сауу үшін аппартаттарына және жылжымалы вакуумды қуат беретін агрегаттан тұратын сауын қондырғысын да өндіріске енгіздік.
Жылжымалы сауу әдісін маусымды шұбат фермаларында қолданып қана қоймай, сонымен бірге жыл бойы шұбат өндіретін фермалардың жайылымда бағылатын інгендерді сауу үшін де пайдалануға болады. Бұл қондырғыны тасымалдау да онша қиын емес, оны жинап бөлшектеуге төрт адам - күн керек. Сауын алаңдарындағы сауу станоктарының саны інгендердің және оны қамтамасыз ететін сауыншылардың санына байланысты болады. Жалпы саны 50 інгенге дейін сауғанда 6 станок қолдану қажет.
Көшпелі базаны тек інгендерге ғана емес, сондай ақ төлді өлшеу, таңбалау және мал дәрігерлік - зоотехникалық жұмыстарына да пайдалануға болады.

Інген сауу
Інген желінінің өзгешелігіне, ботаны емізіп өсіруге және сүттің емшекте тез жиналуына байланысты оны сауудың бірқатар ерекшеліктері бар.
Інгенді идіру - өте күрделі процесс. Оған малдың нерв жүйесі, ішкі бездерінің секрециясы үлкен әсер етеді.
Інгендерді саууда әдетте тез иіп, сүтті мол беруіне бота себепші болады. Інгендерді сауған кезде атқарылатын жұмыс тізбектері бірқалыпты жүргізілуі тиіс. Атап айтқанда інгендерді сауу алаңына айдап келу, сауыншының інгенге жақындауы, сауу агрегаттарының дүрілі, тағы басқа жұмыстар. Мұның бәрі інгеннің сүтті иіп беруіне оң әсер етеді.
Осылардың бәрінен де інгендерді идірудуің ең тиімді әдісі ботасын салу болып табылады. Інгендердің аналық мейірімі өте жақсы дамыған тжәне бота енесін емгенде оның ауыз қуысында дүркін-дүркін вакуум пайда болады да, желін мен емшекті жүйке жүйелері тітіркеніп, сүт бөлу процесі басталады.
Қолмен сауу. Ботасын салып, інгенді қолмен ежелден қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа жетіп отырған әдіс. Түйенің желіні жерден желіні жерден 104-110 см биіктікте орналасқандықтан, сауыншы оны түрегеп тұрып сауады. Сауар алдында түйеші сауын інгендерін сауылатын орынға айдап әкеліп, ашық қораға қамайды, содан кейін әр сауылатын інгенді ідіру үшін өз боталарын енесіне жамыратады, 30 - 40 сек. Емгеннен кейін ботасын ажыратып, боталар туатын аулаға қамайды немесе сауын біткенше енесінің жанында ұстап тұрады. Енесіне исінгеннен кейін сауыншы бір аяғын бүгіп, сол бүгілген тізесіне шелекті қойып, ал тұтқасын білегіне іліп алып екі қолымен төрт емшекті сауып шығады.
Інген сауудың әр түрлі тәсілі бар: бір сауыншы бір інгенді, немесе екі сауыншы бір інгенді екі жағынан тұрып сауу. Емшекті бас бармақ және сұқ саусақпен қысу, немесе саусақтарды бір жұмып, бір ашып, емшектерді не жоғары, не төмен қысу арқылы саууға болады. Тәжірибелерге қарағанда бір інгенді қолмен сауу үшін орта есеппен 5-6 уақыт жұмсалады. Әрбір сауыншы күнңне 15-20 інгенді жазда 3-4 рет, қыста 1-2 реттен сауады.
Машинамен сауу технологиясы
Аппараттар. Жоғарыда айтылғандай інгендер көр жағдайда ботасы емгенде ғана сүт бөле бастайды. Сол себептен де сауу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құс өсіру бойынша кәсіби стандарт
Түйелерге арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар
Түйе сүтінің биохимиялық қасиеттері
Түйе - жайылым малы
Шұбаттың емдік қасиеті
Түйені күту және азықтандыру
Түйе етін өндіру технологиясы, химиялық құрамы және сараптау нәтижелері
Қойдың жүн өнімділігі
Жылқылар мен түйелердің ұстау жағдайын оңтайландыру
Алматы облысындағы түйе сүтiнiң физико-химиялық қасиеттерi
Пәндер