Сораптар


Пән: Ет, сүт, шарап өнімдері
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

СРО

Тақырыбы: «Сораптар»

Орындаған: ТО-207 тобы

Аканова А.

Тексерген: Қасенов А. Л

Семей - 2015ж.

Жоспар:

I. Кіріспе

1. 1. Сораптардың сипаттамасы.

II. Негізгі бөлім

2. 1. Сораптардың негізгі жіктелулері.

2. 2. . Сораптардың жұмыс ітеу принциптері

2. 3. Сеператорлардың негізгі жұмы параметрлері

III. Қорытынды

3. 1. Қолданылған әдебиеттер

Сораптар

Сорап дегеніміз - сұйықтықты жылжытуға және оған энергия беруге арналған машина. Жумыс жасап тұрған сорап сұйық ағынын қозғалыстан түсетін механикалық энергияны потенциалдық, кинетикалық және жылу энергиясына айналдырады.

. Алғашқы үздіксіз су көтеруге арналған құралдардың қатарына периметріне ожау ыдыстар орнатылған доңғалақтарды жатқызуға болады. Оларды адам қолымен немесе жануарлар күшімен айналдырылатын болған. Осындай доңғалақты су көтергіштердің біздің жыл санауымызға дейінгі 1000 жыл бұрын жасалған түрі Египет жəне Қытай жерлерінен табылған. Соның балшықтан жасалған құмыралармен жабдықталған түрінде, доңғалақ айналған кезде, су өзеннен құмыраға ілініп алынады да, ең жоғарғы нүктеден асқанда, яғни құмыра төмен қарай еңкейген кезде, науаға құйылады. Одан кейінгі уақытта, доңғалақты су көтергіштердің жетілдірілген түрлерінің бірі - ол инженер Джакоб Леопольд (1674-1727) жасаған, ішкі жағында майыстырылған 9 құбырлары бар қондырғы. Оның артықшылығы - айналдыру үшін су ағысының қуаты пайдаланылады, құбырға енген сулар оның иілген жерінде ортаға бағытталып, айналу күшін арттырады. . Сораптың өрт сөндіруге арналған алғашқы түрін жыл санаудан бұрынғы І - ші ғасырда гректің атақты ғалымы Герон жазған болатын. Бұл жазу бойынша сораптың ағаштан жасалған поршенді (піспекті) құрылымы бұдан да бұрын белгілі екендігі айтылады. Поршенді сораптың ілгері дамуы XVIII ғасырдың екінші жартысында металл өндірісінің қарқын алуына жəне бу машиналарының пайда болуына сəйкес келеді. Бұл сораптар өткен XX ғасырдың 20 - 30 - шы жылдарынан бастап ортадан тепкіш жəне роторлы сораптарға ауыса бастады. Өйткені олар электр қуатымен жұмыс істейтін, құрылымы жағынан қарапайым, пайдалануға ыңғайлы болатын. Жалпы, сырттан тебетін күш қуатын пайдалану арқылы сұйық заттарды тасымалдауға болатын идеяны XV ғасырда өмір сүрген Леонардо до Винчи дəлелдеген. Осындай сораптан, спиралды корпустан жəне төрт қалақшалы жұмыс доңғалағынан тұратын алғашқы құрылымын француз ғалымы Д. Папен 1703 жылы ойлап тапты. Ол жасаған сорап «помпа» деп аталып кетті. Ортадан тепкіш жəне өстік сораптар құрылымдарын жетілдіру мен олардың теориясын дамытуда атақты ғалымдар Л. Эйлер, О. Рейнольдс, Н. Е. Жуковский, С. А. Чаплигин жəне т. б еңбектері үлкен роль атқарды. Күнделікті өмірде тағы да басқа əдістермен жұмыс істейтін сораптар көптеп кездеседі. Олардың біразы қысылған ауа энергиясын пайдалануға бағытталған (пневматикалық су көтергіштер, эрлифт, газлифт, т. б), ал келесі бір тобы гидравликалық соққы күшін жəне су ағымын, жылдамдық тегеурінін пайдалануға арналған (гидротаран, ағынша сораптар, т. б) . Ағынша жəне гидроциклонды - эжекторлы сорап қондырғыларын жетілдіру бағытында жасаған жұмыстар ішінде ғалымдар Г. Цейнер, Л. Д. Берман, К. Баулин, Е. Я. Соколов, Н. М. Зингер, А. Н. Жангарин жəне басқалардың ғылыми зерттеулері орын алады. Мемлекеттік стандарттың бекітуі бойынша қолданылып жүрген барлық сораптар келесі екі топқа бөлінеді: · Сорап - машиналар. Олар іске механикалық қозғалтқыштар арқылы қосылады. · Сорап - аппараттар. Олардың жұмыс істеу принципі əр түрлі энергия көздеріне бағытталған жəне айналмалы жұмыс доңғалақтары жоқ. Сорап - машиналарға негізінен қалақшалы (ортадан тепкіш, өстік жəне диагоналды) сораптар жатады. Олардың жұмыс істеу ұстанымы (принципі) доңғалақ қалақшаларының тасымалданатын су ағынымен өзара əсерінің негізінде қалыптасқан. Су сору əрекеті жұмыс доңғалағы алқымында терең вакуум (ауасыз кеңістік) пайда болу əсерінен жүзеге асады. Ортадан тепкіш сораптарда су сору доңғалағына радиалды түрде, өстік сораптарда - өс бойымен, ал диоганалды сораптарда - жанамалап, яғни диагоналды жағдайда беріледі. Диагоналды сораптардың осы ерекшелігі жұмыс кезінде көтеру күші 10 мен ортадан тепкіш күштің бірігіп əсер етуіне мүмкіндік туғызады. Сондықтан бұл сорап алғашқы екеуінің де кей параметрлерін көрсете алады. Осы топқа жататын көлемдік сораптар жұмысы шектелген қуыс ішінде жиналған суды механикалық ығыстыру ұстанымы негізінде атқарылады.

htmlconvd-myDGwO_html_m655a8d24.jpg

Сорап - аппараттарға жататындар - ағыншалы сорап (сұйық жəне сұйық түрінде, газды жəне сұйық қалпында), газлифтер, эрлифтер, ығыстыру сораптары (буға жəне газға арналған), гидротарандар. Ағыншалы сораптар жұмысы жоғарғы кинетикалық энергияға ие сұйық немесе газ көмегімен сорып алатын суды араластыру арқылы істеуге негізделген.

Сораптық қондырғы дегеніміз сораптың, сору жəне тасымалдау құбырының жəне реттеуіш, өлшегіш құралдарының бір жерге топтасқан жиынтығы.

Сораптарды жіктеу

Сумен қамтамасыз ету жəне жылыту салаларында қолданылатын сораптар негізінен динамикалық жəне көлемдік болып екіге бөлінеді. Динамикалық сорап деп сұйықтың қабылдау камерасында, яғни сору жəне қысыммен шығару аралығында, сыртқы қосымша күш арқылы жылжуын қамтамасыз ететін сорапты айтады.

Оларға жататындар:

- қалақшалы сораптар (ортадан тепкіш, өстік жəне диогналды) ;

- электромагнитті (кондукциялы, индукциялы) ;

- үйкеліс сораптары (құйынды, ағыншалы, бұрандалы, вибрациялы жəне басқалар) .

Көлемді сораптарға сұйықтың сору жəне сыртқа шығару аралығында сұйықтың жылжуын ондағы көлемді өзгерту арқылы қамтамасыз ететін сораптар жатады.

Олар үш түрлі болады:

- ілгері - кейін жылжымалы (поршенді, плунжерлі, диафрагмалы) ;

- қанатшалы;

- роторлы (роторлы - айналмалы, роторлы - жылжымалы, роторлы - бұрылмалы) .

Жалпы белгілеріне, орналасуына жəне қолдану ерекшеліктеріне байланысты сораптар келесі түрлерге де бөлінеді:

- орналасу түріне байланысты: көлденең, тік;

- жұмыс органдарының орнатылуы бойынша: консолды, моноблокты;

- орнықтыру тірегіне байланысты: бөлек тіректі, ішкі тіректі;

- сору ерекшелігі бойынша: тікелей (өс бойымен) соратын, жанамалап соратын;

- қалақшалар катарына қарай: бірқатарл, көпқатарлы;

- сұйық ағысына тиісті: бірағысты, көпағысты;

- корпусты құрастыруына байланысты: секциялы, сыртқы жалғамалы, өстік жалғаулы, екі корпусты, қоршалған корпусты;

- сораптың орналасуы бойынша: жер үстінде орналасқан, салмалы, ұңғымаға арналған, екі бөлек орналасқан;

- пайдалану талабына сай: реттелетін, қолмен атқаралатын, реверсивті, дозалық;

- сору жағдайына байланысты: өзі соратын, ауа шығаруды қажет ететін, алдын - ала қосылған доңғалақты;

- қоршаған ортаға қатысты: қатты тығыздалған, жарылудан сақтандырылған, магниттік тербелісі аз;

- сыртқы орта температурасына сəйкес: ыстыққа төзімді, суыққа шыдамды;

- орнату жəне жылжыту мүмкіндігіне байланысты: тұрақты орнатылған, жылжымалы, қалқымалы; - құрылымдық мөлшерлері бойынша: шағын, орташа, ірі;

- қуат шығынына байланысты: өте шағын, шағын, орташа, ірі.

Сораптарды, оларды қолдану салаларына байланысты су тасымалдайтын, жылуэнергетикалық, кеме сораптары, химиялық сораптар, тамақ кəсібінің сораптары сияқты атаулармен де атайды. Пайдаланатын сұйықтардың түріне қарай таза су сорабы, сарқынды су сорабы, май, мұнай, бензин айдайтын сораптар деп те айтылады.

Суйық ағынының гидравликалық энергиясын механикалық энергияға айналдыратын машиналарды қозғалыстар деп айтады.
Сораптың жумысын сипаттайтын негізгі параметрлер - беріліс, қысым, энергия.
Беріліс дегеніміз - белгілі бір уақыт аралығында өтетін сұйықтықтың немесе газдың көлемі. Ол көлемдік және салмақтық болып белгіленеді.
Поршеньді және роторлы сораптарды пайдаланғанда қысым үлкен болады, беріліс төмен болады.
Осьті сораптарда беріліс үлкен, қысым төмен болады. Энергия дегеніміз - ол пайдалы жұмыс.
Lп=Р/р (Р=Р2-Р1) H=Р/рд[м] (арын)

Сүт өндiрiсiнде арнайы сораптар қолданылады, олар келесi түрлерге жiктеледi: ортадан тепкiш, роторлы, поршендi. Көбiнесе қолданылатын және кеңiнен таралған - ортадан тепкiш сораптар.

Түрiне байланысты сораптардың белгiлi өлшемдерi болады: әрiптен кейiнгi бiрiншi сан - сораптың өнiмдiлiгiн көрсетедi (м 3 /сағ) және үшiншi ағындағы сұйықтың арын көрсетедi. Мысалы: ортадан тепкiш сорап келесi түрде белгiленедi 36МЦ10-20 МЕСТ 3347/-61, мұнда құбырға кiру және шығу диаметрi 36 мм, өнiмдiлiгi 10 м 3 /сағ, арыны 20 м. сұйық. ст.

Ортадан тепкiш сораптардың келесi түрлерi де бар, өнiмдiлiгi 4 - 50 м 3 /сағ дейiн, арыны 12, 2 - 50 м. сұйық. ст. дейiн болады.

Ортадан тепкiш сораптардың артықшылықтары: сұйықты бiр деңгейде беруi, кран арқылы өнiмдiлiктi қалыпқа келтiру, санитарлық тазалау кезiнде тез және жылдам құрастырылады. Ортадан тепкiш сораптардың кемшiлiгi - ағынның астында жұмыс iстеу.

Ортадан тепкiш сораптардың құрылысы: жұмыс дөңгелегi (сыртқа қайырылған қалақшалы дискiге орнатылған) ; қаңқаға орнатылған түтiкше және орташа сорғыш түтiкшеден тұрады. Жұмыс iстеу принципi: жұмыс дөңгелегiн айналдырғанда iшiндегi сұйық айналым қозғалысына ұшырайды және ортадан тепкiш күш арқылы қаңқаның шетiне нығыздалады. Ортадан тепкiш сораптардың өнiмдiлiгi жұмыс дөңгелегiнiң айналу жылдамдығына және сұықтың арынына байланысты болады. Неғұрлым арыны көп болса, соғұрлым өнiмдiлiк аз болады, және керiсiнше.

Бұл берiлген анықтамалар сораптың негiзгi сипаттамасы болып саналады. Бұларды есептеу және практикалық жүзiнде алуға болады. Бiрiншi жағдайда теоретикалық деп аталады, ал екiншi жағдайда сораптың жұмысшы сипаттамасы деп аталады.

Сораптың жұмысшы дөңгелек арқылы пайда болатын арынды немесе сұйықтың берiлу биiктiгiн келесi формуламен анықтауға болады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ортадан тепкіш, мембраналы роторлы және поршенді сораптар
Мұнай мен газ шикізатын өңдеудің химиялық технологиясының негізгі
ЯЭҚ сораптары
Ортадан тепкіш сораптың сулбасы
СОРАПТАР, ОРТАДАН ТЕПКІШ СОРАПТАР
Сораптар диагностикасы
Тілімшелі гидромашиналар
Сораптар туралы
СОРҒЫШТАР ЖӘНЕ СОРҒЫШ ҚОНДЫРҒЫЛАРЫ
Мұнай өнімдерін тізбектей айдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz