Жеке оқушымен жұмыс


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындығы мемлекеттік университеті.

СӨЖ

Тақырыбы: Жеке оқушымен жұмыс Озық тәжірибелермен танысу, тиімділігін анықтау. Мерзімді басылымдарды шолу. Дарынды және педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалған балалармен тәрбие жұмысы.

Тобы: П-311

Орындаған: Дауыл. Б

Тексерген: педагогика ғылымдарының доценті п. ғ. к. Тұрғанбаева Б. Ш.

Семей қаласы, 2015 жыл

Жеке оқушымен жұмыс . Тәрбие отбасынан басталады. Тәртібі қиын балалардың отбасындағы беріктігі және өнегелі отбасында өнегелі ұрпақ тәрбиеленетіні сөзсіз. Қиындықты шешудің негізгі жолы-отбасында қарым-қатынастарды орнату.

В. Сухомлинский тәрбиені отбасы жағдайын зерттеуден бастайды. Ол баланың сабақ үлгерімінің жақсаруымен қоса денсаулығының мықты болуына, ой-өрісінің кеңеюіне көңіл бөлді және балалардың 3-4 сыныптарға деиін бірқалыпты, тәртіпті болып келіп, 4-сыныптан кейін бастайтындығын түсіндірді. Ересек кезең - бала тәрбиелеудегі ең қиын кезең екендігін айта келіп, ата-аналарды балалармен сырласуға шақырады.

Отбасының қоғам мен мемлекет, тіпті күллі адамзат алдындағы атқаратын қажеті сан қырлы . «Отан отбасынан басталады» десек, адам тәрбиесі -Отанды сүю, өмірге құштарлық, сұлулықты тану бала бала кезден жанұяда басталатыны баршаға аян.

А. С. Макаренко: «Тәрбие -баламен сөйлесумен, оған ақыл-кеңес берумен ғана шектелмейді. Тәрбие-тұрмысты дұрыс ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің өз жеке басы арқылы үлгі -өнеге көрсетуінде», -деген ғой. Баланы жас кезінен бастап сыйлап, қадір-қасиетін, ар-намысын бағалап, дұрыс сөйлеп, дұрыс қарым-қатынас жасаған абзал.

Баланың айтайын деген өтінішін, ақылдасқысы келген мәселесін ата-анасы тыңдап, ақыл-кеңес беруі керек. Ата-ана отбасындағы үлкендерді сыйлап, құрметтесе, кішілерге қамқор болса, бала да сондай болуға ұмтылады. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол екені белгілі.

Л. Керімов қиын балалар тәрбиесі мәселесіне арналған зерттеулерінеде «қиын» оқушыны зерттеуді, ең алдымен, отбасынлағы тәрбие жағдайын білуден бастауды ұсынады. Баланың жетіліп қалыптасуында отбасының орны ерекше екенін түсіндіре келе, оұушыға қиын атануға алып келетін ата-аналардың балалармен, мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасындағы бірнеше кемшіліктерді көрсетіп берген. Бұл қиындықты шешудің негізгі бірден-бір жолы-отбасындағы ізгілікті қарым-қатынастарды орнату .

Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін отбасы қоғаммен тығыз байланыста болуы керек. Ғалым-педагог И. Гребенников отбасы қызметін 5 топқа бөледі:ұрпақжалғастырушылық, экономикалық, тәрбиелік, қарым-қатынастық және бос уақытты демалуды ұйымдастыру.

Демек, отбасында ата-ана осы қасиеттерді барынша бірігіп, жақсы ұйымдастыра білсе және педагогикалық жағынанбілімлі, психалогигалық әдіс-тәсілден хабардар болса, отбасындағы ахуал ерекше болмақ.

М. Жұмабаев «Педагогика» ғылыми еңбегінде «жас бала -жас бір шыбық, жас кезінде қай түрде иіп тастасаң, есейгенде сол иілген күйінде қатып қалмақ» деп түйін жасайды.

2. Озық тәжірибелермен танысу, тиімділігін анықтау.

Бағыттары
Түрлері
Авторлары
: 1
Бағыттары: Педагогикалық үрдісте жеке тұлғаның бағыты негізіндегі технология
Түрлері: Педагогикалық қарым-қатынас
Авторлары: Ы. Алтынсарин
: Ізгілікті-тұлғалық технологиясы
Бағыттары: Ш. Аманошвили
: Әдебиетті адам қалыптастыру пәні ретінде оқыту
Бағыттары: Е. Ильина
: 2
Бағыттары: Оқушылардың іс-әрекетін белсендіру және қарқындату негізіндегі технология
Түрлері: Тірек белгілері негізінде оқыту
Авторлары: В. Шаталов
: Ойын арқылы оқыту технологиясы
Бағыттары: В. Коваленко
: Проблемалық оқыту технологиясы
Бағыттары: М. Махмутов, А. Матюшкин, В. Оконь
: Коммуникативтік қарым-қатынас
Бағыттары: Е. Пассов
: 3
Бағыттары: Оқу үрдісін тиімді ұйымдастыру және басқару
Түрлері: Деңгейлеп-саралап оқыту
Авторлары:

Ж. Қараев,

Г. Селевко

: Топтық және ұжымдық оқыту
Бағыттары: В. Дьяченко, И. Ривин
: Компьютерлік оқыту
Бағыттары: Қ. Ағанина, М. Жүсіпбалиева
: Бағдарлап оқыту
Бағыттары: В. Беспалько
: 4
Бағыттары: Оқу материалын әдістемелік жетілдіру, дидактикалық қайта құру
Түрлері: Мәдениеттер диалогы
Авторлары:

В. Библер

С. Курганов

: Экология және диалектика
Бағыттары: Л. Тарасов
: Дидактикалық білімдерді ірілендіру
Бағыттары: П. Эрдинов
: 5
Бағыттары: Жеке пәндік технология
Түрлері: Сауаттылыққа ерте тәрбиелеу
Авторлары: А. Кушнир
: Сатылай талдап оқыту
Бағыттары: Н. Оразақынова
: Өздігінен дамыту технологиясы
Бағыттары: М. Монтессори
: 6
Бағыттары: Баламалы педагогикалық
Түрлері: Еркін еңбек технологиясы
Авторлары: С. Френен
: Вальдорф технологиясы
Бағыттары: Вальдорф
: 7
Бағыттары: Табиғи байқағыштық
Түрлері: Табиғи байқағыштық арқылы сауаттылыққа тәрбиелеу
Авторлары: А. Кушнир
: Өзіндік дамыту
Бағыттары: Т. Семеко
: 8
Бағыттары: Дамыта оқыту
Түрлері: Дамыта оқыту жүйесі
Авторлары: Л. Выготский, В. Заньков, Д. Эльконин, В. Репин
: Жеке тұлға бағытындағы дамыта оқыту
Бағыттары: И. Якиманская
: 9
Бағыттары: Авторлық мектептің педагогикалық технологиясы
Түрлері: Педагогикалық бейімдеу мектебі
Авторлары: Е. Ямбург
: Өзін анықтау мектебінің технологиясы
Бағыттары: А. Тубельский
: Мектеп бағы
Бағыттары: М. Балабан
: Ертеңгі күн мектебі
Бағыттары: Ховард

3. Мерзімді басылымдарды шолу. Н. В. Гоголь атындағы ОӘҒҚ -дағы мерзімді басылымдар қоры.

Мерзімді басылымдар кітапхана қорының маңызды, құрамдас бөлігі болып саналады. Кітапхана мүмкіндігінше өткен жылдардағы газет-журналдар тігіндісін сақтайды. Қорға ерекше жауапкершілікпен қараудың нәтижесінде 30-40 жылдардағы мерзімді басылымдар сақталған. Кітапхананың Жарғысы негізінде мерзімді басылымдар қорына жауапты өлкетану бөлімі. 1969 жылға дейін мерзімді басылымдар жалпы негізде оқу залынан беріліп тұрды, кейіннен профиліне сай арнаулы бөлімдерге берілді. Оқу залында гуманитарлық ғылым туралы мерзімді басылымдар жинақталды. Оқу залының штатында екі кітапханашы газет-журналдарды насихаттаумен және оқырмандарға босатумен шұғылданды. Олар қаладағы ірі кітапханалардан алынатын қоғамдық-саяси ғылым туралы газет-журналдардың құрама-каталогын жасады. Сонымен қатар газет-журналдарға жазылу, тіркеу және есебін жүргізу оларға міндеттелді.

1999 жылдан бастап мерзімді басылымдар секторы өз алдына кітапхананың құрамдас бөлімшесі болды. Сектор меңгерушісі болып бұрын қорды толықтыру бөлімінде аға кітапханашы болған Ж. М. Сүлейменова тағайындалды. Секторда тәжірибелі кітапханашылар А. В. Шовба, Н. З. Бейсенбекова істейді.

Алғашқы жұмыс күнінен бастап сектордың мақсаты мен міндеті анықталды. Сектордың негізгі мақсаты - мерзімді басылымдардың ағымдағы және бұрынғы қорларына, білімнің барлық саласы бойынша қол жеткізу.

Сектордың негізгі міндеттері:

  • Мерзімді басылымдар қорын құру;
  • Көрме ұйымдастыру арқылы, ақпараттар күндері, шолу және әңгіме өткізу арқылы қорды барынша көрсету;
  • Пайдаланушыларға мерзімді басылымдарды ұсыну;
  • Мерзімді басылымдардың сақталуын қамтамасыз ету;
  • Анықтамалық-іздеу аппаратын құру;
  • Барлық құрылымдық бөлімдерде мерзімді басылымдарға жазылуды ұйымдастыру.

Мерзімді басылымдар қорының сапасы Ж. М. Сүлейменованың жазылу жұмысында уақытында, дұрыс ұйымдастыруына байланысты. Жыл сайын кітапхана қорына 500 атаулы мерзімді басылымдар қазақ және орыс тілдерінде түседі. Секторда соңғы 6 жылдағы газеттер, 4 жылдағы журналдар сақталады. Бұрынғы жылдардағы басылымдардың басым бөлігі құжаттарды сақтау бөлімінде сақталады.

Мерзімді басылымдар секторы соңғы жылдары «Мерзімді басылым» электронды деректер базасын құру туралы үлкен жұмыс жасады, онда кітапханадағы мерзімді басылымдар туралы мәліметтер бар.

Қазіргі кезеңде ИРБИС-ті енгізуге байланысты басылымдарды автоматты беруге әзірлеу туралы жұмыс жүргізілді: 2805 дана жаңа түсілімдер тіркеліп штрихкодтан өтті., және 2004-2008 ж. ж. (барлығы 1094) газет тігінділері өңделді, журналдардың жекелеген нөмірлері тіркелді, барлығы 3148. Мерзімді басылымдарды тіркеу және штрихкодтау тұрақты жүргізіледі.

Ж. М. Сүлейменова автоматтандыру бөлімімен бірлесіп басылымдарды «Каталогтау» АЖО (АРМ) «Мерзімді басылымдар» ДБ газет-журналдар тігінділерін және жекелеген нөмірлерін тіркеу туралы технологиялық нұсқауларын жасады. Сонымен қатар сектор кітапхана сайтының «Ақпараттық ресурстар» бөлімін жасауға және «Қарағанды қаласы кітапханаларынан алынған мерзімді басылымдар құрама каталогын» құруға қатысады.

Сектор басқа бөлімдермен серіктестік деңгейде ақпараттық-үгіт жұмыстарын жүргізеді:

  • әдеби-музыкалық кештер;
  • мерзімді басылымдар презентациясы;
  • ақпараттар күндері, ақпараттық сағат.

Барлық іс-шаралардың негізгі тақырыбы «Қазақстан - 2030» стратегиясын, Ел президенті Н. Ә. Назарбаевтың Жылсайынғы халыққа Жолдауын насихаттау. Тәттімбет атындағы өнер колледжімен бірлесіп оқырмандар мен студенттер үшін ақпарат сағаттарын, ақпарат күндерін ұйымдастырады.

Дарынды және педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалған балалармен тәрбие жұмысы.

Баланың белгілі бір іс -әрекетке белсенділігі жас кезінен байқалады. «Дарындылық» термині «дарын» сөзінен шыққан, адамның ерекше қолайлы ішкі алғы шарты дегенді білдіреді. Дарындылық білім беру, тәрбиелеу жұмысының әсерінен ғана емес, балалардың өз қүштерін жүзеге асыру кезінде ғана дамиды.

Дарынды балаларды оқытуда зерттеу әдісін қолдану қажеттілігі олардың табиғи қызығушылығының жоғарлығымен, қоршаған ортасына деген құштарлығының басымдылығымен түсіндіріледі.

Дарынды балалармен жұмыс жүргізудің мақсаты:

1. Баланың шығармашылық қабілетін және өз бетінше шығармашылық ізденісін дамыту.

2. Пәнге терең қызығушылығын арттыру.

3. Оқушының әсерлілік сезімін қалыптастыру.

4. Оқушының белсенділігін арттыру мақсатында даму деңгейін, танымдық белсенділігін арттыра оқыту.

5. Жалпы білім - білік дағдыларын дамыта оқыту.

6. Білімнің бағасын арттыру.

Дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыстың міндеті

1. Оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру.

2. Шығармашылық қабілеттерін дамыту, жан-жақты дамуына жеке адамдық ерекше көңіл бөлу.

3. Оқушыны қоршаған ортаны аялауға, ғылыми зерттеу дағдыларын қалыптастыруға тәрбиелеу.

Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс жоспары

1. Дарынды баланы іздеп табу және іріктеу.

3. Дарынды балалармен жүйелі түрде қосымша сабақтар өткізу.

4. Проблемалық оқыту әдістерін пайдалана отырып оқыту. Ізденіс жұмыстарын (реферат, баяндама, сөзжұмбақ, ребус, шығарма, өлең шығару т. б), өз бетінше ізденіп оқуды ұйымдастыру, дамыту.

5. Мектепішілік және аудандық, пәндік олимпиадаларға, конкурс- сайыстарға қатыстыру.

6. Жаңа педагогикалық технологияларды пайдалана отырып оқыту.

Осындай жұмыстардың үнемі жүргізілуі оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашуға, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. Біреуі сурет салуға әуестенсе, екіншісі спортты, үшіншісі ән - күйді т. б. өнер салаларын таңдайды. Мұндай жағдайда тәртібі нашар балалардың да жақсы қасиеттерін танып, оларды сынып ұжымымен байланыстыру да ұстаздың біліктілігінде.

Баланың шығармашылық дарындылығының нәтижесінде мына ситапттамаларды атап айтуға болады:

- зерттеу кезінде білімге ерекше құштарлық танытатын жоғары қажеттілік;

- ақыл - ойдың жоғарғы қажеттілігі;

- тек кешегі мен бүгінгі ғана емес, болашақ абстрактылы идеялар мен теорияларға қызығушылық;

- белгілі бір іс - әрекетке, кәсіпке аса қызығушылық таныту, бір іспен шұғылдану;

- өз бетімен белгілі бір мақсатқа жетуге табандылық көрсете білу;

- тапсырмаларды өз бетімен ойлай және шеше білуге ұмтылу. Ата-анасынан қараусыз қалған балалар қатарына ата-анасының біреуі немесе екеуінің болмауымен байланысты немесе олардың ата-ана құқығынан айырылғандар, ата-ана құқықтарынан шектелгендер, ата-ана екендігін мойындаудан қалыс қалғандар, ата-ана болуға қабілетсіздер, ата-аналарының емдеу орындарында, бостандығынан айыру жөніндегі тергеу орындарында болуы, ата-аналарының қылмыс жасағаны өз балаларын емдеу, тәрбиелеу, тұрғындарды еңбекпен қамту мекемелерінен және басқа да мекемелерден алуға қарсылық білдіргендер жатады. Бұл категориядағы балаларға мемлекет тарапынан көмек көрсетіліп, қолдау көрсетіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі сабақтарында жүргізілетін жеке оқушымен жұмыс түрлері
Қазақ тілі сабағында өздік жұмыстың түрлерін қолданудың тиімділігі
Дарынды балалармен жұмыс
Мұғалімді дарынды балалармен жұмысқа даярлау ерекшелігі
Дарынды оқушылармен жұмысты жаңаша ұйымдастыру арқылы субьектілік белсенділігін арттыру
Жеке оқушымен жұмыс. Дарынды және педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалған балалармен тәрбие жұмысы
Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстар
Дарынды оқушылардың креативті қабілетін қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларының дарындылық қабілетін деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыту
Оқушылардың қабілеті мен дарындылығын психологиялық диагностика арқылы анықтау және дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz