Өсімдіктердің экологиялық топтары


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырып: Өсімдіктердің экологиялық топтары
Орындаған: Советбаев А. Ә
Тексерген: Жилкыбаева С. Д
2015жыл
Өсімдіктердің экологиялық топтары
Табиғи жағдайда өсімдіктердің өсіп дамуына сыртқы ортаның көптеген факторларының жиынтығы әсерін тигізді. Өсімдіктердің сыртқы ортамен өзара қарым-қатынасын зерттейтін ғылым өсімдіктер экологиясы деп аталады. Өсімдіктердің өсетін ортасы, жекелеген элементтердің қатарынан, яғни экологиялық факторлардан тұрады. Ортаның экологиялық факторлары әдетте мынандай топтарға бөлінеді:
1. биотикалық фактор- барлық тірі организмдердің бір-біріне әсер етуі.
2. абиотикалық фактор- бұл сыртқы ортаның тірі организмдердің өсіп дамуына әсер етуі.
Өсімдіктердің тіршілігіне, оның құрылымына әсер етуші табиғаттағы экологиялық факторлар әртүрлі, олар топырақ ылғалдылығы, топырақтың физикалық қасиеті мен химиялық құрамы, жарық, жылу т. б. Сыртқы ортаның белгілі бір факторларына байланысты өсімдіктерді әртүрлі топтарға бөледі. Солардың ішінде жер бетіндегі барлық өсімдіктер анатомиялық, физиологиялық ерекшеліктеріне және топырақ ылғалдылығына байланысты екі топқа бөлінеді :
А) пойкилогидридті өсімдіктер, бұл топқа су алмасу процесін ырықты реттей алмайтын түрлер жатады. Оларда судың булануын тежейтін айтарлықтай анатомиялық ерекшеліктері болмайды, судың сіңуінде және бөлінуінде ешқандай кедергі жоқ. Бұларға жер бетінде өсетін балдырлар, саңырауқұлақтар, қыналар, кейбір мүктер, сондай -ақ кейбір споралы, жұқа жапырақты папоротниктер жатады.
Б) гомогидридтілерге жоғары сатыдағы өсімдіктердің басым көпшілігі жатады. Оларда суды үнемдеп пайдалануға арналған түрлі ерекшеліктер қалыптасқан. Клетка қабықтарында су өткізбейтін заттар-суберин, кутин көбірек, жапырақтарының кутикуласы жақсы жетілген.
Өсіп-өнетін ортаның топырағының ылғалдылығына және бейімделушілік белгілеріне қарай, жер бетіндегі өсімдіктер гигрофиттер, гидроиттер, мезофиттер және ксерофиттер болып 4 топқа бөлінеді.
1. Гидрофиттер ( грек. гидро-су, фитон-өсімдік) - сулы ортаға бейімделген өсімдіктер. Бұл экологиялық топтың өсімдіктерінің қайсы бірі су түбіне бекінеді де, жапырақтары оның бетінде орналасып, ал енді бірі түгелімен суға батып, тек олардың жекеленген гүлдері су бетіне шығады. Гидрофиттердің барлық вегетативтік мүшелерінде клетка аралық жүйелер жақсы жетілген, осы кеңістіктер ауамен толып, өсімдік денесі оттегімен қамтамасызданады. Толық су қабатында өсетін өсімдіктердің газ алмасуы біршама қиын, сондықтан олардың жапырақтары өте жұқа, эпидерма клеткаларында хлоропластары бар, кутикуласы болмайды. Жапырақтарында түтіктер нашар жетілген немесе мүлдем жоқ, өсімдік суды бүкіл денесімен сіңіреді. Денесі толығымен суға батып өсетін өсімдіктерді гидатофиттер деп атайды.
2. Гигрофиттер (грек. Гигрос-ылғалды) - ылғалы, мол топырақта өсетін өсімдіктер. Бұлар ылғал тапшылығын сезінбейді, сондықтан оларда транспирацияны баяулататын бейімдеушіліктер жоқ. Жұқа қабықты эпидерма клеткалары аздап кутикулаланған, устьицалары көтеріңкі, жақсы жетілген клетка аралық кеңістік оның булану ауданын ұлғайтады. Жалпы гигрофиттерге жататын өсімдіктердің жапырақтары жұқа, нәзік, устьицалары аз, ұлпалары борпылдақ, тамырлары нашар жетілген. Транспирация қарқындылығы өте жоғары, 1 сағат ішінде өз салмағынан 4-5 есе артық суды буландырады. Гигрофиттердің көпшілігінің жапырақтары мен сабақтарында ауаға толы қуыс жүйелері болады, ауа ұстағыш ерекше ұлпа- аэренхима жақсы дамыған. Өсімдіктердің кейбір түрлері бойындағы артық суды гутация арқылы бөліп шығарады.
3. Мезофиттер (грек. мезос - орташа ) - ылғал жеткілікті, қоңыржай жағдайда өсетін өсімдіктер. Негізгі морфологиялық, анатомиялық және физиологиялық белгілері жағынан гигрофиттер мен ксерофиттер аралығындағы мезофильдерге жатады. Олардың тамыр жүйелері орташа дамыған, жапырақ ұлпалары тығыз, бағанаы және борпылдақ паренхималарға бөлінеді. Оларға тек түр жағынан ғана емес, сондай ақ экологиялық ерекшеліктері жағынан да алуан түрлі өсімдіктер жатады.
Мысалы, шалғындық мезофиттердің ішінде ылғал сүйгіш- өте ылғалды немесе уақытша су басқан жерлерде өсетін түрлер кездеседі түлкіқұйрық, бекмания, суоты, талақ шөп, шытырлақ т. б. Оларды кейбір ылғал сүйгіш орман өсімдіктерімен қатар, аралық гигромезофиттер тобына біріктіреді. Мезофиттердің ішінде ксероморфты белгілері айқын көрінетін қуаңшылыққа төзімді, мезофиттер мен ксерофиттердің аралығындағы ксеромезиттер деп аталатын өсімдіктерде кездеседі, оларға ақбас беде, қызылбояу жатады.
4. Ксерофиттер (грек. Ксерос- құрғақ ) ауа және топырақ ылғалдылығының тұрақты немесе уақытша тапшылық жағдайында өсетін өсімдіктер. Олардың денесінде судың жетіспеуін реттеу үшін, әртүрлі бейімделушілік ерекшеліктер қалыптасқан. Эпидерма клеткаларының сыртқы қабырғалары қалың, әрі кутикуламен жабылған. Дене мүшелерінің сыртындағы қалың түктер, олардың беткі ауданында өзіндік микроклиматты қалыптастырады. Жапырақ эпидермаларындағы устьицалары ұсақ, көміле орналасқан. Ксерофиттер ішінде эфемерлер мен эфемероидтер деп аталатын ерекше топтар бар. Оларға ерте көктемде таулы-қыратты, даланы алуан түсті кілем нақыштарымен құлпыртатын қызғалдақ, қазжуа, жуа, көкнәр, таушымылдық, шырыш, құртқашаш, бәйшешек т. б. біржылдық және көпжылдық өсімдіктер жатады. Олардың вегетациялық кезеңі өте қысқа, тыныштық кезеңі өте ұсақ болады.
Өсімдіктер өсетін субстратқа және топырақ қасиеттеріне байланысты мынандай топтарға бөлінеді:
1. Эутрофты өсімдіктер, олардың топырақ құнарлығына байланысты талабы жоғары.
2. Олиготрофты (грек. Олигос-аз, троф-қорек) өсімдіктер құнарлы затқа кедей топырақтарда өсе алады. Бұған құрғақ аңғарлы шалғынды, құмды топырақты, шымтезекті батпақты жерлерде өсетін өсімдіктер жатады.
3. Галофиттерге- (грек. галос -тұз) тұздылығы жоғары топырақтарда өсетін өсімдіктер. Галофиттерге өте жоғары осмостық қысым тән, сондықтан олар тұзды топырақтан ылғал қабылдай алады. Оларға бұзаубас, сораң, бұйырғын, көкпек, қараматау т. б. жатады. Олар тұзды ортаға бейімделушілік ерекшеліктеріне байланысты негізгі төрт топқа бөлінеді.
а) Эвгалофиттер - тұз жинақтаушы галофиттер, оларға бұзаубас (Salicosnia L), сораң ( Salsola L. ) жатады.
б) Криногалофиттер- тұзды бөліп шығаратын галофиттер, күшті және шамалы тұзданған топырақтарда өніп-өседі, оған кермек жатады. Онда тұздар арнайы бөлгіш клеткалар немесе бездеуіттер арқылы бөлінеді.
с) Гликогалофиттер -тұзды сіңірмейтін галофиттер, тұздылығы төмен топырақта өсіп өнеді. Оған жусан, изен т. б. жатады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz