Дербес электронды есептеу техникасының архитектурасы



Электроды есептеуіш машина
ЭЕМ.ның жетістіктері
Қортынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Электроды есептеуіш машина — есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина. Компьютер дәуірінің бастапқы кезеңдерінде компьютердің негізгі қызметі — есептеу деп саналатын. Қазіргі кезде олардың негізгі қызметі — басқару болып табылады.

Ч. Баббедждің есептеу машинасы өз заманының техникалық даму дәрежесінен өмірге ертерек келген еді, сондықтан оның идеясы іске аспай қалды. Бұл идеяны 1890 жылы ағылшын инженері Голлерит қосу амалын орындайтын арнайы есептеу машинасын жасауға қолданды, бұл машина табулятор деп аталды. Табулятордың есептеуіштері мехиналық принцип бойынша жұмыс істегенімен, электронды импульс арқылы басқарылды. Бұл – есептеу техникасын жетілдіру саласындағы жаңа бағыт болды. 1944 жылы Айкеннің басшылығымен реле жүйесі негізіндегі алғашқы электронды – есептеу машинасы АҚШ - та пайда болды, ол «Марк – 1» деп аталды. Міне, содан бері адам баласы әр түрлі есептеу машиналарын ойлап шығарып, мыңдаған, миллиондаған амалдарды орындауды машиналардың міндетіне жүктеді. Сонымен, 1944 жылы АҚШ – та «Марк – 1 » деп аталатын тұңғыш есептеу машинасы жарыққа шықты дндік.
1)Информатика Астана 2004 М.Қ.Байжұманов
2)Информатика тізімі Алматы 2007 Л.Қ.Жапсарбаева

Семей қаласы Шәкәрім университеті

Өздік жұмыс

Тақырыбы: Дербес электронды есептеу техникасының архитектурасы

Орындаған:Есенгелді Асылкерім

Семей 2015

Электроды есептеуіш машина -- есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина. Компьютер дәуірінің бастапқы кезеңдерінде компьютердің негізгі қызметі -- есептеу деп саналатын. Қазіргі кезде олардың негізгі қызметі -- басқару болып табылады.

Ч. Баббедждің есептеу машинасы өз заманының техникалық даму дәрежесінен өмірге ертерек келген еді, сондықтан оның идеясы іске аспай қалды. Бұл идеяны 1890 жылы ағылшын инженері Голлерит қосу амалын орындайтын арнайы есептеу машинасын жасауға қолданды, бұл машина табулятор деп аталды. Табулятордың есептеуіштері мехиналық принцип бойынша жұмыс істегенімен, электронды импульс арқылы басқарылды. Бұл - есептеу техникасын жетілдіру саласындағы жаңа бағыт болды. 1944 жылы Айкеннің басшылығымен реле жүйесі негізіндегі алғашқы электронды - есептеу машинасы АҚШ - та пайда болды, ол Марк - 1 деп аталды. Міне, содан бері адам баласы әр түрлі есептеу машиналарын ойлап шығарып, мыңдаған, миллиондаған амалдарды орындауды машиналардың міндетіне жүктеді. Сонымен, 1944 жылы АҚШ - та Марк - 1 деп аталатын тұңғыш есептеу машинасы жарыққа шықты дндік. Амеркадағы ИБМ фирмасы жасаған осы Марк - 1 өз кезінің үлкен жетістігі саналды. өйткені оның барлық арифметикалық амалдарды қолданып есептеулер жүргізуге мүмкіндігі болды. Мысалы, ол 23 разрядты ондық сандарға арифметикалық амалдарды өте жылдам орындайтын қабілеттілігімен жұрт назарын өзіне аударды. Атап айтқанда, қосу амалын 0,3 секундта, көбейту амалын 6 секундта, бөлу амалын 11,4 секундта орындаса, sinx мәнін 60 секундта таба алады. Алайда бұл машина электронды релелі болғандықтан ұзақ өмір сүре алмады. Өйткені релелері жиі істен шығып, қайта - қайта жөндеуге мәжбүр етті. Көп кешікпей Марк - I - дің жетілдірілген түрі - Марк - II дүниеге келді. Марк - II машинасында 13000 реле қолданылды. Мұндай машинаны жасауда, реле схемаларын құрастыруда конструкторлар үлкен қиындықты бастан кешірді. Бұған себеп - схема жасау методикасы әлі де қалыптаса қойған жоқ еді. Осындай ірі мәселені шешуде американ ғалымы Шеннонның идеясы үлкен роль атқарды. Шеннон схемаларды тиімді, әрі үнемді етіп жасауда ағылшын математигі

Джордж Бульдың (1815 - 1864) атына қойылған Буль алгебрасын қолдануды ұсынды. Дәл осы идеяны физик В. И. Шестаков та алға қойды. Сөйтіп, бір - біріне байланыссыз американ математигі Шеннон мен атақты физик В. И. Шестаковтың 1941 жылы релелі схемалар жасауда Буль алгебрасын пайдалану жөніндегі ұсыныстыры негізінде біздің елде және АҚШ пен Англияда электрлі - механикалық релелі есептеу машиналарын жасау ісі қолға алынды. Бірақ бұл машиналардың құрылымы жан - жақты жетілдірілмеген болатын. Сондықтан да оны іле - шала электронды есептеу машинасы ығыстырды. Баббедждың доңғалағы мен Айкеннің релесін радио лампалар алмастырды. Өйткені әрбір жаңа машина реленің тиімсіздігін және жұмыс атқару қабілетінің нашар екендігін көрсетті. 1943 жылы американ инженер - конструкторлары Моли мен Эккерттің жобасы бойынша Пенсильван университетінде алғашқы электронды - есептеу машинасы - ЭНИАК (электрондық цифрлы есептеу интеграторы) жасалды. Бұл машинаның бұрынғы машинадан ерекшелігі механикалық реленің орнына электронды реленің қолданылуында. Электронды реле мен электронды лампалардың қолданылуы машинаның есепетеу жылдамдығы мен жұмыс істеу қабілетін арттырды. Мысалы, электрлі механикалық реле миллионға жуық рет қосылғанда, жұмыс атқару қабілетін жоятын болса, ал электронды реле бір секундта миллион рет қосыла алады. Электронды реленің артықшылығын төмендегі мысалдан толық көруге болады. Электронды реленің 500 сағаттық жұмысын орындау үшін механикалық реленің 1800 000 данасын ауыстыруға тура келеді, ал электронды реленің жұмыс істеу қабілеті 5000 сағаттан артық екендігін еске алсақ, онда жоғарыда көрсетілген цифр адам таңқаларлық шамада өсер еді. Құрылымы жағынан ерекшелігі көп деп отырған ЭНИАК - тің өзі 18000 электронды лампа мен 1500 электрлі - механикалық реледен тұрады. Бұл есептеу машинасының негізгі кемшілігі құрылымы өте күрделі әрі есеп шығаруға қолданылуы қиын болды. Өйткені программаны машинаға қолмен енгізді. Соған байланысты машинаның жылдамдығы үлкен болғанымен, оны есеп шығаруға дайындау жұмысы көп уақыт алды. Осы маңызды мәселені 1947 жылы Джон фон Нейман (Иоганн) (1903 - 1957) шешті. Ол айырым жасалған программа бойынша машина өзін - өзі басқару керек екендігін айтты. Соның нәтижесінде машинада басқару құрылғысы пайда болды. ЭНИАК машинасы дүниеге келгеннен кейін машина жасау тәжірибесі барлық елдерде де арта түсті. Әр ел әр түрлі жолмен электронды - есептеу машинасын жасау жолына көшті. Алғашқы электронды - есептеу машинасы академик С. А. Лебедевтің (1902 - 1974) басшылығымен Украина Ғылым академиясының математика институтында 1950 жылы жасалды. Бұл машина МЭСМ (кіші электрондық есептеу машинасы) деп аталды. Бұл есептеу машинасы 1951 жылы бірінші рет Куйбышев - Москва электр энергиясын беру жолының есеп жұмыстарына қолданылды. МЭСМ математикалық есептеу машинасын жасау саласындағы ізденістердің бастамасы болды. Бұдан кейінгі жылдарда еліміздің халық шаруашылығының әр түрлі салаларының мұқтажын қанағаттандыруға арналған электронды - есептеу машиналары шығарыла бастады. 1953 жылы С. А. Лебедевтің басшылығымен Ғылыми академиясының дәл есептеу механикасы және есептеу техникасы институтында МЭСМ - тің жетілдірілген түрі - БЭСМ (үлкен электронды есептеу машинасы) жасалып шығарылды. Бұл машина бір секундтың ішінде 8 - 10 мың арифметикалық амалды орындады. Көп ұзамай Ю. Я. Базилевскийдің басшылығымен универсалды электронды - есептеу машинасы Стрела өмірге жолдама алды. Бұдан кейін де бірнеше универсалды есептеу машиналары шығарылды. Олар - БЭСМ - 1, БЭСМ - 2, БЭСМ - 3, БЭСМ - 4, БЭСМ - 5, Ғылым академиясының корреспондент - мүшесі И. С. Бруктың басшылығымен жасалған М - 2, М - 3 машиналары, Б. И. Ромеевтің басшылығымен жасалған Урал машиналары және Минск - I, Минск - 2, Минск - 22, Минск - 32, М - 20, М - 220 және тағы басқалар. Бұл универсалды машиналардан басқа кішілеу машиналар да ойлап табылды. Олар: Раздан - 2, Раздан - 3, НАИРИ, МИР, ДНЕПР - I, т. б. Мұндай электронды машиналардың есептеу жылдамдығы жоғары болғанымен көптеген кемшіліктері де болды. Оның басты кемшілігі - есептеу машинасының бір түріне арналып жасалған программаны басқа топтағыларға қолдануға келмеуінде еді. Екінші бір кемшілігі - бір топтағы машиналарға арналып жасалған тетіктер (бөлшектер) өзге топтағы машиналар үшін жарамады. Үшіншіден, математикалық жабдықтау (программамен қамтамасыз ету) жұмысы машиналардың өсу қарқынымен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дербес электронды есептеу техникасының архитектурасы туралы ақпарат
Есептеу жүйесі
Дербес компьютердің негізгі құрылғылары
Есептеуіш машинаның тарихы
Электрондық есептеуіш машиналар (ЭЕМ)
Машинаны ұйымдастыру: фон Нейман принципі, басқарушы құрылғы, команда жүйелері мен команда типтері
Есептеу машиналарының даму кезеңдері
Қазіргі заманғы ЭЕМ - нің түрлері
Дербес электронды есептеу техникасының архитектурасы туралы
Информатика және ЭЕМ
Пәндер