Өсімдіктер қорғау саласындағы өзекті мәселелер



Қазақстанда да ауылшаруашылығы өндірісіне зиянды организмдер мен арамшөптерден келіп жатқан зиян аз емес. Мәселен, 2000 және 2002 жылдары Орталық Азияда күздік бидай егісін сары тат ауруы жайлап, оның түсімділігін 40-50%-ға дейін төмендетті. 2000, 2002 және 2005 жылдары республиканың солтүстігінде ауа райы өте ылғалды болып, жаздық бидай егістерінде тат және септориоз аурулары кең таралды, осының салдарынан фунгицидтер қолданылмаған танаптардың түсімділігі 20-30%-ға дейін төмен болды. 1998-2000 жылдары олар республиканың солтүстік аймағында шектен тыс көбейіп, орасан қауіп тудырғанын көпшілік қауым ұмыта қоймаған шығар. Осы жылдары бұл зиянкеспен күресу үшін 2-3-тен 8,2 миллион гектарға дейін шабындықтар мен егіс алқаптарында химиялық препараттар қолданылып, мемлекет бюджетінен 20-22 миллиард теңгеге дейін қаржы жұмсалды.
Енді арамшөптерге келсек, олардың салдарынан өнім 40-50 %-ға, тіпті одан да көп кемуі мүмкін. Солтүстік аймақта астық дақылдары егісінде қара сұлы, сары қалуен, дала шырмауығы, жабайы гүлтәжі, улы кекіре және т.б. жиі кездеседі. Қара сұлы мен тары тектес және қосжарнақты арамшөптер басқан бидай егістері бірнеше миллиондаған гектарға жетеді.
Ауыл және орман шаруашылығында зиянды организмдердің таралуы мен дамуын және зияндылығын шектеу үшін дүние жүзінде арнайы химиялық препараттар немесе пестицидтер кеңінен қолданылады. Енді осы жайлы аздаған статистикалық деректерге зер салсақ. Ресей ғалымы В.А.Захаренконың мәліметіне қарағанда, өткен ғасырдың 60-жылдары жыл сайын дүние жүзінде 580 млн. доллардың пестицидтері қолданылса, 70-жылдары бұл көрсеткіш 4,7 есеге артыпты. 1980 жылы ол 20 есеге көбейсе, 1990 жылы 26 миллиард 400 млн. долларға жеткен. 90- жылдардың ортасында астық дақылдарының егіс көлемі 428 млн. гектарды құрап, 1 гектарға шаққанда 11,9 доллардың пестицидтері жұмсалыпты. Енді жүзім мен жеміс-жидек шаруашылығына келсек, олардың 1 тонна өнімін өндіруге орта есеппен 4,5 доллардың пестицидтері жұмсалады екен. Осындай жағдай

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Өсімдіктер қорғау саласындағы
өзекті мәселелер
 
Қазақстанда да ауылшаруашылығы өндірісіне зиянды организмдер мен
арамшөптерден келіп жатқан зиян аз емес. Мәселен, 2000 және 2002 жылдары
Орталық Азияда күздік бидай егісін сары тат ауруы жайлап, оның түсімділігін
40-50%-ға дейін төмендетті. 2000, 2002 және 2005 жылдары республиканың
солтүстігінде ауа райы өте ылғалды болып, жаздық бидай егістерінде тат және
септориоз аурулары кең таралды, осының салдарынан фунгицидтер қолданылмаған
танаптардың түсімділігі 20-30%-ға дейін төмен болды. 1998-2000 жылдары олар
республиканың солтүстік аймағында шектен тыс көбейіп, орасан қауіп
тудырғанын көпшілік қауым ұмыта қоймаған шығар. Осы жылдары бұл зиянкеспен
күресу үшін 2-3-тен 8,2 миллион гектарға дейін шабындықтар мен егіс
алқаптарында химиялық препараттар қолданылып, мемлекет бюджетінен 20-22
миллиард теңгеге дейін қаржы жұмсалды.
Енді арамшөптерге келсек, олардың салдарынан өнім 40-50 %-ға, тіпті
одан да көп кемуі мүмкін. Солтүстік аймақта астық дақылдары егісінде қара
сұлы, сары қалуен, дала шырмауығы, жабайы гүлтәжі, улы кекіре және т.б. жиі
кездеседі. Қара сұлы мен тары тектес және қосжарнақты арамшөптер басқан
бидай егістері бірнеше миллиондаған гектарға жетеді.
Ауыл және орман шаруашылығында зиянды организмдердің таралуы мен дамуын
және зияндылығын шектеу үшін дүние жүзінде арнайы химиялық препараттар
немесе пестицидтер кеңінен қолданылады. Енді осы жайлы аздаған
статистикалық деректерге зер салсақ. Ресей ғалымы В.А.Захаренконың
мәліметіне қарағанда, өткен ғасырдың 60-жылдары жыл сайын дүние жүзінде 580
млн. доллардың пестицидтері қолданылса, 70-жылдары бұл көрсеткіш 4,7 есеге
артыпты. 1980 жылы ол 20 есеге көбейсе, 1990 жылы 26 миллиард 400 млн.
долларға жеткен. 90- жылдардың ортасында астық дақылдарының егіс көлемі 428
млн. гектарды құрап, 1 гектарға шаққанда 11,9 доллардың пестицидтері
жұмсалыпты. Енді жүзім мен жеміс-жидек шаруашылығына келсек, олардың 1
тонна өнімін өндіруге орта есеппен 4,5 доллардың пестицидтері жұмсалады
екен. Осындай жағдай картоп пен көкөніс өндіруде де қалыптасып отыр.
Пестицидтерді кең пайдалану нәтижесінде дақылдарды күтіп-баптауға
қажет қол күші шығыны азаяды, еңбек өнімділігі артады. Мәселен, Германияда
қант қызылшасын арам шөптерден отау үшін голтикс препаратын қолданудың
нәтижесінде дақылдың түсімділігі 1950 жылмен салыстырғанда 330 центнерден,
1993 жылы 510 центнерге дейін көтерілген, ал 1 гектарға жұмсалатын еңбек
шығыны 7 есе төмендеген. Осы тәріздес жетістіктерге АҚШ астық дақылдарын
өндіруде қол жеткізіп отыр. Мәселен, 1975-1995 жылдар аралығында арамшөптер
және өсімдік зиянкестері мен ауруларынан келетін зиян пестицидтерді кең
қолдану нәтижесінде төмендеп, еңбек өнімділігі 20-25 % аралығында өскен, ал
өсімдік шаруашылығының тиімділігі 1,02-ден 1,75 астық өлшеміне дейін
көтерілген.
Ғалымдардың пайымдауы бойынша 21 ғасыр биотехнология ғасыры болмақ.
Осыған орай жақын келешекте азық-түлік дақылдарын өндіруде пестицидтерді
қолдану мөлшері төмендей ме деген сұраққа оң жауап беру өте қиын. Соңғы
жылдары оның әдістемелерімен генді тасымалдау арқылы жүгері мен қант
қызылшасының және қытай бұршақтың гербицидтерге төзімді жаңа сорттары
шығарылып, олардың егіс көлемі көбеюде. Бұл жұмысқа пестицидтер шығару
саласында дүние жүзі бойынша алдыңғы орында келе жатқан АҚШ-тың трансұлттық
“Монсанта” химиялық компаниясы көп көңіл бөлуде. Олар химиялық препараттар
ғана емес, аталған дақылдардың гербицидтерге төзімді сорттарының тұқымын
өндіруді де өз қолына алып отыр. Соңғы жылдары Швейцарияның “Сингента”
компаниясы да осы бағытта жүргізілетін ғылыми жұмыстарды өздерінің негізгі
стратегиялық мақсаты ретінде қарайды. Сонымен, келешекте де пестицидтерді
кең қолдану ауыл шаруашылық дақылдарының түсімділігін көтеріп, еңбек
өнімділігін арттырудың сара жолы болмақ.
Егер, өткен ғасырдың 80-жылдарына дейін өсімдіктерді зиянкестер мен
аурулардан қорғау үшін зәрлілігі өте жоғары, адам денсаулығына қатерлі ДДТ
мен гексахлоран, сынап, органикалық препараттар кең қолданылса, соңғы
жылдары олардың орнына нысанды организмдерге биологиялық тиімділігі жоғары,
таңдамалы әсерлі, пайдалы организмдер мен қоршаған ортаға қауіптілігі төмен
пестицидтердің жаңа түрлері келді. Дегенмен де, ауыл және орман
шаруашылығында қолданылатын препаратттардың қоршаған орта мен адам ағзасына
қаншалықты қауіпті деген заңды сұрақ туындайды. Осы жайлы біраз деректерге
тоқталайық. Өсімдіктер қорғау химикаттарын шығаратын шет елдердің ірі
концерндері мен компаниялары пестицидтерді өндірісте қолдануға ұсынбас
бұрын, олардың қоршаған ортаға, жануарлар мен құстар және де топырақта
тіршілік ететін макро және микроорганизмдерге әсерін жан-жақты зерттейді.
Бұған 90-жылдары Жапонияның “Сумитома”, Германияның “БАСФ” және
Швейцарияның “Сингента” химиялық компанияларының жұмысымен жете танысқанда
көзіміз анық жетті. Нысанды организмге биологиялық тиімділігі бойынша
іріктеліп алынған препараттар 4-5 жыл бойы лаборатория жағдайында жан-жақты
тексеруден өтеді. Пестицидтердің тірі организмдердің тұқым қуалау қасиетіне
тигізетін әсерін анықтау үшін зерттеу жұмыстары жануарлардың 3-ұрпағына
дейін жүргізіледі. Арнайы тәжірибелерде олардың жаңбыр суы арқылы топыраққа
сіңу тереңдігі, онда тіршілік ететін қарапайымдылар мен микроорганизмдерге
әсері, метаболиттерге ыдырауы және т.б. анықталады. Өндіріске ұсынылатын
бір препаратты шығару үшін 9-10 жылдай уақыт кетеді, бұған 200-250 млн.
дойчмарк жұмсалды. Бұл қаражаттың 31 бөлігі пестицидтерді токсикологиялық
тұрғыдан зерттеуге арналған. Міне, осындай жан-жақты зертханалық және
танаптық зерттеулерден кейін ғана пестицид тіркеуге, одан кейін ауыл немесе
орман шаруашылығында қолданылуға ұсынылады.
Өсімдіктерді қорғау жайлы Қазақстанда 2002 жылы қабылданған заңға
сәйкес өндірілетін мемлекетте тіркелген препараттар 2-3 жыл жергілікті
жағдайда сынақтан өткеннен кейін ғана біздің елде тіркеліп, ауыл және орман
шаруашылықтарында қолдануға рұқсат етіледі. Енді өсімдіктерді зиянкестерден
қорғау үшін пестицидтерді қолдану көлемі жайлы кейбір деректерге
тоқталайық. 1999- 2000 жылдары тек шегірткені ауыздықтау үшін инсектицидтер
2- 3-тен 8,2 млн. гектар ауыл шаруашылық айналымындағы және басқа жерлерге
шашылды. Жылына 3-4 млн. гектар егіс алқаптарында арамшөптерді отау үшін
гербицидтер, зиянкестер мен ауруларға қарсы 1,0-1,5 млн. гектарға
инсектицид немес фунгицид қолданылады. Халық аса жиі орналасқан Оңтүстік
Қазақстан облысында мақта танаптарын зиянкестерден қорғау үшін 100-120 мың
гектарға 2-3 рет инсектицидтер шашылады.
Республикамызда кең қолданылып жатқан пестицидтерден қоршаған орта мен
адам денсаулығына айтарлықтай қауіп төніп тұрмаған да шығар. Дегенмен де,
“құдай сақтансаң сақтайды” деген мақалды еске алған жөн. Осыған орай
пестицидтерді сақтау, тасымалдау мен қолдану шаралары толық орындалып,
қоршаған ортаны олардың қалдықтарымен ластанудан сақтау, табиғаттағы
айналымын қадағалау, адам ағзасына теріс әсерін болдырмау немесе азайту
мәселелері егемен елімізде толық шешуін тауып жатыр ма? Өкінішке орай оған
толықтай оң жауап беру қиын. Көршіміз Ресейде Ф.Эрисман атындағы гигиена
ғылыми-зерттеу орталығы осы бағытта тиянақты жұмыс жүргізуде. Осы
институттың директоры, Ресей медицина ғылымының академигі В.Н.Ракицкийдің
Бүкілресейлік өсімдіктер қорғау саласы бойынша өткен ІІ съезде мәлімдеуіне
қарағанда, ауыр металдар мен пестицидтер адам ағзасын айықпас, созылмалы
дерттерге ұшыратады екен. Өкінішке орай, тексерілген азық-түлік өнімдерінің
65%-нан осыдан 20-30 жылдай бұрын қолдануға тыйым салынған, аса зәрлі ГХЦГ
мен ДДТ препараттарымен қатар, арамшөптерді отауға әлі де кең пайдаланылып
келе жатқан 2,4 Д гербициді тіркелген. 2005 жылы Ресейде эпидемиологиялық
жағдайды ушықтырмау және экологиялық зардаптардан туындайтын адам ағзасының
аса қауіпті ауруларын емдеу үшін 4 млрд. рубль қаражат бөлініпті.
Өсімдіктер қорғау құралдарының қоршаған ортаға теріс әсерін төмендетіп,
биологиялық және экономикалық тиімділігін арттыруда оларды қолдану
тәсілдерін жетілдірудің де атқаратын рөлі аз емес. Біріншіден, оларды
қолданатын техника өте жоғары талаптарға сай болуы керек. Мәселен, дамыған
мемлекеттерде бүріккіш техника жыл сайын, немесе 2 жылда бір рет арнайы
тексеруден өтіп, қолдануға жарамдылығы анықталады. Екіншіден, егістіктер
мен шабындықтарға пестицидтер бүрку үшін техниканың белгілі бір түрі
қолданылады. Мәселен, Германияда олар көбінесе тракторға тіркейтін
бүріккіштер арқылы шашылады, жұмыстың 90%-дан артығы осы техника арқылы
орындалады. Пестицидтерді ұшақтар немесе дельтаплан арқылы әуеден немесе
аэрозолды генераторлармен жерден шашқанда әсерлі заттың біразы нысанаға дәл
тимей, буланып ауа толқынымен жоғары көтеріліп кетуі мүмкін. Үшіншіден,
ғылымның соңғы жетістіктерге сай пестицидтер егіске немесе шабындыққа
жалпылама шашылмай, компъютерлік жүйелер мен жер серіктері арқылы тек
нысаналы организмдер кездескенде ғана қолданылады.
Қазақстанға келсек, пестицидтер қолдануға арналған техникалар талапқа
сай ма, препараттардың қажет мөлшерін дәл бүрке ала ма? Өкінішке орай,
мемлекет тарапынан бұны арнайы тексеріп, қадағалап жатқан ешкім жоқ.
Пестицидтер тракторларға тіркелетін бүріккіштермен қатар, арнайы
автомайзерлер, тұмандатқыш генераторлар және ұшақтар мен дельтапландар
арқылы да шашылады. Республиканың көптеген аймақтарында өнімділігінің
жоғарылығына қызығып, аэрозолды генераторлар кең қолданылуда. Олар
пестицидті тұмандатып жатқанда желдің бағыты кенет өзгерсе, улы тұман
айдалаға, тіптен ауылды мекендерге де ауып кетуі мүмкін. Әрине, су тапшы
келетін шөлейт жерлерде шегірткеге қарсы аэрозолды генераторлар мен
автомайзерлердің артықшылығында күмән жоқ. Соңғы жылдары ірі астық
компаниялары шет елден жоғары өнімді, алым ені 30 метрге жететін өзі
жүретін бүріккіш қондырғылар әкелуде. Олардың біреуінің өзі күніне 1000
гектарға жуық егіс көлемін баптай алады. Осы тәріздес техникалар ірі шаруа
қожалықтары мен серіктестердің бәрінде болса, пестицидтерді қолданудың
тиімділігі артып, қоршаған ортаның ластануы біршама төмендер еді.
Ауыл шаруашылығы дақылдарын әртүрлі зиянды жәндіктер мен аурулар және
арамшөптерден қорғау үшін Ресейде 30 мың тоннаға жуық пестицид қолданылса,
біздің елімізде де 10-15 мың тоннаға жуық қажет. Өкінішке орай,
республикада оларды шығаратын арнайы өндіріс орындары жеткіліксіз
болғандықтан, қазір бұл мұқтажды өтеу үшін біз көбінесе шетел фирмаларына
тәуелді болып отырмыз. Соңғы жылдары, Алматы маңында (Қайрат ауылы)
“Агрохимия” мен Атбасарда “Астана нан” акционерлік қоғамдары өсімдіктер
қорғау мақсатында қолданылатын бірен-саран препараттарды шығара бастады.
Көбінесе олар шетелден олардың дайын әсерлі затын әкеліп, сумен немесе
органикалық қоспалармен араластырып, ыдыстарға құюмен айналысады. Көршіміз
Ресейде өсімдік қорғау құралдарын шығарумен 30-дан астам арнайы фирмалар
мен серіктестіктер айналысып, соңғы жылдары олар Қазақстан нарығына да ауыз
салып жатыр.
Нағыз отандық пестицидтер шығару үшін Білім және ғылым министрлігінің
ғылыми-зерттеу институттары бірлесе отырып, іргелі зерттеулер жүргізетін
мезгіл жеткен сияқты. Оған үлкен материалдық-техникалық база, көп қаражат,
білікті мамандар қажет. Осыған байланысты, 2005 жылы Бүкілресейлік ІІ
съезде өсімдіктер қорғау химиялық құралдарын шығаратын ғылыми-зерттеу
институтының бас директоры А.Ремизов келтірген деректерге назар аударуды
жөн көрдік. Дамыған шет мемлекеттерде 1 жаңа препарат шығару үшін 184 млн.
доллар жұмсалады. Ол осы бағытта Ресейде арнайы жұмыс істеп жатқан 3 ғылыми-
зерттеу институтына 2005 жылы 56 млн. рубль бөлінгенін, бұл қаржының
мардымсыз екеніне тоқталған еді. Қазақстанға келсек 2001-2005 жылдары Білім
және ғылым министрлігінің Химия институтының бір лабораториясына
“Өсімдіктердің өсуін реттейтін және зиянкестерден қорғауға арналған
химиялық құралдарын шығару” деген тақырыппен ғылыми-зерттеу жұмыстарын
жүргізуге жылына 1,5-2 млн. теңге ғана қаржы бөлінген. Мұндай болар- болмас
қаражатқа не істеуге болады?
Өсімдік қорғау саласы бойынша ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерге
мемлекет тарапынан орасан зор көмек жасалып отырғанын айтпай кетуге
болмайды. Аса қауіпті зиянкестер мен өсімдік аурулары және карантинді
арамшөптермен күресу үшін бюджеттен жыл сайын бірнеше миллиард теңге қаржы
бөлінеді. Оларға үйірлі шегірткелер, астық дақылдарының 3-4 зиянкестері мен
тат және септориоз аурулары, мақтаның көбелегі, сары шырмауық, улы кекіре
және т.б. жатады. Мәселен, 2000 жылы тек шегірткені ауыздықтау үшін 20
миллиард теңге, 2002 және 2005 жылы астық дақылдарының тат пен септориоз
ауруларының эпифитотия дәрежесіне дейін дамуына байланысты, оларды тежеуге
бөлінген қаржы мөлшері 1,5- 2 млрд. теңгеге жуық болды. Сонымен қатар,
астық өндірушілерге тікелей көмек ретінде тұқым дәрілеуге арналған
препараттар мен гербицидтердің бағасы 40%-ға арзандатылып отыр.
Өкінішке орай, бұл орасан зор қаржының бәрі бірдей өз мақсатында,
тиімді пайдаланылып отыр деп айту қиын. Оның бір себебі өсімдік қорғау
саласындағы қызметтің бір жүйеге келмей, орынсыз тарамдалуы. Осының
салдарынан негізгі мақсат — қалай да болса мемлекет бөлген қаржыны игеру,
ал атқарылған жұмыстың тиімділігі мен түпкі нәтижесіне жете мән беріле
бермейді. Мұны республиканың көптеген аймақтарында егіс алқаптарының
фитосанитарлық жағдайын қадағалап, аталмыш аурулар бойынша ғылыми-зерттеу
жұмыстарын жүргізіп, оның нәтижелерін өндіріске енгізуге талпынғанда байқап
жүрміз.
Қарағандыдағы “Фитохимия” ғылыми-өндірістік орталығы ғалымдары мен
мамандарының республика Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тікелей қамқорлығымен
дәрілік өсімдіктер негізінде бірегей отандық препараттарды жасап шығарудағы
бірнеше жылдан бергі тынымсыз ізденісі көпшілік назарын аудартып
отырғандығы белгілі.
Адамзатты алаңдатқан қатерлі ісік дертін дәрімен емдеудің шипалық
қасиеттері осында дайындалған, әсіресе, “Арглабин” препараты арқылы
танылды. Оның Қазақ онкология және радиология институтында, Қарағанды және
Ақтөбе онкологиялық орталықтарында өткен клиникалық сынақтарда
күткендегідей нәтиже беруі бұл бағыттағы зерттеулерге жаңа серпін берді.
“Арглабиннің” бауыр, сүт безі, өкпе, аналық безі қатерлі ісіктерін
емдеудегі тиімділігі Ресей медицина ғылым академиясының Н.Н.Блохин атындағы
онкологиялық ғылыми орталығында дәлелденді. Енді АҚШ-тың “Нью
Онколоджи”орталығы, Германияның “Леонардис Клиник” ауруханасы және
“Онкобиотерапия” институтының “Фитохимия” ҒӨО-мен бірлесе отырып,
халықаралық стандарт бойынша (FDA) аталған препаратты клиникалық зерттеуден
өткізіп жатуы да жайдан-жай еместігі анық.
“Арглабиннің” көмегі арқасында сауығып шығушылар қатары жылдан-жылға өсіп
келеді. Атап айтқанда, 360-ы сүт бездері, 118-і бауырдың бастапқы, 79-ы
өкпе, 47-сі жұмыртқа обырынан, 63-і қан айналу жүйесі, 104-і әр түрлі
ісіктерден айыққан. Сонымен қатар тағы 586 сырқатқа оң әсер еткені
байқалған. Бұл дәрінің шетелдерде қолданыстағы “Винкристин” немесе
“Винбластин” препараттарынан артықшылықтары бар. Мәселен, оларға қарағанда,
артериалдық қан қысымы мен жүрек-тамыр жүйесінің басқа да функцияларына,
бауыр мен бүйректің қызметіне ауыр әсер етпейді, сау ұлпаларға зақым
келтірмейді, гемопоэзге қарсы ықпал көрсетпейді, қайта иммунды жүйені
ынталандыруға әсерін тигізеді.
Жалпы алғанда, отандық фармацевтиканың дамуында орны бөлек саналатын
“Фитохимия” ҒӨО ғалымдарының басқа да құнды препараттарды дайындаудағы
ізденістері ауқымды. Гепатопротекторлы “Салсоколлин”, лямблиоз бен
описторхозға қарсы “Саусалин“, атеросклерозға қарсы қолданылатын “Атеролид“
сияқты 43 дәрі технологиясы игерілген. Арқаның тықыр жусанынан жасалатын
“Арглабин” тәрізді бұлардың бәрі даланың табиғи өсімдіктерінен дайындалады.
Бұл орталықта сесквитерпендік лактондардың химиясы бойынша ғылыми
мектеп қалыптасқан. Елімізде алғаш рет терпеноидтар тобының негізінде жаңа
фитопрепараттар жасауға, оларды өсімдіктерден алудың тиімді әдістерін
әзірлеуге арналып, құрамына жергілікті өсімдік шикізаты химиялық және
фармакологиялық скринингі негізінде басталған зерттеулер бүгінде кең
көлемде жүргізілуде. Сесквитерпендік лактондарды анықтап, көзін табу үшін
Қазақстанның 200-ден астам өсімдіктер түрі зерттеліп, ең алдымен
сесквитерпеноидтар, соның ішінде бұрын сипатталмаған 25-інің жаңа, 80-нен
астам лактондардың, 1100-ге жуық заттардың молекулалық құрамы анықталды.
Бөлінген қосылыстар молекуларының химиялық модификация және трансформация
әдістері әзірленді, еритін, биологиялық белсенділігінің мақсатты
өзгерісіне, уыттылықтың төмендеуі сияқты жаңа сипат беретін, функционалдық
топтары бар соны қосылыстар алынды. Олардың физикалық-химиялық қасиеттері,
табиғи және туындаған сесквитерпеноидтық молекулаларының кеңістік
құрылымының биологиялық белсенділігіне жүйелі түрде талдау жасалды. 600-ден
астам жаңа қосылыстар алынды және олардың биоскринингі жүргізілді.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы Ғылым мен техника саласындағы
Мемлекеттік сыйлығына ұсынылған “Қазақстанда табиғи сесквитерпендік
лактондардың химиясы бойынша зерттеулерді дамытып, олардың негізінде жаңа
дәрілік заттарды жасау, отандық бірегей фитопрепараттарды өнеркәсіпте
өндіруді ұйымдастыру” (авторлары С.М.Әдекенов, Х.И.Итжанова,
А.Д.Кагарлицкий, М.Н.Мұхаметжанов, К.Ж.Мұсылманбеков, К.Д.Рахимов,
В.Б.Сирота, К.М.Тұрдыбеков) атты еңбекте жоғарыда аталған зерттеулер жан-
жақты баяндалады. Онда ортаға салынғандай, Қазақ онкология және радиология
ғылыми-зерттеу институтында сесквитерпендік лактондардың алғашқы 43 үлгісі
скринингі жүргізілген, соның ішінде ісікке қарсы белсенді арглабин,
ханфиллин, эстафиатин, ахиллина және гроссмизин бар. Сынақтан өткізілген
қосылыстардың қатарында аталған лактондар және әсіресе, өсімдіктің
эндемиялық түрі – тықыр жусаннан бөлініп алынған арглабин жоғары
белсенділігімен ерекшеленеді. Табиғи сесквитерпенді лактон – арглабиннің
құрамындағы гирохлорид диметиламин туындысы ісікке қарсы жоғары
белсенділігімен бірге суда ерітілетін зат болып табылады. Оның негізінде
парентеральдық енгізу үшін дәрілік түрінен бүгінде өмірлік маңызды дәрі-
дәрмектер тізіміндегі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан аймақтарының экологиялық жағдайлары
Экологиялық тәлім-тәрбиенің қазіргі мәселелері
Пайдалы ресурстар
Қоршаған ортаны ластау
Қаратау қорығында экотуризмді дамыту
БҰҰ - ңың қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бағдарламасы Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнамасы
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ұйымдар
Қоршаған орта жағдайының мониторингі
Халықаралық экологиялық құқықтық ынтымақтастығы
Үздіксіз экологиялық білім беру және оның сапалығы
Пәндер