Экожүйелердің біртұтастығы және орнықтылығы



1. Экожүйелердің біртұтастығы және орнықтылығы.
2. Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия.
3. Табиғи қорлар және оларды тиімді пайдалану.
4. Әлемдегі және қазақстандағы демографиялық жағдай және азық түлік мәселесі (2014.2015 ж.).
5. Қолданған әдебиет.
Биогеоценоз – тіршілік ететін жер бетімен қоса (биотип), тірі организмдер (биоценоз) мен абиотикалық ортаның тарихи қалыптасқан жиынтығы. «Биогеоценоз» ұғымын 1944 жылы академик В. Н. Сукачев ұсынды.
Табиғатта әр түрі түрлердің популяциялары биоценозға бірігеді. Бірақ ешқандай биоценоз ортадан бөлек өздігінен дами алмайды. Нәтижесінде табиғатта тipi және өлі компоненттер жиынтығы құрылады. Орта жағдайлары ұқсас кеңістікте mipшiлік ететін организмдер қауымдастықтарын биотоп (биоценоз) деп атайды.
Биотоп - биоценоздың тіршілік ету ортасы. Сондықтан биоценозды белгілі 6ip биотопқа тән тарихи қалыптасқан организмдер тобы ретінде қарастыруға болады. Кез келген биоценоз биотоппен бірге жоғары дәрежедегі биологиялық жуйе - биогеоценозды құрайды.
Бұлардың арасында әртүрлі дәрежедегі байланыстар пайда болады. Адамның қатысуымен табиғи биогеоценоздар өзгеріп, олардың орнына көбейіп келе жатқан агробиоценоздар келеді. Мысал ретінде ауылшаруашылық егістіктерін , бау-бақшаларды, жайылымдарды, тоған суларды, суқоймаларын, каналдар мен құрғатылған батпақтарды келтіруге болады. Қазіргі кезде жер бетінің 10%-ың агроценоздар алып жатыр. Егер табиғи биогеоценоздар өздігінен реттелетін болса, агроценоздарды адам реттеп отырады.
А. Т. Қуатбаев «Жалпы экология». Алматы 2012 ж. 128,132 б.

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

СӨЖ

Орындаған: Баймагамбетов.
Топ: ЭЛ-418
Тексерген: Мурзалимова Асель Кабдыгалиевна

Семей
2015
Жоспар:
1. Экожүйелердің біртұтастығы және орнықтылығы.
2. Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия.
3. Табиғи қорлар және оларды тиімді пайдалану.
4. Әлемдегі және қазақстандағы демографиялық жағдай және азық түлік мәселесі (2014-2015 ж.).
5. Қолданған әдебиет.

1 Экожүйелердің біртұтастығы және орнықтылығы.
Биогеоценоз - тіршілік ететін жер бетімен қоса (биотип), тірі организмдер (биоценоз) мен абиотикалық ортаның тарихи қалыптасқан жиынтығы. Биогеоценоз ұғымын 1944 жылы академик В. Н. Сукачев ұсынды.
Табиғатта әр түрі түрлердің популяциялары биоценозға бірігеді. Бірақ ешқандай биоценоз ортадан бөлек өздігінен дами алмайды. Нәтижесінде табиғатта тipi және өлі компоненттер жиынтығы құрылады. Орта жағдайлары ұқсас кеңістікте mipшiлік ететін организмдер қауымдастықтарын биотоп (биоценоз) деп атайды.
Биотоп - биоценоздың тіршілік ету ортасы. Сондықтан биоценозды белгілі 6ip биотопқа тән тарихи қалыптасқан организмдер тобы ретінде қарастыруға болады. Кез келген биоценоз биотоппен бірге жоғары дәрежедегі биологиялық жуйе - биогеоценозды құрайды.
Бұлардың арасында әртүрлі дәрежедегі байланыстар пайда болады. Адамның қатысуымен табиғи биогеоценоздар өзгеріп, олардың орнына көбейіп келе жатқан агробиоценоздар келеді. Мысал ретінде ауылшаруашылық егістіктерін , бау-бақшаларды, жайылымдарды, тоған суларды, суқоймаларын, каналдар мен құрғатылған батпақтарды келтіруге болады. Қазіргі кезде жер бетінің 10%-ың агроценоздар алып жатыр. Егер табиғи биогеоценоздар өздігінен реттелетін болса, агроценоздарды адам реттеп отырады.
Экологияда биогеоценоз ұғымымен бірге экожуйе ұғымы қолданылады. Экожуйе ұғымын ағылшын ботанигі А. Д. Тенсли ұсынды. А. Д. Тенсли экожүйе құрамына организмдер де, абиотикалық орта да кіретін жер бетіндегі тipi табиғаттың негізгі функциялық бipлiгi деп есептегі, оның әр бөлігінің eкіншісінe әсер eтeтiнiнe назар аударды. Әдетте экожуйе және биогеоценоз ұғымдарын синоним ретінде қарастырады. Алайда бұл 6ip-6ipiнe дәл сәйкес келмейді. Экожүйе әртүрлі дәрежедегі зат алмасу пpoцeci журетін жүйе болса биогеоценоз - белгілі 6ip өсімдіктер жабыны (фитоценоз) алып жатқан территориялық ұғым. Экожүйе - мөлшері әртүрлі табиғи (мұхит, тундра, орман, құмырсқа идеуі және т.б.) және жасанды (аквариум, ферма территориясы, қала) кешендерге қатысты қолданатын кең ұғым. Экожүйе экологияның ең негізгі объектісі - тipi организмдер жиынтығының көректену, өсу, және ұрпақ беру мақсатында белгілі 6ip тipшілiк ету кеңістігін бірлесе пайдалануының тарихи қалыптасқан жүйесі.
Биогеоценоз шеқарасы көбіне түpлiк құрылысы мен құрамы біртекті өсімдіктер жабыны қауымдастықтарымен анықталады. Биогеоценоз экoжүйeнiң 6ip варианты болып табылады. Экожүйе мен биогеоценоз арасында айтарлықтай айырмашылық болмағанмен, соңғы кезде экожүйе ұғымы кең қолданылады. Экожүйе - зат айналымы жүре алатын организмдер мен бейорганикалық компоненттер жиынтығы.
Экожүйелер арасында биогеоценоздар арасындағы сияқты анық шекара жоқ 6ip экожүйе біртіндеп екінші экожүйеге ауысады. Үлкен экожүйелер кiшi экожүйелерден құралады. Мысалы, құмырсқа илеуі, томар, жануарлардың салған іні тіршілiк ететін организмдерімен (микрожүйе) 6іpгe орман экoжүйeлepiнiң (мезоэкожүйе) құрамына кіреді. Орман экoжүйeлepi басқа экожүйелермен (шалғындық су айдыны, eгicтiк) 6ipгe табиғи аймақ физико-географиялық аудан сияқты (макроэкожүйе) одан да үлкен экожүйелер құрамына енеді. Жер бетіндегі барлық экожүйелер атмосфера және Әлемдік мұхит арқылы байланысып - биосфераны түзеді.
Экожүйелердің құрамы көптеген факторларға, 6ipiншi кезекте климатқа, геологиялық жағдайларға жіне адам әсерінe байланысты. Егер негізгі рөлді автотрофты организмдер - продуценттер атқарса, жүйені автотрофты деп атайды. Егер экожүйеде продуценттер болмаса немесе олардың рөлі мардымсыз болса (мысалы, мұхит терендіктері, биік тау мұздықтары), мұндай жүйелерді гетеретрофты деп атайды. Экожүйелер табиғи немесе антропогенді болуы мүмкін, мысалы, ауылшаруашылық, қала, өнеркәсіптік экожүйелер. Жер бетіндегі маңызды экожүйелер: тайга, тундра және полярлық белдеулер, мұхиттар, жағалаулар, батпақтар, мангралық тоғайлар, коңыржай аймақтағы далалар мен ормандар, саванналар, таулар, аралдар және т.б.
Экожүйенің бірнеше түрлерін ажыратады:
- микроэкожүйе (мысалы, шіріп жатқан ағаш діңі);
- мезоэкожүйе (орман, көл, батпақ);
- макроэкожүйе (континент, мұхит);
- ғаламдық экожүйе (Жер биосферасы).
Ю. Одум (1986) табиғи экожуйелердің үш түрін бөледі жер 6emi (тундра, тайга, дала, шөл т.б.), тұщы су (көлдер, өзендер, батпақтар) және теңіз (ашық мұхит, өзен құйылыстары) экожүйелері. Бұл классификацияның негзінде өзіне тән белгілері жатыр, мысалы жер беті экожүйесі үшін - өсімдіктер жабыны, тұщы су экожүйелері үшін - судың физикалық қасиеті.
2 Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия.
Организмдердің тіршілігін сақтауы және экожуйелердегі зат айналымы тек үнемі энергия келіп тұрғанда ғана жүзеге асады. Айналып келгенде Жер бетіңдегі бүкіл тіршілік күн энергиясының есебінен жүруде. Күн энергиясын фотосинтездеуші организмдер (жасыл өсімдіктертер) органикалық қосылыстардың химиялық байланыстарына өзгертеді. Гетеретрофтылар энергияны корекпен 6ipгe алады. Барлык тіршілік иелері басқа opгaнизмдepдiң азығы болып есептеледі, яғни 6ip-бірімен энергетикалық байланыста болады. Қауымдастықтардағы коректін байланыстарды - 6ip организмнен eкіншi организмге энергия тасымалдаудың механизмі деп қарастыруға болады.
Жылына биосфераға түсетін энергияның мөлшері - 2,5-1024 Дж.Осы энергияның тек шамамен 0,3% ғана фотосинтез процесінің нәтижесіңде органикалық заттардағы химиялық байланыстардың энергиясына ауысады және тек 0,1 % таза, бірінші өнімге етiп отырады. Әpi қарай қopeкті органикалық заттар арқылы трофикалық (кopeктік) тізбекке сәйкес тарапады. Энергияның пирамида заңына сәйкес немесе 10%-дық Р. Линдеманның (1942) ережесіне сәйкес, 6ip қоректік деңгейден басқа деңгейге ететін энергия шамамен 10%-дан аспайды. Осындай деңгейлер көп болған сайын, ең соңғы тұтынушыға жететін энергия үлeci соғұрлым аз болады.
Органикалық заттардың ыдырауы әртүрлі организм топтарының қатысуымен жүреді. Таза бірінші өнім энергиясының шамамен 90%-ын бөлетін микроорганизмдер мен саңырауқұлақтар, 10%-ға жуығын - омыртқасыз жануарлар және 1%-дан аз мөлшерін - омыртқалы жануарлар - соңғы консументтер бөледі. Соңғы цифрға сәйкес 6ip пайыз (1%) ережесі мазмұндалған. Осы белгіленген қатынастар биосфераның орнықтылығын ұстайтын негізгі жағдайға жатады. Табиғи жүйе энергиясының 1% шамасында өзгеруі жүйені тепетендік жағдайынан шығарады.
Жер бетіңдегі ipi масштабтағы құбылыстардың бәрі де Күн сәулей энергиясының 1%-нан аспайтын жиынтық энергияға ие. Энергияның пирамида заңы тұрғындарды азық-түлікпен қамтамасыз етүге арналған Жер көлемінің есебін және т.б. экологиялык-экономикалық есептерді жасауға қолданылады. Күн энергиясы ағыны арқасында Жерде ауа мен судың әлемдік фиэикалық айнал ымы журеді. Ауа массасының жылжуы механикалық әсерлердің (жел, толқын, ағыстар) басқа заттардың 6ipiнiui кезекте су буы мен шаң бөлшектерінің, әртүрлі кұрамындағы аэрогендік миграциясының жүруін қамтамасыз етеді. Күн радиациясының әсерінен атмосферада әртүрлі фотохимиялық реакциялар - су фотолизі, озонның, күкіртті сутектердің түзілуі орын алады. Тасымалданатын массалық көлемі мен жұмсалатын энергияны ескергенде, Жердегі ең үлкен заттар айналымының 6ipiнe су айналымы жатады. Жылына бұл процеске қатысатын бүкіл гидросфера массасының небәрі 0,04% болса да, секундына 16,5 млн. м3 және 40 млрд МВт Күн энергиясы айналымға түсін отырады. Күн энергиясының арқасында жүретін су мен ауаның физикалық айналымынан басқа көптеген химиялық элементтер мен олардың қосылыстары айналымға тартылады.
Жоғарыда айтылғандай, биоценоздағы организмдер арасында тұракгы коректік байланыстар қалыптасқан. Мұндай қатынастар белгілі 6ip организмдердің тобын біріктіріп отырады. Осы коректік - тізбектер құрамдас үш бөлімнен тұрады. Біріншісі - продуценттер немесе өндірушілер. Мұнда автотрофты жасыл өсімдіктер органикалық заттар түзіп, алғашқы биологиялық өнімділік түзеде және күн энергиясын жұмсайды (сіңіреді): Екіншіci - консументтер, бұған жануарлар жатады. Yшіншіci - редуценттер немесе қайта қалпына келтірушілер. Оларға микроорганизмдер жатады. Олардың рөлі ерекше, яғни заттарды ыдыратып, қайта қалпына келтіріп, зат айналымын жалғастырып отырады.
Әp6ip коректік тізбектің қатарында белгілі 6ip трофикалық (коректік) деңгей қалыптасады. Ол өзінен ететін зат және энергия ағымының белсенділігімен сипатталады.
Алғашқы трофикалық деңгейдегі организмдер продуценттер деп атапады. Құрлықта продуценттердің басым көпшілігі ормандар мен шалғындық өсімдіктері болса; суда - бұл негізінен жасыл балдырлар. Органикалық заттарды бұдан басқа көк жасыл балдырлар және кейбір бактериялар өндіруі мүмкін.
Екінші деңгейдегі организмдерді 6ipmшi реттік консументтер (фитофагтар), үшінші трофикалық деңгейдегі организмдерді. Екінші pemmiк консументтер (зоофагтар) және т.б деп атайды. Бірінші деңгейдегі (I ) консументтерге - шөпқореюгі жануарлар (көптеген насекомдар, құрлықтағы құстар мен аңдар, суда - ұлулар мен шаянтәрізділер) және өсімдіктер паразиттері (паразитсаңырауқұлақтар) жатады. Екінші деңгейдегі (II) консументтер - бұлар еткориегі организмдер (жыртқышт ар немесе паразиттер).
Барлық қоректін тізбектер 6ip-6ipiMeH байланысты және тәуелді болып отырады. Әp6ip деңгейден екінші, ушіншіге өткен сайын зат немесе энергия беру жүзеге асады. Осының бәрі биоценоздағы қорекгік тізбектің күрделігін және біртутас жүйе ретінде әрекет ететіңдігінің керсетеді.
Экологиялық пирамида. Экожүйелердің әрбір трофикалық (қоректік) деңгейдегі таза алғашқы және соңғы өнімдері құрудың және шығындаудың жылдамдығы әртүрлі. Алайда барлық экожүйелерге өнімдер пирамидаларының ережесі деп аталатын алғашқы өнім мен соңғы өнімдердің белгілі 6ip сандық арақатынастары тән.
Биоценоздағы көріктік тізбектегі қоректін (азықтың) барлығы 6ipдей организмнің ecүiнe немесе биомассаның жинақталуына жұмсалмайды. Оның біразы организмнің энергия қуатына: тыныс алу, қозғалу, көбею, дене температурасын ұстап тұруға жұмсалады. Сондықтан 6ip тізбектің биомассасы екіншісіне дейін толық өнделмейді. Егер ондай болған жағдайда табиғатта қор ресурсы таусылған болар еді. Осыған байланысты әp6ip келесі қоректін тізбекке өткен сайын азықтын биомассасы азайып отырады. Нәтижесінде, бір трофикалық деңгейден екіншісіне өткен сайын биомасса, сандық құрамы және энергия қоры азайып отыратыны анықталған. Бұл заңдылықты кезіңде эколог Ч. Элтон зерттеп, өзінің ecімімен "Элтон пирамидасы " деп атаған
1. Сандық пирамида - организмдердің жеке сандық көрсеткішін айқындайды.
2. Биомасса пирамидасы - жалпы құрғақ салмақты, немесе өнімділікті анықтайды.
3. Энергия пирамидасы - энергия ағымының қуатын немесе жылу энергиясын анықтайды.
Сандық пирамида энергияның жыртқыш-корек байланысы арқылы жүреді де, трофикалық (коректік) деңгей бойынша организмдердің санын көрсетеді. Особьтардың саңы продудентгерден консументтердің әр деңгейінне өткен сайын азая береді. Әрине, топтасып 6ipгe корегін табатын организмдерге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық қуыстар туралы түсінік, потенциалдық, жүзеге асырылған экологиялық қуыстар
Экожүйелердің біртұтастығы және орнықтылығы туралы
Экожүйелердің біртұтастығы және орнықтылығы. Ғаламдық биогеохимиялық циклдар. В.И.Вернадскийдің негізгі биогеохимиялық заңдары
Экожүйелердің біртұтастығы және орнықтылығы. Ғаламдық (глобалдық) биогеохимиялық циклдар. В.И.Вернадскийдің негізгі биогеохимиялық заңдары
Экологиялық қуыстар туралы түсінік, потенциалдық және жүзеге асырылған экологиялық қуыстар жайлы
Дара организмдер экологиясы
Экожүйелер экологиясы туралы
Экологиялық қуыстар туралы түсінік, потенциалдық және жүзеге асырылған экологиялық қуыстар жайлы ақпарат
Экожүйелердің біртұтастығы және орнықтылығы.В.И.Вернадскийдің негізгі биогеохимиялық заңдары
Экожүйелердің біртұтастығы және орнықтылығы. Ғаламдық (глобалдық) биогеохимиялық циклдар. В.И.Вернадскийдің негізгі биогеохимиялық заңдары.Табиғи ресурстардың классификациясы
Пәндер