Негізгі өндірісті ұйымдастырудың партиялық әдістері



Кіріспе
1. Өндірістік үрдіс.кәсіпорынды ұйымдастырудың негізі
2. Кәсіпорынның жалпы және өндірістік құрылымы
3. Өндірістік құрылымның түрлері
4. Өндірісті ұйымдастыру түрлері мен нысандары
5. Негізгі өндірісті ұйымдастырудың партиялық әдістері
Қортынды
Қолданған әдебиеттер
1. Өндірістік үрдіс-кәсіпорынды ұйымдастырудың негізі. өндірістік үрдіс-дегеніміз шикізаттар мен материалдардың дайын өнімге айналу үрдісіне бағытталған жеке еңбек үрдістерінің жиынтығын көрсетеді. өндірістік үрдістің мазмұны кәсіпорынның және оның өндірістік бөлімшелерінің құрылуына тікелей әсер етеді.
өндіріс сипатын анықтайтын өндірістік үрдістің негізгі факторларына еңбек құралдары ( машиналар, құралдар, ғимараттар, жабдықтар және т.б.), еңбек заттары (шикізат, материал, жартылай фабрикаттар) және еңбек күші, яғни адамдардың белгілі мақсатқа бағытталған қызметі жатады.
Кәсіпорынның өндіретін өнімінің күрделігіне байланысты жай (қарапайым) және күрделі өндірістік үрдістер болып бөлінеді. Жай өндірістік үрдістерде шикізат немесе материалдың бір түрін бірыңғай өңдеу арқылы дайын өнім өндіріледі, күрделі үрдістерде бірнеше паралельді жай үрдістердің қосарлануы арқылы көп бөлікті өнім дайындалады.
1. Веблен Т. Менеджмент в подразделениях фирмы / Пер. с англ. – Москва: ИНФРА-М, 1996. – 288 с.
2. Баумоль У. Экономика / Пер. с англ. - 2 - е изд. - Москва: Дело ЛТД, 1993. - с. 135-137.
3. Шипунов В.Г., Кишкель Е.Н. Основы управленческой деятельности: Учебник. - Москва: Высшая школа, 1999. – 304 с.
4. Муратбаева Г. А. Өнім сапасын басқару қызметін дамыған мемлекеттерде жетілдіру жолдары [Текст] / Г. А. Муратбаева, М. О. Смайлов // Молодой ученый. — 2015. — №1.1. — С. 50-52.

Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТ
Инженерлік технологиялық факультет

Негізгі өндірісті ұйымдастырудың партиялық әдістері

Орындаған: Берікболқызы Б
Топ:ТПс-325
Тексерген: Нуралина К Т

Семей 2015ж

Жоспар
Кіріспе
1. Өндірістік үрдіс-кәсіпорынды ұйымдастырудың негізі
2. Кәсіпорынның жалпы және өндірістік құрылымы
3. Өндірістік құрылымның түрлері
4. Өндірісті ұйымдастыру түрлері мен нысандары
5. Негізгі өндірісті ұйымдастырудың партиялық әдістері
Қортынды
Қолданған әдебиеттер

1. Өндірістік үрдіс-кәсіпорынды ұйымдастырудың негізі. өндірістік үрдіс-дегеніміз шикізаттар мен материалдардың дайын өнімге айналу үрдісіне бағытталған жеке еңбек үрдістерінің жиынтығын көрсетеді. өндірістік үрдістің мазмұны кәсіпорынның және оның өндірістік бөлімшелерінің құрылуына тікелей әсер етеді.
өндіріс сипатын анықтайтын өндірістік үрдістің негізгі факторларына еңбек құралдары ( машиналар, құралдар, ғимараттар, жабдықтар және т.б.), еңбек заттары (шикізат, материал, жартылай фабрикаттар) және еңбек күші, яғни адамдардың белгілі мақсатқа бағытталған қызметі жатады.
Кәсіпорынның өндіретін өнімінің күрделігіне байланысты жай (қарапайым) және күрделі өндірістік үрдістер болып бөлінеді. Жай өндірістік үрдістерде шикізат немесе материалдың бір түрін бірыңғай өңдеу арқылы дайын өнім өндіріледі, күрделі үрдістерде бірнеше паралельді жай үрдістердің қосарлануы арқылы көп бөлікті өнім дайындалады.
Технологиялық операция деп бір немесе бірнеше жұмысшылармен бір жұмыс орнында нақты бір еңбек затымен орындалатын өндірістік үрдістің бөлігін айтады.
Жұмыс орны деп жұмысшы нақты өндірістік операцияны орындайтын өндірістік ауданның бөлігі. Ол операцияны орындау үшін қажетті барлық құралдар және техникамен жабдықталады.
_ндірістік үрдіс өнім дайындаудағы бағыты бойынша негізгі, көмекші және қызмет көрсету үрдістеріне бөлінеді.
Негізгі үрдістерге еңбек затының нысаны мен кесімі, ішкі құрылымы, сыртқы түрі, оның құрамдас бөліктерінің өзара орналасуы өзгеретін технологиялық үрдістер жатады.
Көмекші үрдістер негізгі үрдістердің үздіксіздігін қамтамасыз етеді.Оларға мысалы, негізгі өндіріс қажеттіліктері үшін құрал дайындау, құралдарды жөндеу, бу дайындау және т.б. жатады.
өндірістік үрдістерді ұтымды ұйымдастыру қағидаларын екі категорияға бөлуге болады:
- Жалпы нақты мазмұнына байланысты болмайды
- Арнаулы, нақты өндірістік үрдістерге арналады.
Уақыт бойынша және кеңістікте кез келген өндірістік үрдісті ұйымдастыруға бағынышты болатын қағидалар:
- Мамандыру қағидасы, өндіріс үрдісіне жұмыс орындары және кәсіпорынның жеке бөлімшелерінің арасындағы еңбек бөлінісі мен оның шоғырлануын көрсетеді
- Паралельдік қағидасы, белгілі бір өнімді дайындауға байланысты өндірістік үрдістің жеке бөліктерінің бір уақытта орындалуын білдіреді
- Пропорционалдық қағидасы, кәсіпорынның өзара байланысты бөлімшелерінің уақыт бірлігіндегі салыстырмалы түрдегі тең еңбек өнімділігімен сипатталады
- Тұра-дәлдік қағидасы, еңбек заттарының, шикізаттар мен жартылай фабрикаттардың өндіріске жіберілуінен бастап, дайын өнімді алуға дейінгі қысқа қозғалыс жлдарымен жүруін айтады
- үздіксіздік қағидасы, операциялар арасындағы тоқтаусыз жұмыс істеуді талап етеді
- Ыңғайластыру қағидасы, барлық өндірістік үрдістің автоматтандыруына және механикаландыруына, адамның денсаулығына зиянды, ауыр, біркелкі қол еңбегін болдырмауға бағытталады.
Өндірісті ұйымдастырудың үш негізгі әдісі болады: ағындық, партиялық және бірлік.
2. Кәсіпорынның жалпы және өндірістік құрылымы. Өндіріс деп нарықтың дамуы мен өмір сүруіне қажетті материалдық игіліктерді дайындау үрдісін айтады.өндіріс мазмұны үш элементтен тұрады:
- ұтымды жұмыс немесе еңбектің орындалуы
- Адамның ұтымды жұмысына қажетті еңбек заттарының болуы
- Еңбек заттарын өзгертуге қажетті еңбек құралдарының қатысуы.
өндірістік бөлімшелер, жұмыскерлерге қызмет көрсету орындары, кәсіпорындарды басқару, ұйымдастыру кешені, олардың саны, бір- бірімен байланысы, өндірістік алаңда орналасуы мен жұмыскерлер саны мен құрамы, өнімді өндіру қабілеті, мұның бәрі кәсіпорынның жалпы құрылымын құрайды.
Кәсіпорынның ұтымды өндірістік құрылымын құру келесі тәртіппен жүргізіленеді:
а ) кәсіпорынның цехтар құрамын және оның берілген өнімді өндіруді қамтамасыз ететін қуатын анықтау
б ) әрбір цехтың және қоймаларын орналасатын өндірістік алаңдарын есептеу
в ) кәсіпорынның ішіндегі барлық тасымалдау жұмыстарының сыртқы жалпы орталық жолдарымен өзара байланысын жоспарлау
г ) өндірістік үрдістің орындалуына байланысты еңбек заттарының цехтар арасындағы ең қысқа маршрутын белгілеу және т.б.
өндірістік бөлімшелерге - цехтар, бөлімшелер, негізгі өнімді сынау, бақылау, текскру жүргізетін зертханалар, бұйымдар, материалдар мен жартылай фабрикаттарды, пайдалану кезінде жөндеуге және бұйымдарға қызмет көрсету үшін қажетті запас бөліктері, технологиялық мақсаттар үшін керекті өндірілетін энергияның түрлері және т.б.жатады.
Ағындық жүйе - өндірісті ұйымдастырудың негізгі обьектісі. Ағындық жүйе бірнеше секцияларға бөлінеді.Секция еңбек заттарына әсер етудің жалпы сипаты бар бірнеше операцияларды біріктіру арқылы құрылады.
Кәсіпорынның өндірістік құрылымы кәсіпорында орындалатын жеке өндірістік үрдістердің өзара байланысты бөліктерінің ұйымдастыру-техникалық белгілеріне қарай бөліну жүйесін анықтайды.

3.Өндірістік құрылымның түрлері. Кәсіпорынның өндірістік құрылымының үш түрі бар.Олар заттық, технологиялық және аралас (заттық-технологиялық).
Заттық құрылымда кәсіпорынның негізгі цехтары, оның бөлімшелерінің әуқайсысы өнімнің бір түрін, бөлігін немесе бөліктердің бір тобын өндірумен айналысады. Заттық құрылым көп жағдайда көп сериялы және жаппай өндірісті құрастыру цехтарында қолданылады. Мысалы: автомобиль зауыттарының двигатель, тарату қораптарын дайындау, кузовтар өндіру цехтары, аяқ-киім өндірісінде - аяқ-киімді құрастыру цехтарын жатқызуға болады.
Технологиялық құрылым өндірістің технологиялық даралығын анықтайды. Мысалы: оған құю, ұста, кесу, механикалық құрастыру цехтарын жатқызуға болады. Өндірістік құрылымның мұндай түрі цехты басқарушылардың жұмысын жеңілдетеді, жұмыскерлерді орналастыруда және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік психологиялық әдістер
Өндіріс процесі және оны ұтымды ұйымдастыру принциптері
Басқарудың әлеуметтік-психологиялық негіздері.
Табиғи өндіріс
Кәсіпорында өндірісті ұйымдастыру
А. Солженыцин, Архипелаг ГУЛАГ кітабы туралы
Өндірісті жоспарлау және ұйымдастыру
Жоба ұғымының анықтамасы
Қазіргі заманғы өндірісті басқару теориясы
Негізгі өндірістік процесті ұйымдастыру
Пәндер