Халықты көшіру және қоныстандыру



Халықты көшіру және қоныстандыру, шұғыл көшіруді жүргізу тәртібі 3
Көшіру шаралары мынаны қамтиды: 3
Көшірудің жалпы принциптері, мәні мен әдістері. 6
Көшіру шаралары зілзалаға, апаттарға душар болуы мүмкін аудандардан, зақымдану аумақтарынан халықты алдын ала әкету (көшіру) мақсатында, тұрғындарды, жұмысшылар мен қызметкерлерді табиғи және техногендік төтенше жағдайлар кезіндегі, сондай-ақ осы зақымдау құралдары қолданылған кезінде қорғау тәсілі ретіндегі негізгі әдіс болып табылады.
Бұрында соғыстар кезінде көшіру кең қолданылатын. Бірақ та, бұрын өткізілген көшіру шаралары, яғни үлы Отан соғысы кезінде, зілзалалар, авариялар мен апаттар уақытында белгіленген көшіру шараларынан қатты ерекшеленеді. Мысалы, үлы Отан соғысы кезінде халық жауға қарама-қарсы бағыттағы қашық аудандарға көшетін. Қазіргі көшіру шаралары ең ықтимал қирау, зілзала, авариялар мен апаттар аумақтарынан халықты әкетуді (көшіруді) қарастырады.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Орындаған: Мукашев Р.
Тексерген: Бакирова Л.

Семей қаласы
2015 жыл

Халықты көшіру және қоныстандыру, шұғыл көшіруді жүргізу тәртібі 3
Көшіру шаралары мынаны қамтиды: 3
Көшірудің жалпы принциптері, мәні мен әдістері. 6

Халықты көшіру және қоныстандыру, шұғыл көшіруді жүргізу тәртібі
Көшіру шаралары зілзалаға, апаттарға душар болуы мүмкін аудандардан, зақымдану аумақтарынан халықты алдын ала әкету (көшіру) мақсатында, тұрғындарды, жұмысшылар мен қызметкерлерді табиғи және техногендік төтенше жағдайлар кезіндегі, сондай-ақ осы зақымдау құралдары қолданылған кезінде қорғау тәсілі ретіндегі негізгі әдіс болып табылады.
Бұрында соғыстар кезінде көшіру кең қолданылатын. Бірақ та, бұрын өткізілген көшіру шаралары, яғни үлы Отан соғысы кезінде, зілзалалар, авариялар мен апаттар уақытында белгіленген көшіру шараларынан қатты ерекшеленеді. Мысалы, үлы Отан соғысы кезінде халық жауға қарама-қарсы бағыттағы қашық аудандарға көшетін. Қазіргі көшіру шаралары ең ықтимал қирау, зілзала, авариялар мен апаттар аумақтарынан халықты әкетуді (көшіруді) қарастырады.
Көшіру шаралары мынаны қамтиды:
-- көшіру -- төтенше жағжайлар аймағымен және осы заманғы зақымдау құралдары қолданылуы мүмкін мекендерден адамдардың өмірін және өндірістің жұмыс істеуін сақтау мақсатында халық пен материалдардық құндылықтарды ұйымшылдықпен әкету.
-- қоныстандыру -- бұл соғыс уақыты жағдайында қалаларда жұмысын жалғастыратьш ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілерін (олардың отбасы мүшелерін) қала сыртындағы аймаққа ұйымшылдықпен апару және орналастыру. Қаладағы ұйымдарда тек ауысымда жұмыс істеушілер ғана қалады, ал қалған жүмысшылар мен қызметшілер қала сыртындағы аймаққа орналастырылады. Жұмыс орнына апарып қайту ең аз уақытты ескере отырып ұйымдастырылады (үш сағаттан аспайды).
Көшіру шараларына, сондай-ақ шекаралас аудандардың, аса маңызды объекгілерге жақын орналасқан аудаңцардың халқын көшіру жатады.
Қауіпсіз аймақ -- бұл ықтимал қирау, радиоактивті ластану және химиялық зақымдану, сондай-ақ шекаралық аудандардан тыс апатты су аймағынан тысқары орналасқан көшірілетін халықты орналастыру және оларды қажетті тіршілік көзімен қамсыздавдыру үшін даярланған аумақ.
Барлық көшірілген халық қауіпсіз аймақтағы қоныстандыру нүктесінде ең қажетті тіршілік көзімен қамсыдандырылуға тиіс.
Көшіру мен қоныставдырудың негізгі принциптері:
-- көшірілуге тиіс халықтың барлық санатын барынша қамту;
-- көшіру шараларын өндірістік принцип пен тұрғылықты жері бойынша жүргізу;
-- көшіру шараларын мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүргізу;
-- көшіру шараларын жүргізу кезінде жоспарлық пен ұйымшылдықты сақтау;
-- көшіру шараларын жүргізу үшін көліктің барлық түрлерін олардың белгіленген жұмыс режимін бұзбай пайдалану, сондай-ақ жеке көлікті пайдалану;
-- орналастыру, қоныстандыру орындарын дер кезінде даярлау;
-- көшірілетін және қоныстандырылатын халықты жолда, орналастыру және қоныстандыру орындарында тіршілік көзімен қамсыздандыру;
-- өз қызметін жалғастыратын объектілерді үздіксіз және тұрақты жұмысын тұрақтандыру.
Республика аумағында өндірісінде қатты әсер ететін заттарды шығаратын, сақтайтын немесе паңцаланатын 500 жуық аса қауіпті объекті бар. Су басу аймаганда түратын халық үшін 200-ге жуық су қоймасы қауіп төндіреді. Әртүрлі зілзала түрлері экономика мен ауылшаруашылығы объектілеріне елеулі залал келтіруі, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін. Бұл жағдайда ҚР халқы уақытша көшіруге дайын болуға тиіс.
Төтенше жағдай төртібін енгізе отырып, соғыс кезінде, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда көшіруді Қазақстан Республикасы үкіметінің шешімі бойынша жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар жүргізеді. Шараларды жоспарлауды төтенше жащайлардың туындауы қауіпі мен осы заманғы құралдармен зақымдау ошақтарын ескере отырып, орталық, жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар алдын ала жүргізеді.
Барлық категориядағы халықты әкетуді (шығаруды) жене оларды қауіпсіз аймаққа орналастыруды оларды жүмыс істейтін, оқитын, тұратын жерлері бойынша жергілікті атқарушы органдар, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықты көшіру және қоныстандыру, шұғыл көшіруді жүргізу тәртібі
Қоныстандыру және көшіру
ҚОНЫСТАНДЫРУ ЖӘНЕ КӨШІРУ ТУРАЛЫ
Төтенше жағдайларда тұрғындарды қорғау
Бейбіт және соғыс уақытында қорғаныс ғимараттарын қүтіп ұстау және пайдалану тәртіб
Төтенше жағдайлар кезінде халыққа көмек көрсету
Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары
Халықты көшіру және қоныстандыру, шұғыл көшіруді жүргізу
Халықты, қоршаған орта мен ұйымдарды төтенше жағдай кезіндегі қорғау
Азаматтық қорғаныстың міндеттері мен қолданатын шаралары
Пәндер