Қант қызылшасын сақтау тәсілдері



I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1 Қант қызылшасын «бурт . кагаттарда» сақтау.
2.2 Қант қызылшасын «ор . траншеяда» сақтау.
2.3 Қант қызылшасынан қант алу технологиясы
III. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер
Қант қызылшасы (Beta vulgarіs) – қызылша туысына жататын екі жылдық бағалы техникалық дақыл. Қант қызылшасы – құнарлы мал азықтық дақыл. Қант қызылшасы тамақ өнеркәсібінде қант алу үшін пайдаланылады, өйткені оның тамыр жемісінде 17 – 19%-дай қант болады.
Қант қызылшасы – жылу сүйгіш өсімдік. Органикалық заттарға бай, құнарлы қара топырақта жақсы өседі. Оған топырақтың қышқылдау немесе бейтарап болғаны дұрыс (рН 6,5 – 7,5).
Қазақстанның суғармалы жерлерінде негізінен қатар аралығы 60 см кең қатарлы себу әдісі қолданылады. Қазақстанда қант қызылшасы Жамбыл, Алматы облыстарының суғармалы жерлерінде өсіріледі. 1991 жылдан Қазақстанда қант қызылшасының бір тұқымды жаңа сорттары аудандастырылып, себілді. Қант қызылшасын бір танапта ұзақ жылдар бойы ауыстырмай сепкенде, оның зиянкес жұмыр құрты мен тамыр биті көбейеді. Сондықтан қант қызылшасын түрлі аурулар мен зиянкестерден қорғауда, оның өнімділігін арттырып, қанттылығын көтеруде ауыспалы егістің маңызы зор. Мал азықтық қант қызылшасыныңт құрамында көмірсулар, витаминдер, тұздар, азотсыз экстракты заттар бар. Сондықтан ол жоғары сапалы және жұғымды мал азықтық дақыл. Бұл қызылша Қазақстанның барлық облыстарында өсіріледі
1. Жүргенов Ж.С. «Өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау технологиясы» , «Агроуниверситет баспасы» 2011жыл

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

БАӨЖ
Тақырыбы : Қант қызылшасын сақтау тәсілдері

Орындаған : Нұрбақыт Қ.
Тексерген : Мұхаметжанова О.Т.
Тобы : АГ- 213

Семей 2015 жЖоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1 Қант қызылшасын бурт - кагаттарда сақтау.
2.2 Қант қызылшасын ор - траншеяда сақтау.
2.3 Қант қызылшасынан қант алу технологиясы
III. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Қант қызылшасы (Beta vulgarіs) - қызылша туысына жататын екі жылдық бағалы техникалық дақыл. Қант қызылшасы - құнарлы мал азықтық дақыл. Қант қызылшасы тамақ өнеркәсібінде қант алу үшін пайдаланылады, өйткені оның тамыр жемісінде 17 - 19%-дай қант болады.
Қант қызылшасы - жылу сүйгіш өсімдік. Органикалық заттарға бай, құнарлы қара топырақта жақсы өседі. Оған топырақтың қышқылдау немесе бейтарап болғаны дұрыс (рН 6,5 - 7,5).
Қазақстанның суғармалы жерлерінде негізінен қатар аралығы 60 см кең қатарлы себу әдісі қолданылады. Қазақстанда қант қызылшасы Жамбыл, Алматы облыстарының суғармалы жерлерінде өсіріледі. 1991 жылдан Қазақстанда қант қызылшасының бір тұқымды жаңа сорттары аудандастырылып, себілді. Қант қызылшасын бір танапта ұзақ жылдар бойы ауыстырмай сепкенде, оның зиянкес жұмыр құрты мен тамыр биті көбейеді. Сондықтан қант қызылшасын түрлі аурулар мен зиянкестерден қорғауда, оның өнімділігін арттырып, қанттылығын көтеруде ауыспалы егістің маңызы зор. Мал азықтық қант қызылшасыныңт құрамында көмірсулар, витаминдер, тұздар, азотсыз экстракты заттар бар. Сондықтан ол жоғары сапалы және жұғымды мал азықтық дақыл. Бұл қызылша Қазақстанның барлық облыстарында өсіріледі

Қант қызылшасын бурт - кагаттарда сақтау.
Қант қызылшасында егіс алқабынан жинап алғаннан кейін басқа да тамыр жемістілерге тән физиологиялық процестер: солу, қызу, тыныс алу жүреді. Әсіресе, дер кезінде қолайлы жағдай жасалмаған қызылша тамырында ылғалдың бөлінуі (судың булануы) жүреді де тамыржеміс солып өзінің қасиетін жоғалтады.
Сонымен катар, тыныс алу қарқындылығына байланысты қызылша құрамындағы қанттың мөлшері кемиді.
Қант қызылшасын пайдалану мақсатына байланысты шаруашылық жағдайында немесе қант зауыттары маңындағы арнайы алаңдарда сақтаудың әр турлі тәсілдерi колданылады.
Әдетте, жаңа жиналып алынған қызылшаны одан қант алу үшін қант зауыттарына жөнелтіледі. Ол жерде қызылшаны өңдегенше арнайы алаңдарда бурт-кагаттарда уакытша сақталады.
Кей кездері, мысалы, ауа райының қолайсыздығына, автокөліктің, немесе жұмыс күшінің, жетіспеушілігіне және басқа да жағдайларға байланысты жиналған қызылша eгic алқабында қалып коюы мүмкін. Уақыт өткен сайын бұл тамыржемістердің сапасы төмендеп, жарамсыз бөліктерінің көлемі артады (8.3-кесте).

1 -- кесте. Eгic алқабындағы қант қызылшасы тамыржемісінің сапасына жатып қалу мерзімінің әсер, %.

Күн астында қалу ұзақтығы

Қант қызылшасын жинау кезіндегі ауа температурасы, °С

8
19
2 сағат
4
12
1 күн
11
32
2 күн
27
66
4 күн
34
88

Кестеде келтірілген материалдардан 1 тәулік бойы ашық алқапта қалған тамыржемістің 8°С температурада 10 пайызы жарамсыз болса, ал 19°С температурада барлық өнімнің 31-нен астамы жарамсыз болған. Сол себепті, оларды уакытша сақтауды ұйымдастыру қажет. Ол үшін eгic алқабында арнайы алаңдар - eгic кагаттары дайындалады.
Бұндай алаңдар мүмкіндігінше тегіс әpi су ағатындай 6ip жағына қарай еңіс болуы тиіс. Қызылшаны осындай алаңда трапеция формасымен үйіп жинайды.Үйіндінің ұзындығы 20-30 м, биіктігі 1,5-1,7 м, көлденең 3 - 6 м, трапецияның төбесінің көлденең 1,0 -1,5 м шамасында болады (8.5-сурет).
Ол үшін алаңды шөптен, қалдықтардан алдын ала тазалап, таптау арқылы тығыздап, 1 шаршы метрге 200 г шамасында әктен ерітінді жасап өңдейді.
Үйіндінің үстін ылғал топырақпен 15 - 20 см қалыңдықта жабады. Ал күн салқындаған сайын оның қалыңдығын 40 - 50 смге дейін жеткізіп, үстіне сабан төсейді.

Қант зауыттары мен қызылша қабылдайтын орындарда қызылшаны арнайы ірі кагат алаңдарда жинап сақтайды.
Бұндай алаңдарда көлемі қызылшаның салмағына байланысты болады да, әдетте, 1 гектарға шамамаен 5 - 6 мың тоннадан келеді.
Қызылшаны сақтауда, әсіресе, шіріген немесе өздігінен қызған жерлерді уақытылы анықтап, оларды болдырмауда үйіндінің температурасын қадағалау орынды. Қолайлы сақтау температурасы 1°С шамасында. Температура бұл көрсеткіштен жоғары болғанда тыныс алу қарқындылығы артады да тамыр құрамындағы қанттың мөлшері азаяды.
Әдетте, үйіндінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қант қызылшасын сақтау және қант алу технологиясы
Қант қызылшасын сақтау мен қант алу технологиясы
Қант қызылшасын тұқымға өсіру
Қант қызылшасын сақтау және қант алу технологиясы жайлы
Қант қызылшасы басқадай тамыржемістілер сияқты екі жылдық өсімдік
Қант қызылшасын тұқымға өсіру технологиясы туралы
Тұқымды себуге дайындау және себу
Қант қызылшасының биологиялық ерекшеліктері
Қант қызылшасы жапырақтарының даму кезеңдері
Қант қызылшасы жылу сүйгіш өсімдік
Пәндер