Қазақстан Республикасындағы KASE фонд биржасы
Құру тарихы
KASE құрылуының және дамуының негізгі кезеңдері
Шетел валюталарының нарығы

1993 жылдың 15 қарашасында Қазақстанда ұлттық валюта – теңге енгізілді. Осы уақиғадан кейін екінші күні – 1993 жылдың 17 қарашасында – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және 23 жетекші қазақстандық коммерциялық банктарымен бірлесе отырып, валюталық биржаны ұйымдастыру бойынша шешім қабылдады. Осыға дейін қызмет еткен Валюталық операцияларды өткізу орталығы (Валюталық биржа) Ұлттық Банктің құрылымдық бөлімшесі болған. Жаңа биржаның алдына қойылған мақсаты – теңгенің енгізілуіне байланысты ұлттық валюталық нарықты ұйымдастыру және дамыту болып табылады. Заңды тұлға ретінде биржа 1993 жылдың 30 желтоқсанында "Қазақ Банкаралық Валюта Биржасы" атауымен, ұйымдастырушылық-құқықтық формасы жабық тұрпаттағы акционерлік қоғам ретінде тіркелді.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СРО
Тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы KASE фонд биржасы
Орындаған: Рымгалиев А.А.
ФН-207
Семей 2015
Құру тарихы
1993 жылдың 15 қарашасында Қазақстанда ұлттық валюта - теңге енгізілді. Осы уақиғадан кейін екінші күні - 1993 жылдың 17 қарашасында - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және 23 жетекші қазақстандық коммерциялық банктарымен бірлесе отырып, валюталық биржаны ұйымдастыру бойынша шешім қабылдады. Осыға дейін қызмет еткен Валюталық операцияларды өткізу орталығы (Валюталық биржа) Ұлттық Банктің құрылымдық бөлімшесі болған. Жаңа биржаның алдына қойылған мақсаты - теңгенің енгізілуіне байланысты ұлттық валюталық нарықты ұйымдастыру және дамыту болып табылады. Заңды тұлға ретінде биржа 1993 жылдың 30 желтоқсанында "Қазақ Банкаралық Валюта Биржасы" атауымен, ұйымдастырушылық-құқықтық формасы жабық тұрпаттағы акционерлік қоғам ретінде тіркелді.
1994 жылдың 03 наурызында, биржаның атауын қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіру қажеттілігіне байланысты, биржа "Қазақ Банкаралық Валюта Биржасы" атауымен қайта тіркелді.
1995 жылдың 12 шілдесінде биржа өз акционерлерінің биржаның бағалы қағаздар нарығында қызметін дамытуды бастау туралы шешіміне қабылдауына байланысты, "Қазақстан банкаралық валюта-қор биржасы" атауымен қайта тіркелді. 1995 жылдың 2 қазанында биржа бағалы қағаздар нарығында биржалық қызметті жүзеге асыруға № 1 лицензиясын алды, алайда осы лицензияның қолданысы тек мемлекеттік бағалы қағаздардың сауда-саттық ұйымдастыру құқығымен ғана шектелген. Қолданыстағы заңнама қор биржасына тауарлық биржа қызметтерін атқаруға тыйым салынуына байланысты, биржа 1996 жылдың 12 сәуірінде "Қазақстан қор биржасы" атауымен қайта тіркелді. 1996 жылдың 13 қарашасында Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясы биржаға бағалы қағаздардың сауда-саттығын ұйымдастыруға шектелмеген лицензиясын берді.
Осылайша 1997 жылдың 05 наурызындағы Қазақстан Республикасының "Бағалы қағаздар нарығы туралы" жаңа заңы қор биржасының қызметін тек бағалы қағаздармен шектейтініне байланысты, биржа акционерлерінің жалпы жиналысы 1997 жылдың сәуірінде "Алматы қаржы құралдарының биржасы" ЖАҚ (AFINEX) жеке заңды тұлғасын бөліп шығару арқылы биржаны қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдап, осы ұйым 1997 жылдың 30 шілдесінде тіркелген. 1997 жылдың 01 қыркүйегінен бастап AFINEX сауда алаңына шетел валюталарының және мерзімдік келісім-шарттардың сауда-саттығы ауыстырылды. Ал биржаның өзі 1997 жылдың 03 шілдесінде бұрынғы атауымен қайта тіркеуден өтті.
Қазақстан Республикасының "Акционерлік қоғамдар жөніндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамалық актілеріне кейбір өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" 1998 жылдың 10 маусымындағы заңы өз күшіне енуімен, қор биржасының қызметіне шетел валюталарының және бағалы қағаздардан өзге қаржы құралдардың сауда-саттығын ұйымдастыруға салынған тыйым жойылып, AFINEX пен Қазақстан қор биржасын біріктіруге мүмкіндік берді. Осы туралы шешімді акционерлердің 1999 жылдың 06 қаңтарында өткен жалпы жиналысы қабылдады, ал 1999 жылдың 16 наурызында біріктірілген биржаның тиісті мемлекеттік қайта тіркеуі жүзеге асырылды.
2006 жылдың 15 желтоқсанында KASE Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда-саттық алаңы ретінде белгіленді. 2007 жылдың 23 тамызында болып өткен KASE акционерлерінің жалпы жиналысы биржаның коммерциялануы туралы шешім қабылдады. KASE коммерциализациясы шегінде дауыс берудің бұрынғы "бір акционер - бір дауыс" принципінен бас тартып, жалпы акционерлік қоғамдардың барлығына ортақ болып қабылданған принципі, яғни, бір акцияға бір дауыс принципіне ауысу жүзеге асырылды.
KASE құрылуының және дамуының негізгі кезеңдері
1993
Шетел валюталарының алғашқы сауда-саттықтары
1995
Мемлекеттік бағалы қағаздардың алғашқы сауда-саттықтары
1996
Туынды қаржы құралдарының - мерзімдік келісімшарттарының алғашқы сауда-саттықтары
1997
Листингілік акциялардың, мемлекеттік акциялар пакеттерінің, листингілік емес бағалы қағаздардың алғашқы сауда-саттықтары
1998
Биржада тікелей мәмілелер жасау жүйесін іске қосу
Қазақстанның еурооблигацияларының алғашқы сауда-саттықтары
1999
Листингілік корпоративтік және муниципалды облигацияларының алғашқы сауда-саттықтары
Тікелей репо нарығын іске қосу
2001
Халықаралық қаржы ұйымдары облигацияларының алғашқы сауда-аттықтары
Автоматты репо нарығын іске қосу
2002
Вексельдердің алғашқы сауда-саттығы
2003
Шет мемлекеттердің бағалы қағаздарының алғашқы сауда-саттығы
2006
Шетелдік корпоративтік облигациялардың алғашқы сауда-саттығы
KASE есеп айырысу жүйесін қолданумен "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ IPO жүргізу
2007
KASE негізінде Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда-саттық алаңын құру
KASE коммерциялануы
2008
KASE корпоративтік басқару кодексін бекіту
Валюталық своп операцияларының нарығынын іске қосу
2009
KASE негізгі сауда-саттық алаңын және АӨҚО АСА біріктіру арқылы нарықтың бірлігін қалпына келтіру
2010
Тәуекел-менеджментінің жаңа жүйесін қолданумен, деривативтердің жаңартылған нарығын іске қосу
2011
DowJones FEAS Индекстері қатысушылары тізіміне KASE енгізілуі
Толық алдын ала қамтуымен T+0 (гросс) сызбасы бойынша бағалы қағаздар сауда-саттық жүйесінің іске қосылуы
Еуроазиялық қор биржаларының федерациясы (FEAS) 17-ші Бас ассамблеясын өткізу
Корея, Стамбұл және Тегеран қор биржаларымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою
"STrade" - интернет-трейдингтің көпфункциясы жаңа жүйесінің құру
2012
Биржаның қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелер бойынша клирингілік қызметті жүзеге асыруға және банктік операциялардың кейбір түрлерін (заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жабу) жүзеге асыруға лицензия алуы
KASE құрылымында Клирингілік палатасын құру
2013
Вена қор биржасы мен (WBAG) есептелетін, акциялардың жаңа индексін - Kazakhstan Traded Index Local (KTX Local) іске қосу
Әлемдік биржалар федерациясының (WFE) толық мүшесі мәртебесін алу
KASE бүгін
Мәртебесі
Биржа, акционерлік қоғам ұйымдастыру-құқықтық нысанында қызмет ететін, коммерциялық ұйым болып табылады. Биржаның органдары:
жоғарғы орган - Биржа акционерлерінің жалпы жиналысы;
басқару органы - Биржаның Директорлар кеңесі (Биржалық кеңес);
атқарушы орган - Басқарма.
Биржаның жетекшілігі
Қабашев Мақсат Рахымжанұлы - Президент
Сәбитов Идель Марсильұлы - Бірінші Вице-президент
Цалюк Андрей Юрьевич - Вице-президент
Хорошевская Наталья Юрьевна - Вице-президент
Лицензиялары
Биржаның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі комитеті берген, мынадай лицензиялары бар:
Ұлттық және шетел валюталарында банктік операцияларды жүргізуге (2012 жылдың 29 маусымындағы № 5.3.3);
Бағалы қағаздар нарығында қызметтерді (соның ішінде бағалы қағаздармен және өзге де қаржылық құралдарымен сауда-саттықтарды ұйымдастыру және бағалы қағаздар наығында жасалған мәмілелер бойынша клирингілік қызметті) жүзеге асыруға (2012 жылдың 19 шілдесіндегі № 4.2.31).
Биржаның қызметі негізінде келесідей нормативтік құқықтық актілермен реттеледі:
1) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі;
2) Қазақстан Республикасының "Акционерлік қоғамдар туралы" заңы;
3) Қазақстан Республикасының "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заңы;
4) Қазақстан Республикасының "Инвестициялық қорлар туралы" заңы;
5) Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау Агенттігі Басқармасының 2008 жылдың 29 қазанындағы № 170 қаулысымен бекітілген, Бағалы қағаздардың және өзге де қаржы құралдарының сауда-саттығын ұйымдастырушы қызметін жүзеге асыру ережелері;
6) "Сауда-саттық ұйымдастырушысының ұйымдастыру құрылымына және қор биржасының листингілік комиссиясының құрамына қойылатып талаптарды бекіту және Сауда-саттық ұйымдастырушысының сауда-саттық жүйесінде жасалатын мәмілелерді қадағалау бойынша сауда-саттық ұйымдастырушысының құрылымдық бөлімшесінің қызметін жүзеге асыру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау Агенттігі Басқармасының 2008 жылдың 28 қарашасындағы № 195 қаулысы.
7) "Эмитенттер мен олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің кейбір санаттарына қойылатын талаптар туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау Агенттігі Басқармасының 2008 жылдың 26 мамырындағы № 77 қаулысы.
8) "Бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында жасалған мәмілелерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп мойындау ережелерін және бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында жасалған мәмілелерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп мойындау сұрақтары жөніндегі қор биржасының директорлар кеңесінің комитетін қалыптастыру, оның жұмысы және оның сандық құрамы туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау Агенттігі Басқармасының 2008 жылдың 28 қарашасындағы № 196 қаулысы.
KASE акционерлері
2014 жылдың 01 маусымдағы жағдай бойынша биржаның 57 акционері бар, солардың ішінде банктер, брокерлік-дилерлік ұйымдар, активтерді басқару компаниялары, жинақтаушы зейнетақы қорлары және басқа ұйымдар бар. "Қазақстан қор биржасы" АҚ жарияланған акцияларының жалпы саны 5 000 000 дананы құрайды, олардың 942 013 акциясы орналастырылған. Қазақстан Реапубликасы Үкіметінің 2012 жылдың 19 қаңтарындағы "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы" акционерлік қоғамына қатысты кейбір сұрақтар туралы" № 134 қаулысына сәйкес, орналастырылған акциялардың 50,1 % үлесіне "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" ММ иеленген.
KASE Жарғысымен "алтын акция" қарастырылған, бұл акцияның иесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылады. Бұл акция валюталық реттеу және Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары нарығын реттеу сұрақтарына қатысты KASE органдарының шешімдеріне тыйым салуға құқық береді.
Мүшелері
Биржада мүшеліктің үш санаты бар. Ұйымды қызықтыратын қаржы құралының түрлері бойынша өткізілетін сауда-саттықтарға қарай, KASE валюталық, қор немесе мерзімдік нарық мүшесі бола алады. Бір уақытта аталған екі немесе үш санатқа мүшелік етуге рұқсат етіледі.
2014 жылдың 01 маусымдағы жағдай бойынша KASE мүшесі мәртебесіне нарықтың 58 кәсіби қатысушысы иеленген.
Халықаралы ұйымдардың жұмысына қатысу
KASE:
Әлемдік қор нарықтың жалпы биржалық айналымын қамтитын, 80-нен астам әлем биржаларын біріктіретін, Әлемдік биржалық федерациясының аффилиирленген мүшесі;
Еуропа және Азияның дамып келе жатқан қор нарықтарында қызмет ететін, биржалық индустрияның 50-ге жуық кәсіби ұйымдарын басн қосатын, Еуро-азиялық қор биржаларының федерациясының (FEAS) мүшесі;
9 ТМД елдерінің 20-ға жуық ұйымдарын біріктіретін, Тәуелсіз Мемлекеттердің Достастығы елдерінің Халықаралық биржалақ ассоциациясының (ТМД ХБА) мүшесі;
Әлемдік биржалар, банктер, брокерлік және инвестициялық компанияларды, сондай-ақ жетекші ақпараттық агенттіктерді, жалпы алғанда 200-ден астам мүшелерді біріктіретін, Қаржылық ақпараттарының таратушыларының және тұтынушыларының халықаралық ассоциациясының мүшесі;
Қазақстан Республикасының қаржы нарығындағы, 250-ге жуық мүшелерінің басын қосқан, ірі кәсіби бірлестігі - Қазақстан қаржыгерлерінің Ассоциациясының мүшесі;
Қазақстан Республикасында ұйымдастырылған (биржалық) нарықтардың қалыптасуы мен дамуына, соның ішінде биржалық заңнаманың дамуына арнайы құрылған, биржалар мен нарыққа қатысушылары арасынан 7 қаржы институттарын біріктіретін, 2011 жылы құрылған Қазақстанның биржалық ассоциациясының (ҚБА) мүшесі.
KASE нарықтары
KASE қызмет көрсететін нарықтар:
шетел валюталары (соның ішінде валюталық своп операциялары);
мемлекеттік бағалы қағаздар;
үлестік бағалы қағаздар (акциялар мен пайлар);
корпоративтік борыштық бағалы қағаздар;
репо операциялары;
деривативтер.
Шетел валюталарының нарығы
Валюталық нарық, KASE құрылған сәттен бастап ұйымдастырылған алғашқы нарықтардың бірі болып саналады. Шетел влаютасының, сол кезде АҚШ долларының, бірінші сауда-саттығы 1993 жылы өткізілді. Бүгін KASE сауда-саттықтарының жалпы көлеміндегі жартысына жуық үлесівалюталық нарықтың еншісінде. KASE осы нарықының негізгі қатысушылары Қазақстанның екінші деңгейдегі банктері және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі болып табылады.
Қазіргі таңда биржада АҚШ долларының, еуро және Ресей рублінің теңгеге, сондай-ақ еуроның АҚШ долларымен сауда-саттықтары өткізіледі. USDKZT және EURKZT жұптары бойынша, қалыпты мәмілелермен қатар, бір және екі күн мерзімге валюталық своп операциялары жүзеге асырылады.
Әдетте АҚШ долларының теңгеге сауда-саттығының KASE шетел валюталары нарығы айналымындағы үлесі 95 %-дан асады. Күн бойы KASE шетел валюталары бойынша үш: таңертеңгі, күндізгі және кешкі сауда-саттық сессияларын өткізеді. Бірінше екеуі мәміле жасалған күні есеп айырысуға арналған сауда-саттықтар, ал кешкі сессияда, есеп айырысу Т+1 және Т+2 сызбалары бойынша жүзеге асырылатын, валюта саудаланады.
Сауда-саттық күннің соңында әр валюталық құрал бойынша нетто-клиринг жүргізіледі. Есептесулер KASE Есеп айырысу палатасы Клирингілік палатасының мәліметтері бойынша DVP (Delivery Versus Payment - "төлемге қарсы жеткізілім") принципімен жүзеге асырылады. Валюталық нарық мүшелерінің басым бөлігі биржада теңге мен шетел валютасының мерзімдік жеткізілімі тәртіптемесінде жұмыс істейді. Валюталық нарықтың жаңа мүшелері және (немесе) жеке банктер жоғары дәрежедегі тәуекелмен сатылатын валютаның алдын ала жеткізілімі тәртіптемесінде жұмыс жасайды.
Шетел валютасы нарығында есеп айырысу бойынша KASE банк - корреспонденттері болып табылады:
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (KZT);
Deutsche Bank Trust Company Americas (USD);
The Bank of New York Mellon (USD);
Citibank N.A. (USD, EUR);
Commerzbank AG (EUR);
"Сбербанк России" ААҚ (RUB).
KASE валюталық нарығы қазақстандық экономиканың маңызды элементтерінің болып табылады. Соңғы жылдары оның үлесінеҚазақстанның банкаралық валюталық нарықтың 50-ден 83 %-на дейін тиесілі. Дәл осы жерде АҚШ долларының теңгеге орташа сараланған бағамы қалыптасады, ал келесі күні Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми бағамы болып жарияланады.
Бағалы қағаздар нарығын
Мемлекеттік бағалы қағаздар
Осы секторда, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі және Ұлттық Банкі, сондай-ақ биліктің жергілікті атқарушы органдары шығарған, облигациялары айналады. Барлық муниципалдық облигациялар мен Қаржы министрлігінің облигациялары KASE сауда-саттық жүйесінде орналастырылады. Ұлттық Банк өз ноталарын дербес түрде орналастырады.
Соңғы жылдары кемінде 200 атаудағы мемлекеттік бағалы қағаздарыKASE айналымында тұрақты болып, олардың жалпы құны 1,7 млрд. АҚШ долларын құрайды.
Үлестік бағалы қағаздар
Бүгінгі таңда осы секторда 70-тен астам эмитенттердің қаржы құралдары, негізінен қазақстандық және шетелдік компаниялардың акциялары, саудаланады. Акциялар нарығының жалпы капитализациясы 30 млрд. АҚШ құрайды. Акциялар нарығының салалық құрылымы негізінен өндіруші, энергетикалық және қаржы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz