Суық және ыстық басып емдеу әдістері. Емдік балшықтар және емдеу әдістері


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім министірлігі

Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

БӨЖ

Тақырыбы : Суық және ыстық басып емдеу әдістері.

Емдік балшықтар және емдеу әдістері

Орындаған: Көкенаев. М. М

Тексерген: Ахметжанов. О. Н

Семей 2015

ЖОСПАР:

1. Суық басып емдеу әдістері

2. Ыстық басып емдеу әдістері

3. Емдік балшықтар және емдеу әдістері

4. Қолданылған әдебиеттер

Ыстықтық-суықтықпен емдеу әдістері.

Малдәрігерлік тәжірибеде физикалық факторларды қолдану 20 ғасырдың 30-шы жалдарынан басталады. Физикалық емдеу әдісін таңдап алу аурудың жағдайына байланысты жүргізіледі.

Сумен емдеу - әртүрлі температурадағы суды емдік ретінде пайдалану тәсілі. Бұл әдіс арқылы механикалық және химиялық тітіркендіру жолдарымен кешенді түрде жоғарғы тиімділік алуға болады.

Малдәрігерлік тәжірбиеде жиі қолданылатын әдістер: сумен жуу, ылғалданған затпен денеге әсер ету, дармтампонаторларды қолдана отырып клизма қою, кампресс қою ж. т. б

Компресс (фр compresse-қысу) 4 қабаттан тұрады.

  • Сіңіргіш немесе сорғыш қабаты.
  • Су өткізбейтін қабат.
  • Жылулық қабаты.
  • Денеге бекіту, ұстап тұратын қабат.

ЫСТЫҚ КОМПРЕСС .

Ыстық компресс ауруды басады, қабынуға қарсы әсер етеді. Оны бұлшық ет, буын т. б. уырғанда белгілі бір жерді қыздыру үшін қояды.

Матаны ыстық суға малып (60°-70° температурада), 5-10 минут сайын ауыстырып отырады.

Ыстық компресс қою барысы қыздырғыш компресс қойғандағыдай.

СУЫҚ КОМПРЕСС

Суық компресс дененің бір жерін соғып алғанда, мұрын және басқа жерлер қанағанда алғашқы минуттарында қолданады;

  • дене терісін суытады;
  • соғылған жердің ауырғанын басады;
  • ауырған жерге қан ұюын азайтады.

Бірнеше рет қабатталған матаны суық суға малып алып (мұзды су болғаны дұрыс), ауырған жерге 2-3 минут қояды, мұны бірнеше рет қайталаған жөн.

БАЛШЫҚТЫҢ КӨМЕГІМЕН ЕМДЕЛЕТІН АУРУ ТҮРЛЕРІ

Аденоидтар мен полиптер. Бұндай аурумен ауыратын сырқаттарға күніне екі рет тамағын суық сумен шайып, мұрнына балшық суын тамызу керек. Бұны таңертең және кешке істеу керек.

Ондай науқастарға балшық суы мен қозанақтың тұнбасынан жасалған сусынды ішу пайдалы. Бұл өсімдікте бактерияға қарсы эфир майы бар. Бұдан басқа қозанақта органикалық қышқылдар, флавонидтер, тритерпен қосылыстары, витаминдер, гликозид арбутин, кумариндер, илік заттар және басқа да микроэлементтер болады. Балшықтың пайдалы заттарымен және минералдарымен бірге тұнба қабынуға қарсы, ауруды тыныштандыратын, жөтелге қарсы, антисептикалық және тыныштандыратын қасиеттерге ие болады.

Баспа (ангина) . Баспа кезінде қабынуды жазу үшін бір шай қасық балшықты бір стакан суға салып, әбден араластыру керек. Алынған ерітіндімен тамақты шайып, ауру күшейген жағдайда ішу керек. Балаларға кішкене лимон тілімімен бірге азғантай балшық кесегін соруға беруге болады. Ал түнде тамағы мен ішінің төменгі жағына таңғыш жасау керек.

Баспа кезінде тамаққа суық балшықты-сулы ерітіндіні, сондай-ақ су мен көктемгі қайың шырыны қосылған тұнбаны басу да жақсы көмектеседі. Шырынның орнына қайың бүршіктерінің судағы қайнатпасын немесе жапырақтарының тұнбасын пайдалануға болады. Бұл сусын ауруды тыныштандырып, зат алмасу процестерін қалыпқа келтіреді және ағзадан қалдықтарды шығарады. Бұндай балшық-қайың сусынын ішу пайдалылығымен бірге жағымды да.

Ауру жаңа басталып келе жатқан кезде дәрігерлер суық және ыстық балшықты кезек-кезек басуға кеңес береді. Суық балшықты іштің төменгі жағына, ал ыстығын тамаққа басу керек. Ыстық балшық таңғышы былай дайындалады: түкті шағын сүлгіні қайнап тұрған суға салады, содан кейін сығып, бірден ауру адамның мойнына орайды. Сүлгі суыған кезде тамаққа суық балшықтан таңғыш жасайды, іштегісін алып тастайды. Бұндай кезектестіру температура басылғанша күні бойы жасалады.

Ұйқысыздық. Ұйқысыздықпен күресу бір қарағанда жеңіл көрінгенімен, оның өз қиыншылықтары бар. Бұндай жағдайда халық емшілері ауру адамның аяғына сумен араластырылған уксустан копресс қоюды ұсынады. Сонымен бір уақытта маңдайға суық компресс жасау керек. Ол үшін балшықты ұйыған сүтпен жақсылап араластырып, осы қоспаны бірнеше қабатталған марліге салып, сосын маңдайға басу керек.

Егер ұйқысыздықтың себебі жүйке жұқаруына, қандай да бір оқиғаға күйгелектенуіне байланысты болса, онда сізге балшық итмұрынмен бірге көмектеседі. Бұл құрамдағы сусын былайша дайындалады: итмұрынның құрғақ жемістерін еттартқыштан өткізіп, ұнталғанша әбден араластырады. Егер құрғақ балшықпен араластыратын болса, оны да ұнтап, әбден араластыру керек. Осындай күйінде емдік материал ұзақ уақыт сақталады, пайдалану керек болған кезде оны стаканға салып (бір шай қасық), жылы су құяды. Біраз тұндырып қойып, кешке жұтымдап ішу керек. Итмұрын - ерекше өсімдік, оның құрамында қант, пектиндік және илік заттар, органикалық қышқылдар, витаминдер, каротин, флавонидтер, фосфор, калй, каьций, магний тұздары, темір және басқа микроэлементтер бар. Сондықтан да итмұрынды бұрыннан-ақ ұйқысыздықты және жүйке қозуын емдеуде пайдаланады.

Жүрек аурулары. Жүректің түрлі ауруларында жүрек тұсын балшық суымен ысқылау жақсы көмектеседі. Ысқылауды жай, қатты баспай, сыланып жатқан жердің температурасы көтерілетіндей етіп жүргізу керек. Қолыңыздың астындағы тері қыза бастағанда, ысқылауды тоқтатады, өйткені тері пайдалы заттардың өзіне қажетті мөлшерін сіңіріп алды.

Жүрек невроздарынан, гипертониялық аурудың бастапқы түрлерінен, жүрек қағысынан, қалқанша безінің ауруларынан, қан невроздарынан зардап шегетін ауру адамдар үшін бірдей көлемде долананың судағы тұнбасымен араластырылған балшық суын ішу пайдалы. Бұндай сусын өзінің пайдалы қасиеттерімен ерекшеленеді. Ол жүрек бұлшықеттеріне нәрлендіргіш әсер беріп, оның қысқаруын күшейтеді, жүрек қан тамырларындағы және мидағы қан айналысын жақсартады, жүрек жиырылуы ырғағын бәсеңдетеді, қандағы холестеринді азайтады. Сонымен бірге ол қан қысымын бір шама төмендетеді, іскенді, ауырғанды және жүректегі ауырлық сезімін басады, демікпеден арылтып, ауру адамның жалпы жағдайын жақсартады.

Құлақтың қабынуы. Аурулардың көбісі суық тигеннен немесе есту аппаратына бөгде зат кіріп кеткеннен болады. Құлақ қатты ауырып, кейде қан немесе ірің пайда болады.

Алдында айтылғандай, кейбір ауруларды кәдімгі қызыл кірпіштің көмегімен емдеген. Кірпіш қазіргі күні де көмектеседі. Мысалы, егер қызыл балшықтан жасалған кірпішті жақсылап қыздырып, төсектің жанына астына биіктеу тұғыр қойып, төсекке ауруды жатқызады. Мұнда аурудың құлағы мен кірпіштің арасы өте алыс болмауы керек, бірақ құлақты күйдіретіндей жақын да болмауы тиіс. Алғашқы кезде жағымсыз болуы мүмкін, бірақ біраз уақыт өткен соң, аурудың басылғаны байқалады.

Сондай-ақ балшық суына батырылған матаны немесе мақтаны құлаққа салуға болады. Емдік әсерін жеделдету үшін матаны жиі ауыстырып отыру керек.

Көтеу (геморрой), тік ішектің түсуі. Көтеуде қолданылатын халық емі - балшықты жағу. Сондай-ақ балшық ұнтағын қабылдау керек. Оны пайдалану жақсы нәтижелер береді. Бірақ ең жақсысы балшықтан клизмалар жасау және шайыну. Зығыр дәндерінің қайнатпасы мен балшық суынан жасалған клизма анағұрлым тиімді болып саналады. Бұл қоспаны дайындау үшін бір ас қасық зығыр дәнін бір литр суда қайнатып алып, сосын 20 минут баяу отта ұстау керек. Содан кейін сұйықтықты салқындатып, тұндырып, балшық суымен араластырады.

Бұндай клизманы аптасына төрт реттен асырмай жасау керек, бұл оны әсерлі етеді және ағзаның үйреніп кетпеуін қамтамасыз етеді. Сонымен бірге емді қарапайым клизмадан бастау керек, сосын аз мөлшерде бірте-бірте ерітіндіні қосу керек, кейіннен мөлшерін көбейтуге де болады. Ем барысында ет тағамдарын шектеуге тырысу керек, өйткені ол сіздің ағзаңызды, асқазаныңызды онан сайын ластайды. Дұрысы вегетариандық тамақтануға көшу керек, өйткені ол пайдалы әрі балшықпен емделумен бірге тамаша нәтижелер береді.

Ал көтеу сізді ешқашан мазаламас үшін, дәретхана қағазының орнына анда-санда балшық кесегін пайдаланыңыз.

Сары ауру. Бауырдың қабынуын (немесе сары ауруды) бауыр тұсына балшық басу арқылы емдейді. Сары аурумен көбінесе балалар ауырады. Оларға күні бойы лимон шырыны қосылған балшық суын ішкізу керек. Ересектерге балшық суын жолжелкен немесе жусан тұнбасымен араластыру керек. Бірден ескертетін жағдай - ем басталған кезде аурудың қозуы мүмкін, бұл тазару процесінің нәтижесі.

Көздің сарғыштығын азайту үшін әлсіз балшық-су ерітіндісін көзге тамызады, ал денеден өтті шығару үшін көк немесе тіпті қарапайым балшық қосылаған ванна қабылдау керек.

Тыныс алу органдарының аурулары. Бронхит, өкпе қабынуы, өкпе қабының қабынуы, туберкулез, жай жөтел, қан құсқанда балшық суын ішіп, күніне екі рет кеудені үгілген сарымсақ қосылған сұйық балшықпен ысқылау керек. Жөтелген кезде кеуде мен тамаққа балшық басып, мезгіл-мезгіл кішкене балшық кесегін сору керек.

Мұрыннан су ағу, гайморит, синусит, мұрынның түймешіктері мен шөп таяқшасы қызбасында мұрынға, маңдайға және бетке балшық басу жақсы көмектеседі. Танауды балшық суымен шаю да артық емес, ал мұрыннан қан ағатын жағдайда балшық суына батырылған мақтаны танауға тығып қою керек.

Ас қорыту органдарының аурулары. Бұл аурулардың қатарына гастрит, қыжыл, асқазан жарасы, ішек түйілулері, энтероколит, іштің қатуы және т. б. жатады. Аталған аурулардың кез келгенінде балшық суын күніне екі рет тамақтың алдында қабылдаған дұрыс. Бұл жағдайда судың мөлшерін бірте-бірте көбейтіп отыру керек, ал түнде ішке балшық басу керек.

Асқазан-ішек жолдарына түскен балшықтың радиоактивті бөлшектері асқазан мен ішектің шырышты қабығының жұмысын жақсартып, олардың ас қорыту жұмысын белсенді етеді. Ал бұл өз кезегінде бүкіл ағзаның жұмысына әсер етеді. Сонымен бірге балшық асқазанды қалдықтардан тазартуға көмектеседі. Оның ішкі улардың барлық түрін сіңіру қабілеті бар. Оларды зарарсыздандырып сыртқа шығарады, тіпті барлық патогендік микробтарды өлтіреді. Ақ балшық - коалиннің пайдасы ерекше.

Балшықпен емді бастағаннан кейін ішіңіз қатып қалса, одан қорқудың қажеті жоқ. Іштің қатуы сізде шынымен де асқазан-ішек жолдарының аурулары бар екендігінің дәлелі, іштегі жиналған қалдықтардың бәрі бірдей шыға алмайды. Бұл кезеңде суды көп ішпеуге тырысыңыз, жұтымдап, бірте-бірте мөлшерін

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Емдік балшықтар және емдеу әдістері
Суық пен ыстық басып емдеу әдістері
Суық және ыстық басып емдеу әдістері
Суық және ыстық басып емдеу әдістері. емдік балшықтар және емдеу әдістері жайлы
Емдік балшықтар және емдеу әдістері. Суық және ыстық басып емдеу әдістері
Емдік балшықпен емдеу әдістері
ТҰЩЫ СУ ЖӘНЕ ЖЫЛУМЕН ЕМДЕУ
Суық және ыстық басып емдеу әдістері жайлы ақпарат
Курорттар мен санаториялардың негізгі топтары
Санаториялық-курорттық емдеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz