ҚР стандарттау мен сертификаттау саласындағы саясаты


ҚР Білім және Ғылым Министрлігі.
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
СӨЖ
Тақырыбы : ҚР стандарттау мен сертификаттау саласындағы саясаты
Тексерген : Тойкин С. Х
Орындаған : Кыдыралинов Е. Н
Топ:ГМУ-209
Семей 2015
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитеті.
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитеті (Мемстандарт) (2002-2004)
ҚР Президентінің 2002 ж. 28 тамыздағы Жарлығына[1] сәйкес ҚР Үкіметінің 2002 ж. 12 қыркүйектегі қаулысымен[2] құрылды. ҚР Үкіметінің 2002 ж. 18 қарашадағы қаулысымен[3] таратылған ҚР Экономика және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетінің мүлкі жаңа қүрылған комитетке берілді.
ҚР Үкіметінің 2002 ж. 18 қарашадағы қаулысымен4 комитет туралы ереже және оның қүрылымы бекітілді. Ережеге сәйкес комитет заңнамаға сәйкес ҚР Индустрия және сауда министрлігінің қүзіреті шегінде арнаулы атқару және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ стандарттау, метрология және сертификаттау саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асырған ведомство болып табылды.
Комитеттің негізгі міндеттері мыналар болды : стандарттау, метрология, сертификаттау саласында мемлекеттік саясатты әзірлеу мен іске асыруға қатысу; стандарттау, метрология, сертификаттау саласында мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметтерін үйлестіру; ҚР стандарттаудың, сертификаттаудың, өлшемдер бірлігі мен эталондық базасын қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйелерін жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру; ҚР-ң негіз қалаушы мемлекеттік стандарттарын әзірлеуді қамтамасыз ету; стандарттау, метрология, сертификаттау саласында білікті кадрлар даярлауға қайта даярлауға қатысу; техникалық-экономикалық ақпаратты жіктеу және кодтау, өнімдерді тізімдемелеу жөніндегі мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметін үйлестіру; стандарттау, метрология және сертификаттау саласында іргелі зерттеулердің жүргізілуін ұйымдастыру; стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі нормативтік құжаттардың міндетті талаптарының сақталуына, өнім сапасына, өлшем құралдарының жай-күйі мен қолданылуына мемлекеттік қадағалау жүргізуді ұйымдастыру, сондай-ақ сертификаттау жөніндегі тіркелген органдардың және сынақ зертханаларының, орталықтарының қызметін бақылау; сертификаттау, сертификаттық сынақтар, өлшемдерді орындау әдістемелерін әзірлеу және аттестаттау, олардың үлгісін және бекітілген үлгісіне сәйкестігін бекіту мақсатында өлшем құралдарын салыстырып тексеру, калибрлеу және сынау жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына мемлекеттік сертификаттау жүйелерінде тіркеу және ұйымдардың өлшем бірлігін қамтамасыз ету; бастапқы тексеру құқығына үлгіні бекіту және техникалық құзіреті мақсаттары үшін өлшем құралдары сынақтарын жүргізуді ұйымдастыру және оған қатысу.
Комитеттің құрылымы мынадай болды : басшылық; стандарттау, метрология және сертификаттау басмқармасы; ұйымдастыру және құқықтық жұмыс басқармасы.
ҚР Үкіметінің 2003 ж. 18 қыркүйектегі қаулысымен[4] ҚР Индустрия және сауда министрлігінің мемлекеттік мекемелері-аумақтық органдары комитеттің мемлекеттік мекемелері - аумақтық бөлімшелері болып қайта аталды. Осыған сәйкес комитет туралы ережеге мынадай толықтыру енгізілді: "Комитеттің Астана жіне Алматы қалалары мен облыстарда мемлекеттік мекемелері - аумақтық бөлімшелері бар".
Комитеттің құрылымы мынадай жаңа редакцияда бекітілді : басшылық; ұйымдастыру-құқықтық жұмыстар және мемлекеттік қадағалау басқармасы; стандарттау, метрология және сертификаттау және техникалық саясат басқармасы. ҚР Үкіметінің 2004 ж. 26 қарашадағы қаулысымен[5] комитет министрліктің Техникалық реттеу және метрология комитеті болып қайта аталды. [6]
Дереккөздер[өңдеу]
Жоғарыға көтеріліңіз↑ "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы" ҚР Президентінің 2002 ж. 28 тамыздағы № 931 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 28, 307-бап) .
Жоғарыға көтеріліңіз↑ "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2002 ж. 12 қыркүйектегі № 996 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 30, 330-бап) .
Жоғарыға көтеріліңіз↑ "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелері" ҚР Үкіметінің 2002 ж. 18 қарашадағы № 1220 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 41, 414-бап) .
Жоғарыға көтеріліңіз↑ "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелері" ҚР Үкіметінің 2003 ж. 18 қыркүйектегі № 951 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2003, № 38, 385-бап) .
Жоғарыға көтеріліңіз↑ "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелері ҚР Үкіметінің 2004 ж. 26 қарашадаңы № 1237 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 47, 586-бап) .
Жоғарыға көтеріліңіз↑ Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж. ) Анықтамаламық: Екінші шығарылым. /Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. - Жауапты редактор: В. Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007. ISBN 9965-602-37-9
Стандарттау - бұл ең ұтымды нормаларды табатын қызмет, ал содан соқ стандарттың үлгілерді, нұсқауларды өнімді әзірлеудегі талап әдістемелерді нормативтік құжаттарға тағайындап қояды. Стандарттаудың басты міндеті халық шаруашылығының, халықтық еліміздің базасының, экспорт мұқтажы үшін шығарылған өнімге үдемелі талаптарды анықтайтын, сол сияқты осы құжаттарды дұрыс пайдалануды бақылау нормативтік-техникалық жүйе жасау болып табылады.
Қазақстан Республикасында стандарттау жөнінде мынадай нормативтік құжаттар бар:
• Қазақстан Республикасы мемлекетінің стандарттары (Гост) ;
• салалық стандарттар (ССТ) ;
• техникалық жағдайлар (ТЖ) ;
• кәсіпорындар, бірлестіктер, қауымдастықтар, концерндер стандарттары;
• ғылыми-техникалық қоғамдар, инженерлік одақтар және басқа да қоғамдық ұйымдардың стандарттары.
Өнімнің арттыруда стандарттау мен сертификаттаудың маңыздылығы
Өнім мен қызметтерді сертификаттаудың негізгі мақсаты - адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, өнім мен оған жасалатын қызметтің сапасын бағалап, тұтынушының мүддесін қорғау.
Республикамызда өндірілетін және шет елдерден әкелінетін азық-түлік пен тағамдық өнімдердің, шикізаттардың адам өмірі үшін қауіпсіз, сапасы да сұраныс деңгейінде болуы тиіс. Өндірілетін өнімнің және көрсетілетін қызметтің сапасы тұтынушылардың сұраныс талабына сай болуы үшін, өндірілетін сапа көрсеткіштерін және өнім мен қызмет сапасын сертификаттап, жоғары сапалы тауар шығаруға және ол өнімдердің сапасы ішкі және халықаралық бәсекелестікке лайық қамтамасыз етілуі қажет.
ҚР - ның мемлекеттік сертификаттау жүйесінде сертификаттау мына принципте жүргізіледі:
өнім туралы мәліметтің дұрыстығын қамтамасыз ету;
өндіруші мен тұтынушының тәуелсіздігі;
сынақтың кәсіби түрде өтуі;
шетелдік өтініш берушілерге қысым жасамау;
өтініш берушінің сертификаттау органын, сынақ зертханасын таңдап алуға еріктілігі және сертификаттауға қатысатын адамдардың жауапкершілігі;
сертификаттау туралы ақпарат ашықтығы немесе сертификат уақытының біткендігі, жойылғандығы жөніндегі ақпарат;
сертификаттау объектілерінің ерекшелігін ескере отырып, өндіру және тұтынуды сараптауға қажетті сынақ тәсілінің көп түрлілігі;
сертификаттау жұмысында ИСО/ХЭК аймақтық ұйымдардың, халықаралық құжаттардың нұсқаулары мен ережелерін пайдалану;
ҚР қатынасатын көп жақты және екі жақты келісімдері бар шетелдік сертификаттау органдарының аккредитацияланған сынақ зертханаларының сертификатталатын және сәйкестік белгісін ҚР-да тану.
ҚР - ның мемлекеттік стандарттау комитетінің мәліметі бойынша еліміздегі өндірілетін өнімнің 70%-ы сертификатталады. Қазақстанда міндетті түрде сертификаттауға жататын, қауіпті деп есептелетін өнімнің үлесі 85%-ды құрайды. Сондықтан өнімді сертификаттау қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің біріне айналды.
ИСО Халықаралық Ұйымының сертификаттау саласындағы негізгі қызметі - ұйымдастырушылық-әдістемелігімен қамтамасыз ету. Қазіргі таңда бұл аумақта сапа және сертификаттау комитеті (ССК) жұмыс жасайды. Бұл ұйым халықаралық электр комитеті (ХЭК), халықаралық сауда орталығы (ХСО), БҰҰ, сауда және өркендеу конфедерациясы ұйымдарымен бірігіп жасаған «Сертификаттау принципі мен тәжірибесі» жасаған зерттеулері нәтижесінде құрылды.
ССК ұйымына 50 ел қатысады. Олардың қызметіне:
әртүрлі елдерде өнімді бағалау және сапаны қамтамасыз ету жүйесінің тәсілдерін зерттеу;
өнімдерді, процестерді, қызметтерді сонымен қатар сынақ лабораторияларының сертификаттау органдарының сапа жүйесін қамтамасыз етудегі сынақ басшылығын, инспекциялық бақылауды сертификаттауды дайындау;
ұлтық регионалды сапа жүйесін қамтамасыз етіп және халықаралық сынақ стандарттарын сынауды, бақылауды, сертификаттауды өзара тануда көмек жасау.
ИСО сертификаттау саласында ХЭК-пен бірге жұмыс жасауда негіз болатын ИСО/ХЭК 28 нұсқауы «Үшінші жақпен өнімді сертификаттаудың жалпы типтік ережесі» ұлттық сертификаттау жүйесінің негізі ретінде пайдаланылады.
ҚР - да өнімнің сапасын қамтамасыз ету үшін стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекеттік Комитет жұмыс істейді. Бұл орган мемлекеттік стандарттарға сәйкес талаптардың дұрыстығына бақылау жасайды. Бұл органнан басқа өнімнің сапасын бақылауда сапаны мемлекеттік реттеу және бақылаудағы экология жөніндегі инспекция, халықаралық санитарлық - эпидемиологиялық шарттарды орындауы, өнеркәсіп комитеті және т. б. Бұл жоғарыда аталған органдарды сапаны реттеудегі мемлекеттік институттарға жатқызуға болады. Олар өз қызметтерін сапаны реттеу жөніндегі заңдық актілері негізінде жүргізеді. Оларға: «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау», «Стандарттау», «Сертификаттау» «Бірлік өлшемді қамтамасыз ету» заңдары жатады.
Сертификаттау - бұл өндірілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің нормативтік құжатта белгіленген белгілі бір талаптарға, стандарттарға сай екендігін білдіретін жазбаша құжат болып табылады.
Стандарттау басқарудың нормативтік әдістерімен сипатталады. Ол объектілерге белгілі бір нормалар мен ережелер арқылы әсер етеді және нормативтік құжат түрінде жазылып, заңдық күшке ие құжат болып табылады.
Стандарт - бұл өнім сапасына негізгі талаптарды бекітетін нормативтік-техникалық құжат болып табылады.
Мемлекеттік стандартау - басқару деңгейінің барлық сатыларында таралып, қоғам мен өнім мен қызметті негізгі тұтынушылардың қызығушылықтарын қорғау ретінде қолданылады.
ИСО 9000 сериялы стандарттары - өнімнің жасалу процесіндегі өнім сапасына әсер ететін заңдық базаларын, тұтынушылардың рөлін, талаптарының сақталуына кепілдік береді.
Өнімдер, қызметтер мен процестерді ҚР - ның заңнамасына сәйкес стандарттаудың мақсаты төмендегідей:
өнімдер мен қызметтерге нормалар белгілеу;
қоршаған ортаны қорғау, өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
өнімнің сыртқы және ішкі нарықта қамтамасыз ету;
бірлік өлшемді қамтамасыз ету;
барлық ресурстарды сақтау және тиімді пайдалану;
Еліміздің қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету;
сапа төңірегінде тұтынушылар қызығушылықтарын қорғау.
Сапаны қамтамасыз етуде жоғарыда аталған заңнамалардан басқа, Үкіметтің «Сапасыз тауарлардың ҚР территориясына кіруіне кедергі жасау» 29 сәуір 1999ж. жеке қаулысы да қызмет етеді.
Бұл Үкімет қаулысы ҚР - на келетін сапасыз импорт тауарларының жойылуына, тұтынушыларды сапасыз тауарлардан сақтауға қол жеткізеді. ҚР территориясына импорт тауарлары келесідей жағдайда кіргізілмейді:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz