Химиялық-токсикологиялық зерттеулерге сынама алу қағидасы және оны жеткізу талабы



I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1. Токсикоздар
2.2. Улы заттармен ластанған еттерден үлгі алу мен жіберу
2.3. Метал улар мен күшаланы анықтау
2.4. Еттегі сынапты анықтау

III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Бұрыңғы әдеби құралдардан белгілі адам және мал дәрігері еттің сапасын анықтағаннан кейін, тағамға пайдаланған соң адамдар ауырған. Ал бұндай жағдай адам мал дәрігерін қатты ойландырып, алдарына үлкен міндеттер қояды.
Дүние жүзінін ғалымдары бұл жұмбақты көпке дейін шеше алмады. Кейбіреулер бұның себебі, еттің құрамында кей жағдайларда пайда болатын көгерткіш қышқылдың ( синильная кислота) әсерінен, ал біреулері нашар қалайыланған ыдыста тағамды қайнатқанда мыс тұздары пайда болып, солар уландырады деп түсіндірді.
Бұзылған етте болатыны анықталғаннан кейін, аурудың себебін белгілі бір жүйеде зерттей бастайды. Осы кезде ауру малдың етін пайдаланғанда болатын адам аурулары жөнінде еңбектер пайда бола бастады.
Өткен ғасырдың аяғында медицина және мал дәрігерлік микробиология дамыған кезде, еттен уланған паратифозды бактериялар (кейбір аурулардың қоздырғыштары) деп саналынды. Бұл қоздырғыштар етте дамып, улы заттар жинала береді. Ал етпен бірге адам денесіне өткенде, өте қауіпті ауру туғызады
1. Е.М.Қорабаев, Н.А.Заманбеков, Ә.М.Өтенов, Б.Д.САйтжанов, Н.К.Көбдіков, А.А.Байниязов «Токсикология» Алматы 2011 жыл
2. Н.А.Заманбеков, А.А.Байниязов «Фито-фармакология» Алматы 2009 жыл
3. К.Н.Қожанов,Г.Н. Тойкина «Малдың азықтан уланулары» Семей 2010 жыл
4. Дүйсембаев С.Т «Ветеринариялық-санитариялық сараптау» Алматы 2013 жыл

Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті Аграрлық факультеті
Ветеринариялық медицина кафедрасы

БӨЖ
Тақырыбы: Химиялық-токсикологиялық зерттеулерге сынама алу қағидасы және оны жеткізу талабы.

Орындаған: Қуаныш С.
Топ: ВС-203
Тексерген: Билялов Е.Е.

Семей 2015 жыл
Жоспар
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1. Токсикоздар
2.2. Улы заттармен ластанған еттерден үлгі алу мен жіберу
2.3. Метал улар мен күшаланы анықтау
2.4. Еттегі сынапты анықтау

III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Бұрыңғы әдеби құралдардан белгілі адам және мал дәрігері еттің сапасын анықтағаннан кейін, тағамға пайдаланған соң адамдар ауырған. Ал бұндай жағдай адам мал дәрігерін қатты ойландырып, алдарына үлкен міндеттер қояды.
Дүние жүзінін ғалымдары бұл жұмбақты көпке дейін шеше алмады. Кейбіреулер бұның себебі, еттің құрамында кей жағдайларда пайда болатын көгерткіш қышқылдың ( синильная кислота) әсерінен, ал біреулері нашар қалайыланған ыдыста тағамды қайнатқанда мыс тұздары пайда болып, солар уландырады деп түсіндірді.
Бұзылған етте болатыны анықталғаннан кейін, аурудың себебін белгілі бір жүйеде зерттей бастайды. Осы кезде ауру малдың етін пайдаланғанда болатын адам аурулары жөнінде еңбектер пайда бола бастады.
Өткен ғасырдың аяғында медицина және мал дәрігерлік микробиология дамыған кезде, еттен уланған паратифозды бактериялар (кейбір аурулардың қоздырғыштары) деп саналынды. Бұл қоздырғыштар етте дамып, улы заттар жинала береді. Ал етпен бірге адам денесіне өткенде, өте қауіпті ауру туғызады
Адам мен жануарлардың уланғанын ғалымдар бірге қарап, етті уландыратын қоздырғыштарды жинақтай отырып, 4 топқа бөледі. Оның негізгілері болып ботулинус бацилласы және паратифозды бактериялар саналынып, қалғандары уыты күмәнді және нашар зерттелген микроорганизмдер қатарына жатқызылды.
Қоздырғыштарды бұндай бөлу, уланудың бар сұрағын ашпаса да, еттен болатын улануды әрі қарай зерттеуге үлкен жол ашып берді. Мысалы:
Зерттеушілердің қорытындылауынша, улану тек қана етте болатын улардан басқа, әртүрлі улы химиялық заттар және жануарлар мен өсімдіктерден алынатын өнімдер де ауру (токсикоздар) туғызады. Бұдан басқа кейбір балықтардың еті, уылдырығы, бауыры, аналық клеткалары өзінің табиғатында уытты болып келеді, білместіктен тағамға пайдаланса, токсикоздар туғызады.

II. Негізгі бөлім
2.1. Токсикоздар

Бактериялар бөлген уыты бар тамақты жеп уланған адамның ауруының атын тағамдық бактериялармен улануы немесе тағамдық токсикоз деп атады, ал өсімдікпен уланғанда - фитотоксикоз ; егер де саңырауқұлақтың улы заттарымен уланғанда - тағамдық микотоксикоз немесе қазақшаласақ тағамдық саңырауқұлақтармен улану , ал минеральді және синтездік (синтетикалық) заттармен уланғанды - тағамдық химиялық улану немесе тағамдық химиялық токсикоз. Сондықтан бұндай бағыт барлық улануды біріктіріп, бір ғана топқа жинақтауға көмек берді және оған мынандай анықтама берілді. Сойыс малдарының өнімдері адамдарда пайда болатын індетті және инвазиялық ауруларлдың ( топалаң, туберкулез, бруцеллез, тениарринхоз) көзі болуы мүмкін. Одан басқа аурулар тудыры да, олар токсикоинфекция және токсикоз деп аталады. Бұлардың барлығы тек азықтан болатын аурулар, оларды екі топқа бөледі.

2.2. Улы заттармен ластанған еттерден үлгі алу мен жіберу
Лабораториялық зерттеу үшін ұшаның әр мүшесінен 500г үлгі алады. Ішкі құрылысынан 250г алады. Хлороорганикалық пестицидпен уланды деген күдік болса май (бүйрек майы) 250г алады. Зерттеу үшін қарын 0,5кг, ащы ішек 0,5м, тоқ ішек 0,5м ішіндегісімен қоса, әбден зақымданған бөліктерін алады. Улау ошағын анықтау үшін жем қалдығын және улану себебі болды деген улы зат үлгісін қоса жібереді.
Сойыс өнімдерінің партиясы көп болса, үлгіні 100 бастан-3, 100-200 бастан-5, 500 бастан көп болса-10 бастан алады. Ал, құс ұшасын тұтастай жібереді.
Егер, зертханада токсикологиялық, бактериологиялық зерттеу қатар жүретін болса үлгілер Мем СТ 21237-75 Ет. Бактериологиялық сараптама әдістері-де көрсетілгендей алынады. Тек қана үлгілер салмағы жоғары болады.
Үлгілерді бөлек-бөлек полиэтилен қабықша не пергаментке орап, таза полиэтилен не полипропиген пакетке, ыдысқа, қапқа не дұрыс жабылатын таза шыны ыдысқа салады. Ыдысты мөрлеп, пломбылайды. Үлгі консервіленбей жіберіледі, тек зертханаға жеткенше 3-4күн өтетіндей болса ғана консервілейді. Консервант ретінде 960 спирт-ректификат қолданылады. 2бөлім үлгіге 1бөлім спирт.
Зертханаға жіберілген жолдама құжатта: өнім атауы, саны, кәсіпорын не шаруашылықтың мекен-жайы, үлгілер тізімі, салмағымен қоса, шаруашылықтың жұқпалы аурулардан тазалығы, зерттеуге жіберілу себебі, клиникалық және патологоанатомиялық белгілері болжаулы балау, қандай улы заттарға тексеру, қажеттілігі, үлгілерді алу уақыты мен зерттеуге жібергеннің қолы, аты-жөні, танысып, мөр, пломбыны тексеріп, құжат бойынша үлгілердің тізімімен тексереді.
Кейде улану себебін заттың түсіне қарай да айтуға болады. Динитроортокрезол, нитрофен, азот қышқылымен уланса-сарғыш түске боялады. Алқызыл түс болса-қианды құрлыммен, қоңыр болса-нитраттармен уланған. Жасыл, көк, күлгін түстер-мыс препараттармен, анилин бояғыштармен уланған деп қорытынды жасайды.
Иісін анықтау үшін үлгінің бірнеше грамын химиялық стаканға салып, күкірт қышқылымен қышқылдандырып, су моншасында 40-500 С температурада ыстыады. Егер үлгі балғын болса, кейбір химиялық заттардың өзіндік иісі химия-токсикологиялық сараптамада көмек. Мысалы, синильді қышқыл, тұзы, нитробензол-зерттеулердегі затқа-ащы, миндаль иісін, гексахлоран-көгерген иіс, фосфор-сарымсақ иіін шығарады.
Зертханада токсикологиялық зерттеу алдында түскен үлгілерді үшке бөледі. Біреуін-негізгі сараптамаға, екіншісін-қосымшаға, үшіншісін-мөрлеп, сақтауға қояды, оны қайтара тексеру қажеттілігі туса, пайдаланады.

2.3. Метал улар мен күшаланы анықтау
o Жұмыс жоспары:
+ Зерттелетін үлгіде минерализациялауды жүргізу.
+ Қорғасын, барий, мырыш, мысқа сапалы реакция қою.
+ Күшәлә мен сынапты сандық және сапалы анықтау жүргізу.

Материалды минералдау.
Күшәлә мен метал улар биологиялық материалда ақуыздар мен толық байланыста тұрады. оларды анықтау үшін альбулинаттарды бұзу керек. Күкірт және азот қышқылымен қышқылдап барып бұзады.
Құралдар мен реактивтер.
Уланған мал еті мен мүшелері-100г. 500мл кьелдал құтысы, зертханалық штатив, электрлі пеш, қысқыш, қайшы, 200мл стакан, қағаз сүзгіш, 100мл өлшеуіш цилиндр, бөліндісі бар мойын құты, келі, фарфор ыдыс, тамызғыш, күкірт пен азот қышқылының конценртленгені, қосылған-араласқан азот қышқылы (1-1), формалин, хлор қышқылының 42 пайыз ерітіндісі, күкірт қышқылындағы дифениламин ерітіндісі.
Жұмыс реті: Зерттелетін затты келід әбден ұсақтап, кьелдал құтысына салып, 25мл дистильденген су, концентрленген азот пен күкірт қышқылын құяды. Минерализация тез жүру үшін 42пайыз хлор қышқылынан 25мл қосады. Зертхана штативіне құтыны ұзынынан бекітеді. Үстінен өлшегішті мойынқұтысын араласқан азот қышқылымен 1:1 бекітеді. Құтыны электрлі пеште қыздырады. әбден сұйықтық түсі қарайғанша қыздырып отырып, тамшылап, араласқан азот қышқылын қосады. Құты ішіндегі сұйықтық түссіз түрге енгенше, HNO3 қосқандағы түсі бір қалыпқа еніп болса, енді оны қоспай қыздырады. SO2 ақ буы шыққанша құтыны суытып, сұйықтықты 200мл стаканға құяды. Минерализатта азот қышқылдығы жоғын, күкірт қышқылындағы дифениламин ерітіндісімен анықтайды. Азот қышқылы болмаса, көк бояу шығады. Одан кейін минерализатқа тамшылап формалин қосады, одан сұйықтықты қыздырып, формалин қалдығын алады. Суыған сұйықтықты 180-190мл су қосып, 18-20сағат бөлме температурасында ұстайды. Қорғасын, барий сульфат болып, түбіне түседі. Оны қағаз сүзгішпен сүзіп алады. өлшеуіш құтыдағы филтратты сумен 200мл қылып, марганец, хром, күміс, мыс, мырыш, күшәләға зерттейді.

Мысты табу.
Құрал мен реактивтер: минерилизат фильтраты, штатив, өлшеуішті құтымойын, колба, 2пробирка, технохимиялық таразы, аммоний ерітіндісі, тетрародано-меркурат, 2,4 динитрофенол, 5% калий ферроцианид ерітіндісі, 2% хлорлы кадмий, 1% хлорлы сынап, су ерітіндісі, хлороформ, мырыш сульфаты.
Жұмыс реті: Мойынқұтыға 10мл минералзат, оған бірнеше тамшы 2,4 динитрофенол мен тамшы 25% аммоний гидроқышқылын сары түске боялғанша қосады. 5мл диэтилдитиокарбаминат қорғасынның қосып сілкілейді. Хлораформ қабаты сарыдан қоңыр түске дейін өзгереді. Хлороформ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Химиялық-токсикологиялық зерттеулерге сынама алу қағидасы
Химиялық - токсикологиялық зерттеулерге сынама алу қағидасы және оны жеткізу талабы туралы ақпарат
Химиялық-токсикологиялық зерттеулерге сынама алу қағидасы және оны жеткізу талабы жайлы
Ветеринарлық-санитарлы экспертиза
Улану түрлері
КҮНДЕЛІК ПЕН ЕСЕПТІ РӘСІМДЕУ ТӘРТІБІ
Удың ағзаға ену жолдары
Улы заттардың жіктелуі
Уланған малдың сойыс өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау
Тағамдық өнімдердегі токсиндік затты анықтауда қолданылатын заманауи әдістермен техникалық аппаратуралар
Пәндер