Астық өнімдерін сақтау



КІРІСПЕ
1.1. Өнімді сақтаудың қысқаша тарихы
1.2. Астық сақтаудың негізгі тәсілдері
1.2.1. Астықты құрғатып( кептіру) сақтау.
1.2.2. Астықты салқындатып сақтау.
1.2.3. Астықты ауасыз (оттегісіз) ортада сақтау.
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Адамзат өсімдік өнімдерін, тіпті жабайы өсімдік дәндерін азық ретінде пайдаланғаннан бастап, оны сақтаумен айналысып келеді. Өсімдік дәндері әсіресе мәдени дақыл дәндері жылдың бір мезгілінде ғана өнім беретіндіктен және сол өнімді жыл бойы тұрақты түрде бір қалыпты тұтыну қажет болғандықтан өнімді сақтау мерзімін арттыруға оның сапасын жетілдіруге бағытталған жұмыстар жүргізілген. Азықтың бұл түрін сақтау үшін әртүрлі жер асты қамбалары, ағаштан, тастан жасалған жер бетіндегі қоймлар пайдаланылады. Оларға мүмкіндігінше қолайлы жағдай жасау арқылы сақтау мерзімін арттырып отырады. Ол туралы мәліметтер археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу барысында көптеп табылған. Солардың бірі ретінде осыдан 700-800 жыл бұрын Қап тауында жер астына көмілген жалпы сыйымдылығы 750 т болатын, көлемі әртүрлі 80-нен астам қыш құмыраларды айтуға болады.
1. Ізтаев.Ә.І, Ермекбаев С.Б «Өсімдік шаруашылығы негізінде астықтану», Алматы, 2014.
2. Ізтаев.Ә.І, Отыншиев Б «Астықтану және диқаншылық негіздері», Алматы «Қайнар» 1994.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

БӨЖ

Тақырып: Астық өнімдерін сақтау

Орындаған: Байкероева А
Тексерген: Мухаметжанова О.Т.
Топ: АГ-213

2015жыл
ЖОСПАР:
КІРІСПЕ
0.1. Өнімді сақтаудың қысқаша тарихы
0.2. Астық сақтаудың негізгі тәсілдері
1.0.1. Астықты құрғатып( кептіру) сақтау.
2.0.2. Астықты салқындатып сақтау.
3.0.3. Астықты ауасыз (оттегісіз) ортада сақтау.
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

3.1 Өнімді сақтаудың қысқаша тарихы
Адамзат өсімдік өнімдерін, тіпті жабайы өсімдік дәндерін азық ретінде пайдаланғаннан бастап, оны сақтаумен айналысып келеді. Өсімдік дәндері әсіресе мәдени дақыл дәндері жылдың бір мезгілінде ғана өнім беретіндіктен және сол өнімді жыл бойы тұрақты түрде бір қалыпты тұтыну қажет болғандықтан өнімді сақтау мерзімін арттыруға оның сапасын жетілдіруге бағытталған жұмыстар жүргізілген. Азықтың бұл түрін сақтау үшін әртүрлі жер асты қамбалары, ағаштан, тастан жасалған жер бетіндегі қоймлар пайдаланылады. Оларға мүмкіндігінше қолайлы жағдай жасау арқылы сақтау мерзімін арттырып отырады. Ол туралы мәліметтер археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу барысында көптеп табылған. Солардың бірі ретінде осыдан 700-800 жыл бұрын Қап тауында жер астына көмілген жалпы сыйымдылығы 750 т болатын, көлемі әртүрлі 80-нен астам қыш құмыраларды айтуға болады.
Египетте , Таяу Шығыс елдерінде де дәл осындай тәсілдермен өнімді сақтау жүзеге асырылып отырылған. Осыған ұқсас деректерді көптеп келтіруге болады.
Кейіннен көптеген ғылымның ,оның ішінде математика, физика,химия,микробиология т.б. ғылымдардың дамуы әсерінен өнімді сақтау ғылыми жолға қойыла бастады. Олардың алғшқысы Американың Чикаго қаласында 1839 жылы іске қосылды. Көп уақыт өтпей мұндай элеватор Еуропа елдерінде, Ресейдің портты қалаларында да салына бастады.
Қазақстанда элеватор құрылысы 1920-1930 жылдары басталса, ірі элеваторлар 1950 жылдардың ортасында, яғни, тың игеру жылдарында салынды. Осы жылдары өнімді сақтаудың ғылыми базаасын қалыптастыру мақсатында ғылыми зерттеу институты ашылып , лабороториялар іске қосылды. Жоғары оқу орындарында осы салада маман кадрлар дайындау қолға алынды.

1.2 Астық сақтаудың негізгі тәсілдері
Астық сақтау тәсілдері мен ережелері оның физикалық және физиологиялық қасиеттеріне негізделген. Алайда, сақтауды ойдағыдай ұйымдастыруда астық массасының әрбір қасиетінің маңызы мен мәнін білу жеткіліксіз. Астық массасы мен қоршаған ортаның байланыстарын дұрыс пайдаланғанда ғана өнімді сақтау барынша тиімді болады.
Астықтың сапасы мен сақталу мерзіміне әсер ететін маңызды факторлар: астық массасы мен қоршаған ортаның ылғалдылығы; астық массасы мен қоршаған ортаның температурасы, астық массасында ауа алмасу процесі. Аталған факторлар сақтау ережелерінің негізін құрайды.
Кез келген шаруашылықта сақтау тәсілін таңдау барысында төмендегі жағдайлар ескерілуі тиіс:
oo Шаруашылықтың климаттық жағдайы;
oo Пайдаланылатын қойманң типі,оның сыйымдылығы;
oo Партия астықты пайдалану маұқсаты;
oo Қоймаға салған астықтың сапасы;
oo Қолданылатын сақтау тәсілінің экономикалық тиімділігі;
Ең тиімді әрі өнім сапасын қалыпты деңгейде ұстап тұратын сақтау тәсілі болып- бірнеше тәсілді кешенді түрде қолдану табылады. Мысалы, кептірілген астықты салқындатып сақтау.
Ауылшаруашылық өнімдерін сақтаудың тәсілдері өте көп. Олардың ішінде, астық массасын сақтауда келесі үш тәсіл жиі қолданылады. Олар:
* Астықты құрғатып сақтау;
* Астықты салқындатып сақтау;
* Астықты ауасыз ортада сақтау;
1.2.1 Астықты құрғатып сақтау
Бұл тәсіл Я.Я.Никитинскийдің қағидасы бойынша ксероанабиозға негізделген. Өнім құрамындағы ылғалдың мөлшерін төмендете отырып құрамындағы тірі компоненттердің тіршілігін тежеуге болады.
Астықты кептіріп сақтау тәсілі ежелден қолданылып келе жатқан өнім сапасын түсірмейтін, тұқымның енпштж касиеттерш сактап калатын, узак уакыт сактауда тиiмдiлiгi жоғары тәсіл болып табылады. Қоспадан тазартылып, улы заттармен өңделіп, салқындатылған кургак астықты бip орыннан қозғамастан астық қоймаларында 4-5 жылға дейін, элеватор силостарында 2-3 жылға дейін сақтайды. Жақсы кептірілген астықты сапасын түсірместен алыс жерлерге тасымалдауға болады.
Дегенмен, ылғалдылығы қауіптi деңгейден төмен астықтар дұрыс қарамау салдарынан бұзылуы мүмкін. Оған себеп - ылғал аз ортада тіршілік ете алатын жәндіктер мен кенелердің кебеюі. Мұндай астықты зиянкестер тіршілгін тоқтататын температуралық деңгейге дейін белсенді желдету арқылы міндетті түрде салқындату қажет.
Құрғак астықтың бұзылуының тағы бip себебі - құбылмалы ауа райы кезінде астық массасының жекелеген бөліктерінде ылғалдылықтың артуы.
Астықты кептіру тәсілі олардың сорбциялық қасиетіне негізделген. Дәннің ылғал бөлу мүмакіндігі оның анотомиялық ерекшелігі мен ірілігне байланысты болады. Кептірудің барлық тәсілдерін келесідей екі топқа бөледі:
* Арнайы жылуды қолданбай кептіру;
* Арнайы жылуды қолданып кептіру;
Кептірудің алғашқы тәсілі бойына ылғалды ciңiру қасиеті жоғары заттарды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шикізатты өнімге қайта өңдеу технологиясы
Астық сапасының міндетті көрсеткіштерін талдау
Дәнді дақылдарды сақтау
Дәнді ұнға өңдеу технологиясы
Астықты сақтаудың технологиялық тәсілдері
Ұн технологиясы
Астық өндірісі
Аралас шөп тұқымын сақтауда жүретін физиологиялық, биологиялық және микробиологиялық үрдістер
Астық қабылдау кәсіпорындары, астық өнімдері комбинаттары, элваторлар
Балық және балық өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар техникалық регламентi
Пәндер