Қ.Мұхамедхановтың зерттеу-мақалалары



І. Кіріспе
ІІ. Қ.Мұхамедхановтың зерттеу.мақалалары
ІІІ. Абайтанушы ғалым Қайым Мұхаметханұлы
ІҮ Тұжырым
V Қорытынды
V Пайдаланылған әдебиеттер.
Қайым Мұхамедхановтың ғылыми-зерттеу еңбектерінің көбі әдеби өлкетану бағытында болды. Қазақ әдебиетінде өлкелік әдебиет тарихының қолға алынып, зерттеле бастауына М.Әуезов ұйытқы болса, Қ.Мұхамедханов өзінің ғылыми шығармашылық жолында үнемі осы бағытты назарда ұстаған ғалым. Оның тарихи шындықты бұрмаламай, деректерді нақтылы дәлелдермен берген мақалалары 400-ден астам. (Ал, жалпы ғылыми еңбектерін есептесек 500- ден асады екен). Мысалы, «Халық ақыны Сапарғали Әлімбетов шығармашылығы жайында», «Мақы Шыңғысұлы Уәлиханов – алғашқы кәсіби қазақ суретшісі», «Қ.Еркебаев және С.Әлімбетов поэмаларындағы азамат соғысының батыр әйелдері Айқыз және Білісай бейнелері», «Тағы да Айқыз туралы», «І.Бораганский», «Қаракерей Қабанбай», «Бұқар жырау», «Шешен Сабыржан», «Сабыржан Ғаббасов» және тағы басқа мақалаларындағы тарихи тұлғалар ғалымның көркем шығармаларынан өз орнын алып жатты. Ал, «Абайдың бұрын жарияланбаған өлеңдері», «Түзелгені қайсы? Түсініктері қайсы?», «Қазақ әдебиетінің адал досы», «Саади Ширази», «Құдай деген сөзден құдай сақтасын» және т.б. мақала­ларындағы әдеби-танымдық, тарихи ой-түйіндер көптеген ғалымдардың болашақ зерт­теулерінің ғылыми діңгегіне айналды.
- «Қайымның қағидалары» мақаласы // Қазақ әдебиеті, №3, 16 қаңтар 2006 жыл
- Абайдың інісі, Алаштың ірісі // Ертіс өңірі.- 2004.- 23 қыркүйек.26 б.
- Мұхамедханов Қ. Шығармалар жинағы. ІІ том / Жобаның ғылыми жетекшісі, жауапты шығарушы, түсініктер берген: Т. Жұртбай. – Алматы: Алаш, 2005.
- Мұхамедханов Қ. Шығармалар жинағы. ІІІ том / Жобаның ғылыми жетекшісі, жауапты шығарушы, түсініктер берген: Т. Жұртбай. – Алматы: Алаш, 2006.
- Мұхамедханов Қ. Шығармалар жинағы. ІV том / Жобаның ғылыми жетекшісі, жауапты шығарушы, түсініктер берген: Т. Жұртбай. – Алматы: Алаш, 2006.
- Мұхамедханов Қ. Шығармалар жинағы. V том / Жобаның ғылыми жетекшісі, жауапты редактор, баспаға дайындаған: Т.Жұртбай. – Алматы: Ел-Шежіре, 2007. – Т.5. – 344 б.
- Мұхамедханов Қ. Шығармалар жинағы. VІ том / Жобаның ғылыми жетекшісі, жауапты шығарушы, түсініктер берген: Т. Жұртбай. – Алматы: Ел-Шежіре, 2008. – Т.6. – 320 б.
- Мұхамедханов Қ. Шығармалар жинағы. VІІ том / Жобаның ғылыми жетекшісі, жауапты шығарушы, түсініктер берген: Т. Жұртбай. – Алматы: Ел -Шежіре, 2009. – Т.7. – 312 б.
- Мұхамедханов Қ. Шығармалар жинағы. VІІІ том / Жобаның ғылыми жетекшісі, жауапты шығарушы, түсініктер берген: Т. Жұртбай. – Алматы: Ел-Шежіре, 2009. – Т.8. – 320 б.
- Мұхамедханов Қ. Шығармалар жинағы. ІХ том / Жобаның ғылыми жетекшісі, жауапты шығарушы, түсініктер берген: Т. Жұртбай. – Алматы: Ел-Шежіре, 2010.
- Мұхамедханов Қ. Көп томдық шығармалар жинағы. Т.10. – Алматы, «Ел-шежіре». – 2012. – 384 б.
ЕСПЕНБЕТОВ АРАП СІЛӘМҰЛЫ (1945 жылы Семей қаласы, Абай ауданы Қарауыл ауылында туған) - ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР халық ағарту саласының озық қызметкері, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің гуманитарлық заң факультетінің деканы, Қайымның шәкірті /
- «Қайсар ғалым» ( Қ. Мұхамедханов туралы) // Семей таңы.- 17 қаңтар.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ
Тақырыбы: Қ.Мұхамедхановтың зерттеу-мақалалары

Орындаған: Тарпамбай Ә.С
Тексерген: Жүндібаева А.Қ
Қя-319 с

Семей-2015 ж
Қ.Мұхамедхановтың зерттеу-мақалалары
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Қ.Мұхамедхановтың зерттеу-мақалалары
ІІІ. Абайтанушы ғалым Қайым Мұхаметханұлы
ІҮ Тұжырым
V Қорытынды
V Пайдаланылған әдебиеттер.
Кілт сөздер: зерттеу еңбектері, мақалалар, Абай, ақындық мектеп, Шәкәрімтану, әдебиет тарихы

Қайым Мұхамедхановтың ғылыми-зерттеу еңбектерінің көбі әдеби өлкетану бағытында болды. Қазақ әдебиетінде өлкелік әдебиет тарихының қолға алынып, зерттеле бастауына М.Әуезов ұйытқы болса, Қ.Мұхамедханов өзінің ғылыми шығармашылық жолында үнемі осы бағытты назарда ұстаған ғалым. Оның тарихи шындықты бұрмаламай, деректерді нақтылы дәлелдермен берген мақалалары 400-ден астам. (Ал, жалпы ғылыми еңбектерін есептесек 500- ден асады екен). Мысалы, Халық ақыны Сапарғали Әлімбетов шығармашылығы жайында, Мақы Шыңғысұлы Уәлиханов - алғашқы кәсіби қазақ суретшісі, Қ.Еркебаев және С.Әлімбетов поэмаларындағы азамат соғысының батыр әйелдері Айқыз және Білісай бейнелері, Тағы да Айқыз туралы, І.Бораганский, Қаракерей Қабанбай, Бұқар жырау, Шешен Сабыржан, Сабыржан Ғаббасов және тағы басқа мақалаларындағы тарихи тұлғалар ғалымның көркем шығармаларынан өз орнын алып жатты. Ал, Абайдың бұрын жарияланбаған өлеңдері, Түзелгені қайсы? Түсініктері қайсы?, Қазақ әдебиетінің адал досы, Саади Ширази, Құдай деген сөзден құдай сақтасын және т.б. мақала­ларындағы әдеби-танымдық, тарихи ой-түйіндер көптеген ғалымдардың болашақ зерт­теулерінің ғылыми діңгегіне айналды.
Қазақ әдебиеттану ғылымы, абайтану, өлкелік әдебиеттану, қазақ әдебиетіндегі текстология мәселелерін Қ. Мұхамедханов еңбектерінсіз елестету мүмкін емес. Бұл туралы белгілі әуе­зовтанушы ғалым Т.Жұртбай өзінің Қайсар ғалым (1989, Жұлдыз) деген мақаласында: Қ.Мұхамедханов - Абай өлеңдерін жинаушы, Абай мұрасының жазылу, басылу тарихын зерттеген историограф, үш-төрт басылымына түсініктеме жазған библиограф, Абай шығар­маларының дұрыс жазылуын жүйелеген текстолог, Абай және оның ақындық дәстүрі хақында монографиялық еңбек жазған теоретик, сол замандағы қоғамдық қарым-қатынастарды зерттеген тарихшы, сол дәуірдегі әдеби нұсқаларды, ел аузындағы өлең-жырды, әңгіме-аңызды қағазға түсірген фольклорист, - деп бағалайды. Ғалым ағаға берілген бұл бағадан шығармашылық еңбектерінің сан тарау, сан салалы екенін байқауға болады. Әсіресе, Абай шығармаларының тарихы мен текстологиясы туралы сөз еткенде, Қ.Мұхамедханов еңбектерін назарда ұстамау мүмкін емес. Мәселен, Абайдың үш поэмасының бірі Әзім әңгімесі туралы Қ. Мұхамедханов өз ойын білдіреді. Ол шығарманың Абай қаламынан шықпағаны туралы айтады. Және оған бірнеше дәлелді пікірлер келтіреді де поэма Ырсайдың Ысқағы деген Абай айналасындағы ақындікі дейді. Бірақ, әлі күнге дейін бұл мәселеге үңіле назар аударып, зерттеген ғалымдар жоқ. Мұның өзі абайтануда алынбай жатқан белестердің мол екені мен Қ.Мұхамедхановтың ғылыми ой-тұжырымдарының терең де мағыналығын білдіреді. Бұл бір мысал ғана (Абай шығармаларының текстологиясы. 1959ж., 77-бетте). Абай өлеңдерінің текстологиялық зерттеулерінде де Қ.Мұхамедханов өзінің телегей білімі мен ғалымдық парасатын танытты. Ғалым Абайдың Сабырсыз, арсыз, еріншек, Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да, Сегіз аяқ, Қансонарда, Сап-сап көңілім, т. б. көптеген өлеңдерінің текстологиясымен қатар кімге арналғаны, қайда шыққанының тарихын да нақтылы, тың тұжырымдар арқылы дәлелдейді. Абай өлеңдер жинағының академиялық басылымдарында Қ.Мұхамедханов дайындаған түсініктемелерде де нақтылық пен ғылыми талдаудың жаңа қағидаларын көреміз. Бұл зерттеулер болашақ әдебиет теориясы мен әдебиет тарихын зерттеушілерге дайын зерттеу нысандары деуге болады. Сондай-ақ, ғалым Шәкәрім Құдайбердіұлының да шығармаларының текстологиялық жағынан дұрыс басылуына, өлеңдерінің хронологиялық дұрыс орналасуына арнап бірнеше мақала жазды. Сол мақалаларының өзі бүгінгі шәкәрімтану ғылымының жаңа белесінің тың парақтары болып ашылды. [Қазақ әдебиеті газеті № 30 (3246), Айман Ақтанова,СМПИ қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты ].
Қайым Мұхамедханов қазақ әдебиеттану ғылымының текстология саласының қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді. Оның Махамбет, Шәкәрім поэзиялары текстологиясына арналған мақалалары, Бұқар жырау, Абай шығармаларының текстологиясын қарастырған мақалалары мен монографиясы жарық көрді. Сондай-ақ ол қазақ әдебиетінің тарихын зерттеу ісіне қомақты үлес қосты. Қазақ ауыз әдебиеті, ежелгі дәуір әдебиеті, жыраулық әдебиет өкілдерінің өмірі мен шығармашылығы, әдеби байланыстары туралы 300-ден астам ғылыми мақалалар жазды.
Ғалымның көлемді еңбегі Қаракерей Қабанбай батыр жыры.1945 жылы М.Әуезовтың басшылығымен Қазақ әдебиеті тарихынан бірінші томын даярлау қоға алынып, 1948 жылы І томы жарық көргені белгілі. Міне осы кітаптың Тарихи жырлар бөліміне кіретін Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырларға арналған халық жырлары туралы мақала жазу Қ.Мұхамедхановқа тапсырылады.
ҚАБАНБАЙ ТАРИХТА АБЫЛАЙ ЗАМАНЫНЫҢ БАС БАТЫРЫ БОЛЫП САНАЛСА, ХАЛЫҚ ЖЫРЫНДА ҚАБАНБАЙДЫҢ СОНДАЙЛЫҚ ЗОР ҚАСИЕТТЕРІН КӨРКЕМ СИПАТТАҒАН . ОЛ - ЕЛІНІҢ НАМЫСЫ ҮШІН ЖАНЫН ҚҰРБАН ЕТКЕН, ХАЛЫҚТЫҢ ҚАМҚОР ЕРІ, АЛҒАН БЕТІНЕН ҚАЙТПАЙТЫН, ТАБАНДЫ, ҚАЖЫМАЙТЫН ҚАЖЫРЛЫ БАТЫР.
(Қайым МҰХАМЕДХАНОВ,филология ғылымдарының докторы, профессор.)
Жас-ғалым ұстазының ақыл-кеңесі, нұсқаған бағыты бойынша Қаракерей Қабанбай батыр, Қанжығалы Бөгенбай батыр жырларының тарихи оқиғасына, көркемдік тіліне зерттеу жұмысын жүргізіп, әдеби талдау жасап академияға тапсырады. Бірақ бұл мақалалар түрлі идеологиялық кедергілермен жинаққа енбеді. Ғалым себебін: Қаракерей Қабанбай батыр да, Қанжығалы Бөгенбай батыр да әдебиет тарихы кітабына кіргізілмепті.
- Кейінірек: Бұл қалай? -деп Мұхаңанан сұрап едім:
- Қайтесің. Қалай дерің бар ма? Жоғарғы орындағылар сенің Қабанбайыңды да, Бөгенбайыңды да тарихқа кіргізіп дәріптеу керек емес деп тапты. Болды, деп қысқа қайырды да қойды-деп жазды.
1980 жылы Р.Бердібаевтің басшылығымен жарық көрген Қазақ тарихи жырларының мәселелері кітабының 18 ғасырдағы тарихи жырлар деп аталатын І бөлімінде Б.Абылқасымов былай деп жазады: Абылай, Қабанбай, Бөгенбай, Олжабай туралы шығармалар, бірде батырлық, бірде тарихи жыр санатына қосылып келеді. Кейбір зерттеушілер: Кейінгі дәуірдің эпостық жыры, Кенже эпос атауларын ұсынады.Біз Қабанбай батыр-тарихи жыр деп танимыз.Анығында бұл позиция қырықыншы жылдарда-ақ қалыптасқан еді.ССРО Ғылым академиясы Қазақ филиалы даярлаған Қазақ әдебиеті тарихынан І томындағы тарихи жырлар тарауында Қабанбай батырға да орын берілді.
Қырық жылдан астам астам уақыт жарияланбай, шаң басып мұрағат түбінде қалған мақала 1991 жылы Қазақ әдебиеті газетінде жарияланады.
Қазақ әдебиетінде өлкелік әдебиет тарихының қолға алынып, зерттеле бастауына М.Әуезов ұйытқы болса, Қ.Мұхамедханов өзінің ғылыми шығармашылық жолында үнемі осы бағытты назарда ұстаған ғалым. Оның тарихи шындықты бұрмаламай, деректерді нақтылы дәлелдермен берген мақалалары 400-ден астам. (Ал, жалпы ғылыми еңбектерін есептесек 500- ден асады екен). Мысалы, Халық ақыны Сапарғали Әлімбетов шығармашылығы жайында, Мақы Шыңғысұлы Уәлиханов - алғашқы кәсіби қазақ суретшісі, Қ.Еркебаев және С.Әлімбетов поэмаларындағы азамат соғысының батыр әйелдері Айқыз және Білісай бейнелері, Тағы да Айқыз туралы, І.Бораганский, Қаракерей Қабанбай, Бұқар жырау, Шешен Сабыржан, Сабыржан Ғаббасов және тағы басқа мақалаларындағы тарихи тұлғалар ғалымның көркем шығармаларынан өз орнын алып жатты.
Әркімнің пешенесіне жазылған мөлшерлі ғұмыры бар. Пенделік пайымдау бойынша бұл -- әліптік ақиқат. Осы негізден шығарсақ, Қайым Мұхаметханұлының ғұмыры сексен сегіз жылды қамтыды.
Осы орайда Абай сөзіне ден қойсақ:
Ақыл мен жан - мен өзім, тән менікі,
Мені мен менікінің мағынасы екі.
"Мен" өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан,
"Менікі" өлсе өлсін, оған бекі, - дейді ақын.
Осы санаттағы ажалсыз "Меннің" иесі ең алдымен Абай ағаның өзі десек, ақын жолымен жүрген ізбасарлары мен рухани мұрагерлері де уақыт пен кеңістікте әлдебір межемен шектелмей, өмірлерін жалғастыра бермек. Сондай бірегейлердің бірі - Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қайым Мұхаметханұлы.
Қалың жұртшылық бұл кісіні көбінесе кеңестік Қазақ республикасының мемлекеттік әнұранына мәтін жазған ақын ретінде біледі десек, екі тармақ өлең туындыгерді шынайы абырой шыңына шығарған. Қазақ жанының ұлы қасиетін жанартау жалынындай лапылдатып, асқақтата танытқан:
Ер қазақ ежелден еркіндік аңсаған,
Бостандық өмір мен ар үшін қиған жан.
Ары мен азаттығының жолында қазақтың бары мен жаны құрбан екендігін кеңестік билікке (Ұлы Отан соғысы аяқталғанға дейінгі он сегіз жылда Кеңес одағының әнұраны жоқ еді) алдын-ала ескерткен деп ұғынуға лайықты осы сөздердің ақиқа­тына 1986 жылғы желтоқсанда бүкіл адамзат көз жеткізді. Намысына тиген, еркіндігін құрсаулаған империяның оспадар өктемдігіне бостандықсүйгіш қазақтың ұлдары мен қыздары бұратаналар ішінде қаһармандықпен бірінші болып қарсы шығып тәуелсіздікке жол ашты. Ақын Қайым желтоқсан қасіреті мен құдіретіне арнаған ғибратты тұжырымын сол кезде жырға айналдырып айтудан тайсалмаған болатын:
Қызыл қыршын қазақтың ұл-қыздарын,
Адал жүрек, ар-намыстың құлдарын,
Мәңгі бақи ел есінен кетер ме
Сөгіп, соғып, қанын төгіп қырғаның!
Ақын сөзінің азаматтық арқауы босаңсыған сәті жоқ. Елдік, адамшылық мұраттарды қозғайтын жайлардың баршасына қолма-қол үн қатудан айнымағандығын желтоқсаншыларға бағыштаған дұға-батасы, жендеттерге лағнет-қарғысы дерлік жоғарыда келтірілген үзінді дәлелдеп тұр емес пе?! Әрдайым ізгілікті көксеген жүрегінен бұрқ етіп атылған жыр шумақтары аз емес. Жариялану жайы, әрине, бөлек әңгіме. Коммунистік аңсарға кереғар өлең-жырға өріс берілмеген дәуірде әлгі тәрізді шығармалар, әлбетте, оқырманға беймәлім қала беретін. Сондай өзгеше бағалы суырыпсалма өнердің үздік бір мысалын жұрт назарына ұсыналық. Қасым Аманжоловпен және тағы бірер ақынмен отырған кезде бұлардың қасына жүзі жадау, ұлты чешен ақсақал келе қалады. Сол мезетте Қайым орнынан ұшып тұрып, қартты құшағына ала, былай деген екен:
Ат болсаң, тұяқтының тұлпарысың,
Құс болсаң, қияқтының сұңқарысың,
Бұл күнде азып-тозып қаңғып жүрген
Кешегі ер Шәмілдің ұрпағысың!
Осының өзі саналы оқырманды тебірентетін, бір дастанға бара-бар жеке шығармадай мейлінше әсерлі. "Халықтар көсемі" депортациялап, тирандық әңгіртаяқ соққысына ұшыратқан чешен ұлысының мүшкіл халге түсуімен байланысты бауырмалдық күйінішке қоса, мұнда Абылай мен Кенесары заманынан бері отарлық езгіден құтыла алмай, "коммунизм жұмағына" жұтылу қатерінде мұң шегіп отырған қазақтың да өңменін найзағай жарқылындай шарпып өтерлік серпін бар ғой.
Ақындық дарыны мен шеберлігін Қайым Мұхаметханұлы Карамзиннің "Сормаңдай Лиза" хикаясын өлеңмен қазақшаға аударуында таң қаларлықтай етіп көрсетті. Лермонтовтың "Вадим" хикаясын өлеңмен аударған Абай үлгісін, Пушкиннің "Дубровский" хикаясы мен "Боран" әңгімесін өлеңмен аударған Шәкәрім үлгісін жаңғыртты.
Ақын Қайым дүние азабынан ширыққан, түңіле дал болған, қайсарлана жігерленген көңіл әуенін де жеріне жеткізе жырлай алған. Мысалы:

Жай жүрсем, табалады "ұтылды" деп,
Қатты жүрсем, күндеді "құтырды" деп,
Орта жүрсем, онда да көре алмады,
"Бұл өзі ақылды адам сықылды" деп.
Мұхаметханұлының көркем шығармашылық талантының бір қыры драматургия саласында ашылған. Оның "Майданнан майданға", "Перне", "Комиссар Ғаббасов", "Ер Білісай" драмалары бойынша спектакльдер әлденеше маусым бойы театр сахналарынан түспей қойылып, көрермендер ықыласына бөленген. Бұлармен қатар татардың классик драматургы Шәріп Камалдың "Қажы әпенді үйленеді", әзірбайжанның атақты қаламгері Үзейір Ғажыбековтың "Аршын мал алан" комедияларын қазақшаға аударып, талай жыл бойында тұрақты репертуарлық қорға енгізді.
Алайда, тағдыр билігі солай шығар, ақын және драматург ретінде Қайым Мұхаметханұлының ықтимал әлеуеті барынша жарқырап, толық жүзеге асты десек, шындыққа обал болар еді. Мұның есесіне жазмыш Қайымға тауқыметі де мол, бақыт-зейнеті де қайырлы ғалымдықты сыбағалады. Бұл кісінің есімі мен ісінің жасампаздық, өміршеңдік кепілі - абайтанушылық, мұхтартанушылық, шәкәрімтанушылық ілімдері, барлығын жинақтағанда, алаштанушылық тарихы.

Ұлт рухының өзегін құрайтын осы аталған әдеби-мәдени-саяси құбылыстар Қайымды жарық дүниеге келген сәттен-ақ жөргектеген. Әкесі Мұхаметхан кезінде ілгерішіл көзқарасы мен әрекеті сайма-сай абзал азамат бейнесінде жұртқа кең танылған. Абай мұрасын қастерлеген. "Айқап", "Абай", "Қазақ", "Шолпан", "Сана", "Сарыарқа", "Таң" сияқты басылымдарды үй кітапханасына алғызып, жан азығы еткен. Оның шаңырағындағы меймандос көңіл құрметін Әлихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Көкбай Жанатайұлы, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Әміре Қашаубаев, Жүсіпбек Аймауытов, Қажымұқан Мұңайтпасов, Халел Ғаббасов, Мұхтар Әуезов сан мәрте көрген. Сондай ахуалда өскен зерек, зейінді бала Қайымның ойы мен сезімі елшіл, отаншыл, қазақшыл болып, табиғи үрдісте қалыптасқан.
Әуезовті тұңғыш рет көргенде Қайым жеті жастағы бала екен. Бұл - 1923 жыл. Келесі жылы Әуезовті сегіз жастағы Қайым екінші рет көреді. Мұхаңның бастамасы және ұйытқылығы арқылы Семейде Абайды еске түсіру кеші өткізіледі. (Қайтыс болуының жиырма жылдығына орай). Бұл оқиғаның мәнін Мұхаметханұлының өз сөзімен білдіру жөн шығар: "Осы кешке үлкендермен бірге барып, Мұхтар Әуезовтің баяндамасын тыңдап, Көкбай ақынның Абай туралы естелік әңгімесін естіп, ұлы ақын жайында ең алғаш мағлұмат алғаным сол жолы еді". Үшінші көруі - 1925 жылы: Әуезовтің сахналық бір шығармасын "Ес аймақ" труппасы қоюға дайындап, Мұхаметхан ақсақалдың үйінде репетиция жасаған. Семейтаумен жалғасатын Көкен тауына 1926 жылы Мұхаң демалысқа келгенде он жастағы Қайым оны төртінші рет көрген. Тоғыз жылдан соң, яғни 1935 жылы, Мұхтар Әуезов өзінің болашақ роман-эпопеясын жазуға материал жинау мақсатымен Семейге келгенде, он тоғыз жастағы балғын жігіт Қайым даңқты жазушыны бесінші рет көреді, біршама еркін әңгімелесуіне мүмкіндік туады. Бұл кезде Қайымның әкесі таптық жау ретінде қудаланып, қамауға алынып, атылып кеткен. Бай баласы Қайым қауіп-қатерден әупірімдеп өтіп, мұғалімдік курсты аяқтап, институтқа түсуді ойластырып жүрген. Абай шығармаларына біржола ден қойып, Ыдырыс Мұстамбаевтың нағыз тарихилық маңыздағы мақалаларымен ынты­ға танысуда еді. 1939 жылы мұғалімдік институтты аяқтаған тұста Қазақстан Жазушыларының екінші съезіне қатысу үшін Алматыға барады. Міне, осы алтыншы кездесуден кейін жиырма төрт жасында Қайым Мұхаметханұлы кемеңгер Әуезов үшін сенімді шәкірт-әріптеске, сүйікті ініге айналды. Мұхаңның ақыл-кеңесімен ғылыми ізденіс жолына түседі. Зерттеулерінің басты нысаны етіп Абай шығармашылығын алады. Семейдегі пединститутта оқытушылық қызметке кірісіп, Әуезовтің бағдарлы пікірлерінің қанаттандыруы арқасында 1940 жылы "Абайдың әдеби мектебі" айдарымен Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлы, Әубәкір Ақылбайұлы, Әріп Тәңірбергенов шығармашылығы туралы ғылыми мақалалар топтамасын жариялайды. Содан бастап соңғы демі таусылғанша абайтану мәселелерінің жүйесінен қаламы босаған емес.
Абайды тану үстіне таныған сайын қазақты танудың саналуан проблемаларына да тереңдей түсті. Қаракерей Қабанбай мен Қанжығалы Бөгенбай батырлар туралы халықтық поэмаларға тарихи-ғылыми, әдеби-ғылыми талдау жүргізген еңбегін "Қазақ әдебиеті тарихының" бірінші томына енгізіп, 1943 жылы әзірлеп береді.
Қайым Мұхаметханұлының ғалымдық тұлғасында орта ғасырлардағы оқымыстыларға тән әмбебаптық көріністері мол еді. Сондай кең қарымдылығына өз еңбектерінің ғана шеңберінде назар салайық. Өзекті желісі мен үзілмес тіні абайтану екені белгілі. Мұнда іргелі және қолданбалы сипаттарды тоғыстырушылық жөнімен, талдаулардың түбегейлі орнықтылығы жөнімен, жаңа бағытқа қарышты қадам жасағандығы жөнімен "Абай заманының ақындары" ("Абай айналасының ақындары"), "Абайдың ақындық мектебі", "Абай шығармаларының текстологиясы" сияқты монографиялары менмұндалап көзге бірден түседі. Әдебиет тарихына Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлы, Әубәкір Ақылбайұлы, Мұқа Әділханұлы, Әсет Найманбайұлы, Әріп Тәңірбергенов, Көкбай Жанатайұлы, Тұрағұл Абайұлы, Уәйіс Шондыбаев, Кәкітай Ысқақов, Тайыр Жомартбаев, Иманбазар Қазанғапұлы, Баймағамбет Айтқожаұлы сияқты дарындардың мұраларын тікелей жалғыз өзі әкеп қосты. Абайдың оншақты өлеңі Қайым Мұхаметханұлының жинап тапсыруымен академиялық басылымда жарық көрді.
Бұлардан тыс Құсайын Файызханов, Ілияс Бораганский, Бұқар жырау, Үмбетей, Махамбет, Шөже, Жанақ, Сәдір, Ақылбек Сабал, Ілияс Молдажанов шығармашылықтары туралы мақалалары мен Мұхтар Әуезовтің өмірбаяны хақындағы очеркі және Қазақ кеңес энциклопедиясының он екі томдығына жасаған сыни саралау қорытындылары - зерттеушіліктің үздік үлгілері.
Осы дәрежедегі туындылардың үлкен шоғыры "Абай мұрагерлері" жинағын құраған. Алаш ардагерлерін ақтаңдақтардан арылтып, мәртебелі орындарына оралту ісіне Қайым Мұхаметханұлының қосқан үлесі қандай екендігін осы жинақтағы ғұмырнамалық, өнернамалық очерктер куәландырады. Мысалы, ол Шәкәрім шығармашылығын ақтау мәселесіне қозғау салып, 1987 жылы Колбинге дәйекті негіздемелік материал жолдаған болатын. 1960 жылдан бастап Шәкәрімнің баласы Ахат екеуі бірлесе атқарған жанқиярлық қимыл-әрекеттер аз болған жоқ.
Қайым Мұхаметханұлының зерттеушілік ізденістері нәтижесінде әдебиет пен көркемөнердің және қоғамдық-саяси тарихтың мазмұнын байытқан өлшеусіз қымбат қазыналар, мұрағаттық құжаттар - өз алдына бір төбе. Мысалы, атақты қиссашы, ақын Ақылбек Сабалдың 43 мың жолдық өлеңмен жазылған өмірбаянын, 376 дәптерге толтырылған қарасөздерін тауып, Әдебиет және өнер институтында ғылыми хабарлама жасағаны мәлім. Академик Ахмет Жұбанов өзінің "Замана бұлбұлдары", "Ғасырлар пернесі" монографияларында Мәди Бәпиұлы мен Естай Беркімбаев туралы құнды деректерді Қайым Мұхаметханұлы бергендігін риза­лықпен атап көрсеткен. Кезінде Мұхтар Әуезовтің тапсырмасы бойынша "Абай жолы" романына да қажетті деректерді тауып, Мұхаңның көңілінен шығып отырғандығы және бар. (Мысалы, төртінші кітапта Сармолланың қастандықпен өлтірілу уақиғасына байланысты "табыт қағу", т.б.). Бұл жайды айғақтайтын ондаған хат 1951 жылы Қайым Мұхаметханұлы тұтқындалғанда тергеушілердің қолында кетіп, кейін қайтарылмай мүлде із-тозсыз жоғалған.
Ақын, драматург, ғалым Қайым Мұхаметханұлы жарты ғасыр бойы Семей мемлекеттік педагогикалық институтында ұстаздық етіп, Әзілхан Нұршайықов, Кәмен Оразалин сияқты бүгінгі ақсақал қаламгерлерден бастап, бір қауым шәкірттеріне ілім құтын дарытып, адамгершілік тәлімін берген.
Иә, өзгесін былай қойғанда, Қайым Мұхаметханұлы Абай шығармаларының аса беделді мәтінтанушысы екенін білікті мамандар түгел мойындаған. Ал, бүтіндей абайтанушылық еңбегіне Мұхтар Әуезов, Зоя Кедрина, Ысқақ Дүйсенбаев, Митрофан Сильченко, Ханғали Сүйіншәлиев, Рәбиға Сыздықова, Әбіш Жиреншин, т.б. әр кезде оңды пікірлер білдірген.
Бәрін айт та, бірін айт, Қайым ағаның ең зор бағасы, Абай сөзіндегідей, "Адам деген даңқы бар" екендігінде. Ұлтын сүйген, ұлтының ардағы Абай мен Мұхтар үшін отқа түскен, сталиншілдік зұлматқа қарсы тұра білген,
"Тусаң ту!" дейтін Азаматтығында!
Атақ емес, ғылым үшін жаралған...
Көрнекті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қайым Мұхаметхановты зерттеген ғалымдар
Қайым Мұхамедхановтың ғылыми-зерттеу еңбектері туралы ақпарат
Қайымның әдебиет тарихына қосқан үлесі
Қайым Мұхамедхановтың ғылыми зерттеу еңбектері
«қайым және алаш» сценарий
Қайым Мұхамедхановтың қазақ әдебиетінде алатын орны жайлы мәлімет
Абайдың ақын шәкірттерінің мұрасын зерттеудегі еңбектерінің салмағын межелеу
Қайым Мұхамедхановтың қазақ әдебиетінде алатын орны
Қайым мұхамедхановтың қазақ әдебиетінде алатын орны туралы
Қ.Мұхамедханов Абай дәстүрін жалғастырушы
Пәндер