Бұқар толғауларындағы Абылай мен тарихи Абылай


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Филология факультеті
Тақырыбы: Бұқар толғауларындағы Абылай мен тарихи Абылай (тарих және көркемдік шындық) . Реферат.
Орындаған: Бахытбекова М. Б. ІІ курс студенті, Фи-403 топ.
Тексерген: Қадыров А. Қ
Семей, 2015
Жоспар:
I. Кіріспе
Бұқар Жыраудың толғаулары, Абылай дәуірінің айнасы.
II. Негізгі бөлім
А) Абылай хан бейнесінің Бұқар жырларында жырлануы
В) Абылай заманы туралы толғауларының мәні.
С) Бұқар жырау поэзиясы арқылы Абылайдың қолбасшылық
III. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Абылай хан туралы сөз қозғалған жағдайда тарих ғылымы да, көркем әдебиет те аттап өте алмайтын, бағыт-бағдар сілтерлік ең бағалы екі құжатқа алдымен көз салады. Біріншісі - Шоқан Уәлихановтың «Абылай» атты зерттеуі, екіншісі - Бұқар жырау толғаулары. Шоқан Уәлихановтың мақаласынан Абылайдың өмір жолы туралы ғылыми ақпармен қаруланса, Бұқар жырау жырлары ханның идеологиясы мен рухани әлеміне қанықтырады.
Бұқар жырау жырлары Абылай характерін ашатын кілті болады. Екеуі жиылып туындының тақырыбы мен идеялық-эстетикалық мазмұнына тиісті әсерін тигізбек.
Ғасырдан астам ғұмыр кешкен Бұқар жырау Қалқаманұлы - өз өмірінде халықтың бастан өткерген қысталаң кезеңдерін де, ел тірлігіне береке кіре бастаған кезеңін де, сол кезеңдерде ел тізгінін ұстаған бірнеше ханның қарым-қабілетін де көзбен көріп, аумалы-төкпелі сан қилы тарихи оқиғаларға куә болып қана қоймай, ел мен жер тағдыры сынға түскен сәттерде шешуші әрекеттерге өзі де белсене араласқан тұлға. Сол себепті оның жыр-толғаулары тақырып аясы жағынан да, қамтыған кеңістігі тұрғысынан да аса ауқымды.
Бұқар Жыраудың толғаулары, шын мәнінде, Абылай дәуірінің айнасы. Ұлтының тамаша рухани адамгершілік қасиеттерін бойына дарытқан көкірегі даңғыл, алмас тілді, дуалы ауыз кемеңгерді Абылай хан да қасынан бір елі қалдырмаған. Ақыл-ойға кемел “Көмекей әулие” Абылай ханның дұрыс шешім, парасатты пайым қабылдауына, қос бүйірдегі екі алып мемлекеттің арасында оңтайлы саясат ұстауына, әскери дипломатиялық қарым-қатынастарды реттеуге барынша ықпал жасайды. Заман келбеті, Отан тағдыры, болмыс шындығы, ел тұтқасын ұстаған асқан қолбасшы, біртуар баһадүр, үздік мәмілегер, зерделі мемлекет басшысы Абылай ханның жортуыл-жорық күндеріндегі іс-қимылдары, ұлтының ұлы мұраттар жолындағы ізгі, жалынды күресі - жырау мұраларында шынайы шыншылдықпен суреттеледі.
Бұқар Жырау толғауларының поэзиялық сәулеті, ерекше қасиеті және оның сөз қолдану ерекшелігі де өзгеше. Қара суды теріс ағызған Абылай ханды “Ай, Абылай, сен бір он бір жасыңда”, “Күпшек санды күреңді” дейтін толғауларында: “Қара судың бетінде, Шайқалып аққан сең едің… Алтын тонның жеңі едің”, “Алтын тұғыр үстінде, Ақсұңқар құстай түледің…. Бақ үйіне түнедің”, деп “Айбалтасын алтынменен булатқан”, “Періштесін жұрт үстінен дулатқан”, “Жасыл көлге мәслихатқа келтіріп, Зәмзәм суын мыс табаққа толтырған. Қазығын қалайыдан қақтырып, тоқпағын сом алтыннан соқтырып, Нақыра күміш шаптырып…”, “Орындығын оймыштан, Ою нақыш салдырған, Сануылғын сары алтынға малдырған” деген поэзиялық сипаттаулары; ердің ері Бөгембай батырды “Қазақтың қамал қорғанына”, “Бұтақты мүйіз бұғысына” ұқсатуы, жыраулардың пірі өзін “Мен - Арғын деген арыспын, Аузы кере қарыспын. Сен - бұзау терісі шөншіксің, Мен - өгіз терісі талыспын” деген метафоралық салыстырулары яки өзінің образдық көркемдік бейнесін сомдауы келісті кесек, немесе: “Бірі етек, бірі жең болған”, “Найзасының ұшы алтын” тәрізді кестелі, келісті, көркем суретті сөйлемдер жырау поэзиясының муз. архитектоникасын, образдық-бейнелілік табиғатын анықтайды. Осылардың баршасы Бұқар Жыраудың жаратылысы, дүниені, ғаламды жан-жақты ұғып-түсінуден, танып-білуден, “тұрмыс қазанында қайнап піскен”, сөз-ұғымдарды, сөз-образдарды жаңғырта, көркейте түсер шығарымпаздық қабілетінен, филос. көзқарасынан туған деуге болады.
Халық жадында сақталған бір әңгімеде Бұқар жырау ауырып жатқанда Абылай ханның алыстан күні түні аттан түспей жүріп келіп, көңілін сұрағаны айтылады. Бұл таққа ие болған ұлы ханның баққа ие болған ұлы жырауына деген ықылас ниеті, ерекше құрметінің белгісі болса керек. Заманында осылай ханы қадірлеп, халқы ардақ тұтқан жыраудың мұрасы халқымен мәңгі бірге жасай бермек. Бұқар жырау толғауларында өзі бастан кешіріп отырған алмағайып заманның келбеті бар болмысымен көрініп, өмір құбылысы мен дүние заңдылықтары, әлеуметтік жағдай мен адам тіршілігі кең тыныспен жырланады. Ондағы басты сарын елдің бірлігі мен ынтымағын күшейту мәселесі.
Ол жан жақтан андыздаған жаулардан қорғануы үшін басты шарт бірлік екенін терең түсінеді, ата жауға қарсы бірігіп, тізе қоса күрескен ерлерді өзгелерге үлгі етеді. «Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Қаз дауысты Қазыбек, Шақшақұлы Жәнібек, ормандай көп орта жүз, солардан шыққан төрт тірек» деп майдан даласында көрсеткен ерлігімен бірге елдің ұйытқысы болып, бірліктің тірегі болып жүрген ерлерді мадақтайды. Сондықтан да Бұқар жырау жырларын басқыншы жаумен ұзақ арпалысып, ерлік пен ездіктің, парасаттылық пен азғындықтың парқы таразыға түскен сындарлы шақта Абылай хандай басшының төңірегіне топтасып, ұлы жеңістерге жетіп, ерліктің үлгісін, бірліктің құдыретін танытқан қазақ өмірінің шындығын айшықтай өрнектеген поэзия, ұлы мұра деп білеміз.
Жырау қазақ халқының жоңғар басқыншылығы тұсында, елдің болашағы қыл үстінде тұрған кезде өмір сүріп, сол алмағайып замандағы күрделі мәселелерге өз жырларымен жауап бере білген. Осындай ауыр сәттерде Абылай ханға дұрыс кеңес беріп, ел-жұртты басқыншы жауға қарсы күресте біріктіруге, бір тудың астына топтастыруға күш салған. Өзінің саяси-әлеуметтік мәнді жыр-толғауларымен сол жалынды күрестің жыршысына айналған. Осы мақсатта ол Абылай ханды бірден-бір қажетті басшы санап, оған халық бірлігін сақтап калатын көсем тұрғысында үлкен сенім артқан. Абылай хан да сол биік талаптан табылып, елдің бірлігі мен жарқын болашағы үшін жан аямай қызмет еткен. Жырау сол азаттық жолында өлімге бас байлап, ерліктің небір ғажайып үлгілерін көрсеткен хан мен оның батырларын жырға қосып, олардың өшпес әдеби бейнелерін жасаған. Әсіресе, Абылай ханның көрегендігі мен даналығын, ауыр кезең, қиын сәттерде ел ұйытқысы бола білгенін асқақ жырлаған.
Оның «Абылай ханның қасында», «Ал, тілімді алмасаң», «Ай, Абылай, Абылай», «Қазақтың ханы Абылай», «Ханға жауап айтпасам», «Басыңа біткен күніңіз», «Ай, Абылай, сен он бір жасыңда», «Ал, айтамын, айтамын» атты толғауларында ханның сол кездегі ұстанған саясаты мен көрегендігі, алғырлығы мен білгірлігі сипатталған.
Бұхар өмір сүрген дәуірдің ұлы оқиғасы- жоңғар қалмақтарының өктемдігі, олардың қазақ жерін баса көктеп енуін білеміз. Қалмаққа қарсы ұрыс басталған шақтан аяғына дейін бар ауытпалықты Бұхар елімен бірге кешкен. Ол әсіресе, өзі туған өлкесін азат ету күресіне тікелей араласып, қолбасшыларымен бірге, ақылшы, үгітші болып белсендік көрсеткен. Абылай Бұхармен осы тұста қатты санасқан. Қалмақ қолына қарсы тұрған қазақ қолын Абылай хан басқарып, оны Айдаболдан Аталық батыр мен Сүйіндік елінен шыққан Олжабай (1696-1792 ж) батырлар қолдаған. Қалмақтар арылғаннан кейін Абылай көрші Қырғыз, Ташкенттегілермен ерегісіп, оларға қыр көрсеткен. Олжабай Абылайдың бұл саясатына қарсы болды. Бұхар жырау Олжабайды қолдайды. Осы тұста халық аңыздарында Олжабай келіссөз жүргізіп қырғызды соғыссыз бітіреді-міс. Ауыз бірлігі мол кезінде Абылай қолы қалмақтың Қалден Серен хонтайшысын Қарқаралы, Баянауыл жерлерінен ығыстырып, көп олжалы болады. Бұхар Бөгенбайдың өлімін хан Абылайға естіртуші жыраудың бірі. Ол батырдың тарихи рөліне танып, оған деген халықтың қайғысын хан қайғысына ұштастыра жырлаған. Қазақтың даңқты батырлары қатарына алып, оны даралай да білген:
Қазақтың ханы Абылай,
Абылай ханым бұл қалай?
Ақиықты аспанға
Ұштаспай қып торлады.
Құлағанға ұқсайды,
Қазақтың қамал қорғаны.
Қайғырамыз ханзадам,
Айтпасыма болмады-
Батырың өтті Бөгенбай!
Жырау «Ай, Абылай, сен он бір жасыңда» толғауында:
. . . Елу жасқа келгенде,
Үш жүздің баласының
Атының басын бір кезеңге тіредің, - деп, Абылайдың азаттық жолындағы қолбасшылық ерлігін дәріптеген. Тиісті жерінде Абылайдың кемшіліктерін де батыл айтып отырған. «Сен қамалды бұзған Қанжығалы Бөгенбайдан асқан батыр ма едің? Қабанбайдан бұрын жауға найза сілтеп пе едің?» деп ханның жауды жеңуі батырлардың арқасында екенін, ханның олармен әрдайым санасуы керектігін айтқан.
ХАН АБЫЛАЙ ҰЛЫ ТҰЛҒА ТУРАЛЫ ТАРИХИ ДЕРЕКТЕР НЕ ДЕЙДІ?
Атақты тұлғаның ел алдындағы атқарған тарихи қызметі ХVІІІ ғасырдағы қазақ халқының басынан өткізген оқиғаларымен тығыз байланысты болды. Ол ғасыр қазақтың мемлекеттілігі, тәуелсіздігі, азаттығы қатал сынға түскен уақыт еді. Ел басына алмағайып сын жағдайдың орнауына бірнеше тарихи оқиғалар себеп болды. Олар мыналар: біріншіден, қазақ даласын шығыс пен батыстан қатар қысқан көшпелі жоңғар қалмақтарының жойқын шабуылдары, екіншіден, қазақ билеушілерінің арасындағы тақ күресінен туындаған алауыздық, үшіншіден, империялық пиғылы, ақыл-ойы, ерік-жігері жаулап алу саясатына қарай түбегейлі ауған көрші Ресей мен Қытайдың қазақ жеріне тікелей көз салуы, төртіншіден, Орта Азия хандықтарының қыспағы.
ХVІІІ ғасырда қазақтың ұнатқан қасиеттері, қоғамының ең әлеуметшілік сұранымы - батырлық, өжеттілік пен қайсарлықтан өрілетін жауынгершілік, ой жүйріктігін танытатын ақыл-айла, даналық. Абылайдың бойында осы қасиеттер мол орын алды. Ол ел назарына батырлығымен ілінеді. Оның батырлық жорықтары халықтың жыр-аңыздарында аса үлкен құрметпен дәріптеледі. ХVІІІ ғасырдағы қазақтың атақты батырларының барлығы дерлік хан маңына жиналған. Қазақтың атақты батырлары (Қанжығалы Бөгенбей, Шақшақ Жәнібек, Қаракерей Қабанбай) елге танылмаған жас Абылайды жорыққа алып шығып, ерлігін сынайды, батырлық ісіне тәнті болып, оны өз орталарынан хан етіп көтереді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz