Paint графикалық редакторы


PAINT ГРАФИКАЛЫҚ РЕДАКТОРЫ

1. Алғашқы мағлұматтар

Графикалық редактор - графикалық бейне түріндегі суреттерді салуға және оларды өңдеуге арналған арнайы бағыттағы программа. Қазіргі кезде нүктелік (немесе растрлық) және векторлық деп аталатын графикалык редакторлардың екі түрі белгілі. Нүктелік графикалық редакторларда кез-келген сурет пиксельдер деп аталатын нүктелерден тұратын кішкене бейнелер (мозаика) арқылы салынады, ал нүктелердің әрқайсысы түрлі түске бояла алады.

Paint (Paintbrush) - Windows жүйесінің стандартты программалар тобына кіретін қарапайым нүктелік графикалық редактор. Paint өзінің мүмкіндіктері жағынан профессионалды графикалық редакторлардан біршама төмендеу болғанымен ол едәуір күрделі әрі тартымды, түрлі-түсті және ақ-қара суреттерді, схемаларды, сызбаларды (чертеждер) даярлауға мүмкіндік береді. Бұл редакторды игеру онша қиын емес, оның құрамында сурет салу, сызу және оларды өңдеуге арналған стандартты қарапайым аспаптар жиыны бар, дайындалған бейнелер файлдардың кең тараған графикалык форматында сақталады.

2. Программа терезесі

Редакторды іске қосу үшін (Windows З. х) "Реквизиттер" тобындағы Paintbrush белгісін таңдаңыздар.

Ал, Windows 98 жүйесінде Іске қосу=> Программалар=> Стандартты => Paint командалар тізбегін орындасақ, экранда программаның терезесі пайда болады. Оның кұрамында бізге осыған дейінгі таныс элементтер мен (жұмыс аумағы, меню мен тақырып жолдары) бірге бірсыпыра жаңа элемснттер де бар.

Терезенің сол жақ шеткі қабырғасында аспаптар тақтасы орналасқан. Одан сіздер Paint-та кездесетін барлық сурет салу аспаптарын көре аласыздар (8. 1-сурет) . Кез-келген аспаптарды таңдау үшін соның белгісіне тышқан курсорын жеткізіп, оны шерту жеткілікті. Осыдан кейін таңдап алынған аспаптың бейнесі (белгісі) айқын түспен ерекшеленеді.

Терезенің төменгі жақтауы бойымен түстер палитрасы орналаскан. Paint-та бір уақытта екі түспен сурет салуға болады: қалам түсімен (мұнан былай оны қысқаша негізгі түс деп атаймыз) және фон түсімен (мұнан былай оны фондық деп атаймыз) . Палитраның сол жак шетінде бірі екіншісінің ішіне орналасқан кішкене екі тіктөртбұрыш тұр, осылардың үстіңгісі - негізгі түсті, ал астыңғысы - фондық түстерді көрсетеді. Кез келген сәтте түстерді өзгерту мүмкіндігі бар. Ол үшін курсорды палитрадағы жаңа түскс апарып, тышқанның сол жақ батырмасын шерте отырып негізгі түсті, ал оң жақ батырмасын басу арқылы - фондық түсті өзгертуге болады.

Аспаптар тақтасының төменгі жағында сызықтар қалыңдығын анықтайтын терезе орналасқан. Сызықтар қалыңдығын таңдап алған соң, соның көмегімен түзу сызықты, доғаларды, тіктөртбұрыштар мен эллипс контурларын сызуға болады. Сызықтың қалыңдығы сондай-ақ мыналарға да әсер етеді:

- аэрозоль баллонының сиясының ені;

- өшіргіш (ластик) ені;

- бояуыш немесе қылқалам (кисть) ені.

Жұмыс аумағы - салынатын графикалық бейне орналаса алатын экранның тіктөртбұрышты ауданы (бөлігі) . Егер де мөлшері жұмыс аумағынан да үлкен сурет салынса, онда терезе шеттерінде жылжу сызғыштары пайда болады. Олар экран бетінде жылжи отырып, бейненің кез келген бөлігін көруге мүмкіндік береді. Ал егер жұмыс аумағынан кіші сурет салынса, онда ол терезенің жоғарғы сол жақ бұрышында қара жақтаулармен қоршалып көрсетілетін болады.

3. Қолданылатын аспаптар

Paint аспаптарын іс жүзіндс игеруге кіріспес бұрын ескертетін бір жайт - редакторда жұмыс істеу барысында соңғы орындалған әрекетті өзгерту мүмкіндігі бар (бұл әрекет барлық программаларда кездеседі) . Өзгерту операциясы алғашқы кезде жиі қолданылады. Оны іскс асыру үшін менюдегі Түзету=>Өзгерту {Ctrl+Z} (Редактирование =>Отменить) командасын таңдау керек.

Аспаптар тақтасы қарапайым суретшінің аспаптарының жиынына ұқсас болып келеді. Ең алғашқы аспапқа Қылқалам (Кисть) жатады. Ол әдеттегі қарындаш тәрізді сурет салу жұмысын атқарады. Мұндай аспапты таңдаған соң, "тышқанның" стандартты курсоры Қылқаламға айналады. Тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып (оны жібермей) курсорды экран бетімен жылжытсаңыз курсор артында із калдырады, оның түсі сол мезеттегі тағайындалған түске сәйкес болады.

Мұнан төмен орналасқан аспап - Аэрозольді баллон немесе Шашыратқыш. Оны таңдап алғаннан кейін курсоры қосу символына ұқсас таңбаға айналады. Енді жақ батырманы басып тұрып курсорды экран бетімен жүргізсе, оның артында шашыраған бояуға ұқсас із қалады.

Тақта құрамында екі түрлі өшіргіш (ластик) бар , олардың қарапайым өшіргіштен басты айырмашылығы - белгілі бір түспен өшіреді. Бірінші ластик барлық кескіндерді фондық түспен өшіруге арналған. Ал екінші өшіргіш негізгі түспен боялып салынған барлық фрагменттерді ғана фондық түске айналдыра отырып өшіреді.

Бірінші өшіргіш арқылы кейіннен керекті фондық түсті таңдап алып, экрандағы әртүрлі түстегі бейнелерді жаңа фондық түске бояуға болады. Осы тәсілді пайдалану кезінде тышқанды екі рет шертсек, онда курсор маңы бірден фондық түске боялады.

Екінші түрдегі өшіргіш арқылы өзімізге қажет негізгі және фондық түстерді тағайындаған соң, өшіру нәтижесінде негізгі түстегі фрагмснттер фондық түске бояла бастайды. Осы тәсілмен тышқанды екі рет шерту суреттегі курсор маңындағы бір түсті бояуды түгелдей дерлік екіншісіне бірден өзгертуге мүмкіндік береді (яғни, дәл осы уақытқа дейін негізгі түспен боялған бейне фондық түске боялып кетеді) .

4. Сызықтар мен доғалар

Paint редакторы аспаптарының көмегімен белгілі бір қалындықпен берілген түзу сызықтар мен доғаларды сызуға болады.

Негізгі түспен түзу сызық сызу үшін мынадай әрекеттер орындалады:

- сызықтың қалыңдығын тағайындау және Түзу сызық аспабын таңдау;

- курсорды бастапқы нүктеге апарып, тышқанның сол жақ батырмасын басу;

- батырманы басулы күйінде ұстап тұрып, курсорды сызықтың соңғы нүктесіне ауыстыру;

- батырманы босату.

Осылардың нәтижесінде экран бетінде негізгі түспен сызылған түзу сызық пайда болады.

Егер тік немесе көлденең сызықтарды сызғыңыз келсе, онда сызу кездерінде сол жақ батырмамен бірге Shift пернесін басыңыз.

Доға сызу үшін аздап машықтану керек. Алдымен сызық қалыңдығын тағайындап, Доға сызатын аспапты таңдаңыз. Сонан кейін мына әрекеттерді орындау қажет:

- жоғарыда айтылғандай түзу сызық жүргізу (түзу сызықтың соңғы нүктелері салынатын доғаның шеттерімен дәл келуі тиіс) ;

- түзудің ортасындағы белгілі бір нүктеге курсорды жеткізіп, тышқанның сол жақ батырмасын басып оны басулы күйінде ұстап жібермей, курсорды доғаның контуры ойыңыздағыдай болғанша көлденең бағытта орын ауыстыру керек;

- батырманы босату керек.

Экран бетінде берілген қалындықта, негізгі түспен сызылған доға пайда болады. Егер доға ойдағыдай болып шықпаса, онда бірнеше рет қайталап бірінші салынған доғаңызды өзгертуге тырысыңыз.

5. Геометриялық фигуралар

Paint редакторында тіктөртбұрыштар, эллипстер және көпбұрышты тұйық сызық сызатын арнайы аспаптар бар. Барлық фигуралардың контуры берілген қалындықтағы негізгі түстегі сызықтармен салынады. Фигуралардың іші бос болуы мүмкін немесе белгілі бір түспен бояуға да болады. Бояу түсі фондық, түске сай келуі тиіс. Аспаптар тақтасында түрлеріне сәйкес бейне сызуға мүмкіндік беретін мынадай белгілер орналасқан:

- іші бос тіктөртбұрыш;

- іші боялған тіктөртбұрыш;

- қырлары жұмырланған іші бос тіктөртбұрыш;

- қырлары жұмырланған іші боялған тіктөртбұрыш;

- іші бос эллипс;

- іші боялған эллипс;

- іші бос көпбұрыш;

- іші боялған көпбұрыш.

Ең соңғы екі фигурадан басқасы жалпы үлгі бойынша салынады. Мысалы, іші бос тіктөртбұрышты салу үшін:

- қажетті негізгі түсті, сызықтың қалыңдығын тағайындау керек;

- аспаптардан іші бос тіктөртбұрышты таңдау керек;

- курсорды бастапқы нүктеге апару қажет (әдетте бұл тіктөртбұрыштың сол жақ жоғарғы бұрышы) ;

- тышқанның сол жақ батырмасын басулы күйінде ұстап тұрып, өзімізге қажет пішіндегі тіктөртбұрыштың мөлшерінің контурын тағайындау керек;

- батырманы босату ксрек.

Көпбұрыштар басқа жолмен салынады. Олардың түстерін, сызықтарының қалыңдығы мен аспапты тағайындаған соң, белгісін таңдап алып төмендегілерді орындау керек:

- курсормен салынатын көпбұрыштың бір төбесін белгілеп алып, оның алғашқы қабырғасын түзу сызық сызғандай етіп салу;

- курсорды көпбұрыштың барлық төбелерінде орын ауыстырып және оның әрқайсысында тышқанды бір рет шерту керек (әр шертуден соң, соңғы төбе алдыңғы төбемен қосылатын болады) ;

- курсор соңғы төбеге жеткенде, тышқанды екі рет шерту керек, сонда соңғы төбе бірінші төбемен қосылады.

6. Аймақтардың ішін бояу (Заливка)

Paint редакторы тұйық сызықтар ішін негізгі түспен бояуға мүмкіндік береді. Бұл үшін Білік (валик) аспабын таңдап белгілеп алып, курсор кішкене білік түріне айналғанда, оны тұйықталған аймақтың кез келген ішкі нүктесіне алып барып, тышқанды шертсе болғаны. Сонда тұйық аймақ түгелдей негізгі түске бояла бастайды.

Тұйық аймақты бояу барысында оның қабырғаларының үзік жері болмауын қадағалап отырыңыз. Тіпті бір нүкте (пиксель) сиятын үзілген жердің болуы бояудың аймақтан тыс таралып кетуіне себепші болады.

7. Микроскоп режимі

Суреттерді, сызбаларды немесе схемаларды даярлау барысында оларда ешқандай "қоқырсықтың" - артық нүктелердің болмағаны жөн. Суретте басқа түске боялған бір нүктенің болуы одан алған әсеріңізді жоқ етеді.

Сурет салудың әдеттегі режимінде белгілі бір нүктеге курсормен дәл түсу оңай емес. Ол үшін көптеген редакторларда "Микроскоп режимі" деп аталатын сурет салудың арнайы режимі қолданылады. Мұндай режимде әр нүктенің мөлшері (масштабы) бірнеше есе өседі, оның есесіне жалпы сурет бейнесін көру пропорционалды түрде нашарлай түседі. Өйткені экранға суреттің тек белгілі бір бөлігі ғана сыйып тұрады, бірақ бұл режимде қажетті нүктеге дәл түсу көп еңбекті талап етпейді.

Paint редакторына Микроскоп режимін орнату үшін, менюден Қарап шығу => Жақындату {Ctrl+G} (Просмотр => Приблизить) командасын таңдау керек. Бұдан кейін курсор сурет ішінде орын ауыстыруға болатын тіктөртбұрышты кішкентай жақтау пішіндес болады. Бұл төртбұрышты контурға суреттің кейіннен үлкейтілетін бөлігі ғана орналасады. Суреттің қажетті бөлігін таңдап алып, тышқанды шерту арқылы экран бетінен сіз оның бірнеше есе үлкейтілген бейнесін көре аласыз (кейбір графиктік редакторлар масштабты өзгертуге мүмкіндік береді) . Сол жақ жоғарғы бұрышта бейненің табиғи шамасына сәйкес үлкейтілген суреті көрінеді, онда да суретті салу процесін қадағалауға болады.

Paint редакторының Микроскоп режимінде тек екі аспап қана қолданылады:

Қылқалам және Білік.

Қылкалам жоғарыда сипатталған түрде жұмыс істейді, яғни суретті екі түспен - негізгі түсті сол жақ батырмамен, ал фондық түсті оң жақ батырманы салуға мүмкіндік береді.

Білік те бұрынғыша жұмыс істейді, тек оның бір өзгешелігі - тұйықталған аумақтың көрініп тұрған бөлігі ғана боялады.

Ал, қалған аспаптарды Микроскоп режимінде пайдалануға болмайды.

Үлкейтілген аумақтың оң және төменгі шеттерінде пайда болатын жылжу сызғыштарының (линейка прокрутки) көмегімен суреттің кез келген бөлігін үлкейтілген түрде қарап шығуға болады.

Әдеттегі жұмыс режиміне қайта оралу үшін, Қарап шығу => Ығыстыру {Clrl+O} (Просмотр => Отодвинуть) командасын таңдау керек.

Тапсырма

Жаңа терезе ашып Қылқалам аспабын пайдалана отырып квадрат бейнесін сызыңыз. Микроскоп режиміне сол бейненің ақауларын жоя отырып, квадратты салып бітіріңіз.

8. Мәтін енгізу

Әріптер мен цифрларды, сондай-ақ арнайы символдар бейнесін Paint ортасында Қылкалам пен Біліктің көмегімен әркім өзі-ақ қолмен салуы мүмкін. Бірақ бұл біраз еңбектенуді талап ететін іс, сондықтан редакторда суреттік бейнелер көрінісіне мәтіндік фрагменттер қосу тәсілі енгізілген. Ол үшін Мәтін аспабы қолдалынады.

Мәтін теру кезінде курсор пішіні қарапайым редакторлардағы сияқты енгізу курсорына ұқсас түрге айналады. Енгізу курсорын сіздер кездестірдіңіздер. Мәтін енгізуді бастау курсорды суреттің белгілі бір нүктесінс апарып, тышқанды шерту арқылы іске асады. Сол сәтте экранға жыпылықтап тұратын енгізу курсоры шығады да, ол мәтін фрагментін енгізуді бастауға болатынын білдіреді. Мәтін негізгі түспен енгізіледі, енгізу барысында әдеттегідей Backspace, Delete пернелерінің көмегімен символдарды жоюға болады. Жаңа жолға өту үшін Enter псрнесін басу керек. Мәтіндік информацияны енгізуді тоқтату кез келген сәтте тышқанды бос кеңістікте шерту арқылы орындалады.

Егер енгізіліп жатқан мәтіннің қарпін, оның өлшемдерің, стилін өзгерткіңіз келсе, енгізу режимін тоқтатпай-ақ (тышқанды шерткенге дейін) менюдің Мәтін командасы арқылы өңдеп - түзетуге болады. Мәтін менюінің ішкі командаларын таңдау арқылы қаріпті көлбеу етуге, қарайтып жазуға, астын сызуға немесе түрлі түсті етуге де болады. Мәтін=>Қаріптер . . . командасын таңдау арқылы сұқбат терезесінде Windows жүйесінің қаріптерінің кез келгенін таңдай аласыз, сондай-ақ оның мөлшері мен стилін де тағайындай аласыз. Енгізу барысында негізгі түсті өзгертуге де болады (сол сәтте экрандағы таңбалар түсі өзгеруі тиіс) .

Мәтіндегі барлық өзгертулер тек енгізу режимінде орындалатынын есте сақтаңыздар. Тышқанды шертіп режимді аяқтасақ, мәтін суреттік объектіге айналып кетеді!

9. Фрагменттермен жұмыс істеу

Көбінесе салынып біткен сурет бөліктерін, яғни оның фрагментін пайдалана отырып басқа суреттік бейнелерді салуға тура келеді. Paint редакторында сондай фрагменттерді ерекшелеп алып, басқа орынға ауыстыруға мүмкіндік беретін де аспаптар бар, ол фрагменттер уақытша алмастыру буферіне орналастырылып, басқа суретке бірнеше рет қойылуы мүмкін.

Аспаптар тақтасында фрагменттерді ерекшелеуге арналған Тіктөртбұрышты және Фигуралы қайшылар бар.

Тіктөртбұрышты қайшы арқылы фрагментті ерекшелеу экранда тіктөртбұрыш салу әдісін еске түсіреді. Ал фигуралы қайшы көмегімен ерекшелеу Қылқаламмен жұмыс істеу сияқты орындалады (ерекшеленетін аумақты қисық тұйык сызықпен қоршап шығу) .

Ерекшслснген фрагмент экранда пунктирлі сызыкпсн коршалып түрады. Ол фрагмснтті баска орынга ауыстыру ү ш і н:

- курсорды срекшелснгсн фрагменттің ксз кслгсн ішкі нүктссіне апарып, тышқан батырмасын басыңыз;

- батырманы басулы күйінде үстап түрып, фрагмснтті баска орынға ауыстырыңыз;

- батырманы босатыңыз.

Фрагменттің алдыңғы түрған жері жойылып, фондык түске боялады.

Жаңа орында фрагменттің тек көшірмссін алу үшін (мүнда фрагмснт бүрынғы орында да қалатынын сскерте кетейік) жоғарыда көрсетілген іс-әрскеттер сол күйінде орындалып, тек "тышкан" батырмасы басылған сәтте онымен бірге Ctrl псрнесі дс басылуы тиіс. Windows жүйесінің басқа программаларында да көшірме алу осылай орындалатыны сстеріңізде болар.

Егер фрагментті ауыстыру кезіндс тышқан батырмасымен біргс Shift пернесі қатар басылатын болса, онда экран бетінде фрагменттің орын ауыстырып жылжыған ізі корініп түрады.

Ерекшеленген фрагмснт менюдің Түзету (Правка) командасының ішкі мүмкіндіктсріне сәйкес алмастыру буферіне ауыстырылуы немесе киылып алынуы мүмкін. Бүдан ксйін сол менюдегі Кірістіру (Вставить) командасын орындауға болады, ол буферге орналастырылған фрагментті экранның сол жақ жоғарғы бүрышына шығарып корсетеді. Онымен кез келген буфердегі фрагмент сиякты бүған дсйін қарастырылып өткен барлық әрскеттерді орындауға болады.

Фрагмент жаца орынга ауыстырылган соң да, оның ерекшелеиуі алынбайды, ягни ол буферде қала береді. Бүл өз кезегінде сол ерекшеленген фрагменттіц бірнеше кәшірмесін (оны көбейте отырып) алуга мүмкіндік береді.

Ерекшеленген фрагмент жаңа орынға орналасқаннан ксйін, онымсн мынадай түрлсндіру жүмыстарын атқаруға болады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Windows - тың стандартты программалары
Paint графикалық редакторында жұмыс істеу
Paint графикалық редакторын іске қосу
Microsoft Power Point программасы
Windows операциялық жүйесінің стандартты бағдарламалары. Үлкен қолданбалы бағдарламалар
Paint растрлық графикалық редакторы
Paint графикалық редактор
PAINT ГРАФИКАЛЫҚ РЕДАКТОРЫ ТУРАЛЫ
Adove Photoshop графикалық редакторын оқытуға әдістемелік нұсқаулар
Wіndows жүйесінің cтандартты программалары туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz