Фармацевтикалық терминдерді латын тілінде дәріптеу ережелері


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ТЕРМИНДЕРДІ ЛАТЫН ТІЛІНДЕ ДӘРІПТЕУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Орындаған:Базарбаева Жанар
Тобы : ВС-505.
Тексерген:Билялов Ермек Е.
ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ТЕРМИНДЕРДІ ЛАТЫН ТІЛІНДЕ ДӘРІПТЕУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Жоспар:
1. Фармацевтикалық терминологияға кіріспе.
2. Фармацевтикалық атаулардың жазылу ережелері.
3. Фармацевтикалық терминдердің негізгі ережелері мен əдістері.
Фармацевтикалық терминология /гр. pharmakeia -дәрі-дәрмектің жасалуы және колданылуы/- медицина терминологиясының негізгі бір саласы болып есептелінеді. Фармацевтикалық деген сөз гректің “pharmacon” (дәрі) сөзінен шыққан. Ал фармакология дегеніміз - бұл дәрі-дәрмектердің ағзадағы әсерін тигізу жөніндегі ғылым. Фармация - бұл өсімдіктен, мал өнімдерінен, минералдан және синтез әдісімен алынған дәрі-дәрмектердің өндірісі мен қолданылуы. Фармакопея - кітап. Осы кітапқа дәрі-дәрмектердің атаулары мен дәрі түрлері, препараттар туралы жазылған мемлекеттік заңдардың жинағы кіреді.
Фармацевтикалық терминдер алуан түрлі фармацевтикалық ұғымдарды білдіреді:
- дәрінің дәрілік түрлерін /ұнтақ, ертінді, таблетка т. б. /;
- дәрілік өсімдіктердің аттарын /ботаникалық номенклатура/;
- өсімдік пен жануар тектес шикізаттарының түрлерін /тамыр, гүл/;
- химиялық қосылыстардың жүйелі /ғылыми/ атаулары, химиялық. номенклатура;
Дәрі-дәрмектердің тривиальды /шартты/ аттарын.
- Дәрі-дәрмек. Дәрі-дәрмек дегеніміз - бұл өсімдіктен, мал өнімдерінен, адам тіндерінен, минералдан және синтез әдісімен алынған зат.
- Дәрілік зат- биологиялық зат немесе химиялық қосылыстардан тұратын дәрі.
- Дәрілік өсімдік шикізаты- медицинада қолданылатын өсімдік шикізаттары (шөп, тамыр, жапырақ, гүл, тамырсабақ және т. б) .
- Дәрінің түрі- өсімдіктің шикізатқа немесе дәрілік затқа айналған қолайлы қалпы (ерітінді, таблетка, экстракт, жағатын май, балауыз дәрі, пилюля, ұнтақ т. б. ) .
- Дәрілік препарат- арнайы дәрілік түрлерінен тұратын дәрі-дәрмек.
- Ықпалды зат- терапевтік, профилактикалық және диагностикалық ықпал ететін дәрі бөлігі.
- Белгіленген мөлшерде бір немесе бірнеше ықпалды заттың бір дәрілік түрінде кіретін дәрі-дәрмектерді құрастырылған дәрі-дәрмектердеп атайды.
Кез келген фармацевтикалық атауларда бірінші сөз бас əріппен басталатынын ұмытпаған жөн (номенклатурада, сөздіктерде, этикеткаларда, тізімде) . Жаттығу мен бақылау жазғанда төменде көрсетілгендей етіп жазу керек: • Solutio Camphŏrae - камфоры ерітіндісі. • Flores Chamomillae - дəрілік түймедақ гүлдері.
Дəрілік өсімдіктер жəне олардың бөлшектерінің атаулары Дəрілік өсімдіктер деп, мал ағзасына биологиялық белсенді заттарымен əсер ететін өсімдіктерді айтады. Дəрілік өсімдіктер шикізаты деп, дəрілік зат ретінде кептірілген немесе кептірілмеген дəрілік өсімдіктер мен олардың бөлшектерін айтады. Дəрілік өсімдік шикізаты ретінде өсімдіктің əр түрлі бөлшектері қолданылады: бүршігі, гүлі, қабығы, тамыры, сабағы, жапырағы, дəні, жемісі жəне т. с. с. Қазіргі кезде шипалық қасиеті бар дəрілік өсімдіктердің 21000 түрінен астамы емдік жəне алдын алу мақсатында пайдаланылады.
Өсімдік бөлшектерінің атаулары (лексикалық минимум)
1) cortex, ĭcis m қабық
2) flos, floris m гүл
3) folium, I n жапырақ
4) fructus, us m жеміс
5) gemma, ae f бүршік 6) herba, ae f шөп
7) radix, īcis f тамыр
8) rhizōma, ătis n тамыршық
9) semen, ĭnis n тұқым
Дəрілік зат формаларының атаулары Сөздік формада есте сақтау қажет:
Сұйық дəрілік зат формалары
1. Solutĭo, ōnis f ерітінді Қатты дəрілік затты дистилденген суда, спиртте, майда ерітіп алынған дəрілік пішін.
2. Mucilāgo, ĭnis f шырыштар Кілегейлі сұйықтықты жоғарғы молекулярлы қосылыстардағы ерітіндісі
3. Emulsum, I n Эмульсия екі фазалы, яғни дисперсті жəне дисперсиялық фазалардан тұратын, гетерогендік, сұйық дəрілік зат формасы (суда ерімейтін сұйықтықтың суда қалқып жүрген дəрілік формасы) .
4. Suspensĭo, ōnis f суспензия Қандай да бір ерітіндідегі ұсақталған қатты ерімейтін дəрілік заттардың қалқып жүрген сұйық дəрілік формасы
5. Infūsum, I n тұнба Өсімдік құрамында болатын дəрілік əсер етуші заттарды қайнаған жылы немесе бөлме температурасындағы сумен тұндыру арқылы алынатын сұйық дəрілік зат формасы.
6. Decoctum, i n қайнатпа
Қайнатпалар да тұнбалар тəріздес, өсімдік құрамындағы əсер етуші заттарды сумен ығыстырып бөлу арқылы дайындалады. Қайнатпа дайындау үшін өсімдіктердің қатты бөліктері: тамырлары, тамырсабағы, қабығы, діңі, кейде жұмсақ бөліктері де пайдаланылады. 7. Tinctūra, ae f Тұндырма (тұнбаша) Дəрілік өсімдік шикізаттарынан қыздыртпай спиртті, су спиртті эфир түрінде мөлдір етіп алынған ресми сұйық дəрілік түрі. 8. Extractum, i n (fluĭdum) Сығындылар (сұйық) Дəрілік өсімдік шикізатынан құнарландырылып алынған, төзімді, ұзақ сақталатын дəрілік түрі. 9. Mixtūra, ae f Микстура (қоспа) Еріткіш ретінде тұнбалар, шырыштар, эмульсиялар, су жəне көптеген сұйықтықтар қолданылатын тұтас ерітінді 10. Linimentum, i n линимент, сұйық май қоймалжың немесе іркілдек зат тəріздес келген сұйықтық. Жануарлардың дене температурасында тез еритін, əрі жылдам сіңіп кететін, сыртқы ағзаларға қолдануға арналған дəрілік зат формасы Басқа сұйық дəрілік зат формалары 11. Succus, I m шырын өсімдіктердің жаңа сығып алған сығындысы (85 бөлігі сығынды + 15 бөлігі 95% этил спирті + 0, 3% хлорэтон) . 12. Sirūpus, I m шырын Дəрілік заттардың қант шырынындағы ерітіндісі 13. Olĕum, I n майлар Мадициналық майлар - дəрілік өсімдіктердің майлы сығындылары 14. Spritz-tubǔla, ae f шприц-тюбик Герметикалық қақпақпен жабылған, бір рет қолдануға арналған, полиэтилен шприцтегі сұйық дəрілік пішіндегі дəрі Жұмсақ дəрілік зат формалары 15. Unguentum, i n Сүртпе май Сүртпе майлар - жұмсақ консистенциялы, тері немесе кілегейлі қабық бетінде тегіс, біркелкі шілтер (пленка) құрайтын, сыртқы мүшелерге қолдануға арналған дəрілік форма. 16. Pasta, ae f пасталар Құрамында 25%-65% құрғақ заттар бар майдың бір түрі
17. • Suppositorĭum, i n • Suppositorĭum rectāle (vagināle)
• суппозиторий (балауыздар) • тік ішектік (қынаптық) балауыздар Дене температурасында еритін (бөлме термпературасында қатты формада тұратын) мөлшерленген дəрілік зат формасы
18. Emplastrum, i n пластыр Дене температурасында жұмсарып, теріге жабысатын пластикалық масса түріндегі дəрілік зат формасы
19. Balsămum, i n бальзам Құрамынында эфир майлары, шайыр т. б. заттар бар, сұйық дəрілік зат түрінде де қолданыла беретін майлар
20. Bacillus, i m Таяқшалар Балауыздардың (суппозитордің) цилиндр тəрізід, кішкене шарлар (globuli) сияқты дəрілік зат формасының бір түрі
Қатты дəрілік зат формалары 2
1. Tabuletta, ae f Таблетка (түйме дақ) престеу арқылы алынған, дөңгелек, сопақша, беті тегіс немесе екі жағы доғалы, пластинка тəріздес, дозаланған, қатты дірілік зат формасы.
22. Dragées (француз тілінен, көптік түрде, сөздік формасы жоқ) драже Дəрілік заттар мен көмекші заттарды түйіршіктерге жіктеу (дражалау) арқылы алынатын, ішке қабылдауға арналған, мөлшерленген қатты дəрілік зат түрі.
23. Pulvis, ĕris m ұнтақ Бір немесе бірнеше дрілік заттан тратын ра, сусымалы дрілік зат формасы.
24. Granŭlum, i n гранула Əр түрлі формадағы, ішке қабылдауға арналған, бір текті заттардан тұратын қатты дəрілік зат формасы
25. Pilŭla, ae f пилюля консистенциясы қою қамыр тəріздес, пішіні (формасы) дөңгелек, салмағы 0, 1-1, 0 грамм аралығында болатын, ұсақ жануарларға ішке беруге арналған, дозаланған дəрілік форма.
26. Specĭes, ērum f (только мн. число) жиынтық (дəрілік жиынтық) дəрілік өсімдіктердің əртүрлі бөліктерінен (жапырықтары, гүлдері, дəндері, тамыры, тамырсабақтары, қабықтары, жемістері жəне тағы басқалары) құралған жиынтық дəрілік зат
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz