Бағаның қалыптасуы, түрлері және мемлекеттік реттелуі


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СРО

Тақырыбы: Баға және баға жасау

Орындаған:Қазтай А. Қ

Топ:АУ-209

Тексерген:Нұралина Қ. Т

Семей 2015ж

Жоспар

  1. Баға . Бағаның құралуы
  2. Баға түрлері
  3. Бағаны мемлекеттік реттеу

БАҒА - тауар мен көрсетілетін қызмет бірлігі үшін төленетін немесе алынатын ақша (не өзге тауар мен қызмет) мөлшері. Тауар өндірісі мен ақша-тауар қатынасының пайда болып, дамуымен бірге Баға да пайда болды.

Бағаның құралуы тауар өндіруші мен тұтынушының өзара қарым-қатынасына, олардың мүдделерінің бір арнаға тоғысуына байланысты болады. Нарықтық экономиканың басты бөлу тетігі болғандықтан Баға экономика теориясындағы маңызды категория ретінде жан-жақты қарастырылып келеді. Алайда Баға туралы экономика ғылымында әлі күнге дейін ортақ тұжырым жасалмаған. Еңбек құны теориясын жасаушылар (А. Смит, Д. Рикардо, К. Маркс) пікірі бойынша, “баға дегеніміз тауар құнының ақшалай көрінісі”. Барынша пайдалылық теориясын (австриялық мектеп) жақаушылар Маркстің бұл пікірін біржақты, тек тауар құнын (еңбек шығынын) ғана есепке алған деп сынай отырып, Баға үшін тұтыну құнының да ерекше маңызды екендігін дәлелдеп берді, яғни оның екі түрлі сипатын, еңбек құны мен тұтыну құнына байланыстылығын анықтады. Бұдан Бағаға “тауар құндылығының ақшалай өлшемі” деп анықтама беруге болады. Мұнда Бағаның екі сипаты да толық қамтылады. Бірақ, бұл да Баға табиғатын толық аша алмайды. Себебі, Бағаға еңбек құны мен тұтыну құнынан басқа да факторлар (ұсыныс пен сұраныс, ақша айналымы, рынок пен өндірістің монополиялануы, бәсекенің дамуы және т. б. ) әсер етеді. Баға проблемасымен қоғамның экономикалық, әлеумемтік және саяси мәселелері тығыз байланысып жатыр. Мұны кезінде Карл Маркс былай деп атап көрсеткен еді: “бүкіл капиталистік өндірістік процесс бағаның өніммен ара қатынасы арқылы реттеліп отырады” (Маркс К., Капитал, 3-т., М., 1982, 445-б. ) . Нарықтық экономика дамыған қоғамдағы экономикалық процестерді реттеуде Бағаның рөлі артады.

Әлемдік экономикада нақты заман талабына сәйкес Бағаның көптеген түрі қолданылады. Олар меншік түріне қарай мемлекеттік (кесімді және реттелген) Баға және еркін (нарықтық) Баға; қоғамдық өндірістің жіктелуіне қарай өндіріс қоры Бағасы және тұтыну тауары бағасы; экономикалық айналым мен тауар қозғалысының сипатына қарай көтерме сауда бағасы және бөлшек сауда бағасы; транспорттық шығындарды келісе отырып бөлісуге байланысты өндіріс орнындағы баға (франко-жөнелтілім стансасы) және тұтыну орнындағы баға (франко-жеткізілім стансасы) ; қамтитын аумағына қарай әлемдік баға, аймақтық баға және жергілікті баға; статистикада қолдануына қарайбазистік баға, ағымдағы баға, орташа баға, салыстырмалы Баға болып бөлінеді. *мемлекеттік баға - мемлекеттік органдар тарапынан белгіленетін баға. Оның екі түрі бар: кесімді және реттелетін бағалар.

  • Кесімді баға - мемлекеттің нақты көлемін бекіткен бағасы.
  • Реттелетін баға - мемлекет бекіткен ережеге сәйкес өзгеріп отыратын баға.
  • Нарықтық баға - сұраныс пен ұсыныстың қарым-қатынасына орай қалыптасқан орташа баға. Өндіріс қоры бағасы - өндіріс қоры құнының өзгерген мөлшері, ол тауар өндірісінің шығындары мен орташа пайдадан құралады.

https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/4/4a/Cost_chicanery.jpg/220px-Cost_chicanery.jpg

Ақша

  • Көтерме сауда бағасы - ірі көлемде сатылатын тауарлар бағасы. Әдетте, көтерме сауда Бағасы бөлшек сауда Бағасынан төмен болады.
  • Бөлшек сауда бағасы - жеке тұтынушылар үшін сатылатын тауарларға қойылған нақты баға
  • Өндіріс орнындағы баға (франко-жөнелтілім стансасы) - сатушы мен сатып алушы арасында жасалған келісімшартқа сәйкес тасымал шығындарын бөлісуіне байланысты анықталатын баға. Бұл негізінен темір жолмен жүк тасымалдауда қолданылады. Сатушының белгілеген бағасының ішіне тауарды жеткізіп беру мен жөнелтілім стансасындағы тиеу - түсіру шығындары, т. б. кіреді. Тұтыну орнындағы баға (франко-жеткізілім стансасы) - сатушы мен сатып алушы арасында жасалған келісім шартқа сәйкес тасымал шығындарын бөлісуіне байланысты анықталған баға. Келісім шарт бойынша сатушының міндетіне тауарды өз күшімен тиеп, белгіленген стансаға жеткізу және сондағы станса қоймасына түсіріп, жинап беру кіреді. Әлемдік баға - тауарлардың әлемдік рынокта қалыптасқан бағасы.
  • Аймақтық баға - реттелетін бағаның бір түрі. Ол белгілі бір аймақ шегінде қызмет етеді. * Базистік баға - тауарлардың тұтас және жекелеген топтары бойынша халықаралық сауданың (импорттық және экспорттық) бағасын анықтаған кезде негіз ретінде қабылданатын баға. Ағымдағы баға - белгілі бір кезеңде қызмет етуші баға мен тариф. Ол көтерме сауда Бағасы, сатып алу Бағасы, құрылыс Бағасы, кәсіпорындардың көрсеткен қызметі үшін төленетін Баға, т. б. түрлерге бөлінеді. Орташа баға - сатылған тауардан түскен түсімнің жалпы көлемін сатылған тауардың сандық мөлшеріне бөлу жолымен анықталатын баға. Салыстырмалы баға - жасалынған келісім шартқа сәйкес белгілі бір мерзімде, келісілген көлемде жеткізілген тауарлар бағасы. Ол, әсіресе, инфляциядан сақтану мақсатында жиі қолданылады.

Нарық жағдайында бағаны мемлекеттік реттеу белгілі бір жүйемен жүргізіледі:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бағаның қалыптасуы мен қызметі: құн теориялары, баға түрлері және мемлекеттік реттеу
Нарықтық бағаның қалыптасуы: теориясы, әдістемесі және бейімделу стратегиялары
Оқшауланған айырбас жағдайындағы бағаның қалыптасуы және оның шектері
Нарық: түрлері, құрылымы және Қазақстандағы қалыптасуы мен реттелуі
Бағаның құрылымы, қызметтері және Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік реттеу мен тұрақтандыру
Жалақының теориялық негіздері, түрлері және Қазақстан Республикасының еңбек нарығындағы қалыптасуы мен реттелуі
Қазақстан Республикасындағы корпоративтік басқарудың теориялық негіздері, қалыптасуы және мемлекеттік реттелуі
Мемлекеттік кәсіпорындар: маңызы, түрлері, құқықтық реттелуі және басқару
Қазақстандағы аграрлық құқықтың қалыптасуы және аграрлық құқықтық саясаттың мемлекеттік реттелуі
Қазақстандағы сақтандыру нарығының қалыптасуы мен реттелуі: мемлекеттік рөлі және тәуекелдерді басқару
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz